- Аудандық кітапхана
- Аудандық балалар кітапханасы
- Әжен ауылдық кітапханасы
- Бисен кітапханасы
- Бөрлі ауылдық кітапханасы
- Жамбыл филиал кітапханасы
- Жиекқұм филиал кітапханасы
- Жәрмеңке ауылдық кітапханасы
- Қарасу филиал кітапханасы
- Кеңой филиал кітапханасы
- Көктерек филаил кітапханасы
- Саралжын ауылдық кітапханасы
- Саралжын ауылдық кітапханасы
- Сейтқали филиал кітапханасы
- Мәмбет филиал кітапханасы
- Мұратсай ауылдық кітапханасы
- Орда ауылдық кітапханасы
- Орда балалар кітапханасы
- Тайғара ауылдық кітапханасы
- Үштерек филиал кітапханасы
- Ұялы ауылдық кітапханасы
- Шоңай ауылдық кітапханасы
Мекеме төлқұжатты
Мекеменің атауы : Аудандық кітапхана
Ведмоствалық құрылымы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Құрылған жылы : 1972 жылы
Аудан орталығынан арақашықтығы:
Облыс орталығынан арақышықтығы: 550
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы 260ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 1505
Кітап қоры: 28351
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талыбына сай кітапханалық,
библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары
бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен-жайы және байланыс телефоны: Бөкей орда ауданы. Сайқын ауылы,
Жангелдина көшесі, 45 үй.
ОКЖ директоры: Сдыкова Даржан Ануарқызы
Аудандық кітапхана
Республикалық Батыс аймағында Орда ауданы қайта шаңырақ көтеріп 1972 жылы өз алдына аудан болып құрылды. Сол кезде аудан бойынша 14 кітапхана бар еді. Аудандық кітапхана 3000 дана кітаппен ашылып, алғашқы кітапханашы Ғайсина Галя, меңгерушісі Дошанова Зайран жұмыс жасады.
З.Дошанова өзі басқарған ұжымда өте беделді басшы болды. Кітапхана «Біздің аудан тарихы» атты альбом жасалып, Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапхананың көрмесіне жіберілді.
1982 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалардың методикалық библиографиялық бөлімінде 3-адам жұмыс жасаған, бөлімінің негізгі басшылық жұмысы аға методист, КПСС мүшесі нәсіп Рамазановаға жүктелген. Н.Рамазанованың арнаулы орта білімі бар, кітапханада қызмет еткеніне 30 жыл.
Орталықтандырылған кітапханада Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуына 250 жылдығына арналған оқырмандар конференциясын өткізді. Конференцияда «Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивтік маңызы» туралы аудандық «Білім» қоғамының жауапты секретары С.Меңдіғалиев, «Қазақстанда Ұлы Октябрь революцияның жеңісі мен Совет өкіметінің орнауы» туралы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі М.Абдолов, «Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықтардағы қазақстандықтардың еңбек табыстары» туралы аудандық кітапхананың библиографы М.Елегенова, «Ұлы жеңіске қосылған үлес» тақырыбында аудандық кітапқұмарлар қоғамының жауапты секретары Н.Мұзданов, «Қазақстан тыңы-жеңістер жері» тақырыбында «Орда жұлдызы» газетінің бөлім меңгерушісі Б.Наурызғалиев, «Бүгінгі Қазақстан» туралы М.Мәметова атындағы совхоздың жұмысшысы І.Қаресов баяндама жасады. Одан кейін оқырмандар Қазақстанның Россияға қосылуының мән-маңызы жөнінде пікір алмасты.Оқырмандар конференциясын орталықтандырылған аудандық кітапхананың методисі Н.Рамазанова қортындылады.
1976 жылы мәдениет қызметкерлері кәсіподақтарының аудандық ІІІ-конференциясы болып өтті. Конференцияда кәсіподақ комитетінің жаңа құрамы сайланды. Мәдениет қызметкелері кәсіподағы аудандық комитетінің председателі болып кітапхана директоры З.Дошанова сайланды.
1977 жылы мәдениет мекемелері қызметкерлерінің аудандық семинары өткізілді. Семинарда «Аудан кітапханашыларының 1976 жылғы міндеттері жайлы» аудандық кітапхана меңгерушісі З.Дошанова, «Кітапханаларда КПСС ХХV съезі шешімдерін насихаттаудың формасы мен әдістері» жөнінде аудандық кітапхана методисты Н.Рамазанова баяндама жасады. Семинардан соң қатысушылар өзара пікір алмасты.
1973 жылы штат беріліп, кітап қоры 5300 данаға жетті. Оныншы бесжылдықтың аяғында аудан бойынша кітапхана саны 24 ке жетіп, кітап қоры 119600 мыңға артты. Аудандық кітапхана 1980 жылдан бастап аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне көшірілді. Орталықтандырылған жүйеде 2 балалар және 22-селолық филиал кітапхана болды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрылуы кітапханалар қызметінің мазмұнын айтарлықтай өзгертті, орталық кітапхананың жұмыс көлемі ұлғайды.
Кітап қорын пайдалану ісі жақсарып оқырмандар мен оларға берілетін әдебиетер саны көбейе түсті.
Көптеген кітапханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарды.
1977 жылы «КПСС ХХ\/ съезі СССР экономикасының одан әрі дамуы туралы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Жәнібек селосында облыстық және барлық аудандық кітапханашыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
1981 жылы ауданымызға ақын –жазушылар келді. Ақын жазушылар С.Мұратбеков, С.Санбаев, Р.Егізбаев, М.Құрманғалиев, ауданымыздың шаруашылықтарын аралап, еңбек адамдарымен, оқырмандармен кездесті.
1982 жылы «Кітапхана қорларын және каталогтарын кітапхана библиографиялық жіктеу /ББК/ таблицасына көшіру» мақсатында ауданаралық аймақтық семинар өтті. Оған Фурманов, Казталовка, Жаңақала, Жәнібек аудандарының кітапханашылары қатысты. Семинар 2 күнге созылып, ББК енгізу жөнінде практика істерімен танысты.
1974 жылы аудандық мәдениет мекемелерінің қызметкерлерінің бірлесуімен кеңесі өтті. Онда «Кітапханалар жұмысын ұйымдастыру барысы, кітапханаға методикалық басшылық жайл» тақырыбында аудандық кітапхана методисті Н.Рамазанова баяндама жасады. Бұл семинарда аудандық кітапхана және аудандық клуб қызметкерлері мәдениет қызметтің әдістері мен формалары туралы семинарлық оқулар өткізді.
Аудандық атқару комитетінің шешемі бойынша аудандық кітапхана 1980 жылы 1-қаңтардан бастап аудандағы орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы оның бөліміне селолық және екінші балалар кітапханасы осы кітапхананың филиалдарына айналдырды. Сөйтіп 35-кітапханашысы бар бір орталыққа біріккен 1 кітапханалық мекеме құрылды.
Олардың 115 мың дана кітап қорын, 9 мың оқырман алып пайдаланды.
Қазақ ССР мәдениет министрлігінің және Орал облыстық мәдениет басқармасының қаулыларымен біздің орталық кітапхана еңбек ақы төлеу жөніндегі 5-ші группаға көшірілді. Орталық аудандық кітапханада жаңадан кітап қорын толықтыру және өңдеу, оларды сақтау, методикалық-библиографиялық және оқырмандарды қамту, балалар бөлімдері ашылды. Жаңа жүйеге көшіруді дайындау кезінде кітапхана құжаттары тәртіпке келтіріліп, кітап қорын және каталог ұйымдастыруға назар аударылды. Тексеру және кітап қорын жаңарту жұмысында аудандық кітапхана бойынша 10 мыңға жуық әдебиет артық және профильге сай емес деп танылып, филиалдарға өзара алмастырылды. Ауданның экономикалық жағдайына және оқырмандар құрамына байланысты әрбір филиалдардың қорын толықтыру үшін әрқайсысының профилі анықталып, берілетін кітаптар саны белгіленді. Барлық филиалдарда алфавиттік жүйемен каталогтар ұйымдастыру жүргізілді.
Орталықтандырылған кітапханаға қарасты кітапханалар шалғай елді-мекендерге, дала қостарында, шөпшілер мен малшы қауымға кітапханалық қызмет көрсетіп отырды. Олар жергілікті кәсіпорындармен, бірлестік мектеппен бірлесіп тығыз байланыс орнатып, тұрғындарды қажетті әдебиеттермен де қамтамасыз етіп отырды. Кітапхана жұмысының дәрежесі оның кадрларына да көп байланысты. Өз ісін жетік білетін, оның мән- маңызын ұғынған іскер қызметкерлер бар жерде кітапхана халық ең көп келетін мекемеге айналды.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана бойынша 1985 жылы 30 кітапхана 172336 кітап қорымен жұмыс жасады. Кітапханалар «Біз жас жұмысшылар» деген Бүкілодақтық конференцияға қатысып, бірқатар көпшілік жұмыстар жүргізді. Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері мен ДОСААФ курсанттары бірлесіп тақырыптық конференция ұйымдастырып өткізді. Кітапханаға қарасты селолық-филиал кітапханалары науқан кезінде малшылар мен механизаторлар арасында жиі болып газет-журнал, жаңа кітаптар жеткізіп, «Бүгін кім алды» тақырыбында стенді, «Жайлау қандай, сен қандай», «Еңбек ер атандырады» әңгімелер, шолулар өткізіп отырады. Кітапханада «Біздің аудан тарихы», «Ауданның атақты адамдары» атты альбом жасап Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапханаға жіберілді.
1984 жылы 29 кітапхана жұмыс істеп, 12 мың оқырманға қызмет көрсеткен. 200 мыңға жуық әдебиет алып пайдаланды. «Кітап менің өмірімде» атты жастардың Бүкілодақтық сырттай конференциясына анкета ұйымдастырылды.
1997 жылы «Оқырмандар мен жүргізілетін жұмысты жетілдірудегі кітапханашыларға қойылатын міндеттер» тақырыбында ауқымды семинар –кеңес оздырылды.
2001 жылы дауылпаз ақын, жыр жайсаңы М.Мақатаевтың туғанына 70 жыл толуына арналып поэзия кеші оздырылды. Кешке 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Н.Латиева, кітапхана қызметкерлері қатысты. Кеш өте тартымды әрі әсерлі өтті.
2001жылы «Еліміздің Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мен Бөкей ордасының 200 жылдығына әзірлік пен оларды өткізудегі кітапхананың ролі» деген тақырыпта семинар–кеңес өтті. Аталған даталы күндерге–қос мерекеге байланысты жоспарланған жұмыс түрлері мен олардың орындалу жәйі туралы кітапхана директоры А.Темірбаева, осы тақырыпқа орай бұған дейін кітапханалар бойынша қандай мәселеге назар аударылды, ендігі кезектегі жұмыс туралы әдіскер Д.Сдыкова, Тәуелсіздік, туған өлке тарихына қатысты мерзімді баспасөз материалдарын пайдалана білу туралы библиограф У.Ғаббасов, кітапханашының мектеп, мұражай ұжымдарымен байланыстағы жұмыстары жайында Орда селолық кітапхансының меңгерушісі Р.Хамитова баяндама жасады. Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты кітапханашылар Н.Қуанышалиева, Л.Мырзагереева, А.Губашева, Д.Пазыловалар әңгімелеп өз пікірлерін ортаға салып ой бөлісті.
2002 жылы «Кітапханалардың қазіргі заман талабына сай қоғамдағы ролі, кітап қорларын толықтыру мен сақтаудағы және халыққа қызмет көрсетуді жаңартудағы міндеттер» тақырыбында семинар –кеңес өтті.
Семинар –кеңес барысында кітапханашылар қозғалған проблемалық мәселелер туралы әңгімеленді. 2001 жылдың қортындысы бойынша бір топ кітапханышларға құрмет грамоталары, заттай сыйлықтар табыс етілді.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай «Тылда еңбек еткендер», «Ардақтайық әрқашан ардагерді» атты кездесу кеші оздырылды. Бұл кештің мақсаты: қиын –қыстау кездерінде толарсақтан су кешіп өздерінің ерліктерін Отан алдында паш еткен ата-әжелердің еңбектерін жас ұрпаққа үлгі ету, ұлтжанды азаматқа, лайықты тәрбие беру, елінің тарихын насихаттап, патриоттыққа тәрбиелеу болды.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы көпшіліктің назарын аударып, ынтасын арттырары сөзсіз. Жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауды насихаттау-кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірі. Осы орайда кітапханада оқырмандармен, кітапахана қызметкерлерінің қатысуымен Жолдауды талқылау ұйымдастырылды. Мұнда әлеуметтік, саяси даму мәселелері сөз болып, білім беру жүйесіндегі, экономика саласындағы өзгерістер, әлеуметтік сала туралы қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Қатысушыларға «Жаңғыру жолдауы» кітап көрме шығаралып, шолу жасалды және «Жаңа жолдау: жемістер мен жеңістер» атты стенді жасақталды.
Ауданға экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлы келіп оқырмандармен жүздесіп, өзінің «Азғыр-Нарын ажары» кітабын тарту етті. Бұл кездесуге кітапхана қызметкерлері де қатысты.
Аудандық кітапхана ауылдағы мүгедек жандармен өзара тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасап, мәдени көпшілік шараларды үнемі бірігіп ұйымдастырып отырады.
Әр жылдарда істеген кітапхана саласындағы адамдар
Директорлар
1973-1988 З.Дошанова
1988-1989 С.Меңдіғалиев
1990-1992 М.Жұмақаева
1992 М.Елегенова
1992-1993 А.Темрешова
1993-2000 М.Жұмақаева
2000-2001 А.Темірбаева
2001-2004 А. Халиуллина-
2004-2008 М.Жұмақаева
Библиографтар
Ең алғаш М.Елегенова жасады
1987-1989 Д.Сдыкова
1990-1994 Р.Айтжанова
1995-1999 Д.Сдыкова
2000 Г.Лукпанова
2001-2004 У.Ғаббасов
2005-2008 А.Батырханова
Әдіскерлер
1974-1980 Н.Рамазанова
1980-1989 М.Жұмақаева
1990-1991 Б.Сүлейменова
1992-1993 Г.Лукпанова
1994 А.Мамбеталиева
1994-1996 А.Темрешева
2000-2008 Д.Сдыкова
Кітапхананың жетістіктері
Облыстық кітапхананың қолдауымен 2006 жылы
Орда ауылдық кітапханасында
«Кітапханашы және оқырман: қарым-қатынас негізі»
семинар кеңес.
2005 жылы «Ауыл энциклопедиясы-Шағын Отан» облыстық байқауының 1кезеңіне қатысып, ОКЖ – ІІІ орынды иеленді.
2007 жылы облыстық деңгейде өткен «Үздік ауылдык кітапхана» байқауына қатысып ОКЖ ІІ- орынды иеленді.
2000 жылдан бастап кітапхана жұмысын автоматтандыру ісіне байланысты кітапханаларды компьютермен жабдықтау қолға алынды. 2001 жылы аудандық кітапханаға компьютер алынды. Қазіргі уақытта екі ауылдық Искра, Орда кітапханаларында компьютер бар.
2007 жылы 3 кітапханада кітапханалық қызмет түрін жаңа технологиямен жасақтау бағытында «РАБИС» бағдарламасы іске қосылып, аудандық, Орда ауылдық, Искра ауылдық кітапханалары бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша жұмыстануда.
Аудандық кітапханада мынадай бөлімдер жұмыс жасайды:
– әдістемелік –библиографиялық бөлім
– кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
– оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі /оқу залы, абономент/
Әдістемелік –библиографиялық бөлім
Бұл бөлім әдістемелік қызметті ұйымдастырып, ОКЖ–не қарасты кітапханаларға әдістемелік көмек көрсетеді. Ауызша, жазбаша түрде кеңестер береді. Семинар–кеңестер, конференция, дөңгелек үстел ұйымдастырады. Іссапарға шығады. Сондай –ақ бөлім ОКЖ –іне қарасты кітапхана жұмыс жоспар құрады, оның жүзеге асыру жолдарын іздеп, іске асырады, әдістемелік құралдар шығады. Кітапханалардың мәліметтерін алып, талдау жасайды.
2006 жылы Облыстық кітапхананың қолдауымен өткен «Кітапхана және оқырман қарым-қатынас негізі» тақырыбындағы семинар-кеңесте көпшілік шара көрнекілі ретінде «Өз өлеңнің тарихын білесің бе?» атты «Ата жұрт» бағдарламасына нақыштап танымдық ойын ұйымдастырып өткізді.
Бұл бөлім әдістемелік-құралдар шығарып, ОКЖ-іне қарасты кітапханалрға таратып отырады.
1. Бөкейордасының көрнекті азаматтары
А.Тайманов, Ахметфайз Тажетдинов, Алма Оразбаева, ШәкірЖексенбаев
2 .Бөкейордасының тарихи тұлғалары
Ғ.Жәңгіров, Б.Жәнекешев,Темір Масин, Ақмедияр Құсайынов, Мәншүк Мәметова, Жәрдем Сұпығалиев
3.Әдеби Бөкейорда
Т.Жароков, Қ.Жұмағалиев, Ғ.Сейтақ
4. Бөкей ордасының тарихи оқиғаларына
Бөкей даласын зерттеу тарихынан
5. Бөкейордасындағы тарихи ғимараттар
Жәнгірхан кесенесі
Тәуелсіздік музейі
Қыздар гимназиясы
Бауырластар зираты
Дәулеткерей кесенесі
6. Бөкейордасының экологиясы
Нарын экологиясы
Орда орман шаруашылығы
7. Бөкейорда өнері
Б.Жұманиязов, Ш.Қажығалиев,
аудан оркестірі туралы материалдар жинақталуда.
Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
Бұл бөлімнің басты міндеті мен қызметі түрлі білім салаларын қамтитын басылымдар түрін жинақтау, яғни кітап қорын толықтыру болып саналады. Негізгі кітап қорын толықтыру көздері: кітап дүкендері, мерзімдік басылымға жазылу, жеке адамдардың сыйға тартқан әдебиеттері. Сонымен қатар есептік, алфавиттік, жүйелік каталогтармен жұмыс жүргізеді.
Жыл сайын кітап қорларымыз толықтырылып келеді.
Оқу залы
Оқу залында оқитын оқырмандарға да тобы әр саладағы маман қызметкерлері, оқушылар, жастар, зейнеткерлер. Оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсетіп, талап–тілектерін орындауға жұмыс жасайды. Мұнда оқырмандарға кеңес беріп, әңгіме, шолулар өткізді. Бұл бөлімде 2 кітапханашы жұмыс жасайды. Оқырмандармен мәдени–көпшілік шаралар өткізіп отырады, ақпараттық –анықтамалық қызмет көрсетеді.
Абонемент
Бұл бөлімдегі оқырмандар тобы әр түрлі. Олар зейнеткерлер, мұғалімдер, жасөспірімдер, әр саладағы мамандарды қамтиды.
Абонементтен оқырмандар шетел, қазақ, орыс әдебиеттерін пайдалана алады.
Оқырмандармен конференциялар, дөңгелек үстел, әртүрлі мерекелік даталы күндерге, ақын–жазушылардың мерейтойына кітап көрмесін шығарып, мәдени шаралар ұйымдастырып өткізіліп тұрады.
Директорлар жанындағы кеңес
ОКЖ бойынша директорлар жанында кеңес жоспарлы түрде жұмыс істейді. Кеңесте ОКЖ бойынша атқарылған жұмыстар және өзекті мәселелер қаралады.
Қазіргі таңда орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 22 кітапхана қызмет жасайды, соның ішінде 6 ауылдық орталық кітапхана, 13 филиал кітапхана, 2 балалар, 1 аудандық кітапхана бар.
2008 жылы аудандық және аудандық балалар кітапханалары күрделі жөндеуден өткізілді.
«Аудандық ОКЖ» мемлекеттік мекемесінде 2006 жылдан бастап орталықтындырылған бухгалтериясы жұмыс жасайды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Аудандық балалар кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
МИНИСТРЛІГІ
Құрылған жылы : 1972 жыл
Аудан орталығынан арақышықтығы:
Облыс орталығынан арақашықтығы: 550
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) : бейімделген
Аумағы: 200 ш/м
Меншік түрі: мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 1215
Кітап қоры: 10930
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық ,
библиографиялық қызмет ткөрсету, білім салалары
бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Сайқын ауылы, Азербаева 5
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні : Гайсина Гульмира Ермековна
Аудандық балалар кітапханасы
14 жыл бойы кітапхананың түпкілікті орны болмауынан мектептердің, басқа мемлекеттік мекемелердің бір бөлмесінде орналасып келген.
1990 жылы аудандық балалар кітапханасы аудандық РАПКОП (сауда) мекемесінің ғимаратымен қабырғалас болатын, сол жылдың ақпан айының аяғында мекемеден өрт шығып, 10 000-нан астам бай кітапхана қоры өртеніп кетті. Сол жылдың жаз айында сол кездегі мәдениет бөлімінің меңгерушісі Нарынбек Мамаев сол уақытта жаңадан пайдалануға берілген. Мәдениет бөліміне арналған жаңа мекеменің бір бөлігін кітапханаға берді.
1998 жылы ғана аудандық кітапханаға (бұрынғы аудандық балалар бақшасы) жаңа орын берілді. 300 шаршы метр көлемді 30 орындық оқу залы бар жаңа ғимарат жаңа кітап қорымен толықтырылып, қалыптастырылды.
Аудандық балалар кітапханасының жетекшісі болып әр жылдарды атап айтқанда: 1976-1980ж.ж. Орда балалар кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып Б.Доскалиева;
1980 -1982 ж.ж. Н.Букенова (Сисенова)
1983-1990 жж.А. Темрешова
1990 – 1993 ж.ж. М.Елегенова,
1993 – 1998 Ж.Еркегалиевалар өз қызметін адал атқарды.
1998 жылдан осы уақытқа дейін аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып, арнаулы орта кітапханашылық білімді, осы мамандықта 36 жылдан астам еңбек стажы бар Шапенова Төреғаным атқарып келеді.
Аудандық балалар кітапханасы әдістемелік орталық болып саналады, қазіргі кезеңде кітапхананың ролін арттыруда кітапхана оқырмандары кеңінен тарту бағытында, кітапхана қызметкерлері оқырмандармен әртүрлі үйірмелер ұйымдастырды. Сондай-ақ «Әуесқой өлкетану үйірмесі» жұмыс істейді.Кітапхана шежіресінен1985 жыл. Кітапханада «Жас өлкетанушылар» мен «кітап сүйер» клубтары ашылып, үздіксіз жұмыс жасады. Кітапханада Ұлы Жеңіске 40 жыл толу құрметіне соғыс ардагерлері –Абдулов Ғұмар, Сисен Кенжегалиев, М.А.Абдуловтармен кездесу кеші өтті.1986 жыл. Кітапханада ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 140 жасқа толу мерейтойына орай «Жамбыл жырдың желісі» атты апталық өтті.
1987 жыл. Кітапханада «Орда ақындар жырында» атты аудан ақындары Мақсот Молдағалиев, Болат Наурызғалиев, Бауыржан Бисенов, Нұфтолла Коблановтармен кездесу кеші өткізілді.1989 жыл. Кітапханада мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-2 сынып оқушылары үшін «Ертегілер әлемінде» бұрышы ашылды.
1994 жыл. «Орда- менің атамекенім» атты поэзиялық кездесу кеші аудан ақындары Н.Қобланов, Н.Калиев, К.Балабасовтармен өтті.
Ұлттық валюта күніне орай балалармен еңбек туралы, адал ақша туралы, ақшаның шығу тарихы туралы әңгіме өткізілді.
1995 жыл. Ұлы Жеңіске 50 жыл толуына орай аудан ардагерлері Қажен Еляев, Құрман Төлешов, Сарсенгалиев Мұқтар аталармен кездесу өткізілді.
1996 жыл. «Ар-намысым, қасіретім желтоқсан» тақырыбына тақырыпты кездесу кеші өткізілді.
1998 жыл. «Тарих таным бастауы-өлкетану» атты театрландырылған музыкалық кеш ұйымдастырылып, «Өшпес өмір- өшпес жыр» атты оқырман конференциясы Т.Жароковтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді. «Тарихи зердененің нәрлі қайнар көзі ешуақытта сарқылмайды» тақырыбында мәдениет үйінде ғылыми–практикалық конференция оздырылды. Аталған конференцияға аудандық балалар кітапханасы белсенді түрде қатысты. «Астана-бас қалам» атты стендесі, «Тағдырымыз тағдырлас», «Алыстағы бауырлар» атты тақырыпты кештер тартымды өткізілді.
1999 жыл. Қаныш Сәтпаевтың толғанына 100 жыл, А.С.Пушкиннің толғанына 200 жыл толуына орай «Ғасыр перзенттері» атты тақырыпты кештер, орыс ертегісі «Бауырсақ» қойылымдарды тартымды өткізілді.
2000 жыл. «Барыс елдің баласы күшті болу керек» тақырыбында апталық ұйымдастырылып, оқырмандармен салауатты өмір салтын «спорт- сенің серігің», «Шынықсаң-шымыр боларсың» атты тақырыпты кештер, ертеңгіліктер оздырылды.
2000 жылдың І тоқсанында. Мәдениетті қолдау жылындағы «Қомқор» атты бүкіл халықтың мәдени акцияға аудандық балалар кітапханасы белсене қатысты. «Кітапханаға кітап сыйлық» қозғалысына аудандық балалар кітапханасына беташар өткізілді. «Бізге сыйланған құнды кітап» деген тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылды. Айдан орталығындағы оқырман жинақтаған 600 ден астам кітаптан 100 –ге жуық кітап қорға қосылды.
2000 жылы 22 сәуірде «Сәбит Мұқанов –балалар» атты апталық өтті. М.Мағауинның «Бір атаның балалары» атты шығармасына талдау ретінде оқырман конференциясы өткізілді. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 55 жыл толу мерекесіне орай аудан ардагерлері М.Хайрова, Ж.Қадыров, З.Хасенов, Қ.Еляевтермен «Мың тағзым сіздерге майдангерлер» атты кездесу кеші болды
2000 жылы Дәулеткерей Шығаевтың туғанына 180 жыл толуына орай саз кеші ұйымдастырылды.
2001 жылдың 25 мамыр айында «Рахмет саған, бастауыш мектеп» атты тақырыпты кеш М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушылармен оздырылды.
2001 жылдың күз айында кітапханада тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханада ауызша журнал болды.
2001 жылы желтоқсан айында Қазақстан республикасының тәуелсіздік күніне орай тақырыптық кеш өткізілді. Кешке аудан әкімінің орынбасары Н.Сабиров қатысты.
2001 жылдың 12 желтоқсанында Ордалық отан қорғаушылар борыштарын өтеп келген жауынгерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге Акбасов Жексенгали, Губашев Сәлімгали, Нүркенов Жақсылық сарбаздары қатысты.
2002 жыл. Облыстық «Ананың әлдиі» байқауына Бөкей ордасы аудандық балалар кітапханасы абыроймен қатысты.
2002 жыл. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 80 жыл толуына және Хамит Чуриннің 100 жыл мерей тойларына мерекелік шаралар өткізілді.
2003 жыл 28 қаңтарында. Қазақстанның жаңа заң жобасы қабылдаған күніне орай оқырмандармен «Замана зердесі» атты ашық әңгіме жүргізілді.
26 маусымында –нашақорлықпен және есіртке бизнесімен күресудің халықаралық күніне орай облыстық А.Гайдар атындағы балалар мен өспірімдер кітапханасы ұйымдастырылған «Қазақстан үшні орал өңірінің балалары есірткісіз» тақырыбындағы акцияға біздің аудандық кітапханада бой көрсетті. Т.Жароковтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ жыры бақытты ғо тәңірі, қатарында болғаны үшін Тайыры» атты пікір-талас қызу өтті және К.Балабасовтың қатысуымен поэзия кешті өтті.
2003-2005 жылдарды ауыл жылы аталуына байланысты ауыл мәселесі бойынша ойландыратын проблемаларды шешуге бағытталған шаралар, конференция, плакаттар, буклеттер жасалынды. Қ.Шығаевтың туғанына 185 жыл толуына орай «Балалардың көзі еді ғой –домбыра» атты саз кеші өткізілді.
2003 жылдың ақпан айында «Біз үшін Отан –ордадан басталады» атты ашық кітап –көрмесі ілінді. «Еңбекпен ер атанған Батыр ата» атты Е.Есимовтың 75 жасқа толу мерейтойы қарсаңына кездесу кеші ұйымдастырылды.
2004 жыл. «Кітап менің өмірімде» атты үш ұрпақтың кездесу кеш болды. Кеш кітапхана саласында отбасылық жалғасымен тапқан ұрпақтардың еңбек жолы, тағдырлары туралы шыр шертілді. Аталмыш кешке 87 жастағы Құттығалиева Мәрия әжей, 70 жастағы Дошанова Зайран әже және 45 жастағы Жұмағалиева Ақсүйрек пен олардың ұрпақтары әке –аналары, әғни Ерік –Ағайша (Хайровтар), кітапқа құмар ұл –қыздары Дәурен, Бауыржан (Хайыровтер), Айнұр–Гүлнұр (Құттығалиевалар), Арыс-Марс (Жұмағазиевтер) арасында «Кітап оқудың пайдасы неде?» деген пікір талас жүргізіп, өзара сырланып шертті.
2004 жылы «Менің ауылымның тарихы» атты ауыл тұрғындарымен дөңгелек стол болды.
2005 жылы Ұлы Жеңіске 60 жылдығына орай «Балалар соғыс пен бейбітшілікті жырлайды» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауына белсенді қатысып, жеңімпаздар анықталды: 1- орынды 7 сыныптың оқушысы
Жанна Құсайнова өз қнжығасына байлады. Сол жылы Ұлы Жеңіске -60 жыл мерейтойына арналған «Отан үшін от кешкендер», «Біздің аудан соғыс жылдарына» атты тақырыптарда аудан арагерлері Нұрғалиев Ғазез, А.Сусиналармен кездесу кештерін оздырды.
2005 жылдың 27 тамызында Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырылуымен «Ауылдық мектеп кітапханасы –балалардың мәдени білім орталығы» тақырыбында аудандық мектеп кітапханашылармен семинар кеңесі өткізілді.
2006 жылы ауылымызда жасөспірімдер арасында «100 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өткізілді. «Тіл өнері дертпен тең» атты кітапқұмар балаларға арналған викторина танымдық ойыны өткізілді, сондай –ақ «Қазақстандағы Пушкин жылына» арнап «Кого из героев сказки Пушкина ты узнал» атты
сұрақ –жауап кеші тартымды да қызықты өткізілді. «Достықтың терең тамыры» тақырыпты кеші Тәуелсіздіктің 15 жыл толу құрметіне ұйымдастырылған болатын. Сол жылы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» жаңа мемлекеттік әнұран туралы 0-3 сыныптар және балабақша бүлдіршіндері үшін «Рәмізді білесің бе?» атты ертеңгіліктер өткізілді.
2006 жылдың тамызы айында «Абай тағылымы» атты білімді белгілер сайысы елге қонымды өткізілді. Осы жылы аудандық балалар кітапханасында аудан селолық кітапханашыларымен «Жас оқырмандарды өсірейік» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Сейтек Оразұлының туғанына 145 жыл толуына және Дина Нұрпейісованың 145 жыл мерейтойына арналған «Домбыра- бабалардың үні» атты саз кеші өткізілді.
2006 жылдың 26 сәуірінде «Ауыл кітапханасы –балалар үшін» тақырыбында аудан мектептері жанындағы қызметкерлермен дөңгелек үстел өткізілід.
2006 жылдың мамыр айында «Достық» және «Махаббат» атты 7-9 сынып оқушылар арасында пікірталас қызу түрде өткізілген болатын.
2007 жыл. Кітапханада күрделі жөндеуден өтті. Жаңа кеңсе жиһаздары мен кеңсе құралдары мен жабдықталып, кітап қоры жаңа әдебиеттерімен күрт толықтырылды.
2007 жылдың 31 мамырында «Қуғыншылар» күніне арналған «Қасіретті жылдарда» атты кітап көрме, тақырыптық кештер ұйымдастырылса, Шәңгерей Бөкейхановтың 160 жыл толуына орай облыстық байқауға қатысты. 2007 жылдың 1-12 маусым аралығында аудандық кітапхана халықаралық бағдарламасы және «интеллектуалдық еңбектегі әйелдер одағы» қоғамдық ұйымын құрылуына орай «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» Ұлттық ақпараттан компанияның өткізілуніе орай Бөкей ордасы аудандық балалар кітапханасының істелген шараларының жоспарын құрып, іс-шаралардың бағдарламсы ұйымдастыруымен қатар міндеттерінің бірі- балалар еңбегінің өте нашар түрлі мәселері бойынша және бала мен қоғамға әкелетін зияны туралы зиянды әрекеттерден аулақ өскен жанның есейгенде де сол бағыттан айни қоймасы анық. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпаққа салауатты өмір салтына бағытталған әдебиеттерді насихаттау арқылы осы шараға қатынасып, «Қазақстан балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» атты компанияға өз үлесіміз қостық.
2007 жылдың 1 маусым Балаларды қорғау күніне –«Балалар өмірін алаңда бейнелейік» атты бүлдіршіндерге арналған шаралар жүргізілді, асфальтқа сурет салудан байқаулар өткізілді. «Ақ көгершін, көгілдір аспан» атты анкеталық сұраұ –жауап шарасы өткізілді. Күрес, велосипед жарысы, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар ойналды. Сондай –ақ «Планета детей» атты ертеңгілік, «Бала құқығы» атты әңгіме өткізілді. «Өмірге келдің заңынды білгің» атты кітап көрме 30 тамыз Конститутция күніне орай кітап көрме, буклет жасақталды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Әжен ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы : 1980 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 55
Облыс орталығынан арақашықтығы: 520
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 40 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Кітап қоры : 7559
Оқырман саны: 90
Қызмет түрі : Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету
Мекен-жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы,
Әжен филиал кітапханасы
Кітапхана меңгерушісінің аты – жөні : Керешова Унайганым Есенбаевна
Мұратсай ауылына қарасты, Әжен филиал кітапхансында 1980 жылдары Тасбулатова Гүлсара жұмыс жасады. Алғашында қызыл отау болып құрылған.
Кейін кітапханашы болып Бозекенова Марфуға қызмет жасады.
1987-1988 жж.Нұрғаным Габдуллина
1988-1998 жылдары Мусина Айман
1998-2009 жылдары Сабирова Баршагүл жұмыс жасап, көптеген мәдени шаралар өткізіп, байқауларға қатысып өзін көрсете білді. Қазіргі таңда Оңайғаным Керешова кітапханашы болып жұмыс жасайды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Бисен кітапханасы
Ведомостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1953 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 110
Облыс орталығанан арақашықтығы: 500
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы : 160 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 707
Кітап қоры: 16469
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Бисен ауылы
Кітапханашы: Ғиниятова Жаңылсын Жаббарқызы
Бисен кітапханасы

1957-1970 жылдар арлағында 1938 жылы туған Жұматова Тәбила кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. Кітапхана қорында 3-4 мыңға тарта кітап, газет-журналдар болған. 1970-1978ж. аралығында Боранғалиева Рахима кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. ССР Жоғарғы Советінің депутаты болған. 1979-1981 жылдар аралығында 1959 жылы туған Сатпақова Кәкима кітапхана меңгерушісі болған, одан кейін мектепке мұғалімдік жұмысқа ауысып, орнына 1981-1982 жылдар аралығында Шукирова Ағырыс жұмыс жасады.


1995 жылдан күні бүгінге дейін Бисен ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып Асетова Сұлушаш қызмет жасап келеді. 10 жылдық мектепті Бисен ауылынан бітірген соң, 1987-1989 жылдар аралығында Оралдың мәдени-ағарту училешесінің кітапхана бөлімін бітірген. Кітапханада қызмет жасап жүріп 2003-2005 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде сырттай кітапханашы мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.
«Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» энциклопедиясы байқауына Бисен ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі С.Әсетова І орынды иеленді.
Аудандық кітапханада «Үздік кітапханашы» байқауы оздырылды. Байқау өткізудің мақсаты жұмысы үздік кітапханашы анықтау, оның озық тәжірибесін кітапханашыларға тарту. Байқаудан С.Әсетова ІІ орынға ие болып, «Үздік кітапханашы» атағын иеленді.

Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы : Бөрлі ауылдық кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1969 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 150
Облыс орталығанан арақашықтығы: 400
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген) : бейімделген
Аумағы: 80ш/м
Меншік түрі : Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны : 810
Кітап қоры: 14282
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Бөрлі ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні : Қапизова Данагуль Шапеновна
Бөрлі ауылдық кітапханасы
Бөрлі ауылы 1920 жылдан бастап кітапхана (қызыл отау, қызыл бұрыш) деп аталды.
1941-1945 жылдан бастап Ә.Баймолдина, Ш.Елемесова жұмыс жасаған. 1947-1957 жылдары Н.Сисенғалиева, А.Ғабдысиховалар жұмыс жасаған.
1969-1974 жылдар арасында А.Тапақова, Ж.Қадешова жұмыс істеген.
1975-1989 жылдар арасында А.Губашева, Ж.Айтқалиева, Б.Байханова, Г.Құлбаева, Б.Шапенова жұмыс жасаған.
1980-1999 жылдарынан бастап кітапханаға бөлме беріліп орналасқан. Кітапхана меңгерушісі Лаура Мырзагереева осы кітапханада 1992 жылдан бері қызмет істейді.
1993 жылы Ақтөбе Мәдениет училищесіне «Кітапхана ісі» бөліміне түсіп, 1995 жылы оқуды бітірді. 2000 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, 2003 жылы «Кітапханатану және библиография» мамандығын бойынша жоғары білімін алып шықты.
2004 жылы облыстық А.П.Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен семинар-кеңеске қатысып сертификат алды.
Қазіргі кітапхананың басты мақсаты мен міндеттерінің бірі кітап қорын толықтыру және сақтау, оқырманды кітапханаға кітап оқуға тарту, оқырманға қызмет көрсету, әдебиеттер насихаттау.
2012 жылдан бастап Бөрлі кітапханасында Қапезова Данагүл жұмыс жасайды. Мамандығы орта білімді, жұмысқа қабілетті.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жамбыл филиал кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1970 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 110
Облыс орталығанан арақашықтығы : 440
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген) : бейімделген
Аумағы: 110 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 228
Кітап қоры 8320
Қызмет көрсету түрі оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Жамбыл ауылы
Кітапханашы Құспанғалиева Гульназ
Жамбыл филиал кітапханасы
Жамбыл ауылындағы кітапхана 1960-1968 жылдары «Қызыл отау» болып аталып, 1968-1970 жылдары кітапхана болды. 1970 жылы Жамбыл филиал кітапханасыда Ишанкулова Райса жұмыс жасады.
Алғашқы кітап қоры 400 дана болды, 72 оқырманмен жұмыс жасады. Сол кезде кітапхана «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақстан пионері» газеттерге жазылып, «Мәдениет және тұрмыс», «Денсаулық», «Балдырған», «Пионер» журналын алдырып отырды. Кітапхана саласында жұмыс істеп жүріп мақтау грамоталармен марапатталды.
2006 жылы зейнеткерлік демалысына шықты. Кітапхана жұмысын қызы Құспанғалиева Гүлназ жалғастыруда.
2001 жылы БҚМУ –дың «Кітапхана ісі» бөліміне сырттай оқуға түсіп 2006 жылы бітіріп шықты.
Қазіргі таңда 10 түрлі мерзімді басылымдар алдырып отырады. Әр тақырыпқа кештер өткізіп, кітап көрмелерін шығарып, оқырмандар сұранымын қанағаттандыруда жұмыстар істейді. Жас оқырмандар кітапханадан балалар әдебиеттерін алып, мерзімді басылымдарды оқиды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жиекқұм филиал кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі
Құрылған жылы: 1959 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 95
Облыс орталығанан арақашықтығы: 455
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы : 70 ш/м
Меншік түрі : Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны : 312
Кітап қоры: 8898
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекенжайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Жиекқұм ауылы
Елемесова Айгерим Нуржановна
Жиекқұм филиал кітапханасы
Жиекқұм ауылы бұрын Большевик ауылы Жәнібек ауданына қараған болса, қазір Жиекқұм ауылы Бөкейордасы ауданына қарайды. 1955 жылы Большевикте қызыл отау ашылып оған Кенжеғалиев Мұстақ, кейін 1957 жылы Кәкимова Мадения, 1959 жылы Оразова Базарғаным кітапханашы болып жұмыс істеген.Оразова Базарғаным 1959-1974 жылға дейін Жиекқұм ауылында кітапханашы болған. Кітапханада жұмыс істеп жүріп 1962 жылы Ақтөбенің мәдени ағарту училещесіне сырттай оқуға түсіп, 1964 жылы бітірген. Ол кезде кітапхана орын болмағандықтан клубтың сахнасына орналасқан.
Бірнеше рет «Үздік кітапханашы» вымпелін жеңіп алған. Бірнеше мәрте СССР және Қазақ ССР құрмет грамоталарымен марапатталған. 1979 жылы Еңбек ардагері медалын алған, қазір зейнеткер облысқа, ауданға танымал кітапханшы болған. 1974 жылы Құбиева Ақлима жұмыс жасады.
1975 жылдың желтоқсан айынан бастап Жиекқұм ауылдық кітапханасында Фазылова Дархан жұмыс жасап келеді.
Осы салада жұмыс жасағанына 33 жыл толып отыр
Облысымыздың мәдениетінің өркендеп даму саласында, халыққа мәдени қызмет көрсету қол жеткен жетістіктері мен табыстары үшін аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекесіне орай, елеулі еңбегі үшін Бисен селолық округінің әкімі Қ.С.Саматовтан марапаттау қағазын алды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Жәрмеңке ауылдық кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Құрылған жылы : 1972 жыл
Аудан орталығынан арақышықтығы: 25
Облыс орталығынан арақашықтығы: 575
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы: 68 ш/м
Меншік түрі: мемлекетттік мекеме
Оқырман саны: 207
Кітап қоры: 8383
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық ,
библиографиялық қызмет ткөрсету,білім салалары
бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Жәрменке филиал кітапханасы
Кітапхана меңгерушісінің аты,жөні : Жаксылыкова Тұрсын
Жәрменке филиал кітапханасы
Жәрменке ауылы Ленин селосы болып Шоңай селолық советіне қараған, қазір Сайқын ауылдық округіне қарайды. 1957 жылы ашылған сол кездегі кітап қоры 5600 болған. Алғашқы кітапхана меңгерушісі болып Ерғазиева Қамазия жұмыс жасады.
1952 жылы Орал педогогикалық училищесін бітірген. Ерғазиева Қамазия 1952-1957 жылдар аралығында бастауыш мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған.
1957 жылдан бастап мәдениет қызметкері кітапханашы болып жұмысын бастаған, сол кезде 200 оқырманы болған. Қамазия кітапхана жұмысын ауданның, ферманың алдында тұрған шаруашылық саяси міндеттермен тығыз байланыста жүргізді, қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. Бұл кітапхана үздік кітапхана қатарында болды.
Ерғазиева Қамазия кітапханадан жемісті еңбегі үшін жыл сайын мақтау қағаздарымен марапатталды.
1981 жылы 300 оқырманға 6500 дана кітап берілген.
Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуына 250 жыл толуына, СССР-дің 60 жылдығына арналған кітап көрмелері жақсы ұйымдастырып, бұларды жаңа әдебиеттермен үнемі толықтырып отырды.
Кітапханашы Қ.Ерғазиева зейнеткерлікке шыққан соң 1987 жылдан бастап Жакслықова Тұрсын қабылдап алды.
Кітап қоры 6000, оқырманы 235 болды. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып мерзімді басылымдар мен қамтамасыз етіп, көпшілік шаралар өткізіп, әдебиеттерді насихаттаумен жұмыстанды. 1998 жылы кітапхана Жәрменке ауылдық мәдениет үйінің бір жағына көшірілді.
Кітапхана 2006 жылы бөлек ғимаратқа көшірілді. Әр түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыру жылма–жыл дәстүрге айналуда.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Қарасу филиал кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы : 1977 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 55
Облыс орталығанан арақашықтығы: 605
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 86ш/м
Меншік түрі : Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 210
Кітап қоры: 7959
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық,библиографиялық қызмет көрсету,білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекенжайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Қарасу филиал кітапханасы
Кітапханашы : Туменова Гулден Нұрланқызы
Қарасу ауылдық филиалы кітапханасы 1977 жылы тамыз айында ашылды. Кенжегалиева Мәдина 1977 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училещесін бітірген. Орда ауданы, Қарасу ауылдық кітапханасына жұмысқа орналасқаннан бастап алғыр, өз ісін жетік білетін маман ретінде таныла білді.
Қ арасу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кенжегалиева Мәдина баламен уақытша демалысына отырған кезде Қарасу ауылдық кітапханасында төмендегі кітапханашылар қызмет атқарды.
Газизова Роза 1962 туған. Білімі орта 1979 жылы кітапханада уақытша қызмет атқарған.
1981-1982 жылдары кітапханада Калиева Ира қызмет атқарған.
Қуандықова Рыс 1984-1985 жылдары кітапханада жұмыс жасады.
Сисенгалиева Валя 1990 жылы 27 мамыр айында Қарасу ауылдық кітапханасына жұмысқа орналасқан. 1996 жылы Қарасудағы кітапхана орналасқан мәдениет үйі бұзылып, кітапхана орынсыз қалады. Осы тұста кітапханашы Кенжегалиева Мәдина кітапхананы жаптырмау мақсатында өз үйінің бір бөлмесіне кітапхананы көшіріп жұмысын тоқтатпаған.
1997 жылы кітапханаға мектептен орын берілген. 2000 жылы мед. пункттің жанынан екі бөлмелі орын беріліп кітапхана сонда көшірілді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Кеңой филиал кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1978 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 190
Облыс орталығанан арақашықтығы : 540
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы : 72ш/м
Меншік түрі : Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 129
Кітап қоры: 3236
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Кеңой ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні : Тулепова Тәттігүл Калымбековна
Кеңой ауылдық кітапханасы
Ұялы ауылдық округіне қарасты Кеңой елді мекенінен 2008 жылы кітапхана ашылды. Кітап қоры 2100 дана болды. Кітапханашы болып арнаулы білімі бар Төлепова Тәттігүл жұмыс жасап келеді. Кеңой елді мекенінде 1 мед.пункт пен 4 сыныптық мектеп жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларымен көпшілік шаралар өткізеді. Елбасының дәстүрлі жолдауын насихаттауда тұрғындармен «Жаңа жолдаумен танысайық» тақырыбында әңгіме өткізсе, «Астана бас қала» ертеңгілік,»Кітап сарқылмас қазына» әңгіме, «Туған елім Қазақстан» ертеңгілік, «Рәміздер мақтанышым» ауызша журнал, Ф.Оңғарсыновағв арнап «Жыр падишасы» кеш өткізді. Өлкеміздің тарихын насихаттауда «Туған өлен тұнған шежіре» кітап көрмесін шығарып шолу жасаса, М.Өтемісұлының 210 жылдығына арнап «Дауылаппаз ақын» әңгіме, тақырыптық сөре шығарды. Болашақтада елді-мекендегі оқырмандардың мәдени ошағы Кеңой кітапханасы оқырман сұранысын орындауда жұмыстанып отырады.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Көктерек филаил кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1972 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 115
Облыс орталығанан арақашықтығы : 435
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы : 68ш/м
Меншік түрі : Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны : 240
Кітап қоры: 7680
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызметкөрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Көктерек филиал
кітапханасы
Кітапханашы: Жумагулова Жадыра Хазимқызы
Кітапхана алғаш рет 1930 жылы ашылған. Атауы – «Қызыл отау» болған.
Еркебаева Қалима Мұхамбетшеқызы 1928 жылы Жетібай ауылы Жаңа шаруа колхозында дүниеге келген. Еңбекке жасынан араласқан. 1949-1951 жылдары кітапханашы қызметін атқарған.
Шөкешева Сәуле Ожайқызы 6 қазан 1941 жылы Бөкей ордасы ауданы 88 түйе зауыты «Әжен» ауылында дүниеге келген. 1959-1963 жылдары кітапханашы мамандығы бойынша курсын оқыған. Еңбек жолын 22 сәуір 1961 жылы Красный партизан, №3 ферма Кіші Талдықұдық ауылынан бастаған. 1962-1964 жылдары кітапханашы қызметін атқарған.
Сариева Нәшу 1939 жылы Орал облысы, Орда ауданы, Жетібай ауыл советінде дүниеге келген. 1972 жылдан 1994 жылға дейін №4 фермада кітапханашы болып жұмыс жасаған. 1975 жылы ауыл еңбеккерлерінің ұсынуымен бірнеше рет облыстық,аудандық Советке депутат болған.
Көктерек қызыл отауының меңгерушісі Нашу Сариеваның есімі ерекше болды.
Момынова Анаргүл 1986-1988 жылдары Орал мәдени ағарту училищесін бітіріп, 1988-1989 жылдары Жәнібек ауданындағы орталықтандырылған кітапханада кітапханашы қызметін атқарды. 1990-1995 жылдары Бөкей орда ауданы Көктерек бастауыш мектебінде оқытушы қызметін атқарды. 1995 жылдан Көктерек кітапханасының кітапханашысы болып жұмыс жасап келеді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы : Саралжын ауылдық кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы : 1957 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 210
Облыс орталығанан арақашықтығы : 340
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген) : бейімделген
Аумағы: 146 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 715
Кітап қоры: 10488
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай
кітапханалық,библиографиялық қызмет
көрсету, білім салалары бойынша
әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Саралжын ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: А.Губашева
Саралжын ауылдық кітапханасы
Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданына қарасты Саралжын ауылында 350 жанұя, 1397 тұрғыны бар. Ауылдық кітапхана 1957 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.1976 жылдан күні бүгінге дейін Саралжын ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып Ақылай Ғұбашева жұмыс жасап келеді. Он жылдық мектепті Саралжын ауылынан бітірген соң, 1973 жылы 1-жылдық кітапханашылық курсты оқып арнайы мамандық алды. Жұмыс жасаған жылдары оқырмандар ілтипатына бөленіп, өзі сүйген жұмысты аудан кітапханалары арасында алдынғы қатардан көрініп келеді.Кітапханада оқырмандармен үнемі қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Кітапханашы А.Ғұбашева Еліміздің тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатына» ие болды.
«Мәдени мұра» бағдарламасына сай «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауында ынталандыру мараптына ие болды.
Жергілікті атақты адамдар, ауылдағы соғыс ардагерлерімен, өнер адамдарымен ақын-жазушылар, басқада зиалы қауым өкілдерінің өмір жолдарымен таныстырып түрлі кештер өткізу дәстүрге айналған. Кітапханада «Ұлтын сүйген ұлы жүректер» атты тақырыптық кеш, «Ардагерлер арамызда» кездесу кеші, «Қайта оралған есімдер» әдеби кеш оздырды.
Кітапханашы жас оқырмандармен бірлесіп «Шаңырақ» атты клуб ұйымдастырып жұмыс жасап келеді.
Елбасымыздың биылғы Жолдауын халық арасында насихаттауда көптеген істер атқарылуда. Кітапханада «Дағдарыстан дамуға» кітап көрме, «Ел болашағы жастар» кешін ұйымдастырды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Саралжын ауылдық кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы : 1981жыл
Аудан орталығынан арақышықтығы: 230
Облыс орталығынан арақашықтығы: 320
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген) бейімделген
Аумағы: 58ш/м
Меншік түрі: мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 715
Кітап қоры: 10488
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық ,
библиографиялық қызмет ткөрсету,білім салалары
бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Саралжын ауылдық кітапханасы
Кітапхана меңгерушісінің аты,жөні : Дилманова Арайлым Хасановна
Бескөл филиал кітапханасының тарихы
Одан кейін кітапханашы болып Ғабешова Хамия жұмыс жасады.
2008 -2011 жылдары Дилманова Арайлым жұмыс жасады. Қазіргі кезде осы кітапханада Дильманова Мейрамгүл жұмыс жасап келеді.
Кітапхана ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп, газет-журналдармен қамтамасыз етеді. Көпшілік шараларды оқырман оқушылармен «Менің елімнің рәміздері» әдеби кеш, «Бақытты жанұя» отбасы мүшелерімен сайыс кешін, «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» ертеңгілік, «Айналайын анашым» батыр анамен кездесу кеші, «Аңсарым асқақ Астана» тақырыптық кеш өткізді.ауданда өтетін семинар –кеңестерге қатысып отырады.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Сейтқали филиал кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: ҚР мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы : 1956 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 78
Облыс орталығанан арақашықтығы: 628
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген) : бейімделген
Аумағы : 80 ш/м
Меншік түрі : Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны : 220
Кітап қоры : 7084
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету,білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекенжайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Сейтқали филиал кітапханасы
Кітапханашы : Ермекова Ұлболсын Сансызбайқызы
Сейтқали филиал кітапханасы
Сейтқали ауылы әкімшілік орталық Орда ауылынан күн шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Сейтқали ауылдық кітапханасы ең алғаш 1956 жылы 700 кітап, журналдармен қызыл отау болып құрылған. Кітапханашы болып Жұмағалиев Нәсіпқали жұмыс жасаған. Нәсіпқали аға 1926 жылы Талап ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
1956-1971 жылға Қызыл отау болып жұмыс жасады.
Әлима Бекжанова, Сариева Жеміс Кабышева Сұлуғаным атты жас қыздар кітапханашы міндетін атқарған.
Сұлуғаным апай кітапханашылық қызметтен кейін жоғары педогогикалық білім алып, Орда да ұзақ жылдар Жәңгірхан орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарған, қазіргі кезде зейнеткерлік демалыста.
1971 жылы Сейтқали қызыл отауын 2000 дана кітаппен Нәсіпқалиева Гүлжиян қабылдап алды. Нәсіпқалиева Гүлжиян 1953 жылы Сайхын ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Орда орта мектебін 1970 жылы бітірген. Кітапханашы қызметін атқара жүріп 1972 жылы Орал қаласынан сырттай бөлімде кітапханашылар курсын тәмамдаған. 1978 жылы қызыл отау «Кітапхана» болып құрылды.
1990 жылы денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылады.
1990 жылы 1991 жылдың аралығында кітапханада Жұмағалиева Алуа, Мақашева Айгүл, Бекжанова Шолпан кітапханашы міндетін атқарған.
1991 жылдың 19 тамызында Сейтқали кітапханасын 3890 дана кітаппен Ермекова Ұлболсын қабылдап алды.
Ол 1989 жылы Атырау мәдени ағарту училищесіне түсіп, 1991 жылы кітапхана ісі бөлімін бітіріп, осы кезге дейін аталған кітапханада кітапханашы қызметін атқарып келеді. 2000 жылы мәдениетті қолдау жылдары мектеп бөлмесінен орын беріп, кітапхана жұмысы әрі қарай жалғастырылды.
2001 жылы кітапхана тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай өткізілген іс-шараларына мақтау грамотасымен марапатталды.
Мәмбет филиал кітапханасының төлқұжаты
Мекеме атауы: Мәмбет филиал кітапханасы
Ведомстволық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 2018жыл.
Аудан орталығынан арақашықтығы: 7
Облыс орталығынан арақашықтығы: 575
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген). Бейімделген
Аумағы: 248
Меншік түрі: мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 81
Кітап қоры: 3903
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай
кітапханалық,библиографиялық қызмет
көрсету,білім салалары бойынша
әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкей орда ауданы,Мәмбет филиал
Кітапханасы, 10
Кітапхана меңгерушісінің аты- жөні: Абілкаримова Фариза Бекенқызы
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Мұратсай ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы : 1 9 76 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 50
Облыс орталығынан арақашықтығы: 500
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 88 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Кітап қоры : 13851
Оқырман саны: 520
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету
Мекен-жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Мұратсай ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты- жөні : Қуаншалиева Нұржайнат
Мұратсай ауылдық кітапханасы
Мұратсай қой совхозы 1975 жылы қыркүйек айында совхоз болып құрылды. 1976-1980 жылға дейін Мұратсай ауылдық кітапханасы судың арғы бетінде Ескі бес ағаш үйдің бірінде бір бөлмесінде кітапхана ашылған. Мұратсай ауылдық орталық кітапханасының кітапханашысы Қалмиярова Збира. 1973 жылы Ақтөбе мәдени –ағарту училищесінде бітірген.
1975 жылы Мұратсай ауылына кітапханашы болып жұмысқа тұрды. 1982 жылы кітапхананы Ғ.Ғилажева қабылдап алды.
Ғилажева Ғалия Сапарқызы 1982-1989 жылдары Мұратсай орталық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. Мұратсай ауылдық кітапханасында сол кезде 5200 кітап қоры, қазақшасы 3435 кітап болды.
Қуаншалиева Нұржайнат Сарсенғазықызы 1986-1989 жылдары Орал мәдени ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітірді. 2002-2005 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Кітапхана және библиография» мамандығы бойынша сырттай жоғары оқуын бітірді. 1989 жылдың 7 тамызынан бастап Мұратсай ауылдық орталық кітапханасына жұмыс жасайды.
Бұл жылдары Мұратсай ауылдық кітапханасы Мәдениет үйінің бір бөлмесінде болды.
«Мәдениетті қолдау» жылына орай аудандық мәдениет бөлімінің «Құрмет грамотасына», аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен «Алғыс хат», «Үздік кітапханашы» байқауына қатысып, «Құрмет грамотасына» ие болды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Орда ауылдық кітапханасы
Ведомствалық құрылымы: ҚР мәдениет және спорт министрілігі
Құрылған жылы : 1952 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 60
Облыс орталығанан арақашықтығы: 610
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 160 ш/м
Меншіктің түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 940
Кітап қоры: 18819
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекенжайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Орда ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Дүйсенгалиева Үлбике Рамазановна
Орда ауылдық кітапханасы
Бөкей ордасында ғылым, білімді игеру Жәңгір ханның бастамасымен қолға алынған архив құжаттары дәлелдей алады. Хан Жәңгірдің өзінде де мол кітап қоры болған. 1826 жылдан Қазан университетімен, оның оқытушы- профессорларымен тығыз байланыс, достық қарым-қатынас жасап тұрған. Жәңгір сол университеттің кітапханасына сан түрлі құнды кітаптарды аударыпты. Университеттің ординаторлық профессоры, кітапханашы К.Фогтың айтуынша, 1844 және 1845 –жылдары Жәңгір араб, парсы, түрік тілдерінде жалпы құны 598 күміс теңге тұратын алты қолжазбаны кітапханаға сыйға тартқан. Олардың ішінде аса құнды Нефисбен –аваз Әл Хәкімнің медициналық шығармасы, Әл-Казбиннің 735-ші жылғы тарихи гюзиді, 1803 –жылы жазылған Эд Уссияры Жәлел Ад-Дин Румияның Эд жыры болатын. Университеттің ғылыми базасын нығайтуға қосқан осы еңбегі үшін Жәңгір 1844–жылғы 29-мамырда университеттің Ғылыми Кеңесінің құрметті мүшелігіне сайланады.
Енді хан ордасында алғашқы кітапхана қашан, қай кезеңде пайда болды деген сұраққа жауап іздеп көрелік. 1862-жылы Бөкей Ордасын басқару жөніндегі уақытша Кеңестің төрағасы полковник К.И.Герн Орынбор генерал-губернаторының атына өтініш жолдап, Ордада кітапхана ашу қажеттілігі туындап отырғанын баяндады.
Орынбор және Самара генерал-губернаторы Безак оның бұл өтінішін қанағаттандырып, Ордадағы қазақ мектептерінің жанынан кітапхана ашу жөнінде сол жылдан бастап рұқсат етеді. Кітапханаға қажетті-кітаптарды сатып алу үшін бір жылға 100 сом бөлініп отырған. Осы қаржының 75 сомына көркем әдебиет, ал қалған 25 сомына діни кітаптар сатып алынған.
1879 жылы Бөкей Ордасының мектебі Уақытша Кеңестің қарамағынан алынып, Оқу министрлігінің қарауына беріледі. Оны басқаруға арнайы, оқу инспекторы тағайындалады. Соған орай мектеп жанындағы кітапхана Уақытша Кеңес тарапынан көркем әдебиеттерді сатып алуға бөлініп отырған 75 сом ақша тоқталып қалады. Тек діни басқарма тарапынан діни кітаптарға ғана 25 сом ақша төленіп тұрады. (Ив. Сем. Иванов. «Внутренняя Киргизская Орда». Памятная книжка Астр. Губерний. стр-68, 189 г.)
Бұдан соң тек 1888 –жылы ғана жеке адамдардың жинаған қаражаты мен Уақытша Кеңестің жанынан жаңа кітапхана ұйымдастырылды. Бұл кітапхана 1888 –жылдан 1890 жылға дейін жеке адамдардың қаражаты арқылы өмір сүреді. Ал 1890 жылдан бастап Ішкі істер министрлігі тарапынан кітапханаға кітаптармен мерзімдік басылымдарды жаздыртып алуға 75 сом ақша бөліне бастаған. 1839- жылдың 1-қаңтарына дейінгі мерзімде кітапхана қорында 80-томдық 51 шығармалар жинаға болса, сол жылы тағы 163 томдық 84 шығармалар жинағы қосылған. Бұған қоса 31 дана журнал болған. Кітапхананың алғашқы құрылған күніне 1889 –жылдың 1-қаңтарына дейінгі аралықта кітапхана кассасына 261 сом 85 тиын аұша түскен екен. Оның 185 сом 46 тиыны кітап сатып алуға, 24 сом 66 тиын кітап түптеуге жұмсалыпты. Соның нәтижесінде 1890 жылдың 1 қаңтарында кітапхана кассасында
51 сом 73 тиын қалған.
Сол кезде кітапхана қорында мына төмендегідей кітаптар болған:
Золя «Наслаждение жизнью» (құны 1 сом 50 тиын)
1.Кольцов «Өлеңдер жинағы» (құны 20 тиын)
2 .Шекспир 5 томдық шығармалар жинағы (құны 1 сом 20 тиын)
3.Данилевский «Старина» (құны 25 тиын)
4.Бальзак «Евгений Гранде» (құны 1 сом)
5.Гюго «Собор парижской богоматери» (құны 3 сом)
6.Доде «Сафо» (құны 1 сом)
7.Диккенс «Ликквинский клуб» (құны 3 сом 51 тиын)
8.Ершов «Конек –Горбунок» ертегі (құны 40 тиын)
9.Шевченко «Кобзырь» (құны 1 сом 25 тиын)
10.Костоморов «Кудеяр» тарихи хроника (құны 2 сом)
(КР.О, А.ф -78, Оп-2, 5122-іс, 26 бет)
Кітапхана 1889 –жылдан бастап 22 журналды, 46 апалық басылымды және аптасына екі рет жарық көретін 13 басылым мен 16 күнделікті шығатын газетті жаздырып алып тұрған. Осылайша, 1888 жылы-Ордадағы тұңғыш кітапханың ашылған мерзімі болып тарихқа енді. Осы өңірде дүниеге келген небір таланттар мен дарындар,батырлар мен ғалымдар жалпы қазақ халқы тарихында, оның ішінде Бөкей ордасы тарихында лайықты орын алып, тарихи тұлғаларға айналып, бетке ұстар мақтанышымыз болып саналады. Топырағы қасиетті, суы бал, ауасы жұпар, желі жібек, жайқалған жасыл орманды Нарын құмы – Орда өңірі ежелден қазақ жерінің құт қоныстарының бірі. Орданың тарихы тым тереңде жатыр. Өз тарихын барша халыққа, көрші елдерге мақтан тұтып айтарлықтай мұражайын көз қарашығындай сақтап, оны қамқорлыққа алып отырған жер- осы Орда.Тамырын тарих тереңіне жіберген осы кітапхана1952 жылға дейін Орда аудандық кітапханасы, 1964 жылдан бастап Орда ауылдық кітапханасы деп аталып, осынау тарихы бай, шежірелі өлкені білім мен мәдениеттің нәрімен сусындатып келеді. Ең алғаш кітапханашы болып Сисенғалиев Қаби жұмыс жасады.Бөкей Ордасындай тарихи өлкенің топырағында кітап атты рухани мұраны жинақтап, сақтап, өз оқырмандарының ақпараттық сұранысына талғам-талабына сәйкес жұмыс атқарып жүрген Орда ауылдық кітапханасының кітапханашысы Хамитова Райхан.
Хамитова Райхан Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін тәмәмдап, 1975 жылы өзі таңдап кітапханашы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Сол кезде кітапхананың кітап қоры 9500 дана, 400 оқырманы болған.
1976 жылы Орда да Совет өкіметін орнатушы А.Тәжетдинов пен және 30-жылдары колхоз құрушы ардагерлер У.Сахипов, С.Ермуханбетов, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері О.Ділмашев, Ш.Сиранов, К.Садықов аталармен үлкен көлемде кездесу кешін өткізді.
1977 жылы жастар күні қарсаңында «Отаным менің –СССР», «Мен таңдаған жол» тақырыбында диспут өткізді.1980 жылы В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толуы қарсаңында В.И.Ленин шығармаларын және ол туралы әдебиеттерді кеңінен насихаттау мақсатында Орда селолық кітапханасының меңгерушісі Хамитова «Ленин өсиетін орындайық» -атты оқу өткізгенде көсеміміз туралы естеліктерді, әдебиеттерді кеңінен пайдаланды, «Ленин ғажайып жан еді» – деген Лениннің замандастарының әсерлі де шынайы әңгімелеріне құрылған, Алматы «Қазақстан»баспасынан шығарылған естелікті талқылады. Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдастың «Советтік Қазақстан» атты кітабына оқырмандар конференциясын өткізді.Мектеп бітірушілермен «Қандай мамандықты қалайсың» деген тақырыпта кездесу кешін өткізіп, «Мектебіміз 140 жаста» кітап көрмесін шығарып шолу жасады. Кітапханада «Партия жоспары–халық жоспары», «Халықтың игілігі үшін», «Сен таңдар мамандық» деген тақырыпта стенділер ұйымдастырылған. «Сталинград шайқасына – 40 жыл», «Орал қаласына-370 жыл» деген тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылып, қазақтың белгілі ақын Т.Жароковтың туғанына 75 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілген.
Орда кітапханасында 1984 жылы қазақ совет әдебиетінің классиктері Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің 90 жылдығына байланысты кітап көрмелері әдеби және тақырыптық кеш өткізілді. Жаңадан түскен әдебиеттерден «Жаңа кітаптар» тақырыбында тұрақты кітап көрмесін ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізіп тұрды. 1983 жылы облыстық пленумға Р.Хамитова делегат болып қатысты.
Р.Хамитова бала күтімімен отырған кезде уақытша орнына Әліпқалиева Қама жұмыс жасады.Аудандық кітапхана да өткен семинар кеңестерге де қатысып отырды.
Кітапхана қызметін жан-жақты дамыту, оны жаңа биіктерге көтеру- қазіргі заман ағымы, уақыт талабы десек, осы жұмысты 33 жыл табан аудармай еңбек етіп отырған меңгеруші Райхан Хамитова және жас маман Абулхайрова Нұрлы абыроймен атқарып келеді.Кітапхананың көптеген келелі міндеттерінің бірі: өлкетану жұмыстарын жетілдіру. Орда жерінің бай тарихын насихаттауда, сан ғасырлық бай мәдени мұрасын, оның қасиетін ұрпаққа танытуда кітапханада «Атамұра бағдарламасының жалғасы», «Ата баба дәстүрін сақтау», «Кітапханадағы библиографиялық ресурстар», «Экология –ел амандығы » деп аталатын үш жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.Бұл жобалардың мақсаты: Өлкеміздің мәдени мұрасын сақтау, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу,олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық сауатын ашу, ұлт мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға баулу, осы бағытта насихат жұмысын жүргізу, библиографиялық жұмыстың заман талабына сай жаңаша қызмет түрлерін Интернет жүйесіне енгізу, КАБИС катализатор бағдарламасымен жұмыс жасау, электронды каталог құру, тұрғындардың ақпаратқа деген сұранысын уақтылы және нақты қамтамасыз ету, кітап қорын толықтыру, анықтама-библиографиялық жұмысты ұйымдастыру.
2006 жылдан бастап кітапхана «Атамұра» бағдарламасымен жұмыстануда.“Атамұра” кітапханалық жобаЖобаныңмақсаты:
– өлкеніңтарихынзерттеу, танып-білугеықпалету, кітапханалық – ақпараттыққызметкөрсету;
– оқырмандардыңақпараттықмәдениетініңқалыптасуынаықпалету;
– өлкеніңтарихитанымымензердесінқалыптастыру өз өлкесініңтарихына, туғанөлкегедегенмақтанышсезімінтәрбиелеу.Жобаныңміндеті:
Жобаныңмақсатынжүзегеасыруүшінкітапханағатөмендегідейміндеттержүктеледі:
– барлық сала бойыншакітапқорынжаңаәдебиеттерментолықтыру;
– кітапқорында бар әдебиеттердіоқырмандарназарынаұсынуүшінжүйелікітапкөрмелерінұйымдастыру;
– оқырмандардың тарихизердесіментанымынқалыптастыруғабағытталғанмәдени-көпшілікшараларөткізу;
– кітапханалықтехникалықжабдықталуыменэстетикалықталғамғасайбезендірілуі;
– жобаныжарнамалау.Жобаныңмазмұны:
Ұсынылыпотырғанжобадағы ең негізгімәселе:- кітапқорыныңсапалыққұрамынтолықтыру. Бүгінгітаңда 14085 дана кітапқорының 7214 данасықазақтілінде. Кітапқорынжаңарту, толықтыру – жобаныңбастымақсаты. Кітапқорыныңжан-жақты, барлық білім саласыбойыншажүйелітүрдетолықтырылуыұсыныладыжәнемерзімдібасылымдарғажазылумәселесіқолғаалынды.Жобаныңқаржыландырылуы:
“Атамұра” кітапханалықжобасынжүзегеасыруүшін 300,0 мыңтеңгеқаржықажет. Оныңорындалуы 3 жыл мерзімге,
2006 жылда 2008 жылғадейінқарастырылғанЖобанықаржыландырылуытөмендегідей
есеппенжүргізіледі:
1. Кітап қорынтарихи-танымдық
әдебиетпентолықтыру -150,0 мыңтеңге.
– әдебиеттер алуға – 120,0 мыңтеңге,
– тарихи-танымдық мерзімдік
басылымдарға – 30,0 мыңтеңге.
2. Техникалыққұрал–жабдықтаралу, эстетикалық
талғамғасайбезендіружұмыстарына – 145,0 мыңтеңге.
Кеңсетауарларыналуға – 5,0 мыңтеңге.“Атамұра” бағдарламасынжүзегеасырудыңнегізгібағыттары2006 жылы Орда ауылдық кітапханасында облыстық деңгейде өткізілген семинар-кеңесте осы жоба аясында «Атажұрт» тарихи – танымдық ойыны оздырылған болатын. Қазіргі кезде бұл жоба бойынша «Бабалар мұрасы» клубы жұмыс жасайды. Мақсаты : өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау, ұлттық жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп жинақтау, бабаларымыздың салт–дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өлкеге байланысты әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар жүргізу болып табылады.Клуб мүшелерінің бастамасымен кітапханада және мұражайда жерлес академик Хамит Мадановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Халқымның қасиетті ұлылары», жерлес Батырлар Мәншүк Мәметова мен Темір Масинге арналған «Ерліктері ешқашан ұмытылмайды» және «Тауқыметті жылдар тағдыры» атты тақырыптық іс- шаралар Шәңгерей Бөкеев туралы «Бөкейден қалған бір тұяқ» атты саяхат кешіне ұласып, «Тарихтан тағлым» атты ауызша журнал ұйымдастырылды. Сондай –ақ өз өлкеміздің тарихынан сыр шертер көнекөз қариялармен ауылдағы еңбек, соғыс ардагерлерімен, зейнеткер кітапханашылармен кездесу ұйымдастырып отырады.Қазіргі таңда экология- күн тәртібінде түспей тұрған өзекті мәселе . Жас ұрпақтың бойына адамзаттың аялы бесігі – табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында да «Атамекен » жас экологтар клубы жұмыс жасайды. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы клуб мүшелері орман шаруашылығы мекемелерімен, мектептердің өлкетанушыларымен қарым қатынаста жұмыс жасайды.Орда өңірінің экологиясын, табиғатын танып білуде, атамекенге, туған жерге, Отанға деген перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеуде «Нарын тағдыры –біздің тағдырымыз» атты кітап көрмесін шығарып, әдебиеттерге шолу жасады. «Табиғатты қорғау –болашақты ойлау » атты ауызша журнал , «Кім көрер көз жасыңды қайран Нарын» атты дөңгелек үстел өткізді.
Өлкетанушылық жұмыс бағыттары тек кітап қорын толықтырумен шектелмейді, өлке тарихын зерттеу жұмыстарының басым бағыттары музей, аурухана, мектеп қызметкерлерімен, әкімшілік орындармен жүргізіледі. Қазан айында М. Мәметованың туғанына-85 жыл толуына орай «Мәншүктің өшпес ерлігі» тақырыбында Мәншүк ескерткіші тұсында ауыл тұрғындарымен, әкімшіліктің қатысуымен үлкен шара-тақырыптық кеш өтті. Орда ауылы Жәнгір мектебінің -165 жылдығын облыстық деңгейде атап өтті. Кітапхана « Ұлыдан қалған ұлағат ұясы » атты кітап көрмесін шығарып, шараларға қатысты.
Кітапхана әдістеме- библиографиялық жұмыс жүргізу бағытында
«Тарихтан тағлым» /Орда тарихы туралы және Ш:Бөкеев, С.Бабажанов, А Тәжетдинов туралы/
—«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» / М. Мәметова, Т. Масин туралы
—- «Шежірелі жылдар мен сандар»/ Бөкей ордасының тарихи жылнамасы /
—- «Жарқ еткен жасын ғұмыр» /М.Мәметова арналған библиографиялық көрсеткіш / атты әдістемелік құралдар шығарды.
Қазіргі таңда кітапханаға РАБИС бағдарламасы енгізілген Модем алынып, Интернет жүйесі қосылу үстінде.Орда ауылдық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі: оқу залы мен абонименттен тұрады. 2001 жылдан бастап Орда ауылдық кітапханасының меңгерушісі. Өз ісінің шебері кітапхана ісіне өзінің адалдығын еңбегімен дәлелдей білген таңдағы мәдениетін көтеру, елін сүйер ұрпағын тәрбиелеуде де еңбегі ұшаң-теңіз.
Қазіргі заман талабына сай оқырман сұранысын қанағаттандыруда тәжірибесі мол Райхан Хамитова кітапханадағы кітап қорын оқырмандар арасында кеңінен насихаттап, әртүрлі қызықты тақырыптық кештер, тренинг-ойындар, танымдық кештер, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып отырады.Орда ауылдық кітапханасы ауылдық мектеппен, Бөкей ордасы тарихи мұражайының қызметкерлерімен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен тығыз байланыс жүргізе отырып, әртүрлі мәдени–көпшілік шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.Орда ауылдық кітапханасы «Атамұра» кітапханалық жобасы бойынша жұмыс жүргізуді қолға алды.
Аудан көлеміндегі ауылдық кітапханалардың мамандарына Райхан Хамитова оларға түрлі кеңестер беріп, практикалық, іс-тәжірибелік көмектер көрсетіп отырады. Ол өз әріптестері алдында зор беделге ие, үнемі өзінің жинақтаған өмірлік, іскерлік іс-тәжірбиесімен бөлісіп отырады.
Орда ауылдық кітапханасы аудандағы үлгі кітапханаға айналып отырғанының басты себебі де Райхан Хамитова өз ісіне деген сүйіспеншілігінің, табысты еңбегінің арқасы. 2008 жылдың мамыр айынан бастап зейнеткерлікке шықты. Бүгінгі күні Орда ауылдық кітапханасының меңгерушілік қызметін Ұ.Дүйсенғалиева, ал кітапханашы қызметін А.Гумарова. атқарып келеді. 2006 жылы шілде айында облыстық кітапхананың қолдауымен Орда ауылдық кітапханасында «Кітапханашы және оқырман: қарым-қатынас негізі» тақырыбында семинар кеңес оздырылды. Бұл семинар кеңеске облыстың барлық аудандарының кітапханашылары, әдіскерлері және директорлары, аудандық кітапхананың кітапханашылары түгелдей қатысты. Осы семинар кеңеске ауыл әкімі Р.Зұлқашев, орман шаруашылығының директоры Т.Саматов демеушілік жасап, «Орда тарихи-мәдени кешенінің» директоры Т.Махимов Орда тарихынан сыр шертер видеофильм көрсетті.
Өлкемізден шыққан жерлес ақын Т.Жароковтың туғанына 100 жыл толуына арнап «Тайыр халқының жүрегінде» кітап көрме ұйымдастырып «Өшпес өмір өлмес жыр» поэзия кешін өткізді. Астана қаласының 10 жылдығына орай «Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі» кітап көрме, «Астана бас қала» тақырыптық кеш өткізді. Еліміз бойынша өткен «Бір ел бір кітап» акциясына кітапханада М.Әуезовтың «Қилы заман» кітабына оқырмандар конференциясын өткізіп «Әлем таныған Әуезов» кітап көрмесін шығарып әдебиеттеріне шолу жасады.
Мекеме төлқұжаты
Мекеменің атауы: Орда балалар кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1964 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 60
Облыс орталығанан арақашықтығы: 610
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы : 381.3 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны : 735
Кітап қоры : 14373
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық,библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Орда ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Әбілқайрова Нұрлы Нұрболатқызы
Орда балалар кітапханасының тарихы
Орда селосындағы балалар кітапханасы 1964 жылы март айында құрылған. Бұл кітапханада алғашында кітап саны 2650 дана болған. Ескі Дом Пионеров орнында ашылған. Кітапхананы жоғары білімді маман, коммунист Бибіфатима Шакиржанова басқарды.
Орда балалар кітапханасы мақтау грамотасымен марапатталды. Еңбектері ескеріліп 1970 жылы 24 мартта Президиум Верховного Совета СССР атынан юбилейный медальмен марапатталды. Қазақтың қол-өнерін насихаттауда қазақтың 100 теру-алашасын Алматыға көрмеге апарды. 1984 жылы атқарған еңбектері үшін «Алтын қолды шебер» дипломмен марапатталып, заттай сыйлық алды.
1985 жылы Алматыға Республикалық семинарға қатысты. Балалармен жасөспірмдерге коммунистік тәрбие беру жөнінде облысқа, Ресейге, ауданаралық сайыстарға қатысып, қазақтың киіз үйін және ішкі көрінісін, қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттауда алдыңғы орынға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.
1973 жылы білімін жетілдіру мақсатында Республикалық мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институтында оқып куәлік алып шықты. 1990ж. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1975 жылы мақтау қағазымен наградтталды.1991жылы зейнеткерлікке шықты. Содан кейін 1996 жылы Калиева Ира қабылдап алған. Ол 1961 жылы туылған. Ақтөбе мәдени ағарту училищесін сырттай бітірген.
Сонымен қатар кітапханада Мүккінділігі шектеулі балалармен «Қайырымдылық, қамқорлық, мейірімділік» атты жоба бойынша «Мейірімділік » клубы ,өлке тарихын оқып зерттеушілерге арналған «Жас өлкетанушылар» клубы, бастауыш сынып оқушылары үшін «Негешілер» клубы жұмыс жасайды.
Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да,әдебиетті де,басқа ғажайып дүниелерді де кітапханадан табамыз.Талай оқиғалардың куәсі, болған бұл ғимарат 1889 жылы қыркүйекте Ордада бастауыш білім беретін орыс мектебі болып ашылған. Ашылғанан бастап, 1955 жылға дейін орыс мектебі болып жұмыс жасап,кейін мектеп жанындағы ер балалар жатақханасы, 1970 жылдан Пионерлер үйі, 1987-1990 жылдары Жастар орталығы болды. Қазіргі таңда тарихи ғимарат күрделі жөндеуден өтіп,қайта қалпына келтіріліп Орда балалар кітапханасы болып ашылды.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Тайғара ауылдық кітапханасы
Ведмостволық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт
министрлігі
Құрылған жылы: 1975 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 80
Облыс орталығынан арақашықтығы: 540
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 48 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 113
Кітап қоры: 7234
Қызмет көрсету түрі: Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету
Мекен-жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Тайғара ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Берікбаева Ынтазар Саламатқызы
Тайғара филиал кітапханасы
Тайғара ауылы бұрын Орда ауданы, Орда совхозының «Үштерек» екінші бөлімшесі болса, 1975 жылы 5 мамырда осы аудан құрамында Мұратсай совхозы құрылғанда оның үшінші бөлімшесі болды. Қазір Мұратсай селолық округіне қарасты Тайғара елді мекені деп аталады.
1978 жылы Тайғара бөлімшесінде алғашқы кітапхана 900 дана кітап қорымен ашылды. Қызыл отау үйінің меңгерушісі болып онжылдық мектепті бітірген Ебінова Гүлбаршын жұмыс жасады. 1980 жылы оқуға баруына байланысты орнына 1980-1981 жылдар аралығында уақытша Ғаббасова Бақыт қызмет етті. 1982 жылдан осы кезге дейін Тайғара ауылдық кітапхана меңгерушісі болып Люба Сұлтанова жұмыс жасап келеді.
Ебінова Гүлбаршын, 1976 жылы Тайғара ауылы құрылғанда жаңадан кітапхана ашылды. 1978 жылы кітапханада уақытша кітапханашы болып жұмыс жасады. 1980 жылы кітапханашылық қызметті уақытша Бақыт Ғаббасова атқарып, Сұлтанова Любаға тапсырды.
Сұлтанова Люба Сәбитқызы 1976 жылы Атырау мәдени–ағарту училищесінің 3 жылдық кітапхана курсын тамамдап, арнайы мамандық алды.
1979 жылдан 1981 жылға дейін Орда аудандық орталықтандырылған кітапханасынының оқу залында өз мамандығы бойынша жұмыс жасады.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Үштерек филиал кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы : 1981 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 75
Облыс орталығанан арақашықтығы : 475
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 82 ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 150
Кітап қоры : 7176
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Үштерек ауылы
Кітапханашы : Жұмағұлова Гулдана Асылбекқызы
Үштерек ауылдық-филиал кітапханасы
Орда округіне қарасты Үштерек елді мекені 18 шақырымда орналасқан. Кітапханада 1992 жылдары Мәжитова Лаура қызмет жасады. Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетіп сұранысын орындап отырды. 1994 жылдары кітапхана жабылып қалды. 2000 жылы аудан әкімінің шешімімен осы кітапхана қайта ашылып кітапханашы болып Шамелова Кулсура жұмыс жасады. Сол кезде кітап қоры 4873 болды. Кітапханада кітап көрмелері шығарылып ауыл тұрғындарымен әр түрлі шаралар өткізіп отырды. 2008-2012 жылға дейін Түменова Данагүл жұмыс жасады.
2013 жылдың қаңтар айынан жоғары білімді жас маман Сембиева Лунара қызмет жасап келеді. Елбасының жолдауын насихаттауда «Елбасы жолдауы-елдіктің қолдауы» кітап көрме жасап әңгіме шолу өткізсе,ауылдағы жазғы лагер оқушыларымен «Қасиетті-көк байрақ» атты тақырыптық кеш, «Теңдесі жоқ –тарихи жеңіс» сурет көрмесін жасап оған оқушылардың суреттері қойылды.Т.Жароковтың 150 жылдығына орай «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты мәнерлеп оқу сайысын, М.Өтемісұлының 210 жылдығына «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» поэзия кешін өткізді. Наурыз мерекесіне арнап ауыл тұрғындарамен «Қош келдің, Әз Наурыз» тақырыптық танымдық кеш өткізді.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Ұялы ауылдық кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Құрылған жылы: 1953 жыл
Аудан орталығынан арақашықтығы: 180
Облыс орталығанан арақашықтығы : 370
Ғимрат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 120ш/м
Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме
Оқырман саны: 700
Кітап қоры : 14529
Қызмет көрсету түрі: оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық,библиографиялық қызмет көрсету,білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Орда ауылы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні : Ибраева Анаргүл Талгатовна
Ұялы ауылдық кітапханасы
1953 жылы «Ұялы» ауыл советінің кітапханасы ашылған. Онда алғаш рет Қапешова Мақтипа жұмыс жасаған. Кейін Демеуов жалғастырған. 1967 жылы «Искра» ауылы құрылған. 1972 жылы «Искра» ауылында орталық кітапхана ашылған. Кітапхананың алғашқы қорында 800 кітап,150 оқырмандары болды. А.Маданова Искра орта мектебін 1975 жылы бітіріп, 1978 жылы Гурьев мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөліміне оқуға түсіп, бітірген соң өз мамандығы бойынша күні бүгінге дейін Искра ауылдық кітапханасында қызмет жасап келе жатқан өз ісіне берілген маман кітапханашы.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 160 жылдығына, Қазақстандағы Пушкин жылына байланысты кітап көрмесі, Ресейдегі Абай жылына байланысты «Өлең сөздің- патшасы» атты кітап көрмесі. «Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артыңда сөз қалдырған» атты әдеби кеш өткізді Ш.Қалдаяқовтың туғанына 70 жыл толуына «Ән аға» тақырыбында әдеби саз кешін өткізді. «Ата салтым-кең пейіл дарқандығым» атты әдеби музыкалық кездесу өткізіліп, «Жолдау жол сілтейді» тақырыбында папка жинақталды. «Жолдау биік межелерге жетелейді» тақырыбында кітап көрмесі шығарылды.
«2000 жылы Мәдениет қолдау» жылында кітапхана «Кітапханаға кітап сыйлайық» атты акциясын ұйымдастырып өткізді. Осы акцияда ауылдың белсенді оқырмандары кітапхана қорына 250 кітап сыйлады. Осы жылы ауылдың ардагерлерімен үлкен көлемде «Майдангерлер ортамызда» тақырыбында оқырмандармен, оқушылармен ауыл мамандарының, әкімшіліктің қатысуымен кездесу кешін өткізді. 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына байланысты байқауға «Ерлік ерге мұра» атты кітапша жасап, І орынды иеленді. Аудандық көлемінде өткен «Ауыл энциклопедиясы –Шағын Отан» байқауында ІІІ –орынды иеленді. А.Маданова басқаратын кітапхана бүгінде көпшілік жиі бас қосатын, рухани және мәдени орынға айналуда.
Мекеме төлқұжаты
Мекеме атауы: Шоңай ауылдық кітапханасы
Ведмоствалық құрылымы: Қазақстан Республикасы ның Мәдениет және
спорт министрлігі
Құрылған жылы : 1975 жыл
Аудан орталығынан арақышықтығы: 35
Облыс орталығынан арақашықтығы: 585
Ғимарат түрі (типтік немесе бейімделген): бейімделген
Аумағы: 66 ш/м
Меншік түрі: мемлекетттік мекеме
Оқырман саны: 215
Кітап қоры : 8470
Қызмет көрсету түрі: Оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық, библиографиялық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау.
Мекен – жайы және байланыс телефоны: Бөкейорда ауданы, Шоңай ауылдық кітапханасы
Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Джумагельдиева Бақытгүл Науырзаевна
1974 жылдан Меңдібике Елегенова М.Мәметова атындағы совхоздың №3 фермасында кітапханашы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ферманың халықтың бақылау тобының белсенді мүшесі, саяси хабарламашысы болды.
«Малшы –шопандар, сіздер үшін», «Қозыны көп алу және оны күту жолдары», «Егін орағы-екпінді майдан», «Халыққа атейстік білім беру» және экономикалық тақырыптан оқыған лекцияларын, әңімелерін шаруашылық өмірімен байланыстырып отырды.
Меңдібике өзінің негізгі қызметін де үлгілі де тиянақты атқара алады. Олардың ішінде малшы, механизаторда көптеп саналады. Кітапханашы жаңа кітаптар бойынша оқырмандар конференциясын да өткізуді дәстүрге ендірген. Л.И.Брежнев жолдастың «Тың» атты естелігі бойынша, Н.А.Островскийдің туғанына 75 жыл толуына арналған конференциялар өткізді.
1980 жылы В.И.Ленин 110 жыл толу қарсаңында, әдебиеттерді насихаттау бағытында «Көсем, ұстаз және дос» тақырыбында плакат шығарып, «Ленин, партия, халық» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап көрмелері мен плакттардың жанында кітаптар туралы әңгіме, шолулар өткізілді.
1981 жыл өмір талабына орай, халыққа жақсы қызмет көрсетіп, ел құрметіне бөленіп келе жатқан таңдаулы кітапханашылардың бірі –ВЛКСМ мүшесі Күлекен Бертлеуова. Ол Гурьев мәдениет ағарту училищесін бітіріп, Шоңай селолық кітапханасына орналасып, азғантай уақыттың ішінде Күлекен жұмысқа деген ынтасын көрсете білді. Кітапханада «КПСС ХХҮІ съезінің шешімдерін жүзеге асырайық», «Халықтар достығы –совет қоғамының мызғымас тірегі», «Жаңа кітаптар» атты кітаптар көрмелерімен қатар, «Партия жоспары –халық жоспары» атты плакат, «Балалар сіздер үшін» атты шығарма картотека өзінің мақмұндылығы жағынан да әсем безендірілген сәнділігімен назар аударды.
1981 жылы сәуір айында кітапханада «Совет үкіметі үшін күрескен ағалар» кездесу кешін өткізді. Игі шараларды ұйымдастыруға ферма активтері белсене араласты. Бертлеуова оқырмандарға кітаптарын әртүрлі саласын насихаттаумен қатар, кітапханада жетіспейтін кітаптарды оқырманның сұрауы бойынша олардың талап –тілектерін басқа кітапханадан кітап алмастыру арқылы орындап отырады. Кітапханада «Біздің кітапхана» атты фотоальбомға жасаған. Кітапханада еңбек озаттарының тәжірибелерін насихаттауда «Азық-түлік программасы –бүкіл –халықтың ісі», «Июнь Пленумының шешімдерін жүзеге асырайық» сияқты тақырыптарға арнайы стендтер, көрмелер, кештер, жауынгерлік беттер ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы әдебиеттерін насихаттау да жақсы тәжірибелерге қол жетті. Кітапханаларда озат тәжірибе бұрышын ұйымдастырған, еңбекшілер арасында право тәртібін насихаттауда «Адам және заң» атты кездесу кеші көпшілік көңілінен шықты. Шоңай селолық кітапханасы оқырмандар қажетін барынша зерттеп, біркелкі қанағаттандыруға жетісуде. Кітапханада кітапты насихаттау ісі, бұқарамен байланыс жолға қойылған. Жаңада//таныстырлады. Кітапханашы К.Бертілеува ферма басшыларымен, еңбек коллективтерінің жетекшілерімен, тығыз байланыста жұмыс істеді.