Бахашев Салауат Мендешұлы 1969 жылы 22 қазанда Орал облысы, Камен ауданы, Подтяжки селосында дүниеге келген.

1977-1987 жылдары Н.К.Крупская орта мектебін бітіргеннен кейін, 1987 жылдың күзіне дейін «Тұлпар» жастар трактор бригадысында жұмыс істеді.

1987-1989 жылдары Совет Армиясы қатарында өз азаматтық борышын өтеп, 1990 жылы аудандық 10 айлық Педогогикалық сынып курсын,1994 жылы Орал қаласында Облгаз мекемесінде операторлық курсты оқып бітірген.

2000 жылдың тамыз айына дейін Мереке ауылында құрылысшы, оператор жұмыстарында қызмет атқарды.
2000 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін Тасқала ОКЖ-нің №17 филиалы Мереке ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
2003 жылы Орал қаласының Құрманғазы атындағы музыкалық колледжіне оқуға сырттай түсіп, 2005 жылы Қаскелең мәдениет колледжін кітапхана ісі мамандығы бойынша тәмәмдады.
2021 жылы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ» төсбелгісімен марапатталған.