1937 жылы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково қалашығында дүниеге келген. 1960 жылы ҚазПИдің физикаматематика факультетін тамамдаған. 1963 жылдан бастап еңбек демалысына шыққанға дейін жоғарғы оқу орындарында жоғарғы математиканың әр түрлі курстарынан сабақ берді.
Алғашқы әңгімесі («Арман») 1965 жылдың 19 желтоқсанында облыстық «Орал өңірі» газетінде жарияланды. Содан бері шығармалары облыстық газеттерде, әр кезде «Қазақ әдебиетінде», «Жалында», «Мәдениет және тұрмыста» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдызда» жарық көрді. Екі новелласы орыс тілінде шыққан «За днем грядущим» жинағына енген («Жалын», 1978). 2007 жылы үш томдық шығармалар жинағы шықты. «Кері толғау», «Қатқақ», «Ат жалы» деген үш кітаптан тұрады. 1976 жылдың қортындысы бойынша «Жалынның» жабық бәйгесінің жүлдегері атанды (балаларға арналған «Ат жалы» повесі үшін).
Шығармалары: Бабаназар терегі. Әңгімелер. А., «Жалын», 1978; Ізгілік жолы. Повестер. А., «Жалын», 1980. Қатерлі қияда. Повестер. А., 1984.
Әдебиеттер:
Бисенғалиев С. Жайық қызы: Ақұштап Бақтыгереева арналған жыр-шашу // Орал өңірі. –
Бектұрғанов Қ. Бабаназар терегі: әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1978. – 100 б.
Бектұрғанов Қ. Ізгілік жолы: әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1980. – 208 б.
Құрақұлан Қ. Кері толғау: шығармалар жинағы. Т.1. – Орал, 2007. – 324 б.
Құрақұлан Қ. Қатқақ: шығармалар жинағы. Т.2. – Орал, 2007. – 364 б.
Құрақұлан Қ. Ат жалы: шығармалар жинағы. Т.3. – Орал, 2007. – 320 б.
Құрақұлан Қ. Шығармалар жинағы. – Орал: Дастан, 2007. – Т.1.: Кері толғау. – 324 б;
Т.2.: Қатқақ. – 364 б; Т.3.: Ат жалы. – 320 б.
Құрақұлан Қ. Қиянда қалған балалық: повесть // Орал өңірі. – 2007.-13 ақпан. – Б. 4.
Құрақұлан Қ. Көк мұнар: әңгіме // Орал өңірі. – 2007. – 9, 13 қаңтар. – Б. 4.
Құрақұлан Қ. Пірзада: әңгіме // Орал өңірі. – 2007. – 11 қазан. – Б.12.
Құрақұлан Қ. Қасиетті борышың: әңгіме // Орал өңірі. – 2011. – 19 мамыр. – Б. 8 – 9.
Құрақұлан Қ. Әулеттің ары: әңгіме // Орал өңірі.- 2012. – 4 қазан. – Б.16 – 17.
Құрақұлан Қ. Өкпек желдің өтінде: повестен үзінді // Орал өңірі. – 2012. – 1, 8 наурыз. – Б.16 -18.
Құрақұлан Қ. Ақ Кемер: әңгімелер, шағын повестер, роман. – Орал, 2009. – 368 б.
Құрақұлан Қ. Шығармалары. Естеліктер. – Орал: Полиграфсервис, 2016. – 348 б.+8 б. фотоқосымша.
Бектұрғанов Қ. Әулеттің ары: әңгіме // Орал өңірі. – 2018 . – 26 сәуір. – Б. 10 -11.
*****
Бектұрғанов Қайыр Құрақұлы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б.186.
Бектұрғанов Қайыр: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ. Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 98.