Ахметова Роза Сансызбайқызы 1971 жылы туған. 1988 жылы Арал қаласындағы №220 орта білім беру мектебін бітіріп, еңбек жолын Арал аудандық орталықтырылған кітапханалар жүйесінің Қосжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып бастаған. 1992 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімінде оқып, «кітапханашы» квалификациясын, 2016 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша кәсіби жоғары білім дипломын алды. Кәсіби біліктілігі жоғары маман. Жалпы жұмыс өтілі – 31 жыл, соның ішінде кітапхана саласында 25 жыл.
1992-1997 жылдары Арал аудандық орталықтырылған кітапханалар жүйесінің Бөген ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарды. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының мәдениет қызметкерлерінің білімін жетілдіру облыстық курсының селолық кітапхана меңгерушілері тобында оқып, білімін көтерді.
1998-2006 жылдары Алматы қаласы, Жетісу аудандық №43 жалпы орта білім беру мектебінде кітапханашы қызметін атқарды. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының білім беру министрлігі Алматы қалалық педагог мамандарының білімін көтеру және қайта даярлау институтында өз мамандығы бойынша білімін тереңдету мақсатында жалғастырды.
2000 жылы Жетісу аудандық №43 жалпы орта білім беру мектебінің аттестация комиссиясының шешімі бойынша жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысының 10 разрядын, 2005 жылы осы мекеменің аттестация комиссиясының шешімі бойынша «специалист высшего уровня квалификации без категории» берілді.
Ахметова Роза Сансызбайқызы 2010 жылдың 1 сәуірінен Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының әдебиеттері бөлімінде библиограф кітапханашы қызметін атқарып келеді.
Роза Ахметқызы «ИРБИС» МБ-сын орыс тілінде жүргізеді, ауызша және жазбаша анықтамаларды орындайды, өлкетану сипатындағы әдебиеттерге библиографиялық іздеу әдістемесі бойынша оқырмандар мен аудандық ОКЖ қызметкерлеріне кеңес береді.
Өлкетану сипатындағы анықтама-библиографиялық жұмыстарды жүргізеды, әртүрлі тақырыптарға ақпараттық тізім шығару арқылы топтық және жеке ақпарат береді, түрлі мәдени шаралар мен семинар, ақпараттық көпшілік іс-шараларын өткізуге ат салысады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өткенді сақтай отырып, келешекті қалыптастырамыз» атты аудандарда өткен көшпелі көрменің бір бөліміне осы кітап көрмесі кіріп өскелең ұрпақтың ұлттық тарих, әдебиет және мәдениетке деген көзқарасын, оқырманның қызығушылығын арттыруға үлес қосты.
2020 жылы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты кітапхана онлайн режиміне көшті. Карантин кезінде «Облыстық бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» атты жаңа жобаны қолға алды. Ахметова Роза Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2020» онлайн фестиваліне «Үздік кітапханалық онлайн жоба-2020» номинация бойынша «Облыстық бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» жобасымен қатысты.
Роза Сансызбайқызы кітапханада жұмыс істеу барысында кәсіби білікті маман. Ол өзінің кәсіби міндеттерін толықтай игерген және өзінің жұмыс деңгейімен қатар күрделі мәселелерді орындауға қол жеткізуде, оның жоғары білікті маман жұмысын істеуге мүмкіндігі мол.
Кітапханада атқарған қызметі үшін Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының (2016) , ҚР Ұлттық Банкінің БҚ филиалы атынан Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Жұбан Молдағалиевтің шығармалары» атты кешке белсене қатысқаны үшін (2017) және бірнеше алғыс хаттармен марапатталды.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан Облыстық филиалы Алғыс хатымен (2018), Қазақстан Республикасы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Құрмет Грамотасымен(2019), 2020 жылы «Кітапхана ісінің үздігі»(2020) марапатталды.