Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Жастардың таңдауы – жемқорлықсыз өмір» атты іс-шара өткізілді
Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Жастардың таңдауы – жемқорлықсыз өмір» атты іс-шара өткізілді
access_time02.05.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

2023 жылы 2 мамыр күні Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің қатысуымен «Жастардың таңдауы – жемқорлықсыз өмір» атты адалдық сағатын өткізді.
Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін қалыптастыру, жеке тұлғаның еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне деген өз ой-пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Атаулы шараға Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапханадағы «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, ақын-ұстаз Үзілдік Елеубайқызы «Парасат жолының» кітапханалардағы мақсатын, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерлетуге бағытталған жобаларды түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Досанов Ерлан Азаматұлы жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Шара барысында кітапхана қорындағы әдебиеттерден жасақталған «Жемқорлыққа қарсы күрес Сыбайластықты жою – ортақ мүдде» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Пікір үстеу