Жобаның мақсаты: Қоғамдағы түрлі мамандық иелерін оқырмандарға таныстыру, олармен сыр – сұхбат өткізіп, болашақ жастарға үлгі – өнегелерін дәріптеу. Жастардың рухани дүниесінің, ой-өрісінің артуына, әлеуметтік дәрежесінің, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарлауына ат салысу және оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар оқырмандарды кітапханаға тарту, жаппай кітап оқуды насихаттау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
2000 жылдан бастап Қазақстанда отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінуде, кітапханалар өздерінің басты міндеттерінің бірі ретінде отбасыларды рухани қолдау, кітап оқу арқылы өз өмірлерін қызықты ету деп санайды. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2007 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК- да отбасылық оқу орталығы ашылды.
2020 жылдан бастап Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК өзінің қолжетімді ақпараттық және интеллектуалдық ресурстары арқылы БҚО тұрғындарына «ҚОШ» қызықты оқуға шақырамыз атты жобасын ұсынады.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Абонемент және тіркеу» секторы жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. 14 пен 21 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасудың бір бағыты- қоғамдастық немесе клуб құру. Спикерлер клубын құру жастардың қызығушылықтарына қарай біріктіруге және оларды өзін-өзі дамытуға, тұлғалық өсуге, кітаптарды оқуға баулуға көмектеседі.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімі, жыл сайын кітапхана пайдаланушылары үшін, жаңа жұмыс түрлерін енгізіп келеді. Кітапхана қызметін цифрландыруға байланысты, біз танымал телеграмм мессенджерін пайдалануды жөн көрдік.
Максаты: Кітапхананың акпараттық және техникалық ресурстарын пайдалана отырып, облыс жастары арасында интеллектуалдық әлеуметтік және эстетикалық орта калыптастыру;
Оку маңыздылығын жоғарлату процестері негізінде оқырмандарды ұлттык рухқа, бәсекелестік қабілеттерін шыңдауға, тілдік шеберлікке, шешендікке баулу;
Әр турлі тақырыпта ой қозғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар беруге бағыттау;
Отандық ақпарат алу арнасында оку мәдениетін басты мәселе eтіп қарастыру;
Бәсекелестік қабілеттерін шыңдай отырып, терең ізденуге, сапалық ақпаратпен өз – өзін қамтамасыз етуіне багыттау.
Оку маңыздылығын жоғарлату процестері негізінде оқырмандарды ұлттык рухқа, бәсекелестік қабілеттерін шыңдауға, тілдік шеберлікке, шешендікке баулу;
Әр турлі тақырыпта ой қозғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар беруге бағыттау;
Отандық ақпарат алу арнасында оку мәдениетін басты мәселе eтіп қарастыру;
Бәсекелестік қабілеттерін шыңдай отырып, терең ізденуге, сапалық ақпаратпен өз – өзін қамтамасыз етуіне багыттау.
Ұлттык өнер дегеніміз – кай заманда да ұлтпен 6ipre жасасып, дамып отыратын күрделі процесс. Оған кай кезде де зерттеу жұмысын, талдауларды жүргізіп отыру кажет. Сонда ғана бізге беймәлім болған жайттар жаңаша кырынан ашылмак. Тұтастай алғанда, ұлттык өнер дегеніміз мынадай элементтерден тұрады: ән өнері; күй өнері; бейнелеу өнері; сәндік колданбалы өнер; театр енері; кино онері және т.б. Міне, осы өнерімізді дәріптеу максатында biblioкеруен жобасын алып отырмыз. Барлық ұлттык өнерімізді колжетімді етіп, мекемелердін кызметкерлеріне акпарат беру аркылы корымызды насихаттау болып табылады.
Музыка – мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегі мен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғы-қасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосып келді. Сондықтан да ауыздан-ауызға тараған халықтық музыканың түп тамыры, сайып келгенде, соның ырғағы мен тынысында жатыр. Ұсынылған жоба тыңдарманның музыка мәдениетін қалыптастыру, музыкалық қабілеттеріне үлес қосу, музыка өнеріне қызығушылығын арттыру арқылы тұлға қалыптастыру.
Жоба тыңдаушының (көрерменнің, оқырманның) музыкалық-көркем мәдениетін жетілдіруге, оның музыкалық қабілетін дамыту арқылы, классикалық, дәстүрлі, қазіргі заманғы музыканы тыңдау (қабылдау) және өзінің орындаушылық тәжірибесі арқылы шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жариялануына орай – «Балалар әлеміндегі әдебиеттер» кітапханалық бағдарламасы қолға алынды.
Мақсаты: Балаларды оқуға тарту, балалар жазушылары мен ақындарының (әлемдік және қазақ) шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты рухани тәрбиелеу.
Мақсаты: Балаларды оқуға тарту, балалар жазушылары мен ақындарының (әлемдік және қазақ) шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты рухани тәрбиелеу.
Жобаның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны насихаттау, цифрлы дәуірде қағазсыз технология басымдыққа ие болып отырғандықтан, оқырмандардың ақпарат көздеріне ашық әрі кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, кітап оқуға деген ынтасын ояту.
Жобаның міндеті: «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тоғыз жолдың торабын қосатын Орал қаласындағы теміржол вокзалында, аэропортта, автобекетте көпшілік қызығып оқитын кітапты жаңа технологияны пайдалана отырып, QR – коды арқылы жүктеп, жол сапарында оқуға мүмкіндік беру.
Жобаның міндеті: «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тоғыз жолдың торабын қосатын Орал қаласындағы теміржол вокзалында, аэропортта, автобекетте көпшілік қызығып оқитын кітапты жаңа технологияны пайдалана отырып, QR – коды арқылы жүктеп, жол сапарында оқуға мүмкіндік беру.
Бұл жоба Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе 2021 жылы басталды.
Әдеби мұраларды сақтау мен насихаттау аясында, оларды QR-CODE READER қосымшалары арқылы смартфон мен планшетке жүктеп алып оқуға мүмкіндік беру ;
Кітапхана қорындағы әр сала бойынша әдебиеттерді QR-CODE READER қосымшалары арқылы смартфон мен планшетке жүктеп алып оқуға мүмкіндік беретін бұл жоба аясында электронды кітап сөрелері ЖОО-ы мен мектептерге қойылды.
Мақсаты: Елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру, өлкемізден шыққан ұлы тұлғалардың есімдерін ұлықтау және жас ұрпақтың туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жобаның мақсаты: 2022 жылғы мерейтойлық кітаптарды облысымызға кеңінен насихаттау, барлық тұрғындарды кітап оқуға шақыру, оқу мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету.
Қастерлі халқымыздың бойындағы адамгершілік ізгі қасиеттерді, ұлт ұлағатын жас ұрпақтың санасына сіңіру, ұлтты сүю, ұлтқа қызмет етуге тәрбиелеу,өлкемізге танымал тұлғалардың өмірден көрген ой-түйіндерін тәрбие құралы ретінде қолдануды мақсат еткен бұл жобада жастар өлкеміздің ұлы тұлғаларымен жүздесіп, сұхбаттасады.
Бұл жобада көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғаларының, оның ішінде ойшылдардың, би-шешендердің, ақын – жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қалдырған нақыл сөздері ұсынылады.