Бекмұхамбедов Мақаш (Мұхамбетжан) Шолтырұлы, Мақаш әкім (1830, Бөкей ордасы — 1904, сонда) — қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. 12 ата Байұлының шеркеш руынан шыққан. Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 1844-51 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын (зауряд-жүзбасы шені) алып шығады. 1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссиясында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш, кейін Каспий жағалауы 1 және 2-округтарына правительдікке тағайындалды (1852-92). Осы қызметті ұзақ жыл атқарып, ел басқарған ол 1892-97 ж. Уақытша Кеңестің кеңесшілігіне ауысады, есауыл шенімен зейнетке шығады. 1881 ж. шілдеде Ішкі орда қазақтары депутациясымен барған 4 казақтың бірі болып, патшаға жолыққан. Кейін де бірнеше рет депутация құрамында Петербургқа барған. 1896 ж. ол жергілікті әкім Өтешқали Атаниязов екеуі патшаға алтыннан жасалған киіз үй макетін сыйға тартып, Ресей өкімшілігінің қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру әрекетін тоқтатуды өтінеді. Бекмұхамбедов ел ішінде шешендігімен, әкімшілік ісінде әділдігімен аты шығып, халыққа абыройлы болады. Жайық казак-орыстарының зорлық-зомбылығына қарсы шығып, қазақ жері үшін күреседі. Орыстар мен қазақтар арасында әлсін-әлі өршіген жер дауын шешуге өзінше әрекет жасайды. Бұлтартпас тарихи-тілдік деректерді (көне қорым, құлпытас, т.б. ескерткіштерді) алға тарта отырып, патша әкімшілігінің арнаулы комиссиясына өзі басқарған өңірдің ежелден қазақ-тардың ата қонысы екенін мойындатады. Сонымен қатар ауыз әдебиетінің нұсқаларын — нақьш-ғақлиялар, мақал-мәтел, т.б. жинап, әдет-ғұрып, жол-жоралғыларына ғылыми-танымдық түсініктемелер жазьш, қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрі бар, рухани өлемі бай халық екенін танытуға үлкен үлес қосады. Бұндай қолжазба мұралары С-Петербургтегі Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану институтының профы И.Н.Березин қорында сақтаулы тұр. Халық арасында «Мақаш правитель» атанған ол мерзімді баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. Бекмұхамедовтің этнографиялық мақалалары орыс зиялылары тарапынан жоғары бағаланып, Астрахан географиялық қоғамына мүшелікке сайланады. 1810 ж. Астраханнан шыққан Астрахан губерниясыңдағы көшпелі қазақтар мен қалмақтар» атты кітапқа ел аузынан жинағын ауыз әдебиеті үлгілері енді. Доспамбет, Жиембет жыраудың, Есет бидің нақыл сөздерін ел аузынан жинақтап, 1908 ж. «Жақсы үгіт» деген кітап шығарды. Қазан университетінде оқыған, Уақытша кеңестің кеңесшісі Д.Қосуақов, күйші Құрманғазы, шешен Жантұрсындармен аралас-сыйлас болған. Б. Құлмановтың оқуына тікелей көмек еткен. Өзі басқарған округте халықты сауаттандыру мақсатымен жеке қаражатына мектеп салдырып, бала оқытты. Бекмұхамедовтен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды.
Әдебиеттер:
- Мақаш әкім, құраст. Ө.Әлімгереев, А., М.Әбдеш, Т.Шәріпқалиев

