Бекжанова Ақмоншақ Тоқтарбайқызы 1964 жылы 14 қарашада Саратов облысында Перелюб аудандық орталықта дүниеге келген. 1973-1982 жылдары бойынша Саратов орта мектепте оқиды. 1983 жылы Саратов мәдениет-ағарту училищесінің «Кітапханалық істер» бөлімшесіне оқуға түседі. 1985-1991 жылдары Саратов облыстық ғылыми кітапханасының ауыл шаруашылығы әдебиеті бөлімінде жұмыс жасайды. 1986 жылы Самара мемлекеттік мәдениет институтының кітапханалық факультетіне сырттай оқуға түседі. Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ақмоншақ Тоқтарбайқызы 1993-2000 жылдары ақпараттық-библиография бөлімінің библиографы, 2000-2003 жылдары абонемент бөлімінің, 2004-2006 жылдары кітап қорын өңдеу бөлімінің меңгерушісі, 2006 жылдан анықтама тіркеу және бақылау секторының жетекшісі, 2020 жылдың 5 қаңтарынан абонемент және тіркеу секторының жетекшісі лауазымына ауыстырылды.
Ақмоншақ Тоқтарбайқызы өз қызметінде оқырмандар құрамын және олардың сұранысын зерттеу, оларға жоғары мәдени қызмет көрсету, оқырман арасында кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттауды қамтамасыз ету, сектордың көмекші қорын насихаттауда көпшілік шаралдардың жобасын бекіту, өту барысын ұйымдастыру және талқылау, ескі кітап қорын электронды базаға енгізуін қадағалау жұмыстарын жүзеге асырады.
Кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» (2015), Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен (2020) марапатталды. 2022 жылы «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.