Елемесов Қаршыға Асуұлы, 1972 жылдың 23 мамырында Ақтобе облысы, қәзіргі Әйтеке би ауданының Аралтоғай селосында дүниеге келген.
Әкесі Асу автокөлік жүргізудің шебері болса керек, арнайы ауыр тапсырмалар (аудан уәкілдерін қыс айларында алып жүру, сауда дүкендеріне зат әкелу) сол кісіге жүктелетін болыпты. Сондай қызмет барысында, дүкен заттарын жеткізем деп боранда далада қалған әкесі тез ауырып, тез қайтыс болып кетіпті, ол кезде Қаршыға аға бір жарым жаста екен.
Кейінірек 23 жасында жесір қалған анасы Марусья қарындасы Өтегүл мен ағаны алып, нағашылары қолына кетіпті. Сөйтіп, ол нағашылары ортасында ержетті. Анасының кітапханашы болуы білім алуына, рухани жетілуіне бірден-бір себеп болыпты.
1989 жылы Аралтоғай орта мектебін бітіріп, көп ұзамай әскер қатарына аттанды. Ресейдің Амур облысында 2 жыл әскери қызметін өтеп, елге оралды. Жұмыс қолы қашанда тапшы келетін ауылдық жерде мектеп мұғалімі, автокөлік жүргізушісі, кейін тракторист-механизатор болып жұмыс жасапты. Нарық қыспағына түскен кеңшарлар тарап, халық жан-жаққа көше бастағанда Қаршыға аға да жанұясын алып, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданына 2001 жылы көшіп келді. Әуелгі қарқында мектеп жұмысшысы болып еңбек етіп, кейін аудандық газет редакциясына тілші болып қызметке орналасты. Жұбайы Жанар аудандық білім бөлімінде есепші. Жанұяда анасы және екі баласы бар.
Қызмет барысында қоғам дамуына үлес қосып, аудан халқына және жастарға Отан,тарих, тіл, рухани даму, отансүйгіштік рух сынды құндылықтарды ңасихаттауға талпынып келеді.

Әдебиеттер:

Елемесов Қ. Белесі биік Белогор !: өлең // Серпін. – 2005. – 19 қараша.
Елемесов Қ. Ерлікке тағзым: өлең // Серпін. – 2005. – 5 наурыз. – Б.5.
Елемесов Қ. Анаға табын адамзат!: өлең // Серпін. – 2006. – 6 наурыз.
Елемесов Қ. Астана – жүрек: өлең // Серпін. – 2008. – 7 маусым.
Елемесов Қ. Елмен егіз кіндігі: өлең // Серпін. – 2008. – 23 қараша
Елемесов Қ. Ел үшін шейіт, ер жүрек: өлең // Серпін. – 2006. – №20, №21
Елемесов Қ. Тәуелсіздік жасай берсін мәңгілік: өлең // Серпін. – 2006. – 16 желтоқсан.
Елемесов Қ. Жеңіс күнім!: өлең // Серпін. – 2009. – 9 мамыр. – Б.4.
Елемесов Қ. Қара жорға – халқымның қазынасы: өлең // Серпін. – 2012. – 21 шілде. –Б.4.