Ұлы Отан соғысының ардагерлері Букаткин Павел Романович пен Иван Степанович Гапичтің 100 жылдығына арналған іс-шара.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Букаткин Павел Романович пен Иван Степанович Гапичтің 100 жылдығына арналған іс-шара.
access_time03.05.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

3 мамыр күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен №6 ЖОББ мектебінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Өлкенің тарихи тұлғалары» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихшы, өлкетанушы Букаткин Павел Романовичтің және Иван Степанович Гапичтің 100 жылдық мерейтойларына орай «Даңқты қос майдангер» атты тарихи-танымдық Ерлік эстафетасы өткізілді. Шара барысында тарихшы, өлкетанушы Жайсаң Досболатұлы соғыс ардагерлері туралы өзінің естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпақты елін сүюге, батырлыққа, бейбіт күннің қадірін білуге шақырып өсиетін айтты.
Ардагерлер туралы бейнероликтер көрсетіліп, мектеп оқушылары Ұлы Жеңіс күніне арналған әндерін шырқады. Шарада «Даңқты қос майдангер» кітап көрмесі шығарылды.
Пікір үстеу