



Мәдениет – коғамның өмір сүруінің козғаушы күші. Қазакстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: «… бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айкындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдык тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастык арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік кұндылыкка коя алғандыктан және өздері сол рухани кұндылыкты бойына жинактай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттык салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып карасак та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпакты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың элдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпактар сабактастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғык керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» – деген.
Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды кажет етіп отырды. Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жаткан кезде сактайды, тазалығымен адамды тәнті етеді, әлемділігімен табиғатты кұлпыра түседі. Сол сиякты кез келген мәдениет жаңа толкынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі кұндылыктарды түбегейлі жокка шығару дегне сөз емес. Өйткені, тарихи сабактастыктың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз ұлттык мәдениеттің кабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады . Міне, сондыктанжаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз кисыны, өз ырғагы, өзіндік келбеті бар. Сондыктан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәст\грлік пен жаңашылдыктың ерекше синтезін, симбиозын іздеуіміз кажет сияқты. Әрбір жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып кабылдаған абзал.