МЕКЕМЕ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеме атауы: №1 филиал
Ведомстволық құрылымы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және
спорт министрлігі
Құрылған жылы: 2001
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 230
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы:
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 285
Кітап қоры: 16370
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен-жайы және байланыс телефоны: Шыңғырлау ауданы, Тайманов, 93
34012
Кітапхана кітапханашысының аты-жөні: Жұмашева Майя Мақсотқызы

№1 филиал кітапханасы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімиятының қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №529 «2001 жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп қабылданған Жарлығын басшылыққа алып, тұрғындарға мәдени қызмет көрсету саласын кеңейту, жастардың арасында патриоттық сезімін көтеру, бос уақытын толтыру мақсатында және тұрғындар санын есепке ала отырып ашылды. 2022 жылдың 10 сәуіріне кітап қоры – 16370, оның ішінде қазақ тілінде – 6949. Кітапханашысы болып Жұмашева Мая Мақсотқызы қызмет атқарады.
Филиал №1 кітапханасы Шыңғырлау ауыл тұрғындары мен Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебі, Л.Қылышев атындағы Шиілі орта мектебі жанындағы Мектеп интернаты, “Болашақ” және Айгөлек” балабақшасы, Шыңғырлау колледжінің ұжымдарына қызмет көрсетеді. Кітапханада мектеп жасына дейінгі және төменгі сынып оқырмандарына арналған «Еркемай» танымдық әуесқойлар клубы жұмыс жасайды. Кітапханада оқырмандардың кітап оқуын ынталандыру, кітапхананың белсенділік рөлін көрсете білу, білім көтеруде, оның ішінде әсіресе балалар мен жастарды кітап оқуға тартуға ықпал ету, кітап оқу, оқуды ілгерілету бағытында шаралар ұйымдастырылып отырылады.