Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы:                                       Алғабас ауылдық модельді кітапханасы

Ведомстволық құрылымы:                Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы:                                1956 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 60 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 90 км

Ғимараттың түрі:                                 бейімделген

/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/                        160 м2

Меншік түрі:                                        мемлекеттік мекеме

Оқырман саны:                                    1100

Кітап қоры:                                          30910 дана

Қызмет көрсету түрі:                           тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс  Қазақстан  облысы Сырым ауданы Алғабас ауылы

8 (71134) 51-3-39

 

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Карина Улболсын

 

 

Алғабас ауылдық модельді кітапханаcының шежіресі

Оқырман саны:1100

Кітап берілімі: 12460 дана.

Кітап қоры: 30910 дана.

 

 

Тарих – әрі кәрі, әрі жас. Кәрі болатыны – онда адамзат тарихы ежелден тартып, бүгінге дейін мәңгіге сақталады. Жас болатыны – сол ежелгіні бүгінге сақтап жеткізеді. Ортада болатын өзгерістер болса, оған уақыт, заман кінәлі. Айналып келгенде оның өзі де тарих.

«Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген ұлы ғалым А.Байтұрсыновтың сөзінде зор мағына бар.

Өз ұлтының өткенін қастерлеп, бүгінгі күннің қажетіне жарата білу келешегінен үміт күттірер өркениетті елдің үлесіне  ғана тиеді.

Тарихымыздың ұзын-сонар, сан-қилы жолынан өткен мәдени үрдістерімізді шашау шығармай бүгінгі және келешек ұрпақтың мұрасына айналдыру жолында кітаптың атқарар ролі орасан зор.

Адам баласы жабырқаған кезде жанына медет іздейді. Оған бірінші кезекте ұлттық саз бен кітап тосқауыл бола алады. Рухани жан дүниеңе демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Сонау сан ғаырлық тарихымыз бізге хатқа түскен кітаппен жеткен еді. Тәрбиеміздің бастауы – ертегі, жыр-дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті.

Атам қазақ: «Білімнің бастауы – кітап» десе, данышпан Абай: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дейді. Адамның ақыл-ойы мен тіршілік тынысын тоғыстырған асыл қазына – кітапты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан мәдени қоғамдық орынның бірі – бұл кітапхана.

Кітапхана өмірі – сырт көзге біліне де, байқала да бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Бүгінгі таңда ақпараттар өрісінің кеңеюі мен баспа өнімдерінің көбеюі – егемендіктің арқасында төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендей түскенінің айқын айғағы. Мемлекет қолдау көрсетіп отырған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ұмыт бола бастаған өнер, мәдениет адамдарының еңбегін паш ету келер ұрпақтың бүгінгі басты міндеті. Егемен ел атанып, мәдени құнды мұраларымызды жинақтап, тарихымызды таразылай бастаған кезде, киелі шаңырақ ауылдық кітапхана тарихын біліп отыру келер ұрпақты кітапханамен жақындастыруға, дәуір тынысын сезінуге көмектесер деген ойдамыз.

1997 жылы жаңа нарықтық экономикаға байланысты «Қызыл ту» колхозы таратылып Алғабас ауылдық округi, 5 серiктестiк, 70-ке жуық қосалқы шаруа қожалықтары құрылды. Алғабас ауылдың округiне қарасты 2 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 1 мәдениет үйi, 2  ауылдық кітапхана, 5 фельдшерлiк пункт бар. Қазiргi кезде Алғабас ауылында егiн және мал шаруашылықтарымен айналысады. 1997-1998 жылдары қатты қуаңшылық болғанымен кейiнгi жылдары жақсы өнiм алуда. Ауылдық жер үздiксiз электр, байланыс желiсiмен қамтылған.

 

Кітапхана тарихы

Алғабас ауылы өзінің іргесін 1934-1935 жылдары қалаған болса, ол кезде ауыл шағын «МТС» болып құрылып, ауылдың шетінде, бүгінде зират қасында «Қызыл бұрыш» деп аталатын тегін кітап беретін арнайы орын болған.

Осы «Қызыл бұрышта» Оразғалиева Меруерт кітапханашы болып қызмет еткен. Тарихымызда басты орын алатын халқымыздың басынан кешкен сталиндік қуғын-сүргін зұлматы жайлаған қысылтаяң кезеңде Меруерт апай небәрі 4 жылдай еңбек етті. Бүгінде қызы Сара (ол да зейнеткер жасында) тірі бола тұра, ата-анасының суретін заман зобалаңына орай сақтай алмаған. 1938 жылы Меруерт апайдың жолдасы Оразғалиев Хұсайынды «халық жауы» деген жаламен ұсталуымен қатар «халық жауының әйелі» деген жаламен қызметінен босатылады.

Алғабас ауылында 1954 жылға дейін келеңсіз жағдайларға орай кітапхана тұрақты жұмыс істемеген. Себептері мыналар: МТС болып құрылған кезінде заман ағымы қиындап және халық саны аз болды.

Сонымен бүгінгі күнге дейін еңбек еткен кітапханашылар және кітапхана көрсеткіштері мынадай: Сапина Клара – 1934 жылы Батыс Қазақстан облысы (Орал), Сырым (Жымпиты) ауданы, Жосалы совхозында дүниеге келген. 10 жылдық білімін бүгінде Қ.Мырза Әли атындағы орта мектебінен тәмәмдайды. Жанұя жағдайымен, әрі қаржы тапшылығымен өз бетімен оқуға бара алмай, 1952 жылдан бастап Алғабас МТС-де қара жұмыспен айналысып еңбек жолын бастайды. Тамаша даусы бар жас қыз басшылардың көзіне түсіп, өнерлі, әрі еңбексүйгіштігі бар жас талант иесі 1954 жылы Буденный ауылында кітапханашы болып еңбек жолын бастайды. Ол еңбек кітапшасында былай баяндалады: «1954. VI. 16. Джамбейтинский рай.  отдел культуры. Назначено заведующей избой-читальной колхоза Буденный Казахстанского с/совета зав. рай. отдел культуры Бурамбаев».

1956 жылы бүгінгі Алғабас ауылы «Қызыл ту» колхозы атанып «орталық» болып бекітілген соң, осы жылдан бастап Буденныйдағы кітапхана колхоз орталығына көшіріліп, шағын клуб ішінен халыққа арнайы кітапхана қызмет көрсетеді. Клара апай алғашқы 1956 жылы колхоз орталығында кітапхана ашылған кезде кітапхананың кітап қоры небәрі 500 дана ғана әдебиет болғанын, еңбек ақысының да жарытымсыз 38 теңге ғана құралғанын еске алып айтады. Ол кісі бұл кітапханада тұрақты 1956 жылдан 1964 жылға дейін еңбек етеді. Бұл жылдары кітап қоры 1000-1500 данаға дейін көбейеді. Кітапханашы 1964 жылдан 1977 жылға дейін денсаулығына және жанұя жағдайына байланысты колхозда жеңіл-желпі жұмыстар атқарады. 1977 жылы осы колхозға қарасты Қызыл ту бөлімшесінде клуб бой көтеріп, жолдасының жұмыс бабымен клуб меңгерушісі болып тағайындалып, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен.

Бүгінгі күні мақтанып еске алатын сәтті кезең: Қазақстан Республикасы кітапханашыларының І съезіне делегат болып қатысқан, аудан бойынша небәрі екі адам ғана қатысқан. Және қуанышты кезеңі Клара апай «халық жазушысы» өз жерлесіміз, белгілі ақын Қ.Мырза Әлидің бір класта оқыған сыныптасы болғанын мақтан тұтады. Қ.Мырза Әлидің 60 жылдық тойында бірге отырып өткенді еске алса, 70 жылдық мерейтойында БҚМУ акт залында кездескен. Жолдасы Ищанов Байызханмен 1953 жылы отбасын құрып, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген, бүгінде 4 немеренің, 4 жиеннің ардақты ата-әжесі болып зейнет ғұмыр кешуде. Әр жылдары «Құрмет» грамоталарымен жемісті еңбегі үшін марапатталған.

Сапина Клараның Мәдениет министрлігінен және аудандық мәдениет бөлімінен алған мақтау қағаздары

 

Сапина Клараның Мәдениет министрлігінен және аудандық мәдениет бөлімінен алған мақтау қағаздары

Еркінғалиева Ұлдай 1941 жылы 28 маусымда Сырым (Жымпиты) ауданы, Буденный елдімекенінде дүниеге келеді. 1960 жылы Алғабас орта мектебінен он жылдық білім алып, маман жетіспеуіне байланысты осы жылдың 1 шілдесінен бастап Алғабас ауылдық кітапханасына «кітапханашы» болып кіріп,  1970 жылға дейін еңбек етеді. Жұмыс істей жүріп 1960-1962 жылдар ішінде Шымкент қаласындағы мәдениет техникумының «кітапханалық іс» факультетінің сырттай бөлімінде оқып білімін жетілдіреді. 1975 жылға дейін осы салада еңбек етіп, тұрмыс құрып, жанұялық жағдайымен Алматы қаласына көшіп, 4 жылдай тұрады да, кейін өз туған ауылы Алғабасқа келіп колхоздың басқа салаларында еңбек етіп, 1996 жылы зейнеткерлікке шығады.

Бұл жылдары кітапхананың кітап қоры 2500 мыңға жуық әдебиеттер болған.

Кітапханада түрлі тақырыпқа шығарылған қабырға газеттері, бюллетеньдер, жарыс озаттары туралы деректерден жасақталған альбомда әр тоқсан сайын шығарылып жүрген. Кітапханада сонымен бірге ауылда совет өкіметін орнатуға, колхоздастыруға белсене қатысқан. Ардагерлермен, ҰОС-на қатысушы ардагерлермен де кездесу кештері өткізіліп отырған. Бұл жылдары белең алған басты тақырып: еңбек тақырыбы болған. Сондықтан кітапханада «Еңбек ардагерлері», «Еңбек абырой әпереді, даңқа бөлейді», т.б. тақырыппен кітап көрмелері, бұрыштар тартымды шығарылады. Өкінішке орай мекеме басшыларының салдыр-салақтығынан ба, көп фотосурет сақталмаған. Ұлдай апайдың сапалы жұмыстарының нақты дәлелі 1973 жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрген «Жарыс мұраты» атты шағын кітапша. Кітап  негізінен социалистік жарысқа түскен екі ауданның қажырлы еңбек көрсеткіштері, осы көрсеткіште бір кісідей  ат салысқан ауданға қарасты әр совхоздан еңбек ерлері туралы мағлұматтар берілсе, кітаптың 86-бетінде сол кезде кітапханашы болып істеген Ұ.Еркінғалиеваның есімі және ерен еңбегі жайлы қысқаша баян етілген. Ұлдай апай еңбек еткен жылдары 1966 жылы жаз айында және күзде: жазушы М.Шолохов, ақын М.Хакімжанова, 1969 жылы Х.Есенжановпен де кездесулер өткізілген. 1973 жылы күзде ауылдық кітапхананы Оразғалиева Жаңыл Бөкешқызы қабылдап алады.

Оразғалиева Жаңыл Бөкешқызы 1954 жылы 1 маусымда Сырым (Жымпиты) ауданы, Қызыл ту колхозына қарасты Әйімбек деген жерде дүниеге келген. Орта мектепті осы Алғабас ауылынан бітіріп шығады. 1971-ші мектеп бітірген жылы аудандық кооперативтік училищесінің курсанты болып қабылданып, 1 жылдық курсты тәмәмдайды.

Жаңыл Бөкешқызы 1973 жылдан бастап 1986 жылға дейін осы кітапханада еңбек етеді.

Еңбек еткен жылдары съездер мен пленумдар шешімдерін нақты іс жүзінде көрсету бағытымен кітапханада үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Ақын-жазушылардың мерейтойларына орай әдеби кештер, конференциялар өткізіліп отырылған.

Жаңыл Бөкешқызы декреттік демалысқа кеткен кезде Сиполлиева Сәуле Қамидоллақызы кітапхана меңгерушісі болған. 

 

Кітапхана шылар Оразғалиева Жаңыл және Сиполлиева Сәуленің далалы жерлердегі еңбеккерлер арасында үгіт бригадасымен бірге жүрген кездері.

1986 жылы облыстық бүгінгі Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашыны еңбегі мен білімін ұштастыру негізінде аттестация өткізіліп, кітапханашылық мамандығы жөніндегі дипломы жоқ болғандықтан жұмыстан қол үзуге тура келіп, кітапхананы арнаулы кітапханашылық білімі бар Досқалиева Ләззатқа тапсырады.

 

Досқалиева Ләззат Діңкеқызы ауылдық кітапханада небәрі 2 жыл еңбек етіп, Орал қаласына жанұясымен көшіп кетеді.

1988 жылдың қыркүйек айынан бастап Сағынғалиева Жанна есімді кітапханашы ауыл кітапханасын қабылдап алады.

1986 жылғы кітап қоры: 9601

1986 жылғы қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер саны: 443

Оқырман саны: 328

Балалар: 86

Кітап берілімі: 2683

17 көпшілік шара өткізілген, оның ішінде балалармен 3 қана шара өткізілген.

Өткізілген шаралар тақырыбы:

«Әйел – Ана: қайраткер»

«Бірінші байлық – Денсаулық» атты

«Ленин мәңгі тірі»

«Отан үшін от кешкендер»

«Герой Казахстана»

«Пионерлер – комсомол ізбасарлары»

«Механизаторлар, сіздер үшін» атты кітап көрмелері

«Жас үгітші»

«Сайлауды лайықты табыстармен қарсы алайық» атты бұрыштар

«Кім болам?» сұрақ-жауап кеші

«Балалар біздің болашағымыз» атты ауызша журналдар өткізілген.

1986-1988 жылдары аралығында Алғабас ауылдық кітапханасына мемлекет тарапынан 14 атаулы мерзімді басылымдар жаздырылып алынған. Олар: «Сельская молодежь»,  «Календарь  знаменательных и памятных дат», «Культура и жизнь», «Сельская жизнь», «Приуралье», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері», «Қызыл ту», «Известия», «Орал өңірі», «соф. постан. пр. СССР», «Пионер. Правда», «Правда». 

 

Кітапханашы Досқалиева Ләззат дайындаған альбом

 

Сағынғалиева Жанна Самиғоллақызы 1968 жылы 2 тамызда Сырым (Жымпиты) ауданы Алғабас (Қызыл ту колхозы) ауылында дүниеге келген. Он жылдық орта білімін мектепті бүгінгі М.Қаналыұлы атындағы мектептен бітіріп шығады. Мектеп бітірген 1985 жылы Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1987 жылы тәмәмдайды. Бір жыл аудандық кітапханада «абонемент» бөлімінде еңбек етеді де, 1988 жылы өз туған ауылына оралып «кітапхана меңгерушісі» болып тағайындалады. Жанна Самиғоллақызы кітапхананы қабылдап алған кезде кітап қоры 8 мыңдай дана ғана болған еді. 1990-1991 жылдары еліміз тәуелсіздік алғанмен «нарық қатынастары» қыспаққа алып, 1992  жылдан 1998-ші жылдың ортасына дейін «штат қысқартылуына» орай кітапханашы жарты ставкамен еңбек ете бастайды. Осы жылдары Алғабас ауылына қарасты Буденный, Қызыл ту елді-мекеніндегі шағын кітапхана жабылып, ондағы кітап қоры орталық «Алғабас» ауылдық кітапханасына көшіріліп жинақталады. Сонда 1998 жылғы кітапхананың кітап қоры 18 800 дана әдебиет болып, ескірген кітаптардан 944 дана әдебиет актке шығарылды.

2000-шы «мәдениетті қолдау» жылы мәдениет қызметінің жұмыстары күрделіленіп, қатаң талап қойылып, Ж.Самиғоллақызы жұмысынан босатылып Ұлболсын Қалқаманқызына кітапхананы тапсырады.

 

 1988-2000-шы жылдар арасындағы кітапхананың ішкі жағдайы, кітап көрмелері

Карина Ұлболсын Қалқаманқызы 1965 жылы Жаңақала ауданы Маштексай совхозында дүниеге келеді. Он жылдық орта мектепті Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы санаториялық мектеп-интернатынан бітіріп, 1982-1984 жылдар аралығында Сырым ауданында құрылыста «сылақшы» болып еңбек етеді. 1985 жылы Атырау қаласындағы мәдени-ағарту колледжінің «мәдени жұмыстар ұйымдастырушысы» факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы сәтті аяқтап шығады. 1988 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алғабас ауылына қарасты Жаңа өңір ауылдық клубына меңгеруші болып тағайындалып, еңбек жолын бастайды.

Ұ.Қалқаманқызының клуб меңгерушісі болып жүріп, кезекті концерттік бағдарламасымен ауылдық жерлерде іссапарда жүрген кезі

1989 жылы отбасын құрып, Алғабас ауылдық мәдениет үйіне әдістемеші болып жұмысқа ауысады. Мәдениет үйінің қызметкері болып 1997 жылға дейін еңбек етіп, «нарық қатынасының» енуімен жұмысынан қысқартылады. 1997-2000 жылдар аралығында жұмыссыз қалады да, 2000-шы жылдың 1 шілдесінен бастап Алғабас ауылдық кітапханасына кітапханашы жұмысына шақыртылады. Ұлболсын Қалқаманқызы кітапхананы қабылдап алған кездегі кітап қоры 18 656 дана әдебиет болды.

ХХІ ғасырға аяқ басқан ақпараттар өрісінің кеңеюі адамзатты білімді, саналы, жан-жақты болуды талап етіп отыр. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз Қазақстанның «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданған болса, бүгінде он жыл ішінде әлем таңданарлық жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Елбасының Н.Ә.Назарбаев 1997 жылғы халыққа Жолдауы ретінде жария етілген стратегия өзінің өміршеңдігін көрсетіп, ел өмірінің барлық саласын дамытудың негізгі жобасын айқындап берді.

Заман талабына сай үлкен серпінмен бәсекелестікке ұмтылу бағытында мәдениет пен әдеби мұраның зерттелуін, сақталуын халық арасында насихаттауға түрлі игі шаралармен атсалысқан Алғабас ауылдық кітапхананың бүгінгі таңдағы кітап қоры 20 148.

Оқырмандар саны: 750

Кітап берілімі: 9800

Кітапханада «Әділет» атты мүдделестер клубы, «Шебер қолдар» активі жұмыс істейді.

Алғабас ауыл тұрғындарының саны 1610 болатын болса, оның жартысының дені кітапхана оқырмандары.  Ауылдық кітапхананың ең басты міндеті: жас ұрпақты кітап оқуға баулу, оларды адалдық, адамзаттық, тазалық, ізгілік, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін, жазба мұраларын насихаттау, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болатын болса, оған дәлел түрлі тақырыпты қамтыған мына шаралар айқын көрсетеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын талқылаудағы мектеп ұстаздарымен талқылау негізінде дөңгелек үстел

 

 

 Қас жүйрік ақын Қ.Аманжоловтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізілген оқырмандар конференциясы

 

Кітапхананың белсенді оқырмандарымен

 

ҰОС ардагерлерімен кездесу кешінде

 

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай өткізілген көпшілік шара

 

Кітапханашы Ұ.Қалқаманқызы ең жас оқырман балаларды кітапхана жаздырып алатын балалар журналымен таныстыру сәті

 

Кітапхана жұмысын өркендету бағытымен елбасы жарлығымен 2004-2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасының «Шағын Отан» байқауына қатысып, 2005 жылы ынталандыру дипломымен марапатталады. 2006 жылы аудандық мәдениет бөлімінің І дәрежелі дипломымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдық мерекесі қарсаңында «Мәдениет саласындағы абыройлы қызметі» үшін ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

2007 жылы көктемде күрделі жөндеуден өткізілген Мәдениет үйі ғимараты. Кітапхана Мәдениет үйі ішінде орналасқан

Кітапханашы Ұ.Карина жұмыс үстінде

Кітапханадағы кітап көрмелері

Кітапханашы өзі жаздырып алатын «Жеке кітапхана» атты мерзімді басылымдар бұрышы

Кітапханашы Карина Ұ. «Жаңа кітаптар» атты жаңа әдебиеттердің көрмесіне шолу жасауда.

Алғабас ауылдық модельді кітапханасына 2009 жылы, 12 маусым күні: жаңа заман талабына орай оқырман сұранысын қанағаттандыру үшін кітап қоры, ақпараттық ресурстары мол, жаңа технологиямен қамтылып, материалдық базасы үлгілік қалыпқа сай жабдықталған «Модельді ауыл кітапханасы» статусы берілді.

 

Алғабас ауылдық кітапханасы базасында өткен
“Оқу – ұлт мәдениетінің негізі” тақырыбындағы
облыстық семинар-тренинг 2009 жылы ұйымдастырылды.

 

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен,2009 жылғы «Мағжан Жұмабаев танымы – қазақ әлемі» атты ауызша журнал ұйымдастырылды.

 

Кітапхана «КАБИС» бағдарламасымен күні бүгінге дейін жұмыстанып, өлкеміздің ақын-жазушыларының шығармаларын электронды жүйеге алмастырып, оқырмандар көзімен оқылуда.

2010 жылы, «Тәуелсіз Қазақстанның рухани өрлеуіндегі кітапхананың маңызы» тақырыбында аудандық зерделі кеңес ұйымдастырылды.

Алғабас ауылының халық саны: 1213 адам. Кітапхана Мәдениет үйі ішіне орналасқан, абонемент, оқу залы бар, аумағы 160 кв/м. Жаңа статус алғаннан бері қарай кітапханада түрлі маман иелерімен, ардагерлермен, көпшілік оқырмандар тобымен, балалармен алуан тақырыпта қызықты шаралар ұйымдастырылып келеді. 2015 жылы облыстық «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы» байқауына оқырман отбасы Жұбашевтар қатысып, «Білімді отбасы» номинациясымен марапатталды.

2016 жылы кітапханашы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануды үйрену бағытында Қарағанды қаласына төрт күндік курсқа барып қайттым.

2018 жылы республикалық «Рухани қазына» фестиваліне қатысып, «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша облыстан «Дипломмен» марапатталдық. Көптеген ауданаралық, облыстық, республикалық түрлі кітапханаішілік байқауларға оқырмандарымыз қатысып, жетістіктерге жетуде. 2000 жылы оқырмандар саны – 750-800 ғана болса, бүгінгі таңғда 1105 ке жетіп отыр. 2020 жылы Алғабас ауылдық модельді кітапханасына Қарағанды ауылдық кітапханасының қоры қосылып, бүгінгі таңдағы кітап қоры:30946 дана әдебиет,16851 қазақ тілінде.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1955 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 28 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 180 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 108 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 700

Кітап қоры: 18844 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Кубаева Гулимхан Бакытжановна

Аралтөбе ауылдық модельді кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 700
Кітап берілімі: 12005 дана.
Кітап қоры: 18844 дана.

Аралтөбе – Сырым ауданына қарасты, орталығы Жымпиты ауылы ,ауданнан солтүстікке қарай-28км.қашытықта орналасқан. Аралтөбе-осы аттас ауылдық округтің орталығы.Ол Шідерті өзенін оң жақ жағалауындағы қойнауында орналасқан.
Аралтөбе ауылдық округіне Аралтөбе, Қызылағаш ауылдары және Тіксай, Бөрібас елді мекендері кіреді. Округте бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) және 34 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Серіктестік пен шаруакожалықтары негізінен егістікпен айналасады. Жылдан жылға егістік көлемі өсіп, одан диқаншылар өте жақсы өнім алуда. 1990 жылдан бері осы шаруашылықта
Аралтөбе ауылдық округінде 305 жанұяда 1600 адам тұрады. Екі орта мектеп жұмыс істейді, екі мектепте 400 оқушыға дәріс берілуде. 2 ауылдық кітапхана,мәдениет үйі,клуб, 2 дәрігерлік пунктер жұмыс жасайды.
1941 жылдың мамыр айында Аралтөбе ауылында шағын кітапхана құрылды. Сол жылдың маусым айында басталған Ұлы Отан соғысына қарамастан, қанша қиындық болса да мойымай еңбек еткен Жанұзақова Жонас әжеміз шағын кітапханада қызмет еткен. Партия ұйымының бастауымен сауатсыздықты жою топтары іске кірісіп, оған 200-ден астам ауыл тұрғыны тартылды. Бұл істі қарқынды жүргізу үшін кітапханадағы 1018 дана кітаптың негізгі бөлігі орыс тілінде екендігі, ал оны жергілікті халықтың әзірше меңгере алмайтындығы айтылып, жоғарғы орындардан ана тіліндегі әдебиетпен көмектесу жөнінде жәрдем сұралады.

1959-62 жылдары Аралтөбе ауылдық кітапханасында Әжымағамбетов Ахметжан деген ағамыз еңбек еткен.

Ишанғалиева Тойдық 1962 жылдан 1992 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. Ишанғалиева Т. Жұмысқа кірген уақытта 1444 дана кітап қоры болған.Жанұясында бес ұл,үш қыз тәрбиелеген.Ишанғалиева Тойдық қызмет еткен жылдары кітапханада көптеген қызықты көпшілік шаралар ұйымдастырылды.Кітап қоры 18 данаға жетіп,оқырман саны да көбейді. Ишанғалиева Т. Барлық еңбек еткен жылдарында бірнеше мәрте СССР мәдениет министрлігінің құрмет грамотасы (республикалық,облыстық,аудандық) марапаттауларына ие болды.

 


Сагиндыкова Анаргүл Ғалиасқарқызы – 1975 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келген.
М.Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетінің түлегі. Аралтөбе ауылдық кітапханасында 1998 жылдан 2006 жылға дейін кітапхана менгерушісі болып қызмет істеді. Кітапханада «Кәусар» атты үйірме жұмыс жасады.

Кубаева Гүлімхан Бақытжанқызы 1980 жылы Сырым ауданы Жаңа өңір ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Жаңа өңір орта мектебін бітірген. 2007 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің кітапханатану факультетін сыртқы бөлімін бітірген.2006 жылдан Аралтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып қызмет атқаруда.

2006 жылдан күні бүгінге дейін Аралтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметінде Кубаева Гүлімхан Бақытжанқызы еңбек етеді.
Аралтөбе ауылдық кітапханасы ауыл халқының мәдениетін көтеруге , ауылда кітапхана жұмысын жақсарту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауға кітапхана қорын толықтыруға, пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерінің жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, біршама жұмыстар атқарып келеді.
Аралтөбе мәдениет үйі 2005 жылы қайта күрделі жөндеуден өтті. Жылу жүйесі іске қосылды. Мәдениет үйінің директоры Хайрушева Светлана Сайынқызы.
Елбасы жолдауларымен үкімет саясатын халық арасында кеңінен насихаттау, ел өміріндегі маңызды саяси, рухани ахуалды қалыптастыру бағытындағы шараларды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп отырды.
Ауылдың өнер жанашыры «Жымпиты» ЖШС директоры Мүтәлі Серікқалиұлының қолдауымен, демеушісімен 2007 жылы маусым айында Ақ Жайықтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева мен ауыл тұрғындарының кездесу кеші болды. «Ақжайықтың Ақ шағаласы» атты кітап көрме. Оқырмандар А. Бақтыгерееваның өлеңдерін, өздерінің ақын апамызға арнаған өлеңдерін оқыды.

Кітапханадағы мәдени-көпшілік шаралар

Қазіргі уақытта кітапханада екі кітапханашы қызмет атқарады. Кітапханашы Кубаева Гүлімхан Бақытжан қызы, мамандығы ктапханашы білімі жоғары. Ережепова Гүлден Патихоллақызы, білімі арнаулы орта.
Кітапхана жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталған, жүйелі түрде балаларға арналған қазақ, орыс, әлем әдебиеттерін жаңартылып, олар кітап сөрелеріне кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша қойылады. Кітапханада оқу залы, балалар бөлімі, кітап қорын сақтау залы бар. Кітапхананың жалпы аумағы 108км шаршы метр, 18844 мың дана кітап қорымен, жылына 700 оқырманға қызмет көрсетіп, 13000 мың дана кітап берілімін қамтамасыз етеді. Кітапханада 32 мерзімді басылымдар атауын жаздырып алады.
Балалар бөлмесі Оқу залы

Аралтөбе ауылдық кітапханасы 2 компьютер, принтер, сканер, факс-телефон мен қатар, ИSВ Модем арқылы Интернетке кіру қамтамасыз етілген. Заман талабына сай жасақталған. Кітапхана 2014 жылдың 10 қазанында «Модельді ауылдық кітапхана» статусын алды.

Жерлес жазушымыз Жәрдем Тілековтың 110 жыл толуына орай «Қарымды қалам иесі » кітап көрме таныстырылымы.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Аудандық кітапхана

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылған жылы: 1921 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы аудан орталығында

Облыс орталығынан арақашықтығы 150 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 135 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 2400

Кітап қоры: 50810 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы Жымпиты ауылы
8-711-34-31-1-48

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Дина Гарифуллиевна Кажигалиева

Аудандық кітапхана шежіресі

К і т а п х а н а м

Анамдай ақ сүт берген кітап маған,
Сол кітап жан байлығым жұтатпаған.
Оқысам ой мен санам байи түсіп,
Сен мені ақын қылдың, кітапханам.

Ерте аштым есігіңді, кітапханам,
Сен менің талабымды мұқалтпаған.
Дарынмен, данышпанмен сырластым да,
Кезім жоқ шабыт отын тұтатпаған.

Бұл күнде сирек ашсам есігіңді,
Бола гөр шәкіртіңе кешірімді.
Білімді мектеп берген толықтырдың,
Ұмытам қалай сендей бесігімді.

Байытпаса ойымды жұтатпаған,
Өкпелі емес шығар кітап маған.
Төріңде сөре – сөре томдары бар
Бар бүгін үйімде кітапханам.

Кітап сүю сен берген қасиетім,
Құдіретіңе табыну бас ниетім.
Кітапханам, қарыздар мәңгі өзіңе,
Оқырманың бар мендей бас иетін.

М. Қажиахметов.
Аудандық кітапхана тарихы

Жымпиты – Сырым ауданының әкімшілік орталығы. Облыс орталығы -Орал қаласының оңтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде, Өлеңті өзенінің жағалауында орналасқан. Іргесі ХІХ ғасырдың соңында Жымпиты уезінің құрылуына байланысты қаланды. Сол өңірдегі ірі сауда–саттық орталығы болды. Татар және орыс саудагерлері Жымпитыда мешіт пен шіркеу салдырды. 1886 жылы Өлеңті өзенінің жағасында Жымпитының ірге тасы қаланды. Ауылда 1894 жылы екі кластық мектеп, 25 төсектік аурухана жұмысқа кірісті.
1914-1916 жылдары Жымпиты уезінде ұлт-азаттық қозғалысы болды.
1919 жылы қарашаның 19 жұлдызында Жымпиты кеңес өкіметі орнады .
1920 жылы Жымпиты уезінде ең әуелі кітап бұрышы, кейін келе қызыл отау болып құрылып, сауатсыздықты жою бағытында жұмыс жасаған. Кітапхана ашылған кезден бастап сауат ашатын орталыққа айналды.
1920 жылы қазанның 12 жұлдызында Орал губерниясының құрамында Жымпиты уезі ұйымдасты.
1923 жылы қазанда белгілі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, сол кездегі қазақ үкіметінің басшысы Сәкен Сейфуллин Жымпитыда болды.
1927 жылға дейін әуелі уезд орталығы, 1928 жылдан аудан орталығына айналды.
1937-1938 жылдары көптеген жымпитылықтар жазықсыз жазаланды, әділетсіздіктін құрбаны болды.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына 3501 адам жымпитылықтар қатысты. 1941 жылы немістер қоныстандырылды.
Ауылда қазіргі таңда бір орта мектеп, екі аурухана, мейманхана, мәдениет үйі, саябақ, сауда орталығы, екі мұражай, аудандық кітапхана және аудандық балалар кітапханасы, Сырым аудандық білім бөлімін, №19 кәсіптік техникалық мектеп, Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі, Сырым аудандық телекоммуникация торабы, “Қайнар” газеті редакциясы, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, спорт мектебі, ішкі істер бөлімі, салық комитеті, т.б. барлығы 30-ға жуық мекеме бар.
Ауылдағы халықтың басым көпшілігі қазақтар 99%, халық саны 5700. Кітапхана тарихы сонау 1920 жылдан басталады. Кітап – ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас бұлағы. Осы байлықты оқырмандарына ұсынып, кітапқұмардың бірден-бір насихатшысы болып отырған Сырым аудандық кітапханасы 1920 жылы Жымпиты уезінде ең әуелі кітап бұрышы, кейін келе қызыл отау болып құрылып, сауатсыздықты жою бағытында жұмыс жасаған. Ол кездегі кітап қоры туралы мәлімет жоқ. Кітапхана қоры өте жай өсті. 1921 жылы 19 сәуірде АССР-ның «Республикада кітапхана ісін орталықтандыру» туралы декреті жарияланды. Осы декреттен кейін жер-жерде кітапханалар өз жұмыстарын шаруашылық және саяси міндеттермен ұштастыра атқарып отырды. Аудандық кітапханада алғаш жылдары кім жұмыс жасағандығы белгісіз болып отыр.
1937-1945 жылдары арасында Абдушова Муслима апай жұмыс жасаған. Ол кісі жұмысқа кірген кездерде қазақ жазушылары Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтің шығармалары «Халық жауының» шығармалары деп айып тағылып, қордан шығарылған. Абдушова Муслима апайдан кейін аудандық кітапханада Нурманова Озипа, Каримова Сария, Айтбаева Ұмсын апай еңбек еткен.
1950-1952 жылы аудан бойынша 9 оқу залы болса, 1953 жылы аудандық балалар кітапханасы ашылып, жұмыс жасап келеді. Аудан бойынша 1954-1958 жылдар аралығында 15 кітапхана жұмыс жасады.
1952 жылы Жымпиты ауылында мәдениет үйі салынып, аудандық кітапхана соңда көшірілген.
1953 жылы аудандық кітапхананың меңгерушісі болып Каримова Сария тағайындалған. Каримова Сария 1923 жылы дүниеге келген.Орта білімді. Еңбек жолын 1944 жылы Қазақстан жеті жылдық мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1947 жылы балалар бақшасының меңгерушісі, 1953 жылы 25 мамырда аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалған. 1953-1964 аудандық меңгерушісі, 1964-1969 жылдары кітапханашы болып жемісті еңбек етті.
Кітап қоры алғаш ашылғанда өте аз болса, ол 1958 жылы кітап қоры 11638 данаға жеткен. СОКП Орталық Комитеті 1959 жылы қыркүйекте «Еліміздегі кітапхана ісінің жағдайы және оны жақсарту шаралары» туралы қаулы қабылдады.

1953 ж. аудандық кітапхана қызметкерлері көркемөнерпаздармен бірге.
Ауданға алғашқы рет жұмысқа жоғары білімді мамандар 1960 жылдардан соң келе бастады. Олардың қатарында Алматыдан оқу бітірген Күләш Құспанова, Мария Мұхамбетқалиева келді.
1964-1965 жылдардағы аудандық кітапхана меңгерушісі Каримова Сария болған кезде кітапханада көптеген игі шаралар оздырылды. Кітапханада үйге кітап таратушылар мен автоклуб жұмысы жандана бастады.

Аудандық кітапхананың кітап таратушылары. 1963 жыл.

1964 жылғы аудандық кітапхананың кеңес мүшелері.
Ортада аудандық кітапхананың меңгерушісі Каримова Сария

С.Сейфуллиннің 70 жасқа толуына орай кітап көрмесіне шолу. «С.Сейфуллин қазақ совет әдебиетінің тұңғышы» деген тақырыптағы әдеби кешіне әзірлік

1963-1965 жылдардағы кітапханадағы кітапханада шығарылған плакаттар

Мұханбетқалиева Мария 1939 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл елді мекенінде дүниеге келген.
1947-58 жылдары орта мектепте оқып, 1958-60
жылдары Атырау облысына қарасты Құлсары,
Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал (бұрынғы Фурманов ауданы) аудандарында шаруашылық жұмыстарына араласты. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1964 жылы кітапханатанушы-библиограф мамандығы бойынша тамамдап шықты. Осы жылы арнайы жолдамамен Жымпиты ауылына жіберіліп, мұнда аудандық кітапхана меңгерушісі болып тағайындалады. Аудандағы тұңғыш жоғары білімді кітапханашы М.Мұханбетқалиева 1966 жылы жолдасының қызмет бабымен Жосалы кеңшарына көшіп, осындағы ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1968 жылы аудан орталығына қайта көшіп, аудандық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарды. 1972-85 жылдары Жосалы кеңшарындағы А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985-1991 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық кітапханада «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Қазір құрметті демалыста. М.Мұханбетқалиева жанұяда 5 бала тәрбиелеп өсірген ана. Тұңғыш баласы Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы өмірден ерте кеткеніне қарамастан, артына өлмес туындылар қалдырған талантты қылқалам шебері.
1960-70 жылдары кітапхана байлығы халыққа қызмет ететін болсын деген партияның нұсқауын жүзеге асыра отырып, аудандық кітапхана кітапханашылардың бұқаралық жұмысты және әрбір оқушымен жеке жүргізетін жұмысты шұғыл жақсартуды қамтамасыз етуге, әдебиеттер беруді ұлғайтуға, сөйтіп барлық көпшілік кітапханаларында кітап қорының кемінде үш рет айналуын, ал әрбір кітапханада бір оқушы оқитын кітап санын: 20-25-ке жеткізуді қамтамасыз етуді басты мақсат еткен. Жер-жердің бәрінде әрбір семьяны кітаппен қамтамасыз етуге кітап тарататын колхоздармен совхоздардың бригадаларымен фермаларында, елді пункттердің шет аймақтарында көшпелі кітапхана ұйымдастыруған. Кітапханаларда бүкіл қызметіне коллективтік басшылық жүргізетін қоғамдық органдар ретінде кітапхана советінің ролін арттыруда кітапхана советі кітапхананың барлық жұмысына қатысып, жыл сайын халық алдында есеп беріп отырған, 1964-жылға қабылдаған социалистік міндеттемелердін орындалуына барлық кітапханашылар ат салысып партия, комсомол ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыстанған.
1968 жылы ауданда кітапхана саны 19-ға жетті. Барлық 19 кітапхана жылдық есептерін аудандық кітапханаға тапсырып отырған.
1970-80 жылдары. 1970 жылы аудандық кітапхананың кітап қоры 20089 данаға жетіп, 1100 оқырманға 48723 дана басылымдар таратылған.
1970 жылдардын басында аудандық кітапхананың меңгерушісі болып Уалиахметова Майра жұмыс жасады.
Уалиахметова Майра 1949 жылы 25 қарашада Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1966 жылы орта мектепті бітіріп, 1966-1968 жылдары Жамбыл орта мектебінде пионер жетекшісі болып жұмыс жасаған. 1968-1971 жылдары Ақтөбе мәдени ағарту училищесінде оқыды. 1971-1974 жылдары аудандық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1974-1981 аралығында Қосарал ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс жасады.

1990 жылы аудандық кітапханаға келіп оқу залында және кітаппен толықтыру бөлімінде кітапханашы болып жұмыс жасап зейнеткерлікке шықты.
1972 жылы аудандық кітапхананың оқырман саны 1265, кітап берілу саны 26160 дана орындалған.
1975 жыл. Аудандық кітапханада 33 жыл еңбек еткен кітапханашы Айтбаева Ұмсын оқырманға кітап таңдауға көмектесіп және жаңа әдебиеттер туралы ақпарат беруде.
Ұмсын Айтбаева 1955 жылы Ақтөбе қаласындағы екі жылдық мәдени ағарту қызметкерлерін дайындайтын училищені бітірісімен аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалды. Ал 1967 жылдан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін аудандық кітапханада кітапханашы болып еңбек етті. 30 жылға жуық мерзім ішінде қоғамдық саяси және көркем әдебиетерді насихаттаудағы сіңірген еңбегі зор. Ұмсын Айтбаева келген жылдары 1967 жылы кітап қоры 15000 дана болса, 1977 жылы 26000 данаға жеткен. Жыл санап кітап оқушылардың саны да өсіп отырған. 1967 жылы оқырман саны 780 болса, 1976 жылы 1300 оқырманға жетті. 1977 жылы 25 атаулы газетке, 75 атаулы түрлі журналдарға жазылған.

Аудандық кітапханадағы кітапханашылардың семинары

Аудандық кітапхананың оқу залы

Кітапханашы бұрышы, 1975 жыл. Жас кітапханашы мамандар көмекші құралдары, республикадан, облыстан келген әдістемелік, библиографиялық жинақталған

Жымпиты аудандық кітапханасы 1976 жыл
Оқу залы
Кітапхана активінің отырысы. Баяндамашы аудандық кіттапхана ме меңгерушісі Даулетова Ғалия.

1975 жылдары аудандық кітапханаға арналып бөлек ғимарат салынды. 1990 жылға дейін аудандық кітапхана осы ғимаратта оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетті.

Аудандық кітапхананың оқу залы 1976 ж.

Халық шаруашылығының әртүрлі саласындағы еңбекшілердің және оқушы жастардың жан дүниесін байыту мақсатында «Кітап – ұлы күш» атты әдеби кеш ұйымдастырылған.

Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» атты кітабы бойынша оқырман конференциясы өтуде. Конференцияға қатысушылар ауыл кітапханашылары, жұмысшылар, механизаторлар, ауыл шаруашылығы мамандары, комсомол секретарлары 1976 ж.

Кеңес дәуірі кезінде аудандық кітапхана өз жұмысын партия ұйымдарының басшылығымен КПСС ХХІV съезінің материалдарын насихаттауға арналған нақты жоспарларымен жүргізді, оны жүзеге асырды. Бұл істе бұқараға ықпал жасаудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланды. «КПСС ХХІV –съездің шешімдерін іске асырайық», «ІХ-бесжылдықта» атты кітап көрмелері шығарылды. СССР-дің 50 жылдығына «СССР-ға 50 жыл» атты кітапханалық плакаттары шығарылды. 1976 жылы 1340 оқырман, кітап қоры 25758, кітап берілімі 26985, 140 көпшілік шаралар өткізген.
1977 жылы кітап қоры 26000, оқырман саны 1300, кітап берілімі 5645 данаға жеткен.
КПСС Орталық Комитетінің «Еңбекшілерге коммунистік тәрбие беруде және ғылыми-техникалық прогресте кітапханалардың ролін арттыру туралы» қаулысы кітапханалар жұмысының одан әрі өрге басып, жұртшылық үшін, шын мағынасында, рухани орталық болуына игі әсерін тигізіп, кітапхана жұмысына жаңа бағыт берді.

Даулетова Галия 1974-1980 жылдары аудандық кітапхананың меңгерушісі болып қызмет атқарды. Даулетова Галия арнаулы орта білімді. 1974-1986 жылдары аудандық кітапханада белсенді еңбек етті.
Кітапхана меңгерушісінің оқырман сұранысына жауап беру сәті.

Кітапхана жұмысының нақты бір саласы-оқырмандар конференциясы. Кітапханалар сан тақырыпқа конференциялар, диспуттар өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған. Мысалы Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы бойынша оқушылар конференциясы мәдениет үйінде ұйымдастырылып, халық көп жиналғанған. Үлкен-кішіге ежелден таныс болғандықтан ол туралы осы кеште пікір айтушылар да аз болған жоқ.

Кітапханашы Бақтығалиева Тоқсұлу жаңа әдебиеттерге кітапханалық өңдеу жасауда. 1977 жыл

1977 жыл. М.Әуезовтің 80 жасқа толуына орай оқырман конференциясын өткізуге дайындық.

 

 

Әдіскер Мұқанова Сағидаш автоклуб меңгерушісіне кітап беруде.

Автоклуб мүшелері
орталықтан шалғай
елді-мекендерге іс-сапарға
жүрер алдындағы
сәтінен . Автобиблиотека
меңгерушісі Аманғалиева Рақима

Аудандық кітапхананың тақырыптық кешке арналған кітапханалық плакаты

Аудандық кітапхананың
өлкетану бағытында
ұйымдастырған «Өз өлкеңді
тани біл» атты кітап көрмесі.

 

 

 

 

Ай сайын шығарылатын «Біздің календарь» кітап көрмесі

Тақырыптық картотекалар

1977 жылғы аудандық кітапханадағы тақырыптық кітап көрмелері

1977 жылы ауданда облыстық мәдениет қызметкерлерінің семинары
өтті. Үздік кітапханашыларды марапаттау сәтінен

1980-90 жылдары: 1980 жылдан бастап аудан аумағындағы кітапханалар біріктіріліп, аудандық кітапхана осы кітапханалардың басын қосатын бір орталықтан кітап қорын қалыптастырып, әдістемелік көмек көрсететін шаңыраққа айналды. Кітапханалар халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай орталықтандырылған жүйесіне көшті. Аудандық кітапхана жаңа бөлімдермен толықты. Ауыл шаруашылығы бөлімі, бірыңғай кітап қоры бөлімі, кітаппен толықтыру бөлімі ашылып, кітапханаға жоғары білімді мамандар жұмысқа алынды. Аудандық кітапхананың бірінші директоры болып Сакаева С, әдіскері Муқанова Сағидаш, библиограф болып Ихсанова М, суретші Рахметов А, Дәулетова Г, Айтбаева Ұмсын, Қайжанова Гүлбағида бөлім меңгерушілері болып тағайындалды. 1980 жылдары аудандық кітапхана қазіргі мәдениет үйіне көшірілді.

1980 жылы Ж.Молдағалиевтің 60 жасқа толуына «Жыр өзегі -Жұбан» атты кездесу кеші өтті.

КПСС ХХІІ съезінде елдегі экономика мен мәдениеттің одан әрі дамуының белгіленген негізгі бағыттары жеке республикалар мен елдердің экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік ерекшеліктерін, ғылым мен мәдениетін, табиғаты мен табиғи ресурстарын барынша терең және жан-жақты зерттеу қажеттігін көрсеткен. Аудандық кітапханада алға қойылып отырған көптеген келелі міндеттердің ішінде өлкетану жұмыстары барынша дамыту ісі елеулі орын алды. Өлкетану әдебиеттерін өндірістік ғылыми білім саласындағы әдебиеттермен байланыстыра насихаттау ісі нығайды. Аудандық кітапханада «Ұлы Октябрь Орал өңірінде», «Жымпитыда совет өкіметінің орнауы» тақырыптық папкалар, «Біздің жерлес ақындарымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Соңымен қатар аудан бойынша өлкетану картотекасы жүргізілген. Ұстаздармен бірігіп жасөспірімдер арасында өз өлкесін, табиғаттың сырын, байлығын, қасиетін жақсы білу үшін «Жас өлкетанушылар» клубы ұйымдастырылды. Осы жылдары аудандық кітапханада өлкетану бағытындағы жұмыстар жандана бастады. Кітапхананың өлкетану жөніндегі әдебиеттер қорының құрамын қайта қарап, пайдалану дәрежесіне зерттеу жасау, бірыңғай орталықтанған кітапхана жүйелерінің анықтама библиографиялық аппаратын ұйымдастыру, оқырмандардың түрлі топтары арасында жүйелі информациялық жұмыстар жүргізілді. Әр жаңадан келген әдебиеттерге шолу жергілікті «Қызыл ту» газетінде «Кітапхана жаңалықтары» атты тақырыппен жарияланды.

Аудандық кітапханада халықаралық әйелдер күніне шығарылған кітапханалық плакат және еңбекші аналармен кездесу кеші.

 

 

 

Аудандық кітапхана қайта құру мен жеделдету бесжылдығында тындырымды істер атқарып жүрген барша еңбек адамдарының рухани нәр, мәдени дем алуын ұйымдастыруда сан түрлі жұмыстар атқарған. Келген оқырманға кітап жазып берумен шектеліп қоймай, елде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, көпшілікке насихаттап отырған. Оқырман конференцияларын т.б. шараларды ұйымдастыруда комсомол комитетінің секретары, партия хатшылары, балалар бақшасының тәрбиешілері, ұстаздар, жұмысшылар, зейнеткерлер, жастар белсенді ат салысқан.

1980 жылдардағы аудандық кітапханадағы тақырыптық кітап көрмелері

1988 жылдары аудандық кітапханада жүзге жуық газет-журналдарға жазылған.

1980-1986 жылдары Сақаева С. аудандық кітапхананың меңгерушісі болып қызмет етті.
1980 жылдары халықты қамтитын 34 кітапханада 54 орта білімді кітапханашы қызмет атқарды.
1987-1998 жылдары аудандық кітапханада ұзақ жылдар директор болып Тамара Хасенқызы Теміралиева қызмет жасады.
Қазақ жазушысы, жерлесіміз Х.Есенжановтың 80 жасқа толуына орай кәсіби мектеппен өткізілген «Ақжайықтан түлеп ұшқан» атты оқырман конференциясы

1980-1990 жылдар аралығының соңғы жылдарында аудандық кітапханада халық арасында кітапхана жұмысын мәнді де, мазмұнды етіп ұйымдастыруға көңіл бөле бастады. Оқырман арасында жаңа кітаптарды насихаттап, оқырмандар санын көбейтумен ғана шектелмей, сол кездегі үкіметтің қаулы-қарарларын түсіндірумен қатар қызықты диспуттар өткізілді. Жасөспірімдермен «Достық дегенді қалай түсінесің?» атты диспут ұйымдастырылған.
1990-2000 жылдары: 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары аудандық кітапхана жұмысының басты міндеті – еліміздің негізгі даму бағыттарын басшылыққа алып жұмыстану болды. Ел тәуелсіздігі біздің өміріміздің қай саласында болмасын қоғам дамуына үлкен ықпал жасады.
1990 жылы аудандық кітапхана типтік түрде салынған аудандық мәдениет үйіне көшірілді.
1990 жылғы мәлімет бойынша аудандағы 40 кітапханадағы оқырман саны 17 мыңға, ал кітап
қоры 300 мың данаға жетті. Кітапханалар одақтық, республикалық, облыстық баспасөз түрлерін түгелге жуық жаздырып алды. Жүйе бойынша 40 кітапхананың екеуі балалар кітапханасы, 1 аудандық кітапхана, 37 ауылдық кітапхана жұмыс істеді. Оларда 57 кітапханашы қызмет етті. Олардың 7 жоғары білімді, 40 арнаулы орта білімді болды.
Аудандық кітапхана нарық қиындығына қарамастан халқымыздың рухани жұтандыққа ұшырамауы жолында еңбек етті. Аудандық кітапхана алдымен жасалған жоспарларға сәйкес яғни, негізгі жұмыс бағыттарына өлкетану, ұлтаралық қатынастар, салт-дәстүрімізді, ана тілімізді қадірлеу, экологиялық ортаны қорғау, оқырмандардың рухани талап тілектерін қанағаттандыруға арнады.

1993 жылы аудандық кітапханадағы аудандық әскери комиссариат, кәсіптік-техникалық училищемен бірлесіп, әскери борышын өтегелі отырған жастармен кездесу кеші.

1993 жылдары көшпелі кітапхана астық қабылдау орны – Жымпиты кәсіпорнына барып, оқырмандарға «Іске сәт, егін орағы – 93» деген қабырға газетін шығарып, жұмысшылармен дөңгелек стол ұйымдастырған. Мәдениет бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, егін орағы бойынша мерзімді басылымдардағы мақалаларға шолу жасап, «Ақ қайың» ансамблі концерт қойған.
ҚР үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарындағы №31 қаулысына сай, аудандық мәдениет бөлімінің бұйрығымен мәдени мекемелердің жұмысын реформалау және оңтайландыруына байланысты, нарықтық экономикаға сәйкес келетін жүйеге көшу бағытында 22 ауылдық кітапхана қысқартылды.

1996 жылғы кітапхана оқырмандары

Аудандық кітапхана 1996 жылы 28 дана газет-журналға жазылған.

 

 

 

 

Аудандық кітапханадағы 1997 жылғы кітап көрмелері

 

Аудандық кітапханада «Ұрпақтар сіздерді мәңгі еске алады» атты кездесу кеші өтті. Кешке 1937-50 жылдардағы зобалаңды көзімен көрген көне көз қариялар, сол жылдары саяси қуғын –сүргін құрбанына айналғандардың ұрпақтары қатысты. 1937 жылы Жымпитыда мұғалім болып, жаламен атылған Ибыраш Букиннің қызы Зинат апай қатысты.

1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылында» аудандық кітапханада «Ұрпақтар аманат – бірлік» атты тарихи кеш ұйымдастырылып, жыл бойы «Аталар мұрасы – асыл қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылының» мән-мағынасын насихаттады.
1997 жылдан аудандық кітапхананың директоры Хасанова Раушан Қапанқызы басқарып келеді.
Хасанова Раушан Қапанқызы 1958 жылы туған. 1980 жылы Алматы педагогикалық институтының кітапханашы-библиограф мамандығын бітіріп шықты. Жоғары білімді маман. 1982 жылдан аудандық кітапханада қызмет етіп келеді. 1997 жылдан орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры.

2000-2007 жылдары 2000 жылы аудандық кітапхананың кітап қоры 77014 дана, оқырман саны 2500, кітап берілу саны 37000 дана.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары кітапханалар біршама қысқарды, бәрі қаржы жағдайына тірелді. Аудан бойынша 19 кітапхана 280407 кітап қорымен 14681 оқырманға қызмет көрсетті.
Аудандық кітапхана меңгерушілері
1937-1945 жылдары Абдушева Мүслима
1950-1953 жылдары Нурманова Өзипа
1953-1964 жылдары Каримова Сария
1964-1966 жылдары Мұханбетқалиева Мәрия
1966-1968 жылдары Исатаева Бағи
1968 -1970 жылдары Темиралиева Тамара Хасенқызы.
1971-1974 жылдары Уалиахметова Майра.
1974-1980 жылдары Даулетова Галия
1980-1986 жылдары директоры Сақаева Света
1987-1998 жылдары директорыТеміралиева Тамара Хасенқызы.
1998 жылдан директоры Хасанова Раушан Қапанқызы.

Теміралиева Тамара Хасанқызы 1942 жылы Орал қаласында дүниеге келген.Әкесі Темиралиев Хасен көп жылдар бойы Орал облыстық партия комитетінде, Жәнібек аудандық партиясының екінші хатшысы,Орда аудандық атқару комитетінің төрағасы,Қаратөбе совхозының директоры болып жұмыс жасады.
Теміралиева Т.Х. 1960 жылы мектепті Жамбыл қаласында бітірген,сол жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп,1965 жылы институттың кітапханатану факультетін бітірген.Институтта оқыған кездері Фрунзе қаласында өткен Орталық Азия және Қазақстан студенттерінің халықаралық конференциясына қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды.Бірнеше мәрте мақтау қағаздарымен марапатталды. 1965 жылы еңбек жолын Қособа орта мектебінен бастаған.1967 жылы Жымпиты аудандық кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалды.1970 жылы аудандық «Білім» ұйымының жауапты хатшысы қызметіне ауыстырылды.1972 жылы жолдасының Тасқұдық совхозының директоры жұмысына ауысуына байланысты,1977 жылға дейін мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.1977 жылы жолдасының аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы болып тағайындалуына байланысты,Тамара Хасенқызын аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметіне шақырады.1979 жылы «Білім» ұйымының жауапты хатшысы жұмысына ауысты.1987 жылы ОКЖ директоры қызметіне тағайындалды.Барлық еңбек еткен жылдарында бірнеше мәрте СССР мәдениет министрлігінің құрмет грамотасы (республикалық,облыстық,аудандық) марапаттауларына ие болды.
1997 жылдың қазан айында зейнеткерлікке шығып,қазіргі кезеңде Орал қаласында ұлы-Мақсат Телманұлымен бірге тұрады.
1965-1997 жылдардағы Жымпиты ауданының
мәдениет бөлімінің жұмысы туралы

Е С Т Е Л І К
Мен үшін алпысыншы жылдар – ең бақытты жылдар.
Қазақ Қыздар педагогикалық институтын бітіргеннен кейін мен күйеуім Бисембиев Телманмен Жымпиты ауылына келіп, аудандық кітапхананың меңгерушісі болып жұмыс жасадым. Сол кезде біздің мәдениет бөлімінің меңгерушісі өте тамаша, қайырымды Нұрманов Өтеген болды. Сол адам тұсында халықтық театр құрылды, онда Көптілеуов Әбу, Рахметов Қанатқали, Құлғалиева Жібек сынды әртістер, әнші Амангелді Ғұбайдуллин жұмыс жасады.
Ал аудандық кітапханада менімен бірге сол кезеңнің нағыз насихатшылары – Кажимова Сария, Айтбаева Ұмсын, Исатаева Бағи, Мұханбетқалиева Мария сияқты кітапханашылар жұмыс жасады. Аудан кітапханашылары арасында Абай ат. совхоз кітапханашысы Карина Ұрқияны еске алмауға болмайды. Ол Құрмет орденімен марапатталды. Сонымен қатар Тоғызбаева Күляш, Болатова Ботагөз, Махметова Күляш сынды кітапханашыларды атауға болады.
Ешбір кітап көрмесі суретшілер Бахметов Мади мен Рахметов Аяштың көркем безендіруінсіз болмайтын.
Барлық кітапханада тарихи оқиғалар мен даталы күндерге арналған тақырыптық, әдеби кештер өткізілетін. Мәдениет қызметкерлері мүмкіндігінше аудан тарихын насихаттады, азаматтық, отан соғысының батырлары – Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Сырым Датұлы сынды тарихи тұлғалармен таныстырды.
Аудандық кітапхана көп жылдар бойы бірнеше мәрте аудан, облыс, республика мақтау грамоталарымен марапатталды, әдістемелік және ақпараттық насихат орталығы болды.
Сол жылдардағы бірге жұмыс жасаған әріптестеріме алғысымды айтамын.
Темиралиева Т.Х.

Мен, Сакаева Гүлзия Уәлиқызы 1950 жылдың 3 ақпанында Грозный облысы Каясулы ауданының Махмуд-Мектеб ауылында мұғалімдер әулетінде дүниеге келдім. 1966 жылы Астрахань облысында орта мектепті үздік бітірдім. Содан кейін Орал музыкалық, педагогикалық училищесінде оқып, 1981 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірдім.
1970 жылы Орал облысы Жымпиты ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны Сакаев Төлеу Молдашұлымен отбасын құрдым. Ол өзінің қысқа ғұмырының соңына дейін Жымпиты ауылында аудан тарихында алғаш балалар музыка мектебін құрып, директоры және «фортепиано» класының оқытушысы болды.
Алғашқы еңбек жолымды училищеде оқып жүргенде Орал қаласындағы №20 дүкенінің сатушысы қызметінен бастадым, содан кейін аудандық халыққа білім беру бөлімінде кассир, ал 1975-1980 жылдар аралығында Жымпиты аудандық атқару комитетінде хатшы-іс жүргізушісі, 1980-1987 жылдары Жымпиты аудандық кітапхана жүйесінің директоры болып жұмыс жасап, аудан кітапханаларына алғаш кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйесін енгіздім, ал 1987 жылы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ұйымының жауапты хатшысы қызметіне ауыстырды. Осы кезеңде Жымпиты аудандық атқару комитетінің төрағасы Гааль Александр Петровичпен бірлесіп, Жымпиты уезінде Совет үкіметінің құрылу тарихын мұрағат құжаттарынан көтеріп анықтадық, мұны аудандық өлкетану мұражайындағы құжаттар жинағы және сол кезеңдегі орнатылған ескерткіш куәландырады.
1988-1990 жылдары аудандық атқару комитетінің (әкімшілік) жалпы бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасадым, республика бойынша іс жүргізу ісіне мемлекеттік тіл – қазақ тілін енгізу кезінде ауданда алғашқылардың бірі болдық.
1990-1999 жылдары Жымпиты аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болдым, әділет кеңесшісі деген дәрежем бар.
Содан кейін отбасы жағдайымен облыс орталығы Орал қаласына көшіп, 2002-2004 жылдары ТДК-42 тәуелсіз телевизиялық каналының директоры болып жұмыс жасадым, содан кейін күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облыстық маслихаттың баспасөз хатшысы болып жұмыс жасаймын.
Үш бала тәрбиелеп, өсірдім. Ұлым Алмаз – ІІБ офицері, қызым Саида – Сырым аудандық ОКЖ қызметкері, қызым Заира – облыстық бір газеттің аға менеджері, 8 немерем бар.

Кітапхана қазірге кезеңде

Бүгінде кітап қорындағы кітаптардың мазмұны жағынан өте бай екендігін де айтқанымыз жөн. Кітапхананың кітап қоры әмбебап, 51339 дана. Бұлар – қазақ, орыс, шет ел тілдеріндегі әдеби, ғылыми-көпшілік, білім салаларын қамтыған әдебиеттер. Онда қазақ жазушыларының, шетел және орыс классиктерінің орыс және қазақ тілдеріндегі шығармалары баршылық. Сонымен қатар ғылыми фантастикалық, қоғамдық-саяси, өнертану тағы басқа салалардағы әдебиеттер де осы кітапханамыздан орын алған. Аудандық кітапхана 35 атаулы, бағасы 57500 теңгенің мерзімді басылымдарына жазылды. 2006 жылы облыстық кітапханадан 915 дана жаңа әдебиеттер келді.

Аудандық кітапханада 10 қызметкер жұмыс жасайды, оның 9 арнаулы жоғары білімді кітапханашы және 1 суретші. Оқырмандарға кітаптарды насихаттауда кітапханашылар жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін өмірге батыл енгізе отырып жұмыс жасауда. Кітапханада оқырман конференциялары мен диспуттар, кітап көрмелері, әдебиеттерге шолу, тағы басқа жұмыс түрлерімен қатар, кітапхананың әуесқойлар клубы жұмыс жасауда.

 

 

Кітапханада “Өлкетану”, “Инабат”, “Жас жанұя” клубтары жұмыс жасайды.
Аудандық кітапхана ауылдық кітапханалардың орталығы. Аудандық кітапхана қазіргі кезде 21 ауылдық кітапханаға кітапхана ісін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсетеді. Аудандық кітапхананың әдістемелік бөлімі кітапханашылардың мамандығын жетілдіруде жылма-жыл зерделі кеңестер өткізеді.

 

 

Ауданымызда 2004 жылы Бұлдырты ауылдық кітапханасы базасында облыстық зерделі кеңес өтті.

Облыстық “Ауыл энциклопедиясы – шағын Отан” байқауы ІІ кезең бойынша ұйымдастырылып, облыс бойынша І кезеңде аудандық кітапхана бас жүлдені, ІІ кезең бойынша 1 орынды иеленді.

Аудан бойынша кітапханалар саны дамуда

 

Аудандық  округтар бойынша 2004 2005 2006
1 Алғабас а/округі  2 2 2
2 Аралтөбе  а/округі 2 2 2
3 Бұлан  а/округі 2 2 2
4 Бұлдырты  а/округі 1 2 2
5 Елтай  а/округі 1 1 1
6 Жетікөл  а/округі 1 1 1
7 Жосалы  а/округі 2 2 2
8  Қособа  а/округі 1 1 1
9 Сарой  а/округі 2 2 2
10 Талдыбұлақ  а/округі 2 2 2
11 Шолақ аңқаты   а/округі 2 2 3
12 Жымпиты  а/округі 3 3 3
  Барлығы 21 22 23

Аудандық кітапхана орналасқан мәдениет үйінің ғимараты

 

 

 

 

 

Аудандық кітапхана бөлімдері

– Абонемент бөлімі
– Оқу залы
– Әдістемелік-библиографиялық бөлім
– Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
– Кітапхана әкімшілігі тел. 21-6-28
Аудандық кітапхананың басты мақсаты халқымыздың рухани талап –тілегін қанағаттандырып, басылымдармен қамтуда қызмет ету. 51339 дана кітап қоры оқырмандардың әр түрлі білім саласы бойынша сұраныстарын қанағаттандырады. Кітапхана жыл сайын 35 атаулы мерзімді басылымдармен толығып отырылады. Сіздің сұранысыңыз бойынша библиографиялық және тақырыптық тізімдер, кітап көрмелерін жасақтайды. Кітапхана жұмысын автоматтандыруда «РАБИС» бағдарламасы бойынша электронды каталог жасақталуда. Сізді қызықтыратын тақырып бойынша ақпарат күнін өткізу, ауызша анықтама беру, көпшілік шаралар т.б. қызмет түрлерін ұсынады.
Кажғалиева Дина Ғарифолллақызы

Сан ғасыр көшін жалғастырып, ұрпақтан–ұрпаққа жеткен мәдениетіміздің мұрасы – кітапты бүгінгі замандастарымыз бен келешек ұрпақтың игілігіне жаратуға өлшеусіз үлес қосып жүрген құрметке лайықты кітапхана маманы. Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Кажғалиева Дина Ғарифолллақызы. Дина 1968 жылы Жымпиты ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алғабас орта мектебін бітіріп, 1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы үздік бітіріп, осы жылы Сырым аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып жұмысқа орналасқан. 2001 жылы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-ң кітапханатану және библиография бөліміне сырттай оқуға түсіп, 2004 жылы бітірген. Аудандық кітапханада 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Оқырмандарға ұсынылатын әдебиеттерді жетік білуі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, оқырмандарының арасында зор беделге ие болуына, олардың құрметіне бөленуге ықпал етті. Дина Ғарифолллақызы кітапхана ісінің әдістерін жан-жақты меңгерген, өз міндетін үздік атқаратын, жас мамандарға ақылшы ұстаз маман. Ұжымда беделді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер.

Абонемент бөлімі

Бұл бөлімде ауыл тұрғындары үйге кітап және мерзімді басылымдарды алып оқуына болады. Кітап қоры 40 000 дана орыс және қазақ тілінде. Кітап қоры барлық білім салаларымен қамтылған. Бұл бөлімде оның ішінде көркем әдебиеттерге, классикалық, қазақ және шетел әдебиеттеріне өте бай. Оқырман үшін бөлім кітап алатын орын ғана емес, олар мұңда өз білімімен және өмірлік тәжірибелерімен де бөлісетін орталыққа айналған. Оқырмандар көмегімен түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Кітапханада кітап көрмелері, викториналық ойындар, қызықты әдеби кештер, конференциялар т.б. шаралар ұйымдастырылады. Кітапхана аралық абонемент, керекті басылымдарды, кітаптарды басқа кітапханалардан сұраныс жасап алып береді. «Инабат» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды.

 

Оқу залы

Аудандық кітапхананың оқу залында 1000 жуық оқырманы бар, оқырман құрылымы әр түрлі, оқырман сұранысын өзінің кітап қоры есебінен қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге, дәрігерлерге, жастарға, жасөспірімдерге т.б. барлық білім саласы бойынша әдебиеттер оқу залында беріледі. Жаңа әдебиеттердің келгенін насихаттауда «Жаңа кітаптар» атты көрме ұйымдастырады. Қазіргі өзекті мәселелер бойынша әр түрлі тақырыпта кітап көрмелерін ұйымдастырады. Оқырмандармен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады.

 

 

Әдістемелік –библиографиялық бөлім

Әдістемелік-библиографиялық бөлім – кітапханалардың әдістемелік орталығы. Бұл орталық методикалық бағытта қызмет етеді. Орталық мына бағытта жұмыс жасайды:
– Кітапханалардың жұмыс сапасы мен нәтижесін арттыру;
– Хабарлама–талдау жұмыстарын жеткізу;
– Алдыңғы қатардағы тәжірибе жұмыстарды тарату;
Методикалық көмек көрсетуде, мәселен әдістемелік құралдар дайындау, нұсқаулар жазу кітапханашылардың мамандығын арттыруда түрлі семинар кеңестер, конференция, дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жыл сайын ауыл кітапханаларына Аудандық кітапхана қызметкерлерінің озық тәжірибелерін анықтап, оны аудандағы басқа кітапханалар назарына ұсынады. Іс сапарларда болып, кітапханаларға көмек көрсетеді, баспа және талдау қызметтерімен айналысады.
Бөлімдегі библиографиялық жұмыстың басты мақсаты – оқырманның сұранысына жауап беру, ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау.
Анықтама – билиографиялық ақпарат құрамына мыналар кіреді:
– Анықтама және библиографиялық басылымдар қоры;
– Каталогтар мен картотекалар;
– Орындалған анықтамалар қоры;
Анықтамалық басылымдар қоры сирек кездесетін библиографиялық кітаптар, энциклопедиялар, анықтама сөздіктер, күнтізбелер құрайды. Мынадай каталогтар мен картотекалармен жұмыс жүргізіледі:
– алфавиттік каталог
– жүйелі коталог
– өлкетану картотекасы
– тақырыптық картотекалар
Мамандарға арналған «Мамандар күні» библиография күні, хабарлама күндерін өткізеді. Библиограф аудан кітапханаларына библиография саласынан әдістемелік, іс–тәжірибелік нұсқаулар беріп іс-сапарда болып, кітапханашыларға көмек көрсетеді. Кітапханадағы басты бөлімдерінің бірі, себебі кітапханаға келген барлық оқырман анықтама-библиографиялық, ақпараттық аппаратын пайдалануға толық мүмкіншілігі бар.
Әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі Уалиахметова Айнур Жасұланқызы кітапхана базасында кітапханашының білім дәрежесін жетілдіруде кітапхана жұмысын автоматтандыру, кітапханалық бағдарламаларды ұйымдастыру, үлгілік кітапхананы ұйымдастыру т.б. өзекті мәселелер бойынша зерделі кеңестер ұйымдастырып, кітапхана қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары туралы кеңестер, баяндамалар дайындап, кітапханашылардың кәсіби білімін жетілдіруге ат салысуда.
Уалиахметова Айнұр Жасұланқызы 1971 жылы Жымпиты ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Шымкенттегі Әл–Фараби атындағы мәдени-педагогикалық институтының кітапханатану және библиография бөлімін үздік бітіріп шыққан. 1994 жылы еңбек жолын аудандық кітапхананың кітапханашысы болып бастаған. Айнұр қазіргі уақытта ОКЖ – нің библиография-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, әдіскер, өз ісінің шебері, мамандығын сүйеді. Өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жоғары білімді маман. Білімін үнемі жан-жақты жетілдіріп отырады.
Уалиахметова Айнұр – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол 1994 жылдан бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай оқырманның ой өрісі мен білімін жетілдіруге арналған көптеген әдістемелік көрсеткіштер шығарып, озық іс-тәжірибелері облыс көлемінде кітапханаларға таратылып жүр.
Кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімі

Бөлімнің басты міндеті жүйе бойынша кітапханалардың кітап қорын түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдармен толықтыру. Соңғы әр жылда жүйе бойынша кітап қорыңа 4000 астам кітап түссе, мерзімді басылымдар саны 260 данаға жетіп отыр. Жүйе бойынша кітап қоры 289513 дана, оның 113819 данасы қазақ тілінде.
Негізгі кітап қорын толықтыру көздері облыстық кітапхана, кітап дүкендері, мерзімді басылымдарға жазылу, жеке адамдардың сыйға берген әдебиеттері толығуда. Толықтыру және өңдеу бөлімі есеп каталогын, электронды каталогтар жүргізеді. Бөлімнің дәстүрлі каталогтары мен картоттекалары пайдаланушыларға қызмет етеді. 2003 жылдан кітапхана ісін автоматтандыруда РАБИС бағдарламасының моделі электронды каталог жасақталуда.
Біздің рухани дүниемізді байытып, ой-өрісімізді өркениетті елдердің озық ойлы азаматтары қатарына өткізетін бірден-бір құрал, ол кітапхана. Осы байлықты оқырмандарына ұсынып, бірден-бір насихатшысы болып отырған аудандық кітапхана.
Қазіргі уақытта кітапхана жергілікті тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстарының жан-жақты ақпараттық қажеттіліктерін ескеретін мәдени-ағарту және ақпараттық орталық болып отыр. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары кітаптарды насихаттау, оқырмандардың ой-өрісі, талап-тілегін өзінің алдына қойған мақсатымен ұштастыра отырып көпшілік шаралардың тиімді түрлерін ұйымдастыруда. Кітапхана жұмысын автоматтандыруда жаңа технологиямен жабдықтауда аудандық кітапханада қазіргі таңда 3 компьютер алынды. Кітапханаға жасөспірімдер, әр түрлі сала мамандары, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және тағы басқа топ оқырмандары өздерінің сұраныстарын қанағаттандыру үшін келеді. Кітап қорын насихаттау жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, оқырмандарды кітапханаға тарту, олардың сұраныстарын қанағаттандыру кітапхананың негізгі мақсаты болғандықтан көпшілік шаралар осы бағыттарда жүргізеді. Көпшілік шаралар оқырмандардың әр түрлі білім дәрежесі, мамандығы және жас ерекшелігі ескеріліп ұйымдастырылады. Аудандық кітапхана әрдайым жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін іздестіріп отырады, өз қызметтерінде әдеби мерекелер, байқаулар, викториналық ойындар, театрландырылған көріністер, дебат, ток-шоу т.б. жұмыс формаларын жиі қолданады. Оқырмандарға әдебиеттерді насихаттауда 38 көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 784 оқырман қатысты.
Кітапхана жұмысын бүгінгі күн талабына сай ұтымды ұйымдастыра алатын, көптеген жылдар бойына жемісті қызмет атқарып келе жатқан мамандар біздің ұжымның мақтанышы. Олардың қатарында Хасанова Р.Қ., Уалиахметова А., Кажғалиева Д., Қонақбаева Г., Уалиахметова М. және тағы басқалары. Құқықтық ақпараттар мен басылымдар, қазақ жазушыларының көркем шығармалары, туған өлкенің тарихы, мәдениет, тіл туралы мәліметтер мен өмірдегі күнделікті жаңалықтар және өзгерістер жайында көпшілікті хабардар ететін кітапхана.
25 – қазан Республика күні қарсаңында аудандық кітапханада «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында брейн-ринг танымдық ойны өтті. 40 оқырман қатынасты. Ойынға Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп және Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушылары қатысты.
20 наурызда кітапханаларда Наурыз мерекесіне арналып «Наурыз-думан» әдеби кеші өтті. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында өткен кеште наурыз мерекесінің ерекшелігі, бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі турасында айтылды. Кештен оқырмандар жақсы әсер алып, әр кітапханада 10-15 оқырман кітапханадан кітап жаздырып алған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне аудандық кітапханада «Ата заң – елдік тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
18 қазан Рухани келісім күніне орай Елбасының 1 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық мүддесі үшін маңызды 7 басымдықты ұсынды. Соның ішінде 6-шы басымдығын басшылыққа алып ұйымдастырылған «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы оздырылды. 25 жас оқырман қатынасты.
Аудандық кітапханада «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыптық кеш 17 оқырманмен өтті. Оқырман арасында салауатты өмір салтын өмірлік қағида ретінде ұстануға, иманды, әдепті болуға үндеу. Кеш барысында оқырмандарға темекі шегу, шарап ішу, нашақорлыққа салыну жолдарының зиянды әрекеттері тек сөзбен түсіндіріліп қана қоймай, болған оқиға ізімен көрініс көрсетіліп, салауатты өмір салтын ұстану негізінде адам өмірінің ерекшелігі бағаланып, жете түсіндірілді. Кеш соңынан 18 әдебиет оқырмандарға қолға берілді.
Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына байланысты кітапханада «Тәуелсіздікке 15 жыл» атты көрме шығарылды. Тақырыптық папка жинақталып, тақырыптық картотека жасақталды. Желтоқсан оқиғасының 20 жыл толуына орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде №19 кәсіптік мектеп студенттерінің қатысуымен «Желтоқсан рухы мәңгілік» атты тарихи кеш өтті. Кешке 35 оқырман қатысты.
«Жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесі жаңа келген кітаптармен толықтырылып, әдебиеттер тізбесі баспасөз беттеріне жарияланды.
Аудандық кітапханада жергілікті ақын Б.Тілегеновтың «Шеңбер» атты тұңғыш кітабына тұрақты оқырман тобына әдеби талқы жасалды. Аудандық кітапханада жерлес әнші, термеші А.Ғұбайдулиннің 55 жасқа толуына орай 22 мамырда «Сұлу әнімен тамсандырған жан еді» атты еске алу кеші оздырылды. Аудандық кітапханада Жосалы, Коминтерн кітапханаларында қазанда жерлесіміз суретші Жоламанов Мұратбек Тауфикұлының 40 жасқа толуына орай «Қылқалам шебері» атты еске алу кеші жасөспірімдермен оздырылды. Кешке 53 оқырман қатынасты.
Сырым елінің 68 ақынының жырлары жинақталған «Жыр өзегі-Жымпиты» кітабының тұсаукесері аудандық кітапхана ұйымдастыруымен 25 желтоқсанда өтті. Жинаққа өлеңдері енген авторлар шақырылды. Кешке аудан әкімі, ауылдық окургтер әкімдері, ақындар, мұғалімдер, т.б. оқырмандар қатысты. Кеш бейнетаспаға, фотоға түсірілді. «Жыр өзегі-Жымпиты» атты кітаптың макеті жасалып, кітап көрмесі шығарылды. Жинаққа енген 68 ақынның суреттері жинақталып кеш барысында мультимедиядан залда көрсетілді. Сырым ауданы ақындарының ұжымдық жинағының ашылу рәсімін аудан әкімі Ерлан Беркінұлы Нысанғалиев ашып, Сырым өңірі дарынға, мәдени мұраларға бай өңір, біз еліміздің құнды қазыналарын аршып алып, игілігімізге жаратуымыз керек, ел тарихына толымды дүниелер қосып, осы мақсатта үлкен істер тындыруымыз керек деген мағынада ойын айтып, кітап авторларын шын пейілмен құттықтады. Бұдан кейін ақын К.Хабиева, Орал қаласынан келген жерлес қонақтарымыз, кітап авторлары Бақтығали Тілегенов,Энгельс Шыңғалиев жергілікті авторлар Е.Баймұханбетов, Махмет Қажиахметов, жас ақын А.Сәрсенғалиева сөз сөйледі.
Жерлес жазушы М.Есламғалиев 60 жасқа толуына орай «Жайықтың жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жасөспірімдермен жазушы М.Есламғалиев 60 жасқа толуына орай шығармаларын насихаттауда «Жайықтың жарық жұлдызы» атты әдеби кеш өтті. Аудандық кітапханада Мұқадес Есламғалиевтің 60 жасқа толуына орай «Сырым елінің түлегі М.Есламғалиев 60 жаста» атты кітап көрмесі шығарылып, библиографиялық шолу жасалды. Шолуға 22 оқырман қатысты.
15 қаңтар күні «Кітап – рухани азығым» тақырыбында оқырман бенефисі өтті, кездесуге кітапхананың оқырмандары, зейнеткерлер №19 кәсіптік мектептің ұстаздары мен курсанттары, мәдениет бөлімінің қызметкерлері бас қосты.

Кітапхана қызметін жарнамалауда, насихаттауда, кітапханалда өткен көпшілік шаралар аудандық газетке беріліп, жарнамалық плакаттар шығарылды. Жергілікті “Қайнар” және облыстық “Орал өңірі” газеттерінде кітапхана жұмысын және өткізілген шаралардың тиімділігін ашып көрсету бағытында кітапхана жұмыстары үзбей жарияланады. Кітапханада кітапхана жұмысын насихаттауда қазіргі дизайндық үлгіде безендірілген “Ақпараттық қиылыс”, ”Оқырман назарына” атты жарнамалық беттер шығарылды. Әр түрлі сілтемелер мен буклеттер кітапханалардың және ОКЖ жұмысын насихаттауға арналып шығарылды.
Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Жақсы кітап-жан азығы» деп халық тегін айтпаған. Рухани байлықтың адамзатқа берері мол, қайтарымы шексіз. Сондықтан кітапхананың бұдан былай да маңызын артырып, беделін биіктете түсуге ат салысамыз.
Кітапхана тарихы осымен аяқталып қана қалмайды, жылдар бойы жалғасып ақ парақ бетінде тарих болып жазылып қала берері сөзсіз.

Алғашқы мұнайшы Хамит Ғабдуллинмен кездесу кеші

Жерлесіміз профессор Мусин Чапаймен кездесу кеші

«Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі» кітапханашылар сайысы

«Жылдың үздік кітапханашысы» кітапханашылар сайысы

Сырым Датұлына арналған «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу

№19 кәсіптік мектеп бірлесіп өткізілген «Әлем таныған Абай» атты танымдық кеш .

«Оқуға құштар Қазақстан» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесі

Соғыс ардагерлері Уалихан Қасмұханов және Базарбай Ерекешовпен кездесу кеші

Даталы күндерге ұйымдастырылған кітап көрмелері

Ж ы м п и т ы  а у ы л ы
Жымпиты -Сырым ауданы әкімшілігі ,1928 жылдан орталығы ,ауыл.Облыс орталығы-Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде ,Өлеңті өзенінің жағалауындағы қара жусан ,көкпек,бұйырғын өскен сортаңды-сор топырақты,шөлейт белдемде орналасқан.Тұрғыны 6 мың адам.Іргесі 19 ғасырдың соңында Жымпиты уезінің құрылуына байланысты қаланды.Ауыл 1895-97 ж.алғашқы аурухана және мектеп салынды.Сол өңірдегі ірі сауда –саттық орталығы болды.Татар және орыс саудагерлері Жымпитыда мешіт пен шіркеу салдырды.1927 жылға дейін әуелі уезд орталығы,1928 жылдан аудан орталығына айналды.Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер 1997 жылдан 22 шаруа қожалығы мен 1 серіктестікке біріктірілген.Ауыл 2 орта ,1 орталау мектеп,1 аурухана.2 фельдш.-акушерлік пункт, мейманхана, кинотеатр,мәдениет үйі ,клуб,кітапхана т.б. мекемелер бар.
Егістіктің басым бөлігі дәнді дақылдар үлесінде. Мысалы: осы 2003 жылы 79,4 мың гектар дәнді дақылдар егіліп, жалпы мөлшері 80,3 мың тоннадай астық жиналды.
Аудан көлемінде 14 ЖШС, 156 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкер, бір мектеп егін егумен шұғылданады. Шабындық жерлерден 510000 центнер мал азығы дайындалып отыр. Осымен бірге техникалық дақылдар, бау-бақша, жеміс – жидек алқаптарының көлемі жылдан жылға өсіп келеді.

Кітап – біздің рухани жан-азығымыз. Аудандық кітапхананың басты мақсаты – халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандырып, басылымдармен қамтуда қызмет көрсету. Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық кітапханада 2400-ге жуық оқырман, 51000 дана кітап қоры оқырмандардың әр түрлі білім саласы бойынша сұраныстары қанағаттандырады. Жыл сайын кітапхана қоры қажетті мөлшерде жаңартылып, 47 атаулы мерзімді басылымдармен толықтырылады.
Кітапханада жоспарлы көптеген іс-шаралар өткізіліп, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады: «Өлке тарихы – ел тарихы», «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тарихы», «Бір ел – бір кітап», «Жыл мерейтой иелері», «Кітап – сарқылмас рухани қазына», «Ұлы даланың жеті қыры», «Қазақтың тарланы – Қадыр ақын», «Мұқадес мәңгі өлмейтін жазушы», «Жаһанша – заңғар тұлға», «Ерен Ер Сырым», «Жазғы демалысқа кітаппен», «Ата заң – елдігіміздің еңсесі», «Әуезов әлемі», «Кел,жастар оқылық», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе», Отты жылдар шежіресі», «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр», «Ауған ақиқаты», «Жұбан жыры жадымызда», «Азаттық таңын аңсаған Алаш» т.б.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында «Шежірелі өлке» жобасы, жаңа әдебиеттерді насихаттауда «Әдебиет әлемінде» библиомикс кітапханалық жобасы, «Ашық аспан астындағы кітапхана», «Жазғы оқу» жобасы, «Инабат» әуесқойлар клубы, «Алтын оймақ» үйірмесі жұмыс істеп келеді.
Оқу залында адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен даналықты, әділдік пен қамқорлықты дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған «Парасат жолы» орталығы ашылды. «Парасат жолы» – адалдыққа бастар жол» тақырыбында көрме таныстырылымы өткізілді.

Кітапханада өлкемізден шыққан қаламгерлердің шығармаларын насихаттауда Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, талантты журналист, тележүргізуші Мұнайдар Балмолданың Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Дала көкжалы», Батыс ән мектебінің көрнекті өкілі болған әнші, термеші Амангелді Ғұбайдуллинге арналған «Ән Бекзадасы» атты кітаптарының тұсауы кесілді. 15 мамыр –Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында алтын той иелері Галимовтар, Қаналиевтер отбасыларымен кездесу кеші ұйымдастарылды.
«Шежірелі өлке» жобасы аясында туған жерге деген сүйіспеншілігін ісімен дәлелдеп, өзінің жан – жақты қырын дамыту жолында бар қажыр – қайратын жұмсап жүрген жерлесіміз продюссер, медиа менеджер Шаримов Алпамыс Өскенбайұлымен онлайн сұхбат кеші, Еңбек ері В.Шубиннің өмірі мен еңбек жолын дәріптеу мақсатында «Ерлікпен өрілген өмір» атты еске алу кеші өтті.
Жыл сайын «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапханада көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылады. 2022 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсынылды. Аудандық кітапхананың оқу залында ұлттық жазудың реформаторы қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана оқырмандары әлеуметтік желісі арқылы өткізілген іс-шаралар, фейсбук парақшасына жүктелінген «Жаңа кітаптар», «Библиопост», Әдеби парақша» айдарымен1980 жылдардағы аудандық кітапханадағы тақырыптық ұсынылған ақпараттармен таныса алады.
Оқырмандарды ақпарат мәдениетіне, кітап құмарлыққа, оқу мәдениетіне, азаматтық сауаттылықты қалаптастыруға көмектесу – біздің басты міндетіміз.

 

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Аудандық балалар кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет министрлігі

Құрылған жылы: 1957 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы аудан орталығында орналасқан

Облыс орталығынан арақашықтығы 150 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 175 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 2020

Кітап қоры: 24965 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылы
8-711-34-21-6-28

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Габбасова Тыныштык Орынгалиевна

Аудандық балалар кітапханасы шежіресі

Оқырман саны: 2020
Кітап берілімі:44726 дана.
Кітап қоры: 24965 дана.

Аудандық балалар кітапханасы алғаш рет аудан орталығында 1955 жылы ашылды. Кітапхананың алғашқы меңгеруші қызметін Айтбаева Ұмсын бастады. Кітапханада сол уақытта 2000 кітап қоры болды. Кітапхана ғимараты екі бөлмелі шағын ескі орында болды. Кейінгі кітапханаға кітапханашы болып Абсатырова Надя келді. Сол кезде оқырмандар көп болған, азғантай кітаппен газет-журналдарды пайдаланған. Солардың бірі қазақ балалар жазушысы Қадыр Мырза Әли студент уақытында үнемі келіп тұрған. Кітапхана қорын бастапқы кезде кітап дүкендерінен толықтырса, соңынан облыстық бибколлектордан келетін болған. Жылдан-жылға кітап қоры толыға түсті. Көбіне бос уақыттарында балалар кітапханаға келіп шахмат, шашка ойындарын ойнаған. 1964 жылы Алматыдағы ЖенПИ-ді бітіріп алғашқы жоғары білімді маман Мұхамбетқалиева Мәрия меңгеруші болып қызметке кіріскен. Жас маман кітапхана жұмысын қолға алып, кітапханада мерекелер мен мерейтойларға арналған көрмелер шығарылды, оқырмандармен әр түрлі тақырыпта көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Оқырмандардың кітап оқуға ынтасы арта түсті. 1966 жылы ЖенПИ-дің кітапхана факультетін бітіріп екінші жоғары білімді маман Исатаева Бағи келді. 1972 жылдан 1990 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін балалар кітапханасында меңгерушілік қызметін атқарды. Жылдан жылға кітап қоры көбейіп, оқырман саны арта түсті. 1960-2007 жылға дейін кітапханада кітапханашы қызметін атқарғандар: Құсайынова Қ, Тажикова М, Ғазизова Т, Тұралбекова З, Шайхидденова А, Ғаббасова Т. 1990-1993 жж аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін Қажғалиева Дина атқарды. Кітапхана жұмысы жақсара бастады. Кітап қоры жаңа кітаптармен толыға түсті. Кітапхана орта мектеп және балалар бақшасымен бірігіп көпшілік шаралар ұйымдастырды. 1992-1993 жж меңгеруші болып жас маман Шайхидденова Ақмарал қызмет атқарды. Іскер маман жұмысқа кіріскеннен бастап кітапхана келбеті өзгерді. Кітапханада шебер қолдар клубы жұмыс жасай бастады, жас бүлдіршіндерге арналып бұрыштар ашылды, көпшілік оқырманға арналып «Что за прелесть эти сказки» атты үлкен бұрыш ұйымдастырылып, кітапханаға оқырмандар жақсы тартылды. Сонымен қатар кітапхана активі жақсы жұмыс жасай бастады. Оқырман мен кітапхана достығы нығая түсті. 1993 жылдан осы уақытқа дейін кітапхана меңгерушісі Қайжан Г.З. кітапханашы Ғайнешова С.Т. жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда кітапхана қоры 24705 дана, 1910 оқырманы бар. Кітапханада 14 орындық оқу залы бар. Бір абонемент бөлмесі бар, кітапхана жылу жүйесіне қосылмаған, пеш жағылады. Кітапхана ғимараты ескі әрі тар, қараңғы. Соңғы техникамен жабдықталмаған. Балалар үшін 12 атаулы баспасөз басылымы алынады. Кітапхана мектеп, тәрбие орталығы, «Балдырған» балалар бақшасы, педагогикалық–психологиялық түзету орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Кітапханада жүйелік каталог өлкетану, тематикалық, газет-журнал картотекалары бар. Үнемі жаңа материалдармен толықтырылып тұрады. Кітапханада оқырмандар үшін «Ертөстік ертегілері», «Жас суретшілер» клубтары ұйымдастырылды. Жас бүлдіршіндерді кітапханаға тарту мақсатында «Бүлдіршіндер үшін», «Кел, ойнайық» бұрыштары, «Ғажайып ертегілер әлемі» атты кітап көрмесі шығарылды. Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқы, біл, үйрен», «Ғылым ғаламына бізбен бірге», «Сен білесің бе?» «Шығыстың ұлылары» атты кітап көрмелері шығарылды. Кітапхананың негізгі бағыты: оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру, 6-18 жасқа дейінгі оқырмандарды кітаппен қамту, мұғалімдер мен тәрбиешілерге көмек көрсету, кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру, Қазақстан ақын-жазушылар мерейтойларына арнап кештер өткізу. Әрбір өткен шара газет бетінде жарияланып, суретке, бейне таспаға түсіріледі. Жыл сайын өткізілетін сайыстарға қатысып, алғыс хаттармен марапатталдық. Біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары: Бердіғалиева Ғазиза, Тусилова Жұмазия, Едрисова Әсем, Гайсина Эльнура, Султаналиева Аида, Кубаев Дастан сынды оқырмандарымыз «ХХІ ғасыр көсбасшысы» ойнына қатысып, қазір бәрі еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары оқу орнында оқып жатыр. Сондай-ақ кітапханадан үзбей кітап алып жақсы оқыған оқырмандарымыз: Сапарғалиев Р., Жоламанов Ә., Хамзин Ж., Исанов Е., Ихласов С., Шалабаев М., Сауғабаев Е., Мұқанова Л., Мұхамбетжанова А. т.б. оқырмандар мектепті жақсы бітіріп, барлығы да аудан, облысымызда басшылық қызметте қызмет атқарып жүр. Ай сайын өткізілетін аудандық, облыстық зерделі кеңестерге қатысып, әдістемелік көмек алып тұрамыз.

Балалар кітапханасы ғимараты

Оқу залы

Абонемент

Сырым аудандық педагогикалық–психологиялық түзету кабинеті мекемесімен бірлесіп өткізілген «Тапқыр аналар» сайысы

Балалар кітабы күніне арналған «Кітап – рухани қазына» ертеңгілігі

   

«Ер Төстік» клубының белсенді мүшелері

Аудандық өлкетану мұражайымен бірлесіп өткізілген «Мәдени мұра –мәңгі мирас» атты саяхат

Мұханбетқалиева Мария 1939 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл елді мекенінде дүниеге келген.
1947-58 жылдары орта мектепте оқып, 1958-60
жылдары Атырау облысына қарасты Құлсары,
Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал (бұрынғы Фурманов ауданы) аудандарында шаруашылық жұмыстарына араласты. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1964 жылы кітапханатанушы-библиограф мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Осы жылы арнайы жолдамамен Жымпиты ауылына жіберіліп, мұнда аудандық кітапхана меңгерушісі болып тағайындалады. Аудандағы тұңғыш жоғары білімді кітапханашы М.Мұханбетқалиева 1966 жылы жолдасының қызмет бабымен Жосалы кеңшарына көшіп, осындағы ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1968 жылы аудан орталығына қайта көшіп, аудандық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарды. 1972-85 жылдары Жосалы кеңшарындағы А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985-1991 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық кітапханада «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Қазір құрметті демалыста. М.Мұханбетқалиева жанұяда 5 бала тәрбиелеп өсірген ана. Тұңғыш баласы Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы өмірден ерте кеткеніне қарамастан, артына өлмес туындылар қалдырған талантты қылқалам шебері.

Хусайнова Хатима 1938 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы Өлеңті совхозында дүниеге келген. Әкесі Қобыландиев Х. оқытушы отбасында жалғыз өзі болған. 1956ж Жымпиты орта мектебін бітірген. 1957-1959 жж Абай селосында кітапханашы меңгерушісі болып жасаған. 1959ж облыстық кітапханада 10 айлық курста оқып бітірген соң, 1959-1962 жж аудандық кітапханада кітапханашы болып жасады. 1962-1973 жж Аудандық партия комитетінің кітапханашысы болып еңбек етті. 1973-1992жж аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып жасады. 1988ж зейнеткерлікке шықты. Отбасында 9 бала тәрбиелеп, 1998 жылы «Ардақты ана» атағын алды. Үкімет грамоталарымен марапатталды.

Қайжан Гүлбағида Зағыпарқызы 1951 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1964-1969 аралығында Оралдағы С.Сейфуллин атындағы мектепте оқып, 1969 ж 11класты бітіріп шықты. Сол жылы кітапханалық мамандығын алып шықты. 1969 жылы сол мамандық бойынша Аудандық балалар кітапханасына кітапханашы болып орналасты. 1980 жылға дейін кітапхананың әр бөлімінде жұмыс жасады. 1980-1993 жылдары кітаппен қамту бөлімінде меңгерушілік қызметін атқарды.1993 жылдан бастап Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Кітапханалық қызмет атқаруда алғыс хаттармен, мақтау грамоталармен марапатталды.1980ж «Үздік кітапханашы» атағын алды. Отбасылы, 2 бала, 4 немересі бар.

Кажғалиева Дина Ғарифолллақызы.


Сан ғасыр көшін жалғастырып, ұрпақтан–ұрпаққа жеткен мәдениетіміздің мұрасы – кітапты бүгінгі замандастарымыз бен келешек ұрпақтың игілігіне жаратуға өлшеусіз үлес қосып жүрген құрметке лайықты кітапхана маманы. Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Кажғалиева Дина Ғарифолллақызы. Дина 1968 жылы Жымпиты ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алғабас орта мектебін бітіріп, 1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы үздік бітіріп, осы жылы Сырым аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып жұмысқа орналасқан. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік М.Өтемісұлы атындағы университетінің кітапханатану және библиография бөліміне сырттай оқуға түсіп, 2004 жылы бітірген. Аудандық кітапханада 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Оқырмандарға ұсынылатын әдебиеттерді жетік білуі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, оқырмандарының арасында зор беделге ие болуына, олардың құрметіне бөленуге ықпал етті. Дина Ғарифолллақызы кітапхана ісінің әдістерін жан-жақты меңгерген, өз міндетін үздік атқаратын, жас мамандарға ақылшы ұстаз маман. Ұжымда беделді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер.

Габбасова Тыныштық Орынғалиқызы 1973 жылы Тайпақ ауданы, Базаршолан ауылындағы орта мектепті бітірген. Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөліміне оқуға түсіп, өз мамандығы бойынша Сырым аудандық кітапханасына 1992 жылы жұмысқа орналасып, өз ісін жетік білетін маман ретінде таныла білді. Кітапханалық қызмет атқарудағы жемісті еңбегі үшін облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Отбасылы, 3 ұлы бар.

Кітапханада өткізілген көпшілік шаралар

«Парасат жолы» жобасы аясында өткізілген іс шаралар
Ақын, драматург, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай, өмір жолын, әдеби мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Көркем ойдың құдіреті» атты . Шараға ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінің 7 «а» сынып оқушылары жетекшісі А. Бауыржанқызы, аудандық мәдени- демалыс орталығының әншісі А.Жұма қатысты.
Шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармаларынан мағұлмат берілді. Ақынның таудай тасқын жырларынан оқырман Ж.Ғинаятова «Туған жер», көркемдік сапасы аса биік туындысы «Оралым» – ды С.Қайыржан, ақынның майдан даласында ақын жолдасы А.Жұмағалиевтың ерлік оқиғасы себеп болған «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын С.Иманғали мәнерлеп оқыды. Шара мәдени демалыс орталығының әншісі А.Жұма ақынның «Өзім туралы» жырын домбыраның сүймелдеуімен орындап берді.
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, тарихи тұлға, өз заманының ұлы перзенті Д.А. Қонаевтың туғанына 110 ж толуына орай «Ел жадында сақталар жарқын бейне» атты портреттік кеш болып өтті.
Мақсаты: Өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін жастарды тәрбиелеу. Шараға ЖББ Қ. Мырзалиев мектебінің 9 «а» сынып оқушылары қатысып отырды, шара барысында оқымандарға қоғам қайраткерінің өмірнен, еңбек еткен жылдарынан мағұлмат беріліп, «Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
«Парасат жолы», «Жас суретшілер» клубы жұмысы
БЖШО-ның «Жас суретшілер» үйірмесі мүшелері, жетекшісі Г. Рахметованың қатысуымен дарынды, қылқалам шебері М.Жоламановтың туғанына 55- жыл толуына орай «Мұратбек қалдырған мұра» атты портреттік кеш болып өтті. Мақсаты: Мұратбектің өнері мен өмір жолын, ғұмырының келбеті өлмес мұраларын кейінгі ұрпаққа насихаттау. «Саз» мектебінің дәстүрлі ән сыныбының оқытушылары Д.Қажғалиев күші Ғ.Құрманғалиевтың «Салем саған Қазақстан» жырын, Ғ.Уалиахмет Ғ.Құрманғалиевтың «Қызыл қайың серперлер» күйінен ән шашу жолдады. Кітапхана оқырмандары А. Сарқұл ақын М. Баймолданың рухты арнау өлеңі «Мұратбекке», табиғат пен жан сұлулығының үйлесімін ұштастырып ерекше шабытқа бөленген Мұратбектің «Өмір сағым» өлеңін Н. Амандық мәнерлеп оқыды. Шара соңында оқырмандар Мұратбектің өшпес мұраларымен танысты.

ҚР Тәуелсіздігіне – 30 жыл
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Тәжік ауған шекарасынан Қазақстандық батальонның шығарылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» тақырыбындағы тәрбие сағатының мәліметі. Мақсаты: жасөспірімдерге патриоттық тәрбие бере отырып, ерлікке тағзым ету.Шараға ардагер Ешмұханов Нурлан Ахонұлы, Сырым мектеп – лицейінің 7 сынып оқушылары қатысып отырды. Ардагер Нурлан Ахонұлы тарихи оқиғаларға тереңірек бойлап, оқырмандардың саналарында туындаған сұрақтарға жауап беріп отырды. Өз кезегінде оқырмандарға «Тәжік –ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан ардагерлер» тақырыбында бейне көрсетілім көрсетілді.

14-Наурыз «Көрісу айт- ізгілік жаршысы» танымдық сағат.
Кітапханада Көрісу мейрамы, амал мерекесіне орай «Көрісу айт- ізгілік жаршысы» танымдық сағат оздырылды.
Мақсаты : 14-наурыз Көрісу күні туралы түсінік беру арқылы, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету, үлкендерге сәлем беріп, ізгілікке тәрбиелеу. Шараға кітапхана оқырмандары, ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінің 4 «в» сынып оқушылары, сынып жетекшісі А. Аманжолқызы қатысып отырды. Шара барысында оқырмандар «Амал келді- жыл келді» атты кітап көрмесімен танысып, жалпы Көрісу айт тарихы туралы мағұлмат алды. Оқырмандар К.Аманкелді, Ж. Едіге қазақтың «Қазақ биін» мың бұрала билесе, Е.Қыдырғали, И.Қараман мерекелік «Бата» берді.

2- Сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай өткізілген «Жылдың үздік оқырмандары» бенефисі.
Шараға Қ. Мырзалиев мектебінің 7 сынып 2- сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітапханада «Жылдың үздік оқырмандары» бенефисі болып өтті. Шараға ЖББ Қ. Мырзалиев мектебінің
4«б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Қ.Амангелдіқызы қатысып отырды. Шара барысында жылдың үздік оқырмандары таныстырылып, оқырмандар оқыған кітаптарымен ой бөлісіп оқуға ұсынды. Өз кезегінде шара «Өй сергіту» бөлімімен жалғасып, оқырмандар берілген сұрақтарға нақты жауап беріп өз білімдерін көрсетті. Оқырмандарға «Кітап – өмір ұстазы» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

 

«Өз өлкеңді танып біл» жобасы аясында өткізілген іс шаралар
«Өз өлкеңді танып біл» жобасы аясында Қазақ жырының алыбы Қ.Мырза Әлидің өлеңдерін насихаттау, оқу мақсатында : «Туған жер- ай, күнім де, дінім де сен» поэзия сағаты болып өтті. Шараға ЖБб Қ. Мырзалиев мектебінің 4 «а» сынып оқушылары қатысып, А. Едіге «Туған жер», А.Аманжол «Не үшін», К. Амангелді «Туған жер ай, тілім де дінімде сен» атты туған жерге арналған өлеңдерін оқыса, «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері Р.Ораз, А.Мендимова, С.Дулатова, Ж.Ерболатова ақынның балаларға арнап жазған «Диктант», «Досым екеуміз», «Тоқал ешкі», «Балақай», «Менің әжем» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

«Бір ел , бір кітап» мәдени акциясы аясында өткізілген іс шаралар
Аса көрнекті ағартушы- педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткер Ы. Алтынсарин туғанына 180 ж толуына орай өнегелі өмірін, сарқылмас мол әдеби мұрасын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында әдеби вернисаж болып өтті. Әдеби шара қонағы кітапхана жанынан құрылған «Парасат жолы» орталығының мүшесі, демалыс саябақтарының меңгерушісі А.Мурадимова ұлт ұстазының парасатты өміріне, идеясы үгіт насихат, өсиет, еңбекті сүю, қадірлеуді мақсат ететін шығармаларына тоқталып өтті. Балалармен жұмыс әдіскері Л. Бергалиева «Тәуелсіздіктің 30жыл 30 кітап» мәдени акциясы шеңберінде оқылатын «Өнер білім бар жұрттар» шығармасын оқуды ұсынды.
«Сырым мектеп лицей» жазғы мектеп оқушыларының қатысуымен «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында ел болып оқуға ұсынылған ақын, ағартушы ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының шығармаларын оқытуда «Өлең сөздің маржаны» атты жыр марафоны болып өтті. Мақсаты: Ел болып оқуға ұсынылған ағартушы А. Байтұрсынұлының шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау. Шара барысында оқырмандар С.Алпысбай, Е.Аман, А.Бақтығали, А.Зулқайнар ақынның «Оқуға шақыру», «Жұртыма», «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

2022 ж «Балалар жылы», «Ашық аспан аясында кітап оқу», «Жазғы кітапхана» шеңберінде өткізілген іс шаралар

6- шілде Астана күніне орай «Балдырған» балабақшасы «Ертөстік» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Төбесінде жарқырап, күн байланған- Астанам» тақырыбында әдеби сазды сағат болып өтті.
Мақсаты: Бүлдіршіндерді Астана тарихымен таныстыру. Шара Еліміздің Әнұранымен басталып, кішкентай бүлдіршіндер қазақтың «Жетіген», заманауи «Топ, топ» әндерін шебер орындап, А.Рысқали «Менің Астанам» өлеңін мәнерлеп оқыды. Бүлдіршіндерге «Гүлдене бер Астанам» тақырыбында әдеби көркем көрме ұсынылып таныстырылды. Шара барысында ұлттық ойындар ойналып, «Дене нұсқаушысы» Е.Шукановтың жетекшілігімен спорттық ойындармен жалғасты.
«Балалар жылы», «Ашық аспан аясында кітап оқу» айдарымен оқырмандардың жаз мезгілінде бос уақыттарын кітап оқып, тиімді пайдалану мақсатында «Кітап ақыл ой қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға оқуға ұсынылды. Шара барысында оқырмандар А.Бауыржанова балалар ақыны О.Асқардың «Шілдехана», М.Асхат, А.Ақметқали «Апа», А.Сопыбековтың «Шаңырақ» шығармаларын мәнерлеп оқып өз қызығушылықтарын білдірді.

«Жазғы кітапхана» оқырманы Марат Мерей кітапханада ұйымдастырылған «Кітап әлемі балалықтан- даналыққа» атты кітап көрмесі аясында «Таңғажайып хикаялар» айдарымен «Гуливердің саяхаттары» әңгімесін оқуға ұсынады.

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі: Т.О. Габбасова

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Аяқкөл ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1967 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 26 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 176 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 30 м2

Меншік түрі: мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 406

Кітап қоры: 8254 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы Қособа ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Бекчурина Динара Хайровна

Аяқкөл ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны:406
Кітап берілімі: 6335 дана.
Кітап қоры: 8254 дана.

Қособа – Сырым ауданындағы ауыл әкімшілігі округінің орталығы. Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Өлеңті өзенінің сол жағалық жазығында, бетеге, көкпек, еркекшөп өскен бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 726 адам. Қособа ауылдық округіне Жырақұдық ауылы қарайды. Халық саны 690 адам.
Бүгінгі таңда ауылдық окрукте 1 дәрігерлік амбулатория, 1фельдшерлік акушерлік пункт, 1 кітапхана, 1ауылдық клуб жұмыс жасайды.
Қособа совхозында «Киров», «Қырымқожа» бөлімшелері болды. Барлық жер көлемі – 134781 га., соның 122430 гектары мал жайылысы, 8399 га шабындық, 3952 га егістік жері болды.
Халыққа қызмет көрсетілетін дәрігерлік амбулатория, бір фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана, байланыс торабы, электр жүйесі, сауда орындары, монша, жылыту жүйесінің бу қазандары, 200 үстінде тұрғын үйі бар. Осы ауылдағы Аяқкөл ауылдық кітапханасы 1967 жылы ашылды. Кітап қоры 2000 дана болды. Кітапханада кітапханашылар Есмағанова Сәния, Өтепкалиева Жанаргүл, Ахметкалиева Гүлсім, Идаева Гүлбақша қызмет етті.
Қазіргі таңда кітап қоры 6258 дана. Оқырман саны 634. Оқырманға кітап берілімі 4994 дана. Кітапханашы Бекчурина Динара 1984 жылы туылған. Жоғары білімді маман. 2008 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің кітапханатану факультетінің сырттай бөлімін бітірген. Қазіргі уақытта кітапхана жергілікті тұрғындардың талап – тілектері мен сұраныстарының жан – жақты ақпараттың қажеттіліктерін ескеретін мәдени-ағарту орталығы болып табылады.
Кітапхана әр заманда, әр қоғамда қай халықтың да қасиетті құттыханасы, рухани қазынасы болып саналады.
Аяқкөл ауылдық кітапханасы ауыл халқының мәдениетін көтеруге,ауылда кітапхана жұмысын жақсарту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауға, кітапхана қорын толықтыруда, пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерінің жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, біршама жұмыстар атқарып келеді.
Кітапхананың қазіргі кезде жас жеткіншектердің өскелең талабын қанағаттандыруда жалпы қабілетін ой-өрісін дамытуда оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.
Аяқкөл ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындарына руханият шапағатын дарыту, олардың мәдениетін көтеру бағытында мектеп, бала-бақша, мәдениет үйі, денсаулық сақтау қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап жұмыстануда.
Балалардың кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру біздің міндетіміз. Осы міндетті басшылыққы ала отырып, мектеп жанындағы бала-бақшада «Ертегілер елінде» атты ертеңгілік, мәдениет үйі қызметкерлерімен «Наурыз келді сағынтып», «Халық өнері асыл қазына» кездесу кештері ұйымдастырылды.
Кітапханада Қособа округіне қарасты Жырақұдық ауылына көшпелі кітапхана ұйымдастырылған. Жырақұдық ауылы Қособа ауылынан 3 км. қашықтықта орналасқан.
Қазіргі уақытта кітапхана жергілікті тұрғындардың талап-тілектері мен сұраныстарынының жан-жақты ақпараттық қажеттіліктерін ескеретін мәдени-ағарту және ақпараттық орталық болып отыр. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары кітаптарды насихаттау, оқырмандардың ой-өрісі, талап-тілегін өзінің алдына қойған мақсатымен ұштастыра отырып көпшілік шаралардың тиімді түрлерін ұйымдастыруда. Кітапханаға оқушы балалар, әр түрлі сала мамандары, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және тағы басқа топ оқырмандары өздерінің сұраныстарын қанағаттандыру үшін келеді.
Кітапханада балалармен «Менің Отаным Қазақстан» жұлдызды сәт ойыны 17 оқырманмен ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама негізінде оқырмандардың өз отанының тарихын білуге олардың өз бетімен ізденіп, жан-жақты ізденуге, есте сақтау қабілетін арттыру негізінде бәйге, тіл, өнер, жорға сайысы арқылы өз біліктіліктерін таныта алды. «Өз құқығыңды білесің бе?» атты сұрақ жауап кеші өткізілді. Кітапханада «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» тақырыптық кеш 10 жасөспірімдермен өтті.
Кітапханада жасөспірімдермен салауатты өмір салтын насихаттауда, есірткіден сақтану, оның зияны туралы насихаттауда «Есірткі қауіпті дерт» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Бұлан ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1972 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 12 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 38 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 72 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 403

Кітап қоры: 12626 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Бұлан ауылы
8 (71134) 22-0-84

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Аманбаева Асия Сагатовна

Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 403
Кітап берілімі: 7278 дана.
Кітап қоры: 12626 дана.

Сіздер бұл шахын басылымнан Сырым ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Бұлан ауыл кітапханасының тарихымен таныс боласыздар.
Бұлан ауылы ауданнан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұлан әкімшілік округінің орталығы. Бұлан ауылы 1969 жылы құрылған. Тұрғындар саны округте ауылшаруашылығымен айналысатын бір ЖШС және 10 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылы «Бұлан» ЖШС 3400 гектар жерге егін салды. Шаруа қожалықтары да 10500 ц мал азығын дайындап, өз қажеттерінен артылғанын жеке тұрғындарда сатып, азаматтардың малын, мал азығымен қамтылуына өз үлестерін қосты.
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау болса, осы мақсат жолында қажырлықпен еңбек етіп жақсы көрсеткіштерге ие болып отырған үлгілі мектептердің бірі – жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені. Мектепте 26 мұғалім, 3 тәрбиеші қызмет етеді. Оның 76 пайызы – жоғары білімді педагогтар.
Мұғалімдер өз пәндері бойынша білім жетілдіру курстарынан өтіп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді өз сабақтарына енгізу арқылы, жақсы көрсеткіштерге жетуде. Жоғарғы көрсеткіштерге жету нәтижесінде мектеп түлектері грант иегері атанып, жоғарғы оқу орындарына түсуде.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Балабақша жүйесін қалпына келтіру және толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыру керек» деген игі бастамасын орындау мақсатында 2006 жылдың соңында 20 орындық балабақша пайдалануға берілді.
Ауылдағы ғылым-білім мен танымның ордасы, мәдениет пен әдеби мұраның қара шаңырағы – Бұлан ауыл кітапханасы. Кітапхана 1969 жылы 3000 дай дана кітап қорымен ашылды. Кітапхана меңгерушісі болып Иманғалиева Камила Иманғалиқызы 1969-1974 жылдары жұмыс жасады.
Иманғалиева Камила Иманғалиқызы 1950 жылы Сырым ауданы Бұлан жерінде дүниеге келген. 1957 жылы мектепке барып 1967 жылы аяқтап, Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің кітапханашы бөлімін бітіріп, алғашқы еңбек жолын Бұлан ауыл кітапханасынан бастады. Әркез сабырлы, үлкен адамгершілік иесі, рухани дүниесі, таным білігі мол Камила Иманғалиқызы жастарға, кітапхана оқырмандарына бағыт-бағдар сілтейтін тәжірибелі кітапханашы болды. Кітапхана клубтың бір бөлмесінде орналасты. Оқырмандар саны 70-80-дей болады. Сол уақыттағы тұрақты оқырмандар: Досалиев М, Шабдушев А, Куткужин О, Қожиев Я, т.б. болды. Мал шаруашылығындағы еңбек еткен малшыларға, шопандарға үнемі көшпелі кітапхана жұмысы ұйымдастырылып отырды. Көшпелі кітапхананың оқырмандары: Абуов Ғ, Утешов Ж, Акмуханов К, Жумағалиев Н сынды оқырмандар кітапханамен тығыз байланыста болды.
Камила Иманғалиқызы шығармашылық ізденісте оқырмандармен байланысып, кітапханада түрлі тәрбиелік шаралар жүргізіліп отырды. 1975-1977 жылдары кітапхана меңгерушісі болып Алматы қыздар педагогикалық институтының «Кітапхана және библиография» бөлімін бітірген Сапиева Мадина қызмет атқарды. 1975-1977 жылдары кітапханада 6-7 мыңдай кітап қоры болды. Кітап қорына жылына 1000-ға жуық жаңа әдебиеттер қосылып отырды.
1978-1985 жылға дейін кітапханашылық қызметті Мухамбетжанова Алтын атқарды. Сол жылы жаңа клуб салынып, кітапхана клубтың бір залына көшірілді. Кітапханашылық мамандығы болмағанымен Алтын Хамитқызы, талапты өз оқырмандарымен тамаша тіл табыса білетін беделге ие, оқырмандардың әр-түрлі тобына арналған үнемі көпшілік шаралар ұйымдастырады, сұранысқа сай қызмет көрсетіп, оларды кітапханаға тарту ісін ойдағыдай жолға қоя білді.
Кітапханадағы кітап қоры 15000-ға жуық.
Оқырман саны 800-дей, кітап берілімі 1000–дай болды. Кітапханаға келушілер саны жылына 5000-ға жетіп отырды. Жаңа әдебиеттердің келу саны
500 болды. Өткізілген көпшілік шаралар саны 35. Көшпелі кітапхана жұмысын үгіт бригадасымен бірлесе отырып, диқаншыларға, малшыларға, т.б. пунктерге жылына 200-дей кітап, 600-ге жуық мерзімдік басылымдар таратып отырды.
Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы дегендей, Хамитқызы Алтын еңбек еткен жылдары әр түрлі саладағы әдебиеттерді оқырмандарға ұсынып, қызықты кештер, кездесулер, (ауыл мамандарымен) конференциялар ұйымдастырып, кітапхананы әдеби кештер өткізетін орталыққа айналдырды.
Білім ордасы – мектеп ұжымының тәрбие жұмысының жетекшісі Кульбаева Г.З. бірлесе отырып, «Көгілдір шырағдан» атты үлкен көлемде мамандық таңдау кешін ұйымдастырды. Кешке совхоздың барлық мамандары шақырылды. Жастар ұйымымен бірігіп «Әскер қатарына барасыз» сазды кеш, «Сен мәдениеттілікті қалай түсінесің?» диспут, «Біздің ауыл» пікірталас кештері оқырмандардың қолдауымен өте қызықты өтіп, көптің көңілінен шықты. Осындай әсерлі шаралардың нәтижесінде оқырмандардың кітапханаға келу саны жыл сайын көбейді.
«Жақсы кітап оқу жақсы адаммен сырласқансмен бірдей», деп орыс жазушысы Л.Н.Толстой айтқандай, кітапхананың тұрақты оқырмандары Таженов Қ бір жылда 41 кітап, Құтқожин О – 46, Басигарин Б – 38, Исимова С – 48, Исимова Т – 36 кітап алып оқыды.
1985-1986 жылдары кітапхана меңгерушісі болып, Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «кітапханатану» бөлімін бітірген жас маман Тұралбекова М, 1986-1987 жылдары Тұралбекова В қызмет атқарды.
1987-1988 жылдарда Бұлдырты орта мектебінің түлегі Балпейісова Гүлзира Муханбетжанқызы қызмет істеді. Кітап қорында 12000-ге жуық кітап болды. Оқырмандар саны – 750. Көшпелі кітапхана жұмысы уақытылы қызмет жасады. №1, №2 бригадаға 160 кітап, 120 мерзімдік басылымдар апарылып отырды. Кітапханада үнемі мектеп, балабақша, мәдениет үйімен бірлесе түрлі тәрбиелік маңызы бар көпшілік шаралар жүргізіліп отырды. Бір жылдай уақыт ішінде Гүлзира өзінің ақжарқын мінезімен оқырмандарына зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, кітапхананы оқырмандардың сүйікті орнына айналдыра білді.
1989 жылдан бастап күні бүгінге дейін кітапхана меңгерушісі болып Аманбаева Асия Сағатқызы атқарып келеді. Асия Сағатқызы 1968 жылы Бұлдырты ауылында дүниеге келген. 1976 жылы бірінші сыныпқа қабылданып, 1986 жылы Бұлдырты орта мектебін аяқтап, 1987 жылы Жезқазған қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің кітапханатану бөліміне оқуға түсіп, 1989 жылы бітіріп, содан бері Бұлан ауылындағы кітапханада еңбек етіп келеді. Өз мамандығын көтеру мақсатында 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығына оқуға түсті, 2007 жылы бітіріп шықты.
2005 жылы облыс орталығында «Ауыл кітапханаларындағы балалармен жұмыстың жаңа бағыттары» атты аймақтық-республикалық семинарға қатысып келді. Онда өткізілген «Кітапханаға қоғамның сенімі» атты дөңгелек үстелге және «Қазіргі кітапханашы қандай болу керек?» тақырыбындағы пікіралмасуға қатысты.
2006 жылы Бөкейордада өткен «Кітапхана және оқырман: қазіргі кездегі қарым-қатынас негіздері» атты зерделі кеңеске қатынасып, озық іс-тәжірибе ретінде «Отбасы және кітапхана» мүдделестер клубының жұмысын көрсетті. Сол жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының 135 жылдығына арналған облыс кітапханашыларының форумына қатынасып «Кітапхана ауылдағы ақпараттық және мәдени орталық» деген тақырыпта баяндама жасады, облыстық мәдениет басқармасының Мақтау грамотасымен марапатталып, заттай сыйлыққа ие болды.
1989–1990 жылдары кітапхана қорында 9544 дана кітап болды. Оқырмандар саны – 800, кітаптың берілуі 12000-нан асып отырды.
1991-92 жылы кітап қоры 10233 данаға жетті. Жылына кітапхана қорына 689 дана жаңа әдебиет қосылды. Мерзімді басылым саны 22 болды.
Кітапханаға оқырмандар жиі келіп қажетті әдебиеттерін, материалдарын жазғызып алып, газет-журналдарды оқу залында отырып керегінше пайдаланды. Оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңаша түрлері қолданыла бастады. Тұрақты оқырмандармен (Зинегабденов Р, Нургалиева Г, Султангалиев Б, Куткужин Ө, Муханбеткалиева Ж, Жанесова Г, Ташенов Қ, Габдушев М т.б.) байланысып, әр ғасырда өмір сүрген ғалымдар еңбегімен және жазушылардың шығармаларымен танысуына ықпал жасап «Оқырман бинефисін», «Менің алғашқы кітабым» тағы басқа шаралар ұйымдастырылып отырылды.
Ұйымдастырылған шаралардың ішіндегі қызықты да әсерлі өткен шара З.Жакеновтың «Көшпелі алтын» кітабы бойынша өткізілген оқырмандар конференциясы мен «Бұл жерде менің туған өлкем» атты пікірталас кешін айтуға болады. Конференцияның нәтижесінде «Көшпелі алтын» кітабы 140 рет оқылды.
Сол жылы кітапхана бұрынғы әкімшілік ғимаратына көшірілді.
1993-94 жылдары кітапханадағы кітап қоры 10264 дана болды, оқырмандар саны 850-ге жуық, кітап берілімі 10000-дай болды. Бірақ көпшілік жұмыстар өткізуге мүмкіндік болмады, себебі орналасқан жері өте тар болды. Дегенмен де ауыл тұрғындарын рухани байлықсыз қалдыруға болмайды, әсіресе кітапхана арқылы оқырмандардың ішкі жан-дүниесі мен мәдени рухы, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасы, сана–сезімі қалыптасады. Бұл бағытта кітапхана мектеп ұжымымен, мәдениет қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, жас ұрпақты кітап оқуға баулуда үлкен үлес қосты.
1995-96 жылдары кітап қорының саны 10531 болды, 750-ден аса оқырманы, жыл сайын 10000-дай кітап беріліп, келушілер саны 3000-нан асты. 20 атаулы мерзімді басылымдарды жаздырып алдырды.
«Кітап – білім кілті» демекші кітапхананың атқаратың жұмысы үлкен, солардың ішінде балалардың шығармашылық жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді.
Бала – біздің болашағымыз десек, олардың өз өмірлерін қызықты да баянды өткізулері біздің қолымызда. Сондықтан да кітапханада балалар кітабы күніне «Білім кілті – кітапта» тақырыбында апталық өткізіліп, «Балаларға базарлық» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ал Халықаралық балаларды қорғау күніне де түрлі ойындар, сурет байқауы ұйымдастырылды.
Оқырман балалардың ақпараттық мәдени білімділік сұранысын қанағаттандыру бағытында «Ертекші» клубы ұйымдастырылды. Кітапхана ішінде балаларға арналған «Балалар қалашығы» ашылды. Селолық әкім Қ.Зинуллин, мәдениет үйі қызметкерлері диқаншыларға «автопоезд сапарда» деген атпен еңбек адамдарының көңіл-күйін көтеруге ат салысты. Осы сапарға кітапхана жанынан ұйымдастырылған «Ертекші» әуесқойлар клубының мүшелері Абай Құнанбаевтың 150 жылдық тойы қарсаңында өлендерін, нақыл сөздерін жатқа айтып, «Шықбермес Шығайбай» (халық ауыз әдебиеті), «Зеректік» (А. Құнанбаев), «Түлкі», «Аю мен қойшы» ертегілерін сахналық көрініске айналдырып, диханшы қауымның көңіл-күйін көтеруге олардың рухани мәдени демалуына өз үлестерін қосты. Әсіресе клуб мүшелері Сәрсенбаева Л, Бактыгазиева Л, Меңдіғалиева Н, Сатаева Т, Тастаева М орындаған ролдері өте сәтті шықты.
Ұлттық тәрбие бағытында тарихымызды, өнерімізді насихаттау бағытында тақырыптарға арналған мәдени көпшілік жұмыстары тоқсан сайын өткізіліп тұрды.
Қадыр Мырзалиевтің 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең» поэзия кеші, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» ауызша журнал, жыр алыбы Ж.Жабаевтың 150 жылдығына «Асқақ үнді, алып ақын» атты апталық ұйымдастырылды.
1997-98 жылдары кітапхана қорының жаңа әдебиеттермен толығуы өте төмен болды. Нарық заманының қиыншылықтарына кезіктік. Дегенмен уақыттың талап-тілегіне сай көпшілікті ақпараттық қажеттіліктермен өз дәрежесінде қамтамасыз ету үшін кітапханашы оқырмандар сұраныстарын жазып алып, сол бойынша қажет кітаптардың барын аудан орталығындағы кітапханадан әкеліп беріп отыруды жұмыс дағдысына енгізді. Сонымен бірге ауылдық округ әкімшілігі көмектеріне сүйене отырып, мәдени көпшілік шара түрлерін де ұйымдастырып отырды.
1997 жыл «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланғаны баршамызға мәлім. Осыған орай Ш. Мұртазаның «Тамұқ» кітабының тұсау кесері өткізілді. Қазақтың жазықсыз жапа шеккен аяулы азаматы, белгілі қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың түрмедегі соңғы күндерінен, мәдениет үйінің режиссері Өтешова Г. ұйымдастыруымен сахнада ықшамдалған шағын қойылым көрсетілді.
ЮНЕСКО деңгейінде аталып өткен заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына «Дәуірдің дара тұлғасы» атты әдеби кеш өткізілді.
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламаға сай әр түрлі шаралар белгіленіп, мектеп ұжымымен бірлесіп табиғатты аялау, Отанды сүю, салауатты өмір салтын қалыптастыру, халқымыздың өнері мен мәдениетін, тарихын, дінін, тілін қастерлеуге бағытталған әр түрлі тақырыптарда көпшілік шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылды.
«Қазақстан – 2030 және менің арманым» атты ертенгілік, жастар арасында «Қазақстан-2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың еншісінде» атты дөңгелек үстел өткізілді.
1999 жылы аты әлемге әйгілі мәшһүр ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың туған күні аталып өтті.
2000 жылы кітапхана қорында 9596 дана кітап болды. Жыл ішінде кітап қорына 54 жаңа әдебиет қосылды.
Елбасы «2000 жылы – мәдениетті қолдау жылы» деп жариялаған болатын. Бұл, яғни кітапхана қызметкерлерінің алда тұрған міндеттерін арттыратын мәні зор қолдау болды.
Мәдениетті қолдау жылында «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы өткізілді. Ауыл тұрғындары бұл істі ұйымшылдықпен қолдап, өздерінің жеке кітапханаларынан Бұлан ауыл кітапханасының кітап қорына 63 дана кітап сыйлады. Атап айтсақ, кітапхананың жанашыр белсенді оқырмандары Мұратов Р, Жалекенова А, Нургалиева Г, Куткужаева Қ, Жубангалиева А, Куткужина А т.б. кітап сыйлады.
Кітапханада көптеген тақырыптық кештер, еске алу кештері, әдеби- музыкалық шаралар ұйымдастырылып отырды. Соның бірі композитор Ш. Қалдаяқовтың туғанына 70 жыл толуына мәдениет үйі қызметкерлерімен бірігіп өткізген «Менің Қазақстаным» атты музыкалық кеш. Бұл кеште (бұрынғы бас мал дәрігері Ш. Мурадимов) Алматы қаласында студент кезінде Шәмшімен болған кездесулерін қызғылықты әңгімелеп берді.
«Әр адамның ең жақын досы, өмір досы кітап болуға тиіс»-деп М. Әуезов айтқандай, оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетумен қатар жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізе отырып, көптеген мәдени шаралар өткізу арқылы кітап қоры да оқырмандарға насихатталып отырды.
ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін атақты ақын жазушыларымыздың шығармаларын топтап «Өнегелі өмір, өшпес мұра» тақырыбында кітап көрмесі шығарылды.
Оқырманды зерттеу, оқырмандар талабымен санасу – кітапхана жұмысының негізі бағыттарының бірі. Оқырмандарды зерттеу барысында «Мен бір жылда не оқыдым?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары мен пайдаланған библиографиялық құралдары туралы пікірлерін айтты.
2001 -2002 жылдары кітап қорына 389 кітап
қосылып, кітап қоры 10048-ге жетті, оқырман-
дар саны – 650, кітап берілімі – 10000.
Стационардан тыс 58 оқырманға жылына 167
басылым пайдалануға берілді.
Кітапханада жас ұрпаққа тәуелсіз қазақ мемлекетінің 10 жыл ішінде алған асулары, бағындырған шыңдары туралы кеңінен мәлімет беретін игі іс-шаралар көптеп атқарылды. Соның бірі оқушылар және мұғалімдермен бірлесе өткізілген «Тәуелсіздік даңғылы» тарихи–танымдық кеші. Қазақ поэзиясының Хантәңірі болған М. Мақатаевтың 70 жасқа толуына арналған «Мұқағали мәңгілік жыр» поэзия кеші ұйымдастырылды. Жалпы жыл бойы кездесулер, тарихи кештер, ауызша журнал, әңгіме сағаттары, ертеңгіліктер сынды көпшілік шаралар ұйымдастыру толастамайды.
Сырым бабаның 260 жылдық мерейтойына, денсаулық сақтау жылына бір жылға іс-шаралар жұмысы жоспарланып, сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
Елімізде нашақорлықпен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылға арналған стратегиясы жарияланғаны бәрімізге белгілі. Стратегия мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру және маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыру мақсатында «Нашақорлық – ХХІ ғасыр дерті» атты ток-шоу ұйымдастырылды.
2003-2005 жылдары кітапхана қоры 10682 дана әдебиетке жетті. Осы жылдарда кітапхана қорына 634 жаңа әдебиет қосылды. Жаңа әдебиеттердің келуі пайдаланушылардың кітапханаға келуінің санының артуына септігін тигізді. Жылына келушілер саны 3500-ге жетіп отырды. Оқырман саны – 650.
Жыл өткен сайын кітапхананың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. 2003 жылы кітапхана жеңіл жөндеуден өткізілген әкімшілік ғимаратының бір бөлмесіне орналастырылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқу залы мен абонементтен тұрады.Оқу залы Абонемент
Кітапханада жылына 200-ден астам әр түрлі мазмұндағы анықтамалар беріліп отырады. 9 мерзімді басылымдар жаздырып алады, барлығы да ана тілімізде. Сонымен қатар кітапхананы эстетикалық көркемдеуде ауыл әкімшілігі 4 үстел, 5 орындық және 5 терезе жапқыш, 4 люстра берді. Техникалық құралдардан аудандық кітапхана компьютер берді. Кітап қорының көп даналығы қуанарлық болғанымен, уақтылы есеп жұмысы жүргізілсе де, әдебиеттердің көбі мазмұны жағынан ескірген. Осы бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, кітапхана дәстүрлі мәдени шаралар өткізуде жұмыстың жаңа әдістері мен түрлерін кеңінен қолдана бастады.

Елбасының «2003-2005 жылдары – Ауыл жылдары» деп жариялауына орай ауыл энциклопедиясы жасақталды. «Киелі ата мекенім», «Ауылдың абзал аналары» кездесу кеші», «Ауыл – ел айнасы» кітап көрмесіне шолу сияқты шаралар ұйымдастырылды.
– Жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толу мерейтойына «Махамбет алмас жырлы ақын, айбалталы батыр» әдеби сазды кеші
– Орал қаласының 390 жылдығына «Орал – сүйікті қалам» сұрақ жауап кеші
– Тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына «Тыңдағы бүкіл халықтың ерлігі»
– А.Бақтыгерееваның 60 жас мерейтойына «Өмірді өрнектеген өлеңменен» ауызшы журнал
– Жерлес ақын Қ.Мырза Әлінің 70 жасқа толуына арналып «Сырым елінің жыр жұлдызы» әдеби кеш
– Ж.Молдағалиевтің 85ж ылдығына «Жұбан елі – жыр әлемі» әдеби кеш
– Ұлы Жеңістің 60ылдығына «Елге ұран, ұрпаққа үлгі ардагер» кездесу кеші
– Жұмақаева Г.Т. «Ғажайып тұлға» кітабының тұсау кесері ұйымдастырылды.
Мемлекетімізде ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар болса, солардың бірегейі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Осы орайда кітапханада 2004-2006 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын оқырмандар арасына кенінен насихаттау арнайы жұмыс жоспары бойынша ұйымдастырылды.
«Мәдени мұра – асыл қазынамыз» кітап көрмесі, «Мәдени мұра – рухани жаңғырудың негізі» тақырыптық папкасы жасақталып, «Халық мұрасының жарасымды жалғасы» атты ауызша журнал ұйымдастырылды.
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеуде, олардың рухани жан дүниесін, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытуда кітапханалардың алатын орны ерекше. Қай қоғамда болмасын кітапхана білімді тереңдетудегі қайнар бұлақтың көзі болған. Көктемде еккен тал шыбықтың тамыры тереңге жайылып, бой алып өсуі үшін жылдар бойы табиғаттың да, аралдардың да көмегі қажет-ақ.
Біздің балғын оқырмандарымыз да осы тал шыбықтай. Жас жеткіншектердің рухани байлығын, жалпы қабілетін, ой-өрісін дамыту, кітап оқуға тарту мақсаты – кітапхана алдындағы мақсаттарының бірі болып, бала тәрбиелеп отырған жанұямен байланыс жасауда «Ананың әлдиі» және отбасы және кітапхана клубтары ұйымдастырылды. «Ананың әлдиі» клубының мүшелері болып мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер. Бекжан Альберт, Қабекен Жұпарқан, Сарсенбаева Нарқыз, Габсаликова Г, Ерболатқызы Махаббат, Басібек Ақжібек болды. Анасымен бірге үнемі кітапханамен тығыз байланыс жасап «Кітап – біздің досымыз» атты ертеңгілікке қатынасып, ертегі кейіпкерлерімен таныстырылды.
Клуб мүшесі Бекжан Альберт «Кітап – біздің досымыз» ертеңгілігіне қатынасып, өзіне ұнаған «Дәуіт пен қарылғаш» ертегісі туралы өз ойын оқырман балаларға жеткізе білді. Сонымен бірге Бәсібек Ақжібек тілдер мерекесіне арналған «Сүйемін туған тілді – анам тілін» байқауына қатынасып, 2-ші орынды иеленді.
«Отбасы және кітапхана» атты мүделестер клубының мақсаты, ауыл тұргындарын отбасымен кітап оқуға насихаттау, кітап және кітапхана жөніндегі түсініктерін кеңейту болып табылады. Отбасымен оқитын жанұялар қатарынан Ермеков Б, Нұгманов О, Кажмуратов Н, Шакиров Б, Бегимов Т, Таженов А отбасыларын атауға болады. Клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жанұя тәрбиесі әдепте», «Отбасы және ана тілі» сайысы, «Білімді ұрпақ Қазақстанның болашағы» сұрақ жауап кеші,«Сіздің балаңыз қай бағытта оқиды» дөңгелек үстел т.б шаралар ұйымдастырылды. «Кітап – білім кілті» демекші, кітапхананың атқаратын жұмысы үлкен, солардың ішінде балалардың шығармашылық жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді.
2006-2007жылдары кітап қоры 10900-ге өсті. Халық санының азаюына орай, кітапхана оқырмандарының саны да азайып, кітапхана 500 оқырманға қызмет көрсетіп отыр. Кітап берілімі 10100, келушілер саны -3000-дай.
Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда мерзімді басылымдардың рөлі ерекше. Соңғы жылдарда 15 атаулы мерзімді басылымдар алуға қол жеткізді. 15-де қазақ тіліндегі басылымдар.
Абонементте әдебиеттер сала бойынша орналасқан. Оқырмандар көптеген жаңалықтарға, қажетті, қызықты кітаптарға кенеледі, сонымен қатар сирек кездесетін бағалы кітаптар жиналған, мәселен оқымысты ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы туралы анықтама баспалары т.б. әдебиеттерді пайдаланады.
Келген жаңа әдебиеттермен таныстыру, өлкеміздің атақты ақын-жазушыларының шығармалары бойынша кештер өткізу дәстүрге айналған. Жазғы мектеп демалысы кезінде абонемент айтарлықтай жұмыс ауқымын қамтиды. Демалыс лагеріне жылжымалы кітапханалық қызмет көрсетіледі. Жылына 50-60 оқырманға 250-300 басылым пайдалануға беріледі.
Оқырмандарға жарнамалық қызмет арқылы кітапхананың негізгі жұмыстарын, бөлімдерін, кітапхананы пайдалану ережесін, кітапханада өтетін көпшілік шараны оқырманға жаңа қырынан көрсетіп кітапхана жұмысын насихаттауда қазіргі дизайндық үлгіде безендірілген «Оқырман назарына» жэне «Балалар бұрышы» атты жарнамалық беттер шығарылды.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыты – кітаптарды насихаттау, оқырмандардың ой-өрісін, талап-тілегін, өзінің алдына қойған мақсатымен ұштастыра отырып көпшілік шаралардың тиімді түрлерін ұйымдастыру.
Кітапханаға оқушы балалар, әр түрлі сала мамандары, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және т.б оқырмандар тобы өздерінің сұраныстарын қанағаттандыру үшін келеді. Кітап қорын насихаттау жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, оқырмандарды кітапханаға тарту, олардың сұраныстарын қанағаттандыру кітапхананың негізгі мақсаты болғандықтан көпшілік шаралар осы бағыттарда жүргізілді. Жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін іздестіріп әдеби мерекелер, байқаулар, викториналық ойындар, театрландырылған көрністер, дебат, ток-шоу т.б жұмыс формалары жиі қолданылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі халыққа Жолдауын оқырмандар арасында насихаттау, жолдаудың маңыздылығын, басым бағыттары мен міндеттерін айқындау бағытында да көптеген шаралар өткізіледі.
Кітапханада халықтың саяси, экономикалық-әлеуметтік жағдайын арттыру қажет екендігін көрсететін «Елбасы Жолдауы – елдің қолдауы» кітап көрмесі шығарылып, «Жолдау жол сілтейді» атты тақырыптық папка жасақталды.
2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланды.
Абай мен Пушкин адамзатқа ортақ тұлғалар. Олардың өлеңдері ең алдымен жастарға өсиет-өнеге. Жастар тобымен «Абай мен Пушкин жырлары – поэзияның биік шыңы» атты поэзия кеші ұйымдастырылса, оқырман балалармен «Пушкин ертегілерін ашайық» балалар апталығы өткізілді.
Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына Қазақстан тарихын білесің бе?» сұрақ-жауап кеші, желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына мектеп ұжымымен бірлесіп «Желтоқсан – тәуелсіздігінің ұлы рухы» атты кездесу кеші өткізілді. Желтоқсан оқиғасының куәгері Жәлекенова Г. Қ. кештің қонағы ретінде қатысты.
Қазіргі таңда экология күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселе. Адамзатты табиғат апаттарынан, адамдар қолымен жасалған жасанды апаттардан құтқарып, араша түсу болашақ жас ұрпақ үшін де өзекті болып қалары анық. Осы ретте жас ұрпақ бойында адамзаттың аялы бесігі – табиғатқа деген сүйіспеншілікт ояту мақсатында «Алтын табиғат аясында» атты дебат ұйымдастырылды. Кітапхананы пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандырумен қатар, мұндай іс-шаралар өткізу кітапхана қабырғасында толастамайды.
2007 жылы өткізілген басты шаралардың бірі – Сырым Датұлының 260 жылдығына арналған «Батыр өмірі – ел тарихы» атты тарихи кеші.

Балалар кітабы күніне арналған «Сүйікті кітабын қорғау» атты эстафеталық ойын.

«Бір ел – бір кітап» аясында ұйымдастырылған Абай оқуларына арналған «Абайды білеміз бе?» тест ойыны, «Ғалым болмай немене» әдеби кеші.Мектеп кітапханашысымен бірлесе Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасына 10 жыл толуына арналған «Арман керек адамға» атты дөңгелек үстел оздырылды.
Осындай ұйымдастырылған іс-шаралар оқырмандардың белгілі бір тобына ықпал етіп, олардың білімін, рухани байлығын арттырып, ой-өрісін байытып, әдебиетпен қауышуына өзіндік әсерін тигізіп отырады. Сондай-ақ, кітап қоры да жылдан жылға қажетті әдебиеттермен, анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар, түрлі көркем әдебиеттермен толығуда. Оқырмандар арасында мезгіл-мезгіл кітапхана, кітап қоры жөнінде сауалнамалық сұрақтар арқылы талдаулар жасалып отырады. Кітап – біздің рухани байлығымыз. Білімін толықтырып, әлем әдебиеттерімен танысып, кітап нәрімен сусындағысы келген оқырмандар кітапханаға келеді. Бұлан ауыл кітапханасынан қол үзбей, үнемі байланысып, түрлі шараларға атсалысып жүрген үздік оқырмандарымызды мақтанышпен атауға болады. Олар: Сұлтанғалиев Б.А., Габдушев М., Қуатов М., Нұрғалиева К., Ермекова Ж., Ермекова У., Болат Т., Батырғали Т., Шәріп А., Молдашев А., Мұхтарова А., Зағыпаров А., Нугманова Г., Мылқан Б., Молдашева В., Мүтиев А. т.б. Кітапхана – адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Ж.Баласағұнның сөзімен айтқанда «Білім – адам баласының ортақ қазынасы». Сондықтан кітапханаға келіп әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет-журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп, рухани азық алып, дөңгеленген дүниеден хабардар болады.
Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Жалпы кітапхана адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты орын.
Г. Дәуітқызы жырлағандай:
Кітапхана ғасырларды жалғайды,
Төзім үлкен ғалымдардың талайы.
Ғұлама да, данышпан да кемеңгер
Дана ойлы парасаттың сарайы.

Бұлан ауылдық кітапханасы компьютермен жабдықталған.

Кітапхананың жарнамалық бұрышы

 

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылған жылы: 1955 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 65 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 215 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 90 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 1701

Кітап қоры: 17719 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы  Бұлдырты ауылы
8 (71134) 92-3-25

Кітапхана меңгерушісінің аты-жөні: Темирханова Балбопе Жоламановна

Бұлдырты ауылдық кітапханасы шежіресі

Мәдени ошақ Бұлдырты ауылдық кітапханасы 1955 жылдан бері халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Кітапхана – баспа өнімдерін пайдалану ісін ұйымдастырып, оқырмандарға мәдени-ағарту бағытында көмек көрсетіп келеді.Әр кезеңде кітапханашылар халықтың рухани байлығын арттыру мақсатында қажырлы еңбек ете білді. Солардың бірі Махметова Күләш туралы айта кетсек . Махматова Күләш 1939 ж.Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1956 –1959 ж.ж. Жымпты ауданы бұрынғы Интернационал колхозында, 1959 –1965ж.ж. Зеленов ауданы Перьм совхозында кітапханашы, 1965-1989ж.ж. Бұлдырты ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет жасады.
1968 Жылдан КПСС мүшесі. Бірнеше жыл қатарынан әйелдер қоғамын басқарды. Совхоздың қоғамдық жұмыстарына белсене араласты және өз қызметін де абыроймен атқара білді. Өз белсенділігінің арқасында Махметова Күләштің аты көпке танылды. Көп жылдар Қызыл – ту газетінің штаттан тыс тілшісі болды. 1989 ж. Зейнеткерлікке шығып, қазір Алматы қаласында тұрады.
Қазіргі кітапхана жаңа ғимаратқа орналасқан. Ғимараттың жалпы көлемі 120 кв.м. Кітапхана баспа өнімдерін жинау, сақтау, насихаттау, оқырмандарға баспа шығармаларын пайдалануға беру және библиографиялық ақпарат жұмыстарымен шұғылданады. Кітапхана оқырмандары жас бүлдіршіндер, ұстаздар, зейнеткерлер т.б. жастағы адамдар.
2004 ж. 8 шілдеде Бұлдырты ауылында «Жоспарлау және кітапхананың бағдарлама – жобалық қызметі» тақырыбында облыстық зерделі кеңес өткізілді. Зерделі кеңеске облыстық кілапхана және ОКЖ директорлары, әдіскерлер, ауылдық кітапханашылар барлығы 40 адам қатысты. Зерделі кеңесте Сырым ауданы әкімінің орынбасары Жакиев Қ.М., сол кездегі Сырым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Жоламанов Ә.Т., Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Аңшыбай А.К. қысқаша сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста «Кітапхана қызметінің құқықтық негізі» тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК директоры Жұмақаева Г.Т баяндама жасады.
–Кітапхана қызметін жоспарлау және дамыту тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК–ның кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Кенжебаева С.К. баяндады.
–Кітапханалық процесстерді мөлшерлеу жұмыстары тақырыбында.—Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК директорының орынбасары Тетерятникова Т.Г.
–Кітапханалық жобаны жасау бағыттары,қаржыландыру үшін грантқа тапсырыс жазу жолдары -тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның әдіскері
–Кітапханадағы балаларға қызмет көрсету ісін мөлшерлеу тақырыбында А.Гайдар атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Ихсанова Г. баяндады.
Еңбекті мөлшерлеуге сәйкес ауыл кітапханасының жұмысын жоспарлау тақырыбында тренинг өткізілді.
«Әдіскердің кітапханадағы орны мен маңызы» мастер – класста Сырым ОКЖ–нің әдіскері А.Ж.Уалиахметованың жаңашылдық ізденістері ұсынылды.
«Тарихтан қысқаша»
Бұлдырты ауылдық кітапханасы 1955 жылы ашылды.
Ол кезде кітапхана шағын ғана бір бөлмеде аз ғана кітап қорымен ашылған.
Алғашқы кітапханашы болып 1955 – 1956 жылдары Байқатов Төлеген жұмыс істеген.
1956 – 1957 жылдары Ахметов Жарқынғали.
1957 – 1958 жылдары Есқалиева Т. Ахметов Ж.
1958 – 1963 жылдары Арыстанова К.
1963 – 1965 жылдары Ахметов Ж. Мықтыбаева Райхан.
1965 – 1991 жылдары Махметова Күләш.
1991 – 1997 жылдары Балпейсова Гүлзира.Кітапхана шежіресі
1955 – 1960 жылдары
Кітапхананың кітап қоры шамамен 500 дана.
Оқырман саны: 448 адам.
КПСС-тің ХХ және кезектен тыс ХХІ сьезінің шешімдерін іске асыру бағытындағы жұмыстарды насихаттауда кітапхана өз үлесін қосты.
1961 – 1965 жылдары
Кітап қоры: 650 дана.
Оқырман саны: 488 адам.
Кітапханада КПСС ХХІІ сьезі жоспарларын орындау мақсатында және Ұлы Жеңістің 20 жылдығына арналған көпшілік шаралар өткілді. Тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 10 жыл толуына арналып мәдени шаралар өтуізілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға ұсынылды.Егіс даласындағы және мал шаруашылығындағы еңбеккерлерге насихат жұмысы жүргізілді.
1966 – 1970 жылдары
Кітапхананың кітап қоры: 5500 дана.
Оқырман саны: 569 адам.
Кітапханада КПСС ХХІІІ сьезі тапсырмаларын жүзеге асыру т.б. саяси өзекті бағыттарды насихаттауда кітапхана жұмыс жүргізді.
Ұлы Октябрь социалистік революциясының 50 жылдығына және В.И.Лениннің 100 жылдығына , 1970 жылы 9 мамырда Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 25 толуына арналған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші және кітап көрмелері ұйымдастырылды.
1971- 1975 жылдары
Кітапхананың кітап қоры: 8760 дана. Оқырман саны: 642.
КПСС ХХІҮ съезі белгілеген жоспарларды мерзімімен бұрын орындау науқанына кітапханада өз үлесін қосты. Социялистик идеологияны насихаттауда Бұлдырты ауылдық кітапханасында өзінің жан –жақты мәдени насихат жұмыстарын жүргізе білді.
1975 жылы мамыр айында Ұлы Жеңістің 30 жылдығын және СССР- дің құрылғанына 50 жал толуына лайықты қарсылау мақсатында көпшілік мәдени шаралар өткізілді.
1976-1980 жылдары
Кітапханада кітап қоры: 9980 дана. Оқырман саны: 695 адам. Кітапханада сол кезгі идеологияны насихаттауда басты ролъдердің бірін орындады. Сондықтанда сол кездегі елдегі және партиядағы болып жатқан жаналықтарды алғашқылардың бірі болып кітапхана насихаттап отыратын. КПСС ХХҮ- съезінің шешімдерін халыққа насихаттауда кітапхана өзінің сүбелі үлесін қосты. Ұлы Октябръ социолистік революциясының 60 жылдығын атап өту және Тыңға 25 жыл толуына, В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толуына арналып көпшілік шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
1981-1985 жылдары
Кітапхананың кітап қоры: 10300 дана. Оқырман саны: 699 адам.
Кітапханада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне (ЦБС) көшірілу жұмыстары жүргізілді. КПСС –тің ХХҮІ- съезі шешімдерін жүзеге асыруда кітапхана насихат жұмыстарын жүргізді.
СССР-дің құрылғанына 60 жал толуына және Қазақстан комсомолына 60 толуына арналып мәдени шаралар өткізілді.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 40 жыл толуына Бұлдырты ауылында кешенді мәдени шаралар өткізілді. Бұл атаулы датаға кітапханада мүмкіндігінше атсалысты. Кітапханада соғыс ардагерлерімен кездесу кештері, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
1986-1991 жылдары
Кітапханада кітап қары : 10.750 дана. Оқырман саны : 725 адам. Бұл кезде елімізде Совет Одағы тоқырау кезеңдері орнауына байланысты кітапхана саласы да қиын кезеңдері басыннан өткізді.
Кітапханалар жабылып, жаңа кітаптар басылмай халық еңбек ақыларынала –алмай журген қиын кезеңді ауыл кітапханасы да басынан өткерді.
Алайда Бұлдырты ауылдық кітапханасы өз жұмысын тоқтатпай халыққа кітапханалық қызмет көрсете берді.
1991- 1997 жылдары
Кітап қоры: 11759 данаға жетті. Оқырман саны: 359 адам.
Еліміз Егемендік алып Тәуелсіздікке қол жеткізгесін Мәдениет саласының тамырларына да қан жугіріп, кітапханада жұмысыда қалыпқа келе бастады. Атаулы датыларға байланысты жазушылар мерейтойларына байланысты кітап көрмелері көпшілік шаралар ұйымдастырылыа отырылды.
1997 жылы Елбасының «Қазақстан-2030» даму бағдарламасының жариялануына байланысты, бағдарламаны халыққа насихаттау мақсатында кітапханада көпшілік шаралар өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
1998- 2002 жылдары
Кітап қоры: 17184 данаға дейін жетті. Оқырман саны: 853 адам. Кітапханада 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы», Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналып көпшілік кітапханалық шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітап қоры: 16785 дана .Оқырман саны 699.
2001 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 толуына арналған бірнешекөпшілік шаралар өткізілді, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 2001 жылыалғаш рет ауданда «Жыл кітапханашысы- 2001» конкурсы өткізілді. Кітап қоры: 16992 дана. Оқырман саны:814 адам.
2003 жыл
Кітап қоры: 17488 дана. Оқырман саны: 911.
Кітапханада Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына және «Ауылды қолдау жылына» арналып тақырыптық кештер, кітап көрмелері, тақырыптық папкілер ұйымдастырылды. Осы жылы Бұлдырты ауылында есте қалар оқиға әкімдердің облыстық зерделі кеңесі болып өтті. Кітапхана жаңа ғимаратқа көшірілді.
2004 жылы
Кітапхананың кітап қоры: 17728 дана. Оқырман саны:868 адам.
Кітапхана ағымдағы жөндеуден өткізілді. 8- шілдеде кітапханада «Жоспарлау және кітапхананың бағдарлама жобалық қызметі» тақырыбында облыстық зерделі кеңес өткізідлді. «Мәдени мұра» бағдарламасына, Қазақстандағы Ресей жылына арнап және арнап және Тыңның 50 жылдығына арналған басылымдар насихатталды.
2005 жылы
Оқырман саны: 881 адам. Кітап қоры:15178 дана.
Елбасының халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына, Абай Құнанбаевтың туғанына 160 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 60 жылдығына т.б. көпшілік шаралар ұйымдастырылды, кітап көрмелері жасақталды.
«Ауыл энциклопедиясы- Шағын Отан» энциклопедиясы жазылды. Көкөріс ауылдық кітапханасы ашылып, Бұлдырты кітапханасының кітап қорынан 2500 дана кітап берілді.
2006 жылы
Кітап қоры: 15688 данаға жетті. Оқырман саны:883 адам болды. Кітапханада күнднлікті кітапханалық-библиографиялық жұмыстармен қатар азақстанда А.С.Пушкин жылы, Ресейде Абай жылына және Елбасы Жолдауы, Тәуелсіздіктің 15 жылдығына т.б тақырыптарда көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Кітап көрмелері жасақталды.
Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасында Абыз ақын Қадыр Мырза Әли шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақтың дара Қадыры» оқу марафон өтті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жас бүлдіршіндерді тәуелсіз елін мақтан тұтуға, болашаққа сеніммен қарауға, Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелей отырып, туған елге арналған сүйіспеншілікке толы Қадыр Мырза Әлідің шығармашылығын насихаттау, шығармашылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға 5- 14 жас аралығындағы оқырман балалар қатынасып, Қамеш Г. «Бата» , Қайырбек Р. «Уақыт» Боранбай А. «Есеп» Ермек С. « Туған жер », Бақытжан А. «Баспалдақ» т.б. ақынның балаларға арналған өлеңдерін оқыса, нақыл сөздерін Жандаулетова Шұғыла дауыстап оқып оқырмандар хормен «Атамекен » әнін шырқап берді. «Тағылымы терең- Абыз ақын» кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылып шолу жасалды. Кітапханашы Сұңғатқызы Н. балаларға арналған шығармаларының маңызын түсіндірдіре отырып, «Біз білетін Қадыр ақын» блиц сұрақтарына оқырмандар бір ауыздан жауап берді. Кітапханашылар шараны жүргізіп, ақын шығармаларын көп, мәнерлеп оқыған оқырмандарға «Алғыс хаттар» мен тәттілер ұсынылды.
Айтулы шешен, Айыбынды батыр Сырым Датұлының туғанына 280 жыл толуына орай оқырмандар назарына «Сөз бастаған шешен, қол бастаған көсем» вертуальды кітап көрмесі насихатталды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елім деп еңіреген тұлғамызды оқырмандарға жас ұрпаққа насихаттау. Жыл бойы Сырым Датұлының өмірі мен шешендігі, батырлығы мен тапқырлығын, нақылға айналган шешендік сөздерін оқырмандарға насихатталды.
2022 жылы кітапханада:
Кітап қоры:16548 дана.
Оқырман саны:1352 адам.
Кітап берілімі:19782 дана басылым.
Кітапханада үш кітапханашы қызмет атқарады.Олар:
Темірханова Б.Ж. меңгеруші-жоғары білімді.
Сұңғатқызы Н. Кітапханашы – жоғары білімді.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Жамбыл ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1974 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 26 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 135 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 55 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 160

Кітап қоры: 5975 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Жамбыл ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Қайыржан Гүлнұр Талгатовна

Жамбыл ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 160
Кітап берілімі: 3826 дана.
Кітап қоры: 5975 дана.

Кітапхана – бүкіл халықтың өмір сүріп отырған қоғамымыздың түп қазығы, қайнар көзі, білім бастауы болып саналады. Қазіргі таңда кітапхана замани ағымға сай жабдықталған, халықтың үлкен сұраныстарына ие мәдениет ошағы.Небір ғұлама данышпан да, ғылыми қызметкерлер де, ақын-жазушылар да өз туған жерінің, елінің тарихымен, салт-дәстүрімен танысып, жан дүниесіне рухани азық болған кітапхана екені рас. Ендеше «кітапхана шежіресі» деген атпен жинақталып, осы мақсатта құрылып, ілгері буын жас ұрпақтарға, жалпы оқырман қауымына арналып басылып отыр.
Жамбыл ауылы – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы -1563. Тұрғын саны – 400 адам. Ауылдың жер бедері негізінен жазық, тегіс. Оңтүстік – оңтүстік батысқа қарай еңістей береді. Жер қойнауының құрылыс материалдарының қоры барланған.Жамбыл ауылы 1955 жылы құрылған.Жамбыл ауылының тұрғындарының мәдениеті өнер оздырып, рухани кемелденіп, өрістілігін биіктеткен ауыл. Жамбыл ауылдық кітапханасы 1955 жылы ашылды. Жалпы ауылдық кітапхана клуб мекемесімен бірге орналасып, халыққа қызмет көрсете бастаған. Клуб пен кітапхана жұмысын соғыс ардагері әрі ауылдық тілші Ербасов Ташай атқарған.
ЕрбасовТашай 1921жылы 18-ші сәуірде Абай совхозында дүниеге келген. Сол кездегі кітапхана қоры шағын болған. Кітапханадағы кітап қоры қазақ және орыс тілдерінде болған. Кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырған.Сол уақыттағы партиялық жиналыстарға, съездерге әртүрлі тақырыптарға баяндама жасап отырған.Түрлі комсомол жастарының жиналыстарында кітапхана кешке дейін жұмыс атқарған. Сол жылдардағы бес жылдық жұмыс жоспарына байланысты түрлі еңбек ерлерінің қызметтеріне байланысты көрме, плакаттар ұйымдастырып отырған. Кітапханада мерзімді басылымдар жинақталған. Олар «Октябрь туы», аудандық «Қызыл ту» газеті, республикалық «Лениншіл жас» газеті болған. Кітапханаға келген оқырман мерзімді басылымдармен танысып, бір-бірімен пікір алысқан. Ауылдағы түрлі саладағы егін шаруашылығы, шөп науқаны кезінде көшпелі кітапхана жұмыс істеген. Оны «Кызыл мүйіс» деп атаған. Жаз маусымында даладағы жұмысшыларды аптасына екі рет кітаппен қамтып отырған. Кітапханашы Ербасов Ташай кітапханадағы жаңа әдебиеттерді насихаттап, түрлі істелінген жұмыстары туралы аудандық «Кызыл ту» газетіне жариялап отырған. Кітапханашы Ербасов Ташай кітапханада 1975 жылға дейін жұмыс істеді.
1975-1976 жылдары кітапханада Рысқалиева Бақу қызмет атқарды. Рысқалиева Баку 1958 жылы Аралтөбе совхозында дүниеге келген. Ауылдық мектепті бітірген соң, кітапханашы болып жұмыс істеді. Кітапханада кітап қоры 1413 дана болған. Кітап қоры 279 дана жаңа әдебиеттермен толықтырған. Кітапханадағы қоғамдық саяси әдебиеттер 351 дана, жаратылыстану саласындағы әдебиеттер 17 дана, техника саласындағы әдебиеттер 29 дана, ауыл шаруашылығы саласындағы әдебиеттер 104 дана, өнер саласындағы әдебиеттер 70 дана, көркем әдебиеттер 785 дана болған.
Кітапханадағы оқырман саны 140. Кітапханада көпшілік оқырман топтарына жыл аяғында 475 дана әдебиеттер ұсынылған. Оның 70 қоғамдық саяси әдебиеттер, 20 жаратылыстану саласындағы әдебиеттер, 36 техника, 40 ауыл шаруашылығы, 30 өнер, 246 көркем әдебиет берілген. Кітапханада көпшілік оқырман топтарына арнап 7 кітап көрмесі, 8 әңгіме сағаты,1 жар қағазы шығарылған. Барлығы 15 көпшілік шара өткізілген. Кітапханада 7 әуесқой мүшесі, 5 кітапхана активі кітапханашымен бірлесіп жұмыс атқарған.
1976 жылы кітапханадағы кітап қоры 1510 данаға жеткен. Кітап қоры жыл аяғында 1750 дана болған. Осы жылдың ішінде кітап қоры 240 жаңа әдебиеттермен толықтырылған. Кітап қорында 338 қоғамдық саяси әдебиеттер, 89 жаратылыстану саласындағы әдебиеттер, 98 техника, 102 ауыл шаруашылығы саласындағы әдебиеттер, 78өнер, 852 көркем әдебиет болды. Кітапханадағы оқырман балалар тобына 106 әдебиет ұсынылған.
Кітапханадағы жалпы оқырман саны 120. Кітапханаға оқырманның келім саны 1101. Оның ішінде 40 бала. Кітапханада көпшілік оқырман топтарымен 14 көпшілік шара өткізілген. Оның ішінде 5 кітап көрмесі, 3 жар плакаты, 5 әңгіме сағаты өткізілді. Рысқалиева Баку Жамбыл ауылдық кітапханасында екі жыл қызмет істеді.
Сисенова Ұмсындық 1950 жылы 10-шы октябрьде Жамбыл ауылында дүниеге келген.1958 жылы ауылдық сегіз жылдық мектепті бітірген соң, 1967 жылы Орал қаласындағы 11 қазақ пансионында 9-10 сыныпты бітірген. Пансионда оқып жүріп кітапхана курсын оқып, мектеп бітірерде кітапханашы куәлігін алып шыққан. 1970 жылы аудандық мәдениет үйінде мәдениет қызметкері болып жұмыс істеген. Кейіннен 1977 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеген. Сол кезде кітапхана контор мекемесінің ішінде орналасқан. Кітапханада кітап қоры мол болған. Кітапханада мынадай мерзімді басылымдар болған: «Ара», «Огонек», «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Работница», «Элеватор», «Мәдениет және тұрмыс», «Қызыл ту», «Орал өңірі», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан». Кітапханада «Шебер қолдар» әуесқойлар клубы болды. Кітапханашы СисеноваҰмсындық кітапхана қызметін жақсы ұйымдастырып отырды. Оқырман сұраныстарын үнемі орындап отырды. Кітапханада балаларға арнап «Кел,балалар, оқылық» көрме ұйымдастырған. Жазғы егін шаруашылығы, шөп науқаны кезінде бригадаларға «Озат еңбеккерлер», мал шаруашылығындағы еңбеккерлерге арнап «Озат малшылар» газетін шығарды. Сол кездегі түрлі партиялық жиналыстарда баяндамалар жазып, КПСС, партия съездеріне арнап көрмелер ұйымдастырған. Кешкі комсомол жастарының жиналыстарында кітапхана кешке дейін жұмыс істеген. Көпшілік оқырман топтарымен 52 көпшілік шара өткізді. Оның ішінде балалар тобымен 16 көпшілік шара ұйымдастырған. 1978 жылы кітапханада кітап қоры 1860 дана болды. Жыл барысында кітап қоры 320 жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Жыл аяғында 100 дана әдебиет актіге шығарылды. Кітап қорында 390 қоғамдық саяси әдебиет, 103 жаратылыстану әдебиет, 105 техника саласындағы әдебиет, ауыл шаруашылығы 132, өнер 80, филология саласындағы әдебиеттер 150, көркем әдебиет 1016, балалар әдебиеті 104 болған. 916 қазақ тілінде, 1164 орыс тіліндегі әдебиеттер болған. Кітапханадағы оқырман саны 125, балалар саны 58. Оқырманның кітапханаға келім саны 1282. Жыл аяғында оқырмандарға 1404 әдебиет, балаларға 798 дана әдебиет берілген.
1979 жылы кітап қоры 2080 293 жаңа әдебиетпен толыққан. 200 дана әдебиет жыл аяғында актіге шыққан. Көпшілік оқырман топтарымен 48 шара өткізілген. Оның ішінде балалар тобымен 18 шара ұйымдастырылған. Кітапханада оқырман саны 125. Балалар тобы 54. Оқырман кітапханаға келім саны 1295. Жыл аяғында оқырман топтарына 1420 әдебиет ұсынылған. Балалар тобына 821 дана әдебиет берілген.
1981 жылы кітапханада кітап қоры 2548 дана болды. Кітап қоры 325 жаңа әдебиетпен толықты. Кітапханада 378 көпшілік шара ұйымдастырған. Оның ішінде балалар тобымен 20 шара өткізілді. Кітапханада оқырман саны 127. Балалар тобы 59. Жыл аяғында оқырмандарға 1527 дана, оның ішінде балаларға 819 әдебиет ұсынылды.
1982 жылы кітапханада кітап қоры 2873. Кітап қоры 202 жаңа әдебиетпен толыққан. Жыл аяғында қордан 172 дана әдебиет актіге шықты. Кітапханада оқырман саны 130. Оның ішінде балалар тобымен 59. Оқырман топтарымен 38 көпшілік шара ұйымдастырылған. Балалар тобымен 20 шара өткізілген. Жыл барысында оқырмандарға 1592 дана әдебиет, балалар тобына 895 дана әдебиет берілді.
1983 жылы кітапханада кітап қоры 2903 дана әдебиет болды. Кітап қоры 211 жаңа әдебиетпен толықты. 45 дана әдебиет жыл аяғында актіге шықты. Бағасы 3069. Кітапханадағы оқырман саны 125. Оқырманның кітапханаға келім саны 2250. Жыл барысында оқырмандарға 2500 дана, балалар тобына 980 дана әдебиет берілді.
1984 жылы кітап қоры 3096. Жыл аяғында қордан 52 дана әдебиет актіге шықты. Көпшілік оқырман топтарымен 32 шара, оның ішінде балалар тобымен 18 шара өткізілді. Оқырман саны 130. Балалар саны 75. Оқырманның кітапханаға келім саны 2560. Жыл барысында оқырмандарға 2500 әдебиет ұсынылды.
Кітапханада 1985 жылы кітап қоры 3172/272 жаңа әдебиетпен толықты. Кітапханада оқырман саны 132. Оның ішінде балалар тобы 75. Оқырманның кітапханаға келім саны 1400. Көпшілік оқырман топтарымен 52 шара, балалар тобымен 23 шара өткізілді. Жыл барысында оқырмандарға 1410, балалар тобына 683 әдебиет берілген.
Кітапханада 1986 жылы кітап қоры 3558 болған. Кітап қоры 176 жаңа әдебиетпен толыққан. Оқырман саны 137. Балалар тобы 66. Оқырманның кітапханаға келім саны 1407. Кітапханада оқырман топтарымен 49 шара ұйымдастырылған. Оның ішінде балалар тобымен 21 шара өткізілген. Кітапханада оқырмандарға 1407 дана әдебиет берілген. Балалар тобына 648 әдебиет ұсынылды.
Жамбыл ауылдық кітапханасында 1987 жылдан бастап кітапханашы болып Хасанова Алтын қызмет істеді. Хасанова Алтын 1967 жылы Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1974 жылы ауылдық сегіз жылдық мектепті бітірген соң, 1982 жылы 9-10 сыныпты Орал қаласындағы №11 С.Сейфуллин атындағы мектепте оқып шықты. Алғашқы қызметін 1987 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеді. Кітапханада көпшілік оқырман топтарымен көптеген шаралар өткізді. Клуб мекемесімен бірлесіп арнаулы мерекелік шараларды өткізді. Ақын-жазушылардың мерейтойларына арнап көрмелер ұйымдастырды. Жеңістің 50 жылдығына орай көрме ұйымдастырып, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу кештерін ұйымдастырған. 1995 жылы ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арнап көрме ұйымдастырды. Кітапханада мерзімді басылымдар тіркелініп отырды. Балалар тобына арналған «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан», ересек топтарға арналған «Зерде», «Ара», «Агитатор», «Арай», «Орал өңірі», «Кызыл ту» тағы да басқа мерзімді басылымдар болды.Балалар тобымен «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс істеді.Көпшілік оқырман топтарына арнап түрлі ауқымды спорттық шаралар оздырылды.Жазғы маусым кезінде егін,шөп шаруашылықтарындағы еңбеккерлерге кітап апарған.Кітапханада 1987 жылы кітап қоры 3742 болған. Оқырман тобы ересектер 153, оның ішінде балалар 30. Оқырманның кітапханаға келім саны 1714.Жыл барысында кітапханаға 218 жаңа әдебиет келіп түскен.Көпшілік оқырман топтарына 2583 дана әдебиет ұсынылған.Балаларға арнап 532 әдебиет берілген. Оқырман топтарымен 43,соның ішінде балалар тобымен 9 шара оздырылған. 1988 жылы кітапханада 6 айда 200 оқырман болса, жыл аяғында 245 оқырман болған. Оқырман келім саны 1416. Оқырман топтарымен 44 шара, балалар тобымен 1431 дана әдебиет берілген. 1989 жылы кітапханада кітап қоры 4227 дана. 275 оқырман. Оның ішінде балалар 120. Оқырманның келім саны 1946. Оқырмандарға берілген кітап саны 3680. Балалар тобына 1917 дана әдебиет ұсынылған. 45 көпшілік шара ұйымдастырылған. 15 шара балалар тобымен өткізілген. Ал 1990 жылы кітап қоры 4625. 398 жаңа әдебиет келіп түскен. Оқырман саны 270. Балалар саны 82.Оқырмандарға 2824 дана кітап берілген. Балалар тобына 1462 әдебиет ұсынылған. 1991 жылы кітапханада оқырман саны 270, балалар тобы 110. 3813 әдебиет берілген. Балаларға 1929 дана әдебиет ұсынылған. 1992 жылы 6 айда оқырман саны 130, берілген кітап саны 1422,көпшілік жұмыстар 11. 1993 жылы 6 айда оқырман саны 108, берілген кітап саны 977,көпшілік жұмыстар 13 орындалған. 1994 жылы 6 айда оқырман саны 103 берілген кітап саны 900, көпшілік шара 14 болған. 1995 жылы 6 айда оқырман саны 158, берілген кітап саны 1665, көпшілік жұмыстар 15 болған. 1996 жылы оқырман саны 300, берілген кітап саны 3512. Кітап қоры 4748. 17 жаңа әдебиетпен толыққан. 1997 жылы 285 оқырман, 120 балалар тобы. Оқырманның келім саны 1040. Оқырман топтарына 3100 әдебиет берілген. 2000 жылдан бастап кітапхана жұмысын Хайруллина Арайлым атқарды. Хайруллина Арайлым 1976 жылы Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1983-1991 жылдары Жамбыл негізгі мектебінде оқып, 1992-1993 ж ылдары Орал қаласындағы № 11 С.Сейфуллин атындағы гуманитарлық лицейді бітірді. 1993 жылы Орал қаласындағы Даулеткерей атындағы өнер институтына оқуға түсіп, 1997 жылы кітапханашы-библиограф мамандығын алып шықты. 2000 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарамын.Кітапханада көптеген жұмыстар жүргізілді. Әр жылдары «Инабат», «Шебер қолдар» әуесқойлар клубы жұмыс істейді.Кітапханада ақын –жазушылардың мерей тойлары на арнап көрмелер ұйымдастырылады.Кітапханада мынадай мерзімді басылымдар оқырманға ұсынылады. Олар Ақжелкен, Айгөлек, Балдырған, Мөлдір бұлақ, Балаларға базарлық, Ұлан, Жыл он екі ай, Бала би, Денсаулық, Қазақстан әйелдері, Қайнар, Орал өңірі, Дала мен қала, Егемен Қазақстан. Көпшілік оқырман топтарына арналған мынадай мәліметтер папкасы дайындалды.Олар «Денсаулық – зор байлық», «Қазақстан ғарышкерлері», «Айналайын, абайла», «Ата мұра-асыл қазына», «Ауыл тарихы», «Тәуелсіздік шежіресі» тағы да басқа папкалар жинақталған. Кітапханада тақырыптық картотекалар дайындалды. Олар «Өлкетану картотекасы», «Мерзімді басылымдар картотекасы», «Орындалмаған сұраныс картотекасы», және тақырыптық картотекалар ұйымдастырылған.Кітапханада әр жылдардағы бағдарламаларға орай көрмелер ұйымдастырылды.Мәдени мұра бағдарламасына «Мәдени мұра-мәңгі мирас», Тілдерді қолдану бағдарламасына орай «Тіл -ұлттық рухтың мәйегі», Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауына орай «Жасампаздық жолдау», «Әлем таныған егеменді ел», балалар тобына арнап «Бүлдіршіндер бұрышы», «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары» атты көптеген көрмелер ұйымдастырылды.Кітапханада осы жылдар арасында балалар тобымен көптеген шаралар оздырылды.Атап айтсақ «Кітапхана әлеміне саяхат», «Ертегілер елінде», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Ойнайықта ойлайық», «Тәуелсіздік құрдастары», «Менің сүйікті кітабым», «Сен білесің бе ?»т.б. ертеңгіліктер өткізілді.Экология тақырыптарына орай «Құс қанатты досымыз», «Айналаң аялы алтын бесігің», «Табиғатты қорғау,болашақты ойлау» атты тәрбие сағаттар өткізілді.Жасөспірімдер топтарымен «Жастар және есірткі», «ХХІ ғасыр дерті» атты әңгімелер өткізілді.Кітапханада ақын жазушылардың мерей тойларына арнап «Өлкетанушы қайраткер Ж.Ақбай 80жаста», «Жазушы С.Шаймерденов 85жаста», «Дәуірдің дара тұлғасы- Д.Қонаев 95жаста», «Алаштың азаматы Ж.Досмұхамедовтың туғанына 120жыл», «Дала кемеңгері С.Датұлының туғанына 265жыл»,«Қазақ жырының қыраны М.Шаханов 65жаста» т.б. кітап көрмелер ұйымдастырылды.
Жамбыл ауылдық кітапханасында 2000 жылы кітап қоры 3371 дана кітап болды.Оқырман саны 385,оның ішінде балалар тобы 150.Жасөспірімдер саны 44.Кітапханаға оқырманның келім саны 2151.Оқырманға 50008 дана кітап берілді. Балалар тобына 2904 дана кітап ұсынылды.Кітап қоры 336 дана жаңа әдебиеттермен толықтырылды.
2001 жылы кітапханадағы кітап қоры 3771 дана болды. Оқырман саны 339, балалар саны139, 36-жасөспірімдер. Оқырманның кітапханаға келім саны-1463. Жыл барысында оқырмандарға 5170 дана кітап берілді. Оның ішінде балалар тобына 2812 кітап берілді.
2002 жылы кітапханадағы кітап қоры 4048 дана. Оқырман саны 304, балалар саны 123, оқырманның келім саны 1460. Кітап қорына 210 жаңа әдебиет келіп түсті.Оқырмандарға 5189 дана кітап берілді.Оның ішінде балалар тобына 2930.
2003 жылы кітапханада кітап қоры 4258 дана болды.Кітап қоры 251 жаңа әдебиетпен толықтырылды. Оқырман саны-285,оның ішінде 104.Оқырманның кітапханаға келім саны 1648. Жыл барысында оқырмандарға 4279 дана жаңа әдебиеттер берілді.Балалар тобына 2471 дана кітап берілді.
2004 жылы кітапханадағы кітап қоры 4509 дана әдебиет болды. Кітап қоры 81 жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Кітапханада оқырман саны 311, оның ішінде балалар саны 101, жасөспірімідер саны 54, оқырманның келіс саны 1549. Көпшілік оқырман тобына 6286 дана әдебиет, балаларға 3526 дана берілді.
2005 жылы кітапханадағы кітап қоры 4590 дана әдебиет болды. Кітап қоры 38 дана жаңа әдебиеттермен қамтылды. Оқырман саны 310, оның ішінде балалар саны 85, жасөспірімдер саны 34. Оқырманның кітапханаға келім саны 1367. Оқырман топтарына 6049 дана әдебиет берілді, оның ішінде балалар тобына 3292 дана кітап берілді.
2006 жылы кітап қоры 4628 дана болды.Кітап қоры 233 дана жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Оқырман саны 302, балалар саны 85, жасөспірімдер саны 55, оқырманның кітапханаға келім саны 951. Жыл барысында оқырман топтарына 5778 дана кітап берілді. Балалар тобына 3045 дана әдебиет ұсынылды. Қазіргі таңда кітапханада 273 оқырман бар, оның ішінде балалар тобы 89. Кітапханадағы кітап қоры 4781 дана. Кітап қорына 40 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті. Оның 26 данасы қазақ тілінде, 14-әдеби қоғамдық саяси әдебиеттер, 14-көркем әдебиет, 1-өнер саласы бойынша, 6-филология саласы бойынша қорға келіп түсті. Кітапханада көптеген ауқымды жұмыстар жүргізіліп тұрады. Қазіргі таңда балалар тобымен «Шебер қолдар» клубы жұмыс істейді. Жалпы кітапхана жұмысы әрі қарай жанданып, оқырман қауымына қызмет көрсетуде.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Жаңаөңір ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1983 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 70 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 80 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 90 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 77

Кітап қоры: 12140 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Жаңаөңір ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Хамидуллина Нурила Айтжанқызы

Жаңаөңір ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 77
Кітап берілімі: 710 дана.
Кітап қоры: 12140 дана.

Кітапхана – мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау. Насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхананың ақпаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді:
1) Көпшілік
2) Ғылыми және арнаулы
Көпшілік кітапхана оқырманға қоғамдық – саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдар ұсынады.
Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары т.б.) қызмет етеді.
Ғылыми кітапханаларға:мемлекеттік академиялық, университеттік және салалық кітапханалар жатады.
Арнаулы кітапханаларға: техникалық, өндірістер жанындағы, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының кітапханалары енеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.
1980 жылы Қызыл ту колхозынан бөлініп, жаңадан Қызыл Ақтап колхозы құрылды. Сол жылы құрылған жаңа колхоз төрағасы болып Жәдігер Шайхиев сайланды.
Жаңаөңір ауылы
5 жеке шаруа қожалығы ашылып, 1 мектеп, МТМ, Ауылдық клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт бар.
Жаңадан құрылған колхоз 1980 жылдың 31 шілдесінен жұмысқа кірісті. «Қызыл-Ақрап» колхозының жаңа орталығы Аңқаты өзеніне жақын жерде қоныс тепті. Мәдениет орындары, кеңсе, тұрғын үйлер салынды.жаңа жерде бірнеше ондаған жанұялар қоныс тойларын өткізді.
Колхоз кезінде Хасанов Қапан, Мұханбетжанов Иосиф басқарды. Халық депутаттары аудандық кеңесінің 1987 жылғы 14 шілдесіндегі №15-258 қарары мен «Қызыл Ақрап колхозы жабылып, «Қызыл ту» колхозына қосылды. №3 бөлімше «Жаңаөңір» ауылы болып аталды.
Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты № 37 филиалы Жаңаөңір ауылдық кітапханасы 1983 жылдың тамыз айында 2500 дана кітап қорымен ашылды. Ол кезде кітапхана меңгерушісі Тілекқаблова Айгүл Уахитқызы үгіт бригадаларға шығып, газет шығарып, көшпелі кітапхана ұйымдастырған, көпшілікке арналған іс-шараларды өткізгендігін төмендегі фотосуреттерден байқауға болады.
1984 жылы кітапханашы ауысып, Галиева Ақмарал Маулетқызы қызмет жасаған уақыттарда кітап қоры 3500 данаға дейін жеткен. Сулы көл, Орлы көл, Қыстаубай, Қызылағаш елді мекендеріне көшпелі кітапхана жалғасын тауып, қызмет атқарды. Осы елді мекендерге кітаптар, баспасөз басылымдары, мәдениет қызметкерлерімен концерт апарылды.
1987 жылдың тамыз айынан бастап, Орал мәдениет ағарту училищесін бітіріп келген жас маман Нарышева Айнагүл Айдынғалиқызы қызметке алынды. Қазіргі уақытта кітапханада жұмыс жасайды.
1987 жылы КПСС ХХVІІ – съезді мен Қазақстан компартиясының ХVІ – съезінің шешімдерін кеңінен насихаттау, еңбектегі және саяси белсенділігін шаруашылық мәдени құрылыстың нақты міндеттерін шешуге бағыттау. Еңбекші ауылы қарарларын еңбекшілер арасында съезд материалдарын жинақтап көрмелер шығарып, жаңа келген кітаптармен таныстырып, еңбек, соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізіп, мектеп оқушылары мен балабақша мен ертеңгіліктер өткізіліп қызметтер атқарылды.
Малшы – шопандарға, егістік далаларға барып, баспасөз басылымдарын, жаңа кітаптар апарып, қабырға газеттерін шығарып, клуб қызметкерлері өнерпаздарымен концерттерін қойып қайтатын. Шөп бригадасы «Сулы көл» деген жерде болды. Егістік бригадасы «Тарауда болды» малшы шопандар Қастаубай, Орлы көл, сулы көл, Қызыл – ағаш деген елді мекенде қой бағып отырды. Көктемде сақыманшылар отырды.
22 сәуір В.И.Лениннің туған күні құрметіне мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория, МТМ, гараж, т.б. мекемелер сенбілік жасайды. Оқушылар тал егеді, гүл егеді.
1989-1999 жылы Кітапхананың кітап қоры өсіп, кеңейе түсті. Ауыл шаруашылық жаппай арендалыққа көшті. Біздің ауылымыз, Алғабасқа қосылып, біздегі дәрігерлік пункт, балабақша, интернат бәрі жабылып, Жаңаөңір ауылы, №3 бөлімше болып қалдық. Ауылда клуб пен кітапхана жұмыс жасады, даталы күндерге байланысты кітап көрмелер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарымен көпшілік шаралар өткізілді.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Егемен туралы Декларация қабылданды. Осы күні Республика күні болып жарияланды.
1991 жылы 2 қазанда Қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ұшты.
Кітапханада «Қыран ғарышкер» атты көрме ұйымдастырылып, Т.Әубәкіров туралы альбом жинақталды.
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Республика президентіне жалпы халықтық сайлау өтті. 10 желтоқсанда Н.Назарбаев президенттік қызметіне кірісті.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ ССР-ын, Қазақстан Республикасы деп атау туралы заңға қол қойылды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Бұл күн тәуелсіздік күні болып белгіленді.
1992 жылы 3 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне кірді. Нью-Йоркте әлем мемлекеттері тулары қатарында Қазақстан туы желбіреді.
1992 жылы 8 мамырда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы шықты.
1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.
Жаңаөңір ауылдық кітапханасында «Қазақстан тәуелсіздігі, тарихы, тағылымдары», – атты кітап көрме шығарылып, оқырманға кеңінен таныстырылды. «Ел рәміздері – ел рухы», – атты ширма шығарылды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енді.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Кітапханада «Ата заңым – айбыным» атты 5-8 сынып оқушылары арасында пікір алысу кеші ұйымдастырылды. Осы тақырыпта әртүрлі сұрақ жауап кештері өтті.
1998 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданды.
«Мемлекеттік тіл – елдіктің айнасы» – атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
1998 жылы 10 мамырда Ақмола қаласы Астана болып өзгерді.
1999 жылы Сабақтастық жылы болып жарияланды. Сол бағытта кітапханада көптеген іш – шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Тәуелсіздік жылына бір жылғы іс – шараларға, көрмелерге картотекалар ұйымдастыруға жұмыс жоспарланды. Сол жоспар бойынша тоқсан сайын көпшілік шаралар өткізіліп тұрды. Соның бірі «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие», – атты тақырыптық кеш.
2002 жылы денсаулық жылында халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Денсаулық болса бәрі болады» – деген шешіммен, денсаулықты нығайту бағытында көпшілік оқырман тобына арнап «Денсаулық зор байлық» атты кең көлемде кітап көрмесі, әр түрлі бағытта денсаулыққа байланысты «Ауырғанша ауырмайтын жол ізде» атты дауыстап оқу, «Спорт – денсаулық кепілі» атты әңгіме сағаты, «Дәрігер кеңес береді» атты бұрыш ұйымдастырылды.
2003 – 2005 жылдары Ауыл жылына «Ауылым – ата мекенім» атты кітап көрме шығарылды. Жыл бойына ауыл тұрғындарымен бірлесіп осы бағытта көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
Жасөспірімдермен, балалармен «Ырымдар мен тыйымдарды білесің бе?» атты сұрақ жауап кеші, «Мақал – сөздің мәйегі», «Көшеде жүру ережелерімен таныс болайық», «Ертегілер еліне саяхат»атты ертеңгілік, «Әдептілік – әдемілік», «Құс қанатты досымыз», «Кітап біздің ақылшымыз» т.б шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Кітапханада «Ақын жазушылардың мерей тойлары» атты кітап көрмесі шығарылды. Жерлес ақынымыз Қ.Мырза Әлидің 70 жасқа толуына орай кітапханада «Сырлы да, сында ақын», атты әдеби кеш 9-11 сынып оқушылары, тіл мамандары өтті.
2006 жылы М.Мақатаевтың 75 жасқа толуына орай «Айтып өткен ақында арман бар ма?» – атты поэзия кеші Жаңаөңір орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларының, сынып жетекшілерінің қатысуымен өтті. «Мұқағали – мәңгі ғұмыр» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Тәуелсіздіктің 15 жылдығына «Он бес жылда он бес асу», – атты танымдық кеш өткізілді.
Желтоқсан оқиғасына 20 жыл толуына орай кітапханада ауыл жастарымен «Желтоқсан жұлдыздары» – атты тарихи кеш оздырылы.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Жырақұдық ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2010 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 23 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 172 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 48 м2

Меншік түрі: мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 363

Кітап қоры: 5838 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы  Жырақұдық ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Жұма Жазира Қайырбекқызы

Жырақұдық ауылдық кітапханасы

Оқырман саны: 363
Кітап берілімі: 4016 дана
Кітап қоры: 5838 дана

Жырақұдық – Сырым ауданындағы ауыл, Қособа ауылдық округіне қарасты елді мекен. Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті халық саны – 598 адам.
Жырақұдық ауылдық кітапханасы Сырым ауданының әкімі Ерлан Беркінұлы Нысанғалиевтің 24.05.10 ж. №136 Қаулысы негізінде 2010 жылдың 1 маусымында ашылды.
Жырақұдық ауылдық кітапханасы ауылдағы шағын орталық ғимаратының бір жақ бөлігінде орналасқан.
Жырақұдық ауылдық кітапханасына аудандық кітапхананың кітап қорынан барлық білім салалары қамтылған 4000 дана кітап берілді.
Жырақұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Бегимова Мөлдір Темірғалиқызы қызмет етеді. Мамандығы – кітапханашы, білімі – арнаулы орта. 2010 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қабылданды.Жырақұдық ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Қазақстан ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2002 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 75 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 225 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 16 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 76

Кітап қоры: 5986 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қазақстан ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Алимбетова Жанслу Есимовна

Қазақстан ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны:76
Кітап берілімі: 1962 дана.
Кітап қоры: 5986 дана.

Қазақстан ауылдық кітапханасы аудан әкімі М.К.Оңғарбековтың № 30 шешімімен 2002 жылы 13 мамырда ашылды. Кітапханашы болып Раглакова Эльвира қабылданды.Кітапханашы Раглакова Э. педагогикалық арнаулы орта білімді,2005 жылдын 15 наурызында айына дейін жасады.2005 жылдан Кәрімғалиева Жанаргүл, 2007 жылы Шаухарова Гүлнар, 2020 жылдан Алимбетова Жанслу жұмыс жасайды.
Кітапхана оқырмандарының маңызды бір бөлігі, кітапхана жұмысына сүйеу, қызметіне рух шабыт беретін басты тұлғалар – зейнеткер оқырмандарымыз. Бұған куә зейнеткер оқырмандарымызбен жас ұрпақты инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Үлкеннен ұлағат-кішіге ілтипат» атты кездесу кеші,ата-салтымызды насихаттауда «Ұлттық ою-өрнек сыры» т.б. тәрбиелік мәні бар шараларымызды атауға болады. Зейнеткерлер тұратын көшелер кітап, газет-журналдармен қамтамасыз етіліп отырады.
Уақыт өткен сайын мезгіл мен халықтың талап-тілегіне сай бірте-бірте кітап қоры жаңартылып келеді.Жаңа әдебиеттерді оқырмандарға насихаттауда, «Жаңа кітаптар» кітап көрмесі, «Таныс болыңыз жаңа әдебиеттер» атты бюллетень шығарылып мектеп т.б. мекемелерге таратылып отырады.Ауылдың жеке шаруа қожалықтарының мекемелеріне барып жаңа әдебиеттерге арналған көрме шығарылып, шолу өткізіледі.

Кітапхана өз жұмысын өрістету негізінде ауыл тұрғындарына кітапхана ісін пайдалануға, қор әдебиеттерінің кеңінен оқылуы мақсатымен оқырмандарды мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді құштарлықпен оқуларына арнайы көңіл бөліп отырады.
Бұл бағытта кітапханада «Ашық есік күндері», «Мамандар күндері», «Ата-аналар сіздер үшін» атты арнаулы бұрыш, «Тәрбие басы- тал бесік» атты әңгіме, «Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз» атты әдеби- музыкалық кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізулеріне септігін тигізетін: «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шеру, «Қарты бардың қазынасы бар» атты пікіралмасу кеші, қатысушылардың ауыл мәдениетін өрістетуге, мәдени шара барысында өздерінің рухани сана-сезімдерін оятуға көмектесе алды.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Жосалы ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1955 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 90 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 240 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 65 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 420

Кітап қоры: 16898 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Қоңыр ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Исболова Сауле Маратовна

Жосалы ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 420
Кітап берілімі: 9961 дана.
Кітап қоры: 16898 дана.

Халқымыздың рухани талап тілегін қанағаттандыруда олардың тұрмыс, мәдениетін арттыра беруде, білімнің інжу-маржандарын теру мақсатында кітапхананың алатын орны ерекше.Кітапхана жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда зор рөл атқарады.
Ұсынылып отырған осынау кітапхана тарихында колхоз болып құрылған кезден күні бүгінгі дейінгі аралықта еңбек еткен мәдени қызметкерлеріміздің өмір жолы сөз болмақ.
Жосалы аймағы- тарихи тұлғалармен оқиғаларға толы, өзгеше табиғаты мен өзіндік тарихы бар, қойнауы қазынаға толы бай өлке.
2006 жылғы есеп бойынша халық саны -1330 адам, үй саны-285, орта мектеп-1, бастауыш мектеп-1, орталық амбулатория-1, фелдшерлік пункт-1, медициналық пункт-2, кітапхана-2, кафе-1, клуб-2, қазіргі кезде халықты жұмыспен қамтуда жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-1, 15 шаруа қожалықтары еңбек етеді.
«Жосалы» – деп аталу себебі, бұл жердің табиғи байлығының бірі-«жоса»,- түрлі-түсті құм топырақ.
Қазақ халқының өмір сүріп жатырған жерінің көлеміне қарай алғаш рет кітапхана «Қызыл отау» деген атпен құрылған. Ізденіп, талдау жасап құрылған кезден бері тарихи күндер, карта – сызбалар арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ әр жылдар бойынша кітапханадағы әдебиеттердің өсімі, олардың оқырмандарға таралымы сараланып көрсетіледі.Бұл тарихи мұраның толыға молая беруі, яғни толық жазылуы болашақ ұрпаққа игі мұра болып қалары сөзсіз.
Кітапхана көпшіліктің келетін киелі орны. Ондағы сан мыңдаған әдебиеттердің қалай орналасуы, қалай насихатталуы жөнінде де суреттер арқылы толық мағлұматтар ала аласыздар. Кітапханамызға басшылық етіп кітапхана жұмысының ойдағыдай жүруіне қол ұшын беріп отырған мәдени мекеме қызметкерлерінің жұмысы да назардан тыс қалмады. Кітапханамыздың орталықтандырылған жүйе арқылы атқарған жұмыс кездері де айқын көрсетіледі. Әрбір адам кітапханаға рухани қажетін өтеу үшін келеді.Сондықтан да әр ұрпақ осы тарих беттерінен кітапханамыздың қай жылы, қалай құрылғаны, кімдер қызмет еткендері жөнінде толық мағлұматтар ала алады.
Көпшілік қауымның келер орны кітапхана жөніндегі тарих жұртшылықтың ойынан шығады деген сенімдеміз.
Мұқатова Нұржамал
1944 жылы туған. Жосалы өңірінде дүниеге келген. 1961-62 жылдары кітапханашы болып істеген. А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, 1968 жылы Чапай ауданының Ілбішін ауылына тұрмысқа шығып, сол жерде көп жыл ұстаз болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта зейнеткер.
Мұқатов Амангелді.
1941 жылы дүниеге келген. Жосалы ауылының тұрғыны. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Жоғары білімді агроном. Көп жылдар Жосалы ауылында агроном болып еңбек еткен. Жолдасы, 3 баласы бар, зейнеткер. Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Кітапханада 1963-64 жылдарда істеген.
Құташева Тамара.1940 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Алматы қыздар институтын кітапханашы мамандығы бойынша бітірген. Ұйымдастыру қабілеті мол, өз ісінің маманы. Мәдени салада әр түрлі жұмыстардың ұйытқысы болған. 1964-68 жылдары кітапханада жұмыс істеген.
Мұханбетқалиева Мария – 1939 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл елдімекенінде дүниеге келген. 1947-58 жылдары орта мектепте оқып, 1958-60 жылдары Атырау облысына қарасты Құлсары, Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал (бұрынғы Фурманов ауданы) аудандарында шаруашылық жұмыстарына араласты. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1964 жылы кітапханатанушы – библиограф мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Осы жылы арнайы жолдамамен Жымпиты ауылына жіберіліп, мұнда аудандық кітапхана меңгерушісі болып тағайындалады. Аудандағы тұңғыш жоғары білімді кітапханашы М.Мұханбетқалиева 1966 жылы жолдасының қызмет бабымен Жосалы кеңшарына көшіп, осындағы ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1968 жылы аудан орталығына қайта көшіп, аудандық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарды. 1972-85 жылдары Жосалы кеңшарындағы А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985-1991 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық кітапханада «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Қазір құрметті демалыста. М.Мұханбетқалиева жанұяда 5 бала тәрбиелеп өсірген ана. Тұңғыш баласы Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы өмірден ерте кеткеніне қарамастан, артына өлмес туындылар қалдырған талантты қылқалам шебері.
Жұмышева Ақзия Рамазанқызы – 1955 жылы Орынбор облысында дүниеге келген. 1972 жылы Жосалы орта мектебін бітірген. Оралдағы екі айлық кітапханашылар курсын бітіріп, жаңадан ашылған Жданов селолық кітапханасында кітапханашы болып еңбек жолын бастады. 1975 -79 жылдар аралығында Шымкент педагокикалық мәдениет институтының «Кітапхана» факултетінде сырттай оқыды. 1977 жж жанұя жағдайымен Кеңащы селолық кітапханасына жұмысқа ауысып, 1997 жылға дейін кітапхана бөлімшелерінің қысқартылуына орай, жұмыстан қысқартылды. 2006 жылдың ақпан айынан бері Жосалы ауылдық кітапханасында кітапханашы болып еңбек етуде. Өзінің кітапханашы болып еңбек еткен жылдарында құрмет грамоталарымен, мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталған. Жанұялы, бес бала тәрбиелеп өсірген өнегелі ана.
Мырзағалиева Күлаш 1968 жылы желтоқсан айынан істеген. 1951 жылы дүниеге келген. 1970-72 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту техникумын жұмыстан қол үзбей бітірген. 1975 жылы «Үздік кітапханашы» жеңімпазы. 1978 жылы аудандық «Қызыл ту» газетінің штаттан тыс тілшісі. 1983 жылы партия ұйымының мүшесі. 1978 жылы Білім қоғамының секретары. Аудандық, ауылдық советтердің депутаты. Әйелдер кеңесінің төрағасы. 1989 жылдан «Орал өңірі» газетінің штаттан тыс тілшісі. Бірнеше мақтау қағаздары және 10, 11-бесжылдықтардың жеңімпазы. 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығында жеңімпаз атанған. 2002-2003 жылдары реферат жазудан жүлделі орынға ие. 1990 жылы Қаратөбе ауданы конференциясында жұмысы, облыс көлемінде озық іс-тәжірибесі таратылды. 2005 жылы Ауыл энциклопедиясын жазудан облыс бойынша 2-орынды, «Үздік өлкетанушы» атағын жеңіп алып, диплом, бағалы сыйлыққа ие болды. Жолдасы, 5 баласы бар. Жосалы ауылдық кітапханасында қазіргі таңда 15003 дана кітап қоры бар. 12 түрлі баспасөз материалдарын алдырады.750 оқырманы бар. Округтегі халық саны 1351 адам. 2006 жылы оқырмандарға 10356 дана кітап таратылды. Кітапхана округтегі орта мектеппен, балалар бақшасымен тығыз байланыста.Кітапхана ауылдағы рухани-мәдени орталық.Жасөспірімдердің мектеп бағдарламасын орындауына қажетті материалдар мен баспасөз тігінділері әр уақытта көмекке келеді.Кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер оқырман талабына сай, мазмұнды өткізіледі.Кітап әр оқырманның жан азығы.
Исболова Сәуле 1983 жылы Жымпиты селосында дүниеге келген. 1991 жылы Қадыр Мырзалиев атындағы Жымпиты орта мектебіне қабылданып, 2001 жылы орта білім алған. 2001 жылы Орал қаласындағы № 5 кәсіптік лицейде «Дербес компьютерде жұмыс істей алатын хатшы-реферант» мамандығы бойынша білім алған.2004 жылдың қараша айында алғаш еңбек жолын Жосалы ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастады. Қазіргі уақытта Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кітапханашы мамандығы бойынша білім алуда. Жанұялы, қызы бар.
Кітапхана алғаш рет Қоңыр ауылында 1950 жылы «Қызыл отау» болып 500 дана кітап қорымен ашылды.Қызыл отау меңгерушісі болып Ихсанов Жайболат қызмет етті.
1956-1961 жылы Хамзин Орынбай «Қызыл отауда» кітапханашы,
1961-1964 жылдары Мұқатова Нұржамал,
1964-1968 жылдары Құташева Тамара Қабаққызы
1968-2005 жылдары Тоғызбаева Күлаш кітапханашы болып жұмыс жасады.
Ихсанов Ж. 1925 жылы Жосалы ауылында дүниеге келген 1942 жылы армияға шақырылып,Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін 1950-1953 жылы қызыл отауда меңгерушісі, 1956 жылдары ауыл әкімі, 1960-80 ж.ж. Жосалы ауылында байланыс бөлімшесінің меңгерушісі, 1980-85ж.ж. радио торабында жұмыс жасаған. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты.
1970 жылдар бұл жылдарда кітапхана қоры көбейіп, коллектор арқылы ай сайын кітап келіп тұрды.1974-1978 жылдары кітапхана кең жаңа орынға көшіріліп, әдебиеттер саны, оқырман саны өсті. Көпшілік шараларды ұйымдастыру нәтижесінде 1975 жылы «Үздік кітапхана» атағын жеңіп алды.
1979 жылы кітапхана аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне бірігіп, №11 филиалы болды. Сол кездерде кітапхана қажетті заттармен, кітап қорымен толықты.Жосалы ауылдық кітапханасы Кенашы, Жданов, Былқылдақ ауылдық кітапханаларының орталығы болды. Орталық кітапхана меңгерушісі К.Тоғызбаева ферма кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мен қатар 17- саулық отарларын және 5 егіс бригадасын, 4 шөп дайындау бригадасын кітаппен қамтып отырған. Әр бригадаға «Найзағай», «Алтын дән», «Диқаншы», «Озаттарға теңелейік», «Алға» атты жар газеттері шығарылып, көрсеткіш тақталары ұйымдастырылған. Кітапхана кеңесінің мүшелері сақманшыларды, механизаторларды автоклубтармен жиі аралап, көркемөнерпаздар қойылымы көрсетіліп, көркем әдебиеттер насихатталған.
Кітапхана 1990 жылдарда
Кітапхана жұмысының нағыз биік белеске көтерілген кезеңі. Өйткені 1990 жылдары әдебиеттер өсімі көбейді. 1990 жылы жерлес ақын А.Жұмағалиевтің 75 жылдығы аудандық деңгейде Жосалы кітапханасында атап өтілді. Кітапханада конференция ұйымдастырылып, облыс ақыны А.Нәріков, немере інілері Ғайнолла, Шайдолла Жұмағалиевтар қатысты.
Кітапхана 2000-2007 жылдар
Жұмыстың жаңаша түрлері енгізіліп отырды. Қоғамдық ұйымдармен, ауылда, ауданда өтетін сайыстарға қатысып жүлделі орындар алды.
2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған көрме, «Әжелер сайысы» т.б. шаралар мақтауға ие болды.
2004 жылы өлкетану жұмыстарын алға жүргізу мақсатында жүргізілген «Ауыл энциклопедиясын» жинақтауда жақсы жетістіктерге жетті. «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауының 1-ші кезеңінде облыс бойынша І орын алып «Үздік өлкетанушы» атағын жеңіп алды.
2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде кітапхана көптеген жұмыстар жүргізді.Аз қалған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу,дөңгелек үстел өткізіліп, «Ұлы Жеңіске – 60 жыл» деген тұрақты көрме жасақталды.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Қызылағаш ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2000 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 50 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 110 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 24 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 153

Кітап қоры: 6448 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қызылағаш ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Мамбеталиева Көркем Қайырбекқызы

Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі

 

Оқырман саны: 153

Кітап берілімі: 3791  дана.

Кітап қоры: 6448  дана.

Қазiргi таңда  ауылымызда қайта жанданғандай болды. Бұған себеп елбасы Н.Назарбаевтың “2003-2005 жылдары ауылды түлету” бағдарламасы екенiн жақсы бiлемiз.

2005 жылы “Жайсан” жеке шаруа қожалығы “Назым” атты дүкен ашты. Дүкен меңгерушiсi Ергалиева С. ауыл халқының талап тiлегiн қанағаттандыруда аянбай еңбек етуде.

Ауылымыздағы медициналық мекеме, яғни, фельдшерлiк пункт жөндеуден өткiзiлiп, халықтың көңiлiн бiр көтерiп тастады.

Кызылағаш – Аралтөбе округiнiң бөлiмшесi.Аралтөбе 28 км жерде орналасқан. Аудан орталығына дейiнгi қашықтығы 54км. Шөл мен шөлейттi  жерде орналасқан. Ауылда алты шаруа қожалығы бар. Тұрғындар қожалықтарда еңбек етедi. Жалпы бiлiм беретiн 11 жылдық мектеп бар.

Қазiргi кезде жан-жақты бiлiм мен тәрбие берер мәдени орындардың бiрi-кiтапхана.

Кiтапхана-атын сенiң тым ыстық

Жаңа таңда жарқылдаған күмiс шық.

Секiлденiп жанымызға нұр тамыз,

Сен құстай боп көзiмiзде жүр ұшып.

Сен Ыбырай ықыласы демесiн,

Сенi Абайдың аруағы жебесiн.

Сен айналып шағаладай шарықта,

Бiздiң жаңа ғылым, бiлiм кемесiн,

-деп Г.Қайырбеков ағамыз жырлағандай кiтапханамыз бар.

Кiтапхана мәдени ағарту және ақпарат мекемесi, баспа шығармаларын сақтап, оны халыққа таратып, насихаттайтын мәдениет Қызылағаш ауылдық кiтапханасы ашылды.

Кiтапханаға Аяпкалиева Магия Ыбырайымқызы кiтапханашы болып тағайындалды. Ауыл халқының мәдени-рухани бiлiмiн жетiлдiру мен партия, съезд шешiмдерiн халыққа түсiндiру үшiн аянбай еңбек еттi. Ол кезде 35-40 шақты ғана үй болған. Халық санының аздығына қарамай даладағы ауыл шаруашылық қызметкерлерiне, пункттерге кiтап апарып, халықтың сауатын көтеру бағытында жұмыстанған. Мерекелерде концерттер өткiзген. Партия жиналыстарында баяндама оқыған. Комсомол ұйымы мен, клубпен бiрiгiп жұмыстанған.

Ол кезде кiтапхана қоры 400. Оқырман саны –35 болған. Аяпкалиева Магия Ыбырайымқызы 1960 жылы   Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Аралтөбе 11 жылдың                           мектебiн бiтiрiп, 1978 жылы клуб меңгерушiсi болып    еңбек жолын бастаған. 1979 жылы Қызылағаш   кiтапханасына кiтапханашы болып тағайындалған. Қазiр  Жамбыл мектебiнде мұғалiм болып қызмет етедi.1980 жылы Қоғабаева Жаңыл кiтапханашы болып тағайындалды.

1980 жылы кiтапхана қоры-800-ге, оқырман саны-50 ге жеткен.

Ауыл тұрғындарына кiтапханалық қызмет көрсетiп, бiлiмдерiн көтеру үшiн жұмыстанған. Мейрамдарда мерекелiк концерттерге қатысқан комсомол жиналыстарында баяндама оқыған. Комсомол ұйымы мен, клубпен бiрiгiп еңбектенген.

1983 жылы кiтапханашы болған. 1983 жылы кiтапхана қоры-1200 ге, оқырман 55-ке жеткен.

1983 жылы Мыңжасарова Гүлфайруз кiтапханашы болып тағайындалды. Кiтапхана қоры 1600-ге,оқырман саны 60-қа жеткен. Мерекелерде комсомол ұйымдарымен, әкiмшiлiк қызметкерлерiмен бiрiгiп, ауылшаруашылығы қызметкерлерiне кiтап апарған, концерттер құрған. Кiтапханада “Ленин кiтаптары баршаға”,  “Механизаторларға көмек”, “Көктем мейрамы-егiс салу”,  “Советтiк жастар күнi” к†рмелерi шығарылған.

Балаларға “Ленин -өмiрдiң шұғыласы”,  ертеңгiлiк, “Адамзаттың шамшырағы-Ленин” атты балаларға арналған көрме қойылған. Балалар оқыған кiтаптарының түсiнгендерiн айтқан. 1987 жылы демалысқа шыққан.

1987 жылы Арыстанғалиева Ақсұлу  қызмет еткен.

Кiтап қоры 1700, оқырман-100 ге жеткен. Комсомол жиналыстарында баяндама оқыған. Мерекелерде концерттерге қатысқан. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiне  кiтаптар апарған, еңбекке ынталандыру мақсатында концерттер ұйымдастырған. Әкiмшiлiкпен комсомол ұйымдары мен клубпен бiрiгiп жұмыстанған, “Механизаторларға көмек”,  “Кiм болам?”,  “Бiз совет жастарымыз” тағы басқа көрмелер қойылған.

Арыстангалиева Ақсұлу Хамидоллақызы 1967 жылы Абай совхозында дүниеге келген. 1984 жылы бiтiрiп, сол жылы  Орал мәдени ағарту училищесiне түсiп, 1987 жылы бiтiрiп, 1 жыл Қызылағаш ауылында қызмет еткен. Қазiр Шағырлой ауылында кiтапханашы болып қызмет етедi.

1988 жылы  Мыңжасарова Гүлфайруз қызметiн қайта жалғастырған.  Ол кезде кiтапхана қоры – 3000, оқырман саны – 180-ге жеткен.

  Мыңжасарова Гулфайруз Әубәкiрқызы 1966ж Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келген. 1983 ж мектептi бiтiрiп, Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесiнде кiтапханашы мамандығы факультетiне түсiп, 1985 ж Қызылағаш ауылына кiтапханашы болып орналасқан. 1993 ж дейiн Қызылағаш кiтапханашысы болған.  Қазiр Орал қаласындағы БҚМУ- де кiтапханашысы болып қызмет етедi.

1993ж Сағынғалиева Алтынбике кiтапханашы болып тағайындалған. 1993ж кiтап қоры –4000, оқырман қоры-250 ге жеткен. Оқырмандарға әдебиеттердi насихаттау үшiн «Ұлттық мереке- Наурыз», «Механизаторларға көмек», «Бақыт кiлтi-еңбекте» т.б. көөрмелер шығарған. Ауылшаруашылығы қызметкерлерiне кiтаптар апарған. Жиналыстарда баяндама оқыған.

Сағынғалиева Алтынбике 1966жылы Орал облысы Жымпиты ауылы Ақырап ауылында дүниеге келген.. 1983 жылы мектепте тәлiм алған. 1990 жылы Қызылағаш ауылына көшiп келген. 1993-1994 жылы кiтапханашы болып қызмет еттi.

1994 жылы Сағынғалиева Шеге кiтапханашы болып орналасқан. Ол кезде кiтап қоры – 4700-ге, оқырман-270 ке жеткен. Әдебиеттердi насихаттау үшiн “Ауыл еңбеккерлерiне көмек”, “Өнегелi өмiр”, “Туған өлкем-тұңғыш шежiре баспасөз беттерiнен”, тағы басқа кiтап көрмелерi қойылған. Пункттерге кiтаптар апарған.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 ж 9 қаңтардағы №31 қаулысына сәйкес аудандық мәдениет бөлiмiнiң бұйрығымен мәдени мекемелердiң жұмысын реформалау мен оңтайландыруына байланысты, нарықтық экономикаға сәйкес келетiн жүйеге көшу бағытында 22 кiтапхана қысқартуға ұшырады /архив материалы/. Соның iшiнде Қызылағаш кiтапханасы да бар.

1996 ж Мәдениет бөлiмi мен аудан әкiмiнiң шешiмiмен Қызылағаш кiтапханасы жабылып қалды. Кiтапхана қоры ауданға қайта тапсырылды.

2000 ж Мәдениеттi қорғау қолдау жылына, Аудандық мәдениет бөлiмiнiң бұйрығымен, Аудан әкiмiнiң шешiмiне орай, Қызылағаш кiтапханасы қайта ашылды.

Кiтап – өмiр ешқашан сарқылмайтын,

Мен оны құшып сүйем, құшаққа ала.

Сәулесi күй нарындай жарқылдайтын,

Мен үшiн қасиеттi үй – кiтапхана

Ә. Нiлiбаев.

Қызылағаш ауылдық кiтапханасына  Алиева Жанаргүл Төлепқалиқызы кiтапханашы болып тағайындалды.

Алиева Жанаргүл Төлепқалиқызы 1976 ж Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қособа совхозында дүниеге келген.1993 ж орта мектептi бiтiрiп, Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтының кiтапхана факультетiне түсiп, 1997 ж бiтiрiп шықты.  2000 ж Қызылағаш кiтапханасына кiтапханашы болып тағайындалды. Содан берi ауыл тұрғындарына кiтапханалық қызмет көрсетiп келедi.

2000 ж кiтапхана 3748 кiтап қорымен ашылды. Ауыл тұрғындарының саны – 380, оқырман саны 183, кiтап берiлiмi – 1139 болды.

Кiтапхана мектеппен бiрiгiп жұмыстанды. Оқырмандарға әдебиеттердi насихаттау үшiн  «Туған өлкем- тұңғыш шежiре» «Ата мұраң– асыл қазынаң », «Денсаулық – зор байлық», «Жаңа әдебиеттер»,  «Баспасөз беттерiнен», т.б. кiтап көрмелерi шығарылды.

Оқырмандардың кiтапханамен еркiн пайдалануы үшiн алфавиттiк каталог жасақталып, әдебиеттер алфавит бойынша, сала бойынша жинақталды. Балаларға арнап «Ертегiлер елiнде» ,«Ертегi кейiпкерлерi» т.б. көрмелер жасақталды.

«Ата мұра» әуесқойлар клубы құрылды. Клубтың мақсаты – салт-дәстүрді насихаттау.

Баспасөз басылымдары нөмiрлерiмен қойылған. Оқырманның сұранысын қанағаттандыру үшiн орындалған сұраныс дәптерi, анықтама сұраныс карточкасы бар.

    2001 жылы кiтапхана қоры – 3748, оқырман – 270, кiтап берiлiмi – 4856 кiтапханада әр түрлi жұмыстар атқаратын тұрақты кiтап көрмелерi толықтырылып, даталы күндерге ақын – жазушылардың мерейтойларына көрмелер шығарылды.

2001 жылы Тәуелсiздiктiң 10-жылдығына байланысты «Қазақстан тәуелсiздiгi » «Тарих тағылымдары» атты көрмесi  шығарылып шолу өткiзiлдi.«Тәуелсiздiк еркiндiгiң елдiгiң » атты тақырыптың кеш ұйымдастырылды.

2001- 2010 жылдары «Тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бағытында » «Тiл – сарқылмас қазына атты» кiтап көрмесi шығарылып библиографиялық шолу өттi. «Тiл – татулық тiрегi » атты әдеби кеш оздырылды.

Жыл бойы 10 көпшiлiк шара өткiзiлдi.

2002 жылы кiтапхана қоры – 3748, тұрғын саны – 380, оқырман саны – 1088-ге жеттi.

2002 жылы «Денсаулық жылы»  болып жариялануы байланысты «Ауырып ем iздегенше ауырмайтын жол iзде» кiтап көрмесi шығарылып библиографиялық шолу өттi.

Оқырман фельдшер Мутиева Ж.

Балалармен   бiрiгiп «Ертегi сыр шертедi » атты ертеңгiлiк өттi.

2002 жылы С. Датұлының 260 – жасқа толуына орай «Батыр өмiрi – ел тарихы » Кiтап көрмесi шығарылды. «Сырымның сырлы сөздерi » сайысы өттi.  6 – 7 класс оқушылары қатысты. Жыл бойы 14 көпшiлiк шара өткiзiлдi.

2003 жылы кiтапхана қоры – 4477, оқырман саны – 257, кiтап берiлiмi – 5594, келiсiм саны – 1347 болды.

2003 жылы әр түрлi бағытта жұмыстар жүргiзiлдi. 2003-2005 жылдары «Ауылды түзету жылдары» болып жариялануына  байланысты «Ауылым – атамекен пернесi» кiтап көрмесi шығарылды.  Ауыл ел құрметтеген азаметпен кеш өттi. Кеште ауыл тұрғыны кiтапхананың тұрақты оқырманы Оңғаров Ж. Ауыл тарихы жайында әңгiмеледi.

Қызылағаш ауыл кiтапханасының меңгерушiсi Алиева Жанаргүл «Елi Құрметтеген азамат » атты кездесу кешiн ұйымдастырды.

Бұл кештiң негiзгi мақсаты, ауыл жылына орай, ауыл тарихынан естелiктер, деректер алу және оны  кiтапхана оқырмандарына таныстыру. Кештiң арнайы қонағы ретiнде осы ауылдың байырғы тұрғыны көп жылдар бойы елiне елеулi қызмет атқарған, қазiргi кезде «Атамекен»  шаруа қожалығының жетекшiсi Оңғаров Жәсен Оңғарұлы шақырылды.

Кештi кiтапхана меңгерушiсi кiрiспе сөзбен ашса, одан кейiн сөз алған кештiң қонағы ауыл тарихы беттерiнен әр түрлi естелiк, деректер айтып өттi. Сонымен  қатар адамгершiлiк және қазiргi көшi-қон мәселелерi сөз арасында талқыланып отырды.

Кештiң көрермендерi көбiне мектеп оқушылары болғандықтан Жәсен Оңғарұлы жас ұрпақтарға арналған  ұлағатты, тәлiм – тәрбиесi  мол iзгi ниеттi сөздерi мен көрермендер жанына жылу  ұялатқаны сөзсiз. «Еңбегiнен таңылсын ердiң алып тұлғасы»  деген тәрiздi тәрбиелiк мәнi  зор нақыл сөздер еңбек еткендi ел мен халықтың қадiрлейтiнiң кештiң қонағы сияқты азаматтарға арналған сөз екенi хақ.

Ауыл жастары мен мектеп оқушылары арасында  «Қоршаған орта және бiз » КВН өттi.

«Ауыл шежiресi» атты альбом шығарылды.

2003 жылы Өтемiсұлының  200 жасқа толуына «Халықтың қаѕарман перзентi» кiтап көрмесi шығарылды. Балаларға  «М. Өтемiсұлы 200 жаста» әдеби кеш өттi.

2004 жылы кiтапхана қоры – 4626 оқырман 320 кiтап берiлiм – 5277 келiсiм саны – 1316 жеттi.

2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылына орай «2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылы » кiтап көрмесi шығарылды. Жаңа әдебиеттерге ұсыныс тiзiмдер кiтап көрмесi шығарылды. Балалармен «Жақсы кiтап – жан азығы», «Тiл сарқылмас – қазына » тәрбие сағаттарына баяндама жасалды.

Барлығы 13 көпшiлiк шара оттi.

2005 жылы кiтапхана қоры – 4658, оқырман – 300, кiтап берiлiмi 5433, келiм саны – 14 болды.

2005 жылы Жеңiстiң 60 жылдығына орай «Ұлы Жеңiске  – 60 жыл»  кiтап көрмесi шығарылды. Балаларға «Ер есiмi –  ел есiнде  » кеш оттi.

Мәдени мұра бағдарламасына «Мәдени мұра – мәңгiлiк мирас» көрмесi шығарылды.

«Қазақ мәдениетiнiң тарихы» тарихи танымдық кеш өттi. Кеште мұғалiм Гапурова А баяндамасы оқылды. Әр бағытта жұмыстар атқарылды.

2006 жылы кiтапхана қоры – 4664, оқырман саны – 282, кiтап берiлiмi – 4451, келiм саны – 1605, көпшiлiк шара – 18 болды.

Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына «Желтоқсан оқиғасына 20 жыл» кiтап көрмесi өттi, ауыл энциклопедиясы шығарылды.

2007 жылы I жарты жылдықта кiтап қоры – 4675, оқырман – 160, берiлген кiтап – 2282, келiм саны – 815, көпшiлiк шара – 15 болды.

Әр жыл сайын кiтапхана өз оқырмандары үшiн «Егемен Қазақстан»  «Орал өңiрi», «Дала мен қала», «Балаларға базарлық», «Денсаулық» «Ұлан», «Балдырған», «Ақжелкен», «Айгөлек», «Мөлдiр бұлақ», т.б. баспа сөз басылымдарын пайдаланады.

«Елбасы жолдауы – елдiң қолдауы», «Ел таңдаған елбасы»   кiтап көрмесi шығарылды.

Сырым Датұлының 265 жылдығына орай «Батырөмiрi – ел тарихы» атты тәрбие сағаты өттi.

Кiтапханада «Ата мұра»  клубы жұмыс жасайды. Клубтың басты мақсаты – балаларға салт – дәстүрмен, ана тiлiнiң әсем де бай екенiн жеткiзу, адамгершiлiк тәрбие беру. Клуб мүшелерi көпшiлiк шараларға белсене қатысады.

 

Кiтапханада:

  1. Кiтапты насихаттау /әңгiме кеңес беру/
  2. Библиографиялық жұмыс түрлерi /библиографиялық шолулар, әдебиеттердiң ұсыныс тiзiмдерi/
  3. Картотекалар /өлкетану картотекасы, тақырыптық картотекалар/
  4. Анықтама библиографиялық аппарат /Алфавиттiк каталог/
  5. Көрнекiлiктер /кiтап көрмесi, кiтап бұрыштар, плакаттар/.
  6. Мәдени – көпшiлiк жұмыс түрлерi өтедi.

Кiтапхананың оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуi жалғасуда. Уақыт талабынан қалмай оқырмандарға сапалы тәрбиелiк мәнi зор басылымдарды ұсыну – бiздiң парызымыз.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Көгеріс ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2005 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 65 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 215 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 75 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 194

Кітап қоры: 5444 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы  Көгеріс ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Нуржанова Тойған Қуандыққызы

Көгеріс ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны:194
Кітап берілімі: 4292 дана.
Кітап қоры: 5444 дана.

«ҚР жергілікті басқару туралы» бұйрықты басшылыққа ала отырып,Сырым ауданының әкімі М.К.Оңгарбековтың 2005 жылғы 21 қарашадағы №51 шешімімен Бұлдырты округінлегі Көгеріс ауылында ауылдық кітапхана 4000 кітап қорымен ашылды. Көгеріс ауылдық кітапханасына кітапханашылық қызметке Ешмуханова Әсемгул қабылданды. 2006 жылдан кітапханада педагогикалық арнаулы орта білімді Қадырова Гүлнар қызмет жасаса, қазіргі таңда 2008 жылдан кітапханада кітапханалық арнаулы орта білімді қызметкер Сұлтанғали Сәуле жұмыс жасайды.
Көгеріс ауылының тұрғыны 404 адам. 178 оқырманы, окырманға 3255 дана кітап берілімі бар. Кітапхананың кітап қоры 4337 дана.
Оқырмандарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеуде, олардың рухани жан дүниесін, дүниетанымын жалпы адамзаттың деңгейінде дамытуда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Кітапхана станционардан тыс өздігінен жүре алмайтын денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарға үйлеріне үзбей өз сұраныстары бойынша қажетті кітаптарын мерзімді басылымдарын жеткізіп отырады.
Оқырмандармен жұмыстың көпшілік және жеке жұмыс істеу нысандары мен әдістері әдебиетті ауызша және көрнекі насихаттауды ұйымдастыруда, өткізілетін іс-шаралар оқырмандардың белгілі бір тобына ықпал етіп, олардың білімін, рухани байлығын арттырып, әдебиет пен қауышуларына өзіндік әсерін тигізеді. Әрбір өткізілген іс – шаралар нәтижелігімен, өзектілігімен, тартымдылығымен оқырмандар жүрегіне жол табуда. Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары адамдармен қарым-қатынас құралы болып табылады. кітапханашы шығармашылық ізденісте әр оқырманның жас ерекшеліктеріне қарай көпшілік жұмыстарын жүргізіп отырады. Кітапханада төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсетуде балаларға арналған «Балаларға базарлық» кітап көрмесі, «Ертегі кейіпкерлері», «Өзің оқы досыңа кеңес бер» атты бұрыштар ұйымдастырылған. «Кітап –сенің досың» ертеңгілігі 1-3 сынып оқырмандарымен ұйымдастырылды. «Кітап білім кілті» демекші кітапхананың атқаратын жұмысы үлкен, соның ішінде мүгедек балалардың шығармашылық жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді.
Көгеріс ауылдық кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында 24 мектеп оқушыларымен танымдық кеш болып өтті. Шара барысында кітапханашы жоба жөніңде түсінік беріп өз құқықтарын түсіндере өтті. Шара барысында оқушылармен ой бөлісіп сұрақ,жауап алынды.Шара барысында оқушылар өз ойымен сурет салып фейсбук парақшасына салынды. «Ашық аспан аясында» жазғы мектеп оқушылары мен табиғат аясында кітап оқып отырған сәтінен фотоға түсіріліп фейсбук парақшасына салынды

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Қосарал ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылған жылы: 1974 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 45 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 195 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 40 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 569

Кітап қоры: 19720 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қосарал ауылы
8-711-34- 22-9-28

Кітапханашының аты-жөні: Менешов Махамбет Суинович

Қосарал ауылдық кітапхана шежіресі.

Оқырман саны: 569
Кітап берілімі: 5446 дана.
Кітап қоры: 19720 дана.

Қосарал Сырым ауданындағы ауыл.Жетікөл әкімшілік окургінің орталығы. Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 45 км.жерде орласқан. Бұлдырты өзенінің жағалауындағы жусан, еркекшөп, бетеге аралас әр түрлі шөптер өскен бозғылт қоңыр,сортаңдау топырақты шөлейтті белдемеде орналасқан.
Қазіргі уақытта Жетікөл ауылдық округінде 1561 халық, 298 үй, 1 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 мед.пункт, 1 кітапхана, пошта, телеком бөлімшесі, 19 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.
Округ бойынша 2183 ірі қара мал, 7444 қой, ешкі, 297 жылқы, 2130 құс бар. Шаруа қожалықтарының барлығы мал шаруашылығымен өз-өздерін қамтиды. «Байқадам» шаруа қожалығы 150 г. күздік бидай, 40 г. ақбидай, 30 г.арпа, 40 г.тары егеді.
Сырым орта мектебінде 300 оқушы білім алады. 2002 жылы Сырым бабамыздың 260 жылдығына орай мұражай ашылды. Орта мектеп жанында интернат жұмыс жасайды.
Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары, 3 арнаулы білімді маман дәрігерлер жұмыс жасайды.
Сырым мұражайының тарихы.
Қосарал ауылындағы Сырым орта мектебінің ғимаратының екінші қабатында 2002 жылы Сырым бабаның 260 жылдығына орай Сырым мұражайы ашылды.Мұражай үш бөлімнен тұрады.
Кітапхана-кітапхана болғалы адам баласының ортақ қазынасы. Бүкіл халыққа бірдей нағыз ортақ игілік. Сөз жоқ,бұл кітапханалар о баста жеке кітап сүйгіш білім іздегіш адамдардың қолында туды. Бірақ жеке кісінің қолындағы жеке меншік кітапхананың өрісі тар, оқушысы аз болды.Осыны сезген жұртқа жаны ортақ, кең пейілді, кемеңгер, қайырымды, адамдар баршаға бірдей ортақ мүлік-орталық кітапхана ашуды арман еткен. Осы күнгі ғажайып бай, әлеуметтік кітапханалар-халыққа жан ашыр адамдар ұйымдастырып кеткен шағын, санаулы кітабы бар кітапханалардан өсіп, ұлғайып, өркендеп кемеліне келген кітапханалар. Адам баласының ғасырлар бойы тамшыдан құралып жасалған ақыл дариясының құйылатын алтын көлі-кітап. Сол кітаптар қоймасы, білім ордасы құтты (қана)-алтын сарай кітапхана. Қазіргі кітапханалар өте бай. Оларда не жоқ дейсіз. Бәрі бар. Ізденгеніңнің бәрі табылады. Анау бағзы заманнан бастап қыш бетіне, тас бетіне, қағаз бетіне түсірілген жазу жүйесіне келтірілген шежіре, тарихи, ғылыми, әдеби мұралардан бәрін тауып алып оқуға, білімді тереңдетіп, мәдениетімізді марқайтуға болады. Бар ғасырдың өлмейтін ұлы адамдары халық сүйген даналардың, философтардың алтын тұғыр орны да осы кітапхана. Оларды шын іздегің келсе осы кітапханадан ізде. Жер ананың құшағына денесін ғана берген поэзияның алтын тәжді асқар шыңы, сұлу жырдың алқырлы сырлы сөздің сұлтаны-Абайдың, Пушкиннің де жаны жайсаң адамдар ақын-Мұқағалидың, Жамбылдың, Некрасовтың тағы басқа осындай сан жазушылар мен данышпандардың да орны-алтын тағы-кітапханалар төрінде. Олардың бұл-мәңгі өлмейтін орны. Олар мұнда тірілермен тірідей сөйлесе береді.
Бүгінгі жас буындар, келесі жас ұрпақтар осы білім сарайындағы даналардың кітаптарын оқып білім алады. Өздерінің білімін шеберлік мамандығын арттырып, жарқын өмірдің ұстазы-еңбектің батыры болады. Білім ордасы, білім-баға жетпес күш, қуат. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында рухани байлықты тереңдете оқытумен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саяси,әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын сақтап, қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапханалардың басты міндеті.
Қосарал ауылдық кітапханасы 1974 жылы 2 қыркүйекте 1000 дана кітап қорымен ашылған.Сол кезде Құбиева Ботагөз Ғабдусәлем қызы кітапханашы болған.Кітапханада 100 шақты оқырман мен жұмыстар жүргізген.Екі айдай жұмыс істеп, басқа жұмысқа ауысқан.1974 жылдың қараша айынан бастап Уалиахметова Майра кітапханашы болады. Уалиахметова Майра 1949 жылы дүниеге келген.1966 жылы мектеп бітіріп Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіне оқуға түседі. 1972жылы училищені бітіріп еңбек жолын аудандық кітапханада кітапханашы болып жұмыс жасаған.
3000 кітап қорымен болып 200-дей оқырман болған. Кітапханада кітап көрмелері плакаттар шығарып,оқырмандар да рухани мәдениетке үйретіп,олармен түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыра білді. 1981 жылы қоныс аударуына байланысты жұмысын тапсырды.
1981 жылдан Қосарал ауылдық кітапханасында Булатова Ботагөз еңбек етіп келеді.Булатова Ботагөз 1951 жылы Қосарал ауылында дүниеге келген. 1968 жылы орта мектепті бітіріп сол жылы еңбек жолын клуб меңгерушісі болып бастаған. 1969 жылдан 1971 жылдары Ақтөбедегі мәдени-ағарту училищесінде оқыған. 1972-1973 жылдары Жетікөл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеп 1973- 1979 жылдары совхоз бастаушы комсомол ұйымының секретары болып жұмыс жасаған. 1981 жылдан Қосарал ауылдық кітапханасында кітапханашы болып еңбек етіп келеді.
18500 кітап қорымен 750 оқырманымен оқырмандарға әдебиеттерді насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерін жүргізіп келеді. Жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ғабиден-замана жаршысы»-атты дөңгелек үстел, Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік эпицентрі» кітабы туралы «Адамзаттың аманаты» атты оқырмандар конференциясы, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 70 жыл толуына орай «Қазақ жырының Қадыры» атты поэзия кеші,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өткізілді.
Кітапханада салт-дәстүрімізді насихаттауда «Ұлағат» клубы жұмыс істеуде. Атаулы мерекелер жаңа жыл, халықаралық әйелдер мерекесіне, Ұлы Жеңіс мерекесіне, Наурыз мерекесіне арналып салт-дәстүр кештері, кездесу кештері өткізілуде. Әр топтағы оқырмандармен «1001 мақал 101 жұмбақ» танымдық ойыны өткізіліп отырады.
Кітапхананың мақсаты: Оқырмандардың сұранысын,талап-тілектерін орындауда жұмыстар жүргізіп,еліміздің тарихын, мәдени мұрасын насихаттауда. Кітапхана уақыт талабынан қалмай оқырмандарымызға сапалы тәрбиелік мағынасы бар басылымдарды ұсынып, әр оқырмандармен жұмыс жүргізу басты парызымыз.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Құспанкөл ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2006 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 92 км

Облыс орталығынан арақашықтығы 65 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 42 м2

Меншік түрі: мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 182

Кітап қоры: 5163 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы  Құспанкөл ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Аимгул Амантаевна Тулепова

Құспанкөл ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны:182

 Кітап берілімі: 4310 дана.

Кітап қоры:5163  дана.

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңды басшылыққа ала отырып, Сырым  ауданының әкімі Е.Б.Нысанғалиевтың шешімімен Шолақаңқаты окургіндегі Құспанкөл ауылында 2006 жылдың 25 желтоқсаннан  Құспанкөл ауылдық кітапханасы 4000 дана кітап қорымен  ашылды.Құспанкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сейітжанова Айгүл қабылданды.2007 жылдың маусым айынан Қажмұқанова Нұргүл жұмысқа қабылданды.Уақыт өткен сайын мезгіл мен халықтың талап-тілегіне сай бірте-бірте кітап қоры жаңартылып келеді.Жаңа әдебиеттерді оқырмандарға насихаттауда, «Жаңа кітаптар» кітап көрмесі, «Таныс болыңыз жаңа әдебиеттер» атты бюллетень шығарылып мектеп т.б. мекемелерге таратылып отырады.Ауылдың жеке шаруа қожалықтарының мекемелеріне барып жаңа әдебиеттерге арналған көрме шығарылып, шолу өткізіледі.Кітапхана қабырғасына келіп, кітап бұлағынан сусындайтын тәуелсіз мемлекетіміздің оқырмандарына көрсетілер қызметтің нәтижелі болуына кітапханашы әрдайым барлық күш жігерін жұмсауда.

Кітапханада оқырмандарымыздың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны белгіленген  және арнайы тақырыптар бойынша тұрақты кітап көрмелері безендірілген.Кітап көрмелерін атап өтсе: «Балаларға базарлық» , «Қазақ тілі – ғажап тілі», «Туған өлкем –қандай көркем», «Дені саудың-жаны сау», «Асыл мұраң – асыл қазынаң»,. «Табиғат – тал бесігің», т.б. атауға болады. Кейбір жас оқырмандар романтик болса, кейбіреуі тарихқа көп үңіледі, ал енді біреуі бүгінгі күннің жаңалықтарымен қанағаттанады.Оқырмандардың кітапты қызығып оқитын мезгілі жастық шағы. Көркем әдебиетті оқу тіл байлығында толтырып, жаныңды байытады.

Кітап қорын насихаттау жас ұрпақтын дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,оқырмандарды кітапханаға тарту кітапхананың негізгі мақсаты болғандықтан көпшілік шаралар осы бағыттарда жүргізілді.Көпшілік шаралар оқырмандардың әр түрлі білім дәрежесі,мамандығы және жас ерекшелігі ескеріліп ұйымдастырылды.Кітапханада «Өлкем менің-мақтанышым» атты  25 балалармен сұрақ-жауап кеші өтті.Кітапханада оқырмандарға әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Кітап – рухани азығым» тақырыбында кеш өтті.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары кітаптарды насихаттау,оқырмандардың ой-өрісі,талап-тілегін өзінің алдына қойған мақсатымен ұштастыра отырып көпшілік шаралардың тиімді түрлерін ұйымдастыруда.

 

 

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Көздіғара ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымы: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылған жылы: 1957 ж.

Аудан орталығынан арақашықтығы: 41 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 191 км

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 50 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 100

Кітап қоры: 7838 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы  Көздіғара ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Серимова Сания Галихановна

Көздіғара ауылдық кітапхана шежіресі

Көздіғара жергілікті кітапханасы, сонау 1951 жылы Қызыл отау болып құрылған екен. Ең бірінші Қызыл отауда Шналиева Мәруа жұмыс жасаған. 1952 жылы Меңешов, Қасенов, Көзденов, Жарылғасов.

1953 жылы Қусайынова С. Иманғалиева Уәкила.
1954 жылы Иманғалиева У., Жылқыбаев Елеу.
1956 жылы Жылқыбаев Е., Шағырғалиевалар кітапханашы болып қызмет атқарған.
1957 жылы Қызыл отау жабылып, кітапхана ашылған бірінші меңгерушісі Сағырғалиева Ағырыс болған.

1958 жылы Халимова Р., 1959 жылы Лұқпанов Ұ., Исмагулова Гүлшат.
1962-1964 жылы Исмагулова Камшат.
1964-1966 жылдары Қожағалиева Мінаура.
1966-1969 жылдары Батырова Құралай, 1969-1971 жылдары Қажғалиева Мәншук.
1971-1973 жылдары Шүиіншқалиева Күләйман.

1973 жылдың 1 наурызынан осы кезге дейін Сұлтанғалиева Нәсіп жұмыс жасап келеді, сол кезде оқырмандар 140-тай болса қазір 360-қа жетті. Жылына 3500-дай кітап беріледі. Қазіргі нарық жағдайына байланысты мал
бітіп, халық ауылға көшіп келді, бұдан 12-13 жыл бұрын Көздіғара ауылында 20 мыңға жуық қой, 300-дей жылқы, 400-дей сиыр малы 10 жерде бағылады. Бір шеті Қаратөбе, бір шеті Бұлдырты, Жетікөлмен шекаралас. Көздіғара ауылында 2 трактор, 1 комсомол-жастар
бригадасы болды. Жайболат, Майлыкөл, Барсай, Қарақұдық, Еңбек, Сарыкөл, Шыбынды, Көздіғара, Батпақкөл, Оралбай елді мекендерінде көшпелі кітапхана жұмыс жасады. Қазір сол мекендер елсіз далаға айналды. Халықты жұмыссыздық жайлады. Адамдар бөлініп-бөлініп қожалықтарға бірікті.
Жоқшылық қол байлау болып, олардыңда жұмыстары алға басып кете алмада, соңғы жылдары мия жинап күнкөріс қамына кірісті. Ауылдық жерлерде клуб, кітапханалар жабылып бос
уақыттарында қайда барарларын білмеді, әсіресе жастар жағына қиын
болды. Көздіғара клубы жабылып, тым жақсы залы бар орынды бұзып алды. Жабылмай қалған фермалар арасында Көздіғара кітапханасы халықтың мәдени демалар орнына айналды. Оқырмандар үзілмей қысы-
жазы келіп кітаптар алып, газет-журналдарын оқиды. Орта мектеп оқушы, ұстаздармен бірігіп Датылы күндерге әр түрлі кештер, тәрбие сағаттарын өткізеді. 7 мыңға жуық кітап қоры бар кітапханадан көркем әдебиеттен басқа ауыл
шаруашылығы техника, жаратылыс тану, саяси ғылымдары жайлы кітаптарды оқуға болады. 1 бөлмелі, іші таза, жарық. Пеші бар.
Әдебиеттер: Қазақ ақын-жазушыларының кітаптары орыс тіліндегі аудармалары, шетел әдебиеттері бөлімдеріне бөлініп, бөлек-бөлек жиналған.
Тұрақты көрмелер: Тарих-Дастан, Ата-дәстүрі – Ақ ниет.
Қазақстан 2030 Салауаттылық өмір салты. Гүл жайна Егеменді Қазақстан, Қайран Нарын, Туған өлкем – туған шежіре, Өнегелі өмірлер, Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлары. Жаңадан келген кітаптармен толықтырылып отырылады.
Кітапхана жанынан «Жас кітап құмарлар» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды. 15 мүшесі бар кітапхананың 5 совет мүшесі бірігіп жұмыс жасайды.
Сұлтанғалиева Нәсіп Кәримолла қызы 1953 жылы бұрынғы Абай совхозы қазіргі Жетікөл совхозының №1 фермасына қатысты Жандыбай елді мекеннінде ақпан айының 25-ші жұлдызында дүниеге келген.
Әкесі Кәримолла жылқышы, шешесі Мүгілсін фермада сауыншы екен сол кезде.
Нәсіп 10 жасқа дейін Ата-әжесінің тәрбиесінде болды. Атасы Сұлтанғали соғыс ардагері, әжесі Орындық соғыс кезінде тылдағы еңбектің бәрінде істеген еңбек ардагері.
Нәсіптің аталарының туған жері Жаңақаланың Нарын Бекетай құмы. Ол жерге Капустин Яр полигонын орнатып 60 колхозды жан-жаққа көшіргенде бір тайпа ел Тана руы осы Сарой жеріне келіп қоныс тепкен. Бұл 1952 жыл болатын.
Нәсіп Жетікөл жеті жылдық мектебінің 1-сыныбына 1961 жылы тіркелді. Ол кезде мектеп бөлмелері аз. 1-3 сыныптар бірге оқиды. 1-3 сыныпқа дейін алғашқы ұстазы мінезі жайсаң, нағыз ұстаз білімді Тәуила Қожамұратова болды.
Әр оқушының жүрегіне жол тауып алғаш әліппені үйреткен Тәуила апай жеті жылдық мектептің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің маманы Қазақстанға еңбегі сіңген білімді ұстаз Балпейісов Таржекенің зайыбы болатын.
1963 жылы Нәсіптің әкесі жылқышылықтан аға шопандық қызметке ауысты. 4-8 сыныпта мектеп жанынан ашылған интернатта жатып білім алды. 9-10 сыныпты Оралдағы №11 С.Сейфуллин атындағы жалпы және орта білім беретін мектеп интернатта оқып, 1971 жылы қолына атестатпен бірге кітапханашы мамандығы бойынша куәлік алып шықты.
Жастайында өнер мен әдебиетке жақын Нәсіп 1973 жылдың 1-ші нарызынан бастап Көздіғара ауылының кітапханасына жұмысқа орналасты. Үйдегі 10 баланың үлкені болғандықтан анасына көмектесіп бірінші жылы жоғарғы оқу орнына түсе алмай, содан кейін мүмкіндігі болмады. Кітапхананың жұмысымен бірге қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрді.
Бастауыш комсомол ұйымының бюро мүшесі кейін цехтың ұйымының секретары ауылдың әкімінің мүшесі, ауылдағы бастауыш мектеп Ата-Аналар комитетінің мүшесі сияқты ауылдағы клубтың жеке меңгерушісі болмаған. Мейрам сайын мерекесін шаралар, концерт қою Нәсіпке жүктелді.
Жастың жігерімен жұмысқа деген құлшыныс сол жұмыстарды еркін игеріп қатар алып жүрді. Көздіғара мекені совхоз бойынша үлкен ферма еді. 10 жерде малшы-шопан отары 4 елді мекенде сиыр гурті, совхоз бойынша жылқы да осы фермада бағылды. Бір шеті Қаратөбе, бір шеті Бұлдырт, Жетікөлмен шектескен ферма көлеміде үлкен болды.
Малшы-шопан отарларын айына бір рет аралап кітап, газет-журналмен қамтып әдебиеттерді насихаттаумен қатар үгітші ретінде совхоз, аудан қала берді. Республика союз көлеміндегі жетістіктер соңғы жаңалықтармен таныстырып отырды.
Фермада 2 шөп бригадсы жазғы маусым кезінде жұмыс жасады. Әрбір бригада 25-30 адам еңбек етті. Кітапханашы бригадаларды жұмасына бір рет аралап, түскі үзіліс кезінде көпшілік шаралар: жаңадан келген әдебиеттермен таныстыру әңгіме, сұрақ-жауап, әдеби кештер өткізілетін жауынгерлік беттер шығарылатын. Ол кездегі кәтапханашы малшы-шопан, бригадаларды аралау үшін маған жеке көлік бер деп отырмайтын. Ат арба, Ат шана, машина, трактордың үстінде кітаптарын буып алып жүре беретін.
Фермаға 20-25 км қыстақтарды аралау көктем, күз, қыс айларында қиынға түсетін.
Сол кездегі адамдардың кітап оқуы әдебиеттерге деген сұранысы жоғары болатын. Әрбір оқырман жазушылардың жаңадан шығып жатырған шығармаларын кітапханаға келдеме деп сұрап тұратын. Нәсіп білімін көтеру үшін облыстық айлық курстарда 1987-1989 жылдар аралығында оқыды. Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту учелищесін сырттай оқып бітірді. Аудандық орталықтандырылған кітапханада өтетін семинарлардан қалмай үйренумен келеді. Жаңа заман талабына сай оқырмандырды мәдени қамтуда еңбек етуде.
Жиырма жасында кітапханашылық жұмысын бастаған Нәсіп қазір зейнеткерлік жасқа жетті. 1976 жылы осы ауылдың тұрғыны озат механизатор жігіт Жұмабаймен отау құрды. 3 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Нұрбек оралдың Дәулеткерей атындағы мәдени университетінің кітапханашы мамандығын алған. Қазір Астана қаласында басқа салада еңбек етеді. Үлкен қызы Салтанат Атырау қаласында кәсіби білім беретін колледжіні бітірді. Қызы Гүлхан Оралдың агро-колледжінің студенті. Биыл бітірген Мақсат Құрманғазы атындағы өнер колледжісінің халық аспаптар бөліміне оқуға түсті. Кенжесі Әзілхан 8-ші сынып оқушысы. 2 немере, 1 жиен сүйген Нәсіп бақытты әже. Еңбек еткен жылдарда оқырмандар жүрегіне жол тауып, сұраныстарын қанағаттандырып кітапханаға тарта білді. Кітапхана әрдайым оқырмандарға толып, бірі кітап алса, екіншісі газет-журнал оқып, кітапханашыға ризашылықтарын білдіреді. Олар кітапханада өтетін көпшілік шаралардың құрметті қонақтары. Сөзіміз дәлелді болу үшін кітапханашы Нәсіп жайында газеттерде әр жылда жазылған мақалаларға көз жіберейік.Көздіғара ауылы
Көздіғара ауылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қаратөбе ауданымен шекрасында орналасқан. Ауыл солт. Бұлдыртымен, шығ. Қаратөбе ауданының Жусандой ауылымен, оңт. Жаңақоныс ауылымен, бат.Абай ауылының жерімен шектеседі.
Сырым ауданы Сарой окургіндегі Көздіғара (бір кезде Чапаев болған) ауылы бірнеше елді мекен қараған ауылдық кеңесі болған.
Көздіғара ауылында мектеп 1933 ж. тамыз айында Ораз Исаев атындағы жеті жылдық мектеп болып ашылған

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Тамды ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 2001 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 65 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 245 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 25 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 102

Кітап қоры: 13331 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тамды ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Әуелбай Гүлбақыт Есенгелдіқызы

Тамды ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 102
Кітап берілімі: 2240 дана.
Кітап қоры: 13331 дана.

Біздің елімізде жеке адамның барған сайын толық дамуы үшін зор материалдық және рухани игіліктер жасалуда. Қоғамымыздың жан-жақты жетілген мүшелерін тәрбиелеуде кітапхананың рөлі жыл сайын артып келеді. Кітапхана рухани байлықтың қайнар көзі. Кітапхана жаңа адам тәрбиелеуде олардың бойына көркемдік және рухани талғамдарды қалыптастырып, мәдениетін көтеруге ықпал етеді.
Халықтың рухани қажетін өтейтін Сырым ауданы Тамды ауылдық кітапханасының құрылымы тарихы жөнінде барынша ашып жазғалы отырмын. Халқымыздың еңбек адамдарын бос уақытының мәнді де сәнді өтуі үшін және олардың еңбекке деген құлшынысын арттыруда кітапхананың орны ерекше.
Кітапхана тарихын жазу үстінде мұнда әр жылдарда халыққа мәдени қызмет көрсеткен еңбек адамдарының өмір жолдары толығымен көрсетілген. Әр жылдарда кітапханадағы әдебиеттердің өсімі оқырманға таралымы сараланып көрсетілмек.
Халқымыздың рухани талап тілегін қанағаттандыруда олардың тұрмыс – мәдениетін арттыра беруде, білімнің інжу-маржандарын теру мақсатында кітапхананың алатын орны ерекше. Кітапхана жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда зор рөл атқарады.
Ұсынылып отырған осынау кітапхана тарихында колхоз болып құрылған кезден күні бүгінгі дейінгі аралықта еңбек еткен мәдени қызметкерлеріміздің өмір жолы сөз болмақ.
Қазақ халқының өмір сүріп жатырған жерінің көлеміне қарай алғаш рет кітапхана «Қызыл отау» деген атпен құрылған. Ізденіп, талдау жасап құрылған кезден бері тарихи күндер, карта-сызбалар арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ әр жылдар бойынша кітапханадағы әдебиеттердің өсімі, олардың оқырмандарға таралымы сараланып көрсетіледі. Бұл тарихи мұраның толыға молая беруі, яғни толық жазылуы болашақ ұрпаққа игі мұра болып қалары сөзсіз.
Кітапхана көпшіліктің келетін киелі орны. Ондағы сан мыңдаған әдебиеттердің қалай орналасуы, қалай насихатталуы жөнінде де суреттер арқылы толық мағлұматтар ала аласыздар. Кітапханамызға басшылық етіп, кітапхана жұмысының ойдағыдай жүруіне қол ұшын беріп отырған мәдени мекеме қызметкерлерінің жұмысы да назардан тыс қалмады. Кітапханамыздың орталықтандырылған жүйе арқылы атқарған жұмыс кездері де айқын көрсетіледі. Әрбір адам кітапханаға рухани қажетін өтеу үшін келеді. Сондықтан да әр ұрпақ осы тарих беттерінен кітапханамыздың қай жылы, қалай құрылғаны, кімдер қызмет еткендері жөнінде толық мағлұматтар ала алады.
Карта–схемасында көрсетілгендей үш фермада Былқылдақ, Кеңащы, Жданов, бір орталық Жосалы кітапханасы жұмыс істеген. Орталық кітапхана меңгерушісі К.Тоғызбаева ферма кітапханашыларына методикалық көмек көрсетумен қатар 17-саулық отарларын және 5-егіс бригадасын, 4-шөп дайындау бригадасын қамтып отырған. Көктемгі қой төлдету кезінде 17 шопан отарына айына 2 реттен автоклубпен аралап кітаппен қамтамасыз етіп отырған.
Көктемгі егіс кезінде әр бригадаға «Найзағай», «Алтын дән», «Диқаншы», «Озаттарға теңелейік», «Алға» атты жар газеттері шығарылып, көрсеткіш тақталары толтырылып отырған.
Әр жылдарда қой қырқу кезеңінде «Бүгін алда келеді», «Жібек жүн-Отанға», «Ел жаңалықтары» деген айдармен баяндамалар оқылған. Осындай көпшілік мәдени жұмыстардың нәтижесінде шопандар Ғ.Жуымбаев, Х.Хамзин, Е.Қожамуратов, К.Айтжанов, Б.Досжанов, Ф.Иманкулов, С.Нығметов, Б.Достановтардың алғыс сезіміне бөленген. Осы карта сызбасында кітаппен қамтылған әр пункт толық көрсетілген. Кітапхана кеңесінің мүшелері сақманшыларды, механизаторларды автоклубтармен жиі аралап, көркемөнерпаздар қойылымы көрсетіліп, көркем әдебиеттер насихатталған.
1970 жылдар
Бұл жылдарда кітапхана қоры көбейіп, кітапхана облыстық қамтуда болып, коллектор арқылы ай сайын кітап келіп тұрды. Құрал-жабдықтармен (стол, орындық, т.б.) Маркс ауылдық советі қамтып тұрды, материалдық-техникалық базасы жақсарып отырды. 1974-1978 жылдары кітапхана кең орынға көшіріліп, әдебиеттер саны, оқырман саны өсті.
Көпшілік ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде 1975 жылы «Үздік кітапхана» атағын жеңіп алды.
1979 жылы кітапхана аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бірігіп, №11 филиалы болды. Сол кездерде кітапхана қажетті заттармен, кітап қорымен толықты.
Сол кездегі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Т.Теміралиеваның ықпалы зор болып, әрбір өткізілген кеңестер кітапханашылардың өз мамандығын жете игеруге көмегі көп болды.
Кітапхана библиографиялық білімді насихаттап, әдебиеттер жүйелі, алфавиттік каталогтар арқылы жұмыстар жүргізді. Кітапхана әдіскерлері жиі-жиі кітапхананы тексеріп, методикалық көмектер беріп отырды. «Парасат» әуесқойлар клубы тұрақты жұмыс жасады. Жұмыс жоспарына сай, оқырмандар конференциясы, ауызша журнал, диспут, түрлі сайыстар өтіп тұрды.
2000-2007 жылдар.
Бұл жылдарда кітапханада жаңаша жұмыстар жүргізілді. Ай сайын ауданда зерделі Кеңестер өткізіліп, кітапханашылар өз білімдерін үнемі оқырман талабына сай толықтырып отырды.
Жұмыстың жаңаша түрлері енгізіліп отырды. Қоғамдық ұйымдармен, ауылдық клубпен бірлесіп, ауылда, ауданда өтетін сайыстарға қатысып жүлделі орындар алды.
2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған көрме, «Әжелер сайысы», т.б. шаралар мақтауға ие болды. «Ауыл жылдарын» өркендетуге арналған 2003-2005 жылдары сол талаптарға сай көптеген жұмыстар жүргізілді.
2004 жылы өлкетану жұмыстарын алға жүргізу мақсатында жүргізілген «Ауыл энциклопедиясын» жинақтауда жақсы жетістіктерге жетті. «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауының І-ші кезеңінде облыс бойынша І орын алып «Үздік өлкетанушы» атағын жеңіп алды.
2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде кітапхана көптеген жұмыстар жүргізді. Аз қалған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу, дөңгелек үстел өткізіліп, «Ұлы Жеңіске – 60 жыл» – деген тұрақты көрме жасақталды.
Сол жылы жерлес ақын А.Жұмағалиевтің 90 жылдығы қазан айының 15-де тойланды. Аудандық кітапхананың методисттері көптеген көмектер көрсетіп, тақырыптық кештер өткізілді. Ауылда жалпыхалықтық мереке өткізіліп, облыстан, ауданнан көптеген танымал адамдар келді, телевидение деректі фильм түсірді.
2006 жылы өлкетану жұмысын одан әрі жалғастыруда «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауының ІІ-ші кезеңі жалғастырылып, қалып қойған деректер, қамтылмай қалған оқиғалармен толықтырылды.
2007 жылы ауыл кітапханасының тарихы жасақталды. Деректер шама келгенше жылдармен істеген адамдардың өмірбаянымен, карта-схемалармен, фото-суреттермен безендірілді.Тамды ауылдық кітапханасының әр он жылғы көрсеткіші
1972 1982 1992 1996 2001
Кітап қоры 4430
оқырман 250
Кітап қоры 25002006
оқырман 210
Кітап қоры 2000
оқырман 200 Кітап қоры 4430
Оқырман -250
Кітап қоры 1800
оқырман 180
Кітап қоры 300 2007 жыл
Кітап қоры 4700
Оқырман -200
Оқырман 110Жданов кітапханасында әр он жыл сайын өсім байқалғанымен 2006 жылы халық санының азаюына байланысты оқырман саны да азайған.
Кітапханашы Жумышева Ақзия Рамазанқызы 1955 жылдың 22 наурызында Орынбор облысы, Орынбор ауданы, Сырт елді мекенінде дүниеге келген. 1962 жылы 1 сыныпқа барып, 1972 жылы Жосалы орта мектебін бітірген. 1972 жылдың қазан айында жаңадан ашылған Жданов ауылдық кітапханасына жұмысқа келген. Сол кездегі кітап қоры 373 дана болды. 1974 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының кітапхана факультетіне оқуға түскен. 1977 жылы Кеңащы ауылдық кітапханасына ауысып 1997 жылы жұмыстан қысқарған. 2006 жылдың ақпан айынан бері Жосалы ауылдық кітапханасында жұмыс істейді.Жанұялы- жолдасы, бес баласы бар.Қазірде қыздары ұяға қонып, шаңырақ көтерген. Жолдасы Қ.Бишаев мал санитары болып ұзақ жылдан бері жұмыс жасайды. А.Жумышева өз жұмысында беделді бола білді. Коммунист қатарына өтіп, белсенділік танытып бесжылдықты жақсы қортындылап, алдыңғы қатарлы кітапханашы болды. 1977 жылдан бастап Құспанова Жібек кітапханада жұмыс істеген. Ол 1956 жылдың 20 мамыр айында Әзтөбе ауылында дүниеге келген. 1962 жылы «Қызыл әскер» колхозының мектебіне 1963 барып, 1972 жылы А.Жұмағалиев атындағы орта мектепті бітірген. 1972- 1975 жж Орал қаласынды ГПТУ училещесінде оқып. 1977 жылы маусым айынан 1984 жылға дейін Жданов кітапханасында қызмет атқарған. Жұмыс істеген кезінде оқырмандарды кітаппен қамтып, мәдени шаралар өткізіп, көшпелі кітапхана арқылы жұмыстар жүргізген. Еңбек адамдарының бос уақытын мәнді өткізуінде әр түрлі сұрақ-жауап кештерін өткізген. Бригадаларды аралап көпшілік шараларды жүзеге асырған.Партия сьезінің шешімдерін орындауда бесжылдық жоспарларды орындауда еңбек адамдарының бос уақытын мәнді өткізген. Кітапханада 2200-дей кітап қоры болса 200 оқырман кітап алып оқыған. 1984 жылы отбасы жағдайымен тұрмысқа шықты. 1қыз,1ұлы бар. Қазірде басқа салада жұмыс істейді. 1984 жылдан кітапханада Оңайбекова Баянсұлу жұмыс жасаған.Оңайбекова Баянсұлу 1963 жылы 1 желтоқсанда Қызыл ту колхозында дүниеге келген. 1970 жылы 1 класқа мектепке барып, 1980 жылы бітірді. 1980 жылы Орал қалалық бухгалтерлік мектепте оқыды. 1984 жылдан бастап Тамды ауылдық кітапханасында жұмыс істеді. 1985 жылы Орал қаласында 1 айлық мамандығын жоғарылату бөлімінде оқыды.Оқырман саны -170, кітап қоры – 2500-дей болды.Кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында түрлі қызықты шаралар ұйымдастырды. Досқараева Гүлнар Жәшімқызы 1959 жылы 14 қарашада Жданов елді мекенінде дүниеге келген. 1967 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1977 жылы Жосалы орта мектебін бітірген. 1979 жылы Орал педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1983 жылға дейін Тамды бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. 1988 жылдан 1996 жылға дейін Тамды селолық кітапханасында жұмыс жасаған. Кітап қоры шамамен- 2300 данадай, оқырман саны- 200-дей. Жанұялы. Отбасында – жолдасы, 2 ұлы, келіні, 1 немересі бар.Досқараева Г. Кітаптармен жұмыс жасауда, есеп жұмыстарын әр тоқсан сайын жүргізіп, тазалыққа жете мән берген. Әр айдың соңғы күндері тазалық күндері болып белгіленді. Белгіленген жоспар бойынша мәдени шаралар өткізілді. Шопан, механизаторлар бригадасы араланып,қабырға газеттері шығарылды. Балалармен жұмыс, ересектермен жұмыс түрлері жасақталды. Ауданнан кітаптар келіп толықтырылып отырды. 1996 жылы ферма кітапханалары қысқарып соның ішінде Жданов кітапханасы жұмысын тоқтатты. Кітапхана орталық кітапханаға тапсырылды. Клубтарда жабыла бастады. 2000-2001 жылдары халықтың жағдайы жақсарып, эканомикамыз өрлей бастады. Яғни 2001 жылы 1тамыздан Тамды ауылдық кітапханасы 4000-ға жуық кітаппен жаңадан ашылып, онда Құмарова Сандуғаш басшылық жасады. Негізінен бұрынғы «Кеңащы» кітапханасының кітаптарын қабылдап алды. 2002- 2004 жылдары аудандық кітапханадан жаңа әдебиеттермен үнемі толықтырылып отырды.Кітапхана директоры Р.Хасанова әдіскер А.Уалиахметова кітапхана жұмысына баса назар аударып көмектерін аяған емес. Сандуғаш Құмарова 1957 жылдын 28 маусым айында Қызыл әскер колхозында дүниеге келген. 1964 жылы Әз төбе ауылында 1 класқа барып, 1974 жылы Жосалы орта мектебін бітірген, 1981 жылы Орал педагогикалық училещесін бітіреді. 1975 жылдан 1989 жылға дейн бастауыш мектеп ұстазы болған. 1990-1992 жылдары балабакша тәрбиешісі болып қызмет атқарды. 2001 жылдан 2004 жылдын қазан айына дейн Тамды кітапханасында істеді. Балалармен, ересектермен тіл табысып әр топқа бөліп, мәдени жұмыстар жүргізген. Малшыларды аралап, газет беттерін апарып кітаппен қамтамасыз еткен. Жана келген әдебиеттерді халыққа насихаттап ұсынған. Әдеби кеш, конференциялар, диспуттар өткізген. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай орталық кітапханашы Қ.Тоғызбаева екеуі «Тәуелсіздік данғылы»-атты тақырыптық көрме ұйымдастырып, ауданға апарып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Кітапхана іші оқырман ойына сай жасақталған. Барша қауымнын талап-тілегін қанағаттандырып, мәдени жұмыстар жүргізген. Кітап қоры-4000дана,оқырман саны-200-дей болған. 2004 жылы өз еркімен жұмыстан босап,орнына Жұмағалиева Фарида істеген. Жұмағалиева Фарида 1984 жылы Сырым ауданы Талдыбұлак ауылының Алатау елдімекенінде дүниеге келген. 1991 жылы мектепке барып, 2001 жылы Жосалы орта мектебін бітірді. 2001-2002 жылдары Орал педагогикалық колледжінде білім алады. 2003жылы Тамды ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. 2004 жылдың қазан айынан Тамды ауылдық кітапханасында істеп, 2005 жылдың айына дейін жұмыс жасаған. 1 жыл уакыт ішінде кітапхананың ішкі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, оқырманға әртүрлі әдебиеттерді таратқан. Балалармен ойындар, концерттер қоюға қатысқан. Жана әдебиеттерді алып толықтырып отырған. Кітап қоры-4430 дана, оқырман саны-250 болған. Жалпы жұмыс жасаған мәдениет қызметкерлері де өз міндеттерін атқарып белгіленген жоспар бойынша еңбек етіп, халық көңілінен шыға білді.
Қарасаева Әсел Талапқызы1980 жылдың 20 қыркүйек айында дүниеге келді.1997 жылыА.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебін бітірді.1998-2001 жылдары Орал қаласындағы Агро-техникалық колледжінде оқыды.2005 жылдың қазан айынан бастап Тамды ауылдық кітапханасында жұмыс істеп келеді. Алғаш кітапхана жоспарымен танысып, алда атқарылатын жұмыстарды қарап әр тоқсанға бөліп жұмыстанды. Кітапхана рухани байлықтың орталығы. Әр түрлі оқырман келіп кітап оқиды. Сондықтанда оқырманның тез арада әдебиеттерді табуына қолайлы жағдай жасап, әр сала бойынша орналастырдым. Ауыл шаруашылығы, техника, медецина, педагогика, көркем әдебиет, философия,т.б.Кітапханадағы каталогтарды реттеп, өз орнына орналастыруға міндеттеміз. Оқырмандарды әр топқа бөліп, мәдени жұмыстарды жиі/ашық сабақ, баспасөз бетін насихаттау, ауызша журнал, кітап конференциясы, жазушылардың өмірбаяндары,т.б./ өз кезегімен іске асырылды. Аудандық кітаппен қамту бөлімі де әдебиеттер жіберіп, толықтырып отырады. Әдіскер А.Уалиахметова, басшымыз Р.Хасанова, Дина апай өз көмектерін беріп, зерделі кеңестер өткізіп, іс-тәжірибелерін аяған емес. Кітапханашы К.Тоғызбаеваның шәкірті ретінде, іс-қағаздарын толтыруды, мәдени шаралар өткізу бағытын, әр топтармен жұмыс, жасөспірімдермен жұмыс жүргізуді, сондай-ақ кітапхана есебін, күнделік толтыру сияқты көптеген жұмыс тәсілін үйреніп өз жұмысыма пайдаландым. Соның нәтижесінде оқырманым көбейіп, келушілер саны артты. Оқырмандар кез-келген сәтте керек кітабын тез арада тауып білім нәрімен сусындады. Мерекелі күндері кітапханада кең көлемді көрмелер баяндамалар оқылып, озат енбек адамдарымен кездесу кештері тақырыптық көріністеріміз орталық клубқа көрсетілді. Атап айтсам,*Желтоқсан ызғары*, *Бізде батыр болғанбыз*, *Тәуелсіздік бастауы* -атты тақырыпта болған. Тамды ауылында 55үй, халқы252. Бастауыш мектептің 24 оқушысы да кітапхананың тұрақты оқырмандары. Еңбек ардагерлері мен зейнеткерлеріміз Ч.Бірғалиев, Т.Биғалиев,т.б.окырмандар. Кітапханада жүргізілген көпшілік жұмыстар-Ы.Алтынсариннің «Ұлы педагог» атты әңгіме сағаты, 2006 1 наурыздағы 2006 жылдың 1 наурыз ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауына байланыста *Жолдау жол сілтейді* атты кітап көрме ұйымдастырылып,көрмеге шолу жасалды.Осы жолдауды талдау барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Жаңа әдебиеттерді насихаттау барысында әдебиеттерге анықтама жазылды. 2007 жылдың 28 ақпан Н.Ә.Назарбаевтің *Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан* атты жолдауы оқырмандарға талқыланды.Аудандық кітапхана директоры Р.Хасанованы әдіскер А.Уалиахметовалардың ұйымдастыруымен өткізілген зерделі кеңесі көп көмегін берді.Жұмысымыздың кең көлемді жаңаша жұмыс істеудегі бірден бір қадам болды.Тамды ауылдық кітапханасында казіргі таңда кітап қоры -4700,оқырман саны-200 болып халықтын талап тілегін орындау барысында жұмыстанып,мәдени жұмыстардың белсенділігін арттырудамыз.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Тасқұдық ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1953 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 67 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 225 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 65 м2

Меншік түрі: мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 131

Кітап қоры: 5403 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны: Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы Тасқұдық ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Шаухарова Гулнар Канатовна

Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 151
Кітап берілімі: 802 дана.
Кітап қоры: 5403 дана.

Елтай ауылдық округінде Тасқұдық елді мекені және Алатау елді мекені бар. Окргуте барлығы 164 тұрғын үй, 900 тұрғын бар.
Елтай ауылдық округі әкімдігі кеңсесінің ішінде мемлекеттік қызметкерлердің бөлемелерінен басқа ауылдық байланыс торабы бөлмесі, пошта мекемесі,учаскелік полиция қызметкерлерінің бөлмелері орналасқан.
Тасқұдық орта мектебінде бүгінгі күні 130 оқушы білім алып, 25 ұстаз білім беру жолында еңбек етуде. Осы мектепке қарасты мектеп жанынан мектеп-балабақшасы жұмыс істейді. Мектеп-балабақшасында 18 бала тәрбиеленіп, 6 қызметкер еңбек етуде.
Сондай-ақ Тасқұдық ауылында ауылдық аурухана жұмыс істейді.
Тасқұдық ауылдық кітапханасы ауыл ішінде ауылдық клубтың бір жақ жанында орналасқан.
1966-1968 жылдар аралығында Роза Валиқызы кітапханашы болып жұмыс атқарды.
1968-1972ж Сариева Жаңыл кітапханашы болып жұмыс атқарды.
1970-1971 жылдары жаңа типтік мәдениет үйі салынып, сол мәдениет үйінің ішінен кітапханаға орын берілді.
1972 жылдың қараша айында Тасқұдық ауылдық кітапханасы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін бітіріп келген,кітапхана ісінің маманы Аманғалиева Қазира Төлеуқызы кітапханашы болып еңбек етті. Жаңа типпен салынған кең де, жарық кітапханада 8 мыңға жуық кітап қоры,600-ге тарта оқырман болды. Үш жерде көшпелі кітапхана қызмет көрсетті.Айына екі рет диханшылар, малшылар бригадасына шығып,әр түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрды.1980 жылдан кітапханаға орталықтандырылғын кітапхана жүйесіне ауыстырылды. Кітап қорында ескі кітап қорынан шығарылып,заман талабына сай жаңа әдебиеттермен толықтырылды.
1980-1985 жылдар аралығында кітапханада оқырмандар саны берілген жоспардан артығымен орындалып кітапханашы Қ.Аманғалиева «Үлгілі кітапханашы» атағын жеңіп алды.
1984-1985 жылдар аралығында Алатау,Тінәлі кітапханалары заман талабына сай жабылып,орталықта бір ғана кітапхана жұмыс жасады.
1996-1998 жылдар аралығында салауатты өмірді насихаттау бағытында өткен аудан орталығындағы конкурсқа «Қарттарым-алтын қазынам» атты аталар мен әжелер сайысына Молдагериев Орынғали мен Карменова Роза қатысып,аудан бойынша 8-шаруашылықтан қатысып,солардың ішінен І-ші орынға ие болды.
1999 жылы шілде айында өткен «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылының құрметіне өткізілген ақындар мүшайрасына Ойшыбаева Айнагүл қатынасып, ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
1999 жылдың тамыз айында кітапханашы Аманғалиева Қазира 33жыл кітапханашы болып бір салада еңбек етіп, білім қазынасы кітапханашы халық арасында насихаттап, халыққа мәдени қызмет көрсетуде қол жетістіктері мен табыстары үшін облыстық мәдени басқарманың құрмет грамотасымен марапатталды.
1999 жылдың қыркүйек айында Тасқұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып Ойшыбаева Айнагүл тағайындалды. 2001ж қараша айында Тасқұдық ауылдық кітапханашысы болып Ибрашева Гүлмира қызмет істеді. Кітап қоры-11302 дана кітап. 2003 жылы Ибрашева Гүлмира өз мамандығы бойынша жұмысқа ауысуына байланысты кітапханашы болып Акмулдиева Махаббат еңбек етті. Қазіргі кезде кітап қоры 11961 кітап, оқырман саны-440 оқырман.
2005 жылы Акмулдиева Махаббат әкімшілік жұмысқа ауысуына байланысты, кітапханашы болып, 2006жылы Джаналиева Зайда Серікқызы қызмет етті.Кітап қоры 12018,оқырман саны 570.Оқырмандарды кітапханаға тарту бағытында көптеген іс шаралар өткізілді. Солардың бірі, Тіл мерекесіне «Тілге құрмет-елге құрмет», «Ертегілер мерекесі», «Кітап- біздің досымыз», «Сағындырған көктем-ай»атты іс –шаралар аудандық «Қайнар» газетінде шығуда.Сондай-ақ Алатау елді мекеніне көшпелі кітапханалық қызмет көрсетуде.2007 жылы Жаналиева Зайда өз мамандығы бойынша мектепке ауысуына байланысты мектеп оқытушысы болып ауысып,орнына Есенжанова Айша Есмырзақызы кітапханашылық қызметке тағайындалды. Кітап қоры 12532.оқырман саны 570.Оқырмандармен кітапханаға тарту мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп жүр.
Кітапханадағы қызықты кештерден көріністер

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Талдыбұлақ ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылған жылы: 1974 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 54 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 205 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 30 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 301

Кітап қоры: 20930 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Талдыбұлақ ауылы
8-711-34-52-1-56
Кітапханашының аты-жөні: Шарипова Гулзат Яхиевна

Мекеме  төлқұжаты

Мекеме атауы:                                     Өлеңті ауылдық  модельді кітапханасы

Ведмостволық  құрылымы:                 Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған  жылы:                                 1974 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы    3 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы   153 км.

Ғимараттың  түрі:                                  бейімделген

/типті,  бейімделген/

Аумағы  /шаршы  метр/                         65 м2

Меншік  түрі:                                        мемлекеттік мекеме

Оқырман саны:                                     770

Кітап  қоры:                                          11511 дана

Қызмет көрсету  түрі:                        тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны       Батыс  Қазақстан  облысы Сырым  ауданы Өлеңті ауылы

Кітапханашының аты-жөні:       Хасанова Улганым

Өлеңті ауылдық модельді кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 770
Кітап берілімі: 14001 дана.
Кітап қоры: 11511 дана.

Кітап-өмір,ешқашан сарқылмайтын
Мен оны құшып-сүйем құшаққа ала
Сәулесі күн нұрындай жарқылдайтын
Мен үшін қасиетті үй-кітапхана.
Ә. Нілібаев.

Ауылда қазіргі таңда 1 мектеп жалпы білім беретін «Жасқайрат» орта мектебі, ауыл әкімі, пошта мекемесі, 2-фельдшерлік пункт, кітапхана бар. Бірнеше сауда-саттық орындары бар, олар халықты тамақ, киім және де тағы басқа өндіріспен қамтамасыз етеді.
2004 жылы ауылда жаңа мектеп үйі берілді, онда 400-ге жуық оқушы білім дәрісін алуда. Оларға 32 ұстаз сабақ беруде.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып,өзгеруінде басқа мәдени меекмелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең,көзі ашық,көкірегі ояу ұрпақ өсіру,оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі-кітапхана.Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру рухани байлы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстеикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі,облыстағы баспа шығармаларын сақтайтын,оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы.Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің талымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де ағартушылықтың да әдістемелік жүйелерін жасап, оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу. Жалпы кітапхана-адамдардың басын қосу,білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасаты мәдени орын болғандықтан ұлттық мәдениеттің мәйегі насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз.Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында рухани байлықты тереңдете оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саясат,әлеуметтік мұралар мен бай рухани қазыналарын сақтап,қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапхананың басты міндеті.
Өлеңті ауылдық кітапханасы 1966 жылы, 2948 кітап қорымен ашылған. Құрманалиева Айман жұмыс жасайды. Құрманалиева Айман 270-дей оқырманы болып, оқырмандардың сұранысын, талап-тілектерін орындауда, кітап насихаттауда олармен түрлі мәдени көпшілік шаралар жүргізіп отырған. Бір жылдай еңбек етіп өзінің қоныс аударуына байланысты 1967 жылдан Туганова Камалия жұмыс атқарады. 10 жылдай еңбек етіп өз оқырманымен тіл табыса білетін үнемі оқырмандарының талап-тілектерін орындай отырып оқырмандарға әдебиеттерді насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерін ұсына білді. Ұлы Октябрь Революциясының 55-жылдығына орай «Октябрь шұғыласы» атпен ауыл еңбекардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырған. 3200-дей кітап қоры болып 350-дей оқырман болып көрнекіліктер, кітап бұрыштары, кітап көрмелері плакаттар шығарып отырған. Өзінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туганова Камилядан Қайырғалиева Базаргүл алып жұмыс жасайды. Қайрғалиева Базаргүл 1960 жылы дүниеге келген. 1977 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіне түсіп оны 1979 жылы бітіріп, сол кезде ХХІІ-партсъезд совхозында кітапханашы болып бір жылдай еңбек етеді. 3500 кітап қоры болып, 400-дей оқырманы болып,ақын жазушылар шығармаларынан әдеби кештер «Туған өлке тарихынан» әңгіме сағаттарын, ертеңгіліктер ұйымдастырған. 1980 жылдан кітапхана жұмысын Нұрпейісова Альфия жасайды. Альфия Нұрпейісова 1957 жылы дүниеге келген.1975 жылы мектеп бітіріп, 1976жылы сол кездегі Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапхана жанындағы 1-жылдық курсын бітіріп 1981 жылы сырттай Ақтөбе мәдени-ағарту училишесіне түседі. Еңбек жолын Қосарал ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс атқарады. 1980 жылдың шілде айының 4339 кітап қорымен 500-дей оқырманы болып Өлеңті ауылдық кітапханасында жұмыс атқарады ұлттық идеологиямызды өмір тәжірибесінен сондай-ақ оқыпмандарды рухани мәдениетке үйретіп, олармен түрлі мәдени көпшілік шара ұйымдастыра білді.
Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізген. Өлеңті ауылына жазушылар Естай Мырзахметов, Бек Тоғысбаевтың келуіне байланысты жазушы Естай Мырзахметовтың «Медет» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізіп осы өткізілген конференцияға жазушы өзі қатысып ризашылығын білдіріп, естелік беріп кеткен. Мамандық таңдау кештерін өткізген саяси кабинет меңгерушісі Галимов Қайырболдымен бірлесіп егіс бригадаларында болып әртүрлі тақырыптарда лекциялар оқылып «Үгітші-насихатшы» бұрыштар ұйымдастырылып,бригада басына кітап, газет, журнал апарылып отырылған.1985 жылдың қараша айынан 7676 кітап қорымен кітапханашы жұмысын Касимова Акзиба жұмыс жасайды. Касимова Акзиба Жоламановна 1962 жылы Бұлан ауылында дүниеге келген. 1980 жылы 10-жылды0 мектепт3 б3т3р3п61985 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітіріп,еңбек жолын 1-май ауылдық кітапханасынан бастаған.1985 жылы қараша айынан Өлеңті ауылдық кітапханасына ауысады.7676 кітап қолрымен 600-дей оқырман болып ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттай отырып, ұлылардың өнегелі өсиеттерін насихаттай отырып мәдени-көпшілік жұмыс түрлерін ұсынып отырған.Жымпитыда Алашорда Үкіметінің болғанының 80-жылдығына орай «Тарих соқпақтар» тақырыбында оқырмандар конференциясын ұйымдастырған. «Бақытты балалық шаққа саяхат» атпен үлкен стенд шығарған.Ұлы Жеңістің 50-жылдығына арналып «Сөнбейді сенің шырағың»атпен тарихи кеш. Жазушы М.Әуезовтың 100-жылдығына арналып «Көксерек»романы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырған.Өз жұмысының жанашыры деген оқу өрісін дамытуға көмектескен.
2000 жылдың наурыз айынан бастап Өлеңті ауылдық кітапханасында Ихсанова Малика Зайлағиқызы еңбек етіп келеді.Ихсанова Малика 1958 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келген.1976 жылы орта мектепті бітіріп,1978 жылы сол кездегі Н.К.Крупская атындағы 1жылдық курсты бітіріп,Қособа ауылдық кітапханасында кітапханашы мамандығы бойынша еңбек жолын бастаған.Онда бір жылдай еңбек етіп 1980жылдан 1997 жылға дейін аудандық кітапханада жұмыс жасайды.Қазіргі таңда осы Өлеңті ауылдық кітапханасында еңбек етіп келеді.
10100 кітап қорымен 740 оқырманымен оқырманға әдебиеттер насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерін ұсына білді. 2000жыл «Мәдениетті қолдау»жылы деп жариялануына орай ауыл мектебімен бірлесе отырып, өнер туралы рухани тағлыми беру,өне майталмандары мен қайраткерлерін үлгі өнеге тұту мақсатында «Мәдениет халықтың ең үлкен рухани азығы» атты тақырыптық кеш.Жазушы С.Мұқановтың 100 жылдығына орай «Халық жүрегіне жол тапқан қаламгер» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.Кітапханада өз өлкесін тану, оның тарихын тану,оқырмандарына насихаттау ьағытында көп жұмыстар жүргізіліп отырылды. «Жас өлкетанушылар» әуесқой қызығушылар клубы жұмыс істеуде.Ұлы Жеңіс мерекесіне,Наурыз мерекесіне арналып кездесу кештер,салт-дәстүр кештері өткізіліп отырылуда.Оқырмандардың сұранысын,талап тілектерін орындауда кітап насихаттауда үлкен үлес қосуда.Қандай болмасын өткізілген шаралары басқалай да жұмыстары еліміздің тарихын, мұраларын әр оқырманға жеткізу.Уақыт талабынан қалмай оқырмандарымызға сапалы тәрбиелік мәні бар басылымдардыұстау әр оқырманмен жеке жұмыс жүргізіп отыру біздің парызымыз.
5 қаңтар жазушы Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың дана Қадыры» поэзия кеші. Мақсаты: : шолу жасау. Оқырмандарды қазақ әдебиетіне, ақынның шығармаларына деген қызығушылықтарын ояту, сөздік қорын молайту. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Шара барысында Еркемарал Мейрамбекқызы даярлық сыныбы: «Қояным».
Серік Сезім «О далам менің байтағым», Насибуллин Адилбек «Домбыра».
Габбас Аружан «Ана тілім» аққынның өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашы Қадыр Мырза Әлидің өмірбаянымен таныстырылып, шығармаларына библиографиялық шолу өткізді.

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Шағырлой ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1956 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 18 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 168 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 78 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 234

Кітап қоры: 16156 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шағырлой ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Аткеева Мулдир Мендихановна

Шағырлыой ауылдық модельді кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 234
Кітап берілімі: 2150 дана.
Кітап қоры: 16156 дана.

Білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің інжу-маржандары тізбектеліп, кітап атаулы шоғырланған кітапхана – адамзаттың рухани тыныс – тіршілігінің көзі. Кітапхана ісі –мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең,көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге халықтық мұраға бейімдеуге, мәдени құңдылықтарды жаңғыртып, таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі – кітапхана. Жалпы кітапхана – адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар бірден – бірі парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз. Адам бойындағы табиғат сыйлаған керемет қасиет асыл қазына – ақыл, ой, сана. Осы кереметтерге таң-тамаша қала отырып риза болар жемісі кітап. Ал кітап мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты. Кітап ақыл-ойдың қазынасы болғаннан соң кітапханалар абырой атағын одан сайын асқақтата түсері сөзсіз. Кітапхана бүгінде оқырман үшін білім алудан бос уақытын өткізу, интеллектуалды және рухани қасиеттерін дамыту,ақпараттық сұранымдарын қанағаттандыратын білім ордасы. Ауыл – халқымыздың құнды салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениеттің рухани өмірінің қайнар көзі. Ауыл кітапханасы бүгінгі ұрпақ үшін тегін қызмет көрсететін жалғыз әлеуметтік мекеме. Кітапхана – ол тек кітап қоймасы ғана емес, сонымен бірге көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі,мәдениет пен білім ордасы.
Егемендігімізді алғаннан бері барша халқымыз өз тарихын білуге жаппай ықылас қойып келеді. Міне осындай жағдайда оқырман сұраныстарын қанағаттандыруда кітапханалардың атқаратын қызметі ұшан-теңіз.
Шағырлой- Сырым ауданындағы ауыл, Сарой әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы – Жымпиты ауданы оңтүстік шығысқа қарай 19 км жерде Жымпиты өзенінің оң жағалаулық аңғарындағы бетеге, боз, көкпек, жусан өскен бозғылт қоңыр сортанды, қоңыр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1000 мың адам. 1999 жыл 1957-1997 жылдары Абай атындағы қой өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Коминтерінде және округле қатысты Жаңақоныс, Көздіғара, Қызылтаң ауылдарында серіктестікпен 12 шаруа қожалығы құрылған. Орта, орталау, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, клуб, екі фельдшерлік акушерлік және екі медпункт бар.
Бұл ауылдың кітапхана шежіре жинағы сан – жылдар куәсі болып оқырмандарды білім нәрімен сусындатып келген. Шағырлыой ауылындағы рухани қазына ордасына арналып отыр.
Халық үшін осындай аса қасиетті шаңырақтардың қазақ даласында пайда болып игілігіне қызмет ете бастауы да өзінше тарихи сырлары бар.
Бар тіршілігін халыққа қызмет етуге арнаған елу бес жыл аз уақыт емес.Иә, сондай шаңырақтың қабырғасында еңбек ету әр кітапханашыға үлкен абырой,осыған орай бұл кітапхананың алғашқы қадам басқан кезіне кітапхана тарихына көз жүгіртсек.
Шағырлой ауылдық кітапханасында ауыл адамдары,өздеріне рухани қажетіне қанағат алып,білім дүниесін бір шарлап қайтып жатады. Ия, бұл ауыл жұртының аса құрметтеп – қадірлейтін қасиетті орны. Кім де болса кітап және мерзімді басылымдардың қай-қайсысынан да қажеттін тауып, іштей марқайып, көңілі толып, шексіз ризалыққа бөленеді. Бұл шаңырақтың іргетасы қалануы сонау 1952 жылы құрылған. Кітапхананың меңгерушісі болып Зияшова Сайлау қызмет жасаған. Алғаш ашылған кезде оның қорында-459 дана кітап болған. Сол жылдары өзінің алғашқы оқырмандарын қабылдады.
Ең алғаш кітапхана ашылған жылдары, кітапты ауыл тұрғындарынан, аудандық мәдениет бөлімінен және әкімшілік жанынан жаздырып алып отырған.
Кітапхананың кітап қоры – көбінесе газет-журналдармен толықтырылған.
1957 жылға дейін Зияшова Сайлау кітапханада қызмет жасаған.
1957-1959 жылдар аралығында Хұсайынова Қатима кітапханашы болып қызметке орналасады. Хұсайынова Қатима Орал облысы Тайпақ ауданының, Өлеңті совхозында дүниеге келген. Әкесі оқытушы, отбасында жалғыз бала. 1956 жылы орта мектепті бітірген. 1957 жылы Жымпиты ауданы, Абай совхозына кітапханашы болып орналасады. 1959 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қызмет жасай жүріп 1959 жылы Орал облысы кітапхана жанынан кітапханашылық курсты бітірген. 1959-1962 жылдары аудандық кітапханада кітапханашы болған. 1962-1973 жылдары партия кабинетінің кітапханасында еңбек еткен. 1973-1992 жылға дейін аудандық балалар кітапханасында жұмыс жасаған. Отбасында 9 бала тәрбиелеген, ардақты ана. Қазіргі кезде Сырым ауданында тұрады, зейнеткер ана.1963-1964 жылдар аралығында кітапханашы болып Арыстанғалиев Хамидолла қызмет жасаған. 1965-1968 жылдарда Жубангалиева Майра кітапханада жұмыс жасаған.
1968 жылдан бастап мәдениет саласында еңбек еткен –Карина Ұрқия Әжіғапқызы кітапхана меңгерушісі болып жұмысқа орналасады. Уақыт өткен сайын мезгіл мен халықтың талап тілегіне сай кітапхананың кітап қоры молайып, өзі де жан-жақты ірге жайып, кеңейе бастады. 1968 жылы кітапханада кітап қоры – 2600 данаға жетті, оқырман саны -300-ге көтерілді. Кітапхана орны ауыл ішіндегі орталық клубта орналасқан. 1987 жылға дейін осы клуб ішіндегі 2 бөлмелі орында болды.
Орталық кітапханада еңбек ете жүріп –Карина Ұрқия жақсы еңбегі үшін, еңбек депутаттарының Орал облыстық мақтау громатасымен марапатталып,1940 жылы КПСС мүшесіне қабылданады. Карина Ұрхия Әжіғапқызы 1930 жылы Ащысай ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1950 жылы Чапай (қазіргі Көздіғара ауылы) жеті жылдық мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1954 жылы аудандық мәдениет бөліміне жұмысқа келіп балалар кітапханасының меңгерушісі болып жұмысқа орналасады. Семья жағдайына байланысты және Сарой ауылында орталық клубта «клуб меңгерушісі» болып қызмет атқарған. 1968 жылдан бастап, 1991 жылға дейін үзіліссіз Сарой ауылында кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. Карина Ұрхия «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1995 жылы 65 жасында дүниеден озды.Кітапханашы Карина Ұ. Ұлы Жеңістін 40 жылдығына
оқырмандармен бірге. арналған кітап көрме 1985 жыл.1972-1979 ж.кітапханада кітап қоры -6650 дана, оқырман саны 465, көпшілік шаралар – 30 жетті. Кітапхана өмірі – сырт көзге біліне байқала бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындары ішінде жататын өмір. Кітапхана ұзақ жылдар еңбек етіп, ауылдық әрі оқырмандардың ілтипатына бөленген, атап айтқанда- Зияшова Сайлау, Хұсайынова Қатима, Карина Ұрқия және ұзақ жыл кітапханашы болған мамандарға үлгі-өнеге ақылшы ұстаз да. Осы бір ұқыпты да ыждағатты жанның кітапхана табалдырығын аттап шын ықыласымен еңбек еткеніне 30 жылға тарта уақыт болған екен. Карина Ұрқия кітапханашылық түрлі мәдени-көпшілік ұйымдастырған. Кітапхана ішіндегі оқырмандарға және ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуде шахмат,шашка ойындарын ұйымдастырған. 1994-1995 жылдары ақын жазушылар А.Бақтыгереева, С.Сейітов,Б.Аманшин, Х.Ерғалиев сынды ахаматтар келіп оқырман қауыммен кездесулер өткізді. Оны кітапхана қорында қалдырған қолтаңба деректері арқылы білуге болады.

Ақын Белқайыр Аманшин ауыл еңбеккерлермен кездесу кешінде.

Совхоз уақытында кітапхана ісіне біршама көңіл бөлініп,мәдениет ошағының қазынасы 1988-1989 ж. Кітап қоры 11313 данаға көбейтіп,оқырмандар саны да арта түсті.1982-1989 ж. Аралығында кітапхана байырғы және тұрақты оқырмандары болған М.Мутигуллин-700 кітап,Х.Ишанов- 500 кітап,Ғ.Хайрушов -700 кітап,С.Ерғалиев – 500 кітап оқыған оқырмандарды мақтанышпен айта аламыз.
1991 жылы кітапханашы Карина Ұрхия Әжіғапқызы зейнеткерлікке шығуына байланысты Арыстанғалиева Ақсұлу Хамидоллақызы Коминтерн ауылына кітапханашы болып тағайындалды.Арыстанғалиева Ақсұлу Хамидоллақызы Жымпиты ауданы, Абай атындағы совхозда дүниеге келген 1984 жылы Абай орта мектебін бітіріп,1985-1987 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесін бітіріп,2000-2003 ж.Батыс Қазақстан Өнер институтының кітапхана тану және библиография бөлімін бітірген.Қазіргі таңда Шағырлой ауылдық кітапханасында жұмыс жасап келеді.
1990-1995 жылдары кітапхананың кітап қоры 12003 данаға жетті.Жылма-жыл кітап қоры мен оқырман саны әдебиеттердің берілімі өсіп отыр.Оқырман сұранысына орай барлық жұмыс негізінде балалардың қызығушылығы мен әдебиетке деген сұранысы зерттеліп отырылады.1994 жылы кітапхана жанынан балалар оқырмандарымен бірлесіп «Кітап достары» атты клуб жұмысы жасай бастады.Осы клуб мүшелерімен түрлі тақырыпта кештер,ертеңгіліктер өткізіліп отырылады.
«Кітап достары» клуб мүшелерінің «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен қойылым

1998-2000 жылдары кітап қоры 15834 данаға жетті.2001 жылы 18 мамырда кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай аудандық зерделі кеңес өткізілді. «Тәуелсіздік – еркін елдігің» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып, кешке аудандық,ауылдық кітапханашылар қатысты.

Кітапханашы А.Арыстанғалиева «Алашорда Тәуелсіздік бастауы» кітабын оқырмандарға таныстыруда

Оқырмандар Ә.Жүсіпқалиева,А.Қуанышқалиев «Абай дана, Абай дара халықта» атты кітап көрмесімен танысуда.

Елбасының жарлығымен 2004-2006 ж. арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ұлттық өнер салалары бір жүйеге келтіріліп,ғасырлар бойы сақталып келген көне жазбаларды зерттеуде кітапхана 5 дана қолтаңба қорына алдырды. 2005 жылы облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен «Ауыл шағын Отан» байқауы ұйымдастырылды.Осы байқау ережесіне сай кітапханада ауыл энциклопедиясы жинақталып шығарылды. Бұл энциклопедия ауыл халқының көңілінен шықты. Энциклопедияға ауылдың өткен тарихы, белгілі тұлғаларға байланысты хаттар,құжаттар, фотолар, қол жазба жинақтары бар. Өлке тарихы, топономикасы, әдебиеті, географиясы, экологиясы жазылған. Аудан бойынша энциклапедия шығаруда байқау барысында кітапхана жүлдегер атанды.
Облыстық А.Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен Абай Құнанбайұлының 160 жылдығына арналған шығармашылық байқауда кітапхана оқырманы Әйгерім Жәйлиева 2 орынды жеңіп алды, бұл кітапхана үшін үлкен мақтаныш.

Ә.Жайлиева облыстық шығармашылық байқаудын жүлдегері.

Жастардың рухани,мәдени және білімін көтеру бағытында кітапханада ауыл жастарымен жұмыстар бірлесіп жүргізіледі. Оқырман жасөспірімдерді елін,жерін сүюге, патриоттықка тәрбиелеу бағытында жерлесіміз-әлем чемпионы А.Шайхиевке арналған «Спорт саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып жылма -жыл дәстүрлі еске алу кештері өткізіледі.
Қазіргі уақытта кітапхана ауылымыздағы үлкен мәдени ошақ орталығы. Кітап қоры 14710 данадан асса, тұрақты оқырман саны 750. Кітапханаға оқырман келім саны 4500 жетіп отыр. 2006 ж. 22-23 қараша күндері өткен облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Облыстық кітапханашылар форумына» және 2007 ж. 11-12 шілде аралығында Шыңғырлау аудандық кітапханада өткен «Жасөспірімдер арасындағы патриоттық тәрбие» тақырыбында өткізілген облыстық зерделі кеңеске кітапханашы А.Арыстанғалиева қатысып қайтты.
2007 жылдың 11 наурызында №54 қаулы бойынша «Коминтерн ауылдық кітапханасы» «Шағырлыой ауылдық кітапханасы» болып өзгертілді.

Кітапханадағы балаларға арналған кітап көрмелері

Мекеме төлқұжаты

Мекеме атауы: Правда ауылдық кітапханасы

Ведмостволық құрылымы: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылған жылы: 1953 жылы

Аудан орталығынан арақашықтығы 87 км.

Облыс орталығынан арақашықтығы 60 км.

Ғимараттың түрі: бейімделген
/типті, бейімделген/

Аумағы /шаршы метр/ 40 м2

Меншік түрі: мемлекеттік

Оқырман саны: 320

Кітап қоры: 14473 дана

Қызмет көрсету түрі: тұрғындарға қызмет көрсету

Мекен-жайы және байланыс телефоны Батыс Қазақстан облысы  Сырым ауданы  Тоғанас ауылы

Кітапханашының аты-жөні: Нуршаева Гулдана Альбиевна

Правда ауылдық кітапханасы

Оқырман саны: 320
Кітап берілімі: 6100 дана
Кітап қоры: 14473 дана

Тоғанас – Сырым ауданындағы ауыл, Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан. Халық саны – 528 адам.
Тоғанас ауылдық кітапханасы 1954 жылы ашылды.
Правда ауылдық кітапханасы ауылдық әкімшілік ғимаратының ІІ-қабатында орналасқан.
Правда ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып, Гусманова Сайрагүл Жасқайратқызы еңбек етуде. Мамандығы – кітапханашы, білімі – арнаулы орта. 1987 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген.
Кітапхана өз жұмысын өрістету негізінде ауыл тұрғындарына кітапхана ісін пайдалануға, кітап қорындағы әдебиеттердің кеңінен оқылуына, жас оқырмандардың мерзімді басылымдар мен көркем әдебиеттерді қызығушылықпен оқуларына айрықша көңіл бөліп, барынша жағдай жасап келеді.

Оқырман балалармен өткізілген
тәрбие сағаты