Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада анықтама және тіркеу секторы жеке құрылымдық сектор ретінде 2006 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істей бастады.
Сектор жұмысының негізгі бағыттары:
- кітапхана қызметін пайдаланушыларға автоматтандырылған тәртіппен бірыңғай оқырман билетін беру арқылы оқырмандарды кітапханаға жазу;
- оқырмандарды кітапхана құрылымы мен кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру;
- оқырмандарға кітапханада өтетін түрлі шараларға қатысу туралы ақпарат беріп отыру;
- ауызша, тақырыптық анықтамалар орындау, ЭК (электронды каталог), ДҚ (деректер қоры) арқылы әдебиеттерді іздестіру;
- оқырмандарды ақпаратты іздеу әдістеріне оқыту;
Сектордың мақсаты:
- тұрғындардың барлық топтарына кітапханалық қызмет көрсетуге қол жеткізу;
- оқырмандарды ақпарат тасқынында өз бетімен бағыт табуына үйрету;
- барлық кітапханалық ресурстарды тиімді пайдалану.