Хайруллина Үміт Кенжетайқызы 1964 жылы 11 наурызда Орал облысы, Фурманов ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келді.1971-1981 ж.ж Қарасу орта мектебінде онжылдық білім алды. 1981-83 ж.ж Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімінде оқыған.1983-91 ж.ж Красный Партизан (қазіргі Ақпәтер) ауылында спорт методисті, комсомол қызметкері, кәсіподақта қазыналық жұмыстарын атқарды. 1991-2002 жылға дейін Ақпәтер ауылдық кітапханасында, 2002-2006 ж.ж Көктерек ауылдық кітапханасында, 2006 жылдан бастап Жалпақтал ауылдық модельді кітапханасының оқу залында кітапханашы болып жұмыс істейді.  Үміт Кенжетайқызы 2019 жылы Жалпақтал ауылдық округ әкімдігінің, БҚО Мәдениет басқармасының мәдениет саласына қосқан адал қызметі үшін алғыс хаттарымен, 2019жылы 6 желтоқсанда «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар бірлестігінен « Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, 2021 жылы БҚО Мәдениет басқармасының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойлық алғыс хатымен марапатталған.