Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, майор, эскадрилья командирі Алексей Павлович Чурилин 1916 жылы 26 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Камен (қазіргі Тасқала) ауданының Ширявсков ауылында дүниеге келген.

1940 жылдан бастап Кеңес Армиясы қатарында. 1942 жылы Сталинград әскери авиация мектебін бітіреді. Әскери-авиациялық училищені бітіргеннен кейін 3-Украина майданы 17-әуе армиясы 288 жойғыш авиациялық дивизия 611-полктің құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1943 жылдың қаңтар айында Алексей Павлович Чурилин Краснодар қаласы үстінде барлау мақсатымен ұшу сапарына шықты. Штурмдық тобымен жаудың 10 ұшағын атып түсірді. 1943 жылы мамырда Миус өзеніндегі жау өткелін жойып, Венгрияны азат етудегі ұрыстарда Алексей Павлович Чурилин өз ұшағының зеңбірегі мен пулеметінен жаудың қару-жарақ тиелген 24 автокөлігін және 21 ұшағын жойды. Соғыс жылдары 273 әскери тапсырманы орындады. 83 әуе ұрысына қатысып, жеке өзі 12 «Мессершмитті», 2 «Фокке-Вульфті», 3 «Юнкерсті» атып құлатты.

Алексей Павлович Чурилинге ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1945 жылдың 18 тамызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Әскери Әуе Күштері саласында қызмет етті. Новороссийскіде тұрды.

Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Отан соғысы 4 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. 1982 жылы 23 тамызда қайтыс болды. Алексей Павлович Чурилин тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.

Әдебиеттер тiзiмi

1969 жыл
1.Чурилин Алексей: өмірдерек // Совет Одағының қазақстандық Батырлары.- Алматы, 1969.-Т.2.-381-382 б.

1985 жыл
2.Хасанов С. Әуе шайқасының сайыпқыраны: [Ақ Жайық өңірінің Батыры А. Чурилиннің ерлігі баяндалады] // Орал өңірі.-1985.-18 сәуір.

2005 жыл
3.Чурилин Алексей: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.- 45 б.

2010 жыл
4.Чурилин Алексей: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.- Алматы: Өнер, 2010.-259 б.
5.Чурилин Алексей: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-520 б.