Бакатова Гүлбаршын Ыдырысқызы 1964 жылы 28 қарашада Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы, Қошанкөл ауылында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Ғ.Бегалиев атындағы орта мектепті оқып бітіреді. Сол жылы Орал қаласындағы «Мәдени-ағарту» училищесіне түсіп, кітапханашылық мамандығын алып шығады. 1984 жылы Казталовка ауданының Қараоба ауылының кітапханасында жұмыс істейді. 2006-2007 жылдар аралығында Орал қаласындағы №34 орта мектебінің кітапханасында қызмет етеді. 2008 жылы Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы болып жұмысқа қабылданды.
Гүлбаршын Ыдырысқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман. Дәстүрлі және автоматтандырылған тәртіпте анықтама-библиографиялық қызметін жүргізеді, облыстық кітапхананың «Қазақстан» атты каталогын қазақ тілінде жүргізеді, бөлімдерін редакациялайды, қазақ тіліндегі мәліметтер базасын жүргізеді. Оқырмандарға ақпаратты-библиографиялық қызмет көрсетеді, ауызша және жазбаша анықтамалар әзірлейді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және Ұлттық мерекелері»,(2008ж) «Қазақстанның Тәуелсіздігі: жарқын болашақтың кепілі»,(2011) «Дарынымен танылған тұлға» (2016ж), Ел рәміздері- ел рухы (2017ж), «Еріктілер жыры» (2020ж), «Жақсылық жасауға асығыңыз» (2021ж) ақпараттық-библиографиялы,ғылыми-көмекші библиографиялық құралдардың құрастырушысы.
Кітапхана саласына сіңірген еңбегі үшін Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының алғыс хатымен (2020 ж.) марапатталды. 2022 жылы «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.