Буянкина Ирина Геннадьевна 1965 жылы 18 мамырда Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы 5 тамызда Бөрлі ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастап, 1985 жылдың 1 сәуірінен бастап кітапхана меңгеруші болып қызмет атқаруда.
Қазақстан тарихын зерделеуге негізделген жұмыстың патриоттық бағыты кітапхана жұмысында басым бағыт болып саналады. 2019-2021 жылдары Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі арнайы жоба аясында «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы»атты дөңгелек үстел, «Ауыл іші – өнер кеніші» атты аудандық байқаудың қорытындысы бойынша «Туған өлке тарихынан» атты кітапханалық бұрыш жасақтап, «Шағын Отан – ауыл энциклопедиясы» ауыл, өлке тарихы жайында кітапша құрастырып, 2-ші орынды иеленіп, Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен облыстық фестивалға қатысып, бас жүлдеге ие болып, Республикалық фестивалға жолдама алып, барып қайтты. «Бөрлі өңірінің үздік оқырман отбасы – 2020» аудандық байқауға кітапхананың тұрақты оқырман отбасы Қойшыбаевтар жанұясы қатысып, «Шығармашыл отбасы» аталымына ие болып, кітапханалық жоба, бағдарлама аясында әр түрлі іс-шаралар топтамасын жоспар бойынша өткізуде. Ирина Геннадьевна кітапханаға түскен жаңа шығармалардың халық арасына таралуына және оларды жұртшылықтың қызыға оқуына ат салысып, ауыл тұрғындарын кітапханаға тарту мақсатында тартымды мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып оқырмандардың қызығушылығын арттыра біледі. 2000 жылы – Мәдениетті қолдау жылы аудандық сайыста «Үздік кітапханашы» наминациясы бойынша 1 орынға ие болды. 2003 жылы “Ауыл энциклопедиясы – шағын Отан” байқауына қатысып, жүлделі орындардың бірін иеленді. Өлкетану материалдарын сақтауды және жинауды жалғастырады және мүмкіндігінше шағын форматтағы баспа басылымдарын шығарады. Өз әріптестерінің, ауыл тұрғындарының алдында беделді.
Буянкина Ирина Геннадьевна
просмотров: 39