Сектор жұмыстарының мақсаты:

  • оқырмандарға қажетті ақпарат пен кітапханалық қызметті ашуға кедергі болатын жағдайларды жою;
  • оқырмандардың қызығушылығын, сұранысын үнемі зерттей отырып, олардың ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру жолдарының тиімді бағыттарын анықтау;
  • оқырмандардың бойында ақпараттық мәдениет пен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • қоғамның кітап оқымайтын топтарына оқуды насихаттау, оқырманға ұсынылатын қызмет түрлерінің креактивтік деңгейін көтеру;

Сектор қызметінің негізгі бағыттары:

  • оқырманның түрлі дәрежелі топтарына жедел кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсетуде орыс және қазақ тілінде әлеуметтік ерекшелігін олардың сұранысын, қызығушылығын ескеру;
  • мәдени көпшілік шаралар, әңгімелер, шолулар, кітап көрмесін ұйымдастыру, БАҚ – да бөлімді жарнамалау арқылы кітапхана қорын насихаттау, мазмұнын ашу;

Сектордың негізгі көрсеткіштері:

  • бөлімнің кітап қоры 40,0 мың дана, орыс және қазақ тілдеріндегі кітаптар бар, оқырмандардың сұранысына байланысты жыл сайын кітап қоры толықтырылып отырады;
  • мерзімді басылымдар, әдеби –көркем журналдар алынады;
  • оқырман саны – 4,0 мың, келім саны – 32,0 мың рет, кітап берілімі – 56,0 мың дана;
  • кітап қорының белгілі бір бөлігі ашық қор арқылы оқырмандар назарына ұсынылып отырылады;

Абонемент секторы оқырмандарының құрамы:

  • Жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, жоғары сынып оқушылары;
  • қызметкерлер, жұмысшылар, кәсіпкерлер, зейнеткерлер т.б;

Сектор ұйымдастырады:

  • мәдени – көпшілік шаралар, кештер, поэзия кештері, оқырман бенефисі;
  • кеңейтілген, ұзақ мерзімге шығарылатын көрмелер, еске алатын атаулы күндерге арналған көрмелер, әңгімелер, кітап көрмелеріне шолулар;.
  • БАҚ – да әдебиеттерге тақырыптық шолулар жасау;
  • Отбасы оқу орталығы – кітапқа құмар отбасыларды біріктіреді, оларды кітапханаға тартады, түрлі жастағы отбасы мүшелерін біріктіріп, жастарды, өскелең ұрпақты кітап оқуға тәрбиелеу;
  • Тоқсан сайын отбасымен оқитын әдебиеттердің ұсыныстық тізімін шығарып тұру;
  • Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК сайтында «Отбасылық оқу орталығының» беті ашылды;
  • Бөлім жанында «Отбасы және денсаулық» клубы жұмыс істейді.

Бөлім меңгерушісі: Кабашева Мүнира Шияпқызы
Телефон: 8(7112) 50 04 03