access_time07.04.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

6 сәуір күні облыстық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында «Jas TALAP» өнер-білім орталығының директоры, продюсер Ернар Жақсыбаевпен «Менің жолым» жобасы аясында кездесу өтті.
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Асан-Темір Қаршығаұлы, «Jas TALAP» «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жетекшісі, режиссер Жандос Тұрсынғалиұлы және Ернар Жақсыбаевтың сыныптасы, әуесқой сазгер, Янайкин ЖОББМ-нің мұғалімі Замир Гиссадинұлы кеш қонағы болып қатысты. Және «Қолғанат» филіміне түскен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушылары шақырылды.
Шара барысында Ернар Жақсыбаев өзінің шығармашылыққа қалай келгендігі, өзінің ашқан өнер-білім орталығы жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бірге жүрген үзеңгілес достары Ернар Жақсыбаевтың балалық шағы, шәкірт тәрбиелеуге қосып жатқан үлесі, ақындығы, таланты туралы әңгімеледі.
Кездесуді «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, ақын, Жұбантанушы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Үзілдік Елеубайқызы байыппен әсерлі жүргізді.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері және Ә.Н.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Пікір үстеу