Кадралиева Карлыға Күзембайқызы Батыс Қазақстан облысы, Бокей Орда ауданы, Бисен ауылында 1965 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Білім – арнаулы орта. Жәнібек ауылдағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің кітапханашысы. Жалпы жұмыс өтілі- 37 жыл, кітапхана саласында- 37 жыл. Жоғарғы санатты маман. Карлыға Күзембайқызы 1970 жылы Б.Жәнекешев атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1983 жылы мектепті бітірді. 1983- 1985 жылдары аралығында Алматы облысы, Қаскелен қаласындағы мәдени – ағарту училищесіне оқуға түсіп «Кітапханатану ісі» мамандығы бойынша аяқтап шықты. 1985 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына аудандық орталық кітапханаға әдіскер қызметімен алғашқы еңбек жолын бастады. 1986 жылы аудандық Мәдениет үйінің әдіскері болып ауыстырылды. 1987 жылы аудандық балалар кітапханасының директоры болып жұмыс жасады. 1990 жылы аудандық кітапхананың кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінінің редакторы. 1993-2006 жылдары аралығында аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі. 2006 жылы – көпшілік жұмысты ұйымдастырушы аға кітапханашы қызметіне орналасты. 2009 жылы кітапхана жанынан құрылған қоғамдық музейде қызмет жасайды. 2015 жылдан бастап осы күнге дейін осы қызметімен облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек бөлімінде жұмысын жалғастырып келеді.
Карлыға Күзембайқызы тәжірибесі мол білікті маман. Жұмысына ұқыпты әрі жауапты. Кітапхана ісінің әдістерін жан-жақты меңгерген.
Жас мамандарға тәлім-тәрбие беретін тәжірибесі мол білікті маман, өз мамандығын шексіз сүйетін жігерлі, үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі жан. Қоғамдық мұражай қорын толықтыруда аудан тұрғындарынан түрлі жәдігерлер мен экспонаттар жинауда үлкен жұмыс атқарып отыр. Мұражай жұмысын облыстық өлкетану музейінде көрсетіп, музей статусын алуда еңбегі зор болды. Ұжым арасында беделді, үйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер. 2010 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесі. 2016-2017 жылдары Ресей Федерациясы Самара қаласындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Е.Канигинаның 7-Халықаралық «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» акцияға қатысқаны үшін дипломмен марапатталған. Қарлыға Күзембайқызы кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін облыс, аудан әкімі және облыстық, аудандық кітапхана директорының алғыс хаттарымен марапатталған.
2020 жылы Қазақстандық Кітапханалық одақ атынан «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.