1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.
Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2021 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз атаулы күндер»; екінші бөлімде – «Атаулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.
Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.
Көрсеткіштің мақсаты – өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.
Көрсеткіште негізгі атаулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар атаулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.
Атаулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.
Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.
Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:
090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,
Ж. Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК
Телефон: +7(7172)50-35-09; 50-75-49
E-mail: uralsk_library@mail.ru
*1 қаңтар – Композитор Қапан Мусинның туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы, (1921-1970)
*1 қаңтар – Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1861-1955)
5 қаңтар – Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Наурызғалиұлы Сыдықовтың туғанына 65 жыл, Орал қаласының тумасы, (1956). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
7 қаңтар – Кеңес-ауған соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Қайырболат Сайынұлы Майдановтың туғанына 65 жыл, Жымпиты ауданының тумасы (1956-2000). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
8 қаңтар – Тоқсаныншы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің директоры болған, Мәдениет қайраткері Людмила Дәулетқызы Дегитаеваның туғанына 75 жыл (1946)
15 қаңтар – Қоғам қайраткері Шолақ Артығалиевтың туғанына 110 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1911-1990)
15 қаңтар – Татар композиторы, СССР халық артисі, СССР Мемлекеттік премиясының 3 мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Назиб Жигановтың туғанына 110 жыл, Орал қаласының тумасы (1911-1988). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
*15 қаңтар – Журналист, суретші, әуесқой композитор Ерсайын Қайырлыұлы Жапаковтың туғанына 60 жыл (1961)
*15 қаңтар – ҚР мәдениет қайраткері Сара Есқайырқызы Танабаеваның туғанына 80 жыл, Сырым ауданының тумасы (1941)
18 қаңтар – Әнші, термеші Шайсат Губашевтың туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1926)
25 қаңтар – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ашылғанына 55 жыл (1966), – Батыс Қазақстан облыстық филармонияға Ғ. Құрманғалиев есімі берілгеніне 25 жыл (1996). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
Қаңтар – 1827-1828 ж.ж. Батыс Қазақстанға саяхат жасап, Бөкей ордасының картасын жасаған, зерттеуші Григорий Силыч Карелиннің туғанына 220 жыл (1801-1872)
9 ақпан – Еңбек және соғыс ардагері Айғали Балиұлы Байболатовтың туғанына 95 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1926-2003). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
11 ақпан – Ғалым-маман, геолог – минерология ғылымының докторы Роберт Мұсанұлы Құрманғалиевтің туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумасы (1936-2010). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
*18 ақпан – Жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 75 жыл, Сырым ауданының тумасы (1946-2004)
19 ақпан – Кіші жүздің Ресейге қосылғанына 290 жыл (1731)
22 ақпан – Жаңақала аудан орталығында Д. Нұрпейісова атындағы өнертану мұражайының ашылғанына 30 жыл (1991)
*24 ақпан – Кеңес Одағының Батыры Иван Иванович Коняхиннің туғанына 100 жыл (1921-1988)
*25 ақпан – Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың туғанына 70 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1951)
27 ақпан – Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл (2001)
*28 ақпан – Әскери қайраткер, генерал-майор Шәкір Жексенбаевтің туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1901-1988)
28 ақпан – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақтың туғанына 55 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1966)
1 наурыз – Мәдениет қайраткері Айташ Жұбанышәлиевтің туғанына 115 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1906-1990)
*1 наурыз – Әуесқой композитор, күйші Рахым Ығылмановтың туғанына 100 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1921-1995).
*5 наурыз Әуесқой композитор, әнші Әлесов Хабиболла Мақсотұлының туғанына 70 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1951-2010)
5 наурыз – Әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Бөкеұлы Садықовтың туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1926-1994)
*5 наурыз – Орал қаласындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің АХАЖ құрылғанына 100 жыл (1921)
7 наурыз – Ақжайық аудандағы №10 Тайпақ кәсіптік мектебінің ашылғанына 60 жыл (1961)
14 наурыз – Ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Батыс Қазақстан облысында қазақтың ақбас сиырын жетілдіру жұмысын басқарған Константин Арутюнович Акопянның туғанына 120 жыл (1901-1974)
17 наурыз – Кеңес Одағының Батыры Алексей Аврамович Стрижаченконың туғанына 110 жыл (1911-1989). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
21 наурыз – Мемлекет қайраткері Әбдірахман Әйтиевтың туғанына 135 жыл, Теректі ауданының тумасы (1886-1936). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
26 наурыз – Өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Евгений Иванович Коротиннің туғанына 95 жыл, Орал қаласының тумасы (1926-2012). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
30 наурыз – Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 95 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1926-1991). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
31 наурыз – Азамат соғысының батыры Ефим Петрович Почиталиннің туғанына 140 жыл (1881-1921)
1 сәуір – Ғалым, медицина ғылымының докторы Әлихан Хамзаұлы Досахановтың туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1946)
*1 сәуір – Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 60 жыл (1961)
*2 сәуір – Спортшы, шахматтан үш дүркін республика чемпионы Шәмшиден Мырзағалиевтің туғанына 100 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1921-1943)
10 сәуір – әуесқой композитор, актер Қанатқали Рахметовтың туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумасы (1926-1991)
10 сәуір – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құбайдолла Хамзаұлы Хасановтың туғанына 75 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1946). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
11 сәуір – Кеңес Одағының Батыры Ғаяз Ғаниасқарұлы Рамаевтың туғанына 100 жыл, Орал қаласының тумасы (1921-1943). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
12 сәуір – Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Задан Тасқалиұлы Жұмағалиевтің туғанына 85 жыл, Бокейорда ауданының тумасы (1936)
12 сәуір – №4 кәсіптік техникалық училищесінің ашылғанына 65 жыл (1956)
15 сәуір – Күйші, мемлекет қайраткері Ғабдол-Хакім Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 125 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1896-1938). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
16 сәуір – Дәрігер Мирахмет Ниязовтің туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1891-1943)
18 сәуір – Ғалым-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор Мұрат Әбілқайұлы Кәрімовтың туғанына 90 жыл, Сырым ауданының тумасы (1931)
20 сәуір – Жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Леонид Владимирович Макеевтың туғанына 110 жыл (1911-1993)
23 сәуір – Орал қаласында жерленген беларус ақыны Змитрок Бядулянің туғанына 135 жыл (1886-1941). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
24 сәуір – «Хаймат» неміс диаспорасының мәдени ағарту қоғамының құрылғанына 30 жыл (1991)
26 сәуір – Татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 135 жыл (1886-1913). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
1 мамыр – Қазақ тілін оқыту әдістемесінқалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филология ғылымының кандидаты Сейіл Сарықұлы Жиенбаевтің туғанына 125 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1896-1945)
5 мамыр – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Сәбит Қайырұлы Жадановтың туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1931). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
6 мамыр – Жергілікті ісмер, ұлттық өнер шебері Хадиша Жарасқызы Бекмұхамедованың туғанына 125 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1896-1978)
6 мамыр – Әуесқой композитор Болат Ыбырайұлы Шалабаевтың туғанына 85 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1936)
*13 мамыр – Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Айбар Ғалымұлы Сейтімовтің туғанына 60 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1961)
15 мамыр – Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғары білімді алғашқы дәрігерлерінің бірі Ғұмар Қожақметұлы Есенғұловтың туғанына 135 жыл, Орал қаласының тумасы (1886-1930). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
20 мамыр – Қобызшы, еңбек ардагері Роза Құспанованың туғанына 85 жыл, Казталовка ауданының тумасы (1936)
*24 мамыр – Композитор, педагог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, алғашқы кәсіпқой қазақ пианисі Нағым Мендіғалиевтің туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1921-2006)
25 мамыр – Күйші, қазақ халқының композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 160 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1861-1933). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
26 мамыр – ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Бейімбет Бәбектіұлы Ермұхановтың туғанына 85 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1936)
5 маусым – Қазақтың халық композиторы, домбырашы Оқап Қабиғожинның туғанына 120 жыл, Жаңақала ауданының тумасы, (1901-1942)
14 маусым – Ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шомбалов Тайыр Көкешұлының туғанына 115 жыл, Казталов ауданының тумасы (1906-1980)
20 маусым – Ғалым-маман, ауыл шаруашылық ғылымының докторы Жасқайрат Сүндетовтың туғанына 80 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1941). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
22 маусым – Ғалым, педагог, биология ғылымының докторы, профессор Есенбай Ағелеуовтің туғанына 85 жыл (1936-1996). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
15 шілде – күйші, композитор, отбасылық ансамбльдің ұйымдастырушысы Сұлтанғали Қадырғалиұлы Лұқпановтың туғанына 95жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1926-2005)
15 шілде – Әнші, айтыскер ақын Кенжеғали Балабасовтың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1941). (Қараңыз:«2016жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
22 шілде – Мүсінші Юрий Дүйсенғалиұлы Баймұқашевтың туғанына 80 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1941). (Қараңыз:«2001 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
2 тамыз – Атақты әнші, композитор, ақын Мұхит Мерәліұлының туғанына 180 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1841-1918). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*4 тамыз – Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Маргарита Хамитқызы Маданованың туғанына 60 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1961)
22 тамыз – Ғалым, медицина ғылымының докторы Саламат Ғұмарұлы Ахметқалиевтың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936-2005)
*4 қыркүйек – Ұлы Отан соғысының ардагері, экономист Әзекен Кәрімұлы Бірімжановтың туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1921-2017)
*5 қыркүйек – Журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының туғанына 70 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1951)
*5 қыркүйек – Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиевтың туғанына 80 жыл (1941)
6 қыркүйек – Күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына 70 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1951-2012). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*7 қыркүйек – Еңбек ардагері, КСРО халықтық бақылау комитетінің еңбек сіңірген қызметкері, ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Кәкен Көбейсіновтің туғанына 90 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1931- 2019)
*12 қыркүйек – Белгілі журналист Сергей Павлович Кульпиннің туғанына 70 жыл (1951)
15 қыркүйек – Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Иса Таумышұлы Қашқынбаевтың туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1891-ө.ж.б)
15 қыркүйек – Ғалым, Қазақстан ҒА-ның академигі, биология ғылымының докторы, профессор Фазыл Мұқамбетқалиевтың туғанына 110 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1911-1989)
20 қыркүйек – Журналист, қоғам қайраткері Максим Темірболатұлы Сәрсеновтің туғанына 85 жыл, Орал қаласының тумасы (1936)
22 қыркүйек – Зерттеуші Петр Симон Палластың туғанына 280 жыл (1741-1811)
29 қыркүйек – Ғалым, философия ғылымының докторы Марат Шамұратұлы Хасановтың туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1941). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
Қыркүйек – Кеңес Одағының Батыры Александр Евстафьевич Борисюктің туғанына 100 жыл (1921-1945) (Қараңыз:«2001 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
2 қазан – Айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ботагөз Баймұқанованың туғанына 65 жыл (1956-2006). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
10 қазан – Ғалым, ауыл-шаруашылық ғылымдарының докторы Ғақаш Зәкиұлы Бияшевтің туғанына 115 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1906-1987)
12 қазан – Мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Хамит Дәулетұлы Чуринның туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1901-1979)
13 қазан – Суретші Мұратбек Тауфикұлы Жоламановтың туғанына 55 жыл, Жымпиты ауданының тумасы (1966-2000). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*13 қазан – Еңбек ардагері Ғазез Усағалиұлы Хаймолдиннің туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936)
15 қазан – Шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері Ерғали Дауымовтың туғанына 110 жыл, Сырым ауданының тумасы (1911-1997). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
*15 қазан – Суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ахмет Ерғалиевтың туғанына 70 жыл (1951)
*24 қазан – Облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ашылғанына 150 жыл (1871)
1 қараша – Көрнекті композитор Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовтың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936). (Қараңыз:«2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
2 қараша – Ғалым, медицина ғылымының докторы Аманкелді Ғалымжанұлы Құрашевтың туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1946)
5 қараша – Актер, театр қызметкері Владимир Яковлевич Поповтың туғанына 85 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1936-2012). (Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…»)
5 қараша – Өнертанушы ғалым, профессор Айтжан Есенұлы Тоқтағановтың туғанына 75 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1946)
7 қараша – Жазушы, Азамат соғысы жылдары В.И. Чапаев дивизиясының саяси комиссары болған Дмитрий Андреевич Фурмановтың туғанына 130 жыл (1891-1926)
9 қараша – 1968-1978 жылдары Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының вокалист-артисі болған, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші, актер Бекболат Ыдырысұлы Машкановтың туғанына 80 жыл (1941)
10 қараша – Орыс жазушысы, этнограф Владимир Иванович Дальдің туғанына 220 жыл (1801-1872).
14 қараша – Педагог-музыкант, КСРО ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстандағы виолончель мектебінің негізін салушы Сапиолла Молдағалиұлы Жәкеевтың туғанына 90 жыл, Теректі ауданының тумасы (1931-2005)
22 қараша – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Вячеслав Вячеславович Рушковскийдің туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумасы (1941)
*23 қараша – Саяси қайраткер, өлкетанушы ихтиолог-профессор Николай Андреевич Бородиннің туғанына 160 жыл (1861-1937)
*23 қараша – Жазушы Жәрдем Тілековтің туғанына 110 жыл, Сырым ауданының тумасы (1911-1980)
*26 қараша – Суретші, Қазақстанн суретшілер одағының мүшесі Валерий Иванович Шапошниковтің туғанына 60 жыл (1961).
Қараша – Орал қаласында табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 55 жыл (1966)
7 желтоқсан – Ғалым, қазақ тілінің тұңғыш профессоры Қажым Аманғалиұлы Басымовтың туғанына 125 жыл, Казталов ауданының тумасы (1896-1939)
13 желтоқсан – Ақын Жанғали Нәбиуллиннің туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1936-2015).(Қараңыз:«2011 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…..»)
16 желтоқсан – Ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, оқытушы Эдуард Эдуардович Браунның туғанына 85 жыл (1936)
*22 желтоқсан – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Ермек Сәтбайұлы Айталиевтың дүниеге келгеніне 70 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1951)
*25 желтоқсан – мемлекет және қоғам қайраткері Қайырғали Молдашевтың туғанына 100 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1921-1997)
30 желтоқсан – Журналист, Қазақ КСР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер Сағат Жұмағазиевтің туғанына 110 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1911)
Желтоқсан – Чапаев дивизиясының атты әскер полкінің командирі Пантелеймон Алексеевич Суровтың туғанына 130 жыл (1891-1931)
Желтоқсан – «Қазақлакрица» заводының ашылғанына 125 жыл (1896)
ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ БЕЛГІСІЗ ҚАЙРАТКЕРЛЕР, МЕКЕМЕЛЕР МЕН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР ТІЗІМІ
- Айшуақ хан – кіші жүз ханы, туғанына 300 жыл (1720-1810)
- Шүкірәліұлы Көбек – қазақ биі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 260 жыл (1760-1825)
- Абылғазыұлы Арынғазы – кіші жүз ханы, туғанына 235 жыл (1785-1833)
- Айшуақов Баймағамбет – кіші жүздің Батыс бөлігінің билеуші сұлтаны, генерал-майор, туғанына 230 жыл (1790-1847)
- Үсеұлы Үбін – батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан туғанына 230 жыл (1790-ө.ж.б.)
- *Савичев Никита Федорович – жергілікті тарихшы, өлкетанушы, туғанына 200 жыл (1820-1885)
- *Шығайұлы Дәулеткерей – күйші-композитор, туғанына 200 жыл (1820-1887)
- 200 жыл бұрын Батыс Қазақстан облысына зерттеуші ғалымдар А. Левшин мен Лессинг келді (1820)
- Ақтанов Мухамет, бірінші атақты қазақ мал дәрігері, Орал қаласында туып-өскен, 190 жыл (1830-белгісіз)
- Бекмұхамбетов Мақаш Шолтырұлы – қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 190 жыл (1830-1904). (Қараңыз: “2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- Қожамбайұлы Қашқынбай – ақын, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 190 жыл (1830-1870)
- Сармалай – сыбызғышы, күйші, Казталов ауданының тумасы, туғанына 185 жыл (1835-1885). (Қараңыз: “1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- Бөкеев Ғұбайдолла Жәңгірұлы – Ресей империясының генералы, қазақтан шыққан әскери қайраткер, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 180 жыл, (1840-1909)
- Леман Александр – белгілі ботаник Орал қаласында болғанына 180 жыл (1840)
- Ханыков Яков Владимирович – географ, этнограф, Орал қаласында болғанына 180 жыл (1840)
- Небольсин Павел Иванович, этнограф, 170 жыл бұрын Орал қаласында болған (1850)
- Шығаев Шарафеддин Көшекқалиұлы, жергілікті басшы, Ресей армиясының әскери қайраткері, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 170 жыл (1850)
- Шымырұлы Едиге, емші, көреген, қасиетті адам, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 170 жыл (1850-1926)
- Шыңғырлау ауданының іргетасы қаланғанына 170 жыл (1850)
- Асанов Жақиян – күйші, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 165 жыл (1855-1920)
- Көтібарұлы Есеттің басшылығымен кіші жүздегі Ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 165 жыл (1855-1857)
- Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы – қоғам қайраткері, заңгер ағартушы-демократ, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 160 жыл (1860-1934). (Қараңыз: “2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- *Бөкейханов Науша Мырзагерейұлы – күйші, домбырашы, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 150 жыл (1870-1944)
- Жұмаш молла, Нарын құмындағы емші, дін қайраткері, туғанына 150 жыл (1870-1918/19)
- Қараш Ғұмар – ойшыл ақын, қоғам қайраткері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 145 жыл, (1875-1921)
(Қараңыз:“2015 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- Ізімғали әулие, халық емшісі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1880-1911)
- Абдуллин Ғұсман – Социалистік Еңбек Ері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1965)
- Бердиев Ғұбайдолла Есқалиұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, алғашқы мал дәрігерлерінің бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1921)
- Салауаткерей – күйші-композитор, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1915)
- Тәтібаев Қазмұхамед Мұқанұлы – Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы арнайы білімді әскери мамандарының бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 135 жыл (1885-1962)
- Бөкейханов Махамбет Нұрмұхаметұлы – күйші-композитор, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1937). (Қараңыз: “1995 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- Даушов Сенғали, “Алаш” қозғалысының қатысушысы, Қаратөбе ауданы Соналы ауылындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1928)
- Жұмағалиұлы Арыстан, Батыс Қазақстандағы белгілі көріпкел, емші, сынықшы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1976)
- Оралдиев Медеш – журналист, 1937 репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1937)
- Сарбөпин Нұғыман – Алаш қозғалысына қатысушы, қазақтың арнаулы білімді алғашқы әскери мамандарының бірі, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1918)
- Сержанов Мәмбет – Социалистік Еңбек Ері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1890-1954)
- Орда орман шаруашылығының құрылғанына 130 жыл (1890)
- Әлжанов Батырбек – Ақ Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы, Казталовка ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1895-1940)
- Мәмет Ахмет (Ахметқали) – ағартушы, ақын, журналист, Батыс Алашорда қайраткері, әйгілі қазақ батыры Мәншүк Мәметованың әкесі, туғанына 125 жыл (1895-1938)
- Тоқай Ғабдолла – татар ақыны, публицист, Орал қаласында тұрғанына 125 жыл (1895-1907)
- Ерубаева Жібек, халық ақыны, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1910)
- Федин Константин Александрович, орыс кеңес жазушысы және журналист, Оралда болған уақыттан 110 жыл (1910)
- Шамсутдинов Хасан Зиганшевич, мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, облыс және Орал қаласының ескерткіштері мен мүсіндерінің авторы, туғанына 110 жыл (1910-1991)
- Шыңғырлау темір жол станциясына 110 жыл (1910)
- *Досқалиев Мектеп – «Облыс ақыны» атанған айтыскер ақын, Казталов ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1920-1985)
- *Орал қаласында наркологиялық диспансер орталығының ашылғанына 100 жыл (1920)
- Айтушев Фазыл – кинорежиссер, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО-ның киномотография үздігі, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-1988)
- Акимова Зинаида Михайловна – А. Островский атындағы облыстық драма театрының әртісі, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-1983)
- Балашов Александр Георгович – журналист, жазушы, Үшінші дәрежелі солдат даңқы ордендерінің иегері, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1925-1999)
- Зрелов Иван Петрович – Кеңес Одағының Батыры, туғанына 95 жыл (1925-1983)
- Иванов Всеволод Вячиславович – орыс жазушысы Орал қаласына тоқтағанына 95 жыл (1925)
- “Динамо” – облыстық спорт қоғамының Орал қаласында құрылғанына 95 жыл (1925)
- Облыстық туберкулез диспансерінің ашылғанына 95 жыл (1925. (Қараңыз: “2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- Әбілғазиев Бақтығали – Социалистік Еңбек Ері, Теректі ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930)
- Әбілов Хамит – ақын, журналист, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930-1998)
- Мұхамбетов Айсағали Әбілхасымұлы – Еңбек ардагері, қоғам қайраткері, Зеленов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1930)
- Ветеринарлық клиника, 90 жыл бұрын Орал қаласында ашылған (1930)
- Жаңақала ауданының құрылғанына 90 жыл (1930)
- Казталов ауданының “Талдықұдық” ауылы, құрылғанына 90 жыл (1930)
- Орал балық комбинаты, 90 жыл бұрын Орал қаласында ашылған (1930)
- Абдолов Ыбырайым Төлеуғалиұлы – палуан, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Тайпақ ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935)
- Айтасов Мүсір Иманқұлұлы – ғалым, КСРО-ның еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Ақжайық ауданының тумасы туғанына 85 жыл (1935)
- Аюпов Биболат Насырұлы – күйші, Бөкейорда ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935-1969)
- Бозов Нұрбек Сафиұлы – ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Байтерек ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935)
- Дәулетқалиев Сәкен Қаламқалиұлы – ғалым, география ғылымының докторы, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1935)
- Қазақ драма театры, 85 жыл бұрын Орал қаласында ашылды (1935)
- *Өтебәлі Ғаділше Дәулетқалиұлы – қоғам қайраткері, тарихшы, өлкетанушы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1940-2016)
- Мұқашев Сайлау Төленғалиұлы – палуан, еркін күрестен спорт шебері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1950)
- Орал қаласында онкологиялық диспансерінің ұйымдастырылғанына 70 жыл (1950)
- Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлы – композитор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1955)
- “Жайықселқұрылысы” құрылыс кәсіпорны, құрылғанына 65 жыл (1955)
- Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебі, ашылғанына 65 жыл (1955)
- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, ашылғанына 60 жыл (1960)
- Орал қаласында екінші кәсіптік-техникалық лицей, ашылғанына 60 жыл (1960)
- ТЭЦ, құрылғанына 60 жыл (1960)
- Жаңақала ауданында Үшкілтас газ кен орны, анықталғанына 60 жыл (1960)
- Қаныш Талап Таймасұлы – ұстаз, ақын, “Ақберен” жас ақындар мектебінің жетекшісі, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 55 жыл (1965)
- Тасқала ауданының “Ақтау” (“Красный маяк”), ауылы, құрылғанына 55 жыл (1965)
- “Ақжайық“ ансамблі – Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан құрылғанына 45 жыл (1975)
- Орал мұнай құбыры басқармасы, құрылғанына 50 жыл бұрын (1970)
- Жәнібек ауданындағы су қоймасы, құрылғанына 45 жыл (1975)
- Зеленов ауданы Дарьинск ауылындағы Мәдениет үйі, ашылғанына 45 жыл (1975)
- “Саяхат” қонақ үйі, Орал қаласында ашылғанына 45 жыл (1975)
- “Трекино” ауылы Зеленов ауданы, құрылғанына 45 жыл (1975)
- Тасқала ауданының “Семиглавый Мар” ауылы, құрылғанына 45 жыл(1975)
- Орал қаласындағы көрме залына 40 жыл (1980)
- Ардагерлер ұйымының Батыс Қазақстан облыстық кеңесінің құрылғанына 35 жыл (1985)
- “Оралмұнайгазгеология” мемлекеттік мұнай барлау компаниясы ашылғанына 35 жыл (1985)
- Теректі ауданында “Дубров“ ботаникалық қорықшасының құрылғанына 35 жыл (1985)
- Ақсай Нан-тоқаш комбинаты ашылғанына 30 жыл (1990)
- Қаратөбе ауданындағы өлкетану мұражайы, ашылғанына 30 жыл (1990)
- Облыстық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық берлестігі құрылғанына 30 жыл (1990)
- «Нарын» қоғамдық қозғалысына 30 жыл (1990) (Қараңыз: “2005 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша…“)
- «Оралэнерго» ААҚ компаниясының, қазір Батыс Энергоресурсы ЖШС, құрылғанына 30 жыл (1990)
- Байтерек (Зеленов) ауданындағы «Селекционный» ботаникалық қорықшасының ұйымдастырылғанына 30 жыл (1990)
- Ресей мен Қазақстан арасындағы консулдықтардың – РФ консулдығы Орал қаласында, ҚР консулдығы Астрахан қаласында ашу туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл (2000)
- “Атамекен” жазғы балалар демалыс лагері, құрылғанына 20 жыл (2000)
Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша
анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген