Амирова Айсұлу Ғазизовна – әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі.
Айсұлу Ғазизқызы – 1976 жылы 29 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Отбасылық жағдайы – тұрмыста, екі баласы бар. Білімі жоғары – арнайы. Кітапханалық жұмыс өтілі – 24 жыл.
1993 жылы Дәулеткерей атындағы мәдениет институтына оқуға түсіп, 1997 жылы кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітірген. 2004-2006 жылдары – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика факультетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмәмдады. 1998 жылдың сәуір айынан бастап «М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы» ММ –нің №6 кітапхана –филиалына, қыркүйек айынан бастап орталық кітапхананың абонемент бөліміне ауыстырылды. 2000 жылдан бастап оқу залы бөліміне кітапханашы болып ауыстырылды. 2005 жылдан бастап әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Айсұлу Ғазизқызы кітапханадағы еңбегі үшін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің (2014), ҚР Тәуелсіздік күніне орай алғыс хаттармен (2016) марапатталды.
2021 жылы Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында «Web- Rabis бағдарламасы» бойынша іс – тәжірибелік оқудан өтіп, сертификатқа ие болды.