Даулетова Гүлдана Хамитқызы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қоныс ауылында 1979 жылы 3 желтоқсанда дүниеге келді.
1986-1996 жылдары Қоныс орта мектебін бітірген соң, 1996 жылы Дәулеткерей атындағы Өнер институтына түсіп, 2000 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және библиографиятану» мамандығы бойынша білім алды. Білімі жоғары. Еңбек өтілі 21 жыл. Еңбек жолын 2000 жылы Қоныс орта мектебінде кітапханашы болып бастап, 2001 жылы Казталов аудандық кітапханаға жұмысқа орналасып библиограф болып қызмет жасады. 2008 жылы Астана қаласында өткен «Жас кітапханашылар» слетіне қатысты. 2012 жылдан күні бүгінге дейін Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып келеді. 2016 жылы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2021 жылы праймеризге қатысып, 7 шақырылымдағы Казталов аудандық мәслихат депутаты болып сайланды.
Жоғары адамгершілік қасиеттерімен, талапшылдық, кәсіпқойлығы және жауапкершілігі жоғары басшы ретінде әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие.
Еңбек жолында талай қиыншылықтарға тап болса да, жасымай, жұмыстарының алға басу жолында еңбек етіп келеді. Ауыл кітапханаларының материалдық базасын жақсарту, қазіргі заман көшіне сай жабдықтау, кадр саясаты, жалпы мәдениет саласының алға қарай дамуына үлесі зор.
Кітапхана ісін дамыту жолында және қоғамдық жұмыстарда абыройлы атқарған еңбектері үшін бірнеше диплом мен алғыс хаттармен марапатталды.