Мекеменің төлқұжаты

Мекеменің атауы: Ақоба ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрылымдық: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1956

Аудан орталығынан арақашықтығы: 50 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 500 км

Мекеменің түрі: бейімделген

Аумағы: 89 кв. м

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 560

Кітап қоры: 18992

Қызмет көрсету түрі: Аудан тұрғындарына ақпараттық мүмкіндіктерді қалыптастырып қызмет көрсету, оқырмандардың мәдени, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Мекен -жайы және байланыс телефоны: БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық округі, Гайсина көшесі,1

Кітапханашының аты-жөні: Муханбеткалиева Жамиля Аскаровна

Ақоба ауылдық кітапханасы

Ақоба ауылы Жәнібек ауданынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде орналасқан. Тұрғыны 915 адам.
Бүгінде Ақоба ауылдық кітапханасының
Кітап қоры – 18992
Оқырман саны – 560
Кітап берілімі – 10610
Келім саны – 6854
Кітапхана басшысы Мухамбеткалиева Жамиля Аскаровна

Ақоба ауылдық кітапханасы 1956 жылы құрылған.
Алғаш құрылған жылдарда кітапханада Меңдіғалиев Мақсот, одан кейін Сұлтанова Марфуға жұмыс жасаған.Негметова Кама 1959 жылы Ақтөбе мәдени- ағарту училищесіне бітіріп келіп 1963 жылы Ақоба ауылдық кітапханасына жұмысқа орналасып, содан 1994 жылға дейін жұмыс жасады. Кітапханада жасаған 35 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, «За доблестный труд», облыстық құрмет грамоталармен, Мәдениет Министрінің «Мәдениет саласына еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен т.б көптеген марапаттауларға ие болған. Кітапхана 1983 жылы облыстық «Үздік кітапхана» атына ие болды.
1990-92 жылдары кітапхана озық тәжірибе мектебіне айналды.

1968 жылдарда кітапханада оқырмандар қабылдау сәті

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында ХХI ғасыр білім ғасыры,халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауда бүгінгі ұрпақ,ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті.Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы кітапхана.
Кітап-халық қазынасы. Оның адамға сыйлар рухани байлығы ұшан-теңіз. Бүгінгі өмірдің айнасы да, өткен күннің жанды шежіресі де кітап. Бір сөзбен айтқанда,қоғам дамуында кітаптың атқарар ролі зор. Бүгінгі оқырманның талғамы биік,талабы жоғары.
1996 жылы кітап қоры 9929 дана кітап болған,ал көркем әдебиеттер саны 5750 дана әдебиет болды. Жыл сайын кітап қоры аудандық кітапханадан келіп түскен жаңа әдебиеттермен толығып отырды. Кітапхана жас оқырманды баулуда және оқырман мен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда ең үлкен рол атқаратын жұмыс тәсілінің бірі көпшілікпен бірге өткізілген іс-шаралар.
Көпшілік іс-шаралар барлық көрнекті және баспа құралдарының жиынтығы арқылы,оқырмандардың білімін, ой-өрісін байытатын әдебиеттермен қауышуына елеулі үлес қосады.
Қазіргі уақытта Ақоба ауылдық кітапханасы ФАП-тың жанында орналасқан. Кітапхана 1 бөлмелі , іші кең таза, жарық, газбен жылытылады. Кітапхана ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Тәуелсіздік күніне орай кітапханада «Тәуелсіздік тұғырым» атты кең көлемде көрме жасақталды.Мәдениет үйінде «Егемен елім-кең байтақ жерім» атты кітапхана оқырмандарымен, ұстаздар қауымымен бірігіп кеш өткізілді.
ҚР Президенті жолдауын насихаттауда кітапханада «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу» тақырыбында стенд және «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» атты көрме шығарылып оқырмандарға насихатталды.
Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 165-жыл толуына орай оқырмандар арасында «Абайдың табиғат лирикасы» атты кеш өткізіліп «Абай тұтас бір әлем» атты көрме шығарылып, шолу өткізілді. «Ұлы ақын А.Құнанбаевтың туғанына 165-жыл» атты папка жасақталды.
Өлкетану әдебиеттерін насихаттауда ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қ.Мырзалиевтің 75-жасқа толуына орай
«Жырламау мүмкін емес,
Туған жер топырағын басып тұрып» – атты тақырыпта кеш өткізіліп, көрме шығарылып оқырманға шолу өткізіп, кеште ақынның «Бүркіт», «Шарт», «Екі кезең», «Парыз» атты т.б өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқып берді.
«Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша ақын Ж.Молдағалиевтің 90-ж толуына орай «Жырларым қазақ жұртын елжіреткен» атты кеш өткізілді.Бүгінгі жас ұрпақты ақынның өлеңдерімен тәрбиелеуде өнердің оның ішінде ұлттық өнердің ең алдымен сол ұлттың өзінің баға жетпес қазынасы,ал сол қазынаның қадір- қасиетін білу, бағалау одан рухани ләззат алу, оның сұлулығымен, әдемілігін, әсемдігін сезіну керектігін түсіндіру.
Ұлы Жеңістің 65 ж орай Мәдениет үйі жанында 8 мамыр күні Ұлы Отан соғысында қайтыс болған және оралмаған жауынгерлерге арналып ескерткіш ашылды. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ» атты ардагерлерді еске алу кешіне орай музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оқырмандар арасында «Комиссардың ерлігі» атты тақырыпта кеш өткізілді.Кеште комиссардың өмірбаяны,ерліктері туралы,ақын Ж.Мырзалиевтің Х.Халиуллинге арналған өлеңдері оқылды.
Оқушылар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Шылымқорлықтан бас тартайық» атты оқушыларға әңгіме оздырылды. «Шылым адам өмірін қысқартады» – атты лекция оқылып, ойындар ойнатылды. «СПИД-тен аулақ болайық» атты көрме шығарылып, шолу өткізілді.Кеште ауыл дәрігерлері нашақорлық туралы әңгімелеп берді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай кітапхана оқырмандарымен бірігіп «Өз құқығыңды білесің бе?» атты пікір алмасу кеші өткізіліп, «Ата заңды ардақтайық» атты көрме шығарылып,оқырмандарға шолу өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» атты көрме шығарылып,оқырман қауымға шолу өткізілді. «Өз құқығыңды білесің бе?»атты тақырыпта оқырмандарға заң туралы әңгімелеп берілді. «Ата заңды құрметте» атты папка жинақталды.
Нашақорлықпен күрес күніне орай «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні» атты көрме шығарылып, арасында шолу өткізілді.

Кітапхана қызметін пайдаланушылар саны жылдан-жылға өсіп келеді, себебі кітапхананың кітап қорының жаңа әдебиеттермен толықтырылуы, кітапханалық жарнама қызметінің жандануы, көпшілік шаралардың өткізілуі себепкер болуда.
Экологиялық тәрбие бағытында жұмыс жүргізуде «Табиғатым тал бесігім» атты көрме шығарылып, көпшілікке шолу өткізілді.

Кітапханада наурыз мейрамын тойлауда «Наурыз жыл басы» атты көрме шығарылып, көпшілікке шолу өткізілді.
«Наурыз көктем-шуағын төккен» атты тақырыпта 4-сынып оқушыларымен бірігіп мерекелік кеш өткізілді.

Кітапханада «Халықаралық балалар кітабы» күніне орай «Кітап сарқылмас асыл қазына» атты оқушылармен бірігіп кеш өткізілді. «Кітап- адал досың » атты альбом жасақталып,«Кітап-білім бұлағы» атты көрме шығарылып, көпшілікке шолу өткізілді.
9 – Мамыр Жеңіс күніне орай Мәдениет үйі жанында «Соғыста қаза тапқандар» ескерткіші алдында ауыл имамы көпшілікке арнап құран бағыштады. Кеш одан әрі мерекелік концерт пен спорттық ойындармен жалғасты.Әжелер ансамблі көрініс көрсетіп, хормен ән салса,ауыл жастары ән салып ,би биледі.

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын насихаттау мақсатында «Далам менің-қазынам жыр сандығым» атты көрме шығарылып, шолу өткізілді.

ҚР Тәуелсіздік күніне кітапханада елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыруда, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулуда «Тәуелсіздік –елдің егемендігі» атты көрме шығарып, оқушыларға «Егемен елім-кең байтақ жерім» атты кеш өткізді.
Кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Жастар келешектің болашағы» атты тақырыпта би кешін ұйымдастырып лекция оқыды. Кеште «Халықаралық темекіден бас тарту күні» атты көрме шығарып, «Шылымқорлықтан аулақ болайық» тақырыбында әңгімелеп берілді.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты тақырыпта стенд жасақталып, кітапханаға келген оқырмандарға Елбасымыздың жолдауын жолдарын таныстырып, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, талқылап өтті.

«Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл анам»
тақырыбында кітапханада ауылдың көп балалы аналары мен еңбек ардагерлері шақырылып қонақжай кеші өткізілді. Кеште аналар өздерінің елге жасаған жақсылықтары және т.б тақырыпта әңгімелерін ортаға салды. Кітапханашы «Нәзік жандар мейрамы» тақырыбында жасақталған көрмені таныстырып, ардақты аналарға Алғыс хаттар табыстады.
«Ақын жырлары – жан дүние дидары» тақырыбында кітап көрме жасақталып, Қадып Мырзалиевтің өмірбаяны мен еңбек жолдары таныстырылып, балалар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, кітапханашы дайындаған «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» тақырыбындағы слайдын тамашалады. Шара соңында ақынның Отан, туған жер, ана туралы өлеңдері шырқалды.
Кітапханада тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, тіл мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл жанашыры жастар» тақырыбында 3 сынып оқушылары арасында кеш ұйымдастырылып, мектеп оқушылары ақын К.Мырзалиевтің «Ана тілі» өлеңін оқыды. Кітапхана меңгерушісі А.Утепбаева «Тілім менің тұғырлы, айбарлы асқақ ғұмырлы» тақырыбында көрме жасақтап оқырмандарға тіл туралы әңгімелеп берілді. «Тілім менің тұғырлы, айбарлы асқақ ғұмырлы» тақырыпты көрме жасақталып оқырмандарға тіл туралы әңгімелеп берілді.

Кітапхананың ұйымдастыруымен, ауылдық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығымен ел болашағы» атты дөнгелек үстел оздырылды. Дөнгелек үстелге ауыл әкімі аппаратының мамандары мен Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ ұстаздары мен мектеп оқушылары, ауылдың үлкен әжейлері мен ауыл ақсақалдары және кітапхананың белсенді оқырмандары, мәдениет қызметкерлері қатысты.
Жастарға тәлім тәрбиесі мол, өскелең ұрпаққа өнеге болар жерлес ақын ана Х.Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл толуына орай «Ақынның жауһар жырлары» атты поэзия кеші оздырылды.Ақынның өлеңдерін жеткіншек ұрпаққа жеткізуде ұйымдастырылған шараға ауылдың ақсақалдары: М.Мұхамбеткалиев, Ж.Құбайұлы, К.Бисекова, Г.Доскалиева апалармен, мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар және мектеп оқушылары қатысты.
Кітапханада оқырмандардық қатысуымен «Аз ғұмырды – мәз ғұмырға айналдырған» атты әдеби кеш оздырылды. Кешті жүргізген кітапханашы С.Ерубаев туралы жан-жақты баяндап өмірбаянымен, шығармашылығын таныстырып өтті. Әрмен қарай оқырмандарға «Қазақ әдебиеті төрінен мәнгілік орын алған жазушы» атты кітап көрме таныстырылды.
Ақоба ауылдық кітапханасында «Жайықтың маржан дүлдүлі» атты әдеби кеш оздырылды. Кітапхананың белсенді оқырмандары «Болашақ бойжеткендермен сырласу», «Сіңілге сыр», «Шағала», «Жайыққа арнау» өлендерін мәнерлеп оқып, «Өршіл рухты ақын» атты кітап көрмеге қойылған ақынның «Ана әлдиі», «Гүлдесе», «Парасат сөзі», «Ақ Шағала», «Қайран қарлығаштар -ай», «Сүмбіле» т.б кітаптары мен басылымға жарияланған мақалалар таныстырылды.
Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың «Поэзия падишасы-Фариза» атты поэзия кеші оздырылды. Шарада кітапхананың белсенді оқырмандары Ф.Оңғарсынованың «Өюлар», «Киіз үй», «Қателескен екем бір ақ рет», «Қаз әні» атты өлендерін мәнерлеп оқып берді.
Қазақстан жазушысы Ә.Тәжібаевтің «Сыр сүлейі, жыр дүлей» атты оздырылып, 4-5 сынып оқушылары мәнерлеп оқу сайысына қатысып, «Уақыт», «Толағай», «Ол онай ақ тауыпты» т.б ақынның өлеңдерін оқыды.
Кітапханасында «Сөз сарайынан маржан терген» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Шара барысында кітапханашы ақын өмірбаянымен таныстырып өтіп, кітапхананың белсенді оқырмандары ақынның балаларға арнап жазған өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Өз елім», «Жездеке» әндері орындалды.
Сондай-ақ кітапханашы жұмбақтар жасырып тез шешуін тапқан оқырмандарға шағын сыйлықтар табыс етті. Ал әділқазы атынан Х.Халиуллин ат. ЖББОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Қанатов осы шараны қорытындылап, қатысушы оқырмандарға Алғыс хаттар табыстады. Шара соңында кітапханашы «Өлеңнің тау тұлғасы Қадыр ақын» тақырыбындағы көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Кітапхананың төрінен орын алған кітап көрмелері «Ұстаздың оралуы »тарихи роман «Сөз зергерінің киесі -Ә. Әлімжанов» тақырыбында және Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясына арналды. «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Ұстаздар мен мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Абай дара –Абай дана қазақта» атты оқу марафонында, өлеңдері мен қара сөздері мәнерлеп оқылып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері орындалды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, мәдениет саласындағы ұзақ жыл жұмыс жасаған Д.Құсайыновтың мерейлі 55-жасына орай «Ән жырым сенсің, туған ел!» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шара барысында ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, жерлестері ақынның домбырашылық, журналисттік және аудармашылық қырларын әңгімелеп сыр шертті. Кітапханашы «Туған өлке мақтанышы» тақырыбындағы көрмеге шолу жүргізді.
Елімізде жыл сайын зейнеткерлерге, жалғызбасты жандарға, мүгедектерге, қамқорлық пен күтімді қажет ететін азаматтарға жылдағы бағыт бойынша ерекше көңіл бөлініп келеді.Осы ретте үлкенге құрмет көрсетуде кітапханашы ауыл қариялары Н.Жумакулова, К.Адаева , А Қуангалиева сынды қарияларға барып ізгілік көрсетіп, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері үшін алғысын білдіріп, шағын сыйлық табыс етті.

Х.Халиуллин орта мектебінің оқушылары Қ.Мырзалиевтың “Ат жарыс ”, А.Құнанбаевтың “Жаз”, “Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы ”, Л.Қоныстың “Шахарбанудың хикаялары” атты оқырмандар оқыған кітаптарынан «Қашықтан оқыған кітабымды таныстырамын» видео челлендж таныстырып, басқа оқырмандарға оқуға жолдады.
Кітапханада Президенттің жаңа жолдауын насихаттауда «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбында ақпараттық сағат оздырылды. Ауыл тұрғындарына жолдау жолдары таныстырылды. Қатысушылар жолдау-әр қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген үміті мен сенімін нығайтқанын атап айтып, өз пікірлерін ортаға салды.
Ауылдың тумасы, белгілі композитор Қапан Мусиннің 100-жылдығына орай «Қапан Мусин мұрасы-қымбат қазына» атты бейнеролик жасалды. Бұл бейнероликта композитордың өмірбаяны, шығармашылығы кеңінен бейнеленген. Ауыл әкімінің бас маманы мен мектеп оқушылары қатысуымен «Туған өлке мақтанышы» атты ақпараттық сағат офлайн форматында оздырылды. Шарада ауыл кітапханашысы А. Балгазиева жасақталған көрмемен таныстырып, Қ.Мусиннің өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасап таныстырып өтті. Шара соңында М.Ердаулет кітапханашы мен қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, кейінгі ұрпақтар біліп жүруі тиіс екені атап өтті.
Ақоба ауылдық кітапханасында «Елін сүйген-Ел сүйген Елбасы» тақырыбында көрме шығарылып, библиографиялық шолу оздырылды.
Ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бардың-қазынасы бар» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Ауыл әкімі қарияларды мерекемен құттықтап, Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-нің оқушылары ата – әжелеріне арналған өлен жолдарың жолдады Сонымен қатар Орал қаласына көшіп кеткен қарияларымыздың замандастары мерекемен құттықтауларын бейнеролик арқылы жеткізді. Шараға «Қариялар тұнған шежіре» атты көрме жасақталды. Көрмеге ауылдың қарияларымыздың фотосуреттері, мерзімді басылым беттеріне құттықтаулары жарияланған мақалалар, журналдар қойылды.

Өтепбаева Айгүл Асқарқызы
1977 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі: Жоғары.
1996 жылдан 2017 жылға дейін Ақоба ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып жұмыс жасап, 2017 жылы отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кетті.

Жетістіктері:
2006жылы Ж. Молдағалиев ОҒӘК-нан «Ауыл энциклопедиясы –Шағын отан» байқауына қатысып» Өлке тарихына құнды дерек қосушы кітапханашы» номинациясы бойынша марапатталды.
2010 жылы Ж.Молдағалиев атындагы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жұбан» әдістемелік құрал байқауына қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған 2011жылы
«Ел тағдыры – Тәуелсіздік тағдыры» тақырыбында өткізілген аудандық шығармашылық байқауда Дипломмен марапатталды.
Жәнібек ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай 2012жылы «Шежіресі сырға толы-Жәнібегім» атты әдістемелік құралдар байқауына қатысып, Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорынан алғыс хатпен марапатталды.

Мухамбеткалиева Жамиля Аскаровна
1990 жылы 15 шілде де Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.
2007-2008 жылдары №6 кәсіптік мектебінен «Аспазшы» мамандығын, 2008-2009 жылдары №2 кәсіптік мектепте «Шаштараз» мамандығын алды.
2012 жылдан бастап Облыстық көп салалы балалар ауруханасында қызмет жасап, 2012-2015ж.ж Орал Гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кәсібі мамандығын тәмәмдады.
2016-2019 жылдары аралығында Орал инновациялық-технологиялық академиясында «Кітапхана ісі» мамандығын алды. Жоғары білімді.
2018 жылдан Ақоба ауылдық кітапханасының басшысы болып қызмет атқарып келеді.

Мекеменің төлқұжаты

Мекеменің атауы: Борсы ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрлымы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1952

Аудан орталығынан арақашықтығы: 90 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 460 км

Ғимарат түрі : бейімделген

Аумағы: 36 кв. м

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 400

Кітап қоры: 10769

Қызмет көрсету түрі: Аудан тұрғындарына ақпараттық мүмкіндіктерді қалыптастырып қызмет көрсету, оқырмандардың мәдени, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Мекен- жайы және байланыс телефоны: БҚО, Жәнібек ауданы, Борсы ауылдық округі, Д. Нұрпеисова көшесі 10/1

Кітапхана басшының аты-жөні: Дишенова Салтанат Кусаиновна

Борсы ауылдық кітапханасы

Борсы ауылы ауданнан солтүстік шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Тұрғыны 718 адам. Бүгінде Борсы ауылдық кітапханасының
Кітап қоры – 10769
Оқырман саны – 400
Кітап берілім – 8364
Келім саны – 4000.
Кітапхана басшысы Дишенова Салтанат Қусайновна.

1952 жылы Борсы ауылы құрылғанда 10 шақты үй ғана болған. Сол жылы «Қызыл бұрыш» ашылып Батырғалиев Сабырғали жұмыс жасаған ауылды бір де бір кітап болмаған, ауданға барушылардан газеттің кейбір номерлерін ғана алдырып соны «Қызыл бұрышқа» келушілердің басын қосып жаңалықтармен таныстырып отырған.
Есенғалиев Мұхамедияр 1955 жылдары «Қызыл бұрышта» жұмыс істеген кезде, бірде бір кітап болған жоқ, ауданға қатысқандар газет алып келеді. Соны келушілерге оқып береді. Сайлауға қарсы үгіт жүмыстарын жүргізед. 1957 жылы март айында 1500 данамен кітапхана ашылып Гумарова Қыдырғаным 1961 жылға дейін жасады.
Сағынғалиева Сағира 1968жылдың жазында Алматыдағы қыздар педагогикалық инситутының кітапхана бөлімін бітіргеннен кейін 4500 дана кітаппен осы кітапхананы қабылдап алды. Сол жылы кітаптарды 11 бөлімге жіктеп бөліп, көркем әдебиеттер мен орысша көркем шығармаларды альфавитке бөліп орналастырды.Ол кезде жаңа кітаптар бибколлектордан почтамен келеді есепке алып, бөлімдерге орналастырып «Жаңа кітаптар» көрме шығарылды. Түрлі шаралар өткізіліп оқырмандарын 150 ге дейін жеткізді.

Жолдыбаева Алтынай 1971 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училещесін кітапхана бөлімін бітіріп келіп, кітапханаға жұмысқа кірісті. Сол кезде 4750 дана кітап қорымен 200 оқырманды қабылдап алған. Кітапханада туған өлке табиғатын насихаттауда мақсатында «Табиғатпен дем аламыз», «Алтын күз» атты кештер, еңбек ардагерлерімен «Еңбек ер атандырады», «Жұмысшы қастерлі мамандық» тақырыптарында кездесу кештер, балалар арасында «Әнші балапан», « Ойлан, ізден, тап» ойындар өткізеді.
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте. Осыған орай бірден- бір рухани қазына ордасы-ауыл кітапханасының алатын орны зор. Бүгінгі таңда ауыл кітапханасы өз заманының даму денгейінде болып, жастардың өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беруде үлкен көмек көрсету керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету- кітапханашының негізгі міндеттерінің бірі.
Заман талабына қарай кітапханаларға зор көңіл бөлініп, жұмыстың жаңа қырлары мен сырлары ашылуда. Кітапхана қызметі жаңалық пен жақсылықтың ізгіліктің қайнар көзі.
Кітапхана газ жүйесіне қосылған, жарық, кітапхана меншігінің ғимаратында орналасқан.
Кітапхананың жалпы мақсаты- келешекте оқырмандармен саралы жұмыс жүргізіп, оларды кітапханаға тарту, рухани байлығымызды кейінгі ұрпаққа мұра ретінде тапсыру, жаңа заман кітапханасы ретінде нағыз білім орталығына айналдыру
Әдебиетіміздің ұлы тұлғасы, сыршыл өлең сөздің зергері Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері насихатталды. «Мағжанды жырлаймыз», «ғасырда да бір туылар ғажайыбым» атты жыр кеші оздырылды. Кешке ақынның өмірбаянымен таныстырылып өтті. Одан кейін ақынның өлеңдеріне тоқталды. «Туған жер», «Мен жастарға сенемін», т.б. поэмаларынан үзінділер оқылды. Кештің мақсаты: Мағжанның өнегелі өмірі мен тағылымдарнын тану, ақын бейнесі арқылы ұлтжандылыққа елін,жернін туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
-Қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтің 85 жас толуына орай «Менің атым Қожа» кітабынан оқушылар арасында «Түбінде адам болатын бала» атты оқырмандар конференциясы өтті. Кештің мақсаты: Жазушының сүйікті кейіпкері туралы пікірлерін, көзқарастарын және көркем әдебиетті талдай алу қабілеттерін, өз ойларын көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Жазушының әдебиеттерінен «Бала жанының бағбаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушының кітабындағы кейіпкерлер туралы өз пікірлерін ортаға салды. Жазушы туралы жақсы сөз айтқан жазушылар Т.Ахтанов, С.Шаймерденовтің ойлы сөздері оқылды. Жазушы бір кезде ақында болған екен. Жазушының 1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын жыр жинағы жарыққа шықты. Сол өлеңінен «Шыныққан денеміз», «Сақ құлақ», «Мысық», «Маса» атты өлеңдерін оқып берді .Кітапханашы жазушы туралы ол кісі туған елінің кеңес уақытындағы ауыр тұрмысын, ұрпақ есіне салады. Елдің азаматтығын,тәуелсіздігін арман еткен тұғырлы тұлға. Ол ел болуды армандады.Жазушының шығармалары нәрі мол, айтары көп, мағыналы мәндер дүниелер. Қаламгердің жұртына қалдырған мұрасы.
2010 жылы қазақтың халық жазушысы Жұбан Молдағалиев 60 жасқа толды. «Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша быйылғы жыл Ж.Молдағалиевтің «Мен Қазақпын» поэмасына арналып отыр. Осыған орай жастармен жасөспірімдер арасында «Жыр алыбы-Жұбан» атты әдеби кеш өтілді. Кеште ақынның алып жырлары оқылып «Жырлары мәңгі жырлайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Және ауданда «Жұбанның жырлары» атты байқау өтілді. Бұл байқауда 10 сынып оқушысы Ермуханова Алма қатысып ақынның «Түсімде көрдім Анажан» атты өлеңін оқыды және ақынға арналған жергілікті ақын М. Балмолданың «Жұбан ақын-жығылмайтын иығым» атты өлеңін оқып беріп оқырманның жылы лебізіне ие болды, және «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Кітап менің өмірімде» атты көп оқитын оқырман Ғ.Есенғалиевпен оқырман бенефисы өтілді. Кештің мақсаты: жасөспірімдерді кітапқа баулу, олардың рухани байлығын молайтып, дүниетанымын кеңейтуге қол ұшын беру. Кітапқа құштарлығын ояту, және кітапқа қүмар оқырманмен таныстыру.Келешекте де оқырман санын көбейтіп,жас ұрпаққа кітаптың ұшан –теңіз пайдасын насихаттау. Кеште оқырманды толық таныстырып яғни қай жылдан кітапхана оқырманы қанша және қандай кітаптар оқығаны, қай әдебиеттерге әуестігі туралы айтып өтілді. Оқырманға мына сұрақтар бойынша ой бөлісілді. «Қай уақыттан кітапхана оқырмансыз», «Алғашқы оқыған кітабыңыз», «Кітап қоры туралы пікіріңіз» т.б. әдеби шығармалардан үзінділер оқылып қай кітап қай жазушы екенін туралы сұрақтар берілді. Оқырманға тосыннан тапсырма беру арқылы кітапты қалай қадірлейтінін тусіндірілді.
Кеште ақын Ғ.Сейтақтың «Ауылдағы кітапхана», С.Сейітовтың «Сен мені іздейсің бе оқырманым?» атты өлеңдері оқылды.
Жасөспірімдер арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: кәмелетке толмағандардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, бос уақыттары үшін жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын насихаттау.
-Балалар мен жасөспірімдерді қылмысты ортадан қорғау комиссиямен тығыз байланыс орнату, олардың жұмысының тиімді ұйымдастыруына қол ұшын беру.
Кеште «Заңды білу-заман талабы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «ҚР қылмыстық кодексі» әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінен «Қылмыс және отбасы», «Жасөспірім қылмыс жасады», «Қылмыс өршіп тұр »т.б мақалалар қойылды. Бірінші «Қылмыстың алдын алу» туралы баяндама оқылды, одан кейін аудан бойынша «Құқық бұзушылықтың орын алуы туралы анықтама» ауыл инспекторы Н.Сағындықов айтып өтті. «Сенің ата-анаң», «Қиын бала қайдан шығады» жағдаяттар бойынша ата-аналар меноқушылар пікірі тыңдалды.
-Оқушылар арасында «Балам бол, басқа бол бәріңе заң біреу» атты тақырыптық кеш өтілді. Кешке 5-6-7сынып оқушылары қатысты. Кеште кітапханашы хабарлама жасап театрландырылған көрініс көрсетілді. Одан кейін Ата заң, Отан туралы жаттаған ән-жырларына кезек берілді. Балар бұдан басқа да қандай заң талаптары бар екеніне назар аударды. Заңның тараулары мен баптарынан түсініктер берді.
Жастарды жат қылықтан аулақ болуға бағытталған «Дін және дінгек» атты дөнгелек үстел оздырылды.
Елімізге жан –жақтан келіп қаумалап кіріп жатқан діндердің толастар шағы қашан болмақ? Еліккен жасөспірімдер мен жастар оған да бейім болып барады. Дін тақырыбына байланысты жастарды ашық пікірге шақырып сұрақтар берілді.
Кеш соңында өзге дінге кірген жастар туралы бейнефильм көрсетілді. Дін бізді инабаттылыққа, кішіпейілділікке, тазалыққа шақырумен бірге бір бағыттануға шақыратын ұлы күш.
Ата-аналар мен балалар арасында кітап оқуға тәрбиелеуде «Әулеттің кітаптан алар мұрасы» атты кеш өтті. Кешке ата-аналар балаларымен шақырылды. Бүгінгі ата-ананың әдеби кітаптарды таңдауда оны ұрпағының бойына сіңірудегі жолын айқындап, өздерімен ой бөлісіліп:
Сіз жерлес жазушылардан кімді білесіз?, Балалар жазушыларын атаңыз?, Кітап не үшін керек? т.б сұрақтар қойылып пікірлер айтылды. Кітаптың қасиетін бағалаған көптеген ақындардың Қ.Мұқашев «Кітап», Ө.Тұрманжанов «Жыртық кітап жылады», С.Қалиев «Кітап» т.б өлеңдері оқылды.
«Менің атым Қожа» повесінен көрініс көрсетіліп ата-аналарға « Кітапханаға жиі келіп тұрасыз ба?», «Сізге ұнай ма?» т.б сауалнамалар жүргізілді.
2012 жыл «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша жасын жазушы О.Бөкейдің шығармаларына арналды. Жазушының әдебиеттерін насихаттауда оқырмандармен жұмыс жасаудың әр алуан формасын пайдалана отырып, түрлі шаралар ұйымдастырылып, оқырмандар талантты ақынның роман, повестерімен танысты. Осыған орай көпшілік оқырмандар арасында Бөкейдің шығармаларынан «Касқыр ұлыған түнде» атты әдеби-кеш өтті. Кеште жазушы туралы мәлімет берілді. Одан кейін оқырмандарЕ.Ғайнолла, Д.Қадралиева,А.Закарина, Қ.Осатовалар өз ойларын бөлісті.О.Бөкейдің бұл шығармасының орны ерекше. Өйткені бұл әңгімеде сол кездегі заманның қиындығы, жол азабы,екі адам арасындағы махаббат, қатыгездік, қайырымсыздық туралы айтылады. Кеште жазушының әдебиеттерімен «Кербұғы секілді қазақтың кербезі» атты кітап-иллюстрациялық көрмесі көпшілік оқырманға ұсынылды.
Ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуы құрметіне Борсы ауылдық кітапханасында «Берекенің бастауы болған- Жәнібегім» атты тақырыптық кеш өтті. Кештің тақырыппен аттас бөлімінде Жәнібек ауданының құрылымы, «Жәнібек» атауының шығу тарихы, халық саны тағы да басқа деректер мен дәйектер айтылды. Бұдан әрікеш Жәнібек өңіріне танымал тұлғалардың есімдері мақтанышқа айналған ұл қыздарының өмірі мен қызметін жастарға егжейлі-тегжейлі түсіндірумен жалғасын тапты. Ақын С.Сейітовтың «Жәнібек»атты өлеңін О.Ибрашев келістіре оқыды.Кештің келесі бөлімі «Жәнібегім жыр бесігінде тербеледі»деп аталып, онда ауданнан шыққан ақындардың туған жері туралы өлеңдері оқылды. Сол сияқты Жәнібекке арнап, саз әуендерін шығарған компазиторлардың әндері шырқалды. Кеш соңында «Тағылымды тарихы мол Жәнібек» деп аталатын кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акциясы жарияланды. Осыған орай жасөспірімдер мен оқушылар арасында М.Әуезовтың шығармаларынан «М.Әуезов әлем әдебиетіндегі алып тұлға» атты әдеби кеш өтті. Кеште жасөспірімдер Қ.Ерасыл, Р.Керейбаев, Г.Қайырлиева, Г.Жұмашева «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні», атты әңгімесінен оқығандарын айтса төменгі класс оқушылары Г.Жұмаш, З.Мерей, Р:Есенбаева, Г.Нұрмұқанова т.б. жазушының бұрын жарияланбаған орыс тілінен аударылған әнгімелерін оқып білді. Кештің мақсаты: жазушының әдебиеттерін насихаттау арқылы кітап оқуға тәрбиелеу. Кеш соңында «Біз Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты кешке қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды және суретке түсірілді.
2013 жылы ауданымызда «Отбасылық оқу» сайысы өтілді. Сайыстың мақсаты: баланы терең ой мен саналы білімге, кітап оқуға тәрбиелеудегі ата-ананың ролі. Қоғамдағы жағымсыз жайттардан, ұрпақ тәрбиесіне кері әсерлерін болдырмау. Бұл сайысқа Ибрашевтар отбасы «Өнегелі отбасы» номинациясына ие болып сыйлықтармен марапатталды.
Ақын Ғ.Қараштың өмірін, қаламынан туған туындыларын, асыл мұраларын ұрпаққа жеткізу кітапханашының міндеті. Ғ.Қараштың шығармаларын насихаттауда жыл сайын дәстүрлі түрде кітапханада Ғ.Қараш оқулары өтеді. Ауданда биыл 7 маусым күні Ғ.Қараш оқулары өтті. Аудан орталығындағы ақын ескерткішінің алдында «Ұлылықты өнермен өрнектегені» тақырыбында оздырылды. Алғаш болып Борсы ауылындағы Ғ.Қараш есімін еншіліген білім шаңырағынан тәлім алып жүрген 5 сынып оқушысы Г.Жұмаш қатысып ақынның «Неден қорқам» өлеңін жатқа оқыды.
Кітапханашының ұйымдастыруымен мектеп акт залында ауған ардагері Берік Асанов және ауған ардагері /қаза болған/ Ж.Искаковтың қызы Әселдің қатысуымен «Ауғанстанда ерлік көрсеткен жерлестеріміз» кездесу кеші оздырылды. «Ауғанстан жүрегімнің жарасы» кітап көрме таныстырылып өтілді.
«Қазақ әңгімесінің символы болған Сайын Мұратбеков» кітап көрме жасақталып кітапханаға келген оқырмандарға оқуға ұсынылды. Мектептің көрермен залында кітапханашының ұйымдаструымен «Жүректерді баураған Жусан иісі» атты тоқталыспен оқу шарасы оздырылды. Кеште оқырмандар жазушының әдебиетінен жетім бала Аянның тағдыр тауқыметі, өмір жорығындағы қандай қиындыққа да мойымаған қайсар ерліктері мен ең қызықты әсерлі жерлерінен кезектесіп оқып шықты. Кеште жазушының шығармаларынан ұйымдастырылған «Сайын Мұратбеков қазақ әңгімесінің символы болған жазушы» көрмесіне шолу жасады. Кітапхана оқырмандары жазушы шығармаларынан үзінділер оқып талқылады.
Кітапханада «Дін және діни экстремизм» бағытында оқушыларғы теріс жолга түспеу жаман әдеттерден аулақ болуға арналған «Ашық күнде адаспа, бауырым» тақырыбында мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалардан әңгіме өткізіліп «Жас буын, жолыңнан адаспа» көрме жасақталды. Көрмеге А.Айталы «Діни педогогика діни тәрбие», «Дін бүлікті емес, бірлікті көздейді», «Адасу», «Секталардың мақсаты не?», «Сығалаған секталар», «Ата діннен безген қазақтар» т.б мерзімді басылым беттерінен мақалар қойылып шолулар жасалып өткен.
Табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеуде Борсы ауылдық, кітапханасында «Табиғат-туған анамыз» тақырыптық кеш өтті. Кеште оқушылар 2 топқа бөлініп табиғат, жан-жануарларға арналған мақал-мәтелдер тиым сөздер айтты.
Борсы ауылдық кітапханасында «Дана халықтың – дара Абайы» әдеби кеш өтіп, оқушылар «Ғылым таппай мақтанба», «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы», «Қараша, желтоқсан мен сол бір он екі ай» т.б өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Кеш соңы «Абай дана, Абай дара қазақта» кітап көрмесімен қорытындыланды.
Борсы ауылдық кітапханасында оқушылар арасында «Ән әлемінің падишасы» ән-кеші өтті. Кеште Шәмшінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Кітапханашы «Аспалы көпір болып қаларсың сен, жүректі жүректерге жалғайтұғын» кітап көрме жасақтады.
хаттар, дипломдар табыс етіп балаларға алғысын білдірді.
Қадыр мұрасының мәңгілігін сезіндіру үшін Борсы ауылдық кітапханасында «Тағлымы терең ұстаз ақын» поэзия кеші өтті. Кеште оқушылар ақынның «Мен Қадырмын», «Мазалайды», «Шыдаймын ғой, қайтейін өлсем де енді», «Домбыра», «Бір үзім нан», «Қадалар жанға мың қайғы» өлеңдері оқылып, ақын өмірінен кең мағлұмат беріліп, «Қадыр найзағайлы ақын» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
Ғ.Қараш атындағы ОЖББМ-нің 6-7 сынып оқушыларына өз ана тіліміздің тұғырының мықты болуы, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды топ алдында еркін сөйлеуге баулу мақсатында «Тіл достықтың кепілі» атты мақал –мәтел сайысы өткізілді. Сайыста 6 сынып оқушылары «Жас тілшілер», 7 сынып оқушылары «Ана тілі» болып екі топқа бөлініп Бәйге, Көкпар, Жорға, Жеті жұмақ кезеңдеріндегі қойылған сұрақтарға жауап берді . «Жас тілшілер» тобы мақал-мәтел айтудан алдарына жан салмай жеңімпаз атанды . Кітапханашы С.Дишенова «Тіл тағдыры –ел тағдыры» кітап көрмесін жасақтап шолу жасап өтті.
Борсы ауылдық әкімі аппаратында мекеме басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен оздырылған жиында кітапханашы С.Дишенова Елбасы жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігінің 10 бағытына тоқталып өтті. Қатысушылар өз ойларын білдіре отырып колдайтынын айқындап берді.
Ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі бірлесе отырып шара оздырылып, «Тәуелсіздігіміздің бойтұмары –Астана» атты кітап көрме жасақталды.Кітап көрмеге «Астана- Қазақстанның жүрегі», «Астана» энциоклопедиясы, «Менің Отаным Қазақстан», «Моя Родина Казахстан» атты т.б кітаптар мен Астана қаласында орналасқан көркем ғиматтардың суреттері қойылды. Шарада оқушылар Астананың 20 жылдығына арналған ақындардың өлеңдері оқылып, «Астана арман қала» атты бейне ролик көрсетілді.
«Жырымен жұртын оятқан – Мағжан » Мағжан жырларын оқудан жыр кеші өткізілді. Ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармалары пролетариат төңкерісі дәуірінде Кеңес үкіметі кезінде қазақ әдебиетін дұрыс дамытып , дұрыс қалыптастыруға бағытталған құнды еңбек. Ұлт әдебиетінің атқарған міндеттерін анықтаған М.Жұмабаевтың ұстанымы – елдің ұлттық сана сезімін ояту, бұрын дербес ел болғандығын есіне салып, жасыған жігерін қайрап, өркениет жолына түсуіне көмектесті.
Борсы ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауыл әкімі мекемесінде мамандардың қатысуымен «Таңдауымыз –жемқорлықсыз болашақ» атты пікір алмасу ұйымдастырып өтті. Шарада сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, одан туындайтын тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық туралы болғызбау және алдын алу туралы насихаттап, слайдпен таныстырып өтті.
Кітапхана мен «Балапан» бөбекжайының қызметкерлерімен ұйымдастыруымен «Адамзаттың алыбы-хакім Абай» оқу марафоны оздырылып, ақынның өлеңдері оқылып, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан «Абай дана, Абай дара қазақта» атты көрме шығарылып шолу жүргізілді.
«Мен тұратын көше сыр шертеді» челленджі бойынша кітапхана оқырманы Дайырғали Айсана өзінің тұратын көше совхоздың директоры қызметін атқарған Шалгез Мұхамбетқалиев жайлы айтып, ол туралы өмір жолы, еңбек жолы және ұл-қыздары туралы бейне ролик түсірсе, Ерғали Ұлжан өзінің Дина Нұрпейісова көшесінде тұратындығы жайлы мақтанышпен айтып берді.
Борсы ауылдық кітапханасының оқырмандары ”Үйде отырайық кітаппен” атты челлендж эстафетасына кітапхананың зейнеткер оқырманы Ғ.Есенғалиев өзінің оқыған сүйікті жазушысының кітаптары туралы айтып өттіМәдениет қызметкерлері және мектеп ұжымы халық мүддесі үшін қызмет еткен бабамыздың рухына тағзым ету, артына қалдырған өшпес мұраларын кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында кітапхана оқырмандарын жоғарыда аталған кесенеге апарды. Сонымен қатар, «Ғұмар баба ұрпағымыз» атты кітапханада шығарылған кітап көрмесі, аталмыш мектепте орналасқан «Ел іші Ғұмарды ұмытпайды» атты бұрышымен танысып, ақын туралы мағлұматтармен қанықты. Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ-нің оқушылары «Ғұлама Ғұмар» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Ғұмар Қараштың есімін есте қалдыру, шығармаларын келешек ұрпаққа таныстыру жұмыстары кітапханада жалғасын таба бермек.
айтып өтті.
Кітапхананың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Өнер – білім ар жұрттар» атты поэзия кеші оздырылды.
Кештің мақсаты жазушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын таныстыру арқылы ұлтын, елінің тарихын, салт-санасын сүйген азамат екендігін танып білуге үйрету. Шарада Ғ.Қараш атындағы ОЖББМ- нің 2-4 сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар», «Кел, балалар оқылық», «Әй, жігіттер» және т.б өлеңдерін оқып, «Даланың дара жұлдызы» атты кітап көрме көпшілікке таныстырылды.
Кітапханада «Нашақорлық – қоғамға төнген қауіп» атты танымдық шара өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа жаман қасиеттерді ұғындыра отырып, нашақорлық ғасыр дерті екендігін, алдын-алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Кітапхана басшысы С.Дишенова оқырмандарға нашақорлыққа байланысты лекция оқыды. Сонымен қатар медбике Б.Беккалиева нашақорлықтың жалпы адамдарға зияны жөнінде айтып өтті. Шара соңында «Нашақорлық – қоғамдық дерт» атты бейнебаян көрсетілді.
«Туған жер» бағдарламасы аясында Ғұмар бабамыздың рухына арнап кесене салу қолға алынған болатын. Бүгінде ғұламаның туған жері Борсы ауылында жаңа нысан бой көтерді. Кесенің ашылу рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар, облыстық мәдениет басқармасының басшысы, облыстық «Рухани қазына» кіші бағдарламасының жетекшісі Қ.Мұсағалиев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, ғұмартанушы Б.Боранбаева, «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Қ. Құттымұратұлы, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев, облыстық «Рухани қазына» кіші бағдарламасының өкілі Г.Задашқызы қатысты. Осы шарада Ғұмар Қараш еңбектерін дәріптеуде «Ғұлама дарын, ірі тұлға» киіз үй жасақталып, ақпаратты- библиография бөлімінде жинақталған жинақ папкілер, фото суреттер, мен құралдар «Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз» атты көрмеге қойылып, елге келген қонақтарға, оқырмандарға таныстырылды.

Қуатова Гүлжамал Сағындыққызы

1957 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
1964 жылы Жақсыбай орта мектебіне 1 сыныбына барып, 1974 жылы бітірді.
1975 жылы ауылдық техникалық училищені оқыды. Әр түрлі жұмыстар істеді.
1978 жылы Жақсыбай орталық кітапхана меңгерушісі болып істеді. Осы жұмысты істей жүріп 1981 жылы Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасынан 1 жылдық курс бітірді.
1988-1990 жылдар аралығында Ақтөбе мәдени-ағарту техникумына сырттай түсіп «кітапхана ісі» мамандығын алып шықты.
Борсы ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып жұмыс жасап, 2015 жылы зейнетке шықты.

Жетістіктері:
2001жылы Аудандық кітапхананың 65 жыл, балалар кітапханасының 45 жыл толуына аудан әкімінің «Алғыс хатымен»
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» байланысты нәтижелі әдістеме құралын байқауға қатысқаны үшін Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Алғыс хат»
2006 жылы аудан әкімінің «Жылдың үздік қызметкері» номинациясына ие болды.
2007 жылы Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Шәнгерейдің шұғылалы жырлары» шығармашылық байқауына қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.
2010 жылы Ж.Молдағалиев атындагы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жұбан» әдістемелік құрал байқауына қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.
2010 жылы ауданда өткен «Кітапхана құқықтық негізге тәрбиелеумен насихаттаудағы маңызды орын» тақырыбында семинарға қатысып «Құқық ағартудағы кітапхананың ролі» тақырыбында баяндама жасады.
Кітапханалық қызмет атқарудағы жемісті еңбегі үшін 2012 жылы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Гулжамал Сағындыққызы бугінде өз әріптестерінің арасында еңбегімен танылып, «Құрмет тақтасынан» орын алды.

Дишенова Салтанат Кусайновна

1980 жылы 10 шілдеде БҚО, Жәнібек ауданы, Тегісшіл ауылында дүниге келген. Мектеп бітірген соң 1996-1997 жылдары Жәнібек кәсіптік – техникалық лицейінің оқып, 2011 2014 жылы Орал гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығын алып, 2015 жылдан Борсы ауылдық кітапханасына жұмысқа орналасып , 2021 жылдан кітапхана басшысы қызметін атқарып келеді.

Жетістіктері:
2016- 2017 жылы Ресей Федерациясы Воронеж облыстық кітапханасының Дипломымен марапатталған.
2017 жылы VІІІ Халықаралық «Читаем детям о войне» акциясына қатысып Ресей Федерациясының Самара балалар кітапханасының директоры Е.Канигинаның дипломымен марапатталды.
2017жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешовадан “Алғыс хат”
2018 жылы «Жайықтың ақиығы» облыстық акция Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешовадан Алғыс хат
2022 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Алғыс хатымен марапатталды.

Мекеменің төлқұжаты

Мекеменің атауы: Жақсыбай ауылдық кітапханасы

Ведомстволық құрлымы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1950

Аудан орталығынан арақашықтығы: 150 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 400 км

Ғимарат түрі : бейімделген

Аумағы: 50 кв. м

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 575

Кітап қоры: 16070

Қызмет көрсету түрі: Аудан тұрғындарына ақпараттық мүмкіндіктерді қалыптастырып қызмет көрсету, оқырмандардың мәдени, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Мекен –жайы және байланыс телефоны: БҚО, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі, Енсеуова көшесі 27

Кітапхана басшының аты-жөні: Айтуганова Светлана Набиоллаевна

Жақсыбай ауылдық кітапханасы

Жақсыбай өңірі батысы Борсы ауылымен, шығысы Казталовка ауданы Еңбек елді мекенімен, солтүстігі Талов ауылымен, ал солтүстік шығысы Малыузен /Сарыөзен/ Ресеймен шектеседі. Аудан орталығынан солтүстікке қарай 150 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1055 адам.
Бүгінде Жақсыбай ауылының кітапханасының кітап қоры – 16070
Оқырман саны – 575
Кітап берілімі – 16631
Келім саны – 6723.
1928 жылы «Қызыл үй» құрылып, сонда кітапханашы болып алғаш Нұрсұлтан Машаев, Сүлейменова Злиха еңбек етті.
1948-1953 жылдары кітапхананың орнықты орны да болған жоқ. Ихсанғали Даулетчин аға өзінің әдемі үйінің бір жағын кітапхана үшін пайдалануға берді. Колхозға кітапхана үйі 1955 жылы салынып, кітапхана алғаш құрылған жылдардан-ақ, көпшіліктің жиі баратын, суйікті орнына айналды. Сол жылы Батырғалиев Сабырғали деген кісі кітапханашы болып тағайындалды.
1958-1960 жылдары кітапханада Сабирова Нәсіп деген апай жұмыс істеді. Ол кезде кітап қоры 1500 дей болды.
1961 жылы Сведлов колхозы Талов совхозының №5 фермасы болып біріккенде кітапханашы Ыдырсова Хабира апай жұмыс жасады. Міне, 50 шақты кітаппен ашылған «Қызыл үй» бүгінде заман үрдісімен дамып, қазіргі заманға сай кітапхана жүйесіне айналды деуге болады.

Әр жылдарда істеген кітапханашылар:

Сабирова Нәсіп 1958-60ж
Ыдырысова Кабира -1961ж
Шалабаева Анар 1967ж
Адмелиева Ұрқия 1968-70ж
Шарипова Үміт 1975-79ж
Юсупова Жақып 1981-83
Қуатова Гулжамал 1983-94ж

«Жақсы кітап- жан азығы» деген нақыл сөз бар халықта. Кітапхана- тек қана кітап сақтайтын орын ғана емес, қоғамның рухани жағынан дамуына, мәдениетін көтеруге ықпал ететін мәдени орталық.
Қазіргі кездегі кітапханалардың алға қойған мақсаттарының бірі- кітап оқуды насихаттау, кітап оқитын оқырмандар санын көбейту.
Осындай мақсатпен Жақсыбай ауылдық кітапхана ауылдық әкімшілігі, ауылдық мектебі, ауылдық фельдшерлік амбулатория, балабақшаға оқырмандар сұраныстары бойынша әдебиеттер апарып, хабарлама күндерін өткізіп келеді. Рухани ошақтың қоғамдық сұранысқа сай дамуына аудандық кітапханадан кітап қорын молайтуда жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын ауылдық кітапханаларда кітап қоры көбеюде.
Кітапхана- кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, кәсіби, мәдени даму дәрежесіне әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын.
Кітапхана 2009 жылдан Жақсыбай ауылдық мәдениет үйімен орналасқан газ жүйесіне қосылып. күрделі жөндеуден өтті.
Кітапхана іші қазіргі заманға сай безендірілді. Жаңадан жабдықтар алынып: кітап сөрелері, оқырмандарға арналған үстелдер, орындықтар алынып пайдалануға берілді.
Ауылдық кітапхананың шығармашылық жұмыстарына тоқталсақ, кітапханада «Шебер қолдар» және «Қуыршақ» үйірмелері жас оқырмандардың көңілінен шығып жүр.
Кітапханада өткізілетін іс-шаралар: Қариялар күнінен бастау алатын қайырымдылық айлығында ауылдық әкімшілігімен бірлесіп жылдағыдай қариялар мен жәрдемге мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмауда. «Достық пен сенімдік – біздің басты байлығымыз» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетілді.
Кітапхана оқырмандарымен көптеген жұмыстар жүргізеді: Алты алаштың ақиық ақыны Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына орай, облыстық «Жұбан оқулары» байқауы өткізілді. Аяулы жерлесіміз Ж.Молдағалиевтің төл мұрасын кеңінен насихаттау біздердің, яғни кітапханашының міндеті.
Ақжайықтың ақиық ақыны Ж.Молдағалиев шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау.
Осы байқауға белсенді кітапхана оқырманы А.Сағитов ауданда «Жұбан деп жырлайды жүрегіміз» атты Жұбан оқулары байқауына қатысып жүлдегер атанды.
2009 жылы «Ұлы Жеңістің 65 жылдығы» жобасы аясында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудандық бейне ролик байқауына қатысып, ауылдық кітапхана жанынан қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялық құралдарды пайдалану арқылы отансүйгіштік сезімдерге баулитын тағылымы мол мәліметтерді жинақтаған жұмыстары үшін 5 сынып оқушысы М. Атошев 1-ші орын алып «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2013 жылы «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2013» облыстық байқауының, ауданда өтілген оқырман отбасы Жұбанаевтар отбасы «Парасатты отбасы» номинациясымен марапатталды.
Жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен және мектеп кітапханасымен бірлесіп «Иманды ұл- инабатты қыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілсе, мектептің 7-8-9 сынып қыздары арасында сынып жетекшісімен бірлесіп, «Атыңнан айналайын, қазақ қызы» атты тәрбиелі әңгіме жүргізіп, әдет-ғұрып, салт- дәстүрлер айтылып, қыздар арасында кітапхана жанынан құрылған «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмыстары таныстырылып, қыздарға сәндік- қолданбалы өнерді үйрету және осы саладағы әдебиеттерді насихаттау болды.
Жолдаудың негізгі басымдықтарын насихаттау бағытында мектеп кітапханасында «Ұрпақ болашағына жарқын жол» тақырыбында ауыл жастары және жоғары сынып оқушылар арасында кітапханашы түсінік – әңгіме жүргізсе, ауыл жастар ісінің нұсқаушысы Е.Тілебалиев қатысушы жастарға жолдаудың төртінші басымдығындағы білім жүйесіне көңіл аударып өз пікірін ортаға салды.
9 сынып оқушылар арасында «Латын әліпбиі- рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. «Латын әліпбиі –рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында жасақталған көрмеге таныстырылды.

Ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Елбасы мұраты, ел бақыты» атты тақырыптық кеш оздырылды. «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмеге шолу жасап, оқырмандар назарына кітаптарды оқуға ұсынды. Еліміздің тәуелсіздігіне, Елбасына арналған қазақ ақын – жазушыларының өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқып берді.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау бағытында 8 сынып оқушылар арасында «Әбіш Кекілбаев – өзгеше дарын жазушы» атты әдеби дефиле шарасы оздырылды.

Ауылдық кітапханасынының ұйымдастыруымен «Пара беру де, пара алуда – күнә» тақырыбында танымдық әңгіме жүргізілді. Шара барысында оқырмандардың назарына « Жемқорлық- жегі құрт» тақырыбында бейнеролик және «Біздің таңдауымыз- жемқорлықсыз болашақ» атты иллюстрациялық-слайд көрсетілді.
Ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен « Елбасы мұраты, ел бақыты» атты тақырыптық кеш өздырылып, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның дамуы мен жарқын болашағына қосқан үлесі туралы айтылып, шара барысында «Елін сұйген – елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмеге шолу жасалып өтті.
Ш.Қалдаяқовтың 90- жылдығына орай «Шәмші – әннің шынары» тақырыбында онлайн режимінде әдеби караоке ұйымдастырылды. Бұл шараға әнсүйер оқырмандар қатысып сазгердің бірнеше әндерін орындап өтті.
«Ұлы халықтың- Ұлы Абай» тақырыбында оқу марафонына ауылдық округ әкімі А.Каратаев, мекеме қызметкерлері, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында ақын Абайдың балалық шығынан көрініс көрсетілсе, ауыл әкімі, мектеп ұстаздары Хакім Абай туралы пікірлерін ортаға салды. Шараға қатысып отырған көпшілік оқырмандар ақынның әндерін орындады және «Ұлы ақын ұлағаты» тақырыбындағы көрмедегі шығармаларымен танысты.
Ауылдық кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесе отырып Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» тақырыбында ауған соғысына қатысқан жауынгер Н.Мекетаевпен кездесу кешін ұйымдастырды.
ҚР заңдарын орындау мақсатта «Ата Заң – адам құқықтарының кепілі» атты ашық аспан астында ұйымдастырылған көрмені оқырмандар назарына ұсынды.

Ауылдық кітапханада «Алтын шаңырақ» кітапханалық жоба.негізінде бағыты әр өткізілген отырыста балалар қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру. Осы жоба аясында халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп білу.Өзгешілігі: оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге және іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Жақсыбай ауылдық кітапханасында кітапсүйер барша оқырмандарға «Ханшайым кітабының елінде» тақырыбында библиокеш оздырылды. Кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары және ата – аналар мен ұстаздар қатысты. Кітапхананың белсенді оқырмандары – Ханшайым кітабы, тентек қыз кейіпкерлерімен шараны ашты. Кітапханашылар қатысушыларга «Жұмбақ шешу, мақал-мәтелдерді жалғастыру», «Бірсөзбен көптеген сөйлем құрау», «Кроссвордты шешейік – білімімізді сынайық» ойындары, викторина, жұмбақтар ойнатылып білімдері шыңдалды.

Айтуғанова Светлана Набиуллиновна

1965 жылы 3 маусымда БҚО. Жәнібек ауданы Талов совхозында дүниеге келді.
1982 жылы мектеп бітіріп, ауылда түрлі жұмыстар жасады.
1985 жылы Орал қаласындағы Н.Крупская атындағы әмбебап кітапханасында І жылдық курс бітіріп Талов совхозында кітапханашы болып жұмыс атқарды. Жанұя жағдайымен 1988 жылы Жақсыбай ауылына келді.
1994 жылдан осы кезге дейін Жақсыбай ауылдық кітапханасының басшысы болып атқарып келеді.
2000 жылы БҚМУ мәдениет институтына сырттай оқуға түсіп 2005 жылы библиограф мамандығын алып шықты.Содан бері осы салада қызмет атқарып жүр.
Жетістіктері:
Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына «Ел жадынан өшпейді- Жұбан ақын» атты облыстық әдістемелік құралдар байқауына қатысып алғыс хат,
Жәнібек ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Шежіресі сырға толы-Жәнібегім» атты әдістемелік құралдар байқауына алғыс хат.
2013 жылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2015 жылы Х,Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешовадан Алғыс хат
2016 жылы РФ Воронеж қаласының кітапханасының директоры А.Аристовадан «5День поэзии С.Маршака в детских библиотеках» байқауынада Диплом
2016 жылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Уразаевадан Алғыс хат
2018 жылы аудан әкімі А.Сафималиевтен Алғыс хат
2019 жылы Қазақстан Республикасы «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Батыс Қазақстан мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсеновтен Алғыс хат

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Мекеменің төлқұжаты

Мекеменің атауы: Тегісшіл бөлімше кітапханасы

Ведомстволық құрлымы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Құрылған жылы: 1997

Аудан орталығынан арақашықтығы: 75 км

Облыс орталығынан арақашықтығы: 475 км

Ғимарат түрі : бейімделген

Аумағы: 12 кв. м

Меншік түрі: Мемлекеттік мекеме

Оқырман саны: 180

Кітап қоры: 4789

Қызмет көрсету түрі: Аудан тұрғындарына ақпараттық мүмкіндіктерді қалыптастырып қызмет көрсету, оқырмандардың мәдени, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Мекен- жайы және байланыс телефоны: БҚО, Жәнібек ауданы, Борсы ауылдық округі, Тегісшіл бөлімше. Тәуелсіздік көшесі.

Кітапханашының аты-жөні: Қанатова Арайлым Биғалиқызы

Борсы ауылдық округіне қарасты
Тегісшіл бөлімше кітапханасы

Тегісшіл ауылы Жәнібек ауданының солтүстік шығысында 75 км жерде орналасқан. Тұрғыны 367 адам.

Бүгінде Тегісшіл бөлімше кітапханасының
Кітап қоры – 4789
Оқырман саны – 180
Кітап берілімі – 3850
Келім саны – 2025

Кітапханашы Қанатова Арайлым Биғалиқызы

1957-1958 жылдары Тегісшіл елді мекенінде кітапхана шағын 4 жылдық мектеп үйіннің бір бөлмесінде орналасқан. Орын өте тар болғандықтан да мыңға жетер жетпес кітап қана болған. Кітапханашы болып Дүйсекенова Мәруә істеді. Одан кейін 1963-65 жылдары Карабалина Гулбайда бастауыш мектеп ұстазы, балаларды оқытумен қатар кітапхана жұмысын қоса атқарды . Дала қостарына, жайлауда шопандарға кітап, газет журнал апарып беріп жүрді. 1970 жылы ауылға арнаулы кітапханашылық білімі бар Қойшыбаева Қалима келді. Сол жылдары кітап қоры 4400 данаға толықты. Кітапхана кең бөлмелі, жатық орынға орналасты. Елдің шаруасы түзеліп, шаруашылықтар кеңейтілді. Сол шаруашылықта істеп жатқан адамдарға үгіт бригадалар құрылып, концерттер қойылды.
1978 жылы Муканова Мәлика Төлеуқызы кітапханашы болып жұмыс атқарды. Кітапхана іші кең болғандықтан оқырмандарға кітап оқуға мүмкіндік туды. Кітап қоры 5600 дана болды. Әдеби кітаптар, газет журналдар көптеп алынып отырылды.
Оқырман саны 160 адамға жетті. Ол кезде пішен шабу, егін ору, мал төлдеу науқандары кезінде дала қостарында үгіт бригадаларымен бірге шығып насихат жұмыстары жүргізіліп отырылды.
1987 жылы кітапханаға кітапхана ісінің маманы Гүлсінай Нариманқызы келіп орналасты. Кітапхана бұрынғы орнынан көшіріліп, клубтың сахна жағынан орын берілді. Бұл орын тар болғандықтан кітап оқып отыруға мүмкіндік болмады.
1990 жылы арнаулы білімі бар Бахтиярова Нургүл Лұқпанқызы жұмысты қабылдап алды. Одан кейін ол мектеп кітапханасына ауысып кетті. 1993 жылы кітапхана жабылып, 1998 жылдың кыркүйек айынан бастап қайта ашылды. 1975 жылдан Тегісшіл бөлімше клубының меңгерушісі болып қызмет атқарып келген.
Кітапхана мектептің бір бөлмесінде орналасқан, газбен жылытылады, таза жарық.
« Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жүргізілген жұмыстар
М. Жұмабаевтың «Жан сөзі кітабын насихаттауда», «Қазақ поэзиясының асқар шыңы» атты көлемді көрмелер шығарылып «Жан сөзін оқы жамағат» библиографиялық шолу өткізілді.
Кітапханада оқырмандардың қатысуымен «Қазақ әдебиетінің алыбы – Ж.Аймауытов» көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды осы романды көптеп оқуға насихаттауда «Жүсіпбек шығармалары – халық мұрасы» ұсыныс тізім жасақтады
О.Бөкеевтің шығармаларын насихаттауда «Жазушы Оралхан Бөкеев» атты мерзімді басылым бетіндегі мақалалардан көрме жасақталып «Таңқалдырып өткен Тұлға» атты кеш өткізілді. Кеште ақынның өмірбаянымен және екі томдық жаднамасы, «Қыр қызы» хикаяттары, «Сайтан көпір», «Жетім бота», «Мынау актаң дүние», «Құм мінезі» повестері туралы айтылды. Оқырмандарға алып оқуларына насихатталды
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапхана ісін дамыту бөлімінен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ф.Оңғасырованың «Дауа» кітабын насихаттаубағытында «Қазақ ақын қызы Фариза» атты кітап көрмелері шығарылды. «Өлеңмен өріп өмірін» атты өмір жолдарына библиографиялық шолулар өтілді. «Еркелеп – ақ көңілден өлең өріп» атты 7-9 сыныптар арасында әңгіме өтілді.
Кітапхана ісіндегі ақын – жазушылардың тұрақты және ауыспалы сөредегі кітап көрмелері.
Әр өтілген шаралар мектеппен байланысты өтіледі. 2009 жылдан бастан мектеп ішіндегі аз қамтылған отбасыларына, оқу оз озаттарына арналған «Самал» лагері мектеп ішінен жұмыс жасайды. Онда әр түрлі шаралар өткізіледі. Соның бірі лагерь ішінде «Сәлем саған Алтын күз!» атты шара өткізілді.
Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүйюге , әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Кітапханада жас ұстаздармен әр түрлі тақырыпта шаралар өткізіледі.
Жас өспірімдерді әдепті, кішіпейіл, мәдениетті болуға тәрбиелеу мақсатында «Үлкенге құрмет, кішіге жол көрсет» атты кездесу кеше ұйымдастырылды . Бұл шара әңгімелесу, пікір алмасу түрінде өтілді. Бұл кездесуден жастардың өздеріне алған әсерлері мол болды. Адам баласы өзгелермен қарым-қатынас жзасағанда оның таныс, таныс еместігінде алыс жақындығында , үлкен – кішілігіне қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болу керек екенін бұл адамгершілік борышы екенін есте сақтау.
Жасөспірімдерді кітапқа баулу, олардың рухани байлығын молайтып, дүниетанымын кеңейту, кітапқа құштар отбасын таныту дәріптеу, олардың кітапшаларына талдау жасау арқылы, оқырмандардың әдістерін оқу мәдениетін сүйіп оқитын саласын тану, сүйекті ақын – жазушыларын білу мақсатында 23-ші сәуір Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне «Отбасы және кітап» атты үздік оқырмандармен сайыс өткізілді.
Келешекте оқырмандардың санын көбейтіп, кітапты ұшан – теңіз пайдасын насихаттау. Қатысқан отбасыларға әр түрлі номинациялармен марапатталды. Көрермендер сұрақтарына оқырмандар жауап берді.
Жәнібек ауданының 90 – жыл толуына байланысты шығарылған Жәнібек ауданының тарихи – танымдылық анықтамалық энциклопедиясын ұстаздар мен мектеп оқушылары арасында насихатталып шолулар өткізілді. Р. Егізбаевдың өмір жолдарына стенд шығарылды.
Мақсаты: Қазақтың кең жазира даласында ауасы кең, суы мол жері шүйгін, қасиетті Жәнібек жері туралы азамат, азаматшалар еңбек ерлері туралы мағлұмат беру.
Ауыл жастары мен жас өспірімдер арасында «Сыр сұхбатқа », «Жастар біздің болашағымыз» атты ауыл кітапханашысы мен мектеп кітапханашысы арасында кездесу кеші сұрақтарға жауап беріп әсерлі кездесу өтті.
Тегісшіл бөлімшесі ақынның туған жері, сол ауылдық мектеп кітапханасында «Елім деп соққан жүрегі» тақырыбында үлкен шара өтті. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздары ақынның ауылдағы аға- іні, келіндері шақырылды. Олар Р.Егізбаев туралы көрген- білген естеліктерін айтып берді. Мектеп оқушылары ақынның «Шәрімбет саздары», «Елімнің қалсам жадымда» т.б өлеңдерін оқып берді.Ұзынкөл ауылдық кітапханасында «Жырларым саған туған ел» жыр кеші оздырылып, «Қайраткер, Ақын.Азамат» кітап көрмесі шығарылып мектеп оқушылыры ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кітапханада «Тәуелсіздік – тұғырым» көрме жасақталып, «Тербетейік тәуелсізідік бесігін» тақырыбында жасөспірімдермен кеш оздырылып, кеш соңында Желтоқсан тақырыбында жазылған ақындар өлеңдері орындалып, патриоттық әндер шырқалды.
Тегісшіл бөлімше кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп алаңында 9 сыныптар арасында «Аталар ерлігі – ұрпаққа мұра» әдеби сазды кеш оздырылып, оқушылар өлең шумақтарын оқып, Отан, туған жер туралы тамылжыта әндер орындап көрермендерді бір серпілтіп тастады. Шараға қатысушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарынан бейне роликтер көрсетіліп, онда Б.Момышұлының соғыс туралы естеліктері, Ә.Молдағұлованың өміржолы мен Р.Қошқарбаевтың ерліктері туралы деректі фильмдерден тың деректер алды. Кеште ауыл адамдары, тыл ардагерлері қатынасып, оқушыларға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.Сонымен қатар «Ұлы Жеңіске мың тағзым» ашық аспан аясында көрме ұйымдастырылып, көрмеге майдангер ақын-жазушылардың әдебиеттері және соғысқа қатысқан ардагерлердің суретті альбомдары қойылып, олардың ерліктері туралы мәліметтер берілді.
1-4 сыныптар арасында мектеп алаңында «Бақытты балалық шақ» атты шара оздырылып, онда бүлдіршіндер ән салып, би билеп, өнерлерін ортаға салса, кітапханашы Г.Искакованың ұйымдастыруымен «Сиқырлы қоржын» ойыны өткізіліп, оқушылар өз тапқырлықтарын таныта білді.
Мектеп ұстаздарымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел оздырып, ұстаздар өз пікірлерін ортаға салып, жан-жақты қонымды ойларымен пікір алмасты.
Имандылық тәрбиеге байланысты «Иманды болу – ұлтымыздың болашағы» атты мектеп оқушыларымен тәрбие сағаты оздырылды. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға ата-бабамыздың ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қадір-қасиетін бойына сіңірген, бойларында иманы бар жастар тәрбиелеу.
Кітапханада «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты онлайн поэтикалық марафон оздырылды. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіреті мен әндерін таныту, ақын өлеңдері арқылы оқырмандарына Отанға, халқына, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, Отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қазақ күйшісі Д.Нурпейісованың туғаннына «Күй анасы – Дина» атты көрме жасақталды. Көрмеге күйшінің өмірдерегі және музейде қазіргі уақытқа дейін сақталып келген күйшінің қолданған домбырасының суреті және 83 жасында алған “Халық әртісі: атағын алған марапатының суреттері мен, фото портреттері көрмеге қойылды. Және күйші ананың “Дина күйші” атты әдеби кітабымен қоса жан серігіне айналған ұлттық домбыра жайлы әдеби кітаптар көрмеге қойылды.
Сонымен қатар кітапхана ішінде “ Өнер білім бар жұрттар” көрме шолу ұйымдастырылды. Шолудың негізгі мақсаты оқушыларға сонымен қатар көпшілік оқырмандарымызға ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау арқылы рухани қазынамызды терең ұғындару, түсіндіру байыту. Көрмеге Ы. Алтынсаринның “Өнер білім бар жұрттар”, “Үкілі Ыбырай” кітаптарымен бірге ғаламтор желісінен алынған өлеңдері де оқырмандар қауымына ұсынылды.
Аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданда 30 жасқа дейінгі жас мамандардың арасында жыл үздіктері марапатталды. Нәтижесінде «Жыл үздігі 2021» жастар премиясы жеңімпазы болып Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханашысы Г.Утемисова, Тегісшіл бөлімше кітапханашысы А.Қанатова мен аудандық модельді балалар кітапханашысы Н.Едігенов «Жыл үздігі- 2021» номинациясына ие болды.
Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына орай өткізілген «Жұбан –ұрпақтар жүрегінде» атты халықаралық ХХ «Жұбан оқулары» онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға Ресей Федерациясының Орынбор, Волгоград облыстарынан, Татарстаннан, Башқұртстаннан, Қырғыз елінен үміткерлер қатысты. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер жолдаған бейнероликтер, эсселер, онлайн форматта өткен ақын өлеңдерін жатқа оқу мен викториналық сұрақтар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде қорытынды шығарылды.

Осы халықаралық онлайн байқауынға аудандық кітапхананың кітапханашысы жас маман А.Хайрушева мен Тегісшіл бөлімше кітапханасының кітапханашысы А.Қанатова қатысып, ережеге сай бейнеролик пен эсселер дайындап, ақын өлеңдерін жатқа оқып, қазылар алқасы қойған сұрақтарға жауап берді.
Қорытынды нәтижесі бойынша Жәнібек ауылдағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Борсы ауылына қарасты Тегісщіл бөлімше кітапханасының кітапханашысы Қанатова Арайлым Биғалиқызы өзінің ізденімпаздығы мен алғырлығымен ақынның өлеңдерін жатқа оқумен, викториналық сұрақтарға тез, нақты жауап беріп ІІІ- орынға ие болды.
Абдрахманова Маржан Ильясқызы

1956 жылы 10-шы қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келді.
1963-1973 жылдары Е.Ниетқалиев атындағы мектепте білім алды. Білімі орта.
1973 жылы Ақтөбе каласындағы тоқыма фабрикасында жұмыс жасады. 1974-1975 жылдары Қамысты совхозында есепшінің көмекшісі болып жұмыс атқарды.
1982-1993 жылдар аралығында Борсы совхозында диспетчерлік жұмыс жасады.
1998 жылдан бастап Тегісшіл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс жасап, 2014 жылы зейнет жасына жетіп жұмыстан шықты.

Марапаттары:
2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына «Ел тағдыры – тәуелсіздік тағдыры» атты аудандық әдістемелік құралдар байқауынан ІІІ – орынға ие болып Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.М. Наринованың атынан алғыс хатқа ие болды.
2012 жыл. Жәнібек ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Шежірелі сырға толы Жәнібегім» атты әдістемелік құралдар байқауында ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аудандық кітапхана жүйесінен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан «Алғыс хат» – пен марапатталды

Искакова Гүлсім Нариманқызы – 1965 жылы 3 шілдеде Казталовка ауданының Қараоба селосында дүниеге келген. 1982 жылы Я.М.Свердлов атындағы орта мектептен білім алып шыққан. 1983 жылы ауданымыздағы №9 кәсіптік-техникалық училищеде тракторист-машинист деген мамандық бойынша диплом алып шықты.
1984- 1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесіне оқуға түсіп, кітапханашы мамандығы бойынша диплом алып шықты. Училищені бітірген соң, жолдамамен осы Тегісшіл селосына кітапханада жұмыс істеді. 1986 -1992 жыл аралығында ауылдық кітапханада жұмыс жасаған. 1993-2014 жылдары мектеп кітапханасында жұмыс жасады.
2014 жылдан Тегісшіл бөлімше кітапханасында жұмыс атқарып, 2018жылы зейнеткерлікке шықты.

Жетістіктері:
2003 жылы Тегісшіл орта мектебінің «Алғыс хат».
2008 – 2009 жылдары «Мақтау қағазы» , «Алғыс хат» марапатталған
2010жылы аудандық білім беру бөлімінен «Құрмет грамотасы»
2015жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Кітап достық көпірі» байқауында «Алғыс хат» марапатталған.
Қанатова Арайлым Биғалиқызы

1994 жылы 13 наурызда Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келді.
2010 жылы М.Сиранов атындағы орта мектепті аяқтап,
2010 жылы Жаһанша Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледжіне физика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2014 жылы бітірді.
2018-2021 жылдар аралығында Дәуір академиясында кітапхана мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.
2018 жылдан бастап Тегісшіл бөлімше кітапханасының кітапханашы қызметін атқарып келеді.
Жетістіктер:
2020 жылы – Ж.Молдағалиевтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық байқаудан 3 орын алып, Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ. Есқалиевтен Алғыс хат.
2020жылы – Мәдениет және өнер қайраткерлері мерекесі қарсаңында Жәнібек ОКЖ-нің директоры С.Джукинадан Алғыс хат.
2021 жылы- Рухани жаңғыру жоба аясындағы шараларға белсене қатысқаны үшін БҚО Рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңесінің жетекшісі А.С.Туркинадан Алғыс хат.
2021 жылы- Ең үздік онлайын шара ұйымдастырушы кітапханашы aталымына ие болды. Жәнібек ОКЖ-нің директоры С.Джукинадан Алғыс хат.
2021 жылы- Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы “Ақбастау” жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен “Жыл үздігі -2021” Жәнібек аудандық жастар сыйлығын “Үздік жас Кітапханашы” аталымының дипломанты. Аудан әкімі А.Сафималиевтен Диплом.
2022 жылы Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Алғыс хаты