Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Азовская Татьяна 1948 жылы 8 қазанда Орал қаласында дүниеге келген. 1973 жылы ҚазМУ-ді бітіріп, Семей облыстық «Иртыш» газетінде тілші, Ақтөбе драма театрында әдеби қызметкер, «Приуралье» газетінде тілші болған.
Ақын өлеңдерінің тақырыбы – туған өлке тарихы. Оның «Урал», «За холмами» атты топтамалары өзі туып-өскен Жайық өңіріне арналған. Ақынның 1980 жылы «Благодарю судьбу», 1981 жылы «Письмо из Осени», 1985 жылы «Смуглое лето», 2003 жылы «Я расскажу тебе», 2009 жылы «Мимо острова Буяно» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. 1981 жылы «Жігер» жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты атанды. 1998 жылдан қалалық «Пульс» газетінің редакторы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта зейнет демалысында.
Татьяна Азовская «еңбек ардагері» медалімен және ҚР Президентінің тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мақтау қағазымен марапатталды.

Әдебиеттер:

Азовская Т.Н. Смуглое лето: стихи. – Алма-Ата: Жазушы, 1985. – 88 с.
Азовская Т.Н. письмо из осени: стихи. – Алма-Ата: Жалын,1980. – 56 с.
Азовская Т.Н. «Наставница, хранившая юность нашу…» // Пульс. – 1996. – 3 октября.
Азовская Т.Н. Провинциалка: отрывок из поэмы // Приуралье. – 1990. – 24 ноября.
Азовская Т.Н. Хорошо, что люди пишут стихи // Приуралье. – 1990. – 4 сентября.

*****

Азовская Татьяна Николаевна: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б.104.
Азовская Татьяна Николаевна: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С. Қамшегер, Қ. Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б.12.
Азовская Т.Н., о ней // Писатели Приуралья: библиографический указатель литературы. -Уральск,1994. – С. 2 – 4.