Абдуллина Айгүл Тұрсынқызы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында 1970 жылдың 3 тамызда дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жәнібек ауданы, Талов ауылдық кітапханасының басшысы. Жалпы жұмыс өтілі – 33 жыл.
1977-1987 ж.ж Ғ. Сарыбаев атындағы мектепті бітіріп, Орал мәдени – ағарту училищесіне түсіп, училищені 1989 жылы кітапхана саласы бойынша тәмамдаған. 1989 жылдың тамыз айында Талов совхозының «Комсомол» елді мекеніне аға кітапханашы болып жұмысқа орналасады. 1994 жылдан осы күнге дейін Талов ауылдық кітапханасында меңгеруші болып қызмет жасайды. 2000 – 2003 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Көп жылдық тәжірибесімен, білімімен жұмысы жақсы жолға қойылған. Ауылдағы барлық мәдени шараларды жауапкершілікпен ұйымдастырып, өткізеді. Мәдениет үйінің қызметкерлерімен тығыз байланыста.
Кітапхана оқырмандарын республикалық, облыстық байқауларға жиі қатыстырады. Басты мақсаты – кітапханаға келген әр оқырманның сұранысын қанағаттандыру.
Айгүл Тұрсынқызы өз еңбек жолында әр жылдары бірнеше аудандық, оьлыстық кітапхана және мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. РФ Курск қаласы халықаралық сценарийлер байқауында диплом иесі атанды.
2019 жылы Қазақстан Таланттары Өнер Білім дамыту шығармашылық орталығы атынан ҚР «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.