1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізбегін» шығарып келеді.

Күнтізбеге тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, облыстың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан ұйымдардың, өңіріміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді.

Күнтізбе “2020 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер” бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. “Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер, мекемелер мен тарихи оқиғалар тізімі” жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Бірқатар айтулы күндерге өткен жылдарда шығарылған құралдарына сілтеме жасалынды.

Көрсеткіштің мақсаты өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелерін және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.

Айтулы күндерді анықтау және нақтылау       Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді. Іріктеу жұмысы 2019 жылдың шілде айында аяқталды.

Көмекші құрал ретінде есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.

Өлкетанушылардан, облыс жұртшылығынан, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеміз.

“Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылы еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізбегінің” электрондық нұсқасы Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының www.zkolib.kz. сайтында орналасқан.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңізбен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады.

 

417000 Орал қаласы, Карев көшесі 47 үй

Ж. Молдағалиев атындағы БҚ ОӘҒК

 

Тел.: 50-35-09; 50-75-49; 51-51-53.

E-mail: info@zkolib.kz

 5 қаңтарМырза Әлі Қадыр, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 85 жыл  (1935-2011).   (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

10 қаңтарАйтиев Қайырхан, Қазақстанның Тұңғыш физигі, Шынғырлау ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910)

15 қаңтарДауымов Сатыбалды, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-2004). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

 16 қаңтар*  –  Гудошникова  Инна  Алексеевна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  туғанына 85 жыл  (1935)

16 қаңтар*  – Сәрсенов Серікқали Бердығалиұлы, белгілі журналист, “Жайык Пресс” ЖШС-ның алғашқы құрушыларының бірі, директоры, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940-2006)

 17 қаңтар – Бутин Мәжекен Есенұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910-1974)

 19 қантарБукреева Мария Ивановна, ұзақ жылдар бойы “Приуралье” газетінің корректоры болып жұмыс істеген, туғанына 95 жыл (1925-1998)

 20 қаңтар* – Рашев Серік Жұмабайұлы, облыстың агроөндірістік комплексінің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, туғанына 80 жыл (1940-2002)

 21 қаңтар*   – Сүйіншәлиев Қалам, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, туғанына 95 жыл  (1925)

25 қаңтарӘжімұратов Қуаныш, күйші-қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1945-2000)

28 қаңтарАйталиев Шмидт Мұсаұлы, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Орал қаласының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-2007). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

31 қаңтарАқмамбетов Ғалихан Ғаламғалиұлы, ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, Сырым ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935)

1 ақпанМырзағалиев Тауасих, Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930)

2 ақпан Фрунзе Михаил Васильевич, көрнекті кеңестік мемлекеттік қайраткері,  туғанына 135 жыл (1885-1925)

5 ақпан*Ойшыбаев Бақтығұл, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940-1997)

20 ақпанМусин Чапай Ғабдығалиұлы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сырым ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-2009). (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

7 наурызКушаев Ғаяз Абдувалиев, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Жаңақала ауданының тумасытуғанына 95 жыл (1925-1992). (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

8 наурызКультюшнов Николай Николаев, композитор, хор дирижері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-1993)

10 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орда ауданы Бөкейорда ауданы деп атала бастағанына 20 жыл (2000)

14 наурызЖантикин Мифтах Қуанышқалиұлы журналист, аудармашы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 95 жыл  (1925-1992). (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

14 наурызӨтегенов Наурыз Әлжанұлы, генерал-майор, Қазақстан Ішкі істер қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-2005)

19 наурыз*Қажымұратов Сердеш, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, режиссер, Казталов ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1950)

 24 наурыз – Шақу Рәшид Есетұлы, сатирик, ақын, Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 55 жыл (1965-2013)

4 сәуір* Текебаева Шолпан Меңжанқызы, әдебиетші-ұстаз, ақын, журналист, туғанына 90 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1930-2015)

17 сәуір – Жақыпов Мирболат Хабиұлы, Мемлекеттік қызметкер,  Жәнібек ауданының тумасы,  туғанына 65 жыл (1955).

 24 сәуірНеталиева Қанапия, тілші-ғалым, қазақ тілінің сөздігін құрастырушыларының бір, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1925)

26 сәуірМанкеева Жамал Айтқалиқызы, тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1950)

28 сәуір* Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, құрылғанына 60 жыл (1960)

 СәуірИбалиева Мейиз Қарашайқызы, қолөнер шебері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1900-1988)

Сәуір – Северцев Николай Алексеевич, географ, саяхатшы, Оралға келеніне 160 жыл (1860)

8 мамыр – Хасанов Серікқали Сатыбалдыұлы, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушы және журналистер одақтарының мүшесі, Жаңақала ауданының тумасы,  туғанына 60 жыл (1960)

 9 мамыр – Жайық өзені жағалауында орнатылған Жеңіс мемориалы ескерткішінің құрылғанына 40 жыл (1980)

 10 мамырСапарғалиев Махмұд, мемлекет қайраткері, ғалым, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910-1970)

15 мамыр – Баяхов Әліби Науханұлы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, туғанына 55 жыл (1965)

16 мамыр – Здродовский Павел Феликсович, Кеңес микробиологы және иммунолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО АМН академигі, Социалистік Еңбек Ері, Орал қаласында дүниеге келген, туғанына 130 жыл (1890-1976)

23 мамыр* – Садомсков Анатолий Яковлевич, суретші, Зеленов ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940-1996)

24 мамыр  – Шолохов Михаил Александровичтің, орыс жазушысы дүниеге келгеніне 115 жыл (1905-1984). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

31 мамыр*Чесноков Николай Григорьевич, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-2014)

18 маусым*Доронин Геннадий Николаевич, жазушы, журналист, Орал қаласының тумасы, туғанына 75 жыл (1945)

20 маусым*Нәріков Айтқали Нұрышқалиұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі,  Тасқала ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940)

3 шілде – Короленко Владимир Галактионович, орыс жазушысы, Орал қаласына келгеніне 110 жыл (1900)

 10 шілде – “Ақжайық” емдеу-профилактикалық шипажайының ашылғанына 35 жыл (1985)

12 шілдеШомбалов Махмұд, журналист, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Бокейорда  ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-1988)

20 шілде*Пышкин Борис Борисович, журналист, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Орал қаласының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-1996)

23 шілде*Бақтыгереев Темірәлі, композитор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1950)

3 тамызҚұрымбаев Айболат Шамұратұлы, тарихшы, өлкетанушы, Ресей өлкетанушылар одағының мүшесі, “Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу қоры” жеке қорының директоры, туғанына 40 жыл (1980)

9 тамыз Вяткин Михаил Порфирьевич, революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым-тарихшы, туғанына 125 жыл (1895-1967)

15 тамызГубарев Григорий Миронович, Кеңес Одағының Батыры, туғанына 95 жыл (1925-1998)

17 тамызНагурный Владимир Александрович, Социалистік Еңбек Ері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-2001)

29 тамыз* – Куличев Иван Андреевич, Кеңес Одағының Батыры, туғанына 100 жыл (1920-1979)

30 тамызЕркебаев Сайымжан Нұрсейітұлы, жазушы, Ақжайық  ауданының тумасы,  туғанына 85 жыл (1935-1997)

30 тамызХайруллина Гүлжан Бакиевна, “Приуралье” газетінің тілші-аудармашысы,  туғанына 65 жыл (1955)

1 қыркүйек – Ғұбайдуллин Бауыржан Файзуллаұлы, белгілі балалар жазушы, журналист, “Орал өңірі” газетінің бас редакторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 55 жыл (1965)

 1 қыркүйек*   – Стрелец Дмитрий Лаврентьевич, Кеңес Одағының Батыры, туғанына 100 жыл (1920-1998)

 10 қыркүйек – Лепехин Иван Иванович, орыс ғалымы, табиғатанушы, саяхатшы, біздің өлкемізді зерттеген  Ресей Ғылым академиясының мүшесі, туғанына 280 жыл (1740-1802)

13 қыркүйек*Махымов Темірболат, өлкетанушы, «Нарын» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Бөкейордасының тумасы, туғанына 80 жыл (1940-2009)

15 қыркүйек*  – Исағалиев Қуаныш, журналист, ақын, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 80 жыл  (1940-2012)

16 қыркүйек*  – Елагин Андрей Сергеевич,  ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Орал қаласының тумасы, туғанына 100 жыл (1920-1993)

17 қыркүйек   – “Оралагрожөнмаш ААҚ (Орал жөндеу зауыты) кәсіпорнының құрылғанына 65 жыл (1955).  (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

21 қыркүйек*  – Наурзин Ғилаж, журналист, 1977 -1991 жж облыстық “Орал өңірі” газетінің бөлім меңгерушісі, “Қазақстанның құрметті журналисі” атағының иегері, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-2019)

 26 қыркүйекЗарипов Ғұмар, өлкетанушы, Қазақстан халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1905-1975)

5 қазан*Молдағалиев Жұбан, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1920-1988)

6 қазан  – Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына ақын Жұбан Молдағалиевтің есімі берілгеніне 20 жыл (2000)

6 қазан – Орал қаласында Жұбан Молдағалиев ескерткіші ашылғанына 20 жыл (2000)

7 қазан*Омарғалиев Мақсот Константинұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, туғанына 75 жыл (1945-2017)

 11  қазан* – Кулик Ярослав Семенович, фототілші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қалалық Информбиржа» газетінің фототілшісі, туғанына 70 жыл (1950)

13 қазан*Ахметов Ким Ғұсманұлы, профессор, экономист, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Сырым ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-2010)

ҚазанШевченко Тарас Григорьевич, ұлы украин ақыны, Орал қаласында болғанына 160 жыл (1850)

9 қараша*Фокин Николай Иванович, әдебиеттанушы, Орал педагогикалық институтының оқытушысы, Орал казактары туралы бірнеше кітаптардың авторы, Орал қаласының тумасы, туғанына 90 жыл (1930)

10 қараша – Дияров Құрман, мемлекет қайраткері, “Құрмет” медалінің иегері,Теректі ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910-1970)

13 қараша*Хасанғалиев Ескендір, әйгілі әнші-композитор, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 80 жыл  (1940)

21 қараша*Қадырбаева Айсұлу, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1950)

26 қараша*Батыров Мақсот Қажығалиұлы,  Еңбек ардагері, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-2018)

28 қараша*Иманғалиев Қибат Бәйішұлы, аудармашы, баспагер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-2000)

1 желтоқсанҚанатбаева Әсия Бәкіқызы, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940)

5 желтоқсанТұяқов Жәрдемғали Бисенұлы, журналист, ақын, ҚСРО-ның құрметті доноры, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-1999)

16 желтоқсанӘбуғалиев Ізтілеу, ғалым, ауыл шарушылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 90 жыл  (1930-2004)

16 желтоқсан*Ғұбайдуллин Аманжол, ақын, әнші, күйші, «Облыс ақыны» атанған айтыскер, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1950-1994)

21 желтоқсанКамалов Сухан Мақсотұлы, ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның мүшесі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-2018). (Қараңыз: 2010 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

 22 желтоқсанОрал ЖЭО, қазіргі “Жайықжылуқуат” акционерлік қоғамы, іске қосылғанына 60 жыл (1960)

23 желтоқсанИпмағамбетов Меңдігерей, Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс қайраткері, Орал қаласының тумасы, туғанына 145 жыл (1875-1919). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

 23 желтоқсан – Чуриков Николай Степанович, Кеңес Одағының батыры, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910-1997)

24  желтоқсан – Исатаева Роза Жақияқызы, кітапханашы, “Кітапхана ісінің шебері”, 2008-2016 жылдары Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның директоры, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1955)

 ЖелтоқсанСамсонов Александр Иванович, Орал қаласында Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы, туғанына 165 жыл (1855-1957)

ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ БЕЛГІСІЗ ҚАЙРАТКЕРЛЕР, МЕКЕМЕЛЕР МЕН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР ТІЗІМІ

  • Айшуақ хан – кіші жүз ханы, туғанына 300 жыл (1720-1810)
  • Шүкірәліұлы Көбек – қазақ биі, Батыс Қазақстан облысының  тумасы, туғанына 260 жыл (1760-1825)
  • Абылғазыұлы Арынғазы – кіші жүз ханы,  туғанына 235 жыл (1785-1833)
  • Айшуақов Баймағамбет – кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші сұлтаны, генерал-майор, туғанына 230 жыл (1790-1847)
  • Үсеұлы Үбін – батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан туғанына 230 жыл (1790-ө.ж.б.)
  • *Савичев Никита Федорович – жергілікті тарихшы, өлкетанушы, туғанына 200 жыл (1820-1885)
  • *Шығайұлы Дәулеткерей –  күйші-композитор, туғанына 200 жыл (1820-1887)
  • 200 жыл бұрын Батыс Қазақстан облысына зерттеуші ғалымдар А. Левшин мен Лессинг келді (1820)
  • Ақтанов Мухамет, бірінші атақты қазақ мал дәрігері, Орал қаласында туып-өскен, 190 жыл (1830-белгісіз)
  • Бекмұхамбетов Мақаш Шолтырұлы – қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 190 жыл (1830-1904). (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
  • Қожамбайұлы Қашқынбай – ақын, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 190 жыл (1830-1870)
  • Сармалай – сыбызғышы, күйші, Казталов ауданының тумасы, туғанына 185 жыл  (1835-1885). (Қараңыз:1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
  • Бөкеев Ғұбайдолла   Жәңгірұлы – Ресей империясының генералы, қазақтан шыққан әскери қайраткер, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 180 жыл, (1840-1909)
  • Леман Александрбелгілі ботаник Орал қаласында болғанына 180 жыл (1840)
  • Ханыков Яков Владимирович – географ, этнограф, Орал қаласында болғанына 180  жыл (1840)
  • Небольсин Павел Иванович, этнограф, 170 жыл бұрын Орал қаласында болған (1850)
  • Шығаев Шарафеддин Көшекқалиұлы, жергілікті басшы, Ресей армиясының әскери қайраткері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 170 жыл (1850)
  • Шымырұлы Едиге, емші, көреген, қасиетті адам, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 170 жыл (1850-1926)
  • Шыңғырлау ауданының іргетасы қаланғанына 170 жыл (1850)
  • Асанов Жақиян – күйші, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 165 жыл (1855-1920)
  • Көтібарұлы Есеттің басшылығымен кіші жүздегі Ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 165 жыл (1855-1857)
  • Қаратаев Бақытжан  Бейсәліұлы – қоғам қайраткері, заңгер ағартушы-демократ, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 160  жыл (1860-1934). (Қараңыз: 2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
  • *Бөкейханов Науша Мырзагерейұлы – күйші, домбырашы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 150 жыл (1870-1944)
  • Жұмаш молла, Нарын құмындағы емші, дін қайраткері, туғанына 150 жыл (1870-1918/19)
  • Қараш Ғұмар – ойшыл ақын, қоғам қайраткері,  Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 145 жыл,  (1875-1921)

(Қараңыз:2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)

  • Ізімғали әулие, халық емшісі, Сырым ауданының тумасы,  туғанына 140 жыл (1880-1911)
  • Абдуллин Ғұсман – Социалистік Еңбек Ері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1965)
  • Бердиев Ғұбайдолла Есқалиұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, алғашқы мал дәрігерлерінің бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1921)
  • Салауаткерей – күйші-композитор, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1915)
  • Тәтібаев Қазмұхамед Мұқанұлы – Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы арнайы білімді әскери мамандарының бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1962)
  • Бөкейханов Махамбет Нұрмұхаметұлы – күйші-композитор, Жәнібек  ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1937). (Қараңыз: 1995 жылғы Батыс  Қазақстан облысы бойынша…)
  • Даушов Сенғали, “Алаш” қозғалысының қатысушысы, Қаратөбе ауданы Соналы ауылындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының  бірі, Қаратөбе  ауданының тумасы, туғанына 130 жыл  (1890-1928)
  • Жұмағалиұлы Арыстан, Батыс Қазақстандағы белгілі көріпкел, емші, сынықшы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1976)
  • Оралдиев Медеш – журналист, 1937 репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген, Қаратөбе  ауданының тумасы, туғанына 130 жыл  (1890-1937)
  • Сарбөпин Нұғыман – Алаш қозғалысына қатысушы, қазақтың арнаулы білімді алғашқы әскери мамандарының бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 130 жыл  (1890-1918)
  • Сержанов Мәмбет – Социалистік Еңбек Ері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1954)
  • Орда орман шаруашылығының құрылғанына 130 жыл (1890)
  • Әлжанов Батырбек – Ақ Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1895-1940)
  • Мәмет Ахмет (Ахметқали) – ағартушы, ақын, журналист, Батыс Алашорда қайраткері, әйгілі қазақ батыры  Мәншүк Мәметованың әкесі, туғанына 125 жыл (1895-1938)
  • Тоқай Ғабдолла – татар ақыны, публицист, Орал қаласында тұрғанына 125 жыл (1895-1907)
  • Ерубаева Жібек, халық ақыны, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910)
  • Федин Константин Александрович, орыс кеңес жазушысы және журналист, Оралда болған уақыттан 110 жыл (1910)
  • Шамсутдинов Хасан Зиганшевич, мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, облыс және Орал қаласының ескерткіштері мен мүсіндерінің авторы, туғанына 110 жыл (1910-1991)
  • Шыңғырлау темір жол станциясына 110 жыл (1910)
  • *Досқалиев Мектеп – «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын, Казталов ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1920-1985)
  • *Орал қаласында наркологиялық диспансер орталығының ашылғанына 100 жыл (1920)
  • Айтушев Фазыл – кинорежиссер, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО-ның  киномотография үздігі,  Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 95 жыл  (1925-1988)
  • Акимова Зинаида Михайловна – А. Островский атындағы облыстық драма театрының әртісі, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-1983)
  • Балашов Александр Георгович – журналист, жазушыҮшінші дәрежелі солдат даңқы ордендерінің иегері, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл   (1925-1999)
  • Зрелов Иван Петрович Кеңес Одағының Батыры, туғанына 95 жыл (1925-1983)
  • Иванов Всеволод Вячиславовичорыс жазушысы Орал қаласына тоқтағанына 95 жыл (1925)
  • Динамо” – облыстық спорт қоғамының Орал қаласында құрылғанына 95 жыл  (1925)
  • Облыстық туберкулез диспансерінің ашылғанына 95 жыл (1925. (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
  • Әбілғазиев Бақтығали – Социалистік Еңбек Ері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 90 жыл  (1930)
  • Әбілов Хамит – ақын, журналист, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-1998)
  • Мұхамбетов Айсағали Әбілхасымұлы – Еңбек ардагері, қоғам қайраткері, Зеленов ауданының тумасы,  туғанына 90 жыл (1930)
  • Ветеринарлық клиника, 90 жыл бұрын Орал қаласында ашылған (1930)
  • Жаңақала ауданының құрылғанына 90 жыл (1930)
  • Казталов ауданының “Талдықұдық” ауылы, құрылғанына 90 жыл (1930)
  • Орал балық комбинаты, 90 жыл бұрын Орал қаласында ашылған (1930)
  • Абдолов Ыбырайым  Төлеуғалиұлы – палуан, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Тайпақ ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935)
  • Айтасов Мүсір Иманқұлұлы – ғалым, КСРО-ның еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Ақжайық ауданының тумасы туғанына 85 жыл (1935)
  • Аюпов Биболат Насырұлы – күйші, Бөкейорда ауданының  тумасы, туғанына 85 жыл  (1935-1969)
  • Бозов Нұрбек Сафиұлы – ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935)
  • Дәулетқалиев Сәкен Қаламқалиұлы – ғалым, география ғылымының докторы, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 85 жыл  (1935)
  • Қазақ драма театры, 85 жыл бұрын Орал қаласында ашылды (1935)
  • *Өтебәлі Ғаділше Дәулетқалиұлы – қоғам қайраткері, тарихшы, өлкетанушы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940-2016)
  • Мұқашев Сайлау Төленғалиұлы – палуан, еркін күрестен спорт шебері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 70 жыл  (1950)
  • Орал қаласында онкологиялық диспансерінің ұйымдастырылғанына 70 жыл  (1950)
  • Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлы – композитор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1955)
  • Жайықселқұрылысы” құрылыс кәсіпорны, құрылғанына 65 жыл (1955)
  • Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебі,  ашылғанына 65 жыл (1955)
  • Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ашылғанына 60 жыл (1960)
  • Орал қаласында екінші кәсіптік-техникалық лицей, ашылғанына 60 жыл  (1960)
  • ТЭЦ, құрылғанына 60 жыл (1960)
  • Жаңақала ауданында Үшкілтас газ кен орны, анықталғанына 60 жыл (1960)
  • Қаныш Талап Таймасұлы – ұстаз, ақын, “Ақберен” жас ақындар мектебінің  жетекшісі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 55 жыл (1965)
  • Тасқала ауданының “Ақтау” (“Красный маяк”), ауылы, құрылғанына 55 жыл (1965)
  • Ақжайық ансамблі – Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан құрылғанына 45 жыл (1975)
  • Орал мұнай құбыры басқармасы, құрылғанына 50 жыл бұрын (1970)
  • Жәнібек ауданындағы су қоймасы, құрылғанына 45 жыл (1975)
  • Зеленов ауданы Дарьинск ауылындағы Мәдениет үйі, ашылғанына 45 жыл (1975)
  • “Саяхат” қонақ үйі, Орал қаласында ашылғанына 45 жыл (1975)
  • “Трекино” ауылы Зеленов ауданы, құрылғанына 45 жыл (1975)
  • Тасқала ауданының “Семиглавый Мар” ауылы, құрылғанына 45 жыл(1975)
  • Орал қаласындағы көрме залына 40 жыл (1980)
  • Ардагерлер ұйымының Батыс Қазақстан облыстық кеңесінің құрылғанына 35 жыл  (1985)
  • “Оралмұнайгазгеология” мемлекеттік мұнай барлау компаниясы ашылғанына 35 жыл (1985)
  • Теректі ауданында “Дубров ботаникалық қорықшасының құрылғанына 35 жыл (1985)
  • Ақсай Нан-тоқаш комбинаты ашылғанына 30 жыл (1990)
  • Қаратөбе ауданындағы өлкетану мұражайы, ашылғанына 30 жыл (1990)
  • Облыстық «Қазақ тілі» қоғамы  қоғамдық берлестігі құрылғанына 30 жыл (1990)
  • «Нарын» қоғамдық қозғалысына 30 жыл (1990)   (Қараңыз: 2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…)
  • «Оралэнерго» ААҚ компаниясының, қазір Батыс Энергоресурсы ЖШС,  құрылғанына 30 жыл (1990)
  • Байтерек (Зеленов) ауданындағы «Селекционный» ботаникалық қорықшасының ұйымдастырылғанына   30 жыл (1990)
  • Ресей мен Қазақстан арасындағы консулдықтардың – РФ консулдығы Орал қаласында, ҚР консулдығы Астрахан қаласында ашу туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл (2000)
  • “Атамекен” жазғы балалар демалыс лагері, құрылғанына 20 жыл (2000)

  

Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша    

                    анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген