Бозова Айнұр Беркінқызы 1977 жылы 30 наурызда Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қалдығайты орта мектебінде білім алып, 1994 жылы бітірген. 2000 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне қазақ тілі, әдебиет, ағылшын тілі мамандығына сырттай оқуға түсіп, 2005 жылы аяқтады.
2006 жылдан бастап Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада кітапханашы болып қызмет істейді. Әуелі кітапхананың абонемент бөлімінде, кейін мерзімді басылымдар секторының жетекшісі, 2018 жылдан өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Айнұр Беркінқызы өз қызметінде бөлім қорын өнер жөніндегі әдебиеттер, электронды және аудиовизуалды материалдармен толықтыруды ұйымдастырады, кітап қорының сапасына және пайдаланылуына зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Әдебиеттерді насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жаңа форматтағы іс-шаралар өткізу және түрлі жобаларды ұйымдастыру, кітапхананың электронды каталогындағы өнер туралы әдебиеттер саласын жаңа материалмен толықтыру және енгізу, каталогты редакциялау жұмысына басшылық жасайды.
Айнұр Беркінқызының жетекшілігімен «Библиокеруен», «Сиқырлы әуен» жобалары жүзеге асып, «Өнер өлкесінің тарландары» атты жобасы жүзеге асырылды.
Кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР Ұлттық кітапханасының Алғыс хаттарымен марапатталды.