Дәулеткалиев Мәулет 1928 жылы Жымпиты ауданынын, Бұлдырты ауылында шаруа отбасында дуниеге келді. Соғыс аяқталған жылы он жылдық мектепті бітіріп, ауылда алғашқы кәмелеттік аттестатқа ие болғандарының 6ipi. Ол кезде он жылдық бітірудің өзі жоғары білім алғаннан кем емес.
Бip жыл шаруашылықта еңбек етіп, ата-анаға қолқабыс жасап, 1946 жылдың кузінде Орал қаласындағы сол кездегі екі жылдық мұғалімдер институтына жол тартады.
1948 жылы институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 6iтipiп, Бөрлі ауданына жолдамамен қызметке келеді. Содан 6epi осы ауданда 50 жыл табан аудармай жемісті қызмет eттi. Ауданның Данилакөл, Бөрлі, Қарашығанақ, Успеновка, Аралтал мектептерінде ұстаздық eттi. 22 жылдай мектеп директоры, 2 жыл аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 7 жыл Успеновка селолық кенесінің төрағасы болып қызмет істеді.
Жемісті ұстаздық қызметі бағаланып, «Республика халық ағарту iciнің озық қызметкері» атағын алды, ол сонымен қатар қазақ әдебиетінің насихатшысы. Жастайынан өнерлі ортада халық таланттарының ортасында ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін құлағына құйып өскен, ол естігенін ерінбей жиып-тepiп отырған. Олардың бірқатарын мерзімді баспасөзде бастырып отырды, езі де өлең шумақтарын шығарып ақын ретінде танылды. Мысалы, «Берлі таңы» ауданға арнап шығарған өлеңі. Сырым атамыздың 250 жылдық мерейтойында шешендер сайысына, Жамбылдың 150 жылдығы тойында жыраулар 2 сайысына қатысып, облыс көлемінде көптеген жүлделерге ие болды.
Ол өмірден 2004 жылы дуние салды.

Әдебиеттер:

Дәулетқалиев М. Бөрлі таңы // Бөрлі жаршысы. – 1995. – 18 сәуір. – Б. 2.
Дәулетқалиев М. Жеті мүше сау болсын // Бөрлі жаршысы. – 1995. -1 тамыз. – Б. 4.
Дәулетқалиев М. Ұлы жеңіс // Бөрлі жаршысы. – 1995. – 19 мамыр. – Б. 5.

*****

Дәулеткалиев Мәулет: өмірдерек // Бөрлі ауданы: энциклопедия. – Ақсай: «Бөрлі жаршысы» баспасы, 2006. – Б. 73.