Аманбаева Әсия Сағатқызы 1968 жылы 30 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Бұлдырты ауылында дүниеге келді. 1986 ж. Бұлдырты орта мектебін бітірді.
1987 жылы Жезқазған облысындағы Никольски мәдени – ағарту училищесінің «кітапхана ісі» бөліміне оқуға түсіп, 1989 жылы кітапханашы мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби біліміне жетілдіру мақсатымен 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» бөліміне оқуға түсіп, 2000 жылы «кітапханашы – библиограф» мамандығы бойынша бітірген.
«Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Бұлан ауылдық кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып 1989 жылдан бер 1989 жылдан бері еңбек етеді.
Бұлан ауылдық кітапханасының меңгерушісі Аманбаева Әсия Сағатқызы Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1989 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2007 ж. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары кәсіби білімді кітапханашы-библиограф, жоғары біліктілік санаты бар. Кітапхана саласындағы еңбек өтілі – 32 жыл.
Әсия Сағатқызы – мекемедегі үздік кітапханашылардың бірі, кітапхана ісінде өзіндік орны бар, ұстанымы мол тәжірибелі маман. Қызмет барысында іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен, тиянақтылығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Кітапханашы кітапхананың беделі мен мәртебесін арттыру, жұмысын ілгерілету мәселелеріне бар ынта-ықыласын, күш-жігерін арнап, ауылдың мәдени өмірін өрістету, кітапхананы пайдаланушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында жемісті еңбек етіп келеді. Кітапхананың мақсат-міндеттері мен негізгі бағыттарын жүзеге асыруға, өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысып, сол бағытта аянбай жұмыстанады.
Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетіп, анықтамалық сұранысы мен рухани, мәдени қажеттіліктерін орындау жолында белсенділік танытуда. Кітапханаларды ауылдағы ақпараттық және мәдени орталық ретінде танытуда көшбасшы болып, ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі бағыттағы тәлім-тәрбиелік маңызы зор мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырады. Оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығы мен жағымды көзқарасын қалыптастыру және балалардың оқу дағдысын зерттеу бағытында түрлі бағытта жеке жұмыстар жүргізуді дұрыс жолға қойған.
Аудандық зерделі кеңестерге қатысып, әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесімен бөліседі. Әсия Сағатқызы қажырлы еңбегінің арқасында әріптестері арасында ерекше құрметке, зор беделге ие, ауыл тұрғындарының, кітапхана оқырмандарының құрметі мен ілтипатына бөленуде. Мекемедегі іс-шаралармен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
Кітапханаларда оқырмандардың кітап оқуға, білімін жетілдіруге, оқу белсенділігін арттыруға, білімі мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға назар аударылып, қолайлы жағдай жасалады. Кітапхана оқырмандары жыл сайын түрлі шығармашылық байқауларына қатысады. Атап айтар болсақ, 2017 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның «Кітап және Мен» фотожобасы аясындағы «Ақжайық өңірінің алтын қаламы» облыстық байқауына белсене қатысты. 2018 ж. Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-ның «Кітап – достық көпірі» тақырыбындағы кәріс әдебиеті бойынша шығармашылық конкурсына қатысқан Рахметолла Мағжан есімді оқырманы жүлделі 3-орынға ие болып, шығармасы жинаққа енді. 2018 ж. Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-ның «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына арналған «Дара тұлғалардан қалған мол мұра» тақырыбындағы облыстық жас иллюстраторлар байқауына қатысқан жасөспірім оқырман Амангелдина Айнұр «Кескіндеме» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 2018 ж. Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-ның оқырмандардың өз жанұясының шежіресін зерттеуге арналған «Менің шежірем» атты облыстық отбасылық құндылықтар жобасына қатысқан кітапхана оқырманы Рашид Темірбаев дипломмен марапатталды. 2019 ж. Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ақын Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының 55 жылдығына арналған «Жұбан жыры жадымызда» тақырыбындағы әдеби марафонға кітапханашы белсене атсалысып, аталмыш шараға ауылдың әр түрлі жастағы оқырмандарының қатысуына ықпал етті, соның ішінде атап өтетіні 92 жастағы Мұханбетжанова Карима есімді кітапхананың үздік оқырманы поэманы жатқа оқыды. 2019 ж. аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен абыз ақын, туған жердің тарланы Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында және Жастар жылы аясында 15-29 жас аралығындағы оқырмандар арасында оздырылған «Қадыр оқулары» аудандық байқауына қатысқан кітапхана оқырманы Гүлжүзім Әділгереева жастар арасында жүлделі 2-орын алды. Әсия Сағатқызы мәдениет саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2019» республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша қатысып, дипломант атанды.
«Менің ерекше құрбым» С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының «Балбұлақ – Родник» ҚҚ жарияланған республикалық шығармалар байқауы, Самара қаласының облыстық балалар кітапханасының «Читаем детям о войне» VII- халықаралық акциясының дипломы (2016ж), Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Менің шежірем» атты отбасы құндылықтары жобасының алғыс хаты (2016ж), Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» акциясының алғыс хаты (2016ж), Воронеж қаласының облыстық балалар кітапханасының «V-ПОЭЗИИ С. Маршака» халықаралық акциясының дипломы (2017ж), Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуда «Сұлтанмахмұттың жауһар мұрасы» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауының алғыс хаты (2017ж), Сырым аудандық ОКЖ кітапханасының «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» акциясының алғыс хаты (2016ж), ,ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Батыс Қазақстан облысының мәдениет және құжаттама басқармасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне алғыс хат (2018ж), БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің Халық арасында ата – баба салт – дәстүрлерін насихаттаудағы еңбегі үшін алғыс хат (2018ж), Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Кітап достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті байқауының дипломы (2018ж), Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Дара тұлғалардан қалған мол мұра» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауының дипломдарымен марапатталған. (2018ж)
Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК Ж. Молдағалиевтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел жадынан өшпейді – Жұбан ақын» атты облыстық әдістемелік құралдар байқауына қатысқаны үшін алғыс хат (2010ж), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық кітапханалық эстафетаның жеңімпазы (2011ж), Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының алғыс хаты (2016ж), Батыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. (2020 ж.)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. (2021 ж.) 2021 жылы, тамыз айында кітапхана саласындағы еңбегі үшін Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.