Айтмаганова Светлана Канапияқызы 1970 жылы туған. Ұлты-татар. Білімі – арнаулы жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханашы – библиограф» мамандығын игерген, жоғары санатты маман. 1995 жылдың 4 шілдесінен бастап Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша Жарсуат ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып қызмет атқаруда. 2009 жылдың 2 ақпанынан бастап, Жарсуат ауылдық кітапханасының кітапхана меңгеруші қызметіне ауыстырылған. Светлана Канапиевна кітапханаға түскен жаңа шығармалардың халық арасына таралуына және оларды жұртшылықтың қызыға оқуына ат салысады. Ауыл тұрғындарын кітапханаға тарту мақсатында тартымды мәдени көпшілік іс – шаралар ұйымдастырып, оқырмандардың қызығушылығын арттыра біледі. Өзінің жұмыс жоспарына негізінен балалармен және жасөспірімдермен жұмысты басты мақсат етіп қоя отырып, олардың кітапқа деген құмарлықтарын арттыру, қызықтыруды негізгі міндеті деп санайды. Кітапханасы әр уақытта таза, жинақы және көркем безендірілген. Өз жұмысында оқырмандар конференцияларын, қызықты диспуттар т.б. көпшілік шараларды жаңа формада өткізіп отырады. Бөрлі өңірінің үздік оқырман отбасы -2020» аудандық байқауға кітапхананың тұрақты оқырман отбасы Абдрахмановтар жанұясы қатысып, бас жүлдеге ие болып, 2019-2021 жылдары Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жоба, «Дала фольклорының антологиясы» тарихи- дилижанс, «Жаһандану дәуіріндегі ұлт мүмкіндігі» библио-глобус
атты ауқымды шаралар өткізіп, жоба аясында ұйымдастырылған «Ауыл іші – өнер кеніші» атты аудандық байқаудың қортындысы бойынша «Туған өлке тарихынан» атты кітапханалық бұрыш жасақтап, «Шағын Отан – ауыл энциклопедиясы» ауыл, өлке тарихы жайында кітапша құрастырып, 1-ші орынды иеленіп, 2018 жылдың 10 қыркүйек күні Алматы қаласында өткен «Бүкіл Қазақстандық кітапханашылар сьезіне» қатысты. Кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана саласын жаңартудың аймақтық жобалары, бағдарламалары» атты ауыл округ кітапханаларының күнін өткізуге атсалысты. 2017 жылы халықаралық акцияға қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Светлана Канапиевна өзі атқарып келе жатқан еңбек жолдарында көптеген облыстық, аудандық сайыстардың жүлдегері. Селолық округ әкімшілігі тарапынан талап етілген жұмыстарды уақытылы және тиянақты орындап отырады. Өз әріптестерінің, ауыл тұрғындарының алдында беделді. Кітапхана саласындағы еңбек өтілі – 27 жыл.