Баймағанбетова Жанна Наурызқызы 1968 жылы 2 қаңтар күні Орал облысы, Казталов ауданы, Талдыкұдык ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Талдықұдык орта мектебін аяқтаған. 1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне окуға түсіп, 1988 жылы бітіріп,Талдықұдық ауылдық кітапханасында 1- тамыздан бастап, еңбек жолын бастаған, 1998 жылы мемлекеттік А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлык Университетіне түсіп, 2002 жылы қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша білімін жетілдіріп, жоғары білім алған.1988 жылдын 1-тамызынан бастап, Талдықұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып, 31 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2004 жылдан №242 Талдыкұдық сайлау учаскесінің төрайымы, 2012 жылдан БПҮ- ның төрайымы, 2010 жылдан «Нұр Ана» әйелдер коғамдык бірлестігінің мүшесі, 2015 жылдан
«Аналар» кеңесінің міндеттерін үлкен жетістіктерімен аткарады. Жанна Наурызқызы 1992 жылы Талдықұдық совхозының кұрылғанына 60 жыл толуына байланысты «Туған жерім – Талдықұдық» атты мерекелік шараға үлкен үлес қосқан үшін «Құрмет» грамотасымен, 2000 жыл Мәдениет жылына байланысты өткізілген «2000 жылдың үздік кітапханашысы» атты байқауына қатысып, аудан бойынша бірінші орынға ие болып, жеңімпаз атанған марапатпен, 2003-2005 жылдары жылдық есеп беру қорытындысы бойынша жыл бойына аткарған қызметтерінде жақсы көрсеткіштер көрсеткені үшін алғыс хатпен, 2010 жылы облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана өткізген «Жұбан шығармаларын насихаттау» әдістемелік құралдар байқауы қорытындысы бойынша «Қабілеті мен белсенділігі үшін» алғыс хатымен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерекесіне орай «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл » атты медалімен, 2011 жыл әлеуметтік- экономикалык дамуына белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, 2012 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын кітапхана ісі арқылы жүзеге асырудағы насихат жұмыстарына үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, кітапханашылардың кәсіби мерекесі күні «Халыққа қызмет көрсетуде» оқырман алғысына бөленгені үшін алғыс хатпен, 2018 жылы «Үздік кітапханашы» аудандық жобасы аясында кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда тың идеялар мен креативті жобалар ұсынып, кәсіби шеберлік пен шығармашылық шыңынан көрініп, II орын дипломмен, 2019 жыл мәдениет және өнер қызметкерлер күні мерекесімен, Ақжайық өңірінің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен, «Нұр Отан» партиясы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде белсенділік танытқаны үшін дипломмен, «Нұр Отан» партиясының ел арасындағы абырой беделін арттырып, насихат жұмыстарын жүйелі жүргізуде белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Жанна Наурызқызы аудандық кәсіби біліктілікті көтеру бағытындағы оздырылған барлық семинарларға, тағылымдамаларға, іс-шараларға үнемі қатысып отырды.
Әуесқой композитор Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген «Өнерден туған құдірет» атты байқауына белсенділік танытқаны үшін дипломмен, Астана қаласының 20 жылдығына насихаттауға арналған аудандық «Ел жүрегі – Астана» атты байқауына қатысып, II-орын иегері дипломымен , 2021 жылы 23 мамырда «Білім берудегі дамыту және мәдениет «Өрлеу» қоры» ҚҚ Атқарушы директоры атынан Республикалық конкурста «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» II-орын дипломымен және кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін бірнеше алғыс хаттармен марапатталды.
Жанна Наурызқызы еліміздің жарқын болашағы үшін жолында атқарылып жатқан игі шараларды жүзеге асыруда әлі де талмай еңбек етіп, үлкен ізденіс пен шығармашылықты ұштастырып, өз қызметінің биік шыңынан көрінетініне сеніміміз мол. Қазіргі таңда енесінің батасын алған, жолдасының адал жары 3 ұлының аяулы анасы, 2 немересінің сүйікті әжесі болып отырған ардақты жан.