Артем Иванович Коровин 1918 жылы Батыс Қазақстан облысының Новогородов ауылында дүниеге келген. Архангельск облысының Котласс қаласында тұрды.

Қызыл әскер қатарына 1941 жылы 12 маусымда шақырылады. 1941 жылы қыстың қатал айларында ол Мәскеуді қорғауға қатысып, қиян-кескі шайқастардың бел ортасында жүрді.

Артем Иванович Коровин 1945 жылдың 19 ақпанында шайқас үстінде қаза болады. Оған қайтыс болғаннан кейін соғыста көрсеткен ерлігі үшін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Ленин, Отан соғысының 1, 2 дәрежелі ордендерімен марапатталған. Оның аты жолаушылар теплоходына берілген.

Әдебиеттер тiзiмi

1969 жыл
1.Коровин Артем: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.- Алматы: Қазақстан, 1969.-409-410 б.

1985 жыл
2.Керімов А. Мазасыз майдан жолдары: Оралдық А.И. Коровин жайлы // Орал өңірі.-1985.-16 сәуір.

2005 жыл
3.Коровин Артем: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-22 б.

2010 жыл
4.Коровин Артем: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-320 б.
5.Коровин Артем: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.- Алматы: Өнер, 2010.-124 б.