Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Ақсу  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1967 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    53

Облыс орталығынан арақашықтығы   46

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         26

Меншік  түрі:                                         мемлекеттік

Оқырман саны:                                      143

Кітап  қоры:                                          10344  дана

Қызмет көрсету  түрі:                          тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы           Бәйтерек  ауданы          Ақсу ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Уразаева Евдокия Николаевна

Ақсу (Владимировка) ауылдық кітапханасы.

Владимиров ауылында кітапхана 1967 жылғы тамыз айында Зеленов аудандық мәдениет бөлімінің 01.08.67ж. №86 бұйрығы негізінде ашылып, кітапхана меңгерушісі болып Н.С.Синицына тағайындалған.
1970 жылы Н.С.Синицынаның кітапхананы дамытудағы еңбегі үшін оған алғыс жарияланып, фото-суреті аудандық құрмет тақтасына ілінген.
1974 жылдың наурыз айынан бастап кітапхана меңгерушілігі Зоя Трофимовна Новиковаға жүктеледі. Кітапхана мұрағатында сақталған құжаттарға қарап отырып, кітапханашылардың әр түрлі себептермен жиі ауысқанын көреміз. 1979-1980 жылдары Надежда Россошанская кітапханашы қызметін атқарса, ал 1980 жылдан 1986 жылға дейін Любовь Бурлаченко істеді.
Құрылған күнінен бастап кітапхана ғимараты да бірнеше орынға көшірілген. 1977 жылы ауылға жолдамамен келген жоғары оқу орнының түлектері, яғни жас мамандар тұрып жатқан үйдің бір бөлмесіне орналастырылған. Сол жылы кітапхана №3 бөлімшенің бос тұрған кеңсесіне көшіріледі. 1980 жылы жаңа орынға көшірілсе, 1987 жылы бұл ғимарат бастауыш мектеп ғимараты болып ауыстырылды. Қазіргі уақытта кітапхана осы мектеп ғимаратында орналасқан.
1986 жылдан кітапханашы болып, 21 жыл еңбек өтілі бар жоғары білімді маман Орынша Бактыгерейқызы Сарсенова жұмыс жасап келеді. Осы уақыттың ішінде Орынша Бақтыгерейқызы ауыл тұрғындарына, мектеп оқушыларына қолынан келген көмегін барынша көрсетіп келеді. Ол шағын ауыл тірлігін көңілді өткізуге өз үлесін қосып, әр түрлі мерекелік шаралар өткізіп отырды. Орынша Бақтыгерееваның зейнетке шығуына байланысты орнына 2022 жылдан бастап Уразаева Евдокия Николаевна жұмыс жасап жатыр.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Асан ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1980 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 59/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 7

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 18

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 870

Кітап қоры: 5221 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Асан ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жанбузова Данира Бекқалиқызы

Асан ауылдық кітапханасы

Мичурин ауылдық округіне қарайтын Асан ауылының кітапханасы 2003 жылдың 4-ші қыркүйекиегінде ашылды. Ашылған кезден бастап күні бүгінге дейін кітапханашы болып, арнаулы орта педагогикалық білімі бар Жамбузова Данира Бекқалиқызы жұмыс істеп келеді.

Кітапхана бастапқыда 2001 дана кітап қорымен ашылды. 2003 жылдан 2012 жылға дейін салыстырмалы түрде қарасақ,  қор 3941 дана кітапқа артты.

Қазіргі таңда кітапхананың оқырман саны 450 адам, кітап берілімі 10130 дана.

Кітапхана ауылдық клуб ғимаратында орналасқан. Ауылдық клуб 2009 жылы заманауй үлгіге сай жөндеуден өткен. Кітапханамыздың іші жарық, аумағы 18 ш.м.  Кітапхана іші шағын болғандықтан, іс-шаралар клуб залында өткізіледі.

Кітапханада әр түрлі іс-шаралар өткізіліп отырылады. Атап айтып кететін болсақ, Қ.Жантілеуовтын 110 жылдығына орай «Күміс көмей күйші» атты дөңгелек үстел, «Ұлы Мағжан өлендері» атты әдеби-сазды кеш, «Жанарымда жұмыр жер» атты тақырыпты  сағат, «Батыр ана -Хиуаз» әңгімесі, Қ.Мырза-Әлидің  75 жылдығына орай «Туған жердің ақыны» әдеби-сазды кештер, «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында О.Бөкейдің шығармаларын насихаттауда «Алтайдың ақиық ұлы» тақырыпты кеші сияқты мәдени –көпшілік шаралар өткізіліп отырылады.

 

Мекеме  төлқұжаты.

 

Мекеме атауы:                                         Аудандық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                  Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                          –    1939ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     –

Облыс орталығынан арақашықтығы    38

Ғимараттың  түрі:                       бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                377

Меншік  түрі:                                мемлекеттік

Оқырман саны:                             2450

Кітап  қоры:                                  39841  дана

Қызмет көрсету  түрі:                  тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы

Бәйтерек  ауданы

Переметный ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Қаратаева Ақнұр Маратқызы

 

Кіріспе.

Кітапхана – әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени, тарихи, ғылыми құндылықтардың ордасын құрайтын қасиетті мекеме. Бүгінде кітапхана әлеуетті қайта жаңғыртып, мәдениеттің іргелі тірегі ретінде өз бастауын қайта алғалы тұр.

Зеленов аудандық ОКЖ-сінің тарихта өз үлесі бар қасиетті киелі ордалардың бірі десек артық емес. Зеленов ауданының 70 жылдық қарсаңында Зеленов аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі  кітапханалары тарихының  дайындалуы –  үлкен мерекеге қосар үлесіміздің бірі.

Осы материалды әзірлеу  оңайға түскен жоқ. Біздің ауылдық  кітапханашылар бар мүмкіндіктерінше жұмыстанды. Көбісі қолда бар құжаттарды пайдаланумен қатар, оқырмандардың айтуымен де жазған.

Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында ел болашағының бағыт – бағдары мен өсіп – өркендеуі көрсетілген.

Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен, адамзаттың кітапқа  деген құрметі, пейіл -ықыласы ортаймаса керек.  Мемлекет басшысының  қолдауымен  кең қанат жайған «Мәдени мұра» аясындағы  іс -шаралардың бірі – «Бір ел- бір кітап» акциясының  ұйымдастыруы да үлкен шара болып танылады. Осы басымдық бағыттардың орындалуына, батыл іс-қимылдардың өрістеуіне кітапхананың қосар үлесі шексіз екенін ешкім жоққа шығармайды. Зеленов аудандық ОКЖ – сі 2007 -2008 жылдары «Бір ел – бір кітап» акциясына байланысты Абай Құнанбаевтың «Қара сөз», Мұқтар Әуезовтың «Қилы заман» повесін насихаттаудың түрлі формалары мен әдістері ұйымдастырылды.

Кітапхана өмірі -сырт көзге біліне, байқала бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Сол өмірге бойлап, дендеп енген адам ғана бұл шаңырақтың қасиеттілігін, кітапханашы мамандығының қыры мен сырын аңғара алмақ. Сол мамандықты өміріне серік еткен адам ғана сана -сезімге тән ләззат сыйларға, рухани байлыққа кенелер.

Зеленов аудандық ОКЖ – сінде қазіргі уақытта 56 біріккен кітапхана бар. 79 маман қызмет жасайды. Олар тәжірбиелі мамандар: әдіскерлер, библиограф, суретшілер, кітапханашылар, көш басшысы директор Г.М.Альмуханова. Осы салада өмірінің еңбек жолын кітапханадан бастап, еңбек кітапшасында екі -ақ бұйрық жазылған: жұмысқа кірген, зейнеткерлікке шыққан деген жазу бар ардагерлеріміз де баршылық. Олардың есімдерімен осы кітаптың беттерін парақтау барысында таныс боласыздар.

Біздің кітапханамыз өз жұмысының сипаты мен мазмұны жағынан үлкен өзгерістер жолына түсіп отыр. Ақпараттық  жұмыстардың жаңа тәсілдерін іздеу мақсатында Интернет жүйесі, Ақжайық «On – Line»бағдарламасы кітапханаларға қосылып,  кітапхана жұмыстарының жүйелеріне «Рабис»бағдарламасы пайдалануға енді. Бұл біздің қазіргі күннің жетістігі деп білеміз. Сонымен қорыта айтсам, осы кезеңге дейін халыққа қызмет етуде құндылығын жоймай, өркендеп өсуінің өзі  осы салада еңбек етіп келген кітапханашылардың үлкен еңбектерінің нәтижесінің арқасында.

Бұл кітап жарыққа шығып  жатса тек кітапханалардан  ғана емес, сонымен қатар қалың оқырманның қолдарынан табылса  екен деймін. Кеткен кемшіліктерге кешіріммен қарауларыңызды өтініп, осы салада халыққа қызмет  көрсетіп жүрген немесе құрметті демалыста отырған әріптестерімізге табыс пен сәттілік тілейміз.

Аудандық кітапхана.

Барлық кезеңде ауылдағы білім көздерінің негізі кітапхана болды.

1939 жылы аудандағы мәдени-ағартушылық мекемелердің көзі – 3 киноқондырғы, 13200 мың кітап қорынан тұратын екі кітапхана (аудандық және балалар) және 14 клуб болды.

Республикамызда соғыс жылдарынан кейінгі қиындықтарды қалпына келтіру мәселелері шешіле бастады.

1946 жылы 3 шілдеде ауданның ауыл шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы жастардың слетіне қатысушылар мәдени-көпшілік жұмыстар бойынша міндеттер қабылдады:

  1. Жастар күшімен клубтардың, кітапханалардың жұмысын қалпына келтіру.
  2. Газет, журналдарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету. (Шире соревнования молодежи за выполнение плана первого года новой сталинской пятилетки!// Большевистский путь.- 1946.- 6 июля.- С.1.)

1946 жылдың 26 тамызында аудандық кітапхананың меңгерушісі болып Б.Садықова тағайындалды.

Аудандағы мәдени-ағартушылық мекемелер (оқу үйлері, клубтар, кітапханалар) колхоздар мен совхоздарға шаруашылық және саяси компаниялардың орындалуы туралы үлкен көмектер көрсетіп отырды. Олар еңбекшілердің мәдени демалысын ұйымдастырды және олардың арасында көпшілік-саяси жұмыстар жүргізді. Бірақ мәдени-ағартушылық мекемелердің барлығының бірдей жақсы жұмыс істеуі үшін жағдайлары бола бермеді.Сол жылдардағы басылымдардың мәліметі бойынша (Большевистский путь.-1949.-15 октября) аудандық кітапхана (меңгерушісі Кошкина) жөнделмеген, алғашқы жаңбырдан кітапханалар қоры суланып қалған.Сол кездегі басылымдардан бізге белгілісі, 1949-1951жж. үш жыл бойына аудандық кітапханалардың жұмысы әдебиеттерді беру және қабылдаумен ғана шектелген.

1951 ж. Переметный ауылдық кеңесінде оқу залының ғимараты болмаған, кітаптар оқырмандардың пәтерлерінде болған.

Басылым беттерінде аудандық кітапхананың одан кейінгі уақыттағы жұмысы  айтарлықтай жақсарғаны туралы жазылған. Кітапхана ғимаратының өзі келушілер көңіл аударатындай талапқа сай жабдықталды. Кез келген адам өзінің бос уақытын мәдениетті түрде өткізе алады. Олардың назарларына жаңа газет, журналдар, әр түрлі әдебиеттер, фотовикториналар, көрмелер ұсынылды.

Кітапханада 19 мыңнан астам саяси, техникалық, ғылымы-танымал және көркем әдебиеттер, 1200 оқырман, кітапхана меңгерушісі Ф.Качулина болды. («За коммунизм» -1953.-12 сентября)

1954 жылдың 12 тамызында аудаңдық кітапхананың меңгерушісі қызметіне Тамара Ивановна Охотникова жіберілді, ол кезде кітапханашы  Евдокия Федоровна Болдырева, АМБ меңгерушісі С. Первакова болды .

1955 жылы ауданда аудаңдық кітапхана, аудаңдық балалар кітапханасы, 7-оқу үйі, 9 ауылдық кітапхана, 3 қызыл киіз үй, 1 мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб және 10 киноқондырғы болды.

Аудандық кітапхананың нақты жұмыстары туралы 1958 жылғы «За коммунизм» газетінің 14 қарашасында шыққан М.Полевойдың мақаласында ашық айтылған.

Библиотека заметно улучшила свою работу. Читатели посещают ее охотно и хорошо о ней отзываются.

– Раньше, бывало, зайдешь, обменяешь книгу и уходишь. А теперь я с удовольствием здесь отдыхаю,- рассказывает читатель райбиблиотеки  шофер Георгий Вершинин.

И действительно, любителям книг есть, где провести свой досуг.

В небольшом читальном зале на столах можно найти интересные журналы «Огонек», «Вокруг света», «Наука и техника», «Шмель», «Крокодил», «Юность», «Молодость мира» и другие.

Привлекают внимание также красиво оформленные библиотечные плакаты, диаграммы.

Внимательная и приветливая библиотекарь Валентина Егоренко всегда умеет правильно рекомендовать книгу.

С каждым днем у нее увеличивается число читателей. Только в октябре в библиотеку записалось 73 человека.

Вот зашел сюда тракторист четвертой фермы Каменского совхоза Андрей Барсук. Он берет книги не только для себя, но и для рабочих фермы – тракториста Н.Андреева, И.И.Доценко и многих других.

-Книги для нас – это самый лучший отдых, – говорит он, – как бы не уставали за день, а после работы все же прочтешь несколько страниц.  И, выбрав с помощью Валентины нужную литературу, довольный,  уезжает на ферму.

Частыми гостями бывают в библиотеке читатели А.Зубрилов, С.Харченко, Л.Буданчикова, Ю.Моисеев, Л.Балушина.

Молодые специалисты Тамара Будникова (зав. райн. биб-кой)  и Валентина Егоренко сумели привить читателям любовь к книге.

1967жылы мәдени-ағартушылық мекемелер: 38 клубтан, 37 киноқондырғыдан және 95000 дана кітап қоры бар 30 кітапханадан тұрды.

Ол жылдары аудандық кітапхананың меңгерушісі Карташова болған. Сол 1967 жылы Моршан кітапханалық техникумын бітіріп ауданға жолдамамен келген В.М. Каштанованы Карпов ауылына жібереді.

1969 жылы шілдеде кітапханашылар қатары жас мамандар: Н.А. Балушина, Н. Кочетова, В.Насонова, Л. Барановалармен толықтырылды.  Солардың ішінен аудандық кітапханаға Н.А. Балушина балалар кітапханасына Л. Баранова мен Л. Фомина қалдырылды да, қалғандары ауылдық кітапханаларға жіберілді. 1969 жылғы қыркүйекте Н.А. Балушина Х. Оразғалиевадан меңгерушілік қызметін қабылдап алып, соңынан  декреттік демалысқа шығуына байланысты Н. Кочетоваға қызметін  тапсырды. Н.Кочетовадан кейін аудандық кітапхананың директоры З.М. Богомолова, ал кітапханашы  З.М.Каракушиева болды.

Ол кезде аудандық кітапхана ауылдың орталығында орналасқан ағаштан жасалған ескі үш бөлмелі үйдің бір бөлмесінде болды, қалған екі бөлмесін мәдениет бөлімі мен аудандық әлеуметтік қамсыздандыру мекемесі пайдаланды. 1972 жылы мәдениет бөлімі  Каменский ауылындағы МҮ-не көшіп келді. Босаған бөлмеден есік шығарып, оны оқырмандар залына айналдырды. оқырмандар залының меңгерушісі бірлігі енгізілуіне байланысты жаңадан келген жас маман С. Чернозипунникова қабылданды. Кітапхананың белсенді оқырмандары: Г.Чубукин, Худяков, Саудашевалар болды.

 

Орталықтандырылған күннен бастап.

 

1975 жылдың 29 тамызында кітапхана өмірінде маңызды оқиға болды. «Зеленов ауданының мемлекеттік көпшілік кітапханалары желілерін орталықтандыру туралы» Зеленов аудандық атқару комитеті еңбекші депутаттар кеңесінің  № 239  шешімімен  Зеленов орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (ОКЖ) құрылды. Аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, жинақтау бөлімі, әдістемелік-библиографиялық бөлім және 25 филиал – ОКЖ-нің желісі міне осылар болды. ОКЖ-нің алғашқы меңгерушісі  Н.А. Сычева, әдіскер және библиограф Л.М. Утюпина, оқу залының меңгерушісі  А.А. Богомолова, кітапханашы З.И. Сакардинова, балалар кітапханасының меңгерушісі Л.И. Ганьшина, балалар кітапханасының кітапханашысы С.Г. Жумагалиева еді.

1976 жылы аудандық кітапхана аудандық мәдениет үйінің жаңа ғимаратына көшеді. Абонемент, оқу залы және әдістемелік бөлім АМҮ-нің бірінші қабатындағы оң жақ қанатына орналастырылса, жинақтау бөлімі мен балалар кітапханасы сол жақ қанатына орналастырылды. Жинақтау бөлімі құрылған күннен бастап оның меңгерушісі Б.К. Казешева, одан кейін С.Г.Жумагалиева болды, бірақ денсаулығына байланысты ол қызметтен кетуіне тура келді.

1976 жылы 1 қазанда аудандық кітапханаға мектеп бітірген жас қыздар О.П. Неводова мен Н.Н.Некипелова жұмысқа келді. Ольга Петровна өзінің алғашқы еңбек қызметін балалар кітапханасында жұмыс істеуден бастаса,  Нина Николаевна жинақтау бөлімінен бастады. 1977 жылы оларды  Ақтөбе қаласындағы техникумға оқуға жолдады,  1979 жылы оқуды үздік бітірген Н.Н.Некипелова меңгеруші, ал О.П.Неводова жинақтау бөліміне каталагтордың аға редакторы қызметіне ауысты. Кәсіпте кездейсоқ адам болмайды деген нақыл сөз  Нина Николаевна мен Ольга Петровналарға арнап айтылғандай, олар өз жұмыстарына шын берілген, өз ісінің нағыз мамандары. Олардың еңбек өтілімі 32 жыл. Сонымен қатар, жинақтау бөлімінде  З.Т. Кузнецова, Т.В. Зяблова, Л.М. Шушлебина, Д. Зулкашева, Д. Зергилова, О.Ф. Самарская, Е.М. Рахимбердина,  Г.Ж. Еслямова, И.И. Черныхаева, А.М. Альмуханова және т.б. жұмыс жасады.

ОКЖ-нің алғашқы меңгерушісі болған Н.А.Сычева бір жылдың шамасында жұмыс жасап, тұрғылықты жерін ауыстырады да 1976-1983 жылдар аралығында аудандық кітапхананың меңгерушісі Лариса Михайловна Утюпина болады. Оны областық мәдениет басқармасы Қаскелең мәдени-ағарту училищесін бітіргеннен кейін, Зеленов аудандық кітапханасына жіберген еді.

1979 жылы аудандық кітапхананың кітап беру пункттері: аудандық типографияда және ТҚК-де белсенді жұмыс жасады. Үнемі құқықтық әдебиеттер насихатталып отырды. Олардың тақырыптары да әр түрлі болды: «Адам және заң», «Жастар: сенің құқығың мен міндеттерің» және т.б. «Заң және сен» клубы ұйымдастырылды.

1979 жылдың ең үздік шарасы -№13 КМ оқушыларымен өткізілген кітаптар кеші. онда адам өміріндегі кітаптың алатын орны туралы айтылып, мәнерлеп оқу байқауы, сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар ОКЖ директоры Л.М.Утюпина, библиографы Ю.Е. Кадатская,  әдіскері Ж.Ж.Иргусаева болды.

Сонымен қатар, 1979 жылы «Үздік кітапханашы» байқауы өткізіліп, онда бірінші орынды АК-ның кітапханашы А. Хамидуллина жеңіп алды.

1983 жылы ауыл шаруашылық мамандарына қызмет ететін сектор белсенді жұмыс жасады. Ауданда ААӨБ-ң (аудандық агроөндірістік бірлестік) құрылуына сәйкес сектор ААӨБ-ң кеңесінің жұмысымен келісім жасалды.  Жыл бойына он екі шара өткізіліп, оның төртеуі мамандармен кездесу болды.  ХКА-ның жұмысы анағұрлым жақсарды (кітапханашы С.Ғ. Жұмағалиева), ХКА қызметін 98 абонемент, соның ішінде ішкі жүйе бойынша – 42 абонемент, Орал қаласында – 46 абонемент пайдаланды.

Зеленов ОКЖ-де басшылық құрамда жұмыс жасаған Н.Г. Бакалкинаның еңбегін айтпай кетуге болмайды, Ол бір жылдай (1983-84ж.ж.) ОКЖ директоры, библиограф, аға кітапханашы болды. Балалар жұмысы бойынша әдіскерлік бірліктің енгізілуіне байланысты осы қызметке ауыстырылды.

1980-ші жылдары аудандық кітапханада Н.Ф.Лесовая  М.Н.Днгалиева, Л.Н. Гайдай,Л.Г.Васильева, Т.В.Еськова,  Уразаева, Е.Н. Васильева,Р.Р.Образкова, Б.К.Сундетовалар

бірін-бірі алмастыра отырып еңбек етті.

1987 жылғы есте қалаларлық шаралардың бірі- Приурал өңірінің жазушысы Э.Ғаббасовпен және Кітапқұмарлар қоғамының жауапты хатшысы Г.И. Оразаевпен болған кездесулер. Оны аудандық кітапхана нан базасының кітапханашысы Н. Масеевамен бірлесіп ұйымдастырды.

Э.Ғаббасов  «Көңілді қояндар көшесі» атты жаңа повесінің жазылу тарихы туралы айтты. Еңбекшілердің қазіргі кезде толқытып жүрген мәселелерімен бөлісті. Кездесуде «Приурал жазушылары» атты кітаптар көрмесі безендірілді.
Қайта құру кезеңінде аудандық кітапханада аз мәселелер болған жоқ. Бірақ олардың ішіндегі
Ең бастысы- жылу мәселесі еді. Аудандық кітапхананың кітапханашылары үшін ең үлкен
Қиыншылық салқындық болды. Кітапханада қысқы мерзімде сынап бағанасы он градустан жоғары көтерілмеді, бірақ аудан кітапханасының кітапханашылары  бұл қиыншылыққа төзімділік таныта білді. Үстеріне тон, аяқтарына байпақ киген кітапханашылар 7-8 сағаттық жұмыс күнін толықтай атқарып жүрді.
Сол жылдардағы мықты қызметкерледің бірі – қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Татьяна  Владимировна Еськова болды, ол аудандық кітапханада 1987-1995 жылдар аралығында жұмыс  жасады.  Татьяна Владимировна  кез келген жұмысты  тез меңгеріп, практикада қолдана білді.

Ол құрастырған сценарийлар бойынша аудан еңбекшілерімен кездесу кеші, салауатты өмір салтына арналған шаралар, «Отанның қаһарман қыздары» атты ауызша журнал т.б. ірі шаралар өткізіліп отырылды. Татьяна Владимировна өзінің міндеттерін жақсы атқарып, оқырмандармен тіл табыса білді. Т.В. Еськованың тұсында аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі алғаш рет   жоспарлы көрсеткіштер көрсетті: 1400 оқырман, кітап берілімі 34917 дана кітап.

1990 – 1996 жылдар аралығында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы болып М.Ж.Биссалиева істеді. Оның міндетіне оқырмандарға кітап беру мен қабылдау ғана кірген жоқ, ол кәсіпорындарда оқырмандарға  белсенді түрде қызмет көрсете білді.

1989 жылы аудандық кітапхана кітапқұмарлар қоғамының саласы бойынша №102 нан базасы мен «Ростоша» совхозының жұмысшылары, №13 КТУ-дің мұғалімдері мен оқушылары атақты қолбасшы, Кеңес Одағының Маршалы, төрт мәрте Кеңес Одағының батыры Георгий Константинович Жуковтың қызы  Маргарита Георгиевна Жуковамен болған кездесуге белсене қатысты.

Маргарита Георгиевна өзінің «Әкемен диалог» деп атаған дәрісінде экономиканың дамуына қатысты көптеген мәселелерге тоқталып, тыңдармандардың сұрағына жауап берді. Бұл кездесу біздің ауданда жақсы әсермен есте қаларлықтай өтті.            

 

1996 жылғы 24 маусым мен 1997 жылдың 30 тамызы аралығында Дәулеткерей атанындағы өнер университетін бітірген талантты жас маман  И.Е.Давыдова қызмет көрсету бөлінің меңгерушісі болды, бірақ тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты ол атқарып жүрген қызметінен босатылады.

Қызмет көрсету бөлімінде 1990-2000 жылдары С.Ю.Сигунова, М.С. Ашауова,  К.О.Кусегенова, Н.Н.Некипелова, К.С.Букеева, А.К.Бердалиева және басқалар жұмыс жасады.

 

Қазіргі кезеңдегі аудандық кітапхана.

 

Кітапхана ауылдың дамуын қолдайтын бірден-бір ақпараттық орталық екені  баршамызға мәлім. Бұл бағытта талантты адам  Г.М.Алмұханова басқаратын аудандық кітапхананың жұмысын ерекше атауға болады.

Жетпісінші жылдардың ортасында Орал педагогикалық институтының физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген жас түлекті  Цыганов ОМ-не жіберген болатын, көп ұзамай ол отбасылық жағдайына байланысты  Переметнный орта мектебіне ауысып келеді. 1978 жылы оны аудандық балалар кітапханасының меңгерушілік қызметіне жұмысқа шақырады. Бұл жыл – оның тағдырын  кітапханамен байланыстырған ерекше жыл болды. 1984 жылы оны орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, ал 1997 жылдың қыркүйегінен біріктірілген Зеленов және Приурал аудандары ОКЖ-сінің директоры болып тағайындады.

Гульнар Мадариковна – сауатты, терең білімді, қайырымды басшы. Ақша болмаған қиын кезеңде ол өзінің әріптестері- ауданның кітапханашыларымен бірлесе отырып, барлық кітапханалар мен кітапхана қорын сақтап қана қоймай, кітапхананы-мәдени орталыққа айналдыра білді.

Әйелдер ұжымын басқару, әрі үнемі жақсы болып көріну мүмкін емес.  Гулнар Мадариковна өзінің бойына талап етушілік пен мейірімділікті сыйғыза білді. Ұжымның негізінен тұрақты жұмыс жасауы-директордың еңбегі арқасы.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін көптеген жылдар бойы ОКЖ-де әдістемелік бөлім меңгерушісі Валентина Михайловна Родионова мен әдіскер Валентина Михайловна Каштанова жұмыс жасады.
1996 жылы отбасы жағдайымен Зеленов ауданы Переметный ауылына қоныс аударған Талина Шынғаным – кітапханалық істі бар жан-тәнімен атқарып келе жатқан әдістемелік бөлім меңгерушісі. Аудандық кітапханадағы оның еңбек жолы  жинақтау бөлімінің кітапханашысы қызметінен басталды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білікті маман Шынғанымды алғашқы күннен-ақ басшылар байқап, 1997 жылы оны қызмет көрсету бөлімінің меңгерушілік қызметіне  ауыстырады. Сол жылдары оңтүстік ауданнан көшіп келген тұрғындар көбейе бастады. Өмірдің қиыншылығына байланысты адамдар Орал қаласына жақын жерлерге көше бастады, көпшілігі Переметный ауылына келіп жатты, ал  Шынғаным сол кезде қазақ тіліндегі әдебиеттерді насихаттап, Ғ.Құрманғалиевтің90 жылдығына арнап Қ.Бердығалиевтің қатысуымен әдеби-музыкалық кеш, Қ.Мырза Әлі және басқа да жерлес ақын  жазушылармен  кездесу кештері сияқты ірі-ірі іс-шаралар ұйымдастырды.
Өзінің туған тілінің мәртебесін көтеру, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттауды басты мұраты деп санайтын Талина Шынғаным өзінің мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігі, жаңашыл бастамалардың ұйытқысы бола білуі арқылы әріптестеріне зор үлгі, үлкен тәжірибе мектебі болып табылады.

2005 жылдың 11 наурызынан бастап әдістемелік бөлімнің меңгерушісі болып келе жатқан  Шынғаным Талина жас, талантты әдіскер Қ.Т. Арстановамен берлесе отырып, қызықты семинарлар, тренингтер өткізіп, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді. 2006 жылы «Ардақты ата қоныс, жасыл мекен» атты  облыстан үшінші орынға ие болған аудан энциклопедиясын дайындап, жарыққа шығарды. 2007 жылы облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауына Зеленов ауданынан Дарьинск ауылдық кітапханасын дайындады, алдағы жоспарлары – Зеленов ауданының кітапханаларының тарихын жазу .

Бүгінгі күнгі кітапхана – пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстары мен рухани қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын әлеуметтік институт болып табылады. Ал ауылдық кітапхана ауылдың дамуын қолдайтын бірден-бір ақпараттық орталық екені  баршамызға мәлім.

Кітапханашының адамзат даналығын, адамгершілігін сақтаушы, білім таратушы ретіндегі міндеті – кітап байлығын кеңінен ашу, барлық жастағы және түрлі әлеуметтік топқа жататын оқырманның сұраныстарын қанағаттандыру.

Кітапхана басшысының ой-өрісі, дүниетаным кеңдігі, шығармашылыққа негізделген кітапхана мамандығының қыр-сырына қаныға жүріп, әрдайым ізденісте болып, қызметкерлерден жұмысқа деген жауапкершілікті талап ете білуі жұмыстың алға басуының шарты.

2010 жылдың ақпанынан ОКЖ директоры болып Р.М.Ихласов қызмет атқарып келеді. Кітап қорының көбеюіне, заман талабына сай жаңа технологиялық инновацияларды енгізіп, кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуда жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықтауға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

Ауылдағы кітапханашылардың   кәсіби білім деңгейін көтеру мақсатында байқаулар, семинар сабақтар, тренингтер ұйымдастырып, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін, жаңашыл бастамалардың ұйытқысы болып жүрген әдістемелік бөлім қызметкерлері – Қ.Т. Арстанова- 2006 жылдан бастап әдістемелік бөлімнің әдіскері, 2009 жылдан әдістемелік бөлім меңгерушісі, А.М.Бердалиева -2006 -2008 жылдары аудандық кітапхананың оқу залы кітапханашысы, 2008 жылдан ОКЖ әдіскері, Жанабаева Жеңісгүл Калиевна 2008-2010 жылдары аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2010 жылдан балалар және жасөспірімдермен жұмыс әдіскері болып қызмет атқарып келеді.

Кез келген кітапхананың –үлкен не кіші болсын, әмбебап не арнайы  болсын, ғылыми не көпшілік болсын -библиографиясыз болуы мүмкін емес.

Библиография – кітапханалық жұмыстың қажетті бөлігі. Сондықтан библиография туралы білу кім-кімге де пайдалы, ал библиографтар оны мүлтіксіз біледі. Құрылған күннен бастап 1976 жылдан 1986 жылға дейін ОКЖ-нің библиографы болып Ю.Е. Кадатская,  1986-1989 жылдары Л.Г.Васильева, 1989 жылы Д. Уразаева, 1991-1994 жылдары Қ.Н. Сейітмұханова,  1996-2002 жылдары Л.Н. Арестова,  2002-2003 жылдары А.А.Исалиева, ал 2003 жылдан А.К. Бердалиева жұмыс жасап келеді. Библиографтардың күшімен мақалалардың жүйелі және өлкетану картотекалары құрылды. Қазіргі уақытта  А.К. Бердалиева әдебиеттерді РАБИС кітапханалық бағдарламасы бойынша жазады, «Ақ Жайық –On Linе» ақпараттық-өлкетану сайтын құруға байланысты үлкен жұмыстар атқарды, ОКЖ библиографы жаңа түскен әдебиеттер туралы ақпараттарды уақтылы беріп отырады. Жаңа кітаптардың түсуімен «Әлемдегі жаңа кітаптар» атты кітап көрмесін жаңартып, шолулар өткізіп, ұсынылатын әдебиеттер тізімін құрастырады.

Кітапхана әрекет етіп келе жатқан уақытынан бері өзінің безендірілуімен пайдаланушыларды өзіне тартатын орын болып отыр. Ал кітапхананы талапқа сай безендіруде ОКЖ-нің суретші-безендірушісі А.М.Әлмұхановтың еңбегі зор. Ол өз ісіне шын берілген адам. Туған кітапханасының табалдырығын аттасымен-ақ шабыттанып кітапхананың көркін ажарландыра түсетін бейнелер қағазға түсе бастайды. Абат Мадарикұлы кез келген көрмеге шығармашылықпен қарап, көркем бейнелей алады.

Әр жылдары ОКЖ-ні безендіруде талантты суретші-безендірушілер Е.Г. Шевченко мен  А.К. Бердалиева  аз еңбек сіңірген жоқ.

Жинақтау бөліміндегі жұмыс оқырмандар үшін көзге көрінбеуі мүмкін, алайда  кітапхана қорының жаңа кітаптармен толықтырылуы, оның есебі және басқалар солардың арқасында жүзеге асырылып отырылады. Кітапхана жұмысының  барлық әдіс-тәсілдерін өте жақсы меңгерген жнақтау бөлімінің ұжымы каталог жасау, тізімдеу, әдебиеттерді өңдеп, жинақтаумен айналысады.  Меңгерушісі  О.П. Неводова, кітапханашылар К.С. Букеева,  Г.М. Тайлякова, Н.Н. Некипелова, Л.В. Сошкина және М.М. Мукановалар жұмыстарын жылдан-жылға мұқият, ұқыптылықпен атқарып, кітаптарды ОКЖ-нің барлық кітапханаларына уақытылы өңдеп, жинақтаумен тыңғылықты айналысады.

Ольга Петровна өзінің интеллектуалды деңгейін үнемі көтеріп отырады. Ол өндірістен қол үзбей отырып, Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениет институтын бітірді. Карима Саниахметқызы Букеева кітапханалық жұмыстың  дағдыларын жақсы меңгерген, кез-келген уақытта мемелекеттік тілдегі әдебиеттерді өңдеу кезінде әріптестеріне көмектесуге әзір тұрады. Маржан Мұқанқызы Мұқановаға жылдамдылық пен жауапкершілік тән болса, Гуля Маратқызы Тайлақова жайлы, салмақты мінезімен, өзінің міндеттерін өте жақсы атқаруымен ерекшеленеді. Өз ісінің шебері болып табылатын ұстамды әрі уақыт сынынан өткен маман – Нина Николаевна Некипелова. Мейірімді, ақжарқын мінезді Людмила Васильевна Сошкина өзінің негізгі жұмысынан басқа кітапханада өтетін іс-шаралар мен мерекелердің ұйымдастырушысы, жалпы алғанда, Людмила Васильевна барлық аудан кітапханашыларының жаны мен жүрегі. Ол Нина Николаевна Некипеловамен бірге мүгедектермен жұмыс жүргізеді. 2007жылы олар «Біз бір әлемде тұрамыз» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Кітапханашы –шығармашыл тұлға, қызықты, жан-жақты адам. Қызмет көрсету бөлімінің жұмысын қалай нәтижелі, қызықты, әр түрлі бағытта  жүргізуге болады деген мәселелер меңгеруші Л.Б. Ишкулованы,  кітапханашылар Г.Х. Комбулатова мен  А.М. Бердалиеваны толғандырады.

Аудандық кітапханада оқырман қанағаттанарлықтай барлық жағдай жасалған. Оқу залының 5322  және 38705 абонементтің кітап қорлары  үнемі жаңартылып отырылады. Мерзімді баспалардың да түрлері мол.  2008 жылдың бірінші жартыжылдығына аудандық кітапхана 84 атаулы газет, журналдарға жазылса, оның ішінде 26-сы қазақ тілінде.

Аудандық кітапхананың қызметін 2107 оқырман (2007 жылдың қорытындысы бойынша) пайдаланады. Ең белсенді оқырмандардың аты-жөнін атап өтсем, олар: Н.М. Асанова,  А. Бахметов, Б.А. Королевский, Л.А. Войцещук, Г.К. Имашева, С.Д. Кланова, Р.К. Насырова, А.А. Сулейменова, В.И. Шубенкова, Н.В. Щеглова, Т.М. Ефремова, К.О. Адилов, З.К. Искалиева, Ф.А. Яфаров, А.В. Субботин, Г.А. Косинова, Н.Н. Некипелова, О.В. Шергалиева, М.Н. Белугина, В.И. Гайдай, В.Г. Климова және тағы басқалары.

Кітаптарды тарату қызықты түрде ұйымдастырылған. Оқу залында тақырыптық кітаптар көрмесі ұйымдастырылған. Ол жыл бойына кітапханашы А М. Бердалиеваның көмегімен үнемі жаңартылып отырылады. Одан қажетті материалдарды әрқашанда табуға болады. Сонымен бірге, әрбір оқырман библиографтың құрастырып, көрмеге орналастырған картотекаларын пайдалана алады.

Кітапханашының табысты жұмысына тек кәсіптік білім мен біліктілік қана емес, сонымен қатар, оқырмандармен қарым-қатынас жасаудың әр түрлі әдіс-тәсілдері мен психологиялық қасиеттерді меңгерулері керек. Осындай қасиеттер оқу залы мен абонемент кітапханашысы  Г.Х.Комбулатова мен А.М.Бердалиеваға  оқырмандармен өзара түсіністік орнатуға, қажетті көмектерін аямауға септігі тиеді.

Галия Хамитовна Комбулатова салмақты, жайлы, әр кезде оқырмандарды жылы шыраймен қарсы алып, қажетті әдебиеттерді табуларына көмектеседі. Аудандық кітапханаға келгенге дейін Галия Хамитовна көп жылдар бойы  АКМ-нің  кітапханасындада жұмыс жасаған, ол сонда жүріп-ақ кәсіптік шеберлігін таныта білген.

Ағзира Мукташевна Бердалиева кітапхананың оқу залында небәрі екі жылдай ғана (2006ж) жұмыс жасайды. Аз ғана еңбек өтіліне қарамастан, ол кітапхана ісін шебер меңгерген, ұжым мүшелерімен бірден тіл табысқан, әр уақытта кез келген іске жауапкершілікпен қарайтын жан.

Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары көпшілік жұмыста оқырмандарды қызықтыратындай қарым-қатынас түрлерін таңдауға тырысады. Онда байыпты және жеңіл көңіл көтеретін тақырыптар кезектестіріліп өткізіледі. Атап өтерлік жай, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары өз жұмыстарында қоғамдық ұйымдарға сүйенеді. 1998 жылдан «Қоғамдық пікір» атты клуб жұмыс жасайды. Жыл сайын клуб шеңберінде өзекті мәселелер бойынша шаралар өткізіледі,  ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауы талқыланады, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесулер, әдеби-сазды кештер ұйымдастырылады.

 

Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары шараларды АМҮ-нің қызметкерлерімен, ішкі саясат бөлімімен, жастар ұйымы, ардагерлер қозғалысы және аудан орталығындағы мектептермен бірлесіп өткізеді.

2007 жылы оқу залының кітапханашысы  А.М. Бердалиеваның дайындап өткізген «Жастар-Молодость» жастар ұйымының қолдауымен «Өз Отаныңды таны» атты шарасын ерекше атап өтуге болады.

2007 жылдын  6 маусым-ында аудандық кітапхана-ның оқу залында «Жарасымды жас қала,  жаңа Астана» атты Астананың он жылдық мерейтойына  арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл кешке қоғамдық ұйымның өкілдері, Переметныйдін орта мектебінің 11-ші сынып оқушылары шақырылды.

Кеш жүргізушілері оқу залының кітапханашысы А.М.Бердалиева мен әдіскер Қ.Т.Арстанова Қазақстанның ежелгі астаналары, Ақмола қаласының пайда болу тарихымен,астананы көшіру себептерімен таныстырып отырды. Сонымен қатар, көрермендерге Астананың  қазіргі келбеті «Астана-арман қала» атты фильмі арқылы  көсетілді және «Жарасымды жас қала, жаңа Астана» атты стенд шығарылды. Онда жылдан-жылға  бой келе жатқан ғимараттар, тұрғын үйлер, Астана күнінің тойлауы бейнеленген. Көрермендер жаңа астананың сұлулығына сүйсініп, таңданыстарын жасырмады.

Әдеби-сазды кешті жүргізушілер Астана туралы мәліметтер бере отырып, Астананың болашағы зор қала, Елбасымыз жан –тәнімен астанамызды көркейтіп, 21-ғасырдың ең әдемі астанасы болады деген үміті ақталуда екендігіне оқырмандардың көздерін жеткізді.

Кеш барысында оқушылар Л.Каиржанова, А.Арстанов, М.Қонашев Астана, бәйтерек туралы өлендер оқыса, мәдениет үйінің көркемөнерпаздары А.Гизатов пен А.Жұманың орындауындағы жаңа Астана, Отан туралы әндері шараның шырайын арттыра түсті. Көрермендер кештен мол әсер алып толқып шықты.  Шараға барлығы 40  адам қатысты.

2006 жылғы желтоқсанның 12-сінде Зеленов ауданындағы Переметный ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің залында «Кешегі бабамызбен, бүгінгі бағамызбен, ертенгі шамамызбен мақтанамыз» атты әдеби- сазды кеш болып өтті. Кешке 400 адам қатысты.

Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған мәдени шара  жүргізушілердің тәуелсіздікке дейінгі еліміздің тарихына шолу жасауымен басталды.

Еліміздің егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі жетістіктерін  мектеп оқушылары көрініс арқылы көрсетті.Ал соңғы кездегі ауданымыздағы оң  өзгерістер мен атқарылған игі істерді көрсету үшін 1995 жылы жеңістің 50 жылдығына орнатылып, ал биылғы жылы ауылдың орталығына көшірілген  ескерткіш, жаңадан салынып  жатқан мектеп құрылысы, үстіміздегі  жылдың  14-18 шілдесі күндері Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін ІІІ Халықтық спорт ойындарының финалдық облыстық  жарыстары өткен жаңа «Олимп» стадионы, өңін өзгерткен «Скит», «Аққу», «1000 мелочей» дүкендері, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген «Каркула», «Колос», Джафаров», шаруа қожалықтары және осы жылы пайдалануға берілген  ипотекалық  үйлер, күрделі жөндеуден өткен жаңа үлгідегі ішкі істер бөлімі, аудандық прокуратура және «Достық» үйінің ғимараттары суретке түсіріліп, слайда арқылы экраннан көрсетілді.

Айтулы мереке алдында  кітапхана қызметкерлері  аудандық  ішкі саясат  бөлімінің  көмегімен аудандағы басты мекемелерді бейнефильмге түсірді. «Тәуелсіздіктің 15 жылдығына қандай жетістіктермен келдіңіз?» деген сауалға мекеме басшыларынан алынған жауаптары мен олардың  жүрекжарды құттықтаулары көрермендерге ұсынылды.

Кеш барысында Ғизатов Аслан Дина Нұрпейісованың «Қазақстанға 30 жыл» күйін тартып, «Достық» үйінің өнерпаздары  және  көркемөнерпаздар Әмірғалиева Бұлды мен Сәбитов Біржан әсем әндерімен көрермендердің көңілін көтеріп, жанын жадыратты.

 

 

Біздің ардагерлер.

 

Әлемде он мыңдаған қажетті әрі қызықты кәсіп бар. Ал адамға соның тек біреуін ғана өмір бойына таңдай білу керек.

Орынды таңдалынған кәсіп – бұл адам үшін бақыт, қоғам үшін үлкен пайда. Осындай дұрыс таңдау жасай білген Валентина Михайловна Каштанова  1967 жылы  Моршанск техникумын бітіргеннен кейін Зеленов ауданына келеді. Еңбек жолын Карпов ауылында аға кітапханашы болып бастайды,  1981 – 1995 жылдар аралығында аудандық кітапхананың әдістемелік бөлімінде жұмыс жасады. 1998 жылдан бастап Переметный ауылындағы біріккен ОКЖ-нің әдіскері болды. Өз кәсібін шебер меңгерген Валентина Михайловнаның жас мамандарды мамандықтың қыр-сырына үйретудегі еңбегі зор. Ауыл кітапханаларын жиі аралап, кітапханашыларға әдістемелік көмектер көрсетіп отырды. Зерделі кеңестер, ауызша журнал, тақырыпты кеш, кітап көрмелердің сценарийлерін құрастырып және өткізуге тікелей қатысып отырды. Мінезі мейірімді, қарапайым, ұстамды, әріптестерінің іс-әрекеттеріне әділ бағасын беріп, үнемі дұрыс жолға бағыттап отыратын сауатты маман. Оның кітапханалық өтілімі 38 жыл, ал еңбегі көптеген мадақтамалармен және дипломдармен бағаланған. 2006 жылдың 1 қаңтарында Валентина Михайловна  Каштанова зейнеткерлікке шықты, бірақ ол аудандық кітапхананы ұмытпай, кітап алуға келіп, кітапхана өмірін қызыға қарап, бағалы кеңестерін беріп отырады.

Өзінің өмірлік және шығармашылық жолын анықтағанша Валентина Сергеевна Родионова бірнеше кәсіпті ауыстырды, ал кәсібі кітапқа деген сүйіспеншілігі мен эрудициясының арқасында анықталды. ол өзінің шығармашылығын анықтай білді. Кәсіби білімінің жоғары деңгейімен,  табандылығымен,  мәдениеттілігімен,  талап етушілігімен, асқан жауапкершілігімен, адамдарды құрметтеуімен әр уақытта ол басқалардан ерекшеленіп тұрды.

1979 жылы ол аудандық кітапханаға келді. Ол өзінің еңбек жолын «Камен» совхозындағы филиалда аға кітапханашы болып бастады, одан кейін қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы болды, 1995 жылдан бастап ОКЖ-нің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болды, 2005 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққаннан 1 жылдай оқу залында кітапханашы болып жұмыс жасады. Валентина Сергеевна әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, өзінің  кәсіптік шеберлігін көрсетті, әр түрлі мәселелерді табандылықпен шеше отырып, жаңаша жұмыстануға тырысты.

Қазіргі таңда Валентина Сергеевна зейнеткерлікке шығып, кітапханалық өмірге үлкен қызығушылықпен қарауды жалғастыруда.

Күні бүгінге дейін абонемент кітапхашысы болып істеген Савила Галиевна Жумагалиева  1967 жылы  Ростоша ауылындағы ауылдық кітапханаға жұмысқа барады. Савила Галиевна көптеген жылдар кітапхананада жұмыс жасай отырып, бірнеше оқырман ұрпақтарды кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, тәрбиелеп шығарды.  Оқырмандары оның ақылды кеңестерін тыңдап, сыйлайды.

1975 жылдан бастап кітапхана ісі орталықтандыруға көшеді. Қысқа мерзім ішінде үлкен кітап қорын қайта жүйелеу қажет болды, осы кезде Савила Галиевнаның білімі мен тәжірибесіне сүйенуге тура келді. Кітапханалық қызметте Савила Галиевнаға көптеген жұмыстар атқаруға тура келді: аудандық балалар кітапханасында, жинақтау бөлімінде, абонементте, барлық жерде ол өзін жауапкершілігі мол, өз жұмысына берілген адам екенін көрсете білді.

Алмабике Мұқанқызы Әлмұханова жұмысқа 1998 жылы жинақтау бөліміне келді. Көп күшті,  шыдамдылықты қажет ететін тынымсыз еңбек  оны қорқыта алмады. Жеті жыл ішінде ол өзін еңбексүйгіш, бастамашыл, тәртіпті адам екенін көрсетті. Алмабике Мұқанқызының зейнет демалысында отырғанына қарамастан, әріптестері оны сыйлап, құрметтеп отырады.

Зоя Тимофеевна Кузнецова 1971 жылы өзінің еңбек жолын Владимировка ауылында кітапханашылық жұмыстан бастады. Аудан орталығына көшіп келуіне байланысты  1980-жылдары жинақтау бөліміне ауыстырылды. Алты баланың анасы бар күшін отбасы мен жұмысқа жұмсады. Мінезі жайлы, мейірімді, әрқашан кітапхана өміріне белсене қатысып отырды. Өзіне тапсырылған барлық жұмысты ерекше ықыласпен атқарды. 1994 жылы Зоя Тимофеевна зейнеткерлік демалысқа шықты. Бүгінде Зоя Тимофеевна біздің арамызда жоқ, бірақ біз оны үнемі еске алып отырамыз.

Міне, осындай тамаша адамдар біздің аудандық кітапханада жұмыс жасады.

Қазір таңда кітапхана меңгерушісі – Қаратаева Ақнұр Маратқызы, кітапханашылар Мамбеталиева Дина Орынғалиқызы, Тастайбек Назерке Тастайбекқызы, Сафиянова Айдана Талғатқызы, Қоныспай Гүлмира Ержаймасқызы.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Белес ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1959ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 18

Облыс орталығынан арақашықтығы 52

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 72

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 1000

Кітап қоры: 19008 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
Белес ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Хасенова Кенжеғаным

1959 жылы  элеватор аймағында оқырман үйі деп аталған кішкене ғана кітапхана ашылды. Онда газет, журнал, бір аздаған көркем әдебиеттер болған. Кітапханашы болып Новенькова Анна Григорьевна істеген.  Ол жаңадан құрылып жатқан совхоз мамандарын ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған.

1960 жылы совхоз әкімшілігінің үйінен жаңа кітапхана, клуб ашылған. Кітап қоры көбейіп 3 мың дана кітап болған, онда көбіне  саясат, техника, әр түрлі мамандықтар туралы әдебиеттер болған, қазақ тіліндегі әдебиеттер өте аз   болған.

1961-1963 жылдары ауыл тұрғындарының саны көбейіп, 8-сыныпқа дейін жаңа мектеп ашылады.

1969-1970 жылдары совхозымыздың Бакаушино деген бөлімшесінен 9 миллион шошқа асырап-үнемдейтін кешен салынып, іске қосылады. Әр жақтан келген жұмысшылардың есебінен тұрғындар саны көбейіп, әлеуметтік мекемелер көптеп ашыла бастайды. Дәрігерлік пункт, асхана, дүкендер, мал дәрігерлік пункт, балабақша, 10 сыныпқа дейін оқытатын мектеп ашылады. Сонымен қатар, мәдениет үйі салынып, онда клуб және оқырман залы бар кітапхана жұмыс істейді.

1969-1970 жылдары А.Г.Новенькова кітапханашы болып  істеп зейнеткерлік демалысқа шығады. Одан кейін Н.Е.Шанкина орналасады, ол кездері кітапхана қоры тағы да нығайтылып, көбейеді.

1975-1979 жылдары  кітапханашы болып В.И.Натальченко, 1980-1981 жылдары Колесниченко Наталья  істеген.

1981-1988 жылдары кітапхана басқа жерге көшіп, онда Уразалиева жұмыс істеген.

1989 жылы С.К.Мурзахметова кітапханашы болып кіріп, 20 жыл 2009 жылы зейнеткерлікке шыққанға  дейін жұмыс істеді.

Ауылдық кітапхана-тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсету орталығы.  Ауылдың мәдени орталығы болып саналатын кітапхана,  өз жұмысын әкімшілікпен, мектеппен, мәдениет үйімен тығыз байланыста атқарады.

Оқырмандарға  жоғары сапада қызмет көрсетумен қатар, ауылдың мәдениетін көтеруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене атсалысады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында нашақорлық, СПИД туралы, ішімдік пен шылым шегудің зияны туралы түрлі шаралар өткізіледі.

Әрдайым оқырмандармен жұмыстың жаңа формаларын іздестіріп отырамын. Кітап-жастарға тәрбие беру құралы. Кітапхананың бүгінгі таңда 800-ден астам оқырманы бар, 7 жасар баладан зейнеткерлерге дейін кітапхананың қызметінен тыс қалмайды. Оларға әдістемелік, анықтамалық ақпарат беріліп отырылады.

2007 жылы Ш.Бөкеевтің 160 жасқа толуына орай А.Гайдар атындағы облыстық балалар және өспірімдер кітапханасы жариялаған байқауға қатысып, әдістемелік құрал құрастырудан жүлделі ІІ орынға ие болды.

2008 жылдың 13 маусым күні танымал ақын Ұ.Сариевамен кездесу өтті.

2009 жылы Хасенова Кенжеғаным кітапхананы қабылдап алды. Ол 1969 жылы дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 1989  жылы  Орал мәдени-ағарту училищесін кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген. 1989-98 жылдар аралығында Бөкей  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жинақтау бөлімінің  кітапханашысы болып еңбек жолын бастайды. 2009 жылдан Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Белес ауылдық кітапхасында кітапханашы болып еңбек етіп келеді.

Кітапхананың кітап қоры 16975 дана, оның ішінде қазақ тілінде 2831 дана кітап. 2012 жылы берілген жоспар бойынша 800 оқырман, 16000 кітап берілімі болса, жылды  1133 оқырманмен, 29251 кітап беріліммен аяқтап,

Кенжеғаным кітапханада түрлі қызықты көпшілік мәдени шаралар өткізіп, көпшілік алғысы мен өз оқырмандарының ықыласына бөленіп жүрген кітапханашы. Ол ауыл өміріне де белсене қатысады. Кітапханада көпшілік шараларды әрдайым ауыл әкімшілігімен, мектеппен, клубпен бірлесіп өткізеді. Әріптестері, ауылдастары елгезек, еңбекқор, өз ісіне әрдайым жауапкершілікпен қарайтын жанды ерекше құрметпен қадір тұтады. Үнемі ізденіс үстінде жүретін маман бүгінгі күнннің өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, ертеңгі күн қоғамның, жас ұрпақтың болашағы, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік, ізеттілік, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға арналған және тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттап, жастар  мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, СПИД-тің, шылым мен ішімдіктің зияны туралы түрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастырады. Әрдайым оқырмандармен жұмыстың жаңа формаларын іздестіріп, шеберлігін шыңдаумен айналысып отырады. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады, «Нұр Отан» ХДП-ның, әйелдер кеңесінің белді мүшесі.

Кітапхана ішін оқырмандар, әсіресе балалар жайлы сезінетіндей эстетикалық талаптарға сай безендіріп отырады.

Белсенді жұмысы үшін ауылдық округ әкімінің және ОКЖ директорының Алғыс хат, Мақтау қағаздарымен марапатталып, 2012 жылы өткен кітапхана қызметкерлерінің аттестациясы шешімімен кітапхана меңгерушісі лауазымы берілді.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Болашақ ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1962 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 23

Облыс орталығынан арақашықтығы 26

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 18

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 225

Кітап қоры: 4849 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Болашақ ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Карабалина Айнагүл
Мукамбетқызы

Болашақ ауылдық кітапханасы.

Озерный ауылында кітапхана 1962 жылы ашылды. Биыл біздің кітапханамызға  45 жыл толады. Алғашқы рет кітапханашы болып Стрелникова Райса жұмыс жасаған.

Бірінші рет кітапхана ашылғанда кітапхана селолық  клубтың ішінде болған. Содан кейін ол кісінің орнына С. Джамбаева кітапханашы болып орналасқан.

С.Джамбаева 1957 жылы  Батыс Қазақстан облысы Зеленый ауылында дүниеге келіп, сол жерде өскен. Кітапханашы болып көп жыл істеген. Сол кезде оқырман саны: 105 адам, кітап қоры: 3266 болған.

Кужанова Жаслан Хамитовна 1952 ж. дүниеге келген. Кітапханашы болып 1981 ж. кірген уақытша . Кужанова Ж. Х. кітапханашы болып бір жыл істеген. Қазірге ол мұғалім болып мектепте жасайды.

Біздің кітапхана 1996 ж. жабылып қалды. Содан соң 2002 ж. кейін бір жеке үйдің ішінде ашылды.

2007 жылдың ақпан айында С. Джамбаева кітапхананы И. Алтаеваға тапсырды. Алтаева Индира Қайырбаевна 1985 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген,  БҚМУ- ді бітіргеннен кейін Озерный ауылында кітапханашы болып істеген. Оқырман саны: 189, кітап берілімі-856.

Алты ай ішінде көптеген мейрамдар өткізген. Біздің кітапханаға көбінесе оқушылар көп келеді. Сол оқушылармен көп ойындар кітапханада ұйымдастырылады. Алтаева Индира өткізген наурыз мейрамын ауыл тұрғындары жылы шыраймен айтады.

Біздің кітапхананың оқырмандары жұма сайын газеттер мен кітаптарды күтумен болады. Кітапханаға келетін газеттер:

“Дружные ребята”, “Егемен казахстан”, “Казахстанская правда”, “Ауыл тынысы”, “Экологический курьер”, “Орал өңірі”.  Жаңа кітаптарға “Жаңа кітап-жаңа сыр”кітап көрмесі шығарылып тұрады.

Алтаева Индира 2007 жылдың шілде айында сәбилі болуына байланысты демалысқа кетіп, кітапхананы мен, Рысханым Аманжолқызы Доскалиева қабылдадым.

Мен 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауылында дүниеге келдім.

1995 жылы Озерный ауылына көшіп келіп, сондағы мектепті бітірдім. Орал қаласындағы педагогикалық колледжісін, кейін БҚ инженерлік-гуманитарлық университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірдім.

Біздің кітапханаға оқырмандар жиі келіп тұрады. Ең жақсы оқитын оқырмандарымыз: О. Баженова, Н. Дусалиева, А. Берекетова, С. Мултаева, Н. Гадилов, Л.Калкаманова, Л.Евтушенко, С.Уткина, С.Дусалиев, Ж.Мусалимова, Н. Берекетов т.б. көптеген оқырмандарымыз бар .

Кітапханада оқырмандарды каталогпен жұмыс істеуге үйретеді. Кітапханаға студентер де көп келеді. Кішкентай бүлдіршіндер де кітапханамыздың оқырмандары.

Біздің ауылда мектеппен, кітапханадан  басқа баратын жер жоқ- деп айтады ауыл тұрғындары. Ендеше, біздің кітапханаға  қызық кітаптар мен газет, журналдар көптеп түсіп, оқырмандарымыз көбейе берсін дейміз.

2020 жылдан бастап кітапханада кітапханашы болып Карабалина Айнагүл Мукамбетқызы жұмыс жасайды.

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Володар ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1950ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 76/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 17

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 48

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 527

Кітап қоры: 9858 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Володар ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Темешова Бақытнұр
Жасқайратқызы

Володар ауылдық кітапханасы.

1950 жылдың аяғынан бастап адамзат неғұрлым жақсы өмір сүре бастағасын, ұжымшар шағын 4х6 м көлемді қарағайлы үй салған болатын. Бұл үйдің жоғары қабатында кітапхана орналасқан. Күндіз кітапхана жұмыс істесе, кешке клуб ретінде жұмыс жасайтын. Төменінде бала бақша жұмыс жасады. Кітапхана қорында азғантай ғана кітаптар болды. Кітапханашының есімі- Саша болатын. Оның фамилиясын қазір көбі ұмытып қалған. Саша жұмысқа алғыр, бар ынта -жігерімен істейтін. Өзі Дарьинскіде тұрып, аптасына 2 рет Гнилое поселкесіне барып тұратын. Жазда жаяу, ал қыста шаңғымен жүретін. Пешті өзі жақты. Ағаш пен тезектерді ол кезде оқырмандар әкеліп тұратын. Кітаптар аз болса да, оқи алатын оқырман қауымы көп-ақ болатын. Сол кездегі бір оқырманның айтуынша, кітап беттерін жыртпау немесе кірлетпеу үшін оларды ұқыпты ұстап, кызықты кітап үшін арнайы оқырман кезегі орын алатын. Кейіннен белгісіз себептермен Саша қызметін тастап, оның орнына Мартикова Мария атты жас қыз орналасты. Бірақ ол да көп ұзамай тұрмысқа шығып, Куйбышев қаласына кетіп қалған.

1957 жылы кірпіштен жаңа клуб салынды. Сол кез үшін ол тамаша клуб болып есептелген. Себебі басқа поселкелерде клуб заты атымен болған жоқ, ал кейбір жерлерде үй-жайға ұқсас ғимараттар кітапхана ретінде қызмет атқаратын. Жаңа клуб ғимараттың 48 шаршы метрі арнайы кітапхана үшін салынған болатын. Кітапхана қазір де сол орында жұмыс атқаруда.

Ескі ғимараттан кітапхана жаңа ғимаратқа көшті. Кітапхана жиһазы ретінде тек ауыл кеңсесінен алынған 2 орындық, 1 үстел және жергілікті ағаш ұсталары жасаған фанерадан төбеге дейін ұзындығы 3 метр болатын кітап сөрелер болатын.

1971 жылы кітапханашы болып Ақтөбенің мәдени-ағарту училищесін бітірген Г.И.Семюнчева жұмыс істеді. Көп ұзамай ол да комсомолдық жолдама алып, Набережные Челны аймағына, кейін Мәскеуге кетеді. Қазір ғылыми-техникалық кітапханада қызмет атқарады.

1974 жылы кітапхананы Н.С.Кирилина  қабылдап, зейнет жасына дейін, яғни 2006 жылға дейін, 32 жыл жұмыс істеп шығады.

Ол Трекин ауылында 1948 жылы қыркүйек айында дүниеге келген. Дарьинск орта мектебін бітіргесін, 1967 жылы Трекин 8 жылдық мектебіне  тәлімгерлік қызметке қабылданады. Жұмыс уақытында ол 2 рет Трекин ауылдық кеңесіне депутат болып сайланады, алғашқы комсомол ұйымының хатшысы болды. Аудандық комсомол комитеті Пленумының мүшесі қызметін атқарды. Өсіп келе жатқан жасөспірімдерді тәрбиелеу саласында белсенді қызметі үшін аудандық комсомол комитетінің 5 рет мақтау қағазымен марапатталып, «Ауданның үздік тәлімгері» атанады.

1970 жылы Қазақстанның ЛКЖО құрмет қағазымен марапатталады.

1971 жылы отбасы жағдайымен Володарск ауылына көшіп келді. Ауылда «Тополек» бала бақшасында тәрбиелеуші болып, 1974 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істеп шықты. 1974 жылы Володар ауылдық кітапханасына жұмысқа қабылданады.

Кітапханашы болып  істеген уақыт аралығында 3 рет Володар ауылдық кеңесіне депутат болып сайланды, ауылдың әйелдер кеңесінің мүшесі болды.

Колхоз басқармасының, кәсіподақ комитетінің шешімімен колхоздың құрмет тақтасына жазылды.

1981 жылы Семейдің кітапханалық техникумын бітірді. Жеке еңбекқорлығы және қоғамдық белсенділігі, ауыл аймағын тәрбиелеудегі қызметі үшін және еңбектегі көрсеткіштері үшін Орал облысы мәдениет бөлімінің 6 рет мақтау қағаздарымен марапатталды. 1988 жылы қыркүйек айында «Еңбек ардагері» атанды.

Кітап қоры 6430 дананы құраса, оқырман саны 420 болды.

1975 жылы кітапханалар қызмет көрсетудің орталықтандыру сипатына көшіп, әр түрлі білім салалары бойынша жаңа және сұранысқа ие әдебиеттермен қамтыла бастады. Газет-журналдар да жаңа сипатқа ие болды. Кітапхана барлық ауыл шаруашылық салаларын қамтыған болатын. Егіншілік, егін шаруашылығын суару, жем шаруашылығы, жануарлар кешені, шошқа фермасы, инкубатор, құс фабрикасы, шұжық цехы туралы көп салалық әдебиеттермен қамтылып отырды.

Кітапхана қоры 9700 данаға, ал оқырмандар саны 7300 адамға дейін өсті. Негізінен, жұмыс өндірістік аймақтарда, фермада,  дем алатын бөлмелерде, егістік орындарда жүргізілетін. Адамдар қызығушылықпен партиялық және комсомол ұйымдарымен бірге іс-шараларға қатысты.

Кітапхана кітаптарымен қызмет көрсетіп отырды және педагогикалық ұжыммен бірге мектепте жаппай шаралар өткізіп отырды. Кейіннен кітапханаға жаңа кітаптар қоятын сөрелер келіп түсті. Кітапхана іші тарыла бастады. Тек кітапханашының үстелі, оқырмандарға арналған 1 үстел қалды.  Кеңес үкіметі  құлаған жылдары кітапхана мен клуб жарықсыз және жылусыз  қалды. Бірақ 2002 жылы алдыңғы қатарлардың бірі болып кітапхана және клуб газбен жылытылған болатын.

Оқырмандар қайта кітапханаға тартылған. Жаңадан кітаптар жақсы түсе  бастады. Балалар әдебиетіне арналған кітаптар аздау. Адамдар соңғы кезде үйлерінде әр түрлі техника құрылғыларын (DVD, компьютер) ұстайтындықтан олардың кітапханаға сұранысы біршама азайды. Бірақ балалардың әдебиетке деген сұранысы керісінше көбейіп отыр.

2017 жылдан бастап кітапханада кітапханашы қызметінде Темешова Бақытнұр Жасқайратқызы.

 

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Горбунов ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1967 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 76/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 31

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 35

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 101

Кітап қоры: 6331 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны  Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Горбунов ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Краснова Анна Александровна

Горбунов ауылдық кітапханасы

Горбунов ауылында алғашқы кітапхана 1967 жылы жер үйден ашылғанда кітапханашы болып А.Сатаева жұмыс жасаған. Онда барлығы 800 дана кітап қоры болған.1979 жылы кітапхана бұрынғы клубпен бірге жаңа орынға кішіріледі, ол кезде кітап қоры 1900 данаға жеткен. Кітапханашы болып Н.П.Мановицкая жұмыс жасаған.1980 жылы Анна Александровна Краснова кітапхананы қабылдап алғанда кітап қоры 2036 дана болады. 15 ш.м. болатын 1 бөлмелі кітапханада от жағылып, кейін электр қуатымен жылытылды.Сол жылдары кітапханада жан-жақты жұмыс жасайтын қызыл бұрыштар ұйымдастырып, дала қостарында көрнекті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жар газеттері мен найзағайлар шығарылып, социалистік жарыстың барысы мен қорытындыларын насихаттап, жеңімпаздарын марапаттап отырды. Сонымен қатар, дала қостарына кітаптар мен мерзімді басылымдар апарылып, таныстырылып қызмет көрсетіліп тұрды.

1993 жылы Горбунов кітапханасы бұрынғы балалар бақшасы үйіне көшіріліп, күні бүгінге дейін сонда жұмыс жасайды. Мектеппен бірлесе отырып, кітапхана

көптеген мәдени-көпшілік шаралар өткізіп, оған оқушылар мен ата-

аналар да белсенді қатысып отырады.

Ол шаралар танымдық, тақырыптық кештер, «КТК», «Ғажайып алаң», т.б. көңілді ойын түрлері.

Әр көктем сайын Наурыз мейрамы кеңінен мерекеленіп, оған ауылдың кәрі – жасы толық қатысады, бұл мерекені өткізуге ауылдың белсенді тұрғындары қолдау көрсетіп, көмек беріп келеді. Наурыз мерекесінде көңілді жарыстар ұйымдастырылып, атпен серуендеп, ұлттық ойындар ойналып, рәсімдер көрсетіледі, мереке ертеңнен кешке дейін жалғасады.

Кітапхана ауылдағы бірден-бір мәдени орталық болғандықтан, барлық мемлекеттік мерекелердің өз дәрежесінде өтуіне үлес қосып келеді, оған ауылдың Ұлы Отан соғысы ардагерлері, олардың жесірлері, еңбек ардагерлері шақырылып, оларға мерекелік дастархан мәзірі ұсынылып, концерттік нөмірлер қойылады.

Кітапханашы А.А.Краснова 2007 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжісінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірді. Қазіргі кезде кітапхананың кітап қоры 5400-ден астам, жылына 100 шақты оқырманға 3000-ға жуық кітап берілімін қамтамасыз етеді.

Алғашқы тың игерушілермен                     «Хозяюшка» клубының кезекті

кездесу кеші                                                         отырысы    1987 жыл.

 

 


Мекеме  төлқұжаты. 

Мекеме атауы:                                        Дариян  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1925ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    83

Облыс орталығынан арақашықтығы   24

Ғимараттың  түрі:                                 бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                          256

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    2038

Кітап  қоры:                                         71655  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы   Бәйтерек  ауданы     Дариян ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:  Сұлтанғалиева Шолпан      Нығыметқалиқызы

Кітапхана тарихы
Дарьинск ауылдық кітапханасы.Дарьинск ауылдық кітапханасы – аудандағы ең байырғы кітапханалардың бірі. Ол 1925 жылы ашылған. Кітапхана қорында 103 кітап, 20-ға жуық оқырманы болған.
Кітапхана ауылдық кеңестің ішінде орналасып, кейін мектепке көшірілген. Соғыс кезінде кітап қоры ауыл тұрғындарының талан-таражына түсіп, тек орыс тілінде бірнеше кітаптар ғана қалған. Бірте-бірте кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылды. 1971 жылы кітап қоры 24634 дана болар еді, бірақ кітапхана екі рет өртенген (1956 ж.,1969 ж.), сондықтан оның қоры 18907 дананы құраған. Кітапхана меңгерушісі Т.В. Щелокова болған.
1954 жылы аудандық кітапхана жанынан балалар кітапханасы ашылып, меңгерушілікке Е.В.Синицкая тағайындалды.
Күн сайын Дарьинск кітапханасы 70-ке жуық оқырманға қызмет көрсетіп, 190-250 кітап беріліп отырған. Кітапхана жабдықталған ғимарат ішінде орналасқан.
Сол кезде кітапханада үш қызметкер жасаған. Ол Л.Е.Денисенко, Н.В.Чейкина кітапхана меңгерушісі М.Н. Гришина болған.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының «Еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру және ғылыми-техникалық өрлеу жолындағы кітапхананың рөлін көтеру» туралы қаулысы шығып, Орал облысында жалпылай кітапханаларды орталықтандыру жоспары қабылданды.
Ең алғашқы орталықтандырылған кітапхана жүйесі 1974 жылы қазан айында құрылған Приурал ОКЖ-сі болды. Оның қарауында 39 кітапхана-филиалы және 286260 дана кітап қоры болды. Алғашқы ОҚЖ директоры З.Рачева тағайындалып жұмыс істеген.
Олардың қызметін жыл сайын 17 мыңнан астам оқырман пайдаланып, 350 мың дана кітап беріліп отырған.
Кітапхананың орталықтандырылуына байланысты көптеген бөлімдер: әдістемелік бөлім, жинақтау бөлімі, БҚҰжП бөлімі, оқырманға қызмет көрсету бөлімі, балалар кітапханасы (меңгерушісіП.В.Чурилина) ашылған.

Алғашқылар арасында.

(1977–1986жж.) ОКЖ директоры болып А.Н.Томяк тағайындалды. Ол кітапхана жүйесінде 9 жыл қызмет істеді.
А.Н. Томяк Украинадағы Черновицкая облысы, Северное Буховина ауылында дүниеге келген. 1944 жылы күзде ол 1-ші Украина майданының 4-ші дивизиясы, Сандомирский плацдармы, 10 артиллерия корпусына әскери қызметке алынған. Ол Чехословакияны азат етуге полктің барлау бөлімшесінде жүргізуші болып, Берлин шабуылына қатыстқан. 1950жылы әскери қызметтен босанып, 1959 жылы наурыз айында Қазақстанға келген.

Басында мектепте, ауыл кітапханасында қызмет істеп, ал 1977-1986 жылдары ОКЖ-нің директоры болып тағайындалды.

 

 

Директор қарамағында кеңестер өткізіліп, орталықтандыру және де басқа кітапхана ісі туралы мәселелер қаралып, аудандағы кітапханалар жұмысы табысты, жетістіктермен жүргізілді. Ол жиі-жиі оқырмандар алдында сөз сөйлеп, пікір алысты, газеттерге мақала жазды. Оның кейбір мақаласы «Культурно-спортивные комплексы в действии» кітабында басылған.
Ал 1986-1997 жж. кітапхана жүйесін Л.П.Вербицкая басқарған. Л.П.Вербицкая Орал облысы Приурал ауданы Рубежка ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін сол мектепте пионервожатый қызметін атқарған. Орал пединститутын бітіргеннен кейін ауданның шақырумен райком комсомолда, пионерлер үйінің директоры қызметін атқарған. 1986-1997 жылдары ОКЖ-нің директоры болып тағайындалды.
Осы жылдары жинаған тәжірибемен ОКЖ алдыңғы қатардағы озаттар мектебіне айналып және соның негізінде республикалық, облыстық семинарлар, ғылыми практикалық конференциялар өтіп жүрді.
Аудандық кітапханадағы бөлімдер – әдістемелік, жинақтау, оқырмандарға қызмет көрсету барлығы да өз жұмыстарын қызығушылықпен атқарған. Қызмет көрсету бөлімі М.Ж.Актауованың басшылығымен әр түрлі шаралар өткізді.
Приурал ОКЖ-сі Бүкілодақтық мәдение
және өнер мекемелерінің арасындағы соцалистік жарысқа белсенді түрде қатысып жүрген.

 

 

 

ОКЖ-нің кеңінен дамыған жылжымалы пункттер арқылы (105): фермалар, ауруханалар, шеберханалар – кітап оқырмандарға жақын болып және әр топтағы оқырман мүддесі ескерілген.

 

Ең алдымен жасөспірім оқырмандармен жұмыс
жасауға көп көңіл бөлінген.
Бесжылдықта оқырман саны 3 мыңға өсті. Көбіне ОКЖ-де жүйе ішіндегі кітап алмасуға көп көңіл бөлініп және айналмалы поштамен филиалдарға үнемі іріктеп алынған тақырыптық әдебиеттер жеткізіліп тұрған.

 

 

Оқырмандарға қызмет көрсетудің жақсаруы, ақпараттық жұмыстың дамуы жиынтық анықтама аппарат жүйесін құруға көмектесті. Каталогтардан басқа, газет-журнал мақаласының картотекасы, өлкетану мен библиографиялық құралдар жүргізілген.
Орталық аудандық кітапханасы мен кітапхананың әдістемелік жүйесі үнемі әдістемелік және тәжрбиелік көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін, ай-сайын семинарлар, практикумдар өткізу үшін ауылдық филиалдарға шығып және әдістемелік құралдар шығарып тұрған.

 

Приурал ОКЖ-сі Бүкілодақтық байқау-сайысының жеңімпазы: ол кітапхана жұмысы, қоғамдық-саяси, ауыл шаруашылық әдебиетін насихаттау байқауы, Республикалық ауыл кітапханалары байқауы, ауыл халқына тұрақты кітапханадан тыс қызмет көрсету және дәрістік насихаттау байқауы.

Бірнеше жыл бойы Приурал ОКЖ-сі құрмет жалауын ұстап келді, ал 1980 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық қәсіподақ ұйымының ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды.
ОКЖ-нің 9 кітапханасы «Үздік кітапхана» атағын алып жүрген. Осы жылдары аудандық кітапханада М.Н.Гришина, В.Н.Соколова, Р.А.Бабий, У.Бекмурзиева, М.Ж.Актауова, Л.Е.Денисенко, Н.В.Чейкина, Л.К.Скачковалар қызмет істеді.

 

1997 жылы аудандарды онтайлау кезеніңде бұл кітапхана Зеленов ауданы ОҚЖ- нің филиалы – ауылдық кітапхана болып саналады.
Кітапхана қоры – 36534 дана кітап құрайды, 1900 – оқырманы, кітап берілімі 40000 дана, 10 кітапханашы қызмет істейді.
Дарьинск ауылдық кітапханасы оқырмандармен белсенді жұмыс жүргізіп тұрады: кітап көрмесі, тақырыптық сөрелер ұйымдастырылып кітапханамен танысу экскурсиясы өткізіледі, әр түрлі ойын, сайыстар, әңгімелер, дөңгелек үстелдер өтеді және қызықты кездесулер клубы жұмыс жасайды.

2001 жылдан бастап ауылдық кітапхана ересек оқырмандарға қызмет көрсетіп отыр, оның ішінде қызметкерлер, зейнеткерлер, студенттер, ауылдағы екі мектептің жоғары класс оқушылары. Оқырман саны 2000-ға жетіп, кітап берілімі -47000 данаға өсті.

 

Кітапханада 5 кітапханашы жұмыс жасайды. Кітапхана меңгерушісі Т.М.Бердыкулова осы лауазымға 2001 жылы тағайындалды, ол осы кітапханада 1983 жылдан бастап жасайды.

 

 

 

Библиограф О.Е.Пальгова 1984 жылдан қызмет атқарып келе жатқан, білімді, сауатты маман болып саналады.

 

 

Кітапханашы М.Ж.Актауова- 1970 жылдан 2008 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін жемісті еңбек етті.
Кітапханашы Л.П.Ивашкова 1992 жылы кітапхана жұмысына кірісіп, тәжірібелі маман болып шықты. Кітапханашы Б.К. Сарсенбекова кітапханаға 2005 жылы келіп жұмыс жасап жүр.
Ауылдық кітапхананың ерекшелігі – ол ірілендірілген кітапхана, сондықтан әдістемелік ретінде де жұмыс жасайды.

 

Переметный ауылы ОКЖ директорының орынбасары М.Н.Каюбов лауазымды 2003 жылдан атқарып, ұйымдастыру жұмысын жүргізеді. Кітапхана қызметінде суретшінің рөлі де маңызды, бұл жұмысты суретші Е.Е.Берниязов 2003 жылдан бастап атқарады.
Дарьинск ауылдық кітапхана ұжымы барлық күштерін жұмсап, белсенділігімен, қызығушылықпен оқырмандарға қызмет көрсетіп жүр. Ауыл тұрғындары мен оқырмандар кітапхана ұжымын құрметтейді.

 

 

Қазіргі таңда кітапхана меңгерушісі –Сұлтанғалиева Шолпан Нығыметқалиқызы, кітапханашылар – Ивашкова Любовь Павловна, Гизатова Динара Сахинжанқызы.


                               Дариян  модельді ауылдықбалалар кітапханасы

 Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Дариян  модельді ауылдықбалалар кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1954 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    83

Облыс орталығынан арақашықтығы    24

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                          141

Меншік  түрі:                                         мемлекеттік

Оқырман саны:                                     2025

Кітап  қоры:                                          21601  дана

Қызмет көрсету  түрі:                         тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы Бәйтерек  ауданы    Дариян ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Саманюк Лилия Авдеевна

Кітапхана тарихы

Дариян ауылдық модельді балалар кітапханасы.

Дарьинск ауылында балалар кітапханасы Коммунистический көшесіндегі ескі мектептің ғимаратында орналасып еді.

 

 

 

Кейін балалар кітапханасы ғимараттан ғимаратқа көшіп жүріп, 1976 жылы жаңа мәдениет үйіне көшті.

 

 

 

 

 

Балалар кітапханасының бөлмелері мәдениет үйінің сол жақ қанатында орналасқан.

 

 

 

Алғашқы кітапханада тек бір бөлме болған. 1990 жылы балалар кітапханасы екінші бөлме алып, оқу залын ашады.

1998 жылы бөлмелерін кенейтіп бүгінгі күнге дейін пайдалануда.

 

Кітапқа арналған ғұмыр.

1954 жылы аудандық кітапхана жанынан балалар кітапханасы ашылып меңгерушілікке Синицкая Евдакия Васильевна тағайындалды. Кітапхана қорында 7 мың дана кітап және кітапшалар болған.

Приурал аудандық мәдениет бөлімінің 1955 жылы 21 мамырдағы  №55б ұйрығымен балалар кітапханасы ашылған.

1955 жылдан бастап балалар кітапханасы бірінші кітап берілімін жасап жұмысын бастады.

 

 

 

 

Балалар кітапханасының меңгерушісі қызметіне аудандық кітапханадан Чурилина Полина Васильевна.          /Бұйрық 55. 1955 жылы 21 мамыр айы. /

Осы мезгілден балалар кітапханасы өзінің  жұмысын бастайды.

 

 

 

 

 

1963 жылы 10 қаңтарда балалар кітапханасы жабылып, қызметкерлері қысқартылған.

1964 жылы 24 наурыз айында балалар кітапханасы өзінің екенші туған күнін мерекелейді.

Мектеп кітапханасы қорынан 4 мын дана кітап беріліп, жаңа кітапхана іске қосылды. Меңгерушілікке аудандық кітапханадан Кулясова Светлана Алексеевна тағайындалады. Екінші кітапханашы орнына Старцева Прасковья Артемовна қабылданды. Екі жылдан кейін ол 1984 жылы меңгеруші болып тағайындалған. П.А.Старцева балалар кітапханасында 24 жыл  жұмыс істеген.

Балалар кітапханасының алғашқы қызметкерлерінін бірі – Абдрахманова Сабиля Бахтегереевна. Ол балалар кітапханасының   оқу залында 1жыл жұмыс істеді.

Бабий Раиса Александровна – кітапханада 1978 жылдан  – 1984 жылға дейін жұмыс жасаған.

Балалар кітапханасында жұмыс жасаған қызметкерлер:

Абонемент бөлімі:

Стольникова Наталья  Владимировна

Ким Наталья Сарановна

Атрышко  Людмила Михайловна

Демяшева Мария Павловна.

Шамнэ Наталья Леонидовна.

Победимова Наталья Павловна.

Есетова Гуля

 Оқу залы:

Гришена Мария Николаевна – 1973-1974жж.

Соколова Вера Николаевна.  – 1973-75 жж.

Нечаева / Темляк / Елена Георгиевна. – 1980-1990 жж.

Луговая /Зрячкина / Маргарита  Георгиевна (детский библиограф )2004-2006жж

Ульянова Светлана Владимировна  – 2005 -2006жж

 

Приурал ОКЖ – сінде алғашқы меңгерушісі болып 1972 – 1976 жылдары Рачева Зинаида Георгиевна істеген.

Бүгінгі таңда абонемент бөлімінің кітап қорында -21 мың дана кітап және кітапшалар бар.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы болып 1998 жылдан  Мухамбетова Канзиля Мухитовна жұмыс істеп келеді.

Оқу залында Макеева Лиана Александровна 2002 жылдан  бері қызмет жасайды.

2005 жылдан бастап балалар кітапхананың меңгерушісі болып Саманюк Лилия Авдеевна жұмыс жасап келеді.

Кітапхана 1954 жылдың көктемінде, 7 мың кітап қорымен оқырмандарына алғашқы есігін ашқан еді. Жарты ғасырға жуық ғұмырында ол үнемі қанат жайып, нығайып, өз жұмысына жаңалықтар енгізді. Бүгінгі күні кітапхана – балалар кітаптарының, балалар оқуының заманауи ақпараттық орталығы, демалыс және пікір алмасу, балалар мен жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету жұмысы бойынша үйлестіруші және әдістемелік орталықтары болып табылады.

 

Кітапхананың  көптеген  жылдар бойы балалармен жан-жақты жұмыстануларының арқасында Зеленов ауданының  Дариян ауылында 2013 жылдың  маусым  айының 1-і күні Дариян ауылдық балалар кітапханасына   «Модельді ауылдық балалар кітапханасы» статусының берілу    салтанаты   болып өтті.

Дариян ауылдық кітапханасына моделді ауылдық балалар кітапханасы статусы тектен текке берілген жоқ, ол осы кітапханада ұзақ жылдар бойы тұрақты еңбек етіп келе жатқан кітапхана меңгерушісі Л.А.Саманюк, кітапханашылар К.М.Мухамбетова, Л.А.Макеевалардың  еңбектерінің жемісі. Бұл қызметкерлер жаңа технологияларды меңгерген, әрбір оқырманмен жеке-дара да, топтастырып та жұмыс істеуге қабілетті.

Дариян ауылдық балалар кітапханасы кішкене бүлдіршіндерден бастап жоғары сынып оқушылары, балалар оқуының жетекшілері, ата-аналар басқа да оқырман топтары үшін ақпарат пен білім орталығы, сонымен бірге пікір алмасып, шығармашылық даму және демалыс орны деп айтсақ қателеспейміз.  Мерзімді басылымдардың сан-алуан түрлері мен 21000 дана кітап және кітапшалары бар, ғаламтор желісіне қосылған компьютерлер, басқа да техналогиялармен жабдықталған кітапхана әрбір оқырманның қажетті талап тілектерін орындап, жаңа ақпарат көздерін дер кезінде пайдалана отырып, 1564 оқырмандарына сапалы қызмет көрсетеді. Балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, экологиялық тәрбие, өлкетану бағытында білімдерін толықтыру, салауатты өмір салтын ұстануларына қалыптастыру кітапхананың негізгі бағыттары болып саналады. Соның ішінде экологиялық тәрбие  беру мақсатында «Табиғатпен үйлесімде өмір сүр» атты экология  бағытындағы бағдарлама 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл  бағдарламаның мақсаты жас ұрпақтың санасында экологиялық тәрбие қалыптастыра отырып, елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға баулу; табиғат әсемдігін көре білуге, саясындағы жанды – жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған өлке табиғатына сүйіспеншілік, мақтаныш сезіммен қарауға тәрбиелеу; табиғаттың адам өміріндегі маңызын сезінуге, қазіргі табиғаттың экологиялық жағдайын түсінуге баулу; қоршаған орта туралы танымдарын молайту; табиғатты қорғау істерімен, соның ішінде «Қызыл кітаппен» таныстыру.

«Экология өзіңнен басталады» және «Балдырғандарға экология туралы» бөлімі бойынша  кітапхана ауылымыздағы бала-бақша, шағын орталық және мектеп алды даярлық топтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

«Айналаңды тану арқылы, өзіңді таны» бөлімі 1-4 сыныптар үшін «Табиғат әлеміне» ойын саяхаты, «Цветик – семицветик» ертеңгілігі, «Эти забавные животные» брейн-рингі , «Құстарды қарсы алайық» балалар мерекесі т.б.

«Табиғатқа дос болып кір» бөлімі 5-7 сыныптар үшін «Туған өлкеңнің табиғатын білесің бе?» сайыс, «Табиғат қауіп-қатерде», «Жайықтың жасыл әлемі» пікірталастары, «Дариян ауылының экологиясы»,  «Жасыл дәріхана» экологиялық сағаттары, «Бір шырпының құны»,  «Экология және денсаулық» өзекті мәселе сағаттары, «Адам – ол кім? Табиғат падишасы ма, әлде оның қарапайым тіршілік иесі ме?» ой салу сағаты сынды шаралар оқырмандардың барлық топтарымен ұйымдастырып өткізіліп тұрады. Сонымен бірге түрлі   жоғары сынып оқушылары үшін «Жер – біздің ортақ үйіміз», «Қорықтар еліне саяхат», «Қазақстан экологиясының қазіргі жағдайы» экологиялық презентациялары, балдырғандарға «Ғаламшарымызды көгілдір және жасыл етіп сақтаймыз», «Жасыл әлем сенің көзіңмен», «Болашақтың ғаламшары» сурет сайыстары ұйымдастырылып өткізілді. Бірнеше жылдан бері кітапхана мектеп жанынан құрылған «Жасыл ғаламшар» эко үйірмесімен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл үйірменің ұраны «Өмір жақсы істер үшін берілген». Үйірме мүшелерімен бірлесіп түрлі акциялар ұйымдастырып, өтуіне ат салысты. Мысалы: «Ағаш отырғыз, өмірің ұзарады», «Шолохов аллеясы»,  «Біз таза ауылды таңдаймыз», «Ең таза аула», бұндай акциялар жылма-жыл өткізіліп тұрады, үйірме мүшелері өз қолдарымен жасаған эмблеманы ұқыпты, таза, өсімдіктері талғаммен отырғызылған әдемі аулаларға іліп қояды. «Үлкен көлі суының сапасын анықтау», «Үлкен көлінің жағасының тазалығы», «Құстарға жем сауыт» акцияларына да балалар үлкен жауапкершілікпен қатысып, туған өлкелерінің табиғатының таза болуына үлес қосып отырады.

Кітапхана жанынан бастауыш сыныптары үшін «Балдырған» әуесқойлар мен білімдарлар  клубы, барлық оқырмандар топтары үшін  кітапхана суретші безендірушісінің көмегімен «Акварелка» үйірмесі, мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесіп «Жұмсақ ойыншықтар» үйірмесі жұмыс істейді. Осы үйірмелердегі жұмыстар, балалармен өткізілген танымдық кездесулер, сұрақ-жауаптар, сайыстар, ойындар т.б әр-алуан шаралар оқуға деген қызығушылықты арттырумен қатар, балалардың шығармашылықтарының ашылуына, сөйлеу мәнерінің дамуына көмектеседі.

 

 

5.07.2018 ж.  Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасының  жанынан  мәдениет ағарту және бос уақыт өткізу орталығы ретінде «Шабыт» коворкинг – орталығы ашылды. «Шабыт» коворкинг  орталығының  кітапханашысы қызметіне   Кунуспаева Марзия Маратқызы тағайындалды. Қазіргі таңда кітапханада меңгеруші –Саманюк Лилия Авдеевна, кітапханашылар Макеева Лиана  Александровна, Есен Нұржанар Мақсатқызы жұмыс жасауда.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Достық ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                    1957 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     64/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     54

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/               19

Меншік  түрі:                          мемлекеттік

Оқырман саны:                       1270

Кітап  қоры:                           21719  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы

Бәйтерек  ауданы

Достық  ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Кенжегалиева Зоя Төлегенқызы

 

Достық ауылдық кітапханасы.

Ауылдың бірінші кітапханашысы – Дядченко Валентина Ивановна. Ол Достық ауылына, бұрынғы Фурманов ауылы, жап-жас қыз күнінде келді. Валентина Ивановна 1954 жылы техника жөндейтін «Казсельхозтехника» мекемесінде кәсіподақтық кітапханаға кітапханашы, одан кейін  1957 жылы  ауылдық кітапхана меңгерушісі болды. Кейін ол Фурманов ауылындағы мектеп кітапханасына ауыстырылды.

1958 жылы Рузалия Акрамовна кітапханалық техникум бітіріп, тәжірибе алуға ауылға  келіп, осында   тұрғылықты жұмыс істеп қалды.

Рузалия Акрамовна 1998 жылы зейнеткерлікке кеткенге дейін кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Рузалия Акрамовна тек өз ісімен ғана шұғылданып қойған жоқ, ол ауыл өміріне белсенді күш-жігерімен қатысты: ауылдық кеңестің  депутаты болды, бүкілодақтық халық санағына қатысты, Рузалия Акрамовна  барлық мәдени шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыра білетін, оқырмандар  арасында сыйлы, кітапханалық қызметіне білгір маман ретінде,  құрметке ие болды.

1981 жылы 6000 дана кітап қорымен №38 ауылдық балалар кітапханасы ашылды. Балалар кітапханасына жұмыс істеуге Галина Каракушевна Иманмухамбетова  келеді. Кішкентай оқырмандар лезде оны жақсы көрді. Ол балалармен қызықты ертеңгіліктер, «ертегілер әлемі» т.б. шаралар өткізіп балаларды өэіне баулап алды.

1998 жыл штаттардың қысқартуымен ауыл мен балалар кітапханасын  біріктірді. Кітапханада кітап қоры 20000  дана болды. Кітапханашы Галина Каракушевна жұмыстың қиындықтарын жеңе отырып, оқырман арасында құрметті кітапханашы атанды.

2011 жылы Г.К.Иманмухамбетова зейнеткерлікке шығып, орнына педгогикалық жоғары білімі бар Зоя Төлегенқызы Кенжеғалиева келді.

Зоя Төлегенқызы жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, ауылдық қоғамдық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, әр түрлі шаралар өткізіп жүрген белсенді қызметкер. Қазіргі таңда кітапхананың кітап қоры21330 дана, 2012 жылы 849 оқырманға қызмет көрсетіп, 18290 кітап берілімін қамтамасыз етті.

З.Кенжегалиеваның еңбектері:

Кенжеғалиева, З. Тіл – татулық пен ынтымақтың тірегі: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында / З.Кенжеғалиева // Ауыл тынысы.- 2011.-24 қыркүйек.- 2 б.

Кенжеғалиева, З. Қарттарым, аман-сау жүрші.// Ауыл тынысы.-2013.-18 қазан.-4 б.

Кенжеғалиева, З.  «Он төрт» туралы ой бөлісті: кітап талдау / З.Кенжеғалиева // Ауыл тынысы .- 2017.- 6 қазан .-6 б.

Кенжеғалиева, З.  Менің мақтанышым – менің ауылым: әдістемелік құрал (Достық ауылы туралы) / құраст.: З.Кенжеғалиева; Достық  ауылдық кітапханасы. – 2018.- 26 б.

Кенжеғалиева, З. Жыр-жүректің бұлағы: әдістемелік құрал (ақын Қ.Ғұбайдоллаұлының шығармашылығы) / құраст.: З.Кенжеғалиева; Достық ауылдық кітапханасы .-2018.-38 б.

Кенжеғалиева, З. Қолөнер – рухани байлық : «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында / З.Кенжеғалиева //Ауыл тынысы .-2018.- 2 қараша .- 8б.

Кенжеғалиева, З. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы: әдістемелік құрал (ақын Ә. Тәжібаевтың шығармашылығы) / құраст.: З.Кенжеғалиева; Достық ауылдық кітапханасы .- 2019.-19 б.

Кенжеғалиева, З. Шоқ шашқан шежіре: әдістемелік құрал (Ғ.Қараш шығармашылығы) / құраст.: З.Кенжеғалиева ; Достық ауылдық кітапханасы.-2020.-20 б.

Кенжеғалиева, З. Мы гордимся и чтим!: әдістемелік құрал (посвящённый 75-летию Победы) / құраст.: З.Кенжеғалиева; Достық ауылдық кітапханасы .-2020.-19 б.

Кенжеғалиева, З. «Бір ел-бір кітап» акциясы: әдістемелік құрал (ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап) / құраст.: З.Кенжеғалиева; Достық ауылдық кітапханасы.- 2021.- 18 б.

Кенжеғалиева, З. Көркем сөздің кемеңгер ұстасы : әдістемелік құрал (жазушы Ғ.Мүсіреповтің  шығармашылығы) / құраст.: З.Кенжеғалиева ; Достық ауылдық кітапханасы.-2022.-36 б.

Басылымдарда:

Уразова Т. Қазақтың қадірлі Қадыры: Қ.Мырза-Әлінің шығармашылығы  / Т.Уразова // Ауыл тынысы.-2011.-21 желтоқсан.-6 б.

Шағатай Л. «Оқырман отбасы -2013»: Облыстық байқау / Л.Шағатай // Орал өңірі .-2013.-21 мамыр.-6 б.

Қазиева Қ. Отбасы –тәрбиенің іргетасы: Байқау / Қ.Қазиева // Ауыл тынысы.-2015.- 20 қыркүйек. – 5 б.

Аязбаева, Г. Әуезовтың әсем әлемі : «Оқы да биіктен көрін» жобасы аясында / Г.Аязбаева // Ауыл тынысы .- 2016.-28 қазан.-8 б.

Насыр, Д. Ауыл кітапханаларының фестивалі: Облыстық жоба / Д.Насыр // Ауыл тынысы .- 2017.-22 қыркүйек.- 12 б.

Аязбаева Г. «Ұлттық мұра –ұрпаққа аманат»: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы және «Рухани қазына» бағдарламасы аясында / Г.Аязбаева // Ауыл тынысы.-2019.-9шілде .-5 б.

Абай күні қарсаңында: Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туған күніне орай // Ауыл тынысы . -2020.- 12 тамыз.- 8 б.

Аязбаева Г. Қыз жасауының жөнін білесіз бе?: ойталқы / Г.Аязбаева // Ауыл тынысы.-2021.-6 шілде.-8 б.

Болпышұлы А. Достықты нығайтқан шара : «Бір ел-бір кітап» акциясы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында / А.Болпышұлы // Ауыл тынысы .-2021.-5 қазан .-7 б.

Жылдағы дәстүр бойынша  кітапхана мен жыл бойына үздік еңбек еткен кітапханашылардың еңбегі бағаланып, рейтинг бойынша үздік деп танылған кітапхана мен кітапханашы жайында бейнебаян жасақталды да кітапханашыларға арналған семинарда тамашаланды. Биыл «Жылдың үздік кітапханашысы – 2021» аталымы Достық ауылдық кітапханасына бұйырып, үздік деп танылғаны үшін вымпел мен ақшалы сертификат және бағалы сыйлық табысталды.

Қазіргі таңда кітапхана меңгерушісі – Кенжегалиева Зоя Төлегенқызы, кітапханашы Қапсанова Гүлжахан Бақтығалиқызы.

 

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Егіндібұлақ ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1950 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    33

Облыс орталығынан арақашықтығы   71

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         52

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    300

Кітап  қоры:                                         12835  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы

Бәйтерек  ауданы

Егіндібұлақ ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:   Алхамова Данагүл Тілекқызы

Егіндібұлақ ауылдық кітапханасы.

Цыганов (2004 жылдан Егіндібұлақ деп аталады) ауылының кітапханасы 1950 жылы ашылды. Алғашқы кітапханашы болып Ширнина Людмила 1 жыл еңбек етті, содан соң Болдырев Михаил Васильевич істеді.
1952 жылы ауылға Шапошникова Тамара Михаиловна көшіп келіп, кітапхананы қабылдап алады.
Алғашқы кітапхана жер үйде болды. Бұл кітапхананың қоры аз, небары 300-дей дана болғандықтан кітапхананың да клубтың да мәселелері бірге шешілетін болды.
1959 жылы жаңа клуб салынып, соның жанынан кітапхана орын алды.
1969-71 жылдар аралығында Тамара Михаиловна Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін бітіріп, кітапханашы мамандығын игеріп шықты. Кітапхана мейірімді, жайлы, қарапайым Тамара Михаиловнаның екінші үйіне айналды. Кітапхана саласындағы қызметі үшін бірнеше рет аудандық мәдениет бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды және 1978 жылы “социалистік жарыс жүлдегері” атағына ие болды.

1982 жылы Тамара Михаиловна Топорков ауылдық кеңесінің хатшысы болып жұмысқа ауысты да, оның орнына қызы Шапошникова Елена Владимировна кірді.
Елена Владимировна 1982-84 жылдар аралығында Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін оқып бітіріп, содан соң Куйбышев қаласындағы мәдениет институтына түсіп, 1991 жылы бітіріп шығады.
Ол кітапханаға жаңа оқырмандарды көптеп тартып, олардың сұраныстарын қанағаттандыра білді. Ең бастысы, ауыл тұрғындарымен жұмыс істеп, олармен әңгіме, кездесулер, тақырыпты кештер өткізіп тұрды.

 

Елена Владимировнаның жетекшілігімен кітапхана жанынан бірнеше жылдар “Родничок” клубы жұмыс істеді. Ол клубтың мүшелері өз өлкелерінің табиғатымен танысып, бос уақыттарын қызықты да мәнді өткізуге үйренді.
Елена Владимировна ауыл кітапханасында 20 жылдан астам қызмет етіп, 2000 жылы Орал қаласына қоныс аударды. Онда да өз кәсібін өзгертпей, М.Горький атындағы қалалық кітапханаға орналасты, ал ауылдық кітапхананы жеңгесі Шапошникова Татьяна Ильиничнаға тапсырды.
Татьяна Ильинична еңбек жолын 1977 жылы мектеп бітірісімен, Ақтөбе облысындағы Золотонош ауылында кітапханашы болып бастайды. 1982-84 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін сырттай оқып бітіреді. 1985 жылдан ауылдық кітапхананы қабылдағанға дейін Цыганов ауылының мектеп кітапханашысы болып істейді.
Кітапхана қазір медпунктпен бірге кең, жарық, газ өткізілген ғимаратқа орналасқан. Кітап қоры бүгінгі таңда 12530 дананы құрайды.
Татьяна Ильинична кітапхана жұмысын мектеп, ауыл әкімшілігімен байланыстырады. Халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді, тұрғындар арасында сыйлы.

 

 

Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіледі, оқырмандар оқыған кітаптарын талқылайды. Жұма сайын “балалар кітабы апталығы” өтеді. Апталыққа балалар қызығушылықпен белсене қатысады.
Татьяна Ильинична “Нұр Отан” партиясының ауылдық ұйымының хатшысы. Ауыл тұрғындары өз кітапханашыларының қызметін жоғары дәрежеде бағалайды. Татьяна Ильиничнаның зейнетке шығуына байланысты 2019 жылдан бастап қазіргі таңда кітапханашы –Алхамова Данагүл Тлекқызы.

 

 

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығын оқырман қауымға кеңінен насихаттап, еңбектерін оқырманға оқыту мақсатында облыстық «Ұмытылмас, өшпес бейне» шығарма байқауы ұйымдастырылып, оған Егіндібұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Ешниязова Мерует қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп, 10000 теңгелік сертификат табысталды, ал қатыстырған кітапханашы Данагүл Алхамова алғыс хатпен марапатталды.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Зеленый-2 ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2009 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 53/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 8

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 12

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 155

Кітап қоры: 6363 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленый-2 ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кужанова Нұргүл Жұмамұратқызы

Зеленый ауылдық кітапханасы

 

Зеленое ауылдық кітапханасы Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ауылдық окугінің аймағында Зеленое-2 ауылында орналасқан.

Зеленое ауылы аудан орталығынан … км қашықтықта, ауылда 100 үй орын тепкен. Тұрғын саны аз болғандықтан балабақша, мектеп жоқ. Ауылда көкініс шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы бар.Тұрғындардың көпшілігі зейнеткерлер шаруақожалығында жұмыс істейтін жұмысшылар.  Медициналық пункт жұмыс істейді. Кітапхана мед. пункт гимаратында орналасқан.

2009 жылдың 30 сәуірде Рожков ауылдық кітапханасы жабылып, Зеленый-2 ауылына көшірілді. Кітапхананың аумағы 10м2.  Кітапхана ашылғанда 5582 дана кітап қоры болса, қазіргі кезде 5812 дана кітап қорымен, 3000-дай кітап берілімімен 170 оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Кітапхана ашылған сәттен бастап, 1971 жылы туған Калиева Алтынай Кенесовна кітапханашы қызметін атқарып келеді. Жұмысқа орналасқан соң Орал гуманитарлық колледжінің кітапханашы мамандығына оқуға түсіп, тәмәмдады.

2016 жылдан бастап кітапханашы Кужанова Нұргүл Жұмамұратқызы.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Жалын ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1975

Аудан орталығынан арақашықтығы 76/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 19

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 24

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 165

Кітап қоры: 6427 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Жалын ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Сисенгалиева Индира Газезовна

Жалын (Зенит) ауылдық кiтапханасы.

Кiтапхана ашылған сәтiнен бастап Денисова Валентина Васильевна 1983 жылға дейін жұмыс жасаған. 1983 жылдың қазан айында Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің түлегi М.С.Бикбау  кiтапхананы қабылдап, 1987 жылға дейiн кiтапханашы болып істеді. 1987 жылы Бикбау Мугульсум Софиқызы Алматы қыздар педагогикалық  институтының кiтапхана  факультетiне түстi. Сол жылдан бастап Ақтөбе мәдени-ағарту училищесiнiң  кiтапханашылық бөлiмiн бiтiрген Бикбау Марзия кiтапхананы қабылдап, 2011 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді. 2011 жылғы сәуірдің 1-інен бастап Гуля Маратқызы Бикбау қабылдап алды. Ол Орал гуманитарлық колледжін кітапхана ісі мамандығы бойынша 2009 жылы бітірген.Бүгiнгi күнде бiздiң кiтапхананың қорының саны да, сапасы  да, жай-күйі де өзгердi. Кiтап сөрелерiнен сiз әр түрлi жанрдағы шығармаларды көресiз. Кітап қоры 5495 дананы құрайды.

Кiтапхананың шағын орнына қарамастан, мұнда түрлi жастағы оқырмандарды көруге болады. Бастауыш сынып оқушылары, жасөспiрiмдер, мұғалiмдер, зейнеткерлер жылына 230-дан астам оқырман кiтапхана қызметiн пайдаланады. Факел ауылдық кітапханасы боп тұрғанда 26 тамыз 2014 жылдан бастап кітапханашы Сисенгалиев Ибрагим Жукович жұмыс жасады.

2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап кітапханашы қызметінде –Сисенгалиева Индира Ғазезқызы.

 

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Жамбыл ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: –

Аудан орталығынан арақашықтығы 46/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 15

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 20

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 300

Кітап қоры: 4508 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Жамбыл ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Амандәулетова Фарида Орынбасарқызы

Жамбыл ауылдық кітапханасы

 

Жамбыл ауылдық кітапхана-филиалы Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ауылдық окугінің аймағында Жамбыл ауылында орналасқан.

Жамбыл ауылы аудан орталығынан 62 км қашықтықта, ауылда 144 үй орын тепкен. Тұрғын саны 609 адам. Ауылда астық шаруашылығымен айналысатын «Исмаил», «Улановых» шаруа қожалықтары бар. Тұрғындардың көпшілігі зейнеткерлер шаруақожалығында жұмыс істейтін жұмысшылар

Ауылда негізгі білім беретін мектеп, медициналық пункт жұмыс істейді. Ауылға  газ, орталық су құбыры тартылған. Мед пункт ғимаратында кітапхана орналасқан. 2006 жылы 16 маусымда Щучкино ауылдық кітапханасы жабылып, Жамбыл ауылдық кітапханасы ашылды. Кітапхананың аумағы 20м2.  Кітапхана ашылғанда 2509 дана кітап қоры болса, қазіргі кезде 3086 дана кітап қорымен, 8000-дай кітап берілімімен 405 оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Кітапхана ашылған сәттен бастап, 1959 жылы туған Юсупова Сара Саповна кітапханашы қызметін атқаруда. Білімі кәсіби арнаулы орта, кітапханашылық жұмыс өтілі 15 жыл.

2014 жылдан Жамбыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Амандаулетова Фарида Орынбасарқызы.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Железнов ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1957 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    18

Облыс орталығынан арақашықтығы   56

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         62

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    510

Кітап  қоры:                                         18803  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы Бәйтерек  ауданы Железнов ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:         Табылдиева Дамира Мендыхановна

 

Железнов ауылдық кітапханасы.

 

Железнов ауылдық кітапханасы 1957 жылы құрылған.

Кітапхананың тарихы ауыл тарихымен тығыз байланысты. 1954 жылдар Қазақстанда тың көтерілген жылдар.  Тың көтерілген жылдар экономикаға, білімге, шаруашылыққа үлкен әсер еткен. Еліміздің шексіз кең даласында жүздеген совхоздар мен колхоздар бой көтерген.

1955 жылы Ресей еліндегі Ульянов облысынан алғашқы жаңа тұрғындардың бірінші тобы келген, содан кейін Прибалтика, Украина елдерінен  де келеді. Олар саманнан үйлер салып, үлкен ауыл тұрғызды, оны көгалдандырды. «Ульянов» совхозы көп салалы шаруашылық болып қалыптасты, совхоз үкіметке  миллиондаған тонна нан, мыңдаған центнер сүт тапсырған. Адамдар, жұмысшылар совхоздың басты байлығы болып саналған. Далада да, құрылыс алаңдарында да адамдар ынтамен, шын жүрегімен жұмыс атқарған. Жұмысшылар қара күзге дейін жиырма мың гектар жерді жыртып, тың көтерген. Жайықтың кең даласында “Ульяновск” астық совхозы бой көтерді.

Тұрғындар жұмыспен қоса, оқығанды да өте жақсы көрген. Ауылдың орталығында  кәсіподақ ұйымының кітапханасы болған. Алғашқы кітапханашы Н.Инкина болған.

Переметный ауылынан кітаптар, газеттер, журналдар әкелінген.

Одан кейін Пастухова Алевтина кітапханашы болып жұмыс істеген. 1969 жылы  кітапханашылық жұмысқа Михайлюк Инесса Петровна кіріседі. Ол  жылдары кітапхананың қоры  көбейіп, молайған. Кітапханада техникалық, көркем, шет елдер, балалар әдебиеті кітаптары болған. Инесса Петровна “Посвящение в хлеборобы”, “Ауыл мерекесі” тақырыптарында әдеби-сазды кештер, “Нан -қасиетті тағам” тақырыбында тақырыптық кеш т.б. өткізген.

1985 жылдан бастап кітапханашы болып Мария Алексеевна Хамина жұмыс істеді. Мария Алексеевна совхозға Украина елінен келді. Ол өте қайырымды, әрқашан қол ұшын беруге дайын тұратын жан еді. Мария Алексеевна әр оқырманның неге қызығатынын, оларды не қызықтыратынын алдын-ала біліп отырды. Ол оқырмандардың арасында оқыған шығармалары бойынша пікірталас, түрлі сайыстар, ертеңгіліктер өткізді. Кітапхананың кітап қоры да оқырмандардың саны да көбейеді. Кітапханада ауыл шаруашылығына, техникаға байланысты көптеген қызықты кітаптар және биология, жағрапия, тарих, әдебиет сияқты пәндер бойынша қосымша әдебиеттер  балаларға арналған “Веселые картинки”, “Мурзилка”, ересектерге “Крестьянка”, “Работница”, “Советская женщина”, “Крокодил”, “Простор” журналдары және түрлі сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар  болған.

Мария Алексеевна ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысқан,  клуб қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен бірігіп, түрлі шаралар өткізді. Ол әйелдер кеңесінің мүшесі болды.

1975 жылдан бастап кітапхана орталықтандырылған жүйеде жұмыс істеді.

Ірі кітапханалардың пайда болуы оқырмандардың санын көбейтті, оларға сапалы қызмет көрсетуге жол ашты.  Кітапханада “Мамандар күні”, “Ақпарат күні”, түрлі көрмелер, тақырыптық кітаптар жиынтығы, жаңа кітаптар бюллетеньдері, радиобайланыс арқылы  оқырмандар конференциялары, жаңа кітаптар туралы мәліметтер, пікірталас, әңгімелер т.б. шаралар өткізілді.

Ең жас оқырмандарға туған жері, жұмысшы-шаруалардың еңбегі,  ауыл адамдары туралы айтып отырған, оларға арнап “Жас өлкетанушы” үйірмесі құрылған. Алғашқы қадамдарын өлкетанушылар совхоздың учаскелерінде еңбек ардагерлерімен, еңбек ерлерімен кездесулер жасады. Оларға арнап газет қиындыларын папкаға жинақтап, “Біздің ауылдың мамандары” картотекасы жүргізілді.

1995 -1998 жылдар аралығында кітапханашылық жұмысты Скляренко Людмила атқарды.

1998 жылдан 2012 жылға дейін Альмуканова Рысқаным Абдуғалиқызы кітапханашы болып істеді. Р.А.Альмуканованың зейнет жасына жетуіне байланысты кітапханаға 2012 жылдың қаңтарынан Табылдиева Дамира Меңдыхановна алынды. Білімі арнаулы орта, Орал мәдени –ағарту училищесін 1983 жылы бітірген.

Кітапхананың бала кезінен оқырмандары – апалы-сіңлілі Шапаловтар, қазір олардың жастары 75-те, Т.А.Филатова 58-де. Сонымен қатар, еңбек ардагері С.Чунаев, Социалистік еңбек ері Т.К.Овчаренко, Ульянов орта мектебінің ұстаздары: Г.Ж.Чулпанова А.Ж.Нурмухамбетова, С.О.Зулкашева, Г.Н.Галиева.

Кітапхана қазіргі уақытта “Авангард” ЖШС-де орналасқан. Кітапхананың кітап қоры 16 мыңнан артық дананы құраса, оқырмандар саны 800-ден асады. Кітап қоры күннен-күнге жаңа кітаптармен толықтырылып, оқырмандар саны көбеюде.

Кітаптар білімнің барлық салалары бойынша қамтылған.

Ауылда егің егумен айналысатын “Киргенев” шаруа қожалығы орналасқан. Ол шаруашылықтың аты облыс және республикаға кеңінен танымал.

Екінші шаруашылық “Авангард” ЖШС, ол егіншілік және мал өсірумен айналысады. Олардың ауыл экономикасына қолайлы әсер ететіні белгілі.

Ауылшаруашылық мамандары, жұмысшылар, жүргізушілер, зейнеткерлер, малшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, оқушылар,  жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері – біздің кітапхананың оқырмандары.

Кітапхана елдің саяси өмірінен тыс қалмайды, өзім де ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласамын, “Нұр Отан” партиясының, қоғамдық кеңестің мүшесімін. Мектеппен, клуб қызметкерлерімен бірлесе отырып, көптеген шаралар: соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу, тақырыптық және әдеби кештер, түрлі сайыстар, ертеңгіліктер, ауызша журналдар, т.б.шаралар  өткізіліп тұрылады.

 

 

</div >

  Мекеме  төлқұжаты.

 

Мекеме атауы:                                       Зеленый ауылдық  балалар кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Қазақстан Республикасының   Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   2014ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы   13

Облыс орталығынан арақашықтығы  51

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

 

Аумағы  /шаршы  метр/                       24

Оқу залының орын саны                      4

Заңды статусы:                                      Мемлекеттік  мекеме

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Тұрғын саны:                                        1612

Оқырман саны:                                    210

Кітап  қоры:                                          5287  дана

Қызмет көрсету  түрі:                          тұрғындарға қызмет көрсету

 

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы  Бәйтерек  ауданы   Зеленый ауылы

 

Кітапханашының аты-жөні:                          Мизанбаева Ләззат Ниетбайқызы

 

 

Зеленый ауылдық балалар кітапханасы

 

2014 жылы желтоқсан айынан бастап Зеленое ауылында Зеленое ауылдық балалар кітапханасы ашылып күні бүгінге дейін жұмыс жасап келеді. Кітапханаға оқырман болып жыл сайын орта шамамен 210 адам тіркеледі, 5700-дей кітап беріледі. Қазіргі таңда кітапхананың кітап қорында 4818 дана кітап бар. Кітапханашы қызметінде Ләззат Ниетбайқызы. Ол ұжымда өзін мәдениетті, адамгершілігі жоғары, ізденімпаз кітапханашы ретінде таныта білді. Өз мамандығын терең меңгерген, іс-тәжірибесін жүзеге асыруға бар күш – жігерін аямай талпыныс жасайтын жас маман.  Қазіргі таңда ол, екінші санатты кітапханашы.  Сонымен қатар, Ләззат Ниетбайқызы өз жұмысына қажет болатын жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, әріптестеріне оларды меңгеруге көмектеседі. Кітапханада ұйымдастырылатын барлық байқауларға ат салысады. Балалар әдебиетінің апталығы  “Балалар әдебиетінің апталығы”, “Жасырылған кітаптар” “Бір ел-бір кітап” акциясы кітап көрмелеріне шолу, экскурсия өтті.

Балалар апталығы  “Балалар әдебиетінің майталмандары” атты әдеби аукцион өтті.

Елбасының мақаласы “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” “Туған жер”бағдарламасы бойынша “Туған өлкем-тұнған шежірем” атты кітап бұрышы ауыл тарихы, ауылға еңбегі сіңген тұлғалар жайлы айтылды.

 

 

 

 

 

 

2018-2020 жылдары Зеленов ауылдық балалар кітапханасы Бәйтерек ауданы бойынша  «Үздік кітапхана» аталымына ие болды.        Қазақтың белгілі жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлес жазушы Х.Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай “Жаралған  жан Ақ Жайықтың  төсінен” атты облыстық байқауда “Қайсар талант иесі” бағыты бойынша  ІІІ-орынды  Зеленое  ауылдық  балалар   кітапханашысы Мизамбаева Ляззат Ниетбайқызы  иеленді.

2020 жылы Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығына “Алаштың асыл  ардағы” аймақтық Ақжайық ауданының ұйымдастыруымен өткен байқауынан Зеленое ауылдық балалар кітапханасының  кітапханашысы Ләззат Ниетбайқызы 7 бағыты бойынша «Жұбанның үш ерлігі» бойынша бейнебаян жасап ІІІ орын 10000 теңге иеленді. 4 бағыты «Ғажайып ақын ғазалым» бойынша Жамбыл ауылдық кітапханасының оқырманы Тынымжанова Саян ІІІ орынмен 5000 теңге иеленді.

Х.Есенжанов атындағы  облыстық   балалар және жасөспірімдер  кітапханасының ұйымдастыруымен  “Апа, оқып берші!!!” атты онлайн  байқауға  ауданымыздан 20 оқырман қатысты. Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Зеленое  ауылдық  балалар  кітапханасының  кітапханашысы  Мизанбаева  Ляззат  ұлы  Айдын екеуінің оқыған ертегісі үздік шығып, онлайн дауыс беру қорытындысы  бойынша  1011  лүпілмен  І орын  иеленіп  жеңімпаз  атанды. Өзге де оқырмандарымыз номинациялармен марапатталып,  лауреат атанды.

Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқушы оқырмандар арасында қашықтан өткізген онлайн байқауда   Бәйтерек ауданы Зеленый ауылдық балалар  кітапханасы оқырмандары Ажығалиевтар отбасы ІІІ орынға ие болды.

 

 

 

 

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Зеленый модельді  ауыл  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1930 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    13

Облыс орталығынан арақашықтығы   51

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

 

Аумағы  /шаршы  метр/                         135

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    1000

 

Кітап  қоры:                                         23120  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы  Бәйтерек  ауданы     Зеленый ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:           Крапивина Елена Михайловна

Тарихы Зеленое модельді ауыл кітапханасы
1111

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Калинин ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                  Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –    1934ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     3

Облыс орталығынан арақашықтығы    36

Ғимараттың  түрі:                       бейімделген

/типті,  бейімделген/

 

Аумағы  /шаршы  метр/                90

Меншік  түрі:                                мемлекеттік

Оқырман саны:                             690

Кітап  қоры:                                  15511  дана

Қызмет көрсету  түрі:                  тұрғындарға қызмет көрсету

 

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы        Бәйтерек  ауданы     Калинин ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            …………………..

Кітапхана тарихы
1111

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Қаражар ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1977ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 8

Облыс орталығынан арақашықтығы 46

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 22

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 210

Кітап қоры: 7240 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы  Қаражар ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Гумарова Зергүл Оңдасынқызы

 

Қаражар (Чернояров) ауылдық кітапханасы.

 

Батыс  Қазақстан Облысының Зеленов ауданының Чернояров ауылының кітапханасы 1977 жылы ашылды. Биыл біздің кітапханаға 30 жыл толып отыр.Ең алғашқы  кітапханашы Истилеева Тоғжан  Тулешқызы болды. Ол кісінің айтуы бойынша, кітапхана дәл осы ғимаратта болған. Кітапхана қоры 1237 кітапты құраған, шамамен  3 стеллаждай, кейін тағы да  2 стеллаж қосылды.  Ол кезде  ОКЖ  директоры  қызметін Утюпина Лариса Михаиловна атқарған, ол жас кітапханашыларға көп көмек көрсетті, апта сайын семинар- практикумдар өткізіп отырған. Бұл семинарлар тек аудандық кітапханаларда ғана өткізіліп  қоймай,  Пермск, Ульянов кеңшарларындағы кітапханаларға барып көп жылдар еңбек етіп жүрген біліктілігі жоғары кітапханашылармен жастарды кездестіріп    тәжірибие алмастырып отырған.Истелеева Тоғжан Тулешқызы (1977 – 1982 ж)      

 

Сонымен қатар, оған материалдық көмекпен, ақыл кеңестермен кәсіподақ комитетінің төрағасы Мусакулов Махмет Вахитұлы, Камен кеңшары ауылдық кеңесінің төрайымы Васенко Нина Ильична көмек көрсетті.  Бұл  кісі оларды өзі өткізетін шағын конференцияларға шақырып жүрген. Ол мәдениет үйінің меңгерушісі Кажгалиева Ажармен белсенді араласа отырып, бірге егін науқаны жұмысы кезінде бірінші топ бригадасының жұмысы жөнінде «Әскери парақтар», «Жасын» газеттерін шығарды. Тағы сол сияқты олар концерттер, конференциялар, кітап сонымен қатар, жаңадан келген кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Оның өткізген шараларында мектеп оқушылары, ауыл жастары белсенді қатынасты.

Ол кітапханашылық қызметті 5 жыл атқарды. Қазіргі таңда ол Тасқала ауданының Тасқала ауылында тұрады, Карл Маркс атындағы мектепте бастауыш сынып  мұғалімі, тұрмыста, екі баласы бар, олардың екеуі де жоғары оқу орындарының студенттері. Ол бірнеше рет  Республикалық және облыстық грамоталарымен марапатталды, аудандық «Екпін», облыстық «Жайық ұстазы» газеттеріне шықты.

Кейін кітапханашы қызметін Р.И.Батыргалиева, Ш.Кенжегалиева  атқарды.

1985-1987 жылдар аралығында Тасмуханова Айман кітапханашы болды. Кітапхана қоры 4000 кітапты құраған. Кітапхана қорына, әсіресе, ауылшаруашылық мазмұндағы Брежневтің жазған кітаптарымен брошюралар келіп түскен. Клубтың меңгерушісі Саринова Салимамен бірге олар тұрғындарды  ЦК КПСС-ң пленумдары жөнінде хабарлар беріп отырған, сонымен қатар үгіт топтарына қатынасып, ауылшаруашылық жұмыстары кезінде кеңшарлардың  далалық жерлеріне шығып отырған. Сонымен қатар, олар бөлімшенің әкімшілігімен белсенді жұмыс атқара отырып, ауыл шаруашылық жұмыстардың қорытындыларын шығарып тұрғындарды  еңбек озаттары туралы хабардар  етіп отырған.

 

Иманғалиева Айслу Хамитқызы  (1987-1994 ж.)

 

Кітапханаға оқушылар, студенттер, ауыл еңбекшілері, зейнеткерлер де белсенді қатынасып, оқырмандар қатарын толықтырып отырған.

1987-1994 жылдар аралығында кітапханашы қызметін Имангалиева Айсұлу Хамитқызы атқарған. Кітапхана қоры 5000 дана кітапты құраған.

Кітапханаға  осы жылдары «Комсомольская правда»,  «Сельская жизнь», «Приуралье», «Орал өңірі», «За коммунизм» газеттері, «Работница», «Огонек»,  «Вокруг света», «Крестьянка», «Простор» журналдары, ал балаларға «Пионерская правда», «Веселые картинки»  атты  журналдар жиі келіп тұрған.

Ол балаларға арнап «Біз бейбітшілікті қолдаймыз», сонымен қатар, Орал қаласының 375 жылдығына арналған көрмелер ұйымдастырды. Жеңіс күніне арнап кітапханаға И.Курохтина, И.Бисекешова, Д. Шабаева, И.Смутнева  және тағы да басқа ҰОС-ның ардагерлерін шақырды. ҰОС-на арнаған  баяндамалар жасап оқыған әр түрлі көрмелер ұйымдастырған. Клубтың меңгерушісі Батыргалиева Роза  Изғалиқызымен бірге клубта мемлекеттік мерекелерге арналған концерттер ұйымдастырған. Ол дала бригадаларын аралап,  жаңа кітаптар, газеттер мен журналдардың келгендігі жөнінде хабардар етіп отырды. 7 жылдай уақыт кітапханашы қызметін атқарды.

Кейін кітапханашы қызметін С.Сакиева,А.Жукина,К.Касимовалар атқарды.

1999  жылдан 2001 жылдар аралығында біздің кітапханаға жұмыс істеуге Құрманғазы атындағы мәдениет институтының  түлегі Касимова Алтын Еркінғалиқызы келді. Ол кезде кітапхана қорында 4875 кітап болған. Оқырмандар саны 186 адам, оның ішінде қазақ тілді оқырмандар 68 адам. Кітап беру 5435  кітапты құрады.

Оның жұмыс істеген уақытындағы тұрғындардың осы күнге дейін есінде қалғаны – қарттар  күніне арналған көпшілікпен өткізілген үлкен шара. Осы шараға ол барлық ауыл  тұрғындарын шақырған. Мектеп оқушыларымен бірлесіп концерт қойған.

Ол 1999 жылы аудандық «Кітапхана қызметкері» сайысына қатысып,  екінші орынға ие болды. Одан соң ол 2000  жылы  облыстық «Кітапхана қызметкері»  байқауына қатысып, белсенді қатысқаны үшін мақтау грамотасымен марапатталды.

Қазіргі таңда ол  Орал қаласында әлеуметтік  қатынастар және еңбек академиясы кітапханасының библиографы  болып жұмыс істейді.

Кітапханада 2001-2003 жылдар аралығында Касимова Гульнар Елеуішқызы,

ал 2003-2007 жылдар аралығында Чикибаева Жанара Серікқызы кітапханашы болды. Кітапхана қорында 4653 кітап болды. Оның жұмыс істеген уақытында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша орыс және қазақ тілінде энциклопедиялар,  сөздіктер, тарихи кітаптар,  ,,Махамбет әлемі,, сериясымен кітаптар, сонымен қатар, жерлес ақынымыз  Қадыр Мырза Әлидің кітаптары, балаларға арналған көптеген әдеби кітаптар келіп түсті. Ол мектеп оқушыларымен де белсенді жұмыс істеді, ұлттық мерекелерге баяндамалар, концерттер дайындады. Мектеппен бірігіп  Бислан және Америкада болған терактқа 5 жыл толуына байланысты шаралар өткізді. Ж.Жабаев, М.Мақатаев, А.С. Пушкин және тағы да   басқа жазушыларға арналған әдеби кештер өткізді. Сонымен қатар, көкейкесті тақырыптарға, кітапханаға түскен жаңа кітаптарға арналған көрмелер ұйымдастырылды.

2003 жылы ол Ауыл энциклопедиясы- «Шағын Отан» байқауына қатысып біздің ауылымыздың тарихын жазды.

2007 жылдан  2009 жылға дейін Имангалиева Батима Болатқалиқызы, 2009-2012 жылдары татьяна Михайловна Салмина, 2012 жылдан Гумарова Зергүл Оңдасыновна кітапханашылық қызмет атқарып келеді. 2013 жылдың басында кітапхана қоры 5866 кітапты құрады. Қазіргі таңда кітапханаға орыс және қазақ тілінде балаларға және үлкендерге арналған әдеби кітаптар энциклопедиялар және тағы  да басқа кітаптар келіп түсуде.   Жаңадан келген кітаптарға көрмелер ұйымдастырып, олармен таныстырулар өткіземін.

8 Наурызға,  Наурыз мейрамына, Ұлы жеңіс күніне, Конституция күніне арналған шаралар өткіздім. Мектеппен клуб меңгерушілерімен бірлесіп белсенді жұмыстанудамын.

Оқырмандар саны 197  адам, қазақ тіліндегі оқырмандар 105 адам. Кітап берілім 3500,  көбінесе әдеби кітаптар жиі оқылады.

Үлкендер арасында Н.Кажығалиев, Н.А.Анципрович, А.Тасмуханова, Шишкалиевтар жанұясы, зейнеткерлер  арасында Г.Фадина, К.Истелеева    белсенді оқырмандар қатарына  жатады.

Кітапханаға мектеп оқушылары, әсіресе бастауыш сынып оқушылары жиі келеді. Олар: Касимова Назгүл, Нұрбек, Имангалиева М., Мурзагельдина Лаура және тағы да басқалары.

Біздің кітапханамыз ескі болса  да  ауыл тұрғындарына әлі де көп жылдар бойы сапалы қызмет көрсетеді деп сенемін.

                 

 Касимова Алтын Еркенғалиқызы

 (1999-2001 ж.)

Иманғалиева Батима Болатқалиқызы

 

 

 

 

 

2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін кітапханада кітапханашы Гумарова Зергүл Оңдасынқызы.

 

 

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Кирсанов ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1949 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 142/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 83

Ғимараттың түрі:        бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 26

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 161

Кітап қоры: 11332 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы   Бәйтерек ауданы  Кирсанов ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Исетова Махмуда Зайлагиевна

Кирсанов ауылдық кітапханасы.

1949 жылы Кирсанов ауылында оқу үйі ашылды. Онда 1949 жылдан 1958 жылға дейін Н.Я.Болдырева жұмыс жасады. 1958 жылдан 1962 жылға дейін оқу үйінде педагогикалық институтты бітірген В.Г.Мякушина істеді. 1962 жылдан 1968 жылға дейін кітапхананы мәдени ағарту училишесінің түлегі А.Д.Самайленко қабылдады. 1968 жылдың қаңтарынан 1970 жылға дейін Саратов мәдени- ағарту училищесінің түлегі Киселева Нина жұмыс жасады. 1970 жылдың қаңтар айынан бастап мәдени-ағарту училищесін бітірген Карабаева Алина Равильевна кітапхананы қабылдады. Ол кезде кітапхана мәдениет үйінде орналасқан еді.
1986 жылы кітапхана колхоз кеңсесіне көшірілді. 4 жыл бойына ол кітапханада жарық, жылу болмады.  2004 жылдың қыркүйек айында кітапхананы мектептің бір жағына орналастырды.  2005 жылы оған жылу жүргізілді.
Кітапхана мұғалімдерге, оқушыларға, қызмет көрсетеді. Зейнеткерлерге кітапты үйлеріне апарып беріп тұрамын.  А.Ф.Демидова,  О.Г.Харченко,  В. Л.Храпоч,   А.И.Храпоч  және т.б. оқырмандарым оған өте риза.
Жаз мезгілінде «Заман» ЖШС-нің жұмысшыларына да қызмет көрсетіледі.
Кітапханада әр түрлі кештер, ҰОС ардагерлерімен кездесу, оқырмандар бенефисі, әдеби кештер, т.б. Іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Атап айтқанда: жерлес ақындарымыз: Қадыр Мырза-Әлінің А.Бақтыгерееваның,  С.Короблевтің шығармашылығына байланысты поэзия сағаттары, Украинаның Қазақстандағы жылына «Халық Кобзарі» деген тақырыпта библиографиялық шолу, өлкетану бағытында «Менің елім-менің мақтанышым» атты тақырыпты кеш, «Бір ел-бір кітап» бойынша Абайдың қарасөздері бойынша өткізілген талдауларға оқырмандар қызығушылықпен қатысты.

2010 жылы А.Р.Карабаеваның зейнеткерлікке шығуына байланысты кітапханашылық қызметке Исетова Махмуда Зайлагиевна орналасты. Жұмысқа алынған соң ол Құрманғазы атындағы саз колледжісіне түсіп, 2012 жылы кітапхана ісі мамандығы бойынша бітіріп шығады.  Кітапхананың 17142 кітап қоры бар, жылына 310 оқырманға 8000 дана кітап таратады.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Красноармейск  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                    1930ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     119/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     60

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                          50

Меншік  түрі:                                          мемлекеттік

Оқырман саны:                                      310

Кітап  қоры:                                           16134 дана

Қызмет көрсету  түрі:                           тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы       Бәйтерек  ауданы         Красноармейск  ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Кораблева Валентина Николаевна

 

 

Красноармейск ауылдық кітапханасы.

 

 Алғаш рет кітапхана оқу үйі ретінде 1930 жылы құрылған. Алғашқы оқырманы — Мамыкин Павел Андреевич.

Тұрғындардың айтуы бойынша, кітапхана өте шағын болған және ол кезде түрлі қойылымдар қойылып, оған ауыл түрғындары белсене қатысқан.

1937-1945 жж. аралығында Галина Серлюкова, 1945 жылдан Ситникова Ольга Николаевна, 1959 жылдан  Жукалина Дина жұмыс жасаған.

Екі қабатты ағаш үйдің бірінші қабатында клуб, ал екінші қабатында кітапхана орналасқан.

1970 жылдан  Рычкова Зинаида Георгиевна, 1973 жылдан  Гаврилова Надежда жұмыс жасаған. 1975   жылдың   шілде   айынан күні бүгінге дейін М.К. Рамазанова  жұмыс жасауда.  Жұмыс өтілі 31 жыл.

Мен, Рамазанова Мерует Қожамұратқызы 1956 жылы Орал қаласында дүниеге келдім.

1973 жылы Красноармейск орта мектебін бітіріп, Актөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесіне тусіп, 1975 жылы бітірді. 1975 жылдан бастап Красноармейск ауылдық кітапханасында кітапханашы болып істеп келеді. Кітапханада кітаптарды насихаттау мақсатында әр түрлі шаралар өткізіп тұрады. Бір жылда кітапханаға 500 адам келіп, 1200 дана кітап беріледі

1973 жылы 1- жас кітапханашылар конференциясына делегат болып қатыстым. Мұнда алғаш рет жазушы Олжас Сулейменовпен таныстым. Біз онымен кітап туралы сұхбаттастық.

1978 жылы

18 қазанда Алматы қаласында өткен  КОКП ОК Пленумінің шешімін жүзеге асыру бағытында қазіргі замандағы селоның мәдени және әлеуметтік дамуындағы кітапхананың ролі атты Республиқалық ғылыми-практикалық конференцияға қатыстым. Бұл конференцияда  мен «социалистік жарыстарды ұйымдастыруда кітапхананың жұмыс әдістері мен түрлері»  тақырыбында сөз сөйледім.

 

Қазақстан Қомпартиясы Орал облыстық комиеті бюросының, халық депутаттары облыстық советі атқыру комитетінің, кәсіподақтардың облыстық советі президиумының және қазақстан ЛКСМ облыстық комитеті бюросының 1978 жылғы 18 октябрьдегі қаулысы бойынша облыстық құрмет тақтасына жазылдым.

1998 жылы Алматы қаласында өткен 11-ші қазақ республикасының кәсіподақ конференциясына делегат болып бардым. Мұнда республиқалық кәсіподак мәдени жұмысшылар кеңесіне сайландым.

 

2019 жылдан бастап кітапханашы болып Кораблева Валентина Николаевна жұмыс жасап келеді.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Котельников   ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                  Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                     1960ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     98/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     53

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

 

Аумағы  /шаршы  метр/                         52

Меншік  түрі:                                       мемлекеттік

Оқырман саны:                                    117

Кітап  қоры:                                         5780 дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы   Бәйтерек  ауданы  Котельников  ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Халиуллин Талғат Қыдырұлы

Котельников ауылдық кітапханасы.

Кітапхана – 1960 жылы қаланған. Бұл кітапхананың тарихы өте қызық. Себебі алғашқы жылдары жылжымалы кітапхана ауыл тұрғындарының  үйлеріне «аяқтай» барып, жұмысшылардың мәдениетін, сауатын көтеріп отыруға көптен көп пайдасын тигізген. Ол жылдары Фомина З.Е. кітапхана меңгерушісі болған.Ал 1991 жылдан бастап кітапханашысы болып Халиуллина З.М. қызмет атқарады. Бұл кезде кітапхана орталық жүйемен жұмыс істей бастады. Кітапханадағы кітаптардың саны 3372 дана болды, ал оқырмандар саны 100 адам.

Мен жұмысқа орналасқан кезде мәдениет бөлімінің бастығы К.Б. Руденко, ал орталық кітапхана жүйесінің директоры Л.П. Вербицкая болды. 2 жыл жұмыс істегеннен кейін орталық кітапхана жүйесі атынан еңбек кітапшасына енгізілген алғыс жариялынды. Бұл алғысқа ие болу себебім, жоспарды 30% артық орындадым. Анықтап айтсам, жоспардағы 200 оқырманның орнына 230 оқырман, ал кітапханадан 4000 кітапты оқырмандарға беру керек болса, мен оны 4800 данаға жеткіздім. Кітапханада тек кітаптар емес, сонымен қатар республикалық, облыстық және аудандық газет-журналдар болды. Ауылдастар бос уақытында кітапханадан табылып, ауыл оқушылары  қажетті материалдарын осы кітапханадан тауып оқып жүрді.

Қазіргі уақытта қазақ ақын-жазушылардың кітаптары кітапханадан көптен табылуда. Мұны айтып отырған себебім, біздің ауылдың адамдары көбіне, орыс тілді болғандықтан, осы кезге дейін қордың кітаптарының көбі  орыс тілінде болды. Ал қазір өз ана тіліміздегі кітаптар баршылық. Сонымен бірге республикалық «Егемен Қазақстан», областық «Орал өңірі» және аудандық «Ауыл тынысы» газеттері және балалар журналы «Балдырған» да кітапханадан табылуда. Сонымен бірге жерлес ақын, жазушылардың кітаптары да бар.

Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры – 4600 дана, ал оқырмандар саны 200.

Мынандай алфавиттік каталог кұрылды:

  • мектепке дейінгі балалар, 1-11 класс оқушылары, мамандар, жұмысшылар, тағы басқалар /зейнеткелер, уақытша жұмысшылар, үй шаруасындағы әйелдер/.

Мынадай картотекалармен кітапхана безендірілді:

  1. Отбасылық картотека «Семейное чтение»
  2. Табиғаттану картотекасы «Лес и поле, луг и сад», «Вся природа – табиғат»
  3. Мәдени мұралар картотекасы «Мәдени мұра»
  4. Қажетті материалдар картотекасы «Жаңа газеттер»

Мен өз жұмысымда кітап беріп, қеңес айтумен шектелмеймін. Түрлі мәдени шаралар, жарыстар ұйымдастарып, ауылдағы жастардың, басқа да ауыл адамдарының бос уақыттарын тиімді өткізуге өз үлесімді қосып жүрмін.

Негізінен, Котельников ауылы табиғат-ананың өте әдемі жеріне орналасқан. Жасыл желек, көл, арық, саф алтындай таза ауа! Ауылда 298 тұрғын бар және де көп ұлтты-   қазақтар, орыстар, украиндар, башкұрттар. Бірақ өте татумыз. Әр мейрамда ұлттық дәстүрді қадірлеп, кұрметтеп бір-біріне достық тілек тілеп қызықты өткіземіз. Мысалы, ауылда жылда «Наурыз мейрамы» өтеді. Бұл мейрамға бәрі де бір кісідей ат салысып , яғни, киіз үй құрып, ұлттық ыдыс-аяққа ұлттық тағамымызды құйып, салт-дәстүрлерді көрсетіп, тәрбиелік мәні зор талғаммен өтеді. Мысалы «бесікке салу», «тұсау кесер» «шілдехана тойы», «беташар» осы наурыз мейрамында көрсетіледі.

1992 жылы үгіттеуші топ құралды. Оған әр түрлі саладағы мамандар қатысты. Мысалы, агроном, инженер. Мамандар өз саласы бойынша үгіт-насихат жүргізді. Мен оларға қажетті материалдарды, әдебиеттерді ұсынып, көмек көрсеттім.

Жаңа заман, жаңа қоғам-жаңа жұмыс істеу түрі. Кітапхана да оқырмандармен жаңа жұмыс істеу әдісін қолдана бастады.

2007 жылы Сырым Датұлының туғанына 265 жыл толуына байланысты «Сырым баба ізімен» атты шара өткізілді. Сырым Датұлының ерлігі, шешендігі, ақындылығымен таныса отырып, батырдың қазақ халқының бостандығы үшін жан аямай күрескен қайраткер екені танылды.

«Мақсатым – тіл ұстатып өнер шашпақ» атты Абай оқулары өткізілді.

Бұл сайысқа қазақ тілі, ана тілі болып саналмайтын ұлт өкілдері қатысты.

Сайыс үш тапсырмадан тұрды:

  • Абай шығармаларын қазақ тілінде оқу
  • Абай шығармаларын қатысушының өз ана тілінде оқу
  • «Көзімнін қарасы» өлеңін орындау

Сайысшыларға әр түрлі ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Мухтар Әуезовтің 110 жылдығына арналған кеш өткізілді. Кітап көрмелері ұйымдастырылып «Ұлтын сүйген ұлы қаламгер» көрменің ашу салтанаты болды.

1-3 сынап оқушылары үшін «Кітапты ұқыпты ұста», «Әліппемен қоштасу» атты ертегілер өткізілді. Алғашқы энциклопедия, сөздіктер, анықтамалар, «Анықтама әдебиеттер» атты 3-5 сыныптарға арналған кітапханалық сабақтар өткізілді.

2019 жылдан бастап Халиуллин Талғат Кдырович кітапханашы.

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Көшім ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1972

Аудан орталығынан арақашықтығы 51

Облыс орталығынан арақашықтығы 45

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 48

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 720

Кітап қоры: 12877 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны  Батыс Қазақстан облысы  Бәйтерек ауданы Көшім ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кенжеғұлова Жұмағыз Фазылқызы

Көшім ауылдық кітапханасы

 

Көшім ауылында бірінші кітапхана 1947 жылы ашылып, онда Вера Андреевна Каймашникова кітапханашы болды.

Кітапхана қорында бар болғаны 130 кітап болған, ал кітапхана «Оқу үйі» деп аталған. Вера Андреевна уақыттың қиындығына қарамастан, адамдардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін бар күшін салған.

Тұрмыс құрған соң да, жолдасының қарсылығына қарамастан мәдениет саласындағы жұмысын жалғастыра береді. Кейін жолдасының денсаулығына байланысты жұмысын тастауға тура келеді.

1958 жылы Көшім ауылына Саратов кітапханалық техникумын бітірген маман-Луиза Николаевна Овсянова келді. Бірақ ол кісі жүктілік демалысынан кейін өз қызметіне оралмады.

Кітапханашылар бірінен соң бірі ауысып, 1974 жылы Ольга Васильевна Белугина кітапханшы болып тағайындалды. Ол кезде кітапхана ауыл клубының ғимаратында орналасқан еді. Ольга Васильевна аудандағы үздік кітапханшылардың бірі болды. Ол жөнінде құжаттар сақталған. О.В.Белугина қоғамдық орындармен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, далалық қоныстарда әр түрлі шаралар ұйымдастырып, барлық отырыс-жиындарға қатысып жүрді.

1977 жылы Мәдениет үйі салынып, ауылдық кітапхана жарық та жылы, әдемі орынға көшірілді. 1982 жылы жанұя жағдайына байланысты Мәскеу қаласына қоныс аударғанға дейін Ольга Васильевна кітапханшы қызметін қалтқысыз атқарды.

1982 жылы кітапхананы Раиса Николаевна Манапова – Вольнова қабылдап алып, 5 жыл кітапханашы болып қызмет істеді.

1987 жылы 13 наурыза кітапхананы Жұмағыз Фазылқызы Кенжеғұлова қабылдап алды. Арнайы білімі болмағандықтан, ол Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы жақсы бітіріп шықты.

Жұмағыз Фазылқызы сол жетістігімен тоқталып қалмай, 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің кітаптану және библиография факультетіне оқуға түсіп, оны 2004 жылы ойдағыдай аяқтап шықты. Жұмағыз Фазылқызы әлі күнге өз қызметін ауылдық кітапханада жалғастыруда.

1998 жылы желтоқсан айында «Сельские вести» газетіне берген мақаласынада Жұмағыз Фазылқызы қорға сыйлаған кітаптары мен қолдаулары үшін өзінің ауылдастарына алғысын білдірді.

2003 жылы Ауыл жылына орай Көшім орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.З.Оразаевамен және 7 «а» класс оқушыларымен біріге отырып, «Түп тамырым да, темір қазығым да  –  АУЫЛ» атты тақырыпқа өткізген  іс-шарасының тәрбиелік мәні зор болды.

Қайта құру жылдарындағы қиын кезеңде, мақсатымыз отбасын материалдық қамтамасыз ету болған кезде, әлеуметтік нысандар қирап жатқан кезде кітапхана сақталып қалды және жұмыс жасап тұрды.

Мәдениетті қолдау жылына орай Жұмағыз Фазылқызы өзінің екі бөлмелі  пәтерін кітапханаға сыйлап, қазіргі уақытта кітапхана ғимараты сол пәтерде халыққа қызмет көрсетуде. Аудандық мәдениет бөлімі кітапханашының қорды сақтап қалуда қосқан үлкен үлесін ескерусіз қалдырмай, оны 20000 теңге көлеміндегі сыйақымен ескеріп өтті.

Облыстық кітапхана шығарған «Таңдаған ісінен айырылмай» атты шағын кітапшада біздің кітапханашы Жұмағыз Фазылқызы Кенжеғұлованың да еңбегі ескерілген. Бүгінгі таңда кітапхана Жұмағыз Фазылқызы жөндеу жұмыстарын өзі жүргізген жарық та жылы, ауданы 48ш.м. болатын ғимаратта халыққа қызмет көрсетуде.

Бәйтерек ауданының  мәдениеті мен кітапхана саласының дамуына көп жылдар бойы үлес қосып жүрген  Көшім ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұмағыз Фазылқызы Мәдениетті қолдау жылына орай, кітапхананы сақтап қалу мақсатында өзінің екі бөлмелі пәтерін кітапханаға сыйлаған, қазіргі таңда кітапхана ғимараты сол пәтерде ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет көрсетуде.

 

2020 жылы 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай және еліміздің әлеуметтік–мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өселең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Көшім ауылдық кітапхана меңгерушісі Жұмағыз Фазылқызы Кенжеғұлова ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Алғыс хатымен марапатталды.

2022 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Батырхановтың Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін және Мәдениет пен Өнер күніне орай Кенжегулова Жұмағыз Фазылқызы марапатталды.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Макаров ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1960 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 63/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 18

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 42

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 336

Кітап қоры: 13797 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кубышкина Валентина Васильевна

Макаров ауыл кітапханасы.

Макаров ауыл кітапханасы ХХ ғасырдың 60 жылдары ашылды. Кітапханаға бастауыш мектептен шағын бөлме бөлініп берілді.

Алғашқы кітапханашы Половнева Тайсия болды, мамандығы мал дәрігері болатын. Ол Гурьев облысынан келген. Мал дәрігері болып істеу болғандықтан, оған кітапханашылық қызметке ауысады.

Бірақ ол көп істемей, Гурьевке қайтадан кетіп қалады. (аз уақыт тұрғандықтан ауыл тұрғындарының есінде қала қойған жоқ).

Оның кітап қорын  Чеснокова Софья Даниловна қабылдап алады. Ол кісі де мамандығы бойынша сауда саласының қызметкері болған. Ол кітапханашы болып 7 жыл істеді. Осы жылдар ішінде Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің кітапхана ісі мамандығын бітіреді.  1971 жылы  Орал қаласына көшіп кетеді.

1971 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2010 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін кітапханашы болып Иванова Татьяна Николаевна жұмыс істеді. Ол Ақтөбе қаласындағы мәдени ағарту училищесін кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген.

Ауыл тұрғындарының арасында  кітапты насихаттау тұрғысында белсенді қызмет етіп, өз жұмысын мектеппен, ауыл әкімдігімен тығыз байланыста атқарды.

Кітапханашы үлкендер мен балалардың арасында әр түрлі іс-шараларды жиі өткізіп тұрады.  Кітапханада 1-4 сынып оқырмандарының қатысуымен «Кітапхана білгіштері» атты әуесқойлар клубы жұмыс жасады.

2010 жылдың қазан айында Кубышкина Валентина Васильевна кітапхананы қабылдап алды. Валентина Васильевна 1993 жылы Ақтөбе мәдениет училищесін кітапхана мамандығы бойынша бітірген. 1992-95 жылдары Мирный ауылында кітапханашы болып істеген.

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Махамбет ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1959ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 65/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 20

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 120

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 750

Кітап қоры: 14875 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Бәйтерек ауданы  Махамбет ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Шукурова Галима Жексеновна

Махамбет ауылдық кітапханасы.

Чапов (Махамбет) ауылдық кітапханасы алғаш 1959 жылы ашылып, ол кезде ауылдық оқу үйі деп аталды. Кейін 1960 жылы ауылдық кітапхана болып қайта құрылды. Кітапханаға алғашқы кітапханашы болып Калининченко Тамара Александровна тағайындалды. Жас қыз кітапханашылық міндетін жақсы меңгеріп, тыңғылықты қызмет етті. Кейін ауылдық кітапханадан мектеп кітапханасына ауысып, сол орыннан зейнеткерлік демалысқа шықты. Одан кейін 1969 жылы арнайы мамандығы бар, Подмосковье жерінен  қызметке жіберілген Неусыпова Валентина Петровна кітапхана қызметін қабылдап алған болатын. Осы жылдар ішінде Валентина ауыл азаматымен бас қосты. Ол ауыл адамдары арасында ақкөңіл, адал, қайырымы мол, кітапқұмар жан ретінде есте қалды.  Бұл жылдары кітапхана  ауыл клубының бір бөлмесінде ғана болатын, ал кітап қоры үш мың дананы құрады. 1968 жылы кітапхана жатақхана ғимаратының асханасына көшірілді. Бұл кезде кітап қоры алты мың данаға жеткен болатын. Ал кітапхана қызметін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кузнецова Евгения жалғастырды. Кейін 1974 жылы кітапханашы қайта ауысып, кітапхананы тіл маманы П.Н.Аникеева қабылдап алды да, осы салада он жыл еңбек етті. Дәл осы тұста кітапхана ауылдың бетке ұстар мәдени орталығының біріне айналды. Полина Николаевна әрі ұстаз, әрі тіл маманы ретінде қызықты көпшілік іс-шаралар ұйымдастыра білді. Ол сауатты да көркем сөзді өрнектей білетін әдемі ырғақты дауысымен көпшілік аудиторияны өзіне баурап алатын.

1976 жылы кітапхана қоры сегіз мың дананы құрады, әлі де кітапхана бір бөлмеде болды. 1979 жылы 0,5 жүктемемен кітапханаға В.И.Синдееваны қызметке қабылдады. В.И.Синдеева Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша оқыған. Кейін 1976 жылы Алматы білім жетілдіру институтының орталықтандырылған жүйе әдіскері мамандығы бойынша арнайы курсын бітірген. Бөрлі ауданында ОКЖ әдіскері болып қызмет атқарған. 1979 жылдан 1988 жылға дейін Полина Николаевна мен Валентина Ивановна бір ұжымда қызмет атқарды. 1982 жылы ауылда Рубежин АМТУ-ының бөлімшесі ашылған соң, кітапхана қызметкелері осы училище оқушыларының ең жиі кездесетін қонақтарының біріне айналды. Ұстаздар қауымымен бірлесе отырып, «Сен және Заң» атты оқушылар мүддесіне арналған клуб құрылды. Бұл клуб жұмысында көптеген қызықты және танымдық кездесулер өткізілді. «Жұмысшылар класына арналады», «Азаматтыққа арналады» атты іс-шаралар дәстүрге айналды. 1980 жылдан бастап кітапхана қоры он мың данаға өсті. Кітапхана қоры осылай  жылдан-жылға молайып,  көрші ғимаратты да өз иелігіне алды. Енді кітапханада оқу залы, абонемент, балалар бөлмесі бөлек болды. Парторг В.П.Смактың жетекшілігімен кітапхана ауыл тұрғындары арасында белсенді жұмыстар жүргізді. Фермада қызыл бұрыш ашылды, кітапханашылар әр аптаның жұмасы күні өздерінің іс- шараларын мал шаруашылығы қызметкерлеріне арнап отырды. Егіс алқабында егу, себу жұмыстары кезінде дала төсін безендіру және үгіт бригадасының жұмыстарына белсене араласты. Кітапханада әр түрлі танымдық іс-шаралар жүзеге асып отырды.

1988 жылы П.Н.Аникеева мектептегі тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне ауысты. Дегенмен де ол кітапханамен байланысын үзе қойған жоқ. Бірлескен  түрде көптеген іс- шаралар жүзеге асырылды. Енді кітапхана ісін В.И.Синдеева қабылдап алып, 0,5 жүктемеге В.П.Печерицу қызметке тұрды. Кітапханада бірнеше дүркін аудандық семинарлар оздырылды. 1990 жылы кітапхана базасында «Өнер әдебиеті» бойынша насихат жұмыстары тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарды  А.П.Гайдар атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының  қызметкерлері ұйымдастырды.

1990 жылы кітапхана қоры он бір мың дана кітапқа толықты. 950 оқырман, 19 мың кітап таратылған. Екі кітапханашы және бір жұмыс орнын тазалаушы қызметкер тұрғындарға қызмет көрсетті. 1991 жылы кітапханашы В.И. Синдеева Алматыда өткен Қазақстан әйелдері сьезіне Приурал ауданынан делегат болып сайланып, съезд жұмысына қатысты.

1993 жылы Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты кітапхананың да жағдайы нашарлап, бірнеше қайтара тоналды. Жиһаздар ұрланып, кітапхана теледидары да қолды болды. Ғимаратқа келіп тұрған жарық, жылу тоқтатылды. Енді кітапхана қорын сақтап қалу мақсатында кітапханашы мен ауыл әкімі бірлесе отырып, кітапхананы әкімшілік ғимаратына көшіруге шешім қабылдады. Орын-жайға темір пеш орнатылып осындай жағдайда кітапхана өз оқырмандарына қызмет көрсетті. Ал өткізілетін барлық іс-шаралар ауылдағы жалғыз жылу орталығы бар мектеп ғимаратында өткізілді.

2003 жылы кітапхана басқа орынға көшірілді. Ал қазір кітапхана үлкен де, жарық мекен-жайға, әкімшіліктің жаңа ғимаратында орналасқан. 2005 жылдан бастап Чапов ауылы Махамбет ауылы болып өзгертілді. Содан бері Махамбет ауылдық кітапханасының кітап қоры он үш мың дана, оқырмандар саны 800 адам. Кітапханада көп жылдан бері жасөспірімдер үшін «Заң және Сен» атты клуб жұмыс істеп келеді. Оқырмандар құрамы әр алуан: мұғалім де, оқушы да, студент те, зейнеткер де сол сияқты қарапайым жұмысшы мен үй шаруасындағы әйелдер де бар. Көп жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Оқырман дауысы» кітабы да кітапхана тарихында бірнеше оқырман ұрпақтары ауысқанының куәгері. Әсіресе, әжесі немересін ертіп келген тіптен  тамаша.

Қазір кітапхана ауыл әкімшілігі және мектеппен тығыз қарым- қатынаста жұмыс істеуде. Медицина қызметкерлері, полиция инспекторлары, ауылдық клуб жұмысшылары қатысқан көптеген ауқымды іс- шаралар өткізілді. Әрине, ең үлкен көмек әрдайым ұстаздардан. Кітапханада балалармен викториналар, пікірталастар, әр түрлі сайыстар сияқты үлкен жұмыстар жүргізіліп отырады. Каталогпен жұмыс істейміз. Кітапхана базасындағы компьютерде әр түрлі оқу орындарының оқушыларына арналған ақпараттық көмектер сақталған, осы ақпаратты оқушылар пайдаланады.

ОКЖ  директоры Г.М.Альмұханованың арқасында ауыл кітапханасын  ауылдағы бірден- бір мәдени орталыққа айналдыруға деген құлшыныс пен жігерлілік пайда болды. Заман талабына сай ауыл кітапханасы жандана түсті, соған сай терезе жабындар, компьютер, жаңа жиһаздар және кітап сөрелерімен жаңартылды. Кітапхана жаңа әдебиеттермен толықтырылуда, 2006 жылы кітап қорын көп мөлшерде балалар әдебиеті толықтырды. Дәл қазір кітапханада шағын оқу залы және шағын абонемент сол сияқты кітап сақтау орны бар. 2006 жылы ауылдық кітапхана базасында “Жаңа міндет-жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Оқырмандарға жаңа ақпараттар беру үшін оқу залында әр түрлі тақырыпта кітап көрмелері жасақталған.  Кітапханашы Валентина Ивановна әкімшілік аумағында өтетін барлық іс- шараларға  ынта- ықыласымен қатысып отыратын. «Ауыл күніне» арналған гүл көрмесін ұйымдастырды. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына кітапханашы В. И.Синдеева Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Синдеева Валентина Ивановна өмірінің соңғы минутына дейін өзі таңдаған мамандығының сенімді иесі болып, көп жылдар өз оқырмандарына адал қызмет етті. Ол өзі еңбек еткен ұжым арасында, сүйікті оқырмандары арасында еңбекқорлығымен, қызметіне деген адалдығымен қарапайым адами қасиеттерімен  мәңгілік есте қалды. Жиырма  тоғыз жыл бір салада қызмет еткен Валентина Ивановнаның еңбегі елеулі екені сөзсіз еді.  2008 жылдың  он бесінші  наурызнан бастап  кітапхана қызметін жоғары  білімі бар,  көп жылдар ұстаздық еңбек еткен Оразалина Райхан  Борисқызы  қабылдап алды.  Ұстаздық қызметі мен  кітапхана жұмысын  ұштастыра білген  маман аз   уақыт ішінде өз оқырмандарын тауып, олармен белсенді түрде қызмет ете білді.  Ауыл әкімшілігімен, ауыл клубымен  және мектеп кітапханасымен  байланыс орнатып, осы атаулы мекемелерде болып жатқан  іс-шараларға өз үлесін қосты. Атап айтар болсақ: Наурыз мерекесінің өту барысын ұйымдастырып қазақтың салт-дәстүрін көрсетуде, ауыл әкімшілігімен  бірлесе отырып,  қазақтың  ат қою рәсімін сахналап шығаруға белсене қатысты.

9- мамыр  жеңіс күні мерекесіне «Оларды өмір еркелеткен жоқ»  атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылып, онда батыс өңірінен шыққан Кеңес Одағының батырлары, «Даңқ» орденінің иегерлері сияқты абзал азаматтардың өмірбаяны жазылған  Ақжайық ақберендері,  Ұлы жеңістің  50 жылдығына арналып жазылған “У победы женское лицо” сол бір сұрапыл жылдарды бейнелейтін  “Өшпес даңқ” атты  тағы да басқа  жас ұрпақты патриоттық санада тәрбиелейтін  кітап көрмелері  оқырман қауымға тартылды. Сонымен  қатар, осы мерекеге арнап  ауыл әкімшілігі  ұйымдастырған іс- шараларға  белсенді түрде өз үлесін қоса білді. Ал кітапхананың  ішкі жұмыстарында кітап қорын санап алу, мүліктерді  есептеп алу,  кітап көрмелерін жаңарту толықтыру жұмыстарын жүргізу, патриоттық тәрбие беру  бағытындағы  кітапхана клубының  үш жылдық  жұмыс жоспарын құру сол сияқты кітапхана тарихын  қайта жазу жұмыстарын  жүзеге асырып отыр.  Кітапханада  қазақ тіліндегі  әдебиеттердің толығуымен  байланысты  оқырмандар саны да  өсуде.

2008 жылдан кітапхана меңгерушісі болып М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірген Шукурова Ғалима Жексенқызы жұмыс істеп келеді. Ол 2009 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК ұйымдастырған «Жас кітапханашылар» байқауына қатысты.

 

Кітапханашылар егіс алқабында.

 

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Мичурин ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1960 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 49/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 4

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 66

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 1039

Кітап қоры: 14825 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Айтпаганбетова Нұрсұлу Батырқызы

Мичурин ауылдық кітапханасы.

Ілім –білімнің бұлағы кітап атаулының мекемесі – кітапхана адамзат баласының рухани тыныс –тіршілігінің айнасы іспеттес.

Жүздеген оқырмандардың құрметі мен ыстық ықыласына бөленген  мәдениет ошағының бірі – Мичурин ауылдық кітапханасы.

Батыс Қазақстан өлкесінің Приурал өңірі (қазіргі Зеленов ауданы)  Плодоовощной совхозы Мичурин ауылдық көпшілік кітапханасының тарихы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастау алады. Сол уақыттарда Юнусова Зоя Артемовна кітапханашы болып қызмет атқарған. Кейіннен белгісіз себептермен ауыл кітапханасы осы совхоздың №1 бөлімшесіне көшірілген.

1971 жылы Қаскелең мәдени-ағарту училищесін бітіріп, жолдамамен келген жас маманға совхоз конторынан партия комитетінің бөлмесі ішіндегі партияға арналған әдебиеттерімен кітапхана ашуға рұқсат беріледі.

Кітаптардың негізгі бөлігі К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Лениннің шығармаларын құраған. Жыл аяғына дейін кітап қоры сол жылдардағы кітапхана коллекторларының көмегімен толықтырылып, 1000 дана кітапқа жеткен. Оқырман саны жыл аяғында 90 адамды құраған болса, 1973 жылдың аяғындағы есеп бойынша кітап қоры 2543 дана кітапқа, ал, оқырман саны –254 адамға жеткен.

Кітапханада 18 жыл қызмет атқарған Татьяна Викторовна Бондаренко (Григоренко) оқырмандарға түрлі көпшілік шаралар өткізумен қатар, жылжымалы кітапханамен де жұмыс жасаған. Мал фермалары мен пішен шабу бригадаларын аралап газет-журналдарда басылған жаңалықтармен таныстырып, әңгімелер мен библиографиялық шолулар өткізіп отырған.

1978 жылдан бастап кітапханалар орталықтандырылған жүйеге көшіп, ауыл кітапханаларының кітап қорын толықтырылуына септігін тигізген.

Мичурин ауылында 1977 жылы жаңа үлгідегі мәдениет үйінің іргетасы қаланып, 1978 жылдың ақпан айында пайдалануға берілген. Міне, осы мәдениет үйінен көлемі 66 шаршы метр бөлме кітапханаға беріледі. 1977-78 жылдарда кітапхана қоры бес-алты мың дана әдебиетке жеткен.

1980-87 жылдары ауыл кітапханалары социалистік міндеттеме алып, өзара жарысқа түскен.

Магаляс Александр Александровичтің басшылығымен кітап сүйгіштер “Любите книгу” атты қоғам құрылып, жаңа әдебиеттермен кітапхана қорын толықтыруға үлес қосқан.

Дичанская Нина Александровна 1981 жылдан бастап кітапхана жұмысына араласқан. 1983-84 ж.ж. Мичурин ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жасаған. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімінде сырттай оқып жүрген Нина Александровна 1981 жылы Мичурин ауылының №2 бөлімшесіне кітапханашы болып жұмысқа орналасады. Ал, 1983 жылы Мичурин кітапханасына ауыстырылады. Нина Александровна сол жылдарды былайша есіне алады:

– Мичурин кітапханасы мен үшін өте үлкен, кітап қоры да көлемді, алфавиттік, жүйелілік каталогы бар, әдебиеттері жаңа кітапхана болатын. Мұнда жұмыс жасау, оқырмандарға қызмет көрсету мен үшін өте қызықты болды.

1985-97 жылдары Акимова Екатерина Васильевна, 1986-2001 жылдары Кожевникова Любовь Павловналар Мичурин кітапханасының жұмысын жалғастырған. Кітапханадағы әдебиеттерді насихаттауда Екатерина Васильевна мен Любовь Павловна түрлі жұмыстар ұйымдастыра білген.

Акимова Екатерина Васильевна жастайынан өте еңбекқор әрі өнерлі адам болатын. Табиғатынан бойына біткен шеберлік қасиеті де болатын, оның қолынан тоқыма тоқу, кесте төгу, әсіресе, сурет салу өнері кітапхана жұмысын жүргізуіне үлкен көмегін тигізді.

Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің кітапханашы мамандығын алып шыққан Екатерина Васильевна еңбек жолын ауылдық кітапханаларда жұмыс жасаудан бастаған. Ол қоғамдық өмірге де белсене араласып, ауыл өміріне өзгерістер енгізіп, кітапханада түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыра білді. Әдеби-музыкалық кездесу кешері, ауызша журналдар “Дороги опаленные войной”, От Каспия, до Алтая”, сондай-ақ Любовь Павловна екеуі ұйымдастырған “Ал, кәнеі қыздар” байқауы және түрлі тақырыптық кештер мен кітап көрмелері оқырмандарға үлкен көмегін тигізген.

Оқырмандардың қызығушылығын арттыратын”Шебер қолдар” клубы жұмыс жасап, клуб мүшелері қолдарынан шыққан бұйымдардан көрмелер жасақталып, байқаулар өткізіліп тұрған.

Сондай-ақ клуб мүшелерімен “Пасхальный день”, “День Нептуна”, Демалыс сағаты” атты көңілді кештері өткізіліп отырылған.

2001-2002 жылдары Мичурин ауылдық кітапханасының жұмысын жалғастырған Ибрагимова Фарида Талапқалиқызы да Орал мәдени-ағарту училищесінен кітапханашы мамандығын алып шыққан шебер маман иесі бола білген. Көкейкесті тақырыптарды үнемі назарда ұстап, кітап көрмелерін, кездесу кештерін ұйымдастырған. Жаңа жылдық ертеңгілік ана тілді ардақтауға бағытайтын тақырыптық кеш, жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолулар, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен көмегін тигізген.

Кітапхана насихаттың нағыз орталығы болып табылатындықтан Фарида жұмыс жасаған жылдары да кітапхана өз қажеттілігін жоймаған.

 

 

2000-шы жылдары кітапханадағы кітап қоры 12000 дананы құрады.

Қазіргі таңда 2003 жылдың қаңтар айынан бастап Мичурин ауылдық кітапханасында Айтпағамбетова Нұрсұлу Батырқызы қызмет етіп келеді.

Кітапхана өмірі -сырт көзге біліне де, байқала да бермейтін, өз қиындығымен, өзіндік қызығына мол өмір. Осы өмірдің жұмысын жандандырып, уақыт талабына сай халыққа қызмет көрсетуде кітапханашы еңбегі ұлан-ғайыр.

Нұрсұлу Батырқызы – осындай кітапханашылардың қатарынан табылып келеді. Кітап қорын таларқа сай жүйелеп, ауыл тұрғындары арасында кітапты насихаттау жұмысын үнемі жүргізіп отырады. Мичурин ауылдық кітапханасы мектеп кітапханасымен және мектеп оқушыларымен тығыз байланыста болып, түрлі жұмыстар ұйымдастырып, өткізіп отырады. Мысалы, 2003 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арналған “Менің атым –Махамбет” атты тақырыптық кеште 9-сынып оқушылары Сатқанов Бауыржан, Қуанов Әділ, 8-сынып оқушылары Даулетьярова Гүлім, Сағынғалиева Айдалардың өнерлері оқырмандарды тәнті етсе, “Өлең де, өмір де Жұбан” атты поэзия кешінде Сахипова Ақтілек, Еркіналиев Мирас, Асенесев Мирас, Терехова Мария, Сайлауова Айнұрлар ақын өлеңін мәнерлеп оқу шеберліктерімен көзге түсті.

Ауыл кітапханаларында өлкетану жұмысын дамыту мақсатында 2004 жылы облыстық мәдениет басқармасы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген “Ауыл энциклопедиясы – шағын Отан” байқауына қатысқан Мичурин кітапханасының кітапханашысы  Айтпағамбетова Нұрсұлу “Село тарихы мен адамдары – менің санамда” атты энциклопедиялық материал жинақтап, “Өлке тарихына құнды деректер қосушы кітапханашы” наминациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Халқымыздың тарихи мұралары мен шежірелеріне зор көңіл бөліп, ынта-ықылас қою мақсатында 2006 жылы облыстық А.П.Гайдар атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ш.Бөкейдің 160 жылдығына арнап “Шәңгерейдің шұғылалы жырлары” тақырыбында ауылдық кітапхана мамандары арасында байқау жариялады. Осы байқаудан Мичурин кітапханасы да тыс қалмай, кітапханашы Н.Б.Айтпағамбетова өз мамандығының нағыз иесі екендігін көрсетіп, қабілеттілігін танытты.

“Алмастай өткір сұңғыла жыр” деген атпен ауызша журнал өткізуге әдістемелік құралды байқауға ұсынып, облыстық байқаудың шарттары бойынша кітапханашы Айтпағамбетова Нұрсұлудың жұмысы “Бас жүлде” иегері атанды.

Мичурин ауылдық кітапханасындағы іс-шаралар үнемі өз жалғасын тауып отырады. Жас оқырмандармен “Балалар кітаптарының апталығы”, ауызша журналдар, әдеби-сазды кештер өткізіледі.

Бенефис – оқырмандар ағайынды Лариса, Александар Леонкиндермен өткізіліп, жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен жол ашты.

Болашақта кітапхана жұмысы сипаты мен мазмұны жағынан үлкен өзгерістер жолына бағыт алып, ақпараттық жұмыстардың жаңа тәсілдерін іздеу, автоматтандыру мен жаңа ақпараттық технологияны енгізуге күш салып оқырмандар сұранысына сауатты қызмет атқаруға бағытталмақ.

2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Ардагер біздің ағалар»  атты тыл ардагерлерімен кездесу өткіздім. Сондай-ақ Қ. Мырза Әлінің 75 жасқа толу мерейтойына арналып  «Жайықтан алған шабытты» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

«Бір ел- бір кітап» акциясы аясында да Ж. Молдағалиевтің шығармаларын насихаттауда «Намысынан халқының  жаратылған» ауызша журнал, «Азаттықтай ардагер атағы аңыз»  әңгіме, «Сөндірме тек махаббат жұлдызымды» поэзия сағаты.

М. Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш, Ұлттар достығы мерекесі қарсаңында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында 2017 жылы туған өлке тақырыбына «Өлке тарихы-ұрпақ мұрасы» атты жобаны жасап жұмыстанып келемін.

2017 жылы аудандық «Үздік кітапханашы» кәсіби шеберлік байқауына қатысып, «Кәсіби шебер»номинациясына ие болды.

2019 жылы «Қазақстан Республикасы» Қазақстан таланттары Өнер-білім дамыту шығармашалық орталығының» «Үздік қызметкер» төс белгісімен марапатталдым. (төс белгі куәлік №0132)

2019 жылы Бәйтерек ауданының құрылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Туған өлкем- жұмақ мекен» өлкетану байқауына қатысып, Мичурин ауылдық кітапханасы «Кітапша құрастыру» номинациясы бойынша 1-орынды иеленіп дипломмен марапатталды.  Пандемия  кезінде Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық  көптеген іс-шараларға кітапхана оқырмандарын қатыстырып отырды.

Барлық оқырмандар алғыс хаттар мен дипломдар иеленді. Осы жылдан бастап кітапханада кітапхана меңгерушісі Нұрсұлу Батырқызымен қоса екінші кітапханашы Калиева Алтынай Кеңесқызы қызмет етіп жүр.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Новенькое ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1977 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 64/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 11

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 58

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 840

Кітап қоры: 13485 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Бәйтерек ауданы Новенькое ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Дишенова Лаззат Кусаиновна

Новенькое ауылдық кітапханасы.

Новенькое ауылдық кітапханасы 1977 жылы қазан айында ашылды.

Ол кезде кітаптарды Дарьинскіден киномеханик не болмаса,  аудандық кітапхана директоры А. Н.Томяк  алып келіп жүрді. Кітапхана мектеп жатақханасымен бірге  болды.Кітаптар Приурал ауданының барлық кітапханаларынан жиналды. Содан кейін кітапхана басқа орынға көшірілді. Кітапхана ашылған 1977 жылдан 2008 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Л.И.Пархоменко  жұмыс жасады.2007 жылы кітапханаға 30 жыл толды. Кітапханашы Л.И.Пархоменко  еңбек ардагері медалімен, 18 мақтау грамотасымен және ауыспалы вымпелдермен марапатталған. Кітапхана бүгінгі таңда мектеппен тығыз байланыс жасап жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындары көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толық қамтамасыз етіліп отырылады.

2008 жылдан Дишенова Ләззат Құсайынқызы қызмет атқарып келеді. Ол – 2007 жылы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірген болашағынан үміт күттіретін маман. 2012 жылы «Үздік жас кітапханашы» аудандық байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленді.

2019 жыл Дариян ауылдық округі  орталығындағы  М.Шолохов атындағы музейде  «Үздік жас кітапханашы – 2019» байқауымен жалғасын тапты. Кітапханашы мамандардың кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін анықтауға арналған байқау кітапханашы визиткасы, мамандықты жарнамалау,кітапхананың дамуына серпін беретін ұсынысын дәлелдеу,оқыған кітабын жарнамалау, өнер көрсету шарттарын қамтыды. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік жас кітапханашы-2019» байқауының жеңімпазы болып Новенкий-2 ауылдық кітапханашысы кітапханашысы Дишенова Ляззат  марапатталды.

2019 жылы   «Жайық өзені – таза жағалау және тату көршілік» бірлескен ресейлік-қазақстандық акциясы шеңберінде шығармашылық жұмыстар байқауына Новенький ауылдық кітапханасының оқырманы Жасқайрат Фатима қатысып,  шығармашылық жұмыс бойынша 1 орынға ие болып «Көркем сөз» аталымын жеңіп алды.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Октябрь ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1973ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 57/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 17

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 44,4

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 220

Кітап қоры: 10182 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Бәйтерек ауданы  Октябрьск ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Могила Лариса Александровна

Октябрь ауылдық кітапханасы

Могила Лариса Александровна Мичурин ауылдық округіне қарасты Октябрь ауылынның кітапханасында кітапханашы болып қызмет істейді. Жоғарғы педагогикалық білімі бар.

Октябрь ауылында кітапхана Колесов ауылдық кітапханасының жабылуы себепті 2011 жылы шілде айында ашылды. Осы 2 жыл ішінде ауылда амбулатория, кітапхана ашылды. Осы мекемелер – ауылдың көркі.

Кітапхана ғимараты бұрынғы тұрғын үй, аумағы 44,4 ш.м. Жабдықтарынан бір жақты 11 стеллаж, екі жақты- 4 стеллаж, 3 үстел,  5 орындық бар.

Кітапхананың кітап қорында  9 мыңдай кітап бар. Жылына 350-ден астам оқырманға 8700-дей кітап, мерзімді басылымдар беріледі.

Ең белсенді оқырмандар – балалар. Оқушылар кітапханада өткізіліп тұратын шараларға қатысып тұрады

14 пен 21 жасқа дейінгі жастар кітапханамызға оқулықтар, көркем әдеби кітаптарға сұраныс береді. Шағын кітапханамызда отырып өздеріне керек материалдарды, кеңестерді оқып, керектерін жазып алады.

Орта, үлкен жастагы оқырмандар көркем әдебиет пен бақша өсіру, мал шаруашылығы туралы көптеген әдебиеттермен танысып, керек кітаптарын сұрап, сүйсініп оқиды.

Жастар арасында да белсенді оқырмандар бар. Тургунболатов Сапарбек -Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті. Ол өзін сол колледжда бірнеше әдеби кештерге қатысып, жақында өткен жергілікті ақынымыз Қадыр Мырзағалиевке арналған кешінде сол ақынымыздың бір өлеңін оқып, 1- орынға ие болды.

Тынымова Дариға – Батыс Қазақстан медицина колледжінің студенті. Ол да кітапханамыздың жиі келетін оқырмандарымыздың бірі. Колледжда өтетін шараларға қатысып, Қазақстан Республикасының Тілдері күніне арналған «Тіл тәуелсіздік тұғыры» апталығы шеңберінде өткізілген «Ана тілім – жүрек үнім» атты жастар байқауына белсене қатысқаны үшін марапатталып, сонымен қатар «Тілім менің! Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!» атты апталық шеңберінде өткізілген «Данышпаны жиырмасыншы ғасырдың, Орны бөлек Әуезовтей асылдың» атты шығармалар сайысында жүлделі 1 -ші орын иеленді.

Асан орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Коновалова Анастасия да көптеген баяндамалар, рефераттар жазуға, жиі келетін оқырманымыз. Өзіне керек кітаптарын осы жерден тауып, риза болып кетеді.

Сонымен қатар, ауылымыздың орта, үлкен жастағы В.В. Узловский, И.Н.Кондратова, В.Т.Казакова,  Ф.Т.Казаковалар – кітапханамыздың  тұрақты оқырмандары. Үлкен жастағы жиі ауыратын оқырмандарыма өздері сұраған әдебиеттерін үйіне апарып беремін, өйткені олар денсаулықтары нашарлап, сырқаттанып жатса да әдеби кітаптарды сүйе оқиды, жандарына шипа көреді.

Кітапхана Мичурин ауылдық округінің әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Атаулы күндерге, мемлекеттік мейрамдарға арналған ірі шараларды Мичурин, Жамбыл, Асан, Зеленый ауылдық кітапханаларымен бірігіп өткізеді.

 

 

 

Мекеме  төлқұжаты.

 

Мекеме атауы:                                        Өркен ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1981 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    68

Облыс орталығынан арақашықтығы   62

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         30

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                     220

Кітап  қоры:                                          8149  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

 

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы  Бәйтерек  ауданы     Өркен ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:             Нурсултанова Төреғаным

Өркен (Степной) ауыл кітапханасы.

1981 жылы 4 қазан күні «Орал су құрылысы» және «Орал су құбыры құрылысы» тресі жанынан «Орал меллорация қосалқы шаруашылық құрылысын» жобалау бірлестігі құрылды. Осы трестің қосалқы шаруашылықтары 1983 жылдан бастап жұмыс жасай бастады.

Құрылыс жұмысы ПМК 114, 118, 123 мекемелері арқылы жүргізілді. Осы ПМК мекемелерінің күшімен: 20 жыл пайдалану уақыт мерзімімен монша, 50 орындық балабақшамен 80 орындық бастауыш мектептің қабырғасы қаланды.

ПМК мекемелерінің күшімен 1984 жылы ауылдық кітапхана мекемесі берілді. 1984 жылдан 2003 жыл аралығында Мелехина Ольга, Нұрсұлтанова Төреғаным, Гайнуллина Эльмира сынды әріптестерім жұмыс істеді. Осы жылдарда кітап қоры 6000 дана  болса, 2004 жылы 6260 данадан,  2005 жылы 6391 данаға толықтырылып кітапхана қоры жылдан-жылға өсіп, халыққа қызмет ететін мәдениет ошағына айналып отыр.

2003 жылдың маусым айынан 2011 жыл аралығында кітапханашысы болып  Тайшибаева Зайдаш Сақтағанқызы  жұмыс атқарды. 2011 жылы ауыл атының Өркен болып өзгертілуіне байланысты сол жылдан бастап Өркен ауылдық кітапханашысы болып бұрын сол кітапханада істеген, Нұрсұлтанова Төреғаным жұмыс істеп келеді.


Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Озерный  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1950 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы   91

Облыс орталығынан арақашықтығы   32

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         30

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    400

Кітап  қоры:                                         12601 дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы     Бәйтерек  ауданы     Озерный  ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:           Еременко Мария Васильевна

 

Кітапхана тарихы

Озерный ауылдық кітапханасы.

Озерный ауылында кітапхана 1950 жылы ашылған. Алғашында Советская көшесіндегі бір бөлмелі ағаш үйде болған. Кітапхананың алғаш атауы оқу үйі делінген. Бірінші кітапханашы Козлова Валентина Федоровна болған.
Басында кітап қоры өте аз 60-70 дана ғана кітап және біраз газет болған. Ауыл тұрғындары газеттердегі жаңалықтармен танысу үшін оқу үйіне келген.
Ол кезде кітап өте аз болғандықтан, кітаптарды еркін алып оқуға мүмкіндік болмаған.
В.Ф.Козлованың жұмыс жасаған жылдарында кітапхананың кітап қоры біршама көбейеді. Валентина Федоровна өзінің жылжымалы кітапханасымен «Достық» колхозының мал фермаларына, астық қоймаларына, егіс далаларына, суармалы бригадаларға жиі барып оқырмандар оқуын өткізген.
1974 жылы кітапхана Орал өңірінің орталық кітапхана жүйесінің филиалы болды. Сол жылы Валентина Федоровна зейнеткерлікке шығуына байланысты ауылға жіберілген жас маман Речкина Нина Федоровнаға кітапхана жұмысын тапсырды . Бірақ ол өте аз уақыт, яғни 1976 жылдан 1979 жылға дейін жұмыс істейді.
1979 жылдан 1981 жылға дейін кітапханашы Разварова Таисия Александровна болды. Ол 1981 жылы мектепке жұмысқа ауысады да, орнына Л.Судашева кіріп, бір жыл ғана жұмыс істейді. Одан соң Шепталова Татьяна Ивановна кітапханашы болып кіреді. Бұл жылдары кітапхана кеңейіп, онда оқырмандар газет-журналдар оқитын оқу залы ұйымдастырылады.
Кітапхананың кітап қоры да 7 мың данаға дейін өскен.
1983 жылы Татьяна Ивановна кітапхананы Ж.М.Қосдәулетова мектеппен бірігіп Б.Х.Агатаева екеуі ауызша журнал, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, сөзжұмбақтар, өлең сайыстарын өткізді. Мәдениет үйінің қызметкері Н.А.Еременкомен бірге Жеңіс күні, наурыз мерекесі, Абай Құнанбаевтың мерей тойы, қысты шығарып салу сияқты атаулы күндерге іс-шаралар өткізген. Ол кезде кітапхананың кітап қоры 9 мыңға өсіп, оқырмандар саны 400 кісіге дейін көбейеді.
1990 жылы Ж.М.Қосдәулетова Дарьинскге көшіп кетіп, орталық кітапханаға жұмысқа кіреді. Ал кітапхананы Голованова Валентина Андреевнаға тапсырады. Валентина Андреевна кітапханада 2002 жылға дейін жұмыс жасайды. Ол кезде кітапхананың кітап қоры 11 мыңға өсіп, оқырмандар саны 450-ге дейін жетеді.
2003 жылдан 2006 жылға дейін кітапханашы болып Қажғалиева Гүлбану Маратқызы қызмет етті. Оқырмандар 480 болып, кітап қоры 10000-данаға жетіп, келушілер 2500-дей болды.
Құқықтық тәрбие, экология, салауатты өмір салты, және мемлекетіміздің мәдениеті, ұлтаралық татулық тақырыптарындағы әдебиеттерді насихаттады. Жеңістің алпыс жылдығына, тыңды игеруге, Қазақстандағы Ресей жылына, 2003-2005 жылғы ауыл жылына арналған қабырға газеттерімен қатар, Президенттің «Қазақстан – 2030» стратегиясы да үнемі насихатталды.
«Қазақстан- менің Отаным», «Тіл- келісім жолы», «Жеңіс жарығы сөнбейді», «Қазақстан стратегиясы» атты атаулы күндерге арналған тақырыптық кітап көрмелері безендірілді.
Геология ғылымдарының докторы ғалым Қ.И.Сәтпаевтың 105 жылдығына орай «Туған өлкем- сүйікті Қазақстан», В.И. Панфиловтың 110 жылдығына арналған «Қазақ жеріндегі- орыс баласы» атты кездесу- кештері және әр түрлі тақырыптарда сайыстар мен әңгімелер өткізілді.
2006 жылдан бастап кітапханашы болып Мария Васильевна Еременко істеп келеді. Ол кезде кітап қоры 14540-қа дейін өсіп, оқырмандар 500-ге дейін көтерілді.
Кітапханашы «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды», «Басты мақсат- масылдықтан арылту», «Астана- жастығым менің», «Тілге құрмет- елге құрмет», «Жаңа өмірдегі- жаңа Қазақстан», «Қазақстандағы Украина жылы» атты шараларға кітап көрмелерін безендірді. Ал «Ана тілі- асыл тіл», «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз», «Қазақстан халықтары достығы», «Жеңіс жолында» деген тақырыптағы әр түрлі іс-шаралар өткізіліп отырылады.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Павлов ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1974ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 83/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 38

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 36

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 139

Кітап қоры: 5275 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Бәйтерек ауданы   Павлов ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Қарабасова Аягүл Ахмедиярқызы

Павлов ауылдық  кітапханасы.

Павлов ауылдық  кітапханасы 1974 жылдың 1 тамызында ашылды. Бірінші кітапханашы Софья Васильевна Захарова болды. Кітапхана Павлов, Факел ауылдарын да қамтыды. Кітапхана қоры қазақ және орыс тіліндегі 500 кітаптан тұрды. Кітап қоры сол кездің талабы бойынша құралды. В.И.Ленин шығармалары, ауыл шаруашылығына керекті жануарлар және механизация жөніндегі көркем әдебиет, қылмыс, фантастика, классика туралы. Кітапқа деген сұраныс көп болды. Факел ауылы Павлов ауылына үш шақырым жерде болса да, тұрғындары кітап үшін ағылып келіп жатты. Кітапхана мәдениет үйінің ішінде орналасты. Софья Васильевна күйеуі Борис Дмитриевич Любавин екеунің де кітапқа деген сүйіспеншілігі жоғары болды, олар үйлерінен өз кітапханаларын жинады. (Көп кітаптары кейіннен кітапханаға берілді.)

Егін жинау уақытында Софья Васильевна «Механизаторға көмек» тақырыбында үгіт көрмесін ұйымдастырды, фермада қызыл бұрышта кездесулер, пікірталастар өткізді.

Балалар үшін кітап көрмелері ұйымдастырылып, дауыстап оқулар өткізіліп тұрды.

Софья Васильевна Захарова 1978 жылы өз еркімен жұмыстан шығып, өзінің мамандығы бойынша дәрігер болып қызмет атқарды.

Кітапхананы Анна Андреевна Худан қабылдап алады. Анна Андреевна кітапты насихаттау жөнінде іс-шараларды көп өткізді. Атап айтқанда: 1989 жылы мектепте С.Бегалиннің шығармашылығына арналған «Баланың ұлы досы» атты ертеңгілік, «Табиғатқа сүйіспеншілік және қамқорлық» тақырыбында ауызша журнал, В.Генкенің «Ғасыр құрдастары» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы т.б.

Далалық жерлерде көркем әдебиетті дауыстап оқу ұйымдастырылды, жаңадан түскен кітаптарды таныстыру, кітапханашының қатысуымен түскі демалыс кезінде механизаторларға концерт қойылып, озат қызметкерлермен кездесулер өткізілді.

1990 жылы кітапхана мектеп орналасқан көшедегі жеке үйге көшірілді. Сол жылдары кітапхана ауыл тұрғындарының өмірі үшін ең маңызды орталық болды. Бірде-бір шара  егінді аяқтау мерекесі болсын не ауыл басшыларының кеңесі болсын  кітапхананың қатысынсыз жүзеге аспады.

1998 жылы Анна Андреевна Ресейге көшіп, орнын Кужасова Сәбиля Урынгалиевнаға тапсырады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кітапхана жұмысына да өзгерістер енеді. Қазақ тіліндегі әдебиеттер көптеп түсе бастады.  Сәбиля Урынгалиевнаға Батыс Қазақстан ақындарының шығармашылығына арналған поэзия кештері, әдеби кештер, балаларға арналған ертеңгілік, викториналар өткізді.

Сәбиля Урынгалиевна 2001 жылы Погодаев ауылына көшіп кетеді де, кітапхананы Ильясова Балқан қабылдап алады, бірақ ол да көп істемей, 2003 жылы Сұлтанова Ақгүлім Мырзағалиқызына тапсырады. Бір жылдан кейін 2004 жылы кітапханашы болып мен, Зәмзагүл Әділбайқызы Алигазиева, кірдім.

Кітапханашылық мамандығым болмағандықтан, 2005 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжісінің кітапхана бөліміне түсіп, 2007 жылы бітіріп шықтым.

Қазіргі уақытта кітапхана қоры 4500 кітап, оның 800-дейін қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхананың өлкетану каталогі, әріпнамалық және жүйелілік каталогтары, тақырыпты папкалары, картотекалары, кітап көрмелері, сөрелері оқырмандарға әрдайым қызмет етеді. Жыл бойына өзекті тақырыптар бойынша ұсынымдық тізімдер шығарылып, ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары үшін әр түрлі қызықты іс-шаралар өткізіліп отырылады.

Кітапхананың ашылған күнінен бүгінгі күнге дейінгі өміріне сөз салсақ, кітапхананың орнының, маңызының жоғары екендігіне, басқамен ауыстыруға болмайтындығына көз жеткіземіз. 2021 жылдан бастап кітапханада Карабасова Аягүл Акмедияровна жұмыс жасайды.

Мекеме  төлқұжаты. 

Мекеме атауы:                                   Переметный орталық балалар кітапханасы

 

Ведомостволық  құрылымы:                  Мәдениет және спорт министрлігі

 

Құрылған  жылы:                   –    1939ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     –

 

Облыс орталығынан арақашықтығы    38

 

Ғимараттың  түрі:                       бейімделген

/типті,  бейімделген/

 

Аумағы  /шаршы  метр/                84

 

Меншік  түрі:                                мемлекеттік

 

Оқырман саны:                             1800

 

Кітап  қоры:                                  15573  дана

 

Қызмет көрсету  түрі:                  тұрғындарға қызмет көрсету

 

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы

Бәйтерек  ауданы

Переметный ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Габдулиева Зауреш Шайдулловна

Аудандық балалар кітапханасы.

 

Переметныйда  кітапхана  алғаш  рет Совет  үкіметі  кезінде ашылған   деген  болжамдар бар. Сауатсыздықты  жою  мақсатымен, біртіндеп  жаңа  мектептер, кітапханалар, мәдениет   үйлері  ашылды. Бізде  де осы   кезеңдерде оқырмандар  үйшігі (изба – читальня) ашылады.

1935 жылы біршама кітап қоры, 2 қызметкері бар балалар кітапханасының бөлек ғимараты ашылды. 1976 жылы  орталықтандырынған  кітапхана  жүйесі құрылып, онда 15711 дана кітап  қорымен  орталық  балалар кітапханасы  орталықтандырылды.

Өз өмірлерін  бір қарағанда  жай ғана  қарапайым көрінетін, алайда өзіндік қиыншылықтары аз емес кітапханалық қызметке,  қайырымды  еңбекке   арнаған  жандарды  ерекше  айтқымыз   келеді.

Балалар  кітапханасының даму тарихы  меңгеруші М.Б.Саркулова, кітапханашы А.И.Мироненко  есімдерімен тығыз байланысты.

Ол кездері олар үшін ең  бастысы оқырмандардың  талап сұраныстарына сәйкес кітаптар қорын қалыптастыру, балаларды оқуға баулу, аңықтама – библиографиялық аппаратын құру, мерекелік  шараларды ұйымдастыру болды.

Кітапханада ұзақ жылдар  Ганьшина, А.Богомолова, Н.К.Санжурина, С.Е.Капашева, Д.Б.Зергирова, Ж.К.Абдулова, С.Г.Жумагалиева, Н.Е.Таранчевалар қызмет  етті.

О.П.Неводова, А.К.Бердалиевалар – қазіргі уақытта да кітапхана жүйесінде еңбектерін  жалғастыруда.

Әрқашан да қайырымды, сыпайы жандар балалардың бойындағы оқуға деген қызығушылығын оятып, қаншама қызықты мерекелік шаралар өткізді!

1978 -1985 жылдар аралығында аудандық балалар кітапханасында  Г.М.Альмуханова меңгеруші болды, кейін ол ОКЖ  директоры қызметіне  тағайындалды.

Жаңа экономикалық  жағдайда, яғни 90-шы жылдардың басында ол  әдебиеттерді алуға  қаржы табу  үшін күрделі шаруашылық  мәселелердің шешуін іздестірді .

Гүлнар Мадарикқызы сол кезеңнің қиыншылықтары мен мәселелерін жеңіп шығып, кітапхана жүйесін сақтап қалды.

Қазіргі таңда  ОКЖ  табысты  дамуда, ол облсымыздағы ең  үздіктердің  бірінен  саналады. Жаңа  технологиялар кеңінен  енгізіліп, кітапханалық  жүйені компьютерлендіру жүруде,  жаңа  жобалар  мен бағдарламалар енгізілуде. 2002 жылы Республикалық  «Еуразия  – мәдениет  және кітапханалық  ресурстар интеграциясы» ғылыми – практикалық конференциясының  «Ауылдағы жұмыс» секторы ОКЖ-нің базасында өтті.

Жылдар өтті… енді балалар кітапханасында  басқа адамдар қызмет   етуде. Кітапхана меңгеруші Габдулиева Зәуреш Шайдуллақызының   басшылығымен кітапханашылар Кусегенова Ханшаим Орынбайқызы, Мамбеталиева Дина Орынғалиқызы  қызмет атқарады.

Өз мамандықтарын сүйетін мамандар жылы көзқарас, ыстық ықыласпен оқырмандарды өздеріне баурай біледі. Оқырмандардың барлық сұраныстарына жауап беріп, кітап таңдауына дұрыс бағыт көрсетеді, сөйтіп достық қарым – қатынас орнатқан. Олар бәрін өздері жасайды: мерекелік шаралардың сценарийін жазады, театрландырылған көрініс қояды. Қаласаң да, қаламасаң да еріксіз кітапқа табынушыға айналасың.

Кітапхананың басты байлығы – кітап  қоры, 17 мың  дана, соның  ішінде 1829-ы қазақ  тілінде. Балаларға арналған,  ғылыми таңдамалы,  оқулыққа қосымша,  көркем  әдебиет қазақ, орыс және шет ел  тілдерінде. Оқу залы әрқашан оқырмандардан еш толастамайды. Олар оқуға, оқығандарын талқылауға, соңғы жаңалықтарын  бөлісуге келеді.

Кітапхана балалар  үшін ең үздік Қазақстандық, Рессейлік әр тақырыптағы мерзімді басылымдарға жазылады.

Жыл  сайын  кітапхана  1500-ден  астам  оқырмандарды  қамтамасыз етеді, кітап берілімі 30 мыңға жуық дананы құрайды, соның  ішінде  5143і  қазақ  тілінде.

Баланың кітап әлеміне деген көзқарасы оның кітапхана табалдырығын алғаш  аттаған кездегі  көңіл – күйімен тығыз байланысты.

«Путешествие в книжное царство – мудрое государство»

Сондықтан да 1-сынып  оқушыларының  кітапханаға жасайтын саяхатына кітапханашылар алдын -ала  дайындалады. Кітапханаға  келген алғашқы күн мереке ретінде әр баланың есінде қалғаны абзал. Бұл күні кітапхананың  ережесімен,  жаңа кітаптармен танысады,  балалар сайыстар мен ойындарға қатысады, әсем де айқын  театрландырылған қойылымның куәгері болады. Жыл сайын  «Буратино оқушы», Д.Сланбетованың  «Саңырауқұлақтың саясы»,

Е.Карганованың «Как Ослик счастье искал»,  А. Усачевтың  «Грибок- теремок» сияқты тағы да басқа жаңа қойылымдар әзірленіп отырылады.

                  «Кітап Ханшасының ғажайып еліне саяхат»

Белсенді және ізденімпаз балалар өз қызығушылықтарына қарай  клубтарға бірігеді. Ол яғни қарым-қатынас және таным мектебі, онда  балалардың  жеке қабілеттері дамиды.

Әр жылдары кітапханада  клубтар  жұмыс  жасады:

«Смена» (1986  – 1988 ж.ж.) мамандық таңдаушыларға

«Светлячок» (1993 – 2000 ж.ж.) табиғат сүйгіш балаларға арналған.

2001 жылы ертегі сүйгіштер үшін «Алақай» клубы құрылды. Әрбір кездесулерде қазақ ертегілері мен әлем ертегілерінің кейіпкерлерімен   шағын көрініс қойылады. Ойын және іс-әрекет кезінде балалар әсемдікті, шынайы даналықты сезінеді, шығармашылық қабілеттері   дамиды.

 


Новогоднее представление «Волшебный посох»

 

 

 

 

 Театрализованный праздник «Давайте, жить  дружно!»

(по творчеству Э.Успенского)

 

 

 

 

Балалар «Қазақ  даласының аңыздары», «Сүйікті  ойыншықтар    мерекесі», «Страна Чукландия», «Лучшая в мире Астрид» тағы басқа қойылымдарға өз еріктерімен қуана қатысады.

Біздің оқырмандарымыз – талантты.  Кітапханада  өткізілетін   барлық мерекелік шараларға белсене қатысады.

Мысалы: әдеби-сазды кеш «Абай әлемі – асыл мұрамыз», мерекелік  қойылым «Наурызнама», әдеб-сазды композиция «Жер бетіндегі ең әдемі қала», әскери – патриоттық ойын «Сенің  қорғаушыларың», әдеби сұрақ – жауап «Біз  кітаппен  бірге  өсеміз»! т.б.

Жазғы демалыс кездерінде де кітапхана  өздерінің жас достарынан   айырылмайды. Мектеп жанындағы «Балдырған» лагерінде «Жайдарлы жаз», «Кел, ойнайық,  ойлайық», «Лето, книга, я – друзья!» тағы басқа ойын түрінде бағдарламалар өткізіледі.

Кітапхана жас оқырмандарға «Алғашқы баспалдақ. Ступени», «Книжкин  дом» сілтемесі, «Ата-баба салтынан», «Бабам – мақтаным», «Өз болашағыңды жаса -оқы!», «Радуйся жизни и читай!», «Наша  пресса – на  все  интересы!»  т. б. хабарламар, әр түрлі тақырыптағы  жарнама басылымдар  жариялайды.

 

 

 

Әдеби – сазды мереке «Жаса, жайна, ару Астана!»                        

 

 

 

 

 

 

«Тіл білгірі» сайысы

 

 

 

 

Театрализованный вечер «Детство прекрасная пора»   

Ожившая картина Ф.Решетников «Опять двойка»

   

 

 

 

 

Фольклорлық  кеш «Төре күйлеріңнің атасы»

 

 

 

 

Кітапхана    жетістіктері

1999 ж. – Облыстық «Жер  планетасын  қорғаймыз»  – атты үздік  иллюстративті  кітап көрмесі сайысында экология бойынша ІІІ орын

2000 ж. – Облыстық «Материнское чтение» сайысында ІІ орын

2002 ж. – Республикалық  «Балалар оқулары: проблемалар, ізденістер және шешімдер». Бегалин оқуларында «Бала қызығушылығындағы кітапхананың қызметі» тақырыбында баяндама оқылды.            

 2004 ж. –  «Экологиялық   оқулар» жасөспірімдер мен балалар арасындағы экологиялық өлкетану жобасының  облыстық сайысында  ІІІ орын

2005 ж. – «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауына қатысып «Өлкем маған қымбат, мен осында өскенмін» – атты кітабы үшін «Үздік өлкетанушы – кітапханашы»  номинациясымен ІІ  – дәрежелі  дипломға ие болды.

Орталық балалар кітапханасы ауылдық  және мектеп кітапханаларының  әдістемелік орталығы болып табылады. Жасөспірімдер мен  балаларға  білім, тәрбие берумен айналысатын   мекемелермен шығармашылық, ынтымақтастық  қарым – қатынасты  нығайтып, одан әрі дамытып отырады.

Сан ұрпақ жалғасуда, алайда бүгінгі ұл – кыздарымыздың бойында кітапханаға деген қызығушылықтары еш сарқылмайды.

Кітапхана оқырмандар көзімен.

 

                     Ауылымдағы балалық шағым =Село моего детства

(каталог творческих работ юных художников)/Сост. З.Габдулиева.-Переметное.: ИП RANATA. 2013.- 20 с.:илл.

Орталық балалар кітапханасының тұрақты оқырмандарының және аудандық сурет үйірмесіне(Т.Абельцованың жетекшілігімен) қатысушы өнерпаздардың шығармашылық жұмысын ұсынамыз.Мұнда Переметный  ауылында тұратын кішкене тұрғындардың сүйікті және көрікті жерлері бейнеленген.

Уважаемый читатель!Предлагаем вашему вниманию творческие работы читателей  центральной детской  библиотеки и участников кружка рисования центра досуга(руководитель Т.Абельцева), на которых изображены любимые и памятные места детства юных жителей с.Переметное.

Пусть поколения знают/Сост.З.Габдулиева.-Переметное.: ИП RANATA.-

2014.-219 с.:илл.

Книга содержит сведения о фронтовом пути воинов Зеленовского района (ныне района Бәйтерек),о памятниках архитектуры и улицах,названных в честь ветеранов войны.В издание вошли лучшие стихи местных поэтов.Также книга представлена и в электронной версии в формате PDF на CD-диске.

                       Вошедший в бессмертие:рекомендательный список литературы и интернет   ресурсы/ Сост. З.Габдулиева.-Переметное.: ИП RANATA.-2016.- 20 с.:илл.

Рекомендательный список литературы посвящен 95-летию со дня рождения   Героя Советского Союза  Александра Борисюка.

Пособие состоит из 2 –х разделов:литература и сведения из Интернет-ресурса в них расположены в порядке алфавита. В список включены книги с 1960 по 2014 г., периодические издания  за1980-2010 г.г.Отбор литературы завершен 26 августа 2016 года.

Издание предназначено школьникам,руководителям детского чтения, краеведам, всем, кто интересуется участием воинов-казахстанцев в освобождении Родины от германского фашизма.

              Памятная книга детства переметнинцев/ Сост.З.Габдулиева.-Переметное.: ИП RANATA.-2016.-30 с.:илл.

В буклете представлены лучшие книги детства и юности разных поколений переметнинцев.Это произведения худржественной литературы XX века.Сведения о книгах расположены в разделе «Открой книгу, читай с нами!». В пособии имеется вспомогательный «Алфавитный указатель авторов и заглавий».

               Ескен Елубайдың кітабын оқиық!:

Ұсыныс тізімі/Құрастырған З.Габдулиева.-Переметное.: ИП RANATA.-2017

Балалар мен ата-аналар! Сіздерді,ақынның өлеңдері, ертегілері, аңыздары, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын оқуға шақырамыз. Ұсыныз тізімі бастауыш сынып оқушыларына, ата-аналарға, балалар оқу жетекшілері мен кітапхана қызметкерлеріне арналды.

 

 

 

 

2020 жылы  «Биылғы жылы елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеу кезінде орын алған қиыншылықтарға қарамай, өз ісінің майталманы бола білген, ұзақ жылдар кітапханада еңбек етіп келе жатырған әріптесіміз  орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Габдулиева Зәуреш Шайдоллақызы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан кітапханаларының альянсы «Халық құрметі» төсбелгісімен марапатталды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу сәтінде Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің кітапхана саласына салалы үлес қосып, өңірдің өсіп-өркендеуіне ерен еңбегі сіңгені үшін “Еңбек Даңқы” орденімен орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зауреш Шайдуллақызы, марапатталды. Сондай-ақ дәл осы үні З.Габдулиева Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

2022 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың Құрмет грамотасымен орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Габдулиева Зауреш Шайдоллақызы марапатталды.

Қазіргі таңда кітапхана меңгерушісі –Габдулиева Зауреш Шайдоллақызы, кітапханашылар Аблаева Ақжарқын Туралқызы, Козинова Аягүл Қазбекқызы.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Погодаев ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                    1957ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     95/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     50

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         63,65

Меншік  түрі:                                       мемлекеттік

Оқырман саны:                                     445

Кітап  қоры:                                        17691 дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы Бәйтерек ауданы Погодаев  ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Исмагулова Дина Ермолаевна

Погодаев ауылдық кітапханасы.

Погодаев ауылының  кітапханасы 1957 жылы құрылды.
Кітапхана  қорында 2680 дана кітап болды. 1957 жылдан 1969 жылға дейін істеген кітапханашылар: Л.Д.Сидорчук, В.С.Понамарева, Л.А.Скачкова.1969 жылдан 1996 жылға дейін кітапханашы болып Л.С.Карасева қызмет жасады. Лидия Степановна 1939 жылы  Орынбор облысы, Первомай ауданы, «Ленинский» совхозында дүниеге келді.  Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ ол кітапханашы болуды армандаған, сондықтан да болашақ мамандығы  туралы көп ойланбай, Орынбор қаласындағы мәдени-ағарту техникумының кітапханашылық факультетіне оқуға түседі. 1968 жылы өз жанұясымен  біздің ауылға  көшіп  келіп, Погодаев ауылының кітапханасында 27 жыл қызмет жасады. Өзінің  өмір жолында еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетуде үлкен табыстарға жетті, социалистік міндеттемелерді асыра орындады, ауыл халқын тәрбиелеуге белсенді қатысты, мәдени-ағарту қызметкерлерінің  арасындағы социалистік жарыста жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Осындай табыстары үшін Орал облысы мәдениет басқармасының қаулысы  бойынша көптеген құрмет грамоталарымен марапатталды.Мейірімді, әр уақытта да  біреуге көмек көрсетуге әзір тұратын Лидия Степановна-қазіргі уақытта құрметті демалыстағы зейнеткер, біздің   кітапхананың құрметті қонағы және оқырманы.  Лидия Степановнамен кездескенде  өзінің кітапханадағы қызметі туралы айтады, өз тәжірибесімен бөліседі.Лидия Степановна өзінің кітапханашылық қызметі, алғашқы еңбек жолының басталуы туралы былай деп еске алады: «Бұл мамандықты таңдауымның  себебі, кітапқа деген сүйіспеншілігім болар. Бұл ауылға көшіп келуім бекер емес: Біріншіден, Погодаев ауылы – мен үшін туған ауылымдай  болды. Өйткені менің денсаулығым нашар еді, бұл жер мен үшін емдік қасиеті бар жер сияқты. Ауылдың ауасы денсаулығымды түзеді. Екіншіден, адамдары ақ көңіл, мейірімді, тұрғын үй мәселесін тез шешуге көмектесті. 1969 жылдың күзінен  бастап кітапханаға жұмысқа орналастым. Кітапхана бөлмесі ескі ғимараттың ішінде орналасқан, көктемде ішіне еріген қардың суы толады. Осы қиыншылықтарға қарамай, 20 жылдан астам қызмет атқардым.Маған оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, рухани байлығын кеңейту  сонымен қатар, кітапхананың жабдықталуы, бөлме ішіндегі тыныштық, ішкі тәртіптілік, кітаптар  әлемінің кереметтілігі ұнайды. Мен әрқашанда мына мәселеге  көңіл бөлемін: адамдарға кеңес беру үшін, өзің көп білуің керек. Сондықтан көп оқуға тура келеді.  Өз кеңестеріммен адамдарды көп нәрсеге үйретуге тырысамын,    жақсы кітаптар арқылы дұрыс жолға салуға болады.  Кітапханаға келетін   оқырмандардың жасы, мамандықтары, бейімділіктері әр  түрлі. Әрқайсысының бабын табу оңай   емес,   бірақ та  өте   қызықты.  Ең  бастысы – келген оқырмандармен емес, кітапханаға келмегендермен жұмыс жүргізу»Кітапханада 1979 жылдың 1 қаңтарына кітаптар, журналдар, кітапшалар саны- 11659  дана болды. Соның ішінде, қоғамдық-саяси әдебиет – 2750, ауыл шаруашылық әдебиеті – 993, өнер және спорт-556, көркем әдебиет-5181,  техника саласы бойынша-334 дана.Лидия Степановна 1970-80 жылдардағы кітапхананың жұмысының міндеті мен бағыты туралы: «Кітапхананың басты міндеті КПСС орталық комитетінің қаулысымен айқындалды. Кітапхана қызметінің бағыты: идеялық – тәрбие жұмысын жүргізу, КПСС съездерінің шешімдерін насихаттау, жүзегі асыру, тәрбиелік қызметін нығайту. Қоғамдық –саяси әдебиетті насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. КПСС съезінің  шешімдерін  жүзеге асыру туралы кітаптарды насихаттау жұмысын жүргіздік. Мынадай тақырыптар  талқыланды:  «Ленин жолымен коммунизмге».Кітапхана жүйелі  түрде экономика туралы жаңа кітаптармен  танысу жүргізді. «Экономика-керек ғылым», «Үнемшіл болу» атты кітап көрмелері, кездесулер ұйымдастырылды. Марксистік-Лениндік теорияны түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мәдени -көпшілік жұмыс алуан түрлі    болды.  Мысалы,  Ленин, Октябрь оқулары, саяси клубтар, тақырыпты кештер,  оқырмандар конференциялары, ауызша журналдар…Ол кезде көптеген оқырмандарды  ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымы, техникалық әдебиеттер қызықтырушы еді,-» деп еске алып отырады.Лидия Степановна 30 жылдан астам үлгілі қызмет жасады.Лидия Степановна  өзін білікті маман, еңбексүйгіш, өз ісін жетік білетін, тәжірибелі қызметкер ретінде көрсете білді. Осындай  тамаша қасиеттерімен оқырмандардың құрметіне бөленді. Сонымен қатар,  Лидия Степановна екі қыз тәрбиелеп өсірді. Қыздары жоғарғы оқу орындарын бітірді. Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де  екі жылдай қызмет  жасады.  1996 жылы Лидия Степановнаның еңбек эстафетасын Л.В.Калиткина жалғастырды.Любовь Владимировна Погодаев ауылында туып өсті. Ол еңбек жолын 1980 жылы бастады. Орал педагогикалық училищесін бітіріп, өз ауылына оралады. Балабақшада  тәрбиеші болып жұмыс істейді. 1996 жылдан 2006 жылға дейін кітапханашы болып қызмет жасады. Ауыл тұрғындарының, оқырмандарының арасында өте беделді, жұмысын жетік біледі.2006 жылы өз мамандығы бойынша Л.В. Калиткина мектепалды даярлау сыныбына жұмысқа ауысты. 2006 жылдан бастап кітапханада Д.Е. Исмагулова  ќызмет жасайды.  Қазіргі таңда ауыл кітапханасы жыл сайын 600-ден астам   оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана қорында  15-мың кітап бар, жыл сайын кітап берілімі 12 мың дана.  Кітапханашы әдістемелік, ақпараттық және анықтамалық жұмысын жүргізіп, кітап көрмелерін  ұйымдастырып, мәдени көпшілік шараларын өткізіп жүр. Ауыл кітапханасы қазір ауылдың барша өмірімен біте қайнасып,  құрметке ие болып отыр.

Мекеме  төлқұжаты.

 Мекеме атауы:                                         Раздольный  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                    1960 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     111/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     52

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                           60

Меншік  түрі:                                          мемлекеттік

Оқырман саны:                                     320

Кітап  қоры:                                          14663 дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы       Бәйтерек  ауданы    Раздольный  ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Кондрашова Ирина Владимировна

Раздольный ауылдық кітапханасы.

 Марзия Джумагазиевна Актауованың (Чукаеваның) естелігі:

“Алғаш рет кітапхана 1960 жылдардың басында қоғамдық бастаулармен құрылған. Кітапхана меңгерушісі Сергей Макарович Голованов болған. Сол жылдардың аяғында Федор Яковлевич Сидорец және Татьяна Михайловна келді.

Татьяна Михайловна Сидорец 1970 жылдың тамыз айына дейін кітапханашы болып жұмыс істеді. Кітапхана қоры ол кезде 8 мың дана болды. Ол ауыл өміріне белсене араласты. Федор Яковлевич баянда ойнады, Татьяна Михайловна Рая Мелешпен бірге екі дауыста ән айтты. Кітапхана іші жылы, көп адамдар келетін болды. Кітапхана кеште 4-тен 10-ға дейін, таңертен 10-нан –13-ке дейін істеді

Кітапханаға келушілер шахмат, дойбы ойнады, басылымдарды оқыды, кітаптарды оқыды, кинофильмдерді талдады. Кітапхана бос уақытты өткізу орталығы болды.

1970 жылдың тамызынан 1974 жылға дейін Раздольное ауылының кітапханасында жұмыс істедім. Менің жұмысымдағы ауызша журналдарды өткізу жаңашылдық болды, апта сайын жергілікті радио бойынша шолумен шығып жүрдім, МТФ бойынша социалистік  жарыстардың қорытындысын жасадым. (Ол кезде радист В.П. Колочев болды), оқырмандар конференцияларын жүргіздім, әдеби кештерді, әр түрлі үйірмелерді үлкендермен де, балалармен де өткіздім, әр түрлі сурет байқауларын, пікірталастарды, сұрақ- жауап кештерін, әңгімелерді өткіздім.

Жұмыс партия ұйымдастырушы Г.И. Фонякинмен, комсомол комитетінің хатшысымен, музыкалық жетекшімен бірлесіп өткізілді. Біздің колхоз және комсомол ұйымы сол кезде барлық көрсеткіштер бойынша алда тұрған еді. Лениндік сынақтар, саяси сабақтар, реферат жазу, ВЛКСМ мүшелеріме ауыл мерекелерін өткізу, обком комсомолының қызметкері Абдрахманов Конырға той өткізудің өзі кітаптың берілуіне, қор айналымына, кітап ханаға келуге ықпал етті.

Жастармен жұмыс және кітапты насихаттау үшін мені, комсомол комитетінің хатшысы ретінде Венгрияға тегін баратын туристік путевкамен марапаттады. Кітапхананы, мені кітапханашы ретінде грамоталар, мақтау қағаздарымен марапаттады. Раздольное селосында қызмет істеп жүрген кезде Раздольный ауыл кеңесінің және халық депутаттарының аудандық кеңесінің депутаты болдым. Сол жылдары ауыл кітапханасы қозғамалы кітапханамен Красный Свет ауылының тұрғындарына қызмет көрсетті – айына 2 рет. Кейін осыны клубта ұйымдастырды, әдебиетті Капустин Григорий берді (клуб меңгерушісі). Концерттермен Красный Свет, Рубежка, Чиров, Оренбург облысының Орал совхозына да бардық. Оқырмандар біздің қазақ әдебиетін, қазақ авторларын жақсы көрді. Сол кездің белсенді оқырмандары: К.И. Бакалдина, Касимов И, Сисенгалиев Акатай и Панат, Р.С. Касимова, Ж.Б. Умралиев.

1971 жылы Приурал ауданы бойынша байқау жариялады: барлық кітапханашыларға жүйелі каталог құруға тапсырма берілді, себебі ауыл кітапханаларында осы уақытқа дейін каталог болған жоқ. Мен барлық 8000 дана кітапқа каталог карточкаларын жаздым. Осы еңбегім үшін мені “Кітапхана ісінің жас мамандар”- атты Республикалық конфиренцияға  жіберді. Онда маған және кітапханаға ВЛКСМ ОК грамотасын берді. Сол кезде біз «отбасылар картотекасын» жүргіздік. Оны 4 жыл бойы жүргіздім.

Комсомол ұйымымен бірлесе отырып механизаторлар слетін өткіздік, «Саған, механизатор» көрмесін безендірік. Комсомол аудан комитетінің 1 хатшысы В.И. Астафьев, Х.К. Ергалиев, біздің механизаторлар Малышевтар, Дьяконовтар, Вознюк қатысты. Біздің лениншілдер бірінші орынға не болды, оларға жеке сағаттар сыйлады. 1972 жылдың желтоқсанында кітапхана ескі ғимараттан МЧ – ндегі жаңа типтік ғимаратқа көшірілді. Онда оқу залы, балалар бұрышы болды. Мұнда плакаттар безендірілді, атеист бұрышы, және т.б. Сол кезде ОКЖ болған жоқ және кітаптарды Орал қаласынан пошта арқылы алды.

Клавдия Григорьевна Малкинаның естелігі.

“Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданы Рожков ауылының тұрғыны. 1940 жылы колхозшы-диқаншы, стахановшы, комбайыншы Григорий Федорович Австрияновтың отбасында дүниеге келген. Отбасында 6 бала болды, кішісі Клавдия.

Кітапханаға Раздольный ауылына мектептен келген едім. Мектепте тарих мұғалімі болдым, Орал қаласының институтын 1977 әлде 1976 жылы бітірдім (дәл есімде жоқ). Кітапханада 1982 жылға дейін жұмыс істедім.  Дарьинск ауылына қоныс аударуыма байланысты жұмыстан өз қалауыммен шықтым. Жұмыс маған өте ұнайтын еді. Жұмыс орны да.

Кітапхана қоры қызықты болды, оқуды бала шағымнан жақсы көрдім. Мектепте де жақсы оқыдым. Жұмысқа асыға баратын едім, класс сағаттарым, әр түрлі шараларды да жақсы өткізетін едім, себебі мектепте балалармен жұмыс істей білдім. Сол жылдары кітапханаға деген қызығушылық кең еді, оқырмандар көп болды, жаңа кітаптар, журналдар, газеттер көп түсетін. Мен, кітапханашы ретінде тек қана кітапханада емес, сонымен қатар  үй -үйлерге барып, кітаптар ұсынып, кітап қарыздарын жинап жұмыс істедім.

Жазда және көктемде, күзгі науқан кезінде егін далаларындағы диқаншыларға барып, әңгімелесулер, дәрістер өткіздім, жар газеттерін шығардым, жаңа келіп түскен газеттерді тараттым.

Кітапханадағы сөрелерде үнемі бәрі жинаулы, газеттер жинақталған, тазалықты сақтадым, кітаптарды жөндедім.

Раздольное ауылының кітапханасы аудандағы жақсы кітапханалардың бірі болып есептелді. Аудандық, тіпті облыстық кітапханалар кеңесінде біздің кітапхана жұмыс жағынан үлгі болып есептелді. Кітапханаға семинарға қатысушылар да келді. Біздің кітапхана көпшілік шараларды, кештерді, оқырмандар конфиренцияларын, ауызша журналдар өткізген үшін кітаптармен,сыйақылармен марапатталды.Кітапхананы Берлиннен қабылдап алдым (аты, әкесінің аты есімде жоқ).”

Кондрашова Ирина Владимировна БҚО Зеленов ауданы Раздольный    ауыл кітапханасының кітапханашысы Ирина Владимировна Кондрашова өмірінің 20 жылын кітапханада  өтті.  Өзі Раздольное ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Раздольный ОМ бітіріп, Орал қаласының мәдени – ағарту училищесіне түсті.1986 жылы оқу орнын үздік бітіріп туған ауылына келеді де осы жылдың қыркүйек айында Раздольный ауылының кітапханашысы болып еңбек өмірін бастайды.

Ол шығармашылықпен, жанын салып, жаңа оқырмандарды тарту үшін жаңашылдықты таба біле еңбек етеді. Ирина Владимировна оқырмандар және ауыл тұрғындары арасында беделді, өз оқырмандарының  сұранысы мен талғамын жақсы біледі және әрқайсысымен тіл табыса біледі. Қазіргі таңда кітапхана қорын 13 мың кітап құрайды. 620 тұрғындардың 440 адамы кітапхананың оқырманы.

Кітаптың берілуі 9 мың дананы құрайды. Өзінің еңбек әркетін «Ауыл шежіресін» жүргізе бастады. Ол үшін Ирина Владимировна өзінің туған ауылына қатысты барлық материалды жинақтайды. Жыл сайын ауыл еңбекшілеріне арналған мерекенің дайындалу мен өткізілуіне белсене қатысады.

Кітапханада әр түрлі шаралар өткізіледі, ең белсенді оқырмандардың қатысуымен болатын әдебиеттің қызықты кітаптарын талқылау өткізеді.

Ирина Владимировна қайырымды және адал қызметкер, әрқашан кез келген адамға көмектесуге дайын.

 

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Рубежин  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                  1920 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    103

Облыс орталығынан арақашықтығы   44

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                          156

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                     821

Кітап  қоры:                                         19860  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы          Бәйтерек ауданы    Рубежин ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Омарова Аягүл Бақытжанқызы

 

 

 

 

 

 

 

Рубежин ауылдық кітапханасы.

 

Рубежка ауылы өзіміздің Жайықтың жағасында орналасқан, екі географиялық кеңістіктің – Европа және Азия шетінде. Ауылдың ежелгі тарихы бар. Бұл тарих парақтары бізге Пугачев көтерілісін, А.С.Пушкиннің Орал қаласына келгендігін, азамат соғысы туралы, ауылдың 1-коммунисі И.Т.Ситников туралы айтады. Азамат соғысы жылдарындағы қопарылыс пен аштық кезеңінде дәл осы адам жетім балаларға арналған балалар үйін ашқан еді. Балалар үйін ұйымдастырып, ол кішкентайлау кітапхана жинақтады. Бұл біздің ауылдың бірінші кітапханасы болды. Оның оқырмандары қатарына тек балалар ғана емес, сонымен қатар оқи алатын үлкендер де бар болатын. Бұл 20-сыншы жылдар еді. Ал 30-ыншы жылдарда ауылда ауыл тұрғындарына арналған нағыз кітапхана ашылды.

-Кітапхана қорын ауыл тұрғындарының өздері құрды, олар  кітапханаға өз кітаптарын үлкен ілтипатпен әкелетін, себебі ол кітаптарды өздері және балалары оқитынын білді. Артынан кітапхана қорын үкімет толықтыра бастады. Тұрғындар кітапханашылардан әрқашан «Жаңа кітапты қашан әкелесіз?» – деп сұраушы еді. Кітапқа деген құмарлық осындай болатын,-деп еске алып отырушы еді ауылдың үлкен адамдары.

Совет үкіметінің  алғашқы жылдарында ауылдағы ең сауатты адам мұғалім және кітапханашы болды. Үкімет және партияның шақыртуымен еліміздің жан-жағынан егістік жерлерді игеруге жастар шақырыл. Сөйтіп, бізге Украинадан Сочивец Надежда Ивановна келді. Оның екі арнайы мамандығы бар еді: медициналық және кітапханашылық. Оны кітапханаға қызмет етуге жіберді.

Надежда Ивановнаның келуімен кітапхана жұмысы жаңа леппен жүрді. Ол қорды қалпына келтірді, кітаптарды бөлімдерге бөліп қойды. Надежда Ивановнаның өзі кітапты өте көп оқыды, қызықты етіп айтып беретін, келушілердің қызығушылығын арттыруға тырысатын болған. Кітапханада күнде түнге дейін жарық өшпеуші еді, жастар жарыққа жиналатын. Мұнда кітап туралы талқылаулар, кітап көремесін сәндеу, бір даналы кітаптарды дауыстап оқулар жүргізілетін. Кітаптар кеш сайын жергілікті радиодан да оқылып тұрды. Кітапханада драмалық үйірме қызмет етті. Жастар  жағы мысалдарды жаттап алып ауыл түгел жиналатын клубтарда түрлі қойылымдар қоятын.

Кітапхана бұрын шіркеу болған клубқа орналастырылды, қазір бұл ғимарат мүлде жоқ.

Кейіннен Машикина Ольга кітапханашы болды. Ол кезде кітапхана ауыл әкімшілігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан болатын. Онда кітапханашы қызметін Нина Хохлова жасады, бұл қызметті Ищенко Надежда Еменовна да атқарды, бірақ ауылда бәрінен де ұзағырақ кітапханашы болған Барзикова Нина Баренова еді.

Мәдениет үйімен бірігіп кітапхана көп балалы аналармен: Шараева Ольга, Гарднова Александра, Олейникова Ирина т.б. кездесулер.  Ауылдан әскер қатарына шақырылғандарды шығарып салу мерекесін өткізеді. Ауылда өтетін көпшілік іс-шаралардың барлығының сценарийін  дайындайтын, репертуар   таңдайтын кітапханашы болды.

Ауылдан орта мектеп ашылғанда оқушылар үшін тағы да бір кітапхана салынды. Сол кітапханада көп жыл бойына, 30 жылдай И.П.Паришкова қызмет істеді, ол ауыл кітапханашысымен бірге 1-класс оқушыларын жас оқырмандар қатарына қосу шараларын және оқу конференцияларын өткізді.

1999 жылдан бастап  кітапханашы болып К.Е.Карашаева  жұмыс істей бастады. 2000 жылы 1-қаңтарына кітапхана қоры  17178 кітапты құрады. Қазіргі уақытта кітап саны жыл сайын өсуде. Бүгінгі күні кітапхана қоры 18317 дана. Оқырмандар саны да өсуде. Рубежка ауылында барлығы 1527 адам тұрады, оның ішінде 820-сы кітапхана оқырманы.

Біздің кітапханада, барлық іс-шараларға қатысатын және кітапханада көп уақытын өткізетін белсенді оқырмандар тобы бар.

Кітапханаға мектепке дейінгі балалар да көп келеді. Оларға ертегілер бөлмесінде болған ұнайды, ашық суреттері бар кітапты қараған ұнайды.

Белсенді оқырмандардың ең жақсы ұйымдастырған формасы – үйірме сабақтары, онда балалар кітапты және кітапхананы пайдалану әдістерін үйренеді. Біз өзіміздің үйірмемізді «Кітаптар-достар» деп атадық.

Ең кіші оқырмандар үшін абономентте «Кітап ауруханасы» деп аталатын арнайы бөлім аштық, онда Айболит дәрігерінің суреті бар стенд ілініп тұр. Қасында  қағаз, желім, қайшы – кітап үшін дәрі-дәрмектер жатыр. Жыл бойына оқырмандар 321 кітапты қалпына келтірді. Кітапхана қорын сақтаймыз деп балалар кітапты ұқыпты ұстауға үйренуде. Бір жақсысы біздерге жоғарғы сынып оқушылары көмектеседі, Былайша айтқанда, «байланысшылар». Олардың міндетіне кітапхана мен бүкіл мектепті және ПЖ 16 мен байланыс ұстап тұру үшін кіреді. Абономентте ондай байланысшылардың 21-і бар, оларға біз мынадай тапсырмалар береміз: Ашық хаттар және ескертулер жазу, мектептегі кітаптарын тапсырмағандардың тізімін жасау, кітапханаға көптен бері келмегендермен кеңес өткізу. Бір жыл ішінде балалар менімен бірге 305 ашық хат жазды, 35 рет кітап тапсырмағандардың үйіне телефон шалды.

2019 жылдан бастап кітапханада кітапханашы Омарова Аягүл Бақытжанқызы қызмет етіп келеді.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Скворкин  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   2012ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    59

Облыс орталығынан арақашықтығы   60

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         65

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    105

Кітап  қоры:                                         9879  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы  Бәйтерек  ауданы  Скворкин ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Цзю Ақмарал Асылбекқызы

 

 

Скворкин ауылдық кітапханасы.

 

Скворкин ауылының кітапханасы 1970  жылдың  сәуір  айынан  жұмыс істейді.

1970 жылдан 1976 жылға дейін кітапханашы болып Бекказиева Тұрсын жұмыс істеген.  1970 жылы кітапханада 6423 дана кітап болған.

1976-1978 жылдары кітапханашы Надежда Витцилишина болып, кітап қоры 5147 дананы құраған.

1978-1981 жылдары кітапханашылық қызметті атқарған О.И.Меняйлова, кітап қоры 5926 дана болды.

Кітапханашылар оқырмандармен,  оқушылармен, механизаторлармен жұмыс жасады. Шөп шабу, бидай  жинау, жаз уақытында бригадаларға газет, журналдар, кітаптар апарған.

1981 жылдан 2010 жылға дейін Тамара Сапаровна Сагитова  кітапханашы болды. Ол Жәнібек ауданы Қайрат ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1969 жылы Орал облыстық  Н.К.Крупская атындағы кітапхана жанынан ашылған 1 жылдық кітапханашылар дайындау курсында оқиды.  1977 жылы Алматы мемлекеттік Қыздар  институтының кітапханашы – библиограф факультетін бітірдеді.

1981 жылы кітап қоры 8061 дана кітапты құрады. Кітапхананың кітап қоры бүгінде 10 мыңнан астам данаға жетті. Жыл сайын кітап берілімі 2500 дана кітап, сонымен қатар, 5-9 атаулы мерзімді басылымдар алдырылады.

Қазір кітапхана заман талабы, оқырмандардың сұрауы бойынша жұмыс істейді.

Әрқашан орталықтандырылған кітапхана жүйесі Переметный  аудандық кітапханасынан оқырмандарға әдебиеттер және әдістемелік көмекші құрал, ұсыныстың-библиографиялық көрсеткіштер алып тұрамын.

Оқырмандардың сұранысын, талап-тілектерін орындап ақын жазушыларын, ел тарихы, соғыс ардагерлері, Отанын, жерін, елін сүюге баулу.

Кітапханада алфавит каталогі бар, 16 тақырыптық папкалар, 4 тақырыптық картотекалар бар, өлкетану картотека  жаңа ақпараттармен толықтырылып жұмыстар жүргізілуде. Ауыл оқырмандарымен, жастарымен үнемі байланыста жұмыс жасаймын. «Республика күні» мейрамына Янайкин  ауылдық округінің әкімдігі   кітапханашылық саласындағы табыс еңбегі үшін мадақтаумен  марапаттады.

Т.С.Сагитова зейнеткерлікке шыққасын 2010 жылдан бастап жұмысын қызы Ильмира Сагитова жалғастыруда. Ол сол жылы Құрманғазы атындағы саз колледжісін кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылдан бастап кітапханашы қызметінде Цзю Ақмарал Асылбекқызы.

 

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Сұлукөл  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                   1952ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     150/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     91

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         25

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    280

Кітап  қоры:                                          11766 дана

Қызмет көрсету  түрі:                          тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы Бәйтерек  ауданы Сұлукөл  ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:          Утешева Қаламқас Сағидоллақызы

Сұлу көл (Чесноков) ауылдық кітапханасы.

 Ауылда кітапхана 1952 жылы ашылған. Кітапхана өзінің алғаш орналасқан жер үйінен  Ембулат өзенінің ауылға кіре берісіндегі екі қабатты ағаш үйдің бірінші қабатына көшіріледі. Үйдің екінші қабатында екі баласымен Чеботарева Марияның отбасы тұрған.

Кітапхана қоры аз болған. Кітаптар ауыл шеберінің қолымен жасалған сөрелерге жиналған. Сол сияқты отырғыштар мен үстелдер де қолдан жасалған.

Бірінші кітапханашы Берлина Нина Степановна болған.

1958 жылы ауылға кітапханашылық білімі бар Сечина Вера Михайловна келеді. Бұл уақытта кітапхана ескі мектептің бір бөлмесіне көшіріледі. Қолдан жасалған сөрелердің орнына ағаш сөрелер беріледі. Әр жыл сайын кітап қоры 5 мыңға дейін көбейіп отырады.

1963 жылы клубпен бірге  кітапхана салынды. Кітапханада Вера Михайловна 8 жыл қызмет жасаған соң, кітапханашы болып Александрова Лидия Павловна келеді.

1975 жылы елде кітапханаларды орталықтандыру басталды. Барлық

ауылдық кітапханалар аудандық кітапхананың филиалдары болып жатты. Біздің  кітапхана да Дарьян аудандық кітапханасының № 9 филиалы болды. Кітапхана жағдайы жақсарды: оқырмандар үшін- 4 үстел, 12 отырғыш, 12 сөре, каталог жәшіктері, жұмыс үстелі, шкаф беріледі.

Отбасы жағдайына байланысты Лидия Павловна жұмысын тапсырады да, ол кісінің орнына Есетова Күмісай Сисеновна қабылданады.

Кітап қоры КБЖ жүйесі бойынша қойылады. Жаңа әдебиеттер екі тілде келе бастайды. Көркем шығармаларға сұраныс қалай көп болса, техникалық, ауылшаруашылық әдебиеттеріне де үлкен сұраныс болады. Кітапханаға агроном да, инженер де, колхоз басшысы да келіп, өз жұмыстары бойынша әдебиеттерді алып пайдаланып отырады. Кітапханашының жұмысы көбейді, ол бір орында отырған жоқ СТФ, МТФ гараждарында өтетін қызыл бұрыштарға қатынасты.

Кітапханашы К.С. Есетова кеткеннен кейін кітапханада Л.С.Ильченко,  Л.Н.Иванова, В.Н.Демченко, Г.Воронова,  Г.Есетова, М.К.Сәрсенғалиевалар  қызмет жасаған.

Мен, Өтешева Қаламқас Сағидоллақызы, 1983 жылы Орал мәдени-ағарту училищесін бітіріп, жолдамамен осы кітапханаға келіп, 24 жылдан бері жұмыс жасап келемін.

Ол уақытта ауылда,  фермада, егістікте жұмыс қолы аз болғандықтан барлық тұрғындар жұмыспен қамтылды, бос уақыт болмады.

Кітапханашының жұмыс күні парторг Н.С.Берлиннің  бөлмесіндегі клуб меңгерушісі мен комсоргпен бірге жоспарлаудан басталады.  Оларға өздерінің жұмыс орындарында отыруға мүмкіндік аз болды. Олар шошқа, мал фермаларында, гаражбен шеберхана жұмысшыларымен ауызша журналдар, әңгімелесу, кітаптарды талдау сияқты жұмыстар өткізді. Пункт кітаптарды берумен де айналысты. Әрі қарай кешкісін клубта пікірталас, әңгімелесу, кештер, т.б. мерекелік шаралар өткізілді.

Кітапты қызығып оқитын жанұялар да болды. Олар: Ивановтар, Мұсатовтар, Есетовтер, Курманкуловтар, Өтешевтер жанұялары.

Ауыл тұрғындары  ағайынды Михаил мен Александр Белоусовтар  өздерінің шығармаларынан альбом жасады. Және жерлес жазушымыз Н.Ф.Корсуновқа кітапханадан арнайы сөре орын алды. Жазушы қазіргі таңда Орынбор каласында тұрса да біздің ауылымыздың құрметті қонағы болып, келген сайын өзінің соңғы шығармасын кітапханаға сыйлайды.

Сонымен қоса, жас буын ақындар да бар. Олар: Есетова Салтанат, Ишманова Асия, Құрманкулов Бөрібай.

Мерекелік шараларды үнемі мектеппен, әкімшілікпен, клубпен тығыз байланыста жұмыс жасап бірігіп өткіземіз.

1983 жылдан бастап кітапханашы болып Утешева Қаламқас Сағидоллақызы еңбек етіп келеді.

1984 жылы Шевченко атындағы колхоз төрағасы  мені еңбегі үшін бағалы сыйлықпен және құрмет қағазымен марапаттады.

2003 жылы  ауыл тарихы туралы материалдар жинап «Шағын Отан»  ауыл энциклопедиясы жазылды.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Трекин ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1945ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 64/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 11

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 50

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 950

Кітап қоры: 12863 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Трекин ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кадралиева Алмагүл Елемесқызы

Трекин ауылдық кітапханасы.

 Ауылымыздағы алғашқы кітапхана 1945 жылы клуб жанынан ашылды. Онда барлығы үш жүзге жуық кітап екі шкафта ғана орналасқан болатын. Негізінен бұл көркем әдебиет еді. Кітапхана ол кезде Трекиннің оқу-үйі деп аталатын. Кітапхана жүйесін орталықтандырғанға дейін кітапханашылар түскен әдебиетті ресімдеу үшін қолданған мөр әлі күнге дейін сақтаулы. Тұңғыш кітапханашы – Трекин ауылында туып өскен Андрей Федосеевич Свечников. Ол 1947 жылға дейін жұмыс істеді. 1947 жылы ол Кеңес Армиясы қатарына шақырылады.

Қазір ол Мәскеу облысының Мытищи қаласында тұрады, бірақ туған ауылымен байланысын үзген емес. Ол жазба ақын. Оның өлеңдер жинағының 15 томы жарыққа шығып, ол оның бәрін өзінің сүйікті кітапханасына тарту етті. Оның өлеңдері туған жерге, оның табиғатына, жақын туыстарына, ауылдастарына арналған.

Свечников әскер қатарына кеткеннен кейін кітапхананы Августина Ивановна Овчарова қабылдап алды, ол кітапханашы болып 1956 жылға дейін істеді.

Өзінің 3 айлық курсты бітіргеніне  қарамастан кітапхананың алғашқы маманы Тамара Васильевна Кругляк болды. Ол Дарьинск ауылынан жолдамамен келген болатын.

Кейіннен тұрмыс құрып, тегін ауыстырып ауылдастарына Лоскутова деген атпен есте қалды. Ол Трекин кітапханасында 1962 жылға дейін еңбек етті

Сол кезде кітапхана басқа орынға ауыстырылды. «Советская» деп аталатын көшеде ағаш үй салынып, оның бір жағында Ауылдық кеңес, екінші жағында кітапхана орналасты. Мұнда кітаптар қабырға бойы орнатылған қолдан жасалған стеллаждарда орналастырылды. Кітап қоры мыңнан астам данаға дейін жетті. Кітапханашы кітапханашылық жұмыспен бірге көркемдік жетекші қызметін де атқарды.

Кітапхананың белсенді оқырмандары әрі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылар концерттер әзірлеп, көрші ауылдарға шығып тұрды.

Жүктілік демалысқа шығуына байланысты Тамара Васильевна Лоскутова кітапхананы Валентина Ивановна Туманскаяға тапсырады.

Ол кітапханашы-маман болмаса да жұмысты адал атқара білді. Ауылдастары оны тек жақсы жағынан ғана еске алады. Тұрақты оқырман В.В.Русских ол кездегі кітапхана жұмысы жөнінде үнемі айтып отыратын. Валентина Ивановна (мамандығы бойынша мал дәрігері) оқырмандармен жұмыс кезінде кітапхананың ауыл шарушылығымен байланысына көп көңіл бөлген.

Орал облысы Приурал ауданы Киров атындағы

Колхоздың ауыл кітапханашысы В.И.Туманская –

дала стандарына жиі келіп тұрады.

Қазір В.И.Туманская Мәскеу қаласында тұрып жатыр, 2006 жылы Трекин ауылына өзінің құрбысы В.А.Лоскутоваға келіп кетті, оның фотосуретін де сол кісіден алдық.

1964 жылы кітапхана басқа ғимаратқа тағы да көшіріледі. Жаңа клуб салынып, одан кітапханаға бір бөлме бөлінеді. Бұл биік әрі жарық ғимарат, кітапхананың жалпы көлемі 25 шаршы метр. Артқы қабырғасының бойымен еденнен төбеге дейін жететін кітаптарға арналған қолдан жасалған ағаш стеллаждар, шығыс жақ қабырғасы бойымен бір металл стеллаж орнатылған, оқырмандарға арналған ұзын үстел, кітапханашының үстелі, В.И.Лениннің портреті, гүлдер қойылған. Кітап қоры – 7148 дана, оның 136 данасы қазақ тілінде. Жартысынан көбі көркем әдебиет – 3356 дана, балалар әдебиеті 364 дана («Сомалық есеп кітабы» сақталған).

1965 жылдың 1 ақпанына дейін бірнеше кітапханашы ауысты. Олардың бәрі Дарьинск ауылынан келгендер болатын. Ольга Аброскина, Юлия Горбуновалар ауылдастардың мәңгі есінде.

1965 жылдың  ақпан айынан 1977 жылдың тамыз айына дейін Трекин ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Юлия Ивановна Яковенко істеді. Оның кітапханалық орта білімі болды. Ауылда тұрған кезінде жоғары білім алса, да кітапханашы болып зейнеткерлікке шыққанша істеді.

Орал қаласына көшуіне байланысты Трекин кітапханасынан шығып, Орал педагогикалық институтының жинақтау бөліміне жұмысқа орналасады да сол жерде зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етеді.

Кітапхананың кітап қоры сегіз мыңға дейін жетеді. Кітапханаға металл стеллаждар, оқырмандарға арналған үш үстел, кітаптар мен қағаздар салатын 2 шкаф, 2 көрме стеллажы, 10 орындық әкелінеді.

Әдебиетті насихаттау барлық бағытта жүргізіледі. В.И.Лениннің, марксизм-ленинизм классиктерінің өмірі мен шығармашылығына, КОКП съездеріне және ауыл шаруашылығмен байланысқа көп көңіл бөлінеді. Кең тараған түрлері – оқырман конференциялары, кітапхана плакаттары, әдеби шолулар.

Жаз мезгілінде кітапханашы колхоздың, кейіннен совхоздың далалық стандарына шығып, ұрыс парақтарын, найзағайлар шығарып тұрды. Қыста мал шаруашылығы кешендеріне барып малшылармен әңгімелер, өзекті мәселелер бойынша оқулар өткізіп тұрды.

1977 жылдың тамыз айынан 1979 жылдың қараша айының соңына дейін Трекин ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Ольга Алесксеевна Лузикова істеді. Ол Семей техникумын бітіріп, жолдама бойынша келді. Ол кезде міндетті түрде 2 жыл жұмыспен өтеу керек болатын.

Ольга Алексеевна қажетті материалдар жинақтап «Біздің село» атты алғашқы альбом жасап шығарумен кітапхана тарихына естелік қалдырды. Оның кезінде кітапхана эстетикалық әрі өте әдемі безендірілді. Ольга суретті тамаша салатын еді. Оның қолымен салынған Пушкиннің портреті және оқырмандармен өткізген ауызша жорналдар кітапханада ұзақ жылдар сақталып тұрды. Кітап қоры 1980 жылдың 1 қаңтарына 7087 данаға

жетті:

  • Қазақ тілінде – 167 дана, ол кезде қазақ тіліндегі кітаптарды жалғыз оқырман Н.Намазов қана оқитын еді;
  • Қоғамдық-саяси – 1498 дана;
  • Жаратылыстану-ғылыми – 316 дана;
  • Техникалық – 177 дана;
  • Ауыл шаруашылығы бойынша – 359 дана;
  • Өнер бойынша – 427 дана;
  • Әдебиеттану – 736 дана;

Көркем әдебиет –3200 дана, соның ішінде балаларға арналған – 374дана. 1979 жылдың қараша айында кітапхананы Лидия Ивановна Великанова қабылдап алды. Ресейде туып өскен. Орта мектепті бітірген соң Қазақстанға келіп осында тұрақтап қалған. Кітапханада жұмысты жалпы орта біліммен бастап, кейіннен Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін сырттай бітіріп шықты, мамандығы кітапханашы-маман.

Тұңғыш кітапханашы А.Ф.Свечников өзінің туған кітапханасына ауылдастарына,  мұғалімдерге, туған өлкесіне арнап жазған өз өлеңдерінің «Мое Приуралье, мое Трекино» деп аталатын 16-шығарылымын тарту еткен еді.

Сол жинақ ішінде кітапханашы Лидия Ивановнаға арнаған да өлеңі бар.

КСРО күйрегенге дейін кітапхана көркейе түсті. Кітап қоры үнемі жаңарып тұрды. Ескірген көне әдебиет есептен шығарылды. Орыс, кеңес және шетел әдебиеті көптеп түсті. Экономика саласының картотекасы жүргізілді, сондықтан жинақтау бөлімі тек қана сұранысы мол әдебиетті жіберіп отырды (1974 жылдан бастап кітапхана орталықтандырылған кітапхана жүйесіне кірді де әдебиет орталықтан сатып алынып, жіберіліп отырды).

Көптеген мерзімдік басылымдарға жазылды:

  • Правда, Комсомольская правда, Известия, Труд, Казахстанская правда, Пионерская правда, Приуралье, Сельский труженик, Ленинская смена газеттері;
  • Огонек, Крокодил, Крестьянка, Здоровье, Юность, Молодая гвардия, Москва, Простор, Сельский механизатор, Техника-молодежи, Моделист-конструктор, Юный техник, Пионер, Костер, Мурзилка, Вокруг света, Библиотекарь т.б. жорналдар.

Ірі бұқаралық шараларды өткізуге сол кезде біздің ауылымыз құрамында болған Желаев РСХО партия комитеті мен кәсіподақ комитеттері белсенді араласты. Жыл сайын Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, Жеңіс күні, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекелері аталып өтіп тұрды. Бұл күндері кештер, бірлескен салтанатты жиналыстар өткізіліп тұрды. Кітапханашы осы шараларды ұйымдастырушы, жүргізуші болды.

Жылына 40 бұқаралық шаралар өткізу жоспарланып тұрды, бірақ одан бірнеше есе көп өткізілетін еді. Қоғамдық-саяси, жаратылыстану-ғылыми, техника және ауыл шаруашылығы салалары бойынша, көркем әдебиет насихатталды.

Оқырмандар түрлі оқырман топтарына бөлінді: ауыл шаруашылығы мамандары, мұғалімдер, жасөспірімдер, оқушылар және басқалары. Бұл топтың әрқайсысымен жеке-дара жұмыс жүргізілді.

Кітап көрмелері мен ашық сөрелерге атауларды жазу, кітапханалық плакаттар, ұсынылатын әдебиеттер тізімін, қажетті көрсеткіштерді, сөрелік бөлгіштерді жазу сияқты безендірулерді кітапханашы өзі жасады.

Кітапхана әдебиет топтастырудың жаңа түріне өтіп тұрады, сондықтан сөрелік бөлгіштер мен каталогтар қайтадан жазылады. Бұрын болмаған тақырыптық картотекалар мен папкалар жасауға тура келеді.

«Жаңа ауылдың» үлкеюіне байланысты тұрғындар мен оқырмандар саны өсіп отыр. 1980 жылы оқырмандар саны 365 адам болса, 90 жылдардың басында ол 700-ге жетті. Оқырмандардың кітап оқуға құмарлығы жоғары болғандықтан жоспарды орындау оңай болды. Кітап беру 14000 данадан асып түсті.

Ересек оқырмандар арасындағы белсенділері-М.С.Леончук, Т.В.Лоскутова, Садомсковтар, Шкуропатовтар, Т.В.Немич, Уколовтар және т.б.

Оқушылар, әсіресе бастауыш сынып оқушылары мен жасөспірімдер кітапхананың тұрақты оқырмандары. Классика, техника және мерзімді басылымдар көптің сұранысына ие басылымдар болды.

Оқырман Владимир Ильич Хорошавинді ерекше атап өткен жөн. Ол «Сельский труженик» газетінің ауылдық тілшісі (штаттан тыс) болды. Оның мақалалары бұқаралық шараларды дайындау, өткізу кезінде, «ұрыс парақтары» мен «найзағайларды» шығару кезінде көп көмегін тигізді. «Он екінші бесжылдықтағы біздің совхоз», «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» атты тақырыптық папкаларда оның жерлестеріне арнаған мақалалары сақтаулы.

1988 жылғы социалистік жарыста кітапхана 1-орынды жеңіп алды. «Ауданның ең үздік кітапханасы» деген жалаушаға ие болды, ал келесі жылы кітапханашы «Ауданның ең үздік кітапханашысы» деген атақ алып сондай жалаушаға ие болды. Кітапхана қызметкерлері бірнеше рет құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 1989 жылы социалистік жарыстағы табыстары үшін біздің кітапханаға жазу машинкасы тарту етілді.

Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында кітапханада тоқырау кезі басталды: жылу жүйесі істен шықты, электр жарығы жоқ, сондықтан кітапхана күніне тек төрт сағат жұмыс жасады. Бұқаралық шаралар тек мектепте өткізілді. Жаңа әдебиет мүлдем түскен жоқ деуге болады. Тек 2002 жылы ғана кітапханаға әдебиет бұрынғы жылдардағы сияқты түсе бастады.

2002 жылдан бастап кітапханаға әдебиет негізінен қазақ тілінде түсе бастады, көпшілігі Қазақстан тарихы бойынша, анықтамалық кітаптар, философия, әдебиеттану бойынша. Балалар әдебиеті өте аз түседі.

2005 жылдың сәуір айында кітапхана жаңа орынға қайтадан көшіріледі. Зеленов ауданының әкімі Ғ.Х.Қапақовтың өкімімен кітапхана сол ғимараттың басқа бөлігіне көшіріледі. Енді ол жалпы көлемі 60 шаршы метр екі бөлмеден тұрады. Бір бөлмесінде тек кітаптар салынған стеллаждар, екінші бөлмесінде көрме стеллаждары, балалар әдебиеті мен өлкетану бойынша әдебиеттер стеллаждары, анықтамалық басылымдар салынған шкафтар, оқырмандарға арналған үстелдер орналасқан. Клуб пен кітапхана жөнделген, газбен жылытылады. Біз бұрынғыдай бар күш-жігерімізбен жұмыстанудамыз, бірақ ауылдық кітапханалар техникалық жабдықталу жағынан қалалық кітапханалардан артта қалуда. Мектептерде компьютер сыныптары бар, ал кітапханада ең болмаса бір компьютер жоқ.

Кітап қоры ескі, «саяси», «экономикалық ғылым» сияқты бөлімдер баяғыда ескірген, ал әдебиетті есептен шығару аз көлемде жүргізіледі. Тұрғындардың 50 пайызын қазақтар құрап отыр, ал қазақ тіліндегі кітаптар саны 10543 кітаптың ішінде бар-жоғы 930 дана ғана, бұл 2007 жылдың 1 қаңтарындағы көрініс.

Қазақ тілді оқырмандар саны – 200 адам, оның 90-ы балалар. Қазақ тіліндегі салалық әдебиет саны саусақпен санарлық. Мерзімдік басылымдар өте аз.

Тұрғындар санының өсуіне байланысты оқырмандар саны 800 дейін өсіп, кітап беру 16000 данаға артып отыр. Әр түрлі оқырман топтарымен көптеген бұқаралық шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы, Наурыз мейрамына арналған жасөспірімдермен құқықтық тәрбие, салауатты өмір салты жөнінде, бастауыш сынып оқушылары және ортаңғы буын оқушыларымен балалар әдебиеті классиктерін, патриоттық әдебиетті насихаттау бойынша. Ересектер де назардан тыс қалмайды. Оларға арналған Ақпарат күні, Президенттің халыққа Жолдауын насихаттау, мәдени мұра бойынша және басқа да шаралар өткізіліп тұрады. Орта жастағы әйелдерге арналған «За чашкой чая» клубы жұмысын бастады.

2008 жылы Лидия Ивановна Великанова зейнеткерлікке шыққан соң кітапхана меңгерушілігіне Алмагүл Елемесқызы Кадралиева келді. Ол 1985 жылдан 2004 жылдар аралығында Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қызмет еткен, 2009 жылы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірген.

 

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                        Үлкен Шаған ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                               –   1947ж

Аудан орталығынан арақашықтығы    42

Облыс орталығынан арақашықтығы   36

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         80

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                    895

Кітап  қоры:                                         18636  дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы  Бәйтерек  ауданы  Үлкен Шаған ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Амирханова Света Мұхамбетқызы

Үлкен Шаған ауылдық кітапханасы.

Үлкен Шаған ауылында Ұлы Отан соғысынан кейін ауылдағы саяси-ағарту жұмыстарының орталығы болып саналған оқу үйі жұмыс жасай бастайды. 1947-1948 жылдары онда Иртикеева Евгения Сергеевна жұмыс жасады. Оқу  үйі Иртикеев Сергейдің үйінде орналасты.

1950-1955 жылдары кітапхана қазіргі әкімшілікте орналасқан. Бұл кезде кітапханашы болып Маштакова Валентина Николаевна жасаған.

1960 жылы кітапхана Советский көшесіндегі Шахов үйінің 2 қабатында орналасқан.

1961-1986 жылдары кітапханашы болып Мынко Меланья Семеновна істеген.

Ол 20 жылдам астам уақыт жұмыс жасады. Меланья Семеновна жұмыс істеген кезінде “Көшім» совхозының егіс даласын,  мал шаруашылықтарды аралап,  ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен саяси ақпараттар, әңгімелер, әр түрлі көкейкесті тақырыптарға шолулар өткізіп, сол кезеңнің көкейкесті   көрмелерін безендіріп отырған.

1967 жылы Владимировка ауылынан кітапхана ашылып, оған Үлкен Шаған кітапханасының корынан 65 сомның кітаптары берілген.1974 жылы Үлкен Шаған ауылына жаңа мәдениет үйі салынады да ауылдық кітапханаға мәдениет үйінен бір бөлме беріледі.

Мәдениет үйін, сонымен бірге кітапхана бөлмесінің құрылысына, жөндеп жасақтауға  «Көшім» совхозының көмегі көп болды. Ол кезде совхоз директоры Воробьев Федор Климентьевич  болған.

1986 жылдың тамызынан 2001 жылға дейін кітапхана меңгерушісі мейірімді, баршаға сыйлы Колесникова Вера Дмитриевна болды. Ол кітапханада 15 жыл жұмыс жасады.  Қазір ол еңбек демалысындағы -зейнеткер, ауылда тұрады.

Қайта құру кезеңінде 1985-1990 жылдары Мәдениет үйі жұмыс жасаған жоқ. Жылу жарық болған жоқ. Кітапхана бұл жағдайда бір жерден  екінші жерге Шахов үйіне және Үлкен Шаған мектебіне көшіп жүрді.

2006 жылдың қараша айында ауылдык мәдениет үйі  күрделі жөндеуден өтті, жарық жүргізілді, жылу өткізілді. Ал желтоқсан айында кітапхана қайтадан ауылдық  мәдениет үйіндегі өз бөлмесіне көшіп келді.

Қазір ауыл тұрғындары кез келген уақытта жарық та жылы кітапханаға келіп, өздерінің қалаған кітап, журналдарын оқып отыруға не үйлеріне алуға толық мүмкіндіктері бар.

2001 жылдан 2009 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Лазарева Любовь Васильевна істеді.

Любовь Васильевнаның ұйымдастыруымен кітапханада «Буратина» қуыршақтар театры жұмыс жасап, әр түрлі қойылымдар көрсетіліп жүрді.

2009 жылдан бері кітапхана меңгерушісі қызметін Света Муханбетовна Амирханова атқарып келеді. Ол Дәулеткерей атындағы өнер институтының кітапханатану және библиография факультетін 1997 жылы бітірген. Жұмысқа алғыр, жауапкершілігі жоғары маман, оқырмандармен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

2020 жылдан бастап екінші кітапханашы қызметінде Карекенов Эльбрус Тастембекұлы  жұмыс жасайды.

 

 

 

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Хамин ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1953 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 119/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 60

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 30

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 101

Кітап қоры: 6536 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Хамин ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Нұртаев Азамат Асылбекұлы

Хамин ауылдық кітапханасы.

 

Алғаш Молотов атындағы колхоздың құрылуымен ауылдың мәдени- ағарту жұмысы жүргiзiлдi, мектеп, клуб, кiтапхана ашылды.

1953-1955 жылдары ауылда оқу үйі құрылды. Бұл- шифер орнына сабанмен жабылған жер үй едi. Сөрелерi, үстелдер және сәкiлерi ағаштан жасалған. Алғаш кiтапханашы болып Сайгакова Граня жұмыс iстейдi. Ол кезде кiтап қоры -500 дана кiтапты құрады. Кiтапхананың алдырған  газеттері: “Сталинский путь”, “Правда”т.б.

1959 жылдан 1968 жылдар аралығында кiтапханада Землянушева Валентина Ивановна жұмыс iстедi. Ол кезде кiтапхана клубта орналасты. Клуб меңгерушiсi Валентина Ивановна кiтапханашылық  қызметті қоса атқарады. Қазiр ол кiсi құрметтi еңбек демалысында, Хамин ауылында тұрып жатыр.

1969 жылы мәдени-ағарту  училищесiн баянист мамандығы бойынша бітірген Құсанов Сая Гарапович келіп, клуб меңгерушiлiкпен кiтапханашылық қызметті қоса атқарды. Ол клубта ең алғаш би кештерiн  ұйымдастырушы музыкант болды. Қазiр ол ауылда тұрып  жатыр.

1970-1972 жылдары клуб пен кiтапханада Илященко Галина істейді. Оның осыдан кейiнгi өмiрi туралы бiзде дерек жоқ.

1973-1975 жылдары клуб меңгерушiсі және кiтапханашы болып Хайрулина Мария iстейдi. 1976 жылдары Орлова Любовь клуб меңгерушiсi және  кiтапханашысы қызметiн қабылдайды. Содан кейiн Чеботарев ауылына отбасымен көшiп кетіп, 40 лет Октября колхозының төрағасының хатшысы  жұмысына орналасады. Қазiр ол кiсi Асан подхозында тұрады.

1983 жылдан 1986 жылдары кiтапханашы болып Изгрикова Айжан

iстейдi. Ол 1983 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесiне түсiп, оны

1985 жылы аяқтайды. 1986 жылы тұрмысқа шығуына байланысты

Чеботарев ауылына көшедi де сол ауылда 1986-1987жылдары кiтапханашы болып істейді.

Кейiн 1987 жылы Чиров ауылына отбасымен көшiп кетiп, 1997 жылға дейiн жұмыс iстейдi. Ал 1998 жылы Орал қаласына көшiп кетедi де, 2005 жылы Арматура зауытының кiтапханасына қызметке орналасып, күні күнге дейiн сонда жұмыс iстеп жүр.

1986-1989 жылдары кiтапханашы болып Дерягина Орынша, 1989-2000 жылдар аралығында Силантьева Валентина iстейдi.

Силантьева Валентина кітапхананы қабылдағанда кiтап қоры-6112 кiтапты құраса, тапсырған кезде  кiтап қоры-4918 дана кiтапты құрады.

Ал 2000 жылдың 13 желтоқсанынан кiтапхананы Шамгонова Санья Ғайсақызы қабылдады. Қабылдаған кезде кiтапхана қорында 4918 дана кiтап болды. Ол 1992 жылы Орал мәдени-ағарту училищесiн орта мамандандырылған кiтапханашы мамандағы бойынша бітірген. Бірақ мамандығым бойынша жұмыс болмады. Хамин ауылдық кітапханасына жұмысқа орналасқаннан кейiн 2002 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттiк университетіне түсiп, 2005 жылы М.Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттiк университетiн кiтапхана ісі және библиография мамандығы бойынша бітірді. Бірақ Санья Ғайсақызының Орал қаласына қоныс аударуына байланысты 2011 жылдан кітапханашы қызметін арнайы маман болмаса да Гүлмира Зайнуловна Шуриева  атқарып келеді. Кітапхана орналасқан ауылдық клуб ғимараты 2011 жылы күрделі жөндеуден өтіп, қазір 5512 кітап қорымен 110 оқырманға қызмет көрсетеді.

 

2022 жылдан бастап кітапханашы қызметінде

Нұртаев Азамат Асылбекұлы

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Чеботарев ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1945ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 124/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 65

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 70

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 230

Кітап қоры: 14676 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы  Чеботарев ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Аймукашева Алмажай
Сангалиевна

Чеботарев ауылдық кітапханасы.

 

Ауылда алғашқы “Крестьянин” колхозының құрылуымен мәдени- ағарту жұмысы да  мектеп, клуб, ауылдық кітапхана ашылып істей бастады.Ауылдың байырғы тұрғындарының айтуынша, ол кезде кітапхана қолдан жасалған ағаш шкафтарында шамамен 100-200 дана кітаптан тұратын шағын кітап қоры бар кішкентай ғана бөлме болған.Сол уақытта үлкен сұраныста болған ауылдағы жалғыз ақпарат  құралы  “Крокодил” журналы.

Бірінші кітапханашы болып 1945-1950 жылдары Алексеев Сергей Павлович қызметке тұрады. Ол сол жылдары ең алғаш музыкант болып кеште ауыл клубында би кештерін өткізген.

Сол уақыт кітапхананың кітап қоры 500 данаға дейін өсті.

Ал  1950 жылдан 1955 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі  болып Савичев Федор Парфирьевич жұмыс істейді. Ол “Крестьянин” колхозының парторгы болып қызмет аткарады, ҰОС –ның ардагері және 1955 жылы жоғары оқу орнын аяқтап, Райком партиясына қызметке ауысады.

1955 жылдан кітапханашы болып 1960-1965 жылдарда Украинада туған Теплищева Алла кітапханашы қызметін атқарған.

1965-1970 жылы , 1970ж, 1974 жылдар аралығында кітапханашы қызметін Калашникова Елене Николаевна және Суркова Лидия Николаевна атқарады. Білімі бойынша екеуі де педагог, екеуі де күйеулері мен бірге келген. Сол уақытта колхоз атауы “ 40 лет Октября” атауына өзгертіліп, осы колхозға жолдама бойынша келеді. Осы екі әйел туралы ауылдың байырғы тұрғындары әлі күнге жылылықпен еске алады.

1974-1980 жылдар аралығында Талдықорғаннан екі жас қыз оқу бітіріп жолдамамен келді. Олар Мартыненко Люба және Петренко Наташа.

1980 жылдан 1982 жылдары кітапханада  Орал мәдени-ағарту                                                        училищесінің түлегі Қостаулетова Танзиля Мұхитқызы жұмыс істтейді. 3 жыл аралығында жұмысын жақсы жағынан көрсеткен. Ауыл оқырмандары жылылықпен еске алады.

1982-1984 жылдары Петренко Наталья қайтып жұмысына оралады. Ол осы қызметінде жүргенде кітап қорын КБЖ ға аударды.

1984 жылдан 1987 жылдар аралығында Орал мәдени-ақарту училищесін аяқтап,  “ 40 лет Октября” колхозына кітапханашы болып қызмет істеуге Гусманова Кунсулу Серикқызы келеді. Ол – өз жұмысын ауыл жастарымен “Колосок” агитбригадасын құрып, клуб меңгеруішісі Рахимжанова Марьяммен  егін бригадаларға мәдени шаралар ұйымдастырылды..

Ал, 1987 жылдан 1989 жылдары кітапханада Байжанова Айжан жұмыс істейді.

1989-1995 жылдары кітапханашы болып мәдени-ағарту училищесін қызыл дипломмен аяқтаған Байжанова Алмажан жұмыс істейді. Осы жылдары кітапхана жабдықталған үлкен ғимаратқа көшеді.

1995 жылы кітапхананы 1994 жылы Орал педагогикалық колледжісін аяқтағасын Кусанова Алтынай қабылдайды. Ол осы кітапханада 2001 жылдарға дейін жұмыс істейді.  Мектеппен бірлесіп атаулы күндерге әр түрлі шаралар өткізіп жүрді.

Ал, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін кітапханашылық қызметті Қарабалиева Күнсулу Серікқызы атқарып келеді.

Қазіргі уақытта кітапхана ауылдық әкімшілікте ораласқан, “Хамин” ЖШС, ауыл шаруашылықтарында аталып өтілетін барлық шараларға, ауылдық округ пен мектеп шараларына белсенді қатысып, бірлесе жұмыс атқарады.

Осы белсенді қызметі үшін, мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, оқырмандарға насихат шараларын өткізудегі қызметі бағаланып, Зеленов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Карабалиева Күнсұлу Серікқызын мақтау қағазымен марапаттады.

2013 жылдан бастап кітапханада кітапханашы Аймукашева Алмажан Санғалиқызы еңбек етіп келеді.

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Чинарев ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1920 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 149/км

Облыс орталығынан арақашықтығы 96

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 53

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 170

Кітап қоры: 6993 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чинарев ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Кобдабаева Сарбиназ Каримовна

Чинарев ауылдық кітапханасы.

XX ғасырдың 20 –30-шы жылдары бұрынғы Голаванов ауылына бастауыш мектеп мұғалiмі болып Голованова Нина Михайловна, Ивашкова Анна Игнатьевна, Кушнарева Мария Трофимовналар келген. Олар өздерiнiң қаржысына ең бiрiншi кiтапхана ашып, өздерi кітапханашы болып қосымша жұмыс iстеген. Cөйтiп сауаты жок адамдарға кiтап окуды, өнердi сүюді үйретіп, дауыстап оқулар, әңгiмелесу, әр түрлі кештерiн өткiзу арқылы оқудың мәні кiтап туралы түсiнiктер берiп, мәдениетке көнiл аудартып, кiтапқа құрметпен қарап, оны таза ұстауға уйретіп отырған.
1920-1930 – азамат соғысы, аштык жылдарында да, мұғалiмдер халыққа әлемдiк классикалык әдебиеттiң бар екенiн түсіндiрген. Ауылда Ұлы Отан соғысына дейiн клуб жұмыс жасаған. Ол клубты балташы Тезин Степан Савватеевич өз колымен салған.
Алғашқыда колхоз «Новая деревня» деп аталған, ол кезде осы клуб қойма ретiнде де пайдаланылып, себуге арналған тұқымдык дән сақталған. Осы клуб пен коймада бiр ғана кiсi меңгерушi болып iстеген.
Ауыл тұрғыны Гасилин Виктор Матвеевичтiң айтуынша,  кiтапхана 1956 жылы ашылған. Клубтың iшiнде ағаштан жасаған кiшкене бөлме болған. Сол бөлмеде екi-үш кiтапхана сөресi жасалынып, оларға кітапханадағы аз ғана кiтаптар қойылған.
Бiраз уакыт клуб меңгерушici, кiтапханашы болып, Парфенова Татьяна Николаевна және Непейвода Екатерина қызмет iстеген.
1962 жылы қараша айында осы клуб пен кiтапхананы, койманы Чинарево Екатерина Миновна қабылдап алған.
Ауылдың мәдени өмiрiнен есте қалған кезең – 1968 жылдың 1 мамырында жаңа клубтың ашылуы.
1972 жылы кiтапханашы болып, Мурзабулатова Ақсұлу Тiлеуғалиевна жұмыска кiрген және Актөбе мәдени-ағарту училищесiн сырттай окып бiтiрген. Кiтапхана колхоздың қарауында болған. Кiтапханаға Кирсанов ауылдық кеңесі төрт кiтап сөресiн сатып алып  берген. Ол кезде кiтапхана қорын жақсарту жұмысы әлі де жеткiлiксiз болған. Көбiне коғамдық – саяси әдебиет, газет-журнал, көркем әдебиеттер ғана түсiп тұрған. Көпшiлiк iс-шаралар ауыл мектебiмен бiрігіп өткiзiлген.
Кiтапханашымен бiрге В.В.Акамов деген суретшi жұмыс iстеген, ол «Социалистiк жарыс» атты үгiттеушi кабырға газеттерiн шығарған.
1976 жылы А.Т.Мурзабулатова тұрмысқа шығуына байланысты, Теректi ауданына кетеді, де орнына кiтапханашы болып Дуйсекенова-Баяшева Айғаным Жексенқызы қабылданады. Ол сырттай Актөбе мәдени-ағарту училишесiн бiтiрген.
Ол кезде орталықтандыру жұмыстары жүргiзiліп, кiтап коры каталогтары мен картотекаларды КБЖ кестесіне көшiру жүйесi жүріп жатқан болатын.
Сол кездерде кiтапхана  кеште де жұмыс iстеген, себебi жас мамандар, жұмысшылар, механизаторлар мен бақташылар газет-журналдар оқып, кiтап алатын болған. Оларға арналып «Ақпарат күндері», «Мамандар күндерi» өткізіліп отырған. Сонымен қатар, кітапханаларда оқылған шығарма, мақалаларды талқылап, пiкiр алысып отырған. Б.Момышулы, А. Бек, К. Симонов, Ю. Бондарев кiтаптары бойынша оқырмандар конференциялары, кiтап көрмелері, тақырыптық сөрелер ұйымдастырған. «Фермадағы жаңа тәжiрибе», «Ауыл шаруашылығындағы жаңа ғылым мен тәжiрибе» атты әдеби шолулар өткiзiлген. Көптеген iс-шаралар фермада, далада, егiншiлер бригадасында өтетін болған. Көшпелi кiтапхана жұмыс істеген.
Приурал аудандық «Сельский труженик», «Ауыл еңбеккерлерi» газетiнiң бiр бетiнде «Еңбектiң батыр жұлдызы» деген айдармен ең жақсы егiншiлер туралы жазылып отырған.
Кiтапханашы газет беттерiнен «Тақырыптык» альбомдар жасаған.
Кiтапханалардың орталықтандырылуы арқасында әрбiр ауыл тұрғынына ОКЖ-нiң кiтап корына жол ашылып, БҚҰжПБ арқылы кiтап алуларына мумкiндiк туды. Ауыл тұрғындары үшін арнайы кiтап көрмелерiн алып жүретiн библиобус болып, филиалдар жаңа түскен кітаптарды аудандык кiтапхана аркылы үздiксiз алып отырды, осы библиобус аркылы өзiне керектi кiтаптарға сұраныс жасап отырған. Сол жылдары кiтап коры көбейiп, барлык бiлiм саласы бойынша 7 мын дананы құрап, көптеген газет-журналдар жазылып алынған.
Филиал екі жақты сөрелер, ауылдық кеңес орындықтар, терезе жапқыштар мен плафондар және «Декорд» радиосын алып бередi.
көркем әдебиеттерді, өнерді, классикалык мұраны насихаттау- кеңес кезеңінің ең негізгі бағыттың бiрi болғандықтан,. Орыс, кеңес және дүние жүзiлiк әдебиеттерді насихаттауға байланысты белсендi жұмыстар жүргізілді. Осыған орай «Совет әдебиетiнiң алтын коры» атты кiтаптар көрмесi  шығарылып отырылды.
Қазақ әдебиетiнен С.Мұкановтың «Ботагөз», Г. Мусреповтің «Ұлпан» романдары бойынша конференциялар ұйымдастырылды.
Нағыз белсендi жасөспiрiмдер мен балалар арасындағы окырмандармен кiтапханшы дәстүрлi түрде дауыстап оқу, байқаулар, викторина сайыстарын «Нағыз оқитын сынып», «Оқырман бенефесi», әдеби, саяси, КТК-лар өткiзген. Мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш сынып балаларына арнап күйтабактарға жазылған ертегi, «Кругозор» журналындағы өлеңдердi пайдаланған.
Әйелдер күні, Отбасы жылы, егiншiлерге арналған, Әскер катарына салтанатты турде шығарып салу сияқты көптеген мерекелiк iс-шаралар өткiзiлген.
3-8 сынып оқушыларына арнап «Хозяюшка» әуесқойлар клубы ұйымдастырылды.
1999 жылы тамызда А.Ж.Баяшеваның Ресейге көшуіне байлынысты  кiтапхананы мен, Кобдабаева Сарбиназ Каримкызы, кабылдап алдым. Оған дейін мен Орал мәдени-ағарту училишесiнiң кiтапханашы бөлiмiн бiтiрiп, Крупская атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханасында, Қаратөбе аудандық кiтапханасында кызмет еткен едім.
Отбасы жағдайыма байланысты сүйiктiктi жұмысымнан кол үзген       мен қайтадан өз мамандығым бойынша жұмысқа кiрiстiм. Жұмысты кiтап қорының дұрыс койылуы мен каталатарды тексереуден бастадым..
2004 жылдың жазында кiтапхана ауылдық кеңсеге көшiрiледi.
Бүгінгі таңда кітапхананың тұрақты оқырман саны 250 адам, кiтап коры 5500 дана, кiтаптың берілуi  5537 дана.
Қазiргi кезде кiтапхананын №6 филиалы Чинарев селосындағы мәдени-ақпарат орталығы ретінде, өз окырмандырына адал кызмет атқаруда.
2020 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы Б.Оспанованың «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен Чинарев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сарбиназ Қобдабаеваға марапатталды.
2020 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК ұйымдастыруымен кітапханашылар арасында өткен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына “Соғыс менің отбасым тағдырында” атты эссе байқауы бойынша ІІ орын Чинарев ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.К.Қобдабаева жеңімпаз атанды.

Мекеме  төлқұжаты.

Мекеме атауы:                                         Чиров  ауылдық  кітапханасы

Ведомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                    1959ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     130/км

Облыс орталығынан арақашықтығы     71

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         60

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік

Оқырман саны:                                     260

Кітап  қоры:                                          19918 дана

Қызмет көрсету  түрі:                          тұрғындарға қызмет көрсету

 

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы   Бәйтерек  ауданы Чиров  ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Штык Наталья Евгеньевна

Чиров ауылдық кітапханасы.

 

Ұлы Отан соғысынан кейін Чиров ауылында кітапхана болмаған. Сол кездегі ауыл тұрғындарының көбі сауатсыз болатын. Сондықтан ауылдық жерлерде тұрғындардың сауатын ашу үшін, сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді.

Сол кездегі ауылдағы сауатты тұрғындардың бірі -ауыл мұғалімдері еді.

Чиров ауылында бастауыш мектеп болатын. Осы бастауыш мектептің ең алғашқы мұғалім і- Пальгова Мария  Акакиевна болды. Мария Акакиевна ауылдық жерлерде сауатсыздықты жою үшін, белсенділік көрсетіп, сабақтан соң, кешке ауыл тұрғындарын кеңсеге жинап, болып жатқан жаңалықтардан хабар беріп, көркем әдебиеттерден ертегіге шейін оқып, ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды, сауатсыздықпен күресуге шақырды.

1958-59 жылдары ауыл мектебінде мұғалім болып Логашкина Галина Афанасьевна  жұмыс істейді. Галина Афанасьевна да аптасына 2-3 рет ауыл тұрғындарын кеңсеге жинап, мектептегі бар кітаптарды оқып, ауыл тұрғындарының сауаттарын ашуға ат салысты.

1959 жылы ауылда клуб ашылып, клубтың ішінен кітапханаға бір бөлме беріледі. Сол жылы 2 мыңға жуық  әр түрлі кітаптар әкелінді. Ол кітаптардың арасынан кеңестік және шетелдік көркем әдебиеттерді де табуға болатын еді. Кітапхана ашылған жылдан бастап, халық жаршысы- газеттерге де жазыла бастады. Кітапханада алғашқы кітапханашы болып Кабаева Евгения Антоновна жұмыс істеді. Кітапханаға сауаттарын ашу үшін, көптеген ауыл тұрғындары  келе бастады. Олардың арасынан әр түрлі жастағы адамдарды көруге болатын еді.

1969 жылы ауылда жаңа клуб салынды. Жаңа клубтың жанынан жаңа кітапхана да ашылды. Және де кітапханаға көптеген кітаптар келіп түсті. Сол кітаптардың ішінде ғылыми әдебиеттер, кеңестік және шетелдік көркем әдебиеттерді оқуға болатын еді. Бұл жаңа кітапханада Сайфулина Залиха Сұңғатқызы кітапханашы болып жұмыс істейді. Ол мәдени-ағарту училищесінің кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп келген еді.

Осы уақыт аралығында ауыл тұрғындарының сауаттары ашылып, жағдайлары жақсарған болатын.  Ауыл тұрғындары ертеден кешке дейін жұмыста болатындықтан олардың балалары  қараусыз қалмау үшін, балабақша да салынды. Мектеп те үлкейіп, он жылдық мектепке айналды. Кітапханашы Залиха Сұңғатқызы балабақшамен де, мектеппен де тығыз байланыста болып, әр түрлі іс-шаралар өткізіп тұрды.

Залиха Сұңғатқызынан кейін 1986 жылдан бастап, арнаулы білімді кітапханашы Юсупова Сара Сапақызы жұмыс істейді. Сара Сапақызы осы ауылда туып өскендіктен, өзінің еңбек жолын туған ауылындағы кітапханадан бастайды. Ол жұмыс барысында өз маманының шебері екенін көрсете білді. Ол ауыл тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен араласа жұмыс істей жүріп,  көптеген қызықты, оқушыларды тәрбиелеуге мәні зор іс-шаралар өткізіп тұрды. Сара Сапақызының еңбегін елеп, ауыл тұрғындары оны кәсіподақ ұйымының төрайымы етіп сайлайды. Ал, екі жылдан соң  кәсіподақ ұйымына жұмысқа ауысады.

Сол жылы ауылға отбасылы жас мамандар көшіп келген болатын. Олар-Байжановтар отбасы еді. Байжанова Айжан Сағидуллақызының мамандығы кітапханашы болатын. Сол жылдан бастап ол Сара Сапақызының орнына кітапханашы болып орналасты. Айжан Сағидуллақызы істеген жылдан бастап кітапхананың қоры жыл сайын жаңа кітаптармен толтырыла бастады. Ол мейрамға арналған, атақты жазушылар мен ақындардың, қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған кітап көрмелерін ұйымдастырып, іс-шаралар жиі өткізіп тұрды. Ол бастауыш сынып оқушылары арасында қуыршақ театрын ұйымдастырып, балабақшаға барып, әртүрлі ертегілерден көріністер көрсетіп жүрді. Өзінің 10 жылдық елеулі еңбегінің арқасында үлкендер арасында да, кішілер арасында да құрметке ие болды. Айжан Сағидуллақызы 1998 жылға дейін кітапханашы болып істеді. Жолдасын жұмыс барысымен ауыстырып, қалаға көшетін болғандықтан, сүйікті жұмысынан ауысуға тура келді.

1998 жылдан бастап, осы ауылда туып өскен, ауыл мектебінің түлегі, Орал педагогикалық институтын тарих пәні мамандығы бойынша бітіріп келген жас маман Гумирова Мәншүк Сәлімгерейқызы кітапхананың бүкіл жауапты міндетін өз мойнына алды. Бұл жас маман да өзінің жақсы жақтарын көрсете білді. 2003 жылы өз мамандығы бойынша мектепке ауысты. Сондықтан оның орнына кітапханашы болып Штык Наталья Евгеньевна орналасты.

Ол жұмысқа орналасқан жылдан бастап, кітапханашы мамандығы бойынша институтқа сырттай оқу бөліміне оқуға түсті. Наталья Евгеньевна мектеп оқушылары арасында әр түрлі тақырыпқа арналған үйірмелер ұйымдастырып, қызықты іс-шаралар өткізеді. Жиі- жиі жаңа түскен кітаптар бойынша кітап көрмесін ұйымдастырады . Мектеппен, оқушылармен тығыз қарым- қатынаста болады. Мемлекеттік мейрамдарға арналған, атақты адамдардың мерейтойларына арналған кітап көрмелерін ұйымдастыра білді. Қазіргі уақытта 2022 жылдың санағы бойынша кітапхананың қорында 20 мыңға жуық кітап жинақталған.
</div >

Мекеме  төлқұжаты.

 

Мекеме атауы:                                         Чувашин  ауылдық  кітапханасыВедомостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                    1947ж

Аудан орталығынан арақашықтығы     81/км

Облыс орталығынан арақашықтығы    22

Ғимараттың  түрі:                                   бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                55

Меншік  түрі:                                   мемлекеттік

Оқырман саны:                                 316

Кітап  қоры:                                    17691дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны        Батыс  Қазақстан  облысы Бәйтерек  ауданы Чувашин  ауылы

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні:            Сатанова Ақзия Төреғалиқызы

 

Чувашин ауылдық кітапханасы.

 

Чувашка ауылдық кітапханасы 1947-1949 жылдар шамасында ашылған. Кітапхана қорының басым көпшілігі ауыспалы кезеңнің басылымдарынан және көркем әдебиеттерден тұрды. Ол кездерде кітапханада саяси бағытта халықты насихаттау бағытында жұмыс жүрген.

Ең алғашқы Чувашка ауылының кітапханашыларының бірі- Артюшова Александра Акимовна болған. Ол 1931 жылы 26 наурызда Атырау облысында дүниеге келген. ¥лты орыс. 1953 жылы кәсіподақ  мүшесі болған.

Әкесі Артюшов Аким Николайұлы кедейлер отбасында дүниеге келген. Соңынан колхозға кірген. Сол кездері ауыл басқармасы болып қызмет атқарған. Ол анасы Артюшова Прасковья Иванқызы жұмысшы отбасына, колхозда жұмыс жасаған адам. 1941-1948 жылдары жеті сынып бітірген. Чувашка мектебіне жеті жасынан қабылданады. Сол кездің бар оқуы сол болғандықтан, білімін ары қарай жалғастырмайды. Содан соң колхозда жұмыс жасайды. 1952 жылы колхоздың жұмысынан босайды. Содан кейін Чувашка ауылында кітапханашы болып қызмет аткарады. ина Сергейқызы. 1935 жылы 8 қарашада Орал қаласында дүниеге келген. Ұлты – орыс. 1954 жылы ВПКСМ мүшесі. Сегіз кластық білімі бар. 1961 жылдан бастап Чувашка ауылының кітапханасында кітапханашы болып қызмет етед

  • (1қорс-3 бет-8 1957-1961 Приураль ауданында жеке іс кағаз Лузикова Людмила Ивановна. Ұлты- орыс. Сібірден келген. 1986 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1977 жылдың 15 наурызынан 1987 жылдар аралығында Чувашка ауылының кітапханасында қызмет атқарған. Жұмыстан өз еркімен босатылған, себебі өз еліне оралды (Приуральдың №1 кітапхананың бұйрықтар кітабынан. қор 11   51,53 ісСлисова Валентина Иванқызы 1935 жылы дүниеге келген. Ақмола қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1940 жылы Батыс-Қазақстан облысында Приурал ауданында “Красный Октябрь” колхозында төрт сынып бітірген.

1949 жылы Чувашка ауылына келді. Осы ауылда жеті сыныпты бітірген. 1953 жылы 20 тамызда ВЛКСМ мүшесі 1957 жылы дейін профсоюзда кітапханашы болып қызмет атқарған. Екі ағасы және алты сіңнілері болған. Шет елдерде болмаған және сотталмаған. (учеттағы жеке іс қағаздары. Қор Приурал ауданы 1950 – 1953 – 1957). Екінші қордың жетінші бетінен алынған Сатанова Ақзия Төреғалиқызы 1965 жылы 7 қыркүйекте дүниеге келдім. Орал мамандандыру училищесінде оқыдым. Жолдамамен бөлініп, 1988 жылы 1 тамызда осы қызметке келдім.

1988 жылы кітапхана Чувашка ауылының әкімшілік ғимаратында жұмыс болды. 1989 жылы ауыл мәдениет үйінің ғимаратына көшті. Сол жылы жоғары марапаттау қағазына ие болдым. 2005 жылы кітапханашы мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

Чувашка ауылының кітапхана қоры: 2007 жылдың 1 қаңтарына 12188 қор кітабы бар, соның ішінде 978-і қазақ тілінде. Көркем әдебиеттер 7037, соның ішінде 721 қазақ тілінде. Кітапханада жүйелілік, әліпбилік каталогі, өлкетану картотекасы, тақырыптық папкілері бар.

Кітапханадағы кітаптар көрмесі, тақырыптық сөрелер ұйымдастырылған. Кітапхана қоры КБЖ жүйесі бойынша орналасқан.

Кітапхана ауыл өміріне белсене араласып, әр түрлі іс шаралар өткізіп, кітап пен кітапхана талабына сай жұмыстанады.

2007 жылдың маусым айында жерлесіміз И.Г.Мартыновтың “Менің Қазақстаным” атты кітабы бойынша кітап презинтациясы өтті. Сонымен қатар, “Қазақстанның қызыл кітабы” тақырыбында балаларға арналған экология сағаты өтті. “Маршак еліне саяхат” атты 2-4 сынып оқушыларына С.Маршактың мерейтойына іс- шара өтілді.

 

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсеновтің Алғыс хатымен Чувашин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сатанова Ақзия Төреғалиқызы марапатталды.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Шалғай ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1954ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 31

Облыс орталығынан арақашықтығы 69

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 62

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 500

Кітап қоры: 32674 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Бисенгали Гүлзада Кенжебайқызы

Шалғай (Первосоветское) ауылдық кітапханасы.

 Әр шаруашылықтың экономикалық жағынан берік екендігі оның дамуынан айқын көрініс табады. Пермский совхозы үшін 1954 жыл осындай болды – бұл жылы елімізде жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.Алғашқы тың игеру жылдарында Пермский совхозы орталық мекендегі он шақты саман үй мен бірнеше вагоннан тұрды, олардың бірінде кітапхана орналасты. Нина Максимовна Ганжа алғашқы кітапханашы болды, бұнда ол 30 жылдан астам еңбек етті.

Кеңес дәуіріндегі алғашқы ауыл кітапханасы өзінің ұзақ жылғы тарихын тың игеру жылдарымен байланыстырды.

Әрбір елдің шежіресінде дәуірлік маңызы бар оқиғалар болады. Олардың маңызы мен көлемін тарихи талдау тұрғысынан қазіргі өмірмен тығыз байланыстыра отырып бағалауға болады. Сол кезде ауқымды елдің құрамында болған Қазақстан үшін тың игеру осылай өтті.

Сол жылдардағы оқиғаларды жақсырақ түсіну үшін осыдан елу жыл бұрынғы газет материалдары мен мұрағат құжаттарына көңіл аударайық.

Сол кездегі газеттер былай деп жазды: «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы бұндай пәрменді, техника және машиналармен жабдықталған жұмысты, ауыл шаруашылығы механизаторлары мен мамандарының 1954 жылғы санын бұрын-сонды көрген жоқ. Облыста бұл жылы 12 жаңа астық өндіретін совхоз ұйымдастырылып, 754 мың га тың және тыңайған жерлер игерілді».

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру халық шаруашылығының барлық салаларының дамуына әсер етті, әсіресе кітапханалар жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Тың және тыңайған жерлерді игеруге көп адамның келуіне байланысты кітапханалардың да, ондағы оқырмандардың да саны өсті. Кітап қоры көбейді. Кітап алғашқы тың игерушілердің күнделікті тұрмысына ене бастады.

Тың және тыңайған жерлерді игерумен айналысқан барлық МТС-тер мен совхоздарда жаңа кітапханалардың ашылғандығын ескерсек, облыстық кітапхана тікелей сол жерлерге әдістемелік көмек көрсетуді күшейтті. Оның жанынан аудандарға, трактор бригадаларына қызмет көрсететін автомобиль- кітапхана жұмыс істеді. Кітапханалар ауыл өмірімен тығыз байланыста еді.

Сөйтіп, 376 тұрақты оқырманы мен 4 мың дана кітап қоры бар Зеленов ауданы Первосоветский ауылдық кітапханасы колхоздағы мал санының, егістікке жайылатын жылқылардың өсу диаграммасын құрастырып, «Тың және тыңайған жерлерді игеру – бүкілхалықтық іс» атты қабырға газетін ілді. «Біздің колхоздың ең сыйлы азаматтары», «Егін жинау – аса маңызды саяси міндет» тақырыптарына баяндамалар оқылды.

Г. Николаевтың «Жатва» атты кітабы дауыстап оқылып, содан соң оқырмандар конференциясы өтті, бұнда конференция қатысушылары кітап туралы және өз колхозындағы басқару жұмыстары туралы айтты, ол жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді. Көктем-жаз мезгілінде егін және трактор бригадаларында әңгімелер дауыстап оқылды. Трактор вагондары диаграммалармен, ұрандармен, плакаттармен безендірілді.

Бригадалар арасындағы жарыс барысын бейнелейтін қабырға газеттері жарияланды. Трактор және егін бригадаларында жылжымалы кітапханалар ұйымдастырылды, сонымен қатар мал шаруашылық фермаларына баратын кітап тасушылар жұмылдырылды.

Пермский совхозының кітапханасы мәдени-ағартушылық жұмыс белсенділігінің үлгісі іспеттес. Тың жерлерді игеру жылдарында кітапхана қоры бес есеге көбейді.

Оқырмандарды тарту мақсатында кітапханашы Нина Максимовна Ганжа аулаларды аралап, жылжымалы кітапханалар ұйымдастырды. Сол кездегі барлық естеліктерден еңбекшілердің арнайы әдебиетті көп оқығандығы көрінеді. Әдеби-көркем және тақырыптық кештер өткізілді, олар концерттермен аяқталып отырды.

Байырғы ауыл тұрғыны С.С.Хранина, К.С.Колесникова, В.И.Пустобаева, В.П.Белицкаялардың айтуы бойынша, 60-жылдардың басында кітапхана кеңсе ғимаратына көшіп кеткен.

Яғни, Первосоветское ауылдық кітапханасы тың игеру жылдарымен тығыз байланысты екенін көреміз. Сол кезде туған мәдени ошақ , ол әлі күнге дейін жойылған жоқ.

Нина Максимовна зейнеткерлік   демалысқа кеткеннен кейін 1985 жылы оның орнын Татьяна Лизогубова алмастырды, ал 1991 жылдан бастап 2012 жылға дейін кітапханашы болып Галия Курарару қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. 2012 жылдан кітапханашылық қызметті Марьяна Бектұрғанқызы Ламбекова атқаруда. Ол 1999 жылы Дәулеткерей атындағы БҚМ өнер институтының кітапханатану-библиография мамандығы бойынша бітіріп, Орал қаласындағы колледж, жоғары оқу орындарында кітапханашы болып істеген.  Бүгінгі күнде кітапхана мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.

Бүгінгі таңдағы оқырмандар негізінен оқу орындарының студенттерінен, мұғалімдерден, мектеп оқушыларынан тұрады. Мерзімді басылымдар олардың арасында ерекше танымал.

Қазіргі таңда Первосоветское ауылдық кітапханасы – тек кітап қоймасы ғана емес, сонымен қатар өз қиындықтары,жетістіктері, шешілмеген мәселелері бар, ауыл тұрғындары үшін қызықты әрі пайдалы болуға ұмтылған қазіргі заманғы мәдени-ақпарат беретін мекемелердің бірі.

19880 дана кітабы бар көп салалы кітап, мерзімді басылым және басқа да ақпарат тарату қоры оқырмандарға қызмет етуде. Жыл сайын кітапханаға жаңа кітаптар, журналдар, газеттер келіп түседі. Кітапханаға жыл сайын шамамен 650 оқырман келеді, олар негізгі кітап қоймасының көп салалы ауқымды кітап қорын ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану, қолданбалы, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар мен көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар бөлімінің арнайы қорларын да пайдалануда.

Кітапханада өткізілетін тақырыптық көрмелер қазақстандық белгілі ғалымдардың, ақындардың, күйшілердің мерейтойларына, қазіргі заманғы көкейтесті мәселелерге арналады.

2016 жылдан бастап кітапханашы болып Бисенгали Гүлзада Кенжебайқызы қызмет етіп келеді.   «Үздік жас кітапханашы – 2019» байқауында «Кітап жанашыры» аталымына ие болды.

 

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Шалғай ауылдық балалар кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 2014

Аудан орталығынан арақашықтығы 31

Облыс орталығынан арақашықтығы 69

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 30,7

Оқу залының орын саны 5

Заңды статусы: Мемлекеттік мекеме

Меншік түрі: мемлекеттік

Тұрғын саны: 974

Оқырман саны: 280

Кітап қоры: 8418 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Неизвестная Надежда Александровна

Шалғай ауылдық балалар кітапханасы

 

2014 жылы Шалғай ауылдық округіне қарасты Таловая ( кітапханашы Чапурина  Асылғаным ) ауылында  тұрғындар санының азаюына байланысты ауылдық кітапхана жабылып, округ орталығы Шалғай ауылына штатымен бірге ауыстырылды.  Әкімшілік ғимаратынан ауданы 30,7 ш.м. құрайтын орын беріліп, балалар кітапханасы болып ашылды.  Шалғай ауылының тұрғындар  саны 974 адам.Шалғай ауылдық балалар кітапханасының алғашқы кітапханашысы болып Байгалиева Анура орналасты, бірақ көп істемей, 2015 жылы кітапхананы Губайдуллина Юля Алексеевна қабылдап алып, 2 жылдай ғана жұмыс жасады. 2017 жылдан бері Артюнина Татьяна Германовна кітапханашы, 2019 жылы Даукариева Нұржамал Исмагиловна, 2020-2021 жылы Середа  Надежда Владимировна, 2022 жылдан бастап Неизвестная Надежда Александровна болып келеді.

Бүгінгі таңда кітап қорында  8097   дана, оның ішінде қазақ тілінде 1627 дана әдебиеттер бар. Жыл сайын кітапханаға 200 данадай жаңа кітап түседі. Кітапхана 10 атаулы мерзімді басылымға жазылып отырады.  «Казахстанская правда» газеті және «Балапан» балалар журналы үлкен сұранысқа ие.

Кітапхана оқушыларға қосымша материал таңдауға, сол сияқты кітап көрмелерімен танысып, әр түрлі іс – шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

 

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Щапов ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1964 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 54

Облыс орталығынан арақашықтығы 22

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 12

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 1090

Кітап қоры: 22157 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Щапов ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Зейнешова Жадыра Бақтиярқызы

Щапов ауылдық кітапханасы.

 

Ауыл тұрғындарының естерінде қалғаны Щапов ауылдық кітапханасы алғаш рет 1964 жылдан бастап жасаған. Кеңсе болған жерде клуб та, кітапхана да болған. Ол кездерде кітапханашы Лидия Мадянова болған.

Кейін кітапхананы Асташина Надежда қабылдап алған, ол біздің ауылдағы Горшков Владимир Александровичке тұрмысқа шыққан.

Н.Асташина істеген кезде кітапхана 3 рет орнын ауыстырған: алдымен Л.Дудкиндердің үйінің жанындағы, ағаш үй болды,  ол 1966 жылы өртеніп кеткен. Кейін кітапхана бұрынғы дизелді электростанцияға көшеді де, оны Крицкая қабылдап алып, бір жылға жақын жұмыс істеген. Капашева Сәуле шамалы уақыт кітапханашы болып істеп,  мектеп кітапханасына ауысады. Капашевадан кітапхананы Думчева Валентина Дмитриевна қабылдап алады. В.А.Думчева 1985 жылдың аяғына дейін істеген. Кейін ол Кушумова Валентинаға тапсырған.  1988 жылға дейін В.Кушумова, соңғы  жарты жылдай уақытта Ихсанова Әлия істеген.

1989 жылдың 15 наурызынан осы күнге дейін мен, Чапурина Татьяна Александровна кітапханашы болып істеп келемін. Кітапхана қоры алты мың дана кітап, оқырмандар саны жылына-450 адам болды.

1994 жылы кітапхана балалар бақшасының ғимаратына орналасты. Ал, 2002 жылдың қыркүйек айында терезесіз, есіксіз, едені жоқ, жарығы жоқ тұрған бос амбулаторияның бір жанына орналастырды.

2007 жылдың 1 қаңтарына кітапхана қоры екі есе көтерілді. Оқырмандар саны-600-ге жетті. Бұл кезде кітапхана бұрынғы тауық фабрикасы мекемесінің ішінде болды. Газдандырылады деген үмітпен келістім. Бала бақшасында орналасқан кітапханада 3-8* жылулықта жұмыс істеп келдім. Ауыл тұрғындарынан қолдан есік, әйнектер, электр санауыш сатып алып жарық кіргізілді. Барлық жөндеу жұмыстарына күйеуім көмек берді. Кейін ауыл әкімі болған Гулицкая Нина Викторовна көп көмек берді. Қазіргі кезде-кітапхана газдандырылды.

Менің негізгі алғашқы мамандығым- мал дәрігері еді.

1989 жылы Орал қаласындағы кітапханашылар  курсында оқыдым. Ал 1993 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесін сырттай бітірдім. І санатты кітапханашымын. Ауыл әкімі Н.В.Гулицкаядан, мектеп директоры Ұ.К.Қумыскалиевадан  алған көптеген алғыс хаттарым бар.

Ал, 2005 жылы Зеленов ауданы бойынша ауылдық кітапханалардың ішінен алғашқы болып менің кітапханама компьютер берді.

2003 жылы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев  пен аудан әкімі Б.А.Батаев  кітапхананың қонағы болды. Оларды кітапхана қорымен, көрмелермен және ҚР  Тәуелсіздігінің 10 жылдына арналып шығарылған Кораблев Сергей Львовичтің  «Любовь –это чудо природы» атты кітап жинағынан үзінділер оқып таныстырдым.

2004 жылы Ауыл энциклопедиясы- «Шағын Отан» байқауына қатысып, Щапов ауылының тарихын жаздым. Жұмысым үздік деп бағаланды.  Облыстан I-орынға не болып, «І дәрежелі диплом  және көшірме аппаратымен (ксерокопия) марапатталдым.

Ол жөнінде 2005 жылғы «Приуралье» газетінің №141 санында «Энциклопедия патриотизма» және сол жылғы «Казахстанская правда» газетінің 24 қарашасында «Всем селом в летописцы» тақырыптарында мақалалар жарияланды.

Ауылдағы «Сударушки» вокалдық тобының мүшесімін, Қазақстандағы Кіші Ассамблеяның мүшесімін. Қ.Р.Тәуелсіздігіне-15 жыл толуына орай алғыс хаттар алдым.

2007 жылдың ақпан айында 2006 жылдың қорытындысы бойынша мадақтама алдым.

 

Всем селом в летописцыВ приуралье подведены итоги областного конкурса энциклопедий «Малая Родина». В течении года более 360 библиотек собирали сведения об истории Западно- Казахстанской области: воспоминания старожилов,фотографии, письма, документальные свидетельства. Все это классифицировалось по историческим этапам, рассказывающим о дореволюционном периоде, коллективизации, Великой Отечественной Войне, целинной эпопее, реформе сел независимого Казахстана. В общей работе принимали участие и ветераны, и самые юнные жители аулов. Во второй тур были отобраны 130 сельских энциклопедий. Гран-при присужден библиотечной системе Срымского рыйона. Первое место–библиотеке села Щапово Зеленовского района. Вручены также призы в  номинациях за лучшее оформление, лучшие документальные сведения, краеведческую работу. Конкурс продолжат районные библиотечные системы, которым предстоит систематезировать весь собранный материал по сохранению исторического и культурного наследия края.

 

Энциклопедия патриотизма.

Подведены итоги областного конкурса « Энциклопедия села- Малая Родина», организованного областным управлением культуры и областной библиотекой им. Ж.Молдагалиева в рамках реализации специальной среднесрочной программы  «Культурное наследие». Конкурс приурочен к завершению периода, названного Годы аула.

Конкурс проводится с целью изучения и сохранения национальной культуры фольклора, традиций и обычаев народа, повышения уровня краеведческой работы, воспитания казахского патриотизма.

За активное участие в организации конкурса отмечены благодарственными письмами и призами Акжаикская, Зеленовская, Сырымская, Чингирлауская, Теректинская централизованные библиотечные  системы. (ЦБС).

Лучшими номинациями  «Литературно-художественное оформление» стали библиотекари К. Бактыгереева (с.Актау), С.Тлегенова (с.Тайпак), И. Буянкина (п. Бурлин).

За оригинальную оформленную работу награждены М..Маемирова (Бурлинская Ц Б С), С.Дуйсенгалиеиева (Казталовская  Ц Б С),У.Карина ( Сырымская ЦБС).

В номинации «Библиотекарь, внесший ценные сведения в историю краеведения» награждены Н.Айтпагамбетова (ЗеленовскаяЦБС), Г. Жарманова (Чингирлауская ЦБС), А.Утепбаева  (Жанибекская ЦБС),К. Нугманов( Бокейордынская ЦБС), Т.Жапашева(Акжаикская ЦБС).

« Лучшими библиотекаряи краеведами» признаны О.Олейник(ТеректинскаяЦБС), К.Тогызбаева(Сырымская ЦБС), З Габдуалиева (ЗеленовскаяЦБС), А. Бекмухзанова(Джангалинская ЦБС), М.Жумашева( Таскалинская ЦБС).

 

2014 жылдан бастап кітапханашы Зейнешова Жадыра Бақтиярқызы еібек етіп келеді.”

«Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалінің облыстық деңгейіне “Балаларға арналған үздік кітапханалық жоба – 2022” бағыты бойынша  Щапов ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Жадыра Бақтиярқызы “Mood поэзия” жобасымен қатысып алғыс хатқа ие болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялауына орай әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен оздырылған “Мен оқыған бір кітап” атты онлайн байқауына 705 лүпілмен Щапов ауылдық кітапханасының оқырманы Маршал Ұлан ІІ орынды иеленді.

Мекеме төлқұжаты.

Мекеме атауы: Янайкин ауылдық кітапханасы

Ведомостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: – 1930 ж

Аудан орталығынан арақашықтығы 68

Облыс орталығынан арақашықтығы 62

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 80

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 590

Кітап қоры: 16715 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы  Янайкин ауылы

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Жила Татьяна Петровна

Янайкин ауылдық кітапханасы.

1930-1940 жылдары Янайкин ауылында  кітапхана болатын, оны халық арасында «шиталня» деп атады. Оған өте аз адам баратын, себебі  көбі сауатсыз, ал басқаларының тіпті мектепке баратын киімдері де болмаған. Кітапхана клубта орналасқан. Клубтың төбесі қыша шөбімен жабылған еді. Соғыс кезінде кітапхананы жауып тастап, төбесін жапқан шөпті  малға қорек ретінде пайдаланған. Кітапхананың кітаптары негізінен К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Лениннің томдары болды, олар үйді-үйге тасылып алынды. Кітапхана орналасқан жерге байпақ илейтін цех ашады. Соғыстан кейін  кітапхананы қайтадан ашады, онда кітапханашы болып А.Кондудаева жұмыс істейді. Кітапханада дәрістер өткізіледі, бильярд болған, кітапханаға негізінен жастар баратын болған.

Содан  соң  кітапхананы екі қабатты ғимаратқа  ауыстырады. Екінші қабатта мектеп, ал бірінші қабатындағы бір бөлмеде  кітапхана болатын. 1957 жылға дейін онда кітапханашы Анна Яковлевна Потапченко жұмыс істейді.

1957 жылдан бастап кітапханашы болып Мостовщикова Анна Александровна істейді. Ол кезде кітап қоры  шамамен 5 мың кітап болатын. Кітапханада кітап көрмелерін, плакаттарын дайындады, оқырмандар конференциясы, кітаптар талқылау өткізілді. Клубқа кино әкелгенде, фильм басталар алдында талқылаулар жүргізілді. Далалық бригадалар бойынша өндіріс озаттарын атап өтетін жауынгерлік үндеу қағаздарын  шығарды. Закладный, Шуранск, Богатск  ауылдарына  кітаптарды алып шығатын.

1963 жылдан бастап кітапханада  Чернова Людмила Ивановна жұмыс істеді. Кітапхана екі қабатты көп пәтерлі үйде  орналасты.

Балалармен жұмыс жүргізілді, ертегілер бойынша  қуыршақ театрының үйірмесі болды, дауыстап оқулар, өлеңдер сайысы, әңгімелесулер өткізілді, дойбы, шахмат ойнатылды. Кейін апаттық жағдайына байланысты  үй тұрғындарын таратып қоныстандырды, ал кітапхананы  мед.пункт   ғимаратына ауыстырды.

1980 жылы  ауылда қалыпты ауылдық  клуб салынды да, кітапхананы клуб ғимаратына көшірді.

1989 жылы  Чернова Людмила Ивановна зейнеткерлікке шығып, кітапханашы болып  М.Н.Чернова  орналасты. Ол 1991 жылға дейін істейді.

1991 жылдан 1999 жылға дейін М.В.Шерстянкина кітапханашы болады.

Ал, 1999 жылдан бүгінгі күнге дейін кітапханашы болып Жила Татьяна Петровна істеп келеді.

Қайта құру жылдары  орталық жылу беру сөндіріліп, кітапхана темір пешпен жылытылды. 2003 жылдан жылу жүйесіне жөндеу жүргізіліп, ғимаратты   табиғи газбен жылыта бастады.

Кітапхана ғимараты  80 м2 құрайды. Қазір  кітапхананың 700  оқырманы бар, оның ішінде 265-сі балалар. Кітап қоры 13974 дана, кітаптың берілуі   жылына 14000 дананы құрайды.

Кітапханада экология бағытында «Табиғат және біз» деп аталатын әуесқойлар клубы жұмыс істейді.

21 мамыр Мәдениет қызметкерлері күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК басшысы Ш.Уразаеваның алғыс хатымен Янайкин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т.П.Жила, марапатталды.

 

Январцев  ауылдық  кітапханасы.

Январцев  ауылдық  кітапханасы жарты ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.

1940 жылдардың аяғында кітапхана Советская көшесіндегі шағын үйде орналасты  және  қызыл жебе деп аталды. Ол кезде кітап қоры онша көп болған жоқ. 1950 жылдардың басында кітапхана сол Советская көшесіндегі 2 қабатты үлкен орынға көшірілді. Ол жылдары кітапханашының жұмысын жас қыз Соколова Зина атқарды.

1958 жылы кітапхананы жас жігіт Костин Николай Михайлович қабылдап алды. 2 жыл жұмыс істеген соң, Н.Костинді армияға алып кетті. Кітапхананы 1960 жылы 10 қарашада Росошанская Лидия Ивановна қабылдап алады. Ол кезде  кітапханада кітап қоры шамамен  7 мың данадай, ал мерзімді басылымдар өте аз болды. Оқырмандар жоспар бойынша 300 адам болды. Оқырмандардың кітапханаға қатынасы жақсы болды. Оларға керек кітаптарын тауып беруге кітапханашы қызмет көрсетіп отырды.

1966 жылы Январцев ауылындағы  мәдениет үйінен бір бөлме кітапханаға беріліп, сол жылдың қараша айында кітапхана осы мәдениет үйіне көшірілді.

Ауылда ұзақ жылдар бойы еңбек атқарған еңбек адамдарымен, соғыс ардагерлерімен әдеби кештер,  диспуттар ұйымдастырылды. Біздің кітапханаға 1976 жылы мәдениет үйінен кең бір бөлме бөлінді және кітапханаға жаңа жиһаздар, стелаждар, отырғыштар кітап сөрелері берілді. Кітапхана іші ажарланып, тұрғындардың кітапханаға келуге деген қызығушылықтары артты. Оқырмандар кітапханашы Л.И.Багайдинаны асыға күтетін болды.

Біздің кітапханада әйгілі адамдар, ақындар: Руфь Тамарина, Марк Лисянский, Н.Корсунов, Л.Кривощеков және басқалары қонақта болды. Кітапхана қоры жылдан-жылға өсе берді. 1990 жылы кітап қоры 15 мың болып, 750 оқырманға қызмет көрсетті.

Сол жылы кітапханаға 0.5  ставкамен кітапханашы берілді, оған Искакова Зина Мусеевна жұмысқа алынды. З.Мусеевна оқырмандарға ұқыптылықпен қызмет көрсетіп, оқырман сұранысын қанағаттандырып отырды. З.Мусеевна  көпшілік шаралар өткізді, кітаптарды насихаттауда, кітап көрмелерін, кітапхана плакаттарын ұйымдастыруда көп еңбек етті.

Л.И.Багайдина 40 жылғы адал еңбегіне қарай,  қола медаль және еңбек ардагері медалімен және грамоталармен марапатталды. 2000 жылы Л.Ивановна зейнеткерлік демалысқа кетті.

Ол кетерінде: «1960 жылдың 10 қарашасынан  2000 жылдың 10 қарашасына дейін осы кітапханада үздіксіз еңбек еттім , енді зейнеткерлік демлысқа кетіп бара жатырмын,  менің жолымды З.Мусеевна жалғастырады»,- деп, З.М.Искаковаға ақ тілегін жолдады.

2004 жылы кітапхана Январцев ауылдық орта мектебіне орналасты.

2005 жылы З.М.Искакова Қазақстан Конституцииясының 10 жылдығы медалімен марапатталды.

Қазіргі кезде кітапхана Январцев ауылдық Мәдениет үйінде орналасқан. 2007 жылы 25 желтоқсаннан бастап кітапханашы З.Мусеевна жұмыс орнын ауыстыруына байланысты Арыстанова Айнұр Жақсыгалиевнаға өз міндетін тапсырды.

2010 жылдан кітапханашылық қызметті Құрманғазы атындағы саз колледжісін кітапханашы мамандығы бойынша бітірген Жарқынгүл Талғатқызы жалғастыруда.

Январцев ауылдық кітапханасында саяси – қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азаттықтың азапты жолы» атты тарихи кеші өткізілді.