Ақпараттық – библиографиялық бөлім 1957 жылы библиограф лауазымының енгізілуімен байланысты құрылды.
1991 жылдан 2006 жылға дейін бөлімде өлкетану секторы жұмыс істеді.
Құжаттарды библиографиялауды автоматтандыру үрдісі 1998 жылдың 1 маусымынан басталды.

Бөлімнің міндеттері :

  • ҚР ақпараттық ресурстарын жинақтауға белсенді араласу;
  • пайдаланушылардың ақпарат, білім мен әлемдік мәдени құндылықтар көзіне еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • кітапхананы пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
  • ақпараттық коммуникациялық және инновациялық (жаңашылдық) технологияны насихаттау оны кеңінен пайдалануға жол ашу;
  • электрондық және дәстүрлі деректер қорына қолдау көрсету, оның маңызын арттыру;
  • ақпараттық өнімдер мен қызметтің жаңа инновациялық түрлерін меңгеру.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • облыс кітапханаларының ақпараттық ресурстарын интеграциялау;
  • құжаттардың барлық түрлері мен үлгілерін библиографиялау;
  • облыс тұрғындарының ақпараттық сұраныстарын зерттеу;
  • сапалы анықтамалық – библиографиялық аппарат құру;
  • библиографиялық құралдар жүйесін қалыптастыру;
  • жеке, топтық, ұжымдық және анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету;
  • жаңа ақпараттық технологияны дамыту, библиографиялық үрдістерді автоматтандыру;
  • ақпараттық – библиографиялық қызмет теориясының ғылыми негіздерін, әдістемесін, технологиясын зерттеу, жасау, әдістемелік қамту;
  • кітапханалармен, мұражайлармен, мемлекеттік құрылымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық қозғалыстармен тиімді серіктестік, үйлесімділік және бірлестік байланыс орнату.

Анықтама – библиографиялық аппарат:

Анықтамалық – библиографиялық аппараттың барлық дәстүрлі бөлімдері ұсынылған.
Анықтамалық – ақпараттық қор:

  • 1957 жылдан 2006 жылға дейін бөлім өлкетану қорын жасақтап келді;
  • қазіргі кезде бөлімде анықтамалық – ақпараттық мазмұндағы кітап қоры жинақталған. Қордың көлемі 3.0 мың дана кітап басылымдары, сонымен қатар арнаулы мерзімді басылымдардан тұрады;

Электронды деректер қоры:

  • «Қазақстан»;
  • «Батыс Қазақстан облысы» (2006 жылға дейін);
  • «Құқық»;
  • «Кітапхана ісіндегі жаңалықтар»;
  • «Ресей»;
  • «Заң» Батыс Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығының деректер қоры; (2009 жылға дейін)

http://www.zkolib.kz/spravka
Орындалған анықтамалар мұрағаты ;
2000 – ға жуық анықтамалардың барлық түрі;

Бөлім меңгерушісі: Бикбау Мугульсум Сафиқызы

Телефон: 8(7112) 50 76 90

E-mail: bibliograf@zkolib.kz, edd@zkolib.kz