Бердіғалиева Лаура Әдиетқызы 1968 жылы 14 мамыр айында БҚО, Казталов ауданында дүниеге келген. 1975 жылы «Қайыңды» орта мектебінің 1-сыныбына қабылданған. 1985 жылы «Алма Оразбаева» атындағы Казталов орта мектебін бітірген. 1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы бітіріп, Қараоба ауылдық кітапханасында 1-тамыздан бастап еңбек жолын бастаған. 1999 жылы Орал қаласындағы «Дәулеткерей» атындағы Өнер институтының библиограф-кітапханашы бойынша мамандығын жетілдіріп, жоғары білім алған. Қараоба ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып 29 жылдан бері еңбек етіп келеді. Лаура Әдиетқызы бос уақытының көбін шығармашылыққа арнайды, мектеп жасынан бастап өлең шығарумен, әдемі мақала жазумен айналысады. 34 жыл еңбек жолында Қараоба ауылының мәдени тарихына өзіндік ізін салып, соқпағын қалыптастырған азаматша. Кітапханада жұмыс жасай жүріп, ауыл тұрғындарына түрлі мәдени шара, тәрбиелік маңызы зор кештер, жастармен форум, кездесу, пікірталас кештерін, жаңа бағыттағы ойындар өткізе жүріп, саналы, өнегелі, білімді болуларына үлес қоса білген қадірлі кітапханашы. 2003 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі, кітапхана жанынан құрылған оқушы балалардың талантын ашу, өлкені зерделеу, өткенді құрметтеу мақсатында жұмыстанатын әуесқой клубтың жетекшісі. Облыстық Х. Есенжанов атындағы балалар кітапханасы ұйымдастырған «Ақжайық оқырмен отбасы-2014» оқырмандар байқауында Қараобалық Сұпығалиевтер отбасы облыста бас жүлдеге ие болып, «Читающий Оренбуржья» байқауына Орынбор қаласына барып қатысып, дипломант атанып, дипломмен марапатталды. ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай мерекелік награда «ҚР Конституциясына – 20 жыл» медалімен марапатталды. Облыстық «Ж.Молдағалиев» кітапханасы 2014 жылы жинақтап шығарған «Көңіл көктемі» кітабына өлеңдері шыққан. Алматы қаласынан шығарылатын «Халықаралық энциклопедияда», «Керемет адамдар», «Табысты адамдар» бөлімінде өмірбаяны мен еңбек жолы енгізіліп, Халықаралық І-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2008 жылы облыстық «Рухани қазына» байқауында «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» номинациясын жеңіп алып Астана қаласында өткен өнер қызметкерлерінің алғашқы фестиваліне қатынасып, министр А.Мұхамедиұлының «Алғыс хатымен» марапатталған. 2020 жылы облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің «Алғыс хаты» табысталды.
Бердіғалиева Лаура Әдиетқызы
просмотров: 46