Дмитрий Иванович Панфилов 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келген. Оның отбасы 1929 жылы Қырғыз ССР-нің Ош облысы, Жалалабадқа қоныс аударады.

1935-1937 жылдар аралығында Кеңес Армиясының қатарында болады. 1941 жылдың 24 маусымында әскерге шақырылып, Мәскеуді қорғауға, Брянск төңірегіндегі шайқастарға қатынасады. Шайқас кезінде ол өзінің танкісімен жаудың көптеген солдаттары мен техникасын жойды, 95 солдат пен офицерді тұтқынға алды.

Соғыс кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Дмитрий Иванович Панфиловқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1946 жылдан бастап лейтенант Дмитрий Иванович Панфилов запаста болып, Жалалабадта электроприбор зауытында жұмыс істеді.

Ленин, Қызыл Ту, Отан соғысы ордендерімен марапатталған. 1985 жылы 10 желтоқсанда қайтыс болды, Ферғанада жерленген.

Әдебиеттер тiзiмi

1985 жыл
1.Қайырғалиев М. Жеңіс шеруінің сарбазы: Ақ Жайық өңірінің Батыры Д.И.Панфиловтың ерлігі туралы // Орал өңірі.-1985.-24 сәуір.

2005 жыл
2.Панфилов Дмитрий: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-32 б.

2010 жыл
3.Панфилов Дмитрий: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-443 б.
4.Панфилов Дмитрий: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы, Өнер.-2010.-192-193 б.