Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімі 2006 жылғы қаңтарда құрылды.
Бөлімнің басты қызметі өлкетану құжаттар қорын қалыптастыру, пайдаланушылардың барлық санаттары үшін өлкетану ақпараттық ресурстарын жинау, құру және қол жетімділік болып табылады.

Басым бағыттар:

  • Ғылыми-зерттеу қызметі;
  • Өлкетану библиографиялық құралдарды шығару;
  • Ақпараттық және анықтамалық жұмыс;
  • Пайдаланушылардың сұраулары бойынша ақпаратты іздеу, соның ішінде виртуалды;
  • Кітапхана қорынан құжаттарды ұсыну арқылы ақпараттық қажеттіліктерді барынша толық қанағаттандыру;
  • Өлкетану құжаттарын анықтау, ақпарат көздерін жүйелеу;
  • «Батыс Қазақстан облысы» толық мәтінді мәліметтер базасын электрондық өлкетану ресурстарымен толықтыру ;
  • Сирек және сұранысқа ие өлкетану басылымдарын цифрлау;
  • Өлкетану мәліметтер базасын қалыптастыруға корпоративтік қызметті енгізу;
  • Өлкетану бойынша инновациялық-әдістемелік қызмет дамыту.

Ақпараттық ресурстар:

Бөлімнің кітап қорын ғылымның барлық саласы бойынша 6000 мың дана кітап пен құжаттарды құрайды, олардың ішінде 400-ге жуық сақтау бірлігі революцияға дейінгі басылымдардың сирек қорын құрайды, 1000 дана электронды тасығыштарда.
Қор құрамы бойынша:

  • өлке туралы барлық түрдегі құжаттар;
  • жергілікті кітап және мерзімді басылымдар;
  • авторефераттар, өлкетану сипатындағы диссертациялар;
  • революцияға дейінгі кезеңдегі әдебиет;
  • ғалымдар еңбектері;
  • өлкетану саласындағы зерттеулер материалдары;
  • мұрағат құжаттарының көшірмелері;
  • Орал өңірінің жазушылары, ақындары, ғалымдары және басқа да атақты тұлғалары туралы әдебиеттер;
  • өлкетану библиографиялық көрсеткіштер;
  • тақырыптық папкалар (газеттік кесінділер).

Анықтамалық-библиографиялық аппарат:

  • анықтамалық, сөздіктер, өлке туралы энциклопедиялар;
  • өлкетану картотекасы (100 мыңға жуық кітап, өлке туралы газет және журнал мақалалары);
  • атаулы және атаулы күндер бойынша хронологиялық картотека;
  • орындалған анықтамалар мұрағаты;
  • толық мәтінді МБ ” Батыс Қазақстан облысы”;

Жобалар:

«Ақ Жайық-On Line»

өкілдік жобасы – Батыс Қазақстан облысының өлкетану тарихы мен қазіргі дамуы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады (2007 ж.)

«Өлкетану-Аймақ»

корпоративтік өлкетану жобасы – өлкетану құжаттарының корпоративтік аналитикалық тізімдемесі негізінде Батыс Қазақстан облысының корпоративтік кітапхана жүйесі мүшелерінің электронды өлкетану жиынтық мәліметтер базасы (2013 ж.)

«Орал өңірінің әдеби картасы»

– Батыс Қазақстан облысының әдеби кеңістігі бойынша қолжетімді электронды энциклопедиялық ресурс. Картаға іріктелген есімдердің арасында Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысының әдеби өмірінің аса көрнекті өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері бар (2014 ж.)

«Біздің Жұбан»

әдеби порталы – қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет (2016ж.)

«Жайық өңірінің әдеби портреттері»

электрондық жинағын құрастыру» инновациялық жобасы – Жайық өңірінің ақын-жазушыларының шығармалары мен мемуарларын қамтитын сирек кездесетін және құнды басылымдары, олардың шығармашылығы, қоғамдық және жеке өмірі туралы көрнекті материалдар, очерктер, сыни мақалалар жинақталған құнды басылымдардың электрондық коллекцияларын ақпараттық ресурс (2017 ж.)

Клубтар:

«Асыл мұра»

өлкетану бірлестігі – Ережеге, жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын әуесқой бірлестік. Өлкетану бірлестігі өлкетану мәселелерімен, оның бастауларына, кіші отанға деген сүйіспеншілікке, туған өлкесі туралы әдебиеттерді оқуға қызығушылық танытатын жастар, шығармашылық зиялы қауым, оқырмандар арасында белсенді жұмысты қамтамасыз етеді.

«Әдеби шанырақ»

– адамдардың, кітап сүйетіндердің және кітап оқуды, поэзия мен қазіргі әдебиетті бағалаушылардың бірлестігі. Бұл шығармашылық қарым-қатынас, әңгіме, кездесулер, жазушылардың, ақындардың, суретшілер мен музыканттардың, өмірі өлкенің, қазақ халқының игілігі болып табылатын белгілі адамдардың өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Бұқаралық жұмыс:

  • кітап көрмелері;
  • кездесулер облыс және қалаадамдармен;
  • жаңа шығармашылық жұмыстардың презентациялары;
  • «Жұбанов оқулары» жыл сайынғы байқауы;

Қызметтер:

  • өлкетану тақырыбындағы әдебиеттерді іріктеу, әдебиеттің библиографиялық тізімін жасау;
  • «Батыс Қазақстан облысы» электрондық деректер қорынан ақпарат;
  • өлкетану мәселелері бойынша жеке және ұжымдық кеңестер;
  • экскурсия және мамандар үшін ақпараттық іс-шаралар;
  • өлкетану бойынша семинарлар, конференциялар, семинар-тренингтер;
  • Орталықтандырылған аудандық кітапханалар қызметкерлері үшін оқыту курстары;

Бөлім басшысы: Иргалиева Сауле Сағынтайқызы
Телефон: 8(7112) 50 75 49
E-mail: kraeved309@mail.ru, edd@zkolib.kz