Дусанова Күнжамал Базарбайқызы , 1967 жылы Теректі /бұрынғы Чапаев/ ауданында, Ақжайық /Еңбек/ ауылында дүниеге келді.
1984-1989 жж. Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогиқалық институтында оқыды.
1992 жылы Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөліміне кітапханашы қызметіне қабылданды. 1997 -2005 жылға дейін Теректі ОКЖ қарасты Ақжайық ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2002 -2005 жж. Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ сырттай жеделделетін бөлімінде оқыды. «Кітапханатану және библиография» мамандағы бойынша білім алды. Білімі – арнаулы жоғары. 2005 -2019 жылға дейін Теректі ОКЖ Ақжайық ауылдық кітапханасының жетекші әдіскері қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап Теректі ОКЖ қарасты Ақжайық ауылдық модельді кітапханасының меңгеруші қызметін атқарып келеді . 30 жыл бойы өзінің өмірін кітапхана ісіне арнап еңбек етіп жұр
Дусанова Күнжамал Базарбайқызы өз ісіне шын берілген, өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сай, барлық жұмыстарына жанашырлықпен қарайды. 2016 жылы Ақжайық ауылдық кітапханасының «Үлгілік қалыптағы ауыл кітапханасы» /Ақжайық ауылдық модельді кітапхана/ статусын алуына тікелей ат салысты. Ол өз жұмысын шығармашылықпен атқара отырып, жаңашыл өзгерістерді енгізуге атсалысып отырады. Кунжамал Базарбайқызы ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы. Таңдаған мамандығының қыры мен сырын жетік меңгеріп, кәсіби іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілет пен азаматтық қасиеттерінің арқасында бүгінде кітапхананың меңгерушісі лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келеді.
Кунжамал Базарбайқызы халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана ісі мен кітапханашы мәртебелі мамандығының мерейі мен беделін арттыру бағытында аянбай, бар күш-жігерін, білім білігін арнап келеді. Жұмыс барысында кітапханашыларға әрдайым түрлі кеңестер беріп, семинар өткізеді, көмекші құралдар әзірлеп кітапханашылар назарына ұсынады. Өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып, қарым-қатынас жасай білетін адам, өз әріптестері арасында да беделді. Атқарып отырған қызметіне лайық.
Білікті маман, бірнеше рет Теректі ОКЖ директоры атынан, жылдары Ж.Молдағалиев атындағы БҚО облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры атынан, 2019 жылы БҚО облысының әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың атынан, жылдары аудан әкімінің атынан алғыс хаттармен , мақтау қағаздарымен марапатталды. 2019 жылы «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар бірлестігі атынан «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.