Альденова Эльмира Бірлесқызы 1973 жылы 27 қазанда, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай совхозында дүниеге келді. 1980 жылы Есенсай совхозы Кенсуат ауылдық орта мектебінің 1 сыныбына қабылданды. 1990 жылы Орал қаласындағы №11 орта мектебін бітірді.

1995-1998 жж. Тайпақ ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы, 2004 жылы – Казталов аудандық кітапханасының әдістемелік бөлімінде әдіскер, 2004-2005 жылы Зеленов ауданы Жамбыл ауылы негізгі мектебінің кітапханашысы болып жұмыс жасады.
2008 жылдың сәуір айында Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне кітапханашы–библиограф қызметіне қабылданды. 2009 жылдың тамыз айынан бастап, күні бүгінге дейін Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана ісін дамыту бөлімінде библиограф лауазымында қызмет етеді. Білімі – арнайы кәсіби жоғары. 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген. Кітапхана саласындағы еңбек өтілі – 18 жыл. Жоғары кәсіби білімді, І санаттағы маман.

Эльмира Бірлесқызы – өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Жұмыс барысында лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, өзін тек жағымды жағынан, ісіне адал қызметкер ретінде көрсете білді. Жұмысқа ынтасы мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, белсенді, өз ісін ұқыпты әрі тыңғылықты орындайды. Өзіне жүктелген кез келген жұмыстан тартынбай, тапсырманы тиянақты және мерзімінде орындауға дағдыланған. Кітапхана саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Халыққа кітапханалық қызмет көрсету, кітапханалық-библиографиялық қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер бойынша көптеген жұмыстар жүргізеді. Кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге ақпараттық бюллетеньдер, ақын-жазушылардың мерейтойларына орай естелік беттер, жадынамалар дайындайды, библиографиялық көрсеткіштер құрастырады. КАБИС электронды каталогын мерзімді басылымдар сипаттамаларымен толықтыруда. Кітапханашылардың аудандық зерделі кеңестерінде анықтамалық-библиографиялық аппаратпен жұмыстану, өлкетану картотекасын жүргізу, тақырыптық папкалар, персоналды картотекалар жасақтау бағытында әдістемелік кеңес, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде электронды кітап қорын жасақтау мақсатымен кітапхана қорындағы туған өлкеге қатыcты әдебиеттерді «ABBY FINE READER» бағдарламасы аясында электронды базаға орналастыруда мол үлес қосуда.
Өз ісінің маманы ретінде әріптестерімен ғана емес, басқа құрылымдағы кітапханашылармен де тығыз байланыста жұмыс жасайды. Білімін үнемі жетілдіріп отырады, оқырмандар сұранысын орындау үшін әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Әріптестерімен үнемі өзінің тәжірибесімен бөлісіп отырады.

Мінезі қарапайым, ақжарқын, адамдармен тез тіл табыса біледі. Жайдары мінезімен әріптестері арасында сыйлы, зор беделге ие. Ұжымда өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғары деңгейде.
2016 жылы Сырым ауданының әкімі алғыс хаты, 2018 жылы аудандық мәдениет бөлімінің, 2019 жылы БҚО мәдениет басқармасының алғыс хаты, 2021 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-нің алғыс хаты, 2022 «Кітапхана жұмысының жаңа қырлары» онлайн курс (Нұр-Сұлтан қаласы) сертификатымен марапатталды.