Джусубалиева Майра Адиятқызы 1964 жылы туған. Ұлты – қазақ, білімі – арнаулы орта. 1986 – 1988 жылдары Орал Мәдени ағарту училищесінде кітапхана ісі мамандығы бойынша білім алды.
1988 – 1989 жылы жолдама бойынша Камен ауданы Шежін ауылында кітапханашы болып жұмыс істеген.
1990 – 1994 жылы Орал қаласының Ж. Молдағалиев атындағы кіапханада оқырман бөлімінде кітапханашы болып жұмыс атқарды.
2007-2012 жылдан №2 қалалық кітапханада кітапханашы қызметін, 2013 жылдан № 2 қалалық кітапхананың меңгерушісі қызметін атқаруда.

Кітапханалық жобалары бойынша шетелдік оқырмандармен библио-кафе жоспарлап жұмыстанады. Майра Адиятқызы өз міндетін жауапкершілікпен атқарады. Тәжірибесін көтеру мақсатында семинар-кеңестерге, шеберлік сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасып келеді. Оқырмандары арасында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңінен насихаттап жүрген кітапханашы. Майра Адиятовна оқырмандарының құрметіне бөленіп жүрген маман, қызметіндегі жемісті еңбегі үшін облыстық мәдени басқармасы, аудандық грамоталарымен, алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды. Кітапханалық жоба, бағдарлама аясында әр түрлі іс-шаралар топтамасын жоспарлап жұмыстануда сонымен қатар өз міндетін жауапкершілікпен атқаруда. Тәжірибесін көтеру мақсатында семинар- кеңестерге, шеберлік курстарға қатысып, тәжірибе алмасып келеді.

Бөрлі ОКЖ директорының алғыс хаттарымен, 2019 жылы «Мәдениет майталманы» төсбелгісімен марапатталған. Облыстық, аудандық семинар жұмыстарына белсене қатысып, «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жағыру», бағдарламасы, «Мамандық әлемі.Мир професси» жобасы барысында инновациялық әдістерді қолданып жұмыстануда.

Кітапханадағы еңбек өтілі – 28 жылдан астам.