Джукина Светлана Сергеевна 1968 жылы 14 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры. Жалпы жұмыс өтілі – 36 жыл.
Светлана Сергеевна сауатты, білімді басшы. Ол өзіне де, қол астындағы қызметкерлеріне де терең талап қойып, өз бастамасымен кітапхана жұмысының жаңа түрлерін еңгізіп, үнемі кәсіби шеберлігін арттырып отырады, басшы ретінде қай істің де шешімін таба біледі. Әр саналы адамның құтмекені, ой ордасы саналатын мәдениет үйі мен кітапхана салаларында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тыңдырымды істер атақарып, ауданның мәдениет саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан Светлана Сергеевна атқарған ісіне жауапкершілігі мол басшы. Өзінің іскерлігімен, көшбасшылық қасиетімен аудандағы мәдени, қоғамдық, саяси жұмыстардың бел ортасында жүретін Светлана Сергеевна үшін іскерлік басты қағида. Мәдениет, экономика, бизнес саласындағы жұмыстарды бір кісідей атқарып жүрген жанның ертеңгі күнге деген сенімі зор болса, айналасындағы адамдарға да білгеннінің қыр-сырын үйрете жүріп, болашақтын қамын ойлауға жетелейді.
Светлана Сергеевна жасынан еңбекке ерте араласып, еңбектің қай саласында болса да, мәселен кітапхана, кәсіпкерлік, ойы жүйрік, адамдармен тез тіл табыса алатын қасиеттерімен ерекшеленеді.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясы мен іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен Әйелдердің үшінші Еуразиялық Саммиті қатысушысы. 2015 жылы мамыр айында С. Джукина Астана қаласында өткен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық әйелдер форумының қатысушысы.
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласында өткен « Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» тақырыбында Бүкілқазақстандық кітапханашылар сьезінің қатысушысы.
Светлана Сергеевна 2015 жылы «Жыл басшысы-2013» номинациясы бойынша ұлттық сертификатпен, 2015 жылы «Бизнес по женски или как построить команду, обьединенную одной целью» тренингке қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Светлана Сергейқызы кітапхана саласындағы еңбегі үшін облыстық әкімнің орынбасары, аудан әкімінің, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының, аудандық кітапхананың алғыс хаттарымен марапатталған. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаныңда ҚР Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
2019 жылы «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар Бірлестігі атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгімен марапатталды.