Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаев 1924 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Тынық мұхит әскери-теңіз флотында қызмет еткен. 1949-77 жылдары Жәнібек аудандық партия комитетінің хатшысы, Приурал ауданының 2-хатшысы, Жымпиты, Жәнібек және Орда аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы болды. 1977-83 жылдары аралығында облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды.
1975 жылы «Қараша қаздар қайтқанда», 1980 жылы «Дала бұлбұлдары», 1985 жылы «Іздедім сені» өлеңдер жинағы және 1970 жылы Алматы қаласынан «Шешуші күш» атты очерктер жинағы жарық көрді.

Әдебиеттер:

Егізбаев Р. Іздедім сені: өлеңдер, толғаулар. – Алматы, 1985. – 128 б.

*****

Егізбаев Рахметолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б. 239.
Атаев А. Елі сыйлаған Егізбаев // Орал өңірі. – 2009. – 1 қазан. – Б. 8.
Қайдаров М. Ардақтауға лайық есім // Жайық ардагері. – 2004. – 21 қазан.
Қуатов Б. Ел құрметіне бөленген есім // Информбиржа. – 2009. – 12 ақпан. – Б.15.