Биккарнаева Дамира Бақытқызы 1970 жылы 17 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда ауданы, Саралжын ауылында дүниеге келген.1986 жылы Ф.Энгельс атындағы орта мектебінің сегізінші сыныбын бітіріп, Орал педагогикалық училищесінің «Балабақшада тәрбиелену» мамандығына оқуға түскен. 1993 жылы Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапханаға жұмысқа орналасқан. 1993-2003 жылдары мерзімдік басылымдар бөлімінде, 2003-2014 жылдары кітапхана қорын сақтау бөлімінде, 2015 жылы кітапхана қорын толықтыру бөлімінде, 2016 жылы абонемент секторында кітапханашы болып қызмет атқарады. 1994 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтына түсіп, 1999 жылы «Кітапханатану және библиография» мамандығын игеріп шыққан. 2021 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның «Сирек және депозитарлық қор» секторының жетекшісі қызметіне тағайындалып, күні бүгінге дейін сол бөлімде жұмыс атқаруда. Жалпы жұмыс өтілімі 31 жыл, кітапханалық жұмыс өтілімі 28 жыл.
Биккарнаева Дамира Бақытқызы өзіне міндеттелген жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Өзінің негізгі лауазымдық міндеттерін кәсібилікпен және жоғары жауапкершілікпен орындайды. Кітапхана жұмысының бағыттары бойынша сирек кітаптар және депозитарлық қорымен жұмысты ұйымдастырады, сирек кітаптар қорын көпшілікке жариялау үшін ірі көпшілік шаралар өткізеді, библиографиялық құралдар, сілтемелер дайындап шығарады. Сирек кітаптар қорын сандық ресурсқа айналдыру жұмысын ұйымдастырады, облыстық кітапхананың ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмыстарына қатысады.
Дамира Бақытқызы – білікті, жетекші маман ретінде қала мен облыстың кітапханашы-библиографтарына әдістемелік көмек көрсетеді. Ирбис, Рабис бағдарламаларын толық меңгерген.
Дамира Бақытқызы кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін облыстық және республикалық алғыс хаттармен және ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» (2021) төсбелгісімен марапатталған.