12 сәуір күні А.Н.Островский атындағы драма театрда Ұлы орыс драматургі А. Н. Островскийдің 200 жылдығына арналған «Верю! Школьники о Старейшем» атты театр байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
12 сәуір күні А.Н.Островский атындағы драма театрда Ұлы орыс драматургі А. Н. Островскийдің 200 жылдығына арналған «Верю! Школьники о Старейшем» атты театр байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
access_time14.04.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

12 сәуір күні А.Н.Островский атындағы драма театрда Ұлы орыс драматургі Александр Николаевич Островскийдің 200 жылдығына арналған «Верю! Школьники о Старейшем» атты театр байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы қолдау білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
I орын – «Верю!» №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Екатерина Гальчанская,
II орын – “Овация” Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Құсайын Сабина,
III орын – “Дебют” Вольдоровская ориентациялық мектеп-гимназиясының оқушысы Игорь Литвиненко жүлделерге ие болды.
Сонымен қатар: «Браво», «Золотое перо», «Золотая страница», «Оригинальный взгляд» номинацияларымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары марапатталды.
Ерекше көзге түскен басқа да қатысушыларға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханадан, «Қоғамдық келісім» БҚО әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасынан және «Орыс мәдени орталығының» арнайы дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» БҚО әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, театрдың актерлері, қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шара аясында А.Островский драма театрының әртістері спектакльден үзінді қойып, домбырашылар ансамблі мен мектептен тыс жұмыс орталығы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Пікір үстеу