Алексей Ковалев 1925 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының Бөрлі кентінде дүниеге келген. Соғыстың екінші жылы әскерге шақырылады, барлаушы ретінде Украина, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасады.

Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін ол Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды. Соғыстан кейін туған жерінде біршама уақыт болғаннан кейін Киев қаласын қалпына келтіруге кетті. Киевте 18 жыл бойы өрт сөндірушілер командасында қызмет етіп, подполковник атағымен отставкаға шықты.

Әдебиеттер тiзiмi

1985 жыл
1.Бәйменов С. Берлинге жеткен барлаушы: А. Ковалев туралы // Орал өңірі.-1985.-29 мамыр.

2005 жыл
2.Ковалев Алексей: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-2005.-Алматы: Өлке, 2005.-52 б.

2010 жыл
3.Ковалев Алексей: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-319 б.
4.Ковалев Алексей: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-53 б.