Баймұхамедов Нығмет Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы №1 ауылда туған. 1925-1927 жылдары Орал педагогика техникумында оқиды, кейінірек Қазақтың Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы Совет және кәсіподақ ұйымында жұмыста болды. Содан кейін Абай атында¬ғы мемлекеттік академиялық Опе¬ра және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Құрманғазы атындағы Өнер институтының әдеби редакторы болды. Алғашқы әдеби еңбегі — «Атыс» пьесасы (1937).
«Еңбек epi» (1939), «Әсия тастар» (1949), т.б. пьесалар жазды. Шекспирдің «Ромео-Джульеттасын», А.Чеховтын, «Шие бағын», опера либреттоларын аударды. Оның аудармасы арқылы Абай атындағы Опера және балет театры сахнасында «Евгений Онегин», «Демон», «Қарғаның мәткесі», «Чио-Чио-Сан», «Даиси» және басқа опералар қойылды.
«1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы epлігi үшін медалiмен марапатталған.

Әдебиеттер:

Баймұхамедов Нығмет: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б. 171.
Баймұхамедов Нығмет: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 81.