Ботакөз Баймұқанқызы 1956 жылы 2 қазанда Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген. 1974-1978 жж. Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогика институтын тамамдаған. Облыстық телерадио компаниясы Қазақ редакциясында әдеби-көркем хабарлар бөлімінде қызмет атқарған, кейін бөлім меңгерушісі болған.
Ол ұйымдастырған әдеби кештер, музыкалық хабарлар, мерекелік бағдарламалар қаншама көрермен қауымның жүрегінен жол тауып, қанша рет алғысқа бөледі. «Халық таланттары», «Таланттығына нұр жауар», «Ән құмарлар клубы», «Саяси публицистикалық журнал», «Сыр сандық», «Дидар», «Құлан саз», «Күй-айтыс», «Жыр-Ғұмыр», «Ғұмыр-Дария», «Ақ босаға» боп өрлеп, үзілмес рубрикалар болып, облыс теледидарының Алтын қорын құрады.
Өлең-жырға деген құштарлығы ерте оянған, мектеп қабырғасында жүріп-ақ балауса жыр жаза бастаған.
Батыс Қазақстан облыстық «Қазақстан-Орал» телеарнасында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, әдебиет пен мәдениетті дамытуда қаламы қарымды журналист және ойы ұшқыр ақын Ботакөз Баймұқанқызының шығармалары облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. «Бес қонырау», «Мәңгі көктем», «Наздәурен», Ғұмыр Дария» атты жыр жинақтары бар.
Әдебиеттер:
Баймұқанқызы Б. Наздәурен: өлеңдер.-Алматы, 2001. – 84 б.
Баймұқанқызы Б. Ғұмыр-дария: өлеңдер.-Орал, 2002. – 148 б.
Баймұқанқызы Б. Ақында да ақын бар..: Ақұштап Бақтыгереева шығармашылығы туралы // Орал өңірі. – 2004. – 28 қазан.
Баймұқанқызы Б. Бар мен жоқ..: өлең // Жайық ұстазы. – 2005. – 8 желтоқсан.
Баймұқанқызы Б. Көз алдымда тұнып қалған көк теңіз..: өлеңдер // Орал өңірі. – 2005. – 10 желтоқсан. – Б.3.
Баймұқанқызы Б. Бақ пен науқас: әзіл өлең // Жайық ұстазы. – 2008. – 5 қараша. – Б.7.
Баймұқанқызы Б. Өзім жайлы ода: Өлең // Жайық үні. – 2011. – 20 қазан. – Б.9.
*****
Баймұқанқызы Ботагөз: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.:
С. Қамшыгер, Қ. Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – Б. 81 – 82.
Ботакөз Баймұқанқызы: өмірдерек // Айтыстың аясында ару Жайық: облыстық ақындар айтысына 40 жыл. – Орал, 1998. – Б. 70.
Төлеуғали А. “Ақынның мәңгілік әуені” // Орал өңірі. – 2016. – 8 қазан. – Б. 12.
Рабаева Я. Қатар сөнген қос жұлдыз: айтыскер ақындар Жаңылай Меңдіғалиева мен Ботакөз Баймұқанқызының шығармашылығына арналған “Қатар сөнген қос жұлдыз” атты еске алу кеші өтті // Орал өңірі. – 2018 . – 9 қазан. – Б.11.