Айталиева Таңсәуле Есенғалиқызы 1964 жылы 10 наурызда БҚО, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Орал мәдени – ағарту училищесін « Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі – 38 жыл, саладағы еңбек өтілі – 38 жыл.
Еңбек жолын 1983 жылы Саралжын селолық округіндегі ауылдық кітапханасынан бастап, әлі күнге дейін қызмет атқаруда.
Саналы ғұмырын ел игілігіне арнап, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтып отырған абыройлы маман иесі. Көпшілікпен тез тіл табысып, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылықпен ізденістер жолында таныта , қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кітапхананың өрлеуіне елеулі үлесін қосып келеді.

Кәсіби шеберлігі мен шығармашылыққабілеті үшін әр жылдарда округ әкімінің, облыстық кітапхананың алғыс хаттарымен , аудандық мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталған. Қаратөбе аудандық мәдениет бөлімінен Құрмет грамотасы (2016 жыл), Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасынан алғыс хат (2017 жыл), Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-нан алғыс хат (2017 жыл), Саралжын ауылдық округі әкімінің алғыс хаты(2017 жыл), «Үздік қызметкер» төсбелгісімен (2019 жыл) марапатталған.